Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ
ЭТНОПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
«Педагогика және психология мамандығы»
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану.
Орындаған: СПП-815 Құлманова И.
1
- Ғылыми жетекшісі,
- Аға оқытушы: Божбанбаева З. Ж.
Түркістан 2013ж.
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық- педагогикалық сырттай оқу факультеті
«Қорғауға жіберілді»
«Жалпы педагогика және
этнопедагогика» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.
Рысбекова А.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдалану.
Орындаған: Құлманова И.
СПП-815
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы: Божбанбаева З. Ж
Түркістан 2013
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
1 ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық мазмұны . . . 6-14
1. 2 Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың мүмкіндіктері . . . 15-22
2 ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2. 1 Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың жолдары 23-29
2. 2 Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың әдіс тәсілдері . . . 30-55
Қорытынды . . . 56-57
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58-59
Қосымша
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. [1]
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Елімізге егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде білім беру жүйесін реформалау және оны дамыту мемлекеттік бағдарламалары жасалды.
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, мектепке дейінгі мекемеледе білім алу барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Сондықтан қазіргі мектепке дейінгі білім беруде балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.
Елбасының өзі білім саласын дамытуды басты назарда ұстап келе жатқаны белгілі. Өткен жылдың 18 ақпанында халыққа Жолдауында Президент: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Әлемдік прогресс күн сайын алға озып бара жатыр. Бұдан он жыл бұрынғы ғылыми жаңалықтар қазір жаңалық болудан қалып барады. Олай болса елімізде білім берудің жаңа жүйесін жасау кезек күттірмейтін мәселе екені айдан анық.
Бүгінде адамдардың қиялы жеткен жерге қолы жетіп отыр деп айтуға болады. Небір қиял - ғажайып дүниелер қазір шындыққа айналып барады. Қазір қоғамдағы өзгерістер өте тез алмасуда. Сондықтан адамдар теориялық немесе өмірлік білім алып қана қоймай, өз бетімен ізденіп білімін шыңдауы керек. Жаңа ақпараттық жүйе бізге таныс білім алу үлгісін өзгертіп жіберіп отыр. Бұрындары білім алу адамның жас кезіне ғана тән кезең болып келсе, енді оның не уақыт, не кеңістік тіпті, жасына қарамай өмір бойы уйрену, білу үрдісіне айналып отыр. Өйткені, бүгінгі ғылым жетістіктерін дер кезінде меңгермесеңіз өмір керуеніне ере алмайсыз деген сөз. Білім беру мектептің ғана ісі емес. Мектеп білім алудың кілтін ғана ұстатады. Ал мектептен тыс білім алу дегеніміз-бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруға тиіс’’, -дейді Луначарский. Олай болса адам баласы ағаш бесіктен жер бесікке түскенге дейін үйренуі қажет. Мен үйреніп, біліп болдым деп аз ғана білімге тоқмейілсу астамшылық. Осыған дейін әр адам белгілі бір мамандық шеңберінде ғана білім алып келсе, енді көптеген мамандықтардың негізінде жатқан фундаментальдық ұстамдарды игеруі қажет.
Педагогика ғылымының бүгінгі таңда алатын орны ерекше. Заманауи талаптарына сай болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға байланысты қай салада болмасын белгілі бір деңгейде білімдермен қаруландыру бүгінгі күннін талабы. Педагогика пәнінің мақсаты-болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдерді, біліктерді, дағдыларды қалыптастыру.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. [1. 2]
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және бала тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше дайындық топ балаларының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық белсенділігін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Қазіргі мектепте оқыту үдерісінің талаптары, қажеттілігі біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың теориялық негіздері ” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың теориялық негіздерін, міндеттері мен жолдарын қарастыру;
Зерттеу міндеттері:
- Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық мазмұнын анықтау,
- Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыру,
- Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың жолдары нақтылау,
- Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың әдіс -тәсілдерін қолдану,
Зерттеу нысаны: мектепте оқу-тәрбие үдерісі;
З ерттеу әдістері : философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Н. Ә. Назарбаев., Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат мұғалімдердің, тәрбиешілердің тәжірибелері.
Диплом жұмысы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; пайдаланған әдебиеттерден; тұрады.
1 ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Оқыту үдерісінде дидактикалық принциптерді пайдаланудың педагогикалық-психологиялық мазмұны
Бүгінгі Жолдауда да білімді дамытуды халықаралық деңгейге көтеру, бәсекелестікке даярлау, Отансүйгіштікке, төзімділікке, маман ғана емес, адам тәрбиелеуіміз керектігін баса көрсетті. « . . . Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деген еді Елбасы. Елдігімізді алып, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді баянды етіп келе жатқан жылдар ішінде Президент білім мен ғылым саласына қажеттің барлығын мүмкіндігіне қарай жасап келеді.
Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап жаңа Қазақстанды құрудың басты стратегиялық жетістіктерінің бірі ретінде адами капиталды дамытуды белгіледі. Елбасының білім саласына «қарқынды түрде жаңаруда» деп жоғары баға бергендігі айтыла отырып, Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында білім саласына зор міндеттер жүктеп отырғандығы айтылған болатын. [1]
Қысқаша мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыруда ең маңызды сұрақтарға тоқталсам, 2015 жылға біз 12 жылдық білім беруге көшуге жағдай туғызуымыз қажет. Яғни оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен әдістерді, әлемдік білім стандартын енгізу және педагог шеберлігінің озық тәжірибелерін интеграциялау арқылы білім жүйесін модернизациялауды жүзеге асыруға міндеттіміз. Осы міндеттерді іске асыру үшін төмендегі проблемаларды шешуіміз қажет : Біріншіден, педагогтар құрамының кәсіби құзіреттілік деңгейін көтеру, бағдарлама белгілеген мақсатты индикаторларды қабылдауға және жүзеге асыру қабілетін жетілдіру. Мемлекетіміз экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту бағытын алды және пәндерді сапалы оқыту міндеті тұр. Осыған байланысты, бірінші кезекте әр мектепте пәннің берілу жағдайына терең сараптама жасап, ұстаздар потенциалын, жұмыс жасап отырған педагогтардың деңгейін анықтау қажет. Екіншіден, әдістемелік кабинеттер жұмысының заман талабына сәйкестігін анықтау. Біз, бүгін қанша педагог оқытудың жаңа технологияларын қабылдай және меңгере алатынына көз жеткізіп, нақты білуіміз керек. [2]
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Көбіне оқыту деп мұғаліммен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту - оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
«Оқыту - үйрету және білім алу» деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келеді. Осы кезге дейін «білім беру», «оқыту» терминдері жиі қолданылады. [3]
Мұғалім мен оқушы оқыту үдерісінде өзара әрекет жасайды, оның негізі, оқыту мәні - мұғалім ұйымдастырған таным іс-әрекетін балалардың атқаруы нәтижесінде мәліметтерді менгеруі, дамуы, тәрбиеленуі.
Демек, оқыту дегеніміз - ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды менгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оұушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушының іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудың маңызды міндеттері:
- танымдық белсенділігін ынталандыру.
- ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
Ақыл-ойды, ұғымталдылықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның менгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика «нені оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды: «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қайда оқыту керек?». Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Білім - адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Мектепте берілетін білім - оқыту процесін, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушының білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен - бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, менгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол оқушының жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби «Бақытты болу, кәмілетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді менгермегеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады» - деген.
Білім толық, жинақы, берік, пәрменді болу керек. Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өзіндік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өзіндік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау, керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді.
Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, ашылған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтеріне және сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.
Меңгеру - ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі. Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы - білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік - бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрылымы күрделі. Оған «елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары» енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады.
Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Білімді игеру үшін қойылатын талаптар, бұл:
- білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
- білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;
- білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімнің шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Баланың тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін менгеру, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мүғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады. Оқу материалын меңгерудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
- оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
- оқығанды еске түсіру, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдану;
- білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
- білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде бала меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезінде тәрбиеші баланы оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын балаға меңгеру.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезенінде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өзбетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады.
Оқыту - оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқушының іс-әрекеті тікелей де, жанама да байланысты жүзеге асырылыды. Оқыту үдерісі оқу үдерісінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орндау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Мұғалім:
- оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.
- Осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.
- Әр оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
- оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
- белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.
Оқу - балалардың танымдық іс-әрекеті. Оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жқмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық белсенділік, табындылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz