Инновациялық қызмет жайында



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Инновациялық қызмет.

Ғылыми-техникалық потенциал кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық
дамудың, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық
салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына
төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсендң түрде дамуына жағдай
жасап, ұлттық экономикагың тиімділігі мен бәсекеге қабілетін жоғарлатады.
Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару
мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-
техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзаттың өмір сүру
жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат
тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты.
Қазір ҚР-ның ғылыми-техникалық зерттеулері мен инновациялық саясаты
кризистік жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан
кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты
түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. әрине
бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік
береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана
инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да
шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өзіміздің ұлттық ғылыми-
техникалық потенциялымыздың дамуына жағдай жасап, отанды ғалымдардың ғылыми
жетістіктерін өндіріске енгізіп , оларды бағалай білуіміз керек.
Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды
( технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды,
венчурлық фирмаларды ) дамытуға бұрын құрылған шаруашылық субъектілер
арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын
дамытуға көмектеседі.
Кәсіпорындар мен Республиканың инновациялық қызметін дамытуға
келсек, мемлекеттің 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық инновациялық
бағдарламасын айтып кетпесек болмайды. Бағдарлама мынадай міндеттерді
шешуге ьағытталған:
• Экономиканың жоғары технологиялық, шикізаттық емес секторларын
қалыптастыру;
• Инновациялық қызметті мемлекеттік ресурстық қолдау;
• өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды жүргізу және экспортқа
бағытталған ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;
• ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
• шағын кәсіпкерлік субъектілерің инновациялық қызметке тарту;
• салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру
және іске асыру;
• инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайды
қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
• неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;
• инновациялық кәсіпорындар үшін мамандар дайындау;
• халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.

Осы жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана
мемлекетіміздің , кәсіпорындарымыздың инновациялық қызметін дамытуға
болады.
Мысалға Уркер косметикс ПФК-ның инновациялық қызметіне келсек,
кәсіпорында 2003-жылы жаңа технологиялар енгізілген болатын. Осы негізінде
тауарлар ассортиментін көбейтуге, олардың сапасын жақсартуға, тауарлардың
өзіндік құнын төмендетуге және де жалпы пайда алуға мүмкіндігі туды.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік- бірінші кезекте нарықтық
бісекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы
БАҚ ғылым жайында
ҒЗЖ алғашқы нәтижесі бойынша сайтқа Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында проф
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Тұтас педагогика ұғымы
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ
Шарт туралы жалпы ережелер
Мектеп кітапханасында ақпараттық технология және оны қолдану
Пәндер