Индонезия өнері
Индонезия өнері
Индонезия өнерінің бастау көзі Оңтүстік-Шығыс Азияға түгелдей дерлік
кеңінен тараған, өзінің Солтүстік Вьетнамдағы орталығының атымен донгшон
мәдениеті деп аталған, қола дәуіріндегі мәдениетпен байланысты. Үнді әсері
Индонезияға тек біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында ғана жетті. Бұл
жөнінде V ғасырдың басындағы санскритжазбалары әңгімелейді. , Өнер мен
сәулеттің ірі шығармалары VII—VIII ғасырларға жатады. Бұл дәуірдің өнері
үнді-явалық немесе орталық деп аталды, мұның өзі Үндістанмен, әсіресе
Оңтүстік Үндістанмен, тығыз байланыста болғанын аңғартады, ал мүның кең
тараған жері Ява аралының орталық бөлігі болды. Мұнда да үнді әсері өзіндік
ерекшелігі бар өнерге қорғаушы күш ретінде ғана ықпал етті. Осы кездегі
явалық бедерлі суреттер Бхархута мен Санчидегі ертедегі буддалық бедерлі
суреттер тәрізді Будда өмірінің түрлі кезеңдерін, оның өткен шақтардағы
өмірін түсінікті тілмен егжей-тегжейлі баяндайды. Олар да Ангкордың соңғы
кездердегі бедерлі суреттері тәрізді көркем шығармалар қатарына қосылады.
Индонезия өнерінің өзіндік ерекшеліктеріне әр түрлі сипат-көріністері
таптық кезеңге дейінгі дәуірден келе жатқан көптеген аралдарды осы күндерге
дейін сақталған байырғы жергілікті өнердің тигізген әсері мол болды. Бірақ
бұл жай біз алған тақырыптың шеңберіне кірмейді.
Қытай деректері мен санскрит жазбалары Индонезияда үнділенген
мемлекеттердің өмір сүргенін растағанмен, бізге дейін У—VI ғасырлардағы
индонезия сәулет өнері шығармалары сақталмағаны мәлім. Санскрит
жазбаларының маңыздылары,Шығыс Калимантандағы Мулаварман патшаны (біздің
дәуіріміздің 400 жыл шамасы), Пурнаварман патша мен оның Батыс Явадағы
Тарума деп аталған патшалығын (біздің дәуіріміздің 450 жыл шамасы) атайды.
Сол сияқты Орталық Явадағы Калинга патшалығы да (біздің дәуіріміздің 650
жылы) белгілі. Бірақ осы дәуірдің стилі бойынша VIII ғасырларға жатқызуға
болатын, кездейсоқта болса да табылған тас және қола мүсіндер бізде жоққа
тән. Ерте кезеңге (V ғ. шамасы) сол сияқты осы бөлімнің Кіріспесінде атап
өтілген. Шығыс Ява мен Сулавесиде табылған, түрегеп тұрған Будданың
Цейлонда жасалуы мүмкін қола мүсіні жатады. Ол Суматрадағы VII ғасырдан
қалған қазбалар көрсеткеніндей, хинаяна буддизмінің кең тарағанын, кейіннен
оның орнын Индонезияға түпкілікті орнығып қалған махаяна мектебі басқанын
дәлелдейді.
Осы Суматрада кейін өз ықпалын Малакка жарты аралына таратқан Шривиджая
мемлекеті пайда болды. Осы заманғы Малайзияда мәдениеті тым ертерек
гүлденген болуы мүмкін. Мәселен, VI ғасырдағы қытай деректері астанасы
қалың кірпіш қабырғалармен қоршалған Ланкасука патшалығы жайында
хабарлайды. Үйлерде қосарланған есік болған және олар террасадағы
павильондар ретінде орналасқан.Қытайға VI ғасырда келген Ланкасука елшілері
өз мемлекеттерінің негізі төрт жүз жылдай бұрын, яғни —I—II ғасырларда
қаланғанын, Фунань мемлекетіне вассалды тәуелділікте екенін айтқан. Сірә,
Ланкасука Малакка жарты аралының шығыс бөлігіндегі Перака ауданында
орналасса керек және қытай деректерінде аты аталатын осы жарты аралдағы көп
мемлекеттердің бірі болуы мүмкін.
Шривиджая туралы да біз, ең алдымен, өз әңгімелерін VII ғасырдың екінші
жартысында жазып қалдырған қытайлық будда табынушыларынан білеміз.
Шривиджаяда мыңнан аса буддалық монахтар және Наландадағы үнді университеті
сияқты атақты университет болды, оған Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген
елдерінен табынушылар ағылып келіп жататын болған. Көптеген байырғы
патшалықтар тәрізді Шривиджаяның да қалай пайда болғаны жайында біз ештеңе
де білмейміз. Фунань патшалығының құлауына орай Шривиджая теңіз мемлекетіне
айнала бастаған болса керек.
Орталық Яваны шамамен VII ғасырдың соңынан бастап буддизмнің махаяна
мектебі жолын ұстаушы Шайлендрлер әулеті биледі, ал олар 750 жылдан 850
жылдарға дейін Матарам мемлекетінің негізін қалаған,, Шиваның жолын
ұстанушы Санджай әулетінен шыққан патшалармен бірлесе Оңтүстік Яваны
биледі. 850 жылдан кейін тау патшалары әулеті Шайлендрлер өзінің Яваға
иелігінен айрылып, енді Суматрадағы Шривиджаяны билей бастады. Орталық
Яваны олар билеген дәуір өнердің шынайы гүлдену кезеңі болды, сол кез бар
әлемдегі үздік ғимараттар саналатын Мендут пен Боробудур чандилары тәрізді
үздік туындылардың жасалған шағы еді.
Орталық Ява ескерткіштерінің, оның ішінде Боробудурдың да дәл қай
мезгілдікі екенін айту қиын, тек салыстырма түрінде және жобамен ғана
айтуға болады. Орталық Яваның бізге белгілі ертедегі ғимараттары — теңіз
деңгейінен 2200 метр биіктіктегі Дьенг тау сілемдерінде жергілікті жанартау
жыныстарынан салынған шивалық сегіз харм.
Дьенг үстіртіндегі кейбір храмдар Махабхарата кейіпкерлерінің есімдерімен
байланысты Махабалиһурамдағы (Оңтүстік Үндістан) Паллавтар дәуіріндегі
ратхилерді еске түсіреді. Арджуна деп аталатын топты Арджуна, Шемар,
Шриканди, Путнадева және, Шембадра чандилары құрайды. Мұнда бұлардан басқа
Бхима, Джаравати және Гатот Кача чандилары бар. Бұл храмдардың бәрі де,
Шива құдайға арналған және құрылысы жағынан Орталық Яваның басқа
храмдарынан айтарлықтай ерекше өзгерістері бар.
Қазір тек храм құрылысына ғана қатысы бар чанди деген ат өзінің шығу тегі
жағынан үндінің өлім құдайы Чанди (Дурги құдайдың және бір аталуы) есіміне
қатысты. Осылайша, ол ең алдымен, бейіт ескерткіштерімен байланысты болды.
Бірақ Орталық Явада чанди құдайлардың мекені деп есептелді. Мұның
жергілікті ата-бабаларға табынумен байланысы бар екендігін айту қиын. Чанди
- Шива, Вишну, сол тәрізді буддалық ұлы құдайлар жиынтығы саналған
патшалардың немесе әулеттер негізін салушылардың ескерткіштері болуы да
мүмкін.
Чанди — целланың қарапайым түрі және жоспары бойынша қабырғаның іргеден
биіктігі бес метр шамасындағы төртбұрыш болып келеді. Қабырғалары лаймен
ұстастырылмайақ бір-бірінің үстіне қаланған тас тақталардан жасалған.
Цокольдан, целла мен басқыш тәріздес жоға- рыға көтерілген сайын сатыланып
тарыла беретін пирамидалық жабындылары бар орталық бөліктен тұрады. Кейбір
чандиларда бұл мұнаралық конструкция көлденең қатарларға айқынырақ
бөлшектелген. Басқаларында, мәселен, Бхима чандиында цокольдағы тік
бөліктер өзіндік айқындаушы белгі болып табылады. Бхима чандиында көлденең
бөлшектер да жақсы байқалғанымен, бұл белгі солтүстік үнді храмдарындағы
шикхарада да кездеседі.
Есік әдетте батыс жақта болса, Дьенг тобындағы екі чандиға кіретін есік
шығыс жаққа қарайды. Есік целлаға кіре берістегі шығыңқы жабық порталдан
тұрады. Целла тәрізді цокольға көтерілген порталға көбінесе балюстрадалары
бар тас басқыш бастайды. Бхима чандиында цоколь жоқ, шығыңқы портал тікелей
жерде тұр.
Тастағы сыртқы бедерлі суреттердегі безендірулер барынша қарапайым,
көбінесе шыға беріске шоғырланған, ява өнеріне тән нұсқада жасалып, қаланың
басы деп аталатынмен аяқталған. Бұл иексіз гротескалы бейнелер уақытты
білдіреді, көбінесе есіктің негізгі бөлігінде және кейініректегі үйлерде
кездеседі. Тегіс қабырға.беттері қуыстарға бөлінген, оларға бастапқыда
қойылған мүсіншелер кейіннен жоғалып біткен. Чандидің басқыш тәрізді
пирамидалы шатырының бұрыштарында кішкене мұнаралар орналасқан. Олар,
мәселен, Арджуна чандиіне тән конструкцияларды айқындайды. Дьенг үстіртінің
оңтүстігінде, сол сияқты Орталық Явада, Кеду жазығында, Боробудурға таяу
жерде де жекелеген храмдар кездеседі. Шығыс Явада да Орталық Явадағы типтес
қа шпайым храм-целлалар белгілі. Бұлар әдетте Шиваның қасиетті орындары.
Дьенг үстіртіне таяу Унгаран тауындағы құрылыстарды да атай кеткен жөн.
Орталық Явада осы өңірдің индуизм кезеңіндегі жекелеген мүсіндері табылды.
Мәселен, оған Жанартау тасынан жасалған бір жарым метр- лік Брахманы
(Лейден музейінде сақтаулы) жатқызуға болады. Осы мүсіннің иконографиясында
өзіндік жекелеген ерекшеліктер бар. Төрт басты және төрт қолды құдай көрген
жанды қайран қалдырар құс басты, адам денесіндегі қаздың (хамса) ұстінде
салтанатпен отыр. Аяқтары қосарланбағанмен, қос-қос табаны бар, олары
бірінің ұстіне бірі орналасқан және сәйгүліктің кең жайылған қолына
тіреледі. Дьенг үстіртінде табылған тағы бір ескерткіш отырған, Шиваның тас
мүсінін де еске сала кетуге болады. Банан чандиындағы әйгілі Агастья мен
Вишну мүсіндерінің биіктігі екі метрге жетеді, олар кейінгі кезеңге, XI
ғасырға жатады. Монументті қатып қалған қалпы оларды Паллавтар мен
Чолдардың ерте дәуіріндегі (VII—IX ғасырлар) оңтүстік үнді өнеріне
жақындатады.
Орталық Яваның солтүстігіндегі шивалық храмдармен шамалас кезеңде
оңтүстікте де махаяна буддизмімен байланысты бірнеше маңызды ғимараттар
пайда болды. Ең алдымен, XIX—XX ғасырлар арасында қайта жөнделген Мендут
чандиын атауға болады. Бұл — бай бедерлі суреттермен безендірілген храм,
Дьенг үстіртіндегі қарапайым целлалардан көлемі жағынан үлкен болса да,
конструкциясы жағынан ұқсастық тауып жатыр. Мұнда цоколь қуатты платформаға
айналған, ғимараттың орталық бөлігі өзінің қосымша цоколімен соның үстіне
көтерілген. Батыс порталдың қалдықтары ғана сақталған. Бастапқыда екі
сатылы шатыры да еңселі болса керек, храмның биіктігі бұрын, сірә, 26
метрдей болған сияқты, бірақ қазір ол ішінара қираған соң көп аласарған
тәрізді әсер қалдырады. Храмды басқаша ұсақ түрлерімен қоршалған үлкен
дагоба еңселендіріп тұрған. Сыртқы бедерлі суреттері де көркемдік
орындалысы және мазмұны жағынан қызғылықты. Басқыш балюстрадасы мен цоколь
қабырғаларында джатакилардың, солардың ішінде маймылдар тарихы жайлы
(цокольдағы бедерлі суреттер) иллюстрациялар бар. Маймыл айдаһардың үстінде
отыр, ал оның ойында маймылды суға тұншықтырып, жүрегін жеу дәмесі ғана
бар. Маймыл болса, өз жүрегінің ағаш басында екендігін, ең алдымен, соны
қолға түсіру керектігін айтады, осындай айламен ол өз өмірін аман сақтап
қалады. Целланың сырт қабырғасындағы аумақты бедерлі суреттер отырған және
түрегеп тұрған бодхисаттваларды бейнелейді. Бедерлі суреттердің стилі
жағынан боробудурлық суреттерге ұқсастығы бар. Бұл ішінара сақталған, ұзын
тік бұрышты порталдың қираған қабырғаларында орналасқан көп бейнелі
көріністерге тән. Мендут чандиындағы целлада сақталған үш дөңгелек мүсіннің
маңызы зор. Ол екі бодхисаттваның ортасындағы, Шакьямуни Будданы: тәжді
Амитабхи бодхисаттва бейнесіндегі Локешварды (оң жақта) және әуелде қолында
ваджрасы болған Ваджрапаниды (сол жақта) бейнелейді. Бұл топтағы
мүсіндердің биіктігі екі жарымнан үш метрге дейін жетеді.
Иконографиялық мүсіндер ертедегі үнді үлгісінен алынған. Үнді құдайлары
Брахма мен Индра қорғап және еріп жүрген Будда кушан кезеңіндегі Гандхара
шығармаларында да кездескен болатын. Мендут чандиында бұл үшеуі ваджаряна
ілімімен сәйкестендіріле жасалған. Будда мұнда осы атты иеленгенімен
жердегі, Шакьямуни емес, махаяна немесе ваджраяна танымына сәйкес адам
ұғымынан тыс құбылыс. Алайда, осы бейнелердің жердегідей сипаты , Шығыс
Азиядағы махаяна өнеріне де тән болып келетіні таңдандырады. Үнділік үнді
храмдарындағы кейінгі буддалық махаяна мүсіндеріндей Будда мұнда малдасын
құрып, такуалық кейіпте отырған жоқ. Бұл отырыс шамамен осы мерзімде
жасалған Боробудур Буддасына да тән. Мұнда ол арыстандар мен макаралар
ортасында тақта салтанатты түрде отыр, аяғын сатылы тиянаққа тіреген, діни
уағызды айтуды бейнелеген қолы кеудесінде ұсталған дхармачакарамудра
түрінде; саусақтары дөңгелек формасын бейнелейді. Көркемдік жағына
келгенде, бұл мүсін де Ваджрапанидың лотосты тақта салтанатпен отырған
бейнесіне ұқсас классикалық аса жетілген туынды ретінде атап өтіледі. Нәзік
те дөңгелек формалар үндінің сұлулық идеалына сәйкес келеді; Гупттар
кезегіндегі үнділік немесе цейлондық Буддалар бойынша жақсы таныс бет
пішінінде бірде-бір белгі жоқ. Осы мүсіншелерді жасаған явалық суреткерлер
өз шығармаларына тікелей өздерін қоршаған адамдар кескінін арқау етпей,
негізінен канондық дәстүрлерге сүйенген.
Орталық Яваның оңтүстігінде орналасқан Боробудур — ғажап сәулет туындысы.
Бұл әлемдегі аса назар аударарлық ескерткіштердің бірі, ол өз тұрі бойынша
буддалық символикалық кумбездерді еске түсіреді (ішкі бөлмесі жоқ жарты
сфералы құрылыс), алайда шаршы формалы көп сатылы негіз басты роль
атқаратын мұндай конструкция әлемдік будда моделін (мандала) дүниеге
әкелді.
Боробудур төбенің басына, соған көлбете салынған. Тастар үйіндісінің ауыр
салмағына шыдап тұру үшін храмның төменгі қабатын уақыт өте келе көркейтуге
және нығайтуға тура келді. Соның нәтижесінде төменгі саты храмның көп
сатылы пирамидасының негізі болып қалған. Төменгі тегіс сатыдан шеттерінде
бес биік балюстрадалары бар шаршы формалы алаңша және құрылыстың үстінде үш
дөңгелек жайдақ саты бар. Соңғы сатының ортасында — қоңырау бейнелі үлкен
символикалық күмбез (дагоба).
Төменгі екі дөңгелек террасаның шеттерінде жетпіс екі символикалық күмбез
(дагоба) орналасқан. Орталық күмбезден олардың айырмашылығы торлы
қабырғаларына байланысты оларда отырған Будда мүсіндері көлегейленген.
Храмның ұшар басына төрт жақтан да дәл орта тұсынан тік көтерілетін сатылар
апарады. Қырлы аркаларымен биіктей түскен қақпалар бар террасадан екінші
террасаға кіргізеді. Үшкірленген жоғары жақтауда қала маскасы бар оның
аузынан қақпаның сырт жағын әшекейлеп тұрған өрнектер төменге қарай төгіліп
жатқан сияқты. Қақпаның негізгі бөлегін құрайтын цокольда осы өрнектер
тоғысатын, басы ішке қайрылған макаралар орналастырылған. Арканың сыртқы
қақпа жағы дөңгелене иіліп келген болса. ішкі жақта жоғарыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz