Инклюзив жағдайындағы адаптивті білім беру ортасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы
Инклюзив жағдайындағы адаптивті білім беру ортасы
Әдістемелік нұсқаулық
Астана 2010
Инклюзив жағдайына бейімделген білім беру ортасы. Әдістемелік нұсқаулар. Астана, 2010 - 68 б.
Әдістемелік нұсқаулар білім алуға ерекше мұқтаж балалармен жұмыс істейтін педагогтерге, педагог-дефектологтарға, психологтарға, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған.
Құрастырушылар: Артюшина И. А., тифлопедагог; Абдулхаликова И. В., Қостанай қ. әкімдігінің № 2 бөбекжай-балабақшасының логопеді; Калашникова Т. М., «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Қостанай қ. өкілдігінің директоры.
Рецензенттер: Лиходедова Л. Н. п. ғ. к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі; Колодий Н. В., п. ғ. к., Челябинск мемлекеттік университеті педагогикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2010
Кіріспе
Қазіргі уақытта дамуында проблемалары бар балалар саны артып отырғаны шындық. Тұлғаға бағытталған білім беру логикасы ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды жеке дамыту траекториясын құруды көздейді. Инклюзивті білім беру - ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
Инклюзивті білім беру - бұл балалардың арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға; барлық балаларды жалпы білім беру процесіне толық қосуға; жасына, жынысына, ұлтына және дініне, дамуда кейін қалуына немесе экономикалық жағдайына қарамастан отбасының белсенді қатысуымен, түзету-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктеріне және баланы бейімдеуге емес, ортаны баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге, яғни білім берудің парапар жолын құруға бағытталған мемлекет саясаты.
Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды осындай жолмен оқытуда білім беру ортасын балаға бейімдеуге көңіл бөлінеді. Яғни, ерекше бала оқитын балабақшада, мектепте баланы денсаулығы дұрыс құрбы-құрдастарынан бөліп-жармай, қолайлы жағдай жасайды.
Инклюзивті білім беру концепциялары келесі ұстанымдарға негізделеді:
- ерте диагностиканы ұйымдастыру және дамуда мүмкіншілігі шектеулі балаларға түзету-педагогикалық қолдау көрсету;
- жалпы білім беру процесіне кіріктірілген баланы міндетті түрде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;
- әр бала үшін мүмкін болатын және пайдалы кіріктіру түрін анықтау.
Осы әдістемелік нұсқаулар ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, «мамандар командасын» ұйымдастырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Олар келесі модульдердің құрылымдық бірлігі түрінде көрсетілген:
- инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс істейтін педагогтің басқару қызметінің жеке модулі;
- білім беру кеңістігіндегі субъектілер әрекеттесуінің трансдисциплинарлық модулі.
Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты:
- бейімделген ортаның ерекшеліктеріне әсер ететін жағдайларды анықтау;
- білім беру кеңістігіндегі субъектілердің «мәселелі» өрісін сипаттау (ерекше бала, отбасы, білім беру ұйымы) ;
- инклюзивті білім беру кеңістігіндегі педагогтің іс-әрекет алгоритмін анықтау;
- бейімделген білім беру кеңістігіндегі субъектілерді айқындау және белгілеу (блок-ұяшықтар түрінде) .
Әдістемелік нұсқаулар инклюзив тәртібінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған және оны тәрбиеленушілер әлеуметтенуінің бірыңғай өрісін құруда қолдануға болады.
Жеке модуль түрінде көрсетілген педагог қызметінің алгоритмін ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен әр типтегі ұйымдарда (балабақша, психологиялық-педагогикалық түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, т. б. ) жұмыс істейтін педагог-дефектологтар, психологтар қолдана алады.
Балаға, отбасына және білім беру ұйымына сипаттама
1. Бала дамуының жеке траекториясы
Баланың даму тарихының ерекшеліктері:
- тұқым қуалайтын аурулар;
- алғашқы ақаудың ауыртпалық дәрежесі;
- қайталама ауытқулардың бар болуы;
- қосымша диагноздар;
- ауырлататын факторлар (стрессогендік жағдайлар) .
Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар баланы тәрбиелейтін отбасының ерекшеліктері:
- отбасының әлеуметтік статусы;
- отбасындағы қарым-қатынас стилі;
- отбасы мүшелерінің ерекше баланың мәселелеріне қарым-қатынасы, бала дамуындағы ауытқушылық фактісін қабылдауы;
- дамуындағы ауытқуларды ерте анықтау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс істейтін педагогтің басқару қызметінің жеке модулі
2. Инклюзивті білім беру кеңістігі субъектілерінің даярлығы
Ерекше бала:
- оқуға интеллектуалды, еріктік, мотивациялық, коммуникативті дайындықтың болуы;
- өз мүмкіндіктеріне парапар баға беру;
- айналадағы адамдардың жағымсыз көзқарастарымен байланысты мәселелерді шешу тәжірибесінің болуы.
Ерекше баланың отбасы:
- жеке мазасыздықтың жоғарғы деңгейімен байланысты психологиялық тосқауылдарды, қорқынышты жеңе білу;
- ынтымақтастыққа талпыныс;
- ерекше баланың ерекше әлемін қабылдау, қоғамдық стереотиптерден тәуелсіз болу.
Еркше баланы қабылдауға дайын білім беру ұйымы:
1. Нормативті-құқықтық аспект:
- инклюзивті білім беруді заң шығарумен қолдау;
2. Экзистенциалдық аспект:
- толерантты орта құру;
- ерекше балаға арнайы жауапкершілік;
- микро- және макро- әлеуметтік орта субъектілерінің рухани құндылықтарын трансляциялау.
3. Технологиялық аспект:
- оқу бағдарламаларымен, дидактикалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
4. Талдамалы-нәтижелік аспект:
- ерекше білім алуға қажеттіліктері бар баланы бағалау жүйесін құру;
- жағдайды жүйелі талдау негізінде мәселелі өріс матрицасын анықтау.
Жағдайды мәселелік-бағытталған түрде талдау
№ 1 мәселе
Соматикалық әлсіреген және түрлі ауыртпалық дәрежесіндегі созылмалы аурулары бар, психоэмоционалды жай-күйі құбылып тұратын балалар санының артуы.
Себептер:
1. Балалардың және олардың отбасыларының қажеттіліктері арасындағы қайшылық, балабақшада тәрбиеленетін балалардың денсаулығын нығайтуға және қорғауға мемлекеттің қоятын талаптары мен денсаулықтарының нашарлауы арасындағы қайшылықтар.
2. «Дәрігер-педагог-ата-аналардың» балаларды сауықтыру жұмысын жеткіліксіз үйлестіруі.
3. Денсаулық сақтау ортасын сақтау бойынша педагогтер қызметінің жеткіліксіз мотивациясы.
4. Мектепке дейінгі топтарда динамикалық үзілістердің, серуендеудің жүйелі түрде жүргізілмеуі.
Шешу мүмкіндігі:
1. Педагогтердің және ата-аналардың балалардың психологиялық және соматикалық жай-күйлері жайында хабардар болуын арттыру.
2. Сауықтыру бағдарламасын құруда саралауды қамтамасыз ету бойынша педагогтердің, дәрігерлердің жұмысын үйлестіру.
3. Денсаулық сақтау технологиясы бойынша педагог қызметінің мотивациясын арттыру:
- білім беру-тәрбиелеу кеңістігіндегі барлық субъектілердің валеологиялық мәдениетін арттыру;
- білім беру кеңістігінің барлық субъектілерін қатыстыруды қамтамасыз ететін «Денсаулық» бағдарламасын әзірлеу;
- спорт алаңын жабдықтау (қосымша) ;
-жүзу кешенін мақсатты түрде қолдану көздерін қарастыру;
- білім беру-тәрбиелеу кеңістігінің барлық субъектілері үшін жаттықтыру кешенін ашу мүмкіндігін қарастыру;
- сауықтыру технологиялары банкісін кеңейту;
- сабақтарды қимылды субъектілер тәртібінде ұйымдастыру.
Шектеулер:
Сыртқы шектеулер:
- материалдық жағдайы төмен отбасылардың көбеюі, соның салдарынан: нашар тамақтану, отбасының бала денсаулығына жеткіліксіз қарауы;
- экологиялық жағдайдың нашарлауы;
- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің қатарына мүгедек балалардың жатуы;
- мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың қаланың алшақ шағын аудандарында және қала сыртында тұруы.
Ішкі шектеулер:
- мектепке дейінгі ұйымда спорттық-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру үшін қаржы қорының жеткіліксіздігі.
Күтілетін нәтиже:
1. Микроәлеуметтік ортаны валеологияландыруға отбасын қатыстыру.
2. Бала дамуын валеологиялық сүйемелдеуді атқаратын қызмет құру.
3. Мектепке дейінгі ұйымға ауруы себепті бармай қалудың санын азайту.
№ 2 мәселе
Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды іс-әрекеті мен тәжирибесінің шығармашылық вариативті жүйесін құру.
Себептер:
1. Білім беру процесіндегі репродуктивті әдістердің басым болуы.
2. Балалардың субъективті тәжірибесіне жеткіліксіз бағдарлану.
3. Балалардың өздік жұмысын ұйымдастыруға жеткіліксіз бағытталған тәсілдерді қолдану.
4. Түзету-дамыту процесін жеткіліксіз жекешелендіру.
5. Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру жұмысының жаппай түрінің басым болуы.
6. Педагогтерді белгілі пәндік ғылыми білімдердің құрылымына емес, бала меңгеретін ақпарат көлеміне бағыттау.
Шешу мүмкіндігі:
1. Балалардың когнитивті тосқауылдарын шешу мақсатымен педагогтерді қазіргі заманғы білім берудің әдістерін енгізуге бағыттау (ізденіс, тәжірибелік-эксперименталды зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру) .
2. Балалардың ізденіс-зерттеу және талдау-жинақтау іс-әрекетін белсендіруге бағытталған сабақ моделін әзірлеу.
3. Балаларға әр іс-әрекет түрінде өзін тануға мүмкіндік беретін «жұмсақ» профильдендіру.
4. Арнайы ұйымдастырылған (жаппай) іс-әрекеттен танымдық іс-әрекеттің өздік және біріккен түрлеріне көбірек назар аудару.
5. Дарынды балалармен және ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалармен әсерлі жұмыс жүйесін ұйымдастыру.
6. Интеллектуалды элита құру.
7. Кіші топтарда балалардың іс-әрекетін әлеуметтік-ойын педагогикасы тұрғысынан ұйымдастыру.
8. Педагогикалық консалтинг зертханасын ашу.
9. Педагогтердің Интернет жүйесіне қолжетімдігін қамтамасыз ету.
10. Оперативті компьютерленген жаңа технологиялар банкісін құру.
Шектеулер:
1. Педагогтің креативті және инновациялық потенциалын ынталандыруға материалдық базаның болмауы.
2. Инклюзив жағдайында білім алатын және тәрбиеленетін балалардың бастапқы мүмкіндіктерінің әртүрлі болуы.
Күтілетін нәтиже:
1. Педагогтердің ақпараттық мәдениетін арттыру, АКТ (ИКТ) білімдерін кеңейту.
2. Бақылау кесінділерінің және олимпиада нәтижелерін жақсарту.
3. Балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік беретін ұйымдық-функционалды құрылым құру.
№ З мәселе
Балалар мен ересектердің қарым-қатынастарында даулы жағдайлардың көбеюі.
Себептер:
1. Өмірдің негізгі қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауы (қадірлеуге, құрметке, ұжымда белгілі бір дәрежеге ие болуға қажеттілік) .
2. Тәрбиелеудің қалыптасып қалған жолдарының болуы.
3. Білім беру-тәрбиелеу кеңістігі субъектілерінің арасында құрылған қарым-қатынас моделінің тиімсіздігі.
Шешу мүмкіндіктері:
1. Білім беру-тәрбиелеу кеңістігі субъектілерінің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
2. Толерантты әрекеттесудің тиімді моделін құру.
3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтің, әкімшіліктің, ата-аналардың, педагогтердің әрекеттерін үйлестіру.
Шектеулер:
1. Әлемге деген құндылық көзқарастардың қалыптасуына этнопедагогикалық және этнопсихологиялық ерекшеліктердің әсері.
2. Білім беру-тәрбиелеу кеңістігі субъектілерінің әлеуметтік-құқықтық мәдениетінің түрлі деңгейі.
3. Дау-жанжалдарды күшпен шешу стереотипін қалыптастыруға бұқаралық ақпарат құралдарының әсері; қоғамдық санада ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін адекватты бағаламау.
Күтілетін нәтиже:
1. Білім беру-тәрбиелеу кеңістігіндегі барлық субъектілердің бөбекжай-балабақша қызметіне риза болуы.
2. Қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сай ата-аналардың және педагогтердің балалардың тәрбие ісінде қолданатын жаңа әдістердің мәнін түсінуі.
3. Бөбекжай-балабақша түлектерінің болжамдағы жеке тұлға моделіне сай болуы.
Инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс істейтін педагогтің басқару қызметінің жеке модулі
Білім беру кеңістігі субъектілерінің іс-әрекетін үйлестіруде келесі модульдер құрастырылған:
1. Инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс істейтін педагогтің басқару қызметінің жеке модулі.
2. Инклюзивті білім беру кеңістігінде субъектілер әрекеттесуінің трансдисциплинарлық модулі.
Педагогтің басқару қызметінің жеке модулі мектепке дейінгі ұйымның барлық құрылымдарында біртұтастықты, бірізділікті, сабақтастықты және көпфункционалдықты қамтамасыз ететін қадамдық нұсқаулар түрінде көрсетілген.
Педагогтің басқару қызметінің жеке модуліне келесі компоненттер енеді:
- диагностикалық;
- мақсаттық;
- іс-әрекеттік;
- нәтижелік;
- талдау.
Басқару қызметі жеке модулінің әр компонентін қадамдық іс-әрекет түрінде ұсынуға болады.
Диагностикалық компонент
1-қадам. Іс-әрекеттің мағынасын түсіну:
- уақыттылық пен жинақылық;
Бұл әрекетті жүзеге асыру дамудағы ауытқуларды ерте анықтау немесе бар ауытқуларды кейіннен парапар диагностикадан өткізіп, мамандар анықтайтын даму диагностикасының медициналық, психологиялық және әлеуметтік аспектілерін есепке алуды болжайды.
- динамикалық;
Бұл әрекетті жүзеге асыру анамнездік және катамнездік мәліметтерді талдау, лонгитюдтік және кескінді зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.
2-қадам. Компонетті ресурстық қамтамасыз ету:
- көпфункционалдық, валидтік ұстанымдарға сай, баланың жас және жеке типтік ерекшеліктерін ескеруді көздейтін диагностикалық құралдың болуы;
- ата-аналар мен педагогтердің әлеуметтік үміттенуінің диагностикасы.
Әлеуметтік үміттенуді талдау және білім берудің жаңа стандарттарының логикасы негізінде мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделі әзірленді.
Мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделі
Сала
Аспектілер
Интеллектуалдық
сала
Мотивациялық
сала
Эмоционал
дық сала
Оқу іс-әрекетінің тиімді өтуі үшін эмоционалдық тұрақтылық
тың болуы
Денсау
лық
Заттық- тәжірибелік
сала
Ақпаратты іздес
тіру ал
горитм
дерін игеру
Қоршаған ортамен интеллектуал
ды қарым-қатынасқа саналы түрде даяр болу
Тиімді қарым-қатынастың еріктік дағды
ларын игеру
Мүмкіндігінше өзінің валеологиялық мәселе
лерін өз бетімен шешу
Жеке тұлға сапалары
Интеллектуалдық
сала
Мотивациялық
сала
Танымдық іс-әрекетке тұрақты қызығушылық.
Хабардар болу.
Білімдерді практикалық іс-әрекетте қолдану.
Бақылағыштық.
Жетістікке жету мотивациясы.
Жеке басының және қоғамдық мүдделерін үйлестіру.
Елгезектік
Жарқын жүзділік
Жанасымдық
Тілектестік
Эмпатия
Еріктік
сала
Заттық- тәжірибелік
сала
Экзистенциал
дық сала
Орындаушы
лық
Белсенділік
Талаптылық
Еңбекқорлық
Қиыншылық
тарға төзімділік
Адалниеттік
Өзін тәртіпке келтіру
Сабырлық
Өзін өзі бақылау
Төзімділік
Бейімделу
Сенімділік
Өзін сынай білу
Жинақылық
Ұйымдасқан
дық
Жұмысқа қабілеттілік
Адалдық
Жауапкерші
лік
Адалниеттік
Позитивті Мен- концепциясы.
Өнегелік жетілуге құштарлық.
Жанның, тәннің, сөздің әсемдігіне талпыну.
Өзін және басқаларды сүю.
Адамгершілік құндылықтар
ға бағдар алу.
Гуманистік көзқарас.
- 3-қадам. Нәтижені ресімдеу:
- баланы тексеру хаттамасы;
- мамандар тобының бағалау хаттамасы (психологиялық, медициналық, педагогикалық консилиумдер) ;
- маманның психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы (логопед, дефектолог, тифлопедагог, психолог және басқалар) ;
- мәселелі алаң диаграммасы (әлеуметтік үміттенулерді талдау нәтижесі бойынша) .
Мақсат қою компоненті
- 1-қадам. Әрекеттердің мәнін түсіну
Баланың бастапқы мүмкіндіктерін ескере отырып, түзету-білім беру траекториясын анықтау.
2-қадам. Ресурстық қамтамасыз ету
Педагогтің бала дамуын жобалау моделін құрастыру қабілеті.
3-қадам. Нәтижені ресімдеу
Келесі талаптарға сай келетін жеке дамыту бағдарламасын құру:
- ақпараттық сиымдылық;
- дамудың жеке құрылымын есепке алу;
- жеке даму бағдарламасын жобалауға пәнаралық көзқарас;
- түзету-білім беру процесінің динамикасын қадағалау мүмкіндігі.
Іс әрекеттік компонент
- 1-қадам. Әрекеттердің мәнін түсіну:
- таңдалған әдістердің түзету жұмысының кезеңіне сәйкестігі;
- баланы бірыңғай пәнаралық әрекеттесу алаңына енгізу.
- 2-қадам. Ресурстық қамтамасыз ету
Педагогтің маңызды кәсіби қасиеттері:
- білім беру процесінің дәстүрлі және жаңашыл технологияларын игеру;
- оқыту әдістері мен жолдарын қолданудағы икемділік;
- синтондық;
- коммуникативтік;
- толеранттық.
- 3-қадам. Нәтижені ресімдеу
Дидактикалық модуль құру:
- ұйымдастыру түрлерін таңдау;
- түзету-дамыту процесін нақты жобалау және жоспарлау;
- оқу міндеттерін белгілеуде жекешелендіру және саралау.
Нәтижелік компонент
- 1-қадам. Әрекеттердің мәнін түсіну:
- қорытынды диагностиканың нәтижелері бойынша даму динамикасының мәнін түсіну;
- болжанатын нәтиженің ата-аналардың әлеуметтік күтулеріне сәйкес болуы;
- тексеруші орын қызметкерлерінің жұмыс нәтижесін жалпы бағалалауы.
2-қадам. Нәтижені ресімдеу:
- іс-әрекеттің өнімді түрлерін оқып-үйрену;
- баланы сабақтан тыс уақытта бақылау;
- ата-аналардың талаптану және педагогикалық құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатымен сауалнама жүргізу;
- педагогтар үшін рейтингті сауалнама.
Талдау компоненті
- 1-қадам. Әрекеттердің мәнін түсіну:
- - қол жеткізген нәтижелерді шарттастыратын факторларды анықтау (мамандықтың ғылыми-теориялық негіздерін игеру, түзету-білім беру процестерін және тенденцияларын тұтастай көру, т. б. ) ;
- Жоспарды жүзеге асыру жолы:
- педагогтің шығармашылық потенциалын түсіну.
- 2-қадам. Ресурстық қамтамасыз ету:
- педагогтің қызметін талдау алгоритмі;
- рефлексия дағдыларын меңгеру.
- 3-қадам: Нәтижені ресімдеу
Ұсынылып отырған педагогтің басқару қызметінің жеке модулінің әрбір құрылымдық элементі белгілі бір ерекше әдістерді және тәсілдерді қолдануды көздейді, білім беру кеңістігіндегі педагогтің іс-әрекетіне мониторинг жүргізу үшін сапалық және сандық аспектіде ақпарат береді.
Түзету-дамыту процесін талдаудың матрицалық моделі
Педагог рефлексия
сының критерийлері
Баланың мүмкіндікте
ріне қойылған мақсаттар
дың сәйкес келмеуі
Мазмұндық
Дәстүрлі,
арнайы,
авторлық,
жаңашыл бағдарламалар
Дәстүрлі,
арнайы, автор
лық, жаңашыл технологиялар
дың үйлесімділігі
Көзқарастық
Әрекеттесу стилі
Баламен ынтымақтастық және шығармашы
лық
Бірлескен іс-әрекет тек педагогтің бастамасымен болады, белсенді балалармен ынтымақтас
тық болуы мүмкін
Қарым- қатынастың авторитар
лық
стилі, педагогтің монологы,
баламен диалогтың жоқтығы
Психология
лық-педагогикалық
Баланың білім беру процесіне қатысты позициясы, мотивациясы
Белсенді-ынталы
Ынталандыру мотивациясы әдістерінің барлық түрле
рін қолдану - эмоционалдық,
еріктік, әлеуметтік
Белсенді-ситуативті,
сыртқы мотивация
Сылбыр,
эпизодтық мотивация
Өзіндік рефлексия
Педагог пен баланың іс-әрекеттерінің нәтижесіне қанағаттылық
Инклюзивті білім беру кеңістігінде субъектілер әрекеттесуінің трансдициплинарлық модулі
Инклюзивті білім беру кеңістігінде субъектілер әрекеттесуінің трансдициплинарлық модулі - бала ең жоғарғы құндылық болып саналатын бейімделу кеңістігін құруға мүмкіндік беретін бірыңғай білім беру-тәрбиелеу алаңындағы командалық арақатынас жүйесі.
Бұл модульді қолдану:
- тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің бірыңғай алаңын құруды (соған қоса ерекше білім алуға қажеттіліктері, көру патологиясы, сөйлеудің бұзылуы бар балалардың, т. б. ) ;
- білім беру-тәрбиелеу кеңістігіндегі барлық субъектілердің белсенділігін арттыруды;
- медициналық-педагогикалық қолдаудың тұтастығын, кешенділігін қамтамасыз етеді.
Баланы дамыту ортақ ісіне әрбір маман өз үлесін қосатын болғандықтан, бұл модульді келесі сызба-ұяшықтар ретінде ұсынуға болады:
Инклюзив жағдайындағы жұмыс төмендегі нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді:
1. Қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық арқылы білім беру-тәрбие кеңістігіндегі субъектілер үшін толерантты орта құру.
2. Гимназиялық ұйымдарға сайыстық негізде түсіп оқуда дамуы дұрыс балалармен қатар ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың табыстылығын қамтамасыз ету.
3. Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымды дамытудың модульдік жолы мемлекеттік білім беру стандарттарының өзгеруіне икемді болуын, дамуында ерекшеліктері бар балаларды дамытудағы оптимистік жорамалдың қалыптасуы.
Қосымшалар
Шығармашылық олжа қоры
Шығармашылық олжа қорында инклюзивті типтегі ұйым мамандарының әр блоктың басты қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жұмыс түрлері көрсетілген.
І. Әкімшілік блогы
1-қосымша
Ата аналар жиналысының хаттамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz