Инновация мәні. Инновацияның дамуы



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І.Кіріспе.
1. Инновация мәні

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Инновацияның дамуы.

ІІІ.Қорытынды.
1.Жаңа техниканы құру,игеру және сапасын басқару.

1.Кіріспе
Инновация мәні
Инновация – бұл,еңбек өндірімпаздығының айтарлықтай артуын тудыратын
нәрсе.Өндірімпаздықтың артуы жеткілікті болса – біздің халықтың әл-
ауқатының өсуі болады деген сөз.
Инновация ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу,жаңашылдық деген
ұғымды білдіреді.Яғни,жаңа өндірістік үрдісті,өнімді немесе қызметті
игеру,әйтпесе жаңалықты инвестициялау деген ұғымды білдіреді.Ал,бұл термин
латын тілінде жаңару,өзгеру сөздерімен баламаланып,бұдан бұрын болмаған
жаңалық,қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа әдісі деген
түсінікті түсіндіреді.
Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогресті инновациялық
қызметтің интеллектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін емес екендігіне
байланысты,бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі қалыптасуда.Бұған орай кейбір
ғалымдар: Инновация – жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан
алынған материалдық игілік,қызмет көрсету,басқару және тағы басқа да
жүйелер бойынша еңбек өпдірісін ұйымдастырудың жаңа формалары деген
анықтама береді.Яғни,осы сипаттамаларды қорыта келе,инновацияның өтімділігі
жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады.Бұл тұрғыдан алғанда ашылған
жпңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн.Өйткені,іргелі
міндеттерді атқаруға негізделген,яғни осыған деін белгісіз болып келген
табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді
тарту етпейтіндіктен де ол ғылыми іздестірудің жемісі ретінде ғана
есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор.
Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан,бәсекеге қабілетті
өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер түсініп,бар күшті осы салаға жұмсап
келеді.Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік
күресте инновация өеімінің өзіндік құнын азайту,инвестициялар ағынын
арттыру,өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру бағындыруда аса тиімді
таптырмас құралға аналуда.
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімді өмірге әкелу үрдісін жеті
қадамменен жіктейді екен.Ол инновациялық пікірдің тууынан бастап,оны
өткізу нарығын анықтау, өнімді шығару, сату болып жалғаса береді. Соның
ішінде әуелі жаңа тауарды аз көлемде шығарып, оны жарнамалау, сауда үрдісін
ұйымдастыру арқылы оның өміршендігін немесе өмір сүру өнімді нарықтық
жағдайда өткізу көлемін арттыру, сұранысын молайтуда тауар бағасын
төмендету, тұтынушыға қосымша силықтар, түсім сияқты қосымша тәсілдерді
қолданудың қажеттілігі турады. Сонымен бірге белгілі бір мерзімді аяқтап,
өзін-өзі өтеген инновация мүлдем ескіріп кетпеу үшін, оны келесі аймаққа
немесе басқа нарыққа көшіру қажеттігімен анықталады.
Нарықтық эканомикада иновациялық пікірлерді жүзеге асыру үрдісінің
ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоюымен пара-пар. Өйткені,
ақша-иновация негізделген жүйеде табыс табу үшін, басқа кәсіпорында біраз
уақыттан бері жүзеге асырылмай келе жатқан жобаға ұқсас нұсқаларды ойлап
табу арқылы оның алдын алып кету оқиғалары да кездеседі. Қазіргі уақытта
біздің елімізде бәсекегк қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа
ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми
техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялықміндеттердің бірі болып отыр.
Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-иновациялық дамуының
2003-2015-жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты –
шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика саласын әртараптындыру
жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-
технологиялық эканомикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
Қазақстанның мұндай маңызды қадам жасауына әлемдегі эканомикалық даму
қарқыны да негіз болып отыр. Қазіргі уақытта елдер арасында жан-жақты
тұрақты байланыстар қалыптасып келеді. Халықаралық валюта қоры.
Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялық сияқты институттардың
құрылуына негіз қалаған орталықтағы іргелі мемлекеттердің оны өңдеп, оларға
қайта сату болашақта шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар
нарықтарынлһдағы қаупін тудырады.Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей,шикізат
қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәір табысқа ие болады
да,индустрияның жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды.Алайда,шикізат қоры
бір кездері сарқылатындықтанда, тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты
ел елеулі проблемалармен кездесуі мүмкін.Бастапқыда шикізаттық мемлекеттер
саналатын Латын Америкасы,Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы
Оңтүстік Корея,Сингапур мемлекеттері инновациялық саясаттарды қолдану,яғни
сервистік-технологиялық экономикаға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге
болатынын дәлелдеп берді.Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін қабылдау
Қазақстан үшін тиімді болатынын нақты жағдай байқатып отыр.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын,кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
және дамыту тұжырымдамасын жасау қажет.Өйткені кәсіпкерлікті дамыту
мәселелерін концептуалды түрде шешу шағын және орта бизнес саласына
бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп,жүзеге асыруда
жіберілетін кейбір қателіктердіңалдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге
көмектеседі.Сондай-ақ,инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі
іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Бизнес-жоспар – бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа
категория.Кез келген жаңа элемент сияқты,оны пайдаланудан бұрын,оның дұрыс
түсінілуі қажет.Бизнесте жетістікке жетуді қалайтын іс-қимыл және мақсатқа
дету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің
қағазға түсірілген моделі болып табылады.
Жақсы бизнес жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің
сызбасы болып табылады.Ол келешекте бизнеске мағына беруді
жорамалдайды.Қойылған мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізетін
барлық кезеңдер ен ресурстарды қамтиды.
Тауар сатудағы және қызмет көрсетудегі тәсіл - франчайзинг .Көптеген
елдерде франчайзинг бизнестің прогрессивті әдісі болып табылады және
табысқа жету үшін тәуекелге дайын кәсіпкерлер үшін тиімді.Франчайзинг
француздың franchize деген сөзінен щыққан,аударғанда – жеңілдік,арнайы
құқықтық,льгота мағынасын білдіреді.Бұны жәә тілге аударғанда мына
түсінікті білдіреді:кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың
рұқсатымен пайдалана отырып,дер кезінде үйреніп,күнделікті тірлігіне
қолдануына мүмкіндік береді.Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды
орындауға рұқсат беруін франчайзингалық лицензия деп атайды.Тәжірибелі
кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін,білімін нарық жағдайында ұсына
отырып,белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін.Сондықтан,франчайзинг атаулы
бизнес,ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып,техника мен
технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді,яғни шығарылған
тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге
мүмкіншілік алады.
Нарықтық экономикаға көшу және дүниежүзілік шаруашылық жүйежылы
бұрынғыциялануы оффоршорлық бизнесті құру мен дамыту қажеттілігімен
қамтамасыз етіледі.Іс-әрекеттің белгілі бір түрі ретінде оффшорлық бизнес
батыс елдерінде ең көп,ал ТМД елдерінде аз таралған.Оффшорлық бизнестің
сипаты мен маңызы ТМД елдерінің,соның ішінде Қазақстан Республикасының
салық төлеушілеріне аз мөлшерде белгілі.Бірақ бұл бизнес және оның
пайдалану үлгілерінің артықшылығы туралы керекті ақпаратты алған
кезде,заңды және жеке тұлғалардың оған деген ынтасын арттырып
отыр.Оффшорлық фирманы құру орынды және тиісті болған жағдайда кәсіпкерлік
қызметте көптеген мүмкіншіліктер пайда болады.Шағын және орта бизнесті
қоса,түрлі масштабтағы корпорациялармен басқару іс жүзінде оффшорлық
схемаларда болуы қарастырылады.Оффшорлық бизнес туралы түсінік әрбір
кәсіпкерде болуы қажет,себебі оффшорлық құрылымдарды пайдалану қазіргі
таңдағы менеджменттің ажыртылмайтын элементі болып табылады.
Оффшорлық бизнесте іскерлік мүмкіншіліктерінің үлкен шеңбері
бар.Халықаралық қаржы-шаруашылық операцияларының субъектісі ретінде
оффшорлық аймақта тіркелген компания немесе шетелдік секретарлық
бақылаудағы фирмасы болса,салықтық шығындарын төмендету мүмкіндігі
беріледі.Шетелдік компания атынан бірінші қолы қойылған иеленуші және
оффшорлық құрылымдарды құру күнделікті істегі бизнес үшін ыңғайлы құрал
болып тпбылады.
Қазақстандағы салық төлеушілердің оффшорлық бизнестің
мүмкіншіліктерін білмегендіктен,оны қолдану деңгейі төмен болады.Сондықтан
осы жұмыстың мақсаты кәсіпкерлік құрылымдарға оффшорлық бизнестің көп қырлы
мүмкіншіліктерінің механизмі мен тәсілдерін көрсету арқылы пайдалану болып
табылады.Осы жұмыс оффшорлық бизнестің фор жылы,банкілер лизингілік
оперцияларды іске асыра бастағанда пайда болған.малар мен схемаларын
қолдану арқылы қосымша мүмкіншіліктеріне қол жеткізуге және оффшорлық
бизнесті қолдану кезінде пайда болған мәселелерге жауап береді деп
сендіруге болады.
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік
қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін
несиелік ресурстарды,соның ішінде лизингті пайдалану қажет.Осы лизинг
несиенің бір түрі сияқты кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді
азғантай шығынмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Инновацияның мәні, белгілері және түрлері
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Инновацияның өмірлік циклы және функциясы
Инновация мәні,түрлері және қасиеттері
Дамыған елдердегі инновация үрдістері
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасының ақпараттық қызмет саласындағы компанияларда инновациялық маркетингті дамыту үшін теориялық-әдістемелік және практикалық ұсыныстар
Өнімнің, жаңа техниканың, қызметтің кәсіпорында жаңаруы
Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері
Пәндер