Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының бейнесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі.
ҰЙЫМДАРДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Қолдану жөніндегі басшылық
ҚР СТ
(Осы стандарттың жобасын оны бекіткенге дейін қолдануға болмайды)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Астана
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН: Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК.
2 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 200__ жылғы ___ № бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.
Осы стандарт ХЕҰ - ЕҚБЖ 2001 «Еңбекті қорғауды басқару жүйелері жөніндегі басшылықпен» (ILO-OSH 2001 «Guidelines on occupational safety and health management systems») үйлестірілген;
Осы стандартта мынадай негізгі нормативтік ережелер ескерілген:
- «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12. 0. 230-2007 МЕМСТ;
Осы стандартта Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулары бар № 251-ІІІ Еңбек кодексінің V бөлімінің нормалары іске асырылған.
3 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
Осы стандартқа енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» сілтемесінде, ал өзгерген мәтін - «Мемлекеттік стандарттар» деген ай сайынғы ақпараттық сілтемеде жарияланады. Осы стандарт қайта қаралған (күші жойылған) немесе ауыстырылған жағдайда «Мемлекеттік стандарттар» деген ақпараттық сілтемеде тиісті ақпарат жарияланатын болады.
Осы стандартты Қазақстан Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатысыз толық немесе ішінара қайта жасауға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі уақытта үкіметтер, жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғауды басқару жүйелерін енгізудің ұйымдар деңгейіндегі оң әсерін танып отыр, себебі ол еңбек процесінің қауіптілігі мен тәуекелдердің, өндірістік жарақаттанудың, жалпы және кәсіптік аурулар деңгейін азайтады, еңбек өнімділігінің артуына оң әсер етеді.
Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер қолданылады, сондықтан «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12. 0. 230-2007 МЕМСТ мемлекетаралық стандартының (ILO-OSH 2001, IDT) ережелерін ұлттық жағдайға қатысты бейімдеу керек.
Осы стандарт мемлекетаралық стандарттың ережелерін дамытады және кез келген ұйымға заңнамалық талаптар мен еңбекті қорғаудың елеулі аспектілері туралы ақпарат берілетін тұжырымдама (саясат) мен мақсатты көрсеткіштерді әзірлеп, енгізуге мүмкіндік беретін еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы стандарттың негізінде «ұйымдастыру - жоспарлау және қолдану - бағалау (бақылау) - жетілдіру жөніндегі іс-қимылдар» деген басқару функцияларын дәйекті түрде орындау принципіне негізделген әдіснама жатыр.
Ұйымда басқаруды оның қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жүзеге асырады (мысалы, өнімдер мен қызметтердің сапасына, қоршаған ортаны қорғауға), сондықтан ұйымды басқару жүйесін 9000 сериялы МС және 14000 сериялы МС-ға сәйкес жасаудың сол бір принциптері мен әдіснамасына орай құру орынды. Осы стандарт ұйымды еңбекті қорғауды басқарудың тиімді жүйесінің элементтерімен қамтамасыз етуге арналған, олар ұйымдарға интеграцияланған басқару жүйесін құруға жәрдемдесу үшін басқа басқару жүйелерінің элементтерімен біріктірілуі мүмкін.
Стандарт қоршаған ортаны қорғауға байланысты процестерді басқаруға арналмаған және онда оларға қойылатын талаптар жоқ. Алайда ол ұйымдарға қоршаған ортаны қорғауды басқару және еңбекті қорғауды басқару элементтерін біріктіруді жүзеге асыруға тыйым салмайды. Сонда да, стандарт талаптары сертификаттау процесінде тек еңбекті қорғауды басқару жүйесінің аспектілеріне қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
Ұйымда ресурстарды пайдалана отырып, еңбекті қорғауға (өндірісте) әсер ететін процестермен өзара үздіксіз әрекеттесудің басқарылатын жүйесін қолдану «процестік тәсіл» деп аталады. Әрбір процесті процеске және, тұтас алғанда, ұйымға арналған басқарудың тұйық циклінің талаптарымен орындалатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Жүйенің жетістігі ұйымның барлық бөлімшелері мен, әсіресе, оның жоғарғы басшылығының барлық деңгейлерде өзіне алған міндеттемелеріне байланысты. Мұндай жүйе ұйымға еңбекті қорғау жөніндегі өз тұжырымдамасын (саясатын) әзірлеуге, еңбекті қорғау мақсаттарын айқындауға және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің нәтижелілігін арттыру үшін қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ әлеуметтік-бағытталған өндірісті құру мен осы стандарттың тұжырымдамасы (саясаты) шеңберінде алынған өз талаптар жүйесінің сәйкестігін көрсету (декларациялау) міндеттемелерін орындауға бағытталған процестерді қолдануға мүмкіндік береді. Ұйым осы стандартты табысты енгізуін көрсетумен (декларациялаумен) қатар, онда тиесілі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің болуын тәуелсіз бағалауына мүдделі тараптардың көз жеткізуіне қажетті басқау жүйесін сертификаттау рәсімін пайдалана алады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі
ҰЙЫМДАРДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Қолдану жөніндегі басшылық
Енгізілетін күні - -
1 Қолданылу аясы
Осы стандарт ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, кез келген ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін әзірлеу және қолдану жөніндегі басшылықты белгілейді.
Осы стандарттың мақсаты - қазіргі заманғы принциптер мен әдістерді қолдану, сондай-ақ ұйымдарда еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үздіксіз жетілдіру арқылы өндірісте жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты әдістемелік қамтамасыз ету.
Стандарттың міндеттері:
а) жұмыскерлерді қауіп-қатерлер мен тәуекелдерден қорғауға жәрдемдесу;
б) еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын ескере отырып, ұйымдар мен жұмыс берушілерге жасалған еңбекті қорғау тұжырымдамасы (саясаты) мен мақсаттарын әзірлеп, қолдануда көмек көрсету;
в) еңбекті қорғау жөніндегі заңнама мен ұлттық нормативтік құқықтық базаны ескере отырып, мемлекетаралық стандарттың ережелерін дамыту.
Осы стандарт төмендегіні көздейтін кез келген ұйымға қатысты қолданылуы мүмкін:
а) еңбекті қорғау тұжырымдамасын (саясатын) жасауды;
б) еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеп, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, үздіксіз жетілдірлуін жүзеге асыруды;
в) мынадай жолдармен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің осы стандартқа сәйкестігін растауды:
1) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін өздігінен айқындап, растау және ол туралы өтініш түрінде хабардар ету;
2) үшінші жақтан сәйкестік сертификатын ала отырып, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін ерікті түрде растау.
Осы стандарт барлығы үшін міндетті нақты талаптарды айқындамайды. Алайда ол ірі өнеркәсіп объектілерінің, шаруашылық кешендердің, корпорациялар мен ұйымдардың корпоративтік стандарттарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мына стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
- «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12. 0. 230-2007 МЕМСТ (ILO-OSH 2001 IDT)
- «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Терминдер мен анықтамалар» 12. 0. 002-80 МЕМСТ
- «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздік» 9000:2001 ИСО ҚР СТ
- 12. 0. 001-2005 ҚР СТ («ССБТ. Ұйымдарда еңбекті қорғауды басқаруға қойылатын жалпы талаптар», МОD
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта 12. 0. 230-2007 МЕМСТ бойынша, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылды:
3. 1 қауіпсіз еңбек жағдайлары : жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары [1] ;
3. 2 еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі [1] ;
3. 3 зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор [1] ;
3. 4 өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі [1] ;
3. 5 кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру [1] ;
3. 6 қауіпті өндірістік фактор : қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор [1] ;
3. 7 еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі [1] ;
3. 8 қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға [1] ;
3. 9 жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға [1] .
3. 10 жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны [1] ;
3. 11 жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім [1] ;
3. 12 ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар [1] ;
3. 13 еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары [1] ;
4 Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
4. 1 Жалпы талаптар
Ұйым осы стандарттың талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге, құжаттауға, енгізуге, көкейкесті жағдайда ұстауға және оны үнемі жақсартуға, сондай-ақ қалайша оның осы талаптарға сәйкес келуі қамтамасыз етілетінін айқындауға тиіс.
Ұйым оның еңбекті қорғауды басқару жүйесі қолданылатын саланы айқындап, құжаттамалық белгілеуге тиіс.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі еңбекті қорғауды басқару жөніндегі саясат пен мақсаттарды және осы мақсаттарға қол жеткізу рәсімдерін айқындайтын өзара байланысты не өзара әрекеттесу элементтерінің жинағы болып табылады.
4. 2 Еңбекті қорғауды басқару жүйесін интеграциялау
Ұйымда басқару оның қызметінің әртүрлі бағыттары, оның ішінде сапа, экология және еңбекті қорғау бойынша жүзеге асырылады, сондықтан ұйым қызметінің барлық бағыттарын басқаруды оларды құру әдіснамасына орай жасаған жөн.
4. 3 Еңбекті қорғау тұжырымдамасы (саясаты)
4. 3. 1 Ұйымда еңбекті қорғау тұжырымдамасы дегеніміз - басшылықтың еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттемелерінен тұратын ұйым басшысының құжаты.
4. 3. 2 Еңбекті қорғауды алдын ала талдаудың нәтижесін ұйымда еңбекті қорғау тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланады, ол қысқаша, анық жазылған, ұйымның ерекшелігіне, оның көлемі мен құрылымына, қызметінің сипаты мен тәуекелдердің ауқымына сай келуі тиіс.
4. 3. 3 Еңбекті қорғау тұжырымдамасы, ең аз дегенде, мынадай ппринциптер мен мақсаттарды қамтиды, оларды орындауды ұйымның басшылығы өз мойнына алады:
а) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу жолымен ұйымның барлық қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;
б) еңбекті қорғау жөніндегі тиісті заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау жөніндегі ұжымдық шарттарды (келісімдерді) және ұйым орындауға міндеттенген басқа да талаптарды сақтау;
в) ұйымда болған еңбекті қорғау саласындағы қауіп-қатерлердің түрлерін айқындау;
г) қызметкерлермен және олардың өкілдерімен еңбекті қорғауды жақсарту және оларды еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ережелерін іске асыруға белсенді қатысуға тарту мәселелерін талқылау жөніндегі міндеттемелер;
д) қызметкерлерді және олардың өкілдерін еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін көтермелеу шараларын жүзеге асыру;
е) еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін жетілдіруге үздіксіз ықпал ету.
4. 3. 4 Ұйымның әзірленген еңбекті қорғау тұжырымдамасы қызметкерлерге талқылау үшін жіберіледі.
4. 3. 5 Келісілген еңбекті қорғау тұжырымдамасына қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, жұмыс беруші немесе оның сенімхаты бойынша уәкілетті адам қол қояды.
4. 3. 6 Ұйымдағы еңбекті қорғау тұжырымдамасы:
а) ұйымның барлық қызметкерлерін таныстыру үшін оңай алынатын жерде болуға;
б) оның үнемі өзгеріп отыратын еңбекті қорғау жағдайларына сай келуін қамтамасыз ету мақсатында түзету мүмкін болуы үшін талдануға;
в) белгіленген тәртіппен сыртқы мүдделі ұйымдарға қолжетімді болуға тиіс.
4. 4 Қызметкерлердің және олардың таңдаған өкілдерінің қатысуы
4. 4. 1 Барлық деңгейлердегі қызметкерлер ұйымның негізін құрайды. Олар тікелей барлық өндірістік процестерді іске асырады, сондықтан да олардың белсенді қатысуы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.
Басшының авариялық іс-шараларды басқаруды қоса алғанда, еңбек қауіпсіздігін басқаруға еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді, сондай-ақ қоғамдық инспекторларды тартқаны жөн.
4. 4. 2 Қызметкерлердің еңбекті қорғауды басқаруға қатысудан мыналар қамтамасыз етіледі:
а) әрбір қызметкердің өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігінің артуы;
б) әрбір қызметкердің ұйым жетістіктеріне мүдделілігін және жалпы міндеттерді шешуге жеке қатыстылығын арттыру;
в) жеке іс-әрекет етуден біріге ойласып, «ұжымда» жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа және әлеуметтік әріптестікке;
г) барлығының және әрбіреуінің жеке ұйым қызметін үнемі жақсартуға қатысуын уәждеу.
4. 4. 3 Қызметкерлердің еңбекті қорғауды басқаруға белсенді қатысуы:
а) еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді, сондай-ақ олардың өкілдерін болуы ықтимал аварияларды жою жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, олардың жұмысымен байланысты еңбекті қорғаудың барлық аспектілері бойынша консультацияларға, ақпарат беруге және олардың біліктілігін арттыруға тартумен;
б) қызметкерлердің, сондай-ақ олардың өкілдерінің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, оның тиімділігін бағалау жөніндегі іс-қимылдардың ұйымдастырушылық сипаттағы, жоспарлау және іске асыру процестеріне белсенді қатысуына уақыт пен мүмкіндіктерін бөлуімен;
в) еңбекті қорғау комитетін (комиссиясын) құрумен және оның тиімді жұмыс істеуімен, еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлер өкілдерінің беделін мойындап, оларды көтерумен;
г) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің тиісті құзыреттілігіне қойылатын талаптарды айқындаумен қамтамасыз етіледі.
4. 5 Еңбекті қорғау комитеттері (комиссиялары)
4. 5. 1 Комитет ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы ұйымдастыруды басқаруға қатысу нысандарының бірі болып табылады. Оның жұмысы әлеуметтік әріптестік принциптеріне негізделеді.
4. 5. 2 Комитет еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен, кәсіподақтармен (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен) өзара іс-қимыл жасасады.
4. 5. 3 Комитеттің міндеттері:
а) Комитет мүшелері ұсыныстарының негізінде жұмыс берушінің, кәсіподақтардың (еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарының бағдарламасын әзірлеу;
б) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеруді ұйымдастыру, жұмыс берушіге еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды талдаудың негізінде еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстар дайындау;
в) қызметкерлерге жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі, болып отырған денсаулыққа зақым келу тәуекелі және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе қауіпті жұмыс үшін тиесілі өтемақылар, жеке қорғану құралдары туралы ақпарат беру.
4. 5. 4 Еңбекті қорғау комитеттері (комиссиялары) тепе-теңдік негізінде (тараптардың өкілдіктерінің жалпы санына қарамастан, әрбір тарап бір дауысқа ие) қызметкерлердің немесе құрамында жұмыс беруші, кәсіподақтар өкілдерінен не еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор бар олардың өкілдік етуші органының бастамасы бойынша құрылады. Комитеттің құрамы жұмыс берушінің бұйрығымен (өкімімен) бекітіледі.
4. 5. 5 Комитет мүшелері еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен оқытудан өтеді.
4. 5. 6 Комитет өз құрамынан төрағаны, әрбір тараптан орынбасарларын және хатшыны таңдайды. Комитеттің төрағасы, әдетте, жұмыс беруші не оның жауапты өкілі, төраға орынбасарларының біреуі - сайлаулық кәсіподақ органының өкілі және (немесе) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, хатшы - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкері болып табылады.
4. 5. 7 Комитет өз қызметін әзірлейтін регламентіне және жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
4. 5. 8 Комитеттің, оның мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету (міндеттерін орындау кезінде негізгі жұмысынан босату, оқыту және т. с. с. ) ұйымның ұжымдық шартымен, жергілікті нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
4. 5. 9 Комитеттер өз қызметінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, салалық (салааралық), аумақтық келісімдерді, ұжымдық шартты (еңбекті қорғау жөніндегі келісімді), жергілікті нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
5. Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
5. 1 Ұйымдастыру іс-шаралары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz