Инновация (енгізу) жаңа техника, технологиялық процестер қолдану немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету


Инновация деп (ағылшын innovation-жаңарту, жаңадан енгізу) біз «жаңарудағы инвестиция»-ны түсінеміз.
Жаңару (лат. Novation-өзгеріс, жаңару) бұрын-соңды болмаған жаңалықты, өзгеруді білдіреді. Азаматтық құқыққа сәйкес жаңару өзара келіскен өзгенің міндетінің ауысуы туралы екі жақтың келісімін білдіреді, басқаша айтқанда бұның нәтижесі жаңару болып табылады.
Инновация дегеніміз өндіріс орындарының, еңбектің, қызметтің және басқарудың жаңа түрлеріне, сонымен қатар бақылаудың, есепке алудың, жобалау әдістерінің, талдау тәсілдерінің жаңа түрлеріне, жаңа техника немесе технологияға қаржы салғаннан алынған материалдық нәтиже.
Инновация деп сондай-ақ инновациондық өнім деп айтуға болады.
«Инновация» түсінігімен» өнертабыс» және «жаңалық ашу» түсініктері тығыз байланысты.
Адам баласының жаңа құралдарын, механизмдерін, саймандарын, басқа да құралдарын жарыққа шығаруын өнертабыс дейді. .
Жаңалық ашу дегеніміз бұрын ашылмаған мәліметтерді алу процесі немесе бұрын ашылмаған табиғат құбылыстарын бақылау.
Жаңалық ашудың инновациядан айырмашылығы келесі белгілер бойынша ажыратылады:
- жаңалық ашу, сонымен қатар өнертабыс, заң бойынша, іргелі деңгейде жасалынады, ал инновация технологиялық (қолданбалы) деңгей ретінде өндіріледі.
- Жаңалық ашуды жалғыз-өнертапқыш жасауы мүмкін, ал инновацияны ұжымдар жасайды (лабораторияда, бөлімшелер, институттар) және оны инновациондық жоба түрінде іске асырады.
- Жаңалық ашуда табыс табу мақсат болмайды. Керісінше инновацияда өзінің алдында үлкен қаржы көлемін, үлкен табыс суммасын алуды, еңбек өнімділігін жоғарылату және техникада және технологияда қандай-да бір жаңалық енгізу арқылы өндіріс өзіндік құнын төмендетуді, сонымен қатар кез келген басқа жинасқан пайда алуды мақсат етеді.
- Жаңалық ашу кездейсоқ болуы мүмкін, ал инновация үнемі ізденіс нәтижесінен пайда болады. Оны кездейсоқ өндірмейді. Ол белгіленген нақты шығару және техника-экономикалық дәйектеме мақсатын талап етеді.
«Инновация» термині жаңа экономикалық категория сияқты ХХ ғасырдың бірінші он жылдығында австриялық ғалым Иозеф Алоиз Шумпетер ғылыми айналымға енгізеді. И. Шумпетер «Экономикалық даму теориясы» атты еңбегінде алғаш рет дамуға жаңа өзгерістің комбинациясы мәселесін қарастырды және инновационды процестің толық тізімін берді.
И. Шумпетер дамуда бес өзгерісті ерекшелеген:
1) жаңа техника, технологиялық процестер қолдану немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету;
2) өнімді жаңа қасиеттермен енгізу;
3) жаңа шикізат қолдану;
4) ұйымда өндіріс және оның материалдық-техникалық қызмет көрсетуін өзгерту;
5) жаңа шикізат нарығының пайда болуы;
И. Шумпетер өзі «инновация» терминін ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қолдана бастады. Сонымен қатар, И. Шумпетер инновация арқылы тұтынушы тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік, көліктік құралдары, нарықты және ұғымдар формасын өнеркәсіпте қолдану және енгізу мақсатымен өзгерістер ойластырған.
И. Шумпетер айтқандай, инновация басты табыс көзі болып табылады: «тіршілік бойынша табыс, жаңа комбинацияның орындалу нәтижесі болып табылады», «даму болмаса, табыс болмайды, табыс болмаса, даму болмайды».
И. Шумпетердің кітаптары инновация төңірегіндегі басқа ғалымдардың жұмысына түрткі болды.
Қазіргі экономикада инновацияның рөлі едәуір өсті. Бұл нарық экономикасында инновация бәсекелестік құралы болып табылады, себебі инновация өзіндік құн, бағаның төмендеуіне, табыстың өсуіне, жаңа қажеттіліктер құруға, ақша ағымына, жаңа өнім өндіруші беделін көтеруге, жаңа нарық, сонымен қатар ішкі нарықты ашуға және жаңаларын алуға әкеліп соқтырады.
Бүгінгі таңда технологиялық инновациялардың тізімделуі 1992 жылы Осло қаласында қабылданған кепілдеме бойынша халықаралық стандартқа сай орналады. Бұл стандарттар жаңа өнімді және жаңа процесті қамтиды, сонымен қатар олардың едәуір технологиялық өгерістерін қамтиды. Осыдан барып технологиялық инновацияның екі түрі қабылданған:
- өнім инновациясы
- процесті инновация
Өнім инновациясы жаңа немесе жетік жетілген өнімдер енгізуді қамтиды. Сондықтан өнім инновациясы екі түрге бөлінеді:
- базистік өнім инновациясы;
- жақсартылған өнімді инновациясы;
Процесті өнімді инновация деп жаңа өнім шығару кезінде өндіріс ұжымына жаңа форма және әдістерді игеруді айтады. Сонымен қатар, жаңа тауар шығаруды қолда бар технология, құрылғылар, энергетикалық ресурстарды және өндіріс және басқару ұжымдарының дәстүрлі әдістерін қолданып ұйымдастыруға болады.
«Халықаралық стандарттар» түсінігін қолдана отырып, негізінде халықаралық стандарттардың жоқтығын, олардың елдерінің юрисдикция есебінің қандай-да бір тобын қолданатын стандарттар екенін естен шағармаңыз. Юрисдикция дегеніміз берілген мемлекеттік биліктің өкілеттілігі таратылатын құқықтық саланы айтады. Мысалы, Европада екі глобальды құқықты жүйе орын алған: аралдық, немесе англо-саксондық және құрылықтық, немесе франко-германдық. АҚШ-да өзіндік құқық жүйесі, Латын Америка елдерінде басқаша, т. б.
Ресей арнайы сөздіктер бойынша инновация 24. 07. 98 ж. № 832 Ресей Федерациясы Үкіметінің жарлығымен мақұлдаған 1998-2000 жж. Р. Ф. инноваиондық саясат Тұжырымдамасында қолданатын терминдер болып табылады. Олар мына терминдер болып табылады:
1. «Инновация (енгізу) »- практикалық өндірісте қолданатын нарыққа шыққан жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесте жаңа немесе дамыған өнім түрінде алынған өндіріс инновациондық іскерліктің соңғы нәтижесі.
2. «Инновациондық іскерлік»- аяқталған ғылыми зерттеулер нәтижелерді және тәжірибе практикалық кәсіпкерлікте қолданатын жаңа немесе дамыған технологиялық процес нарығында жүзеге асатын ғылыми-техникалық жетістіктерді құрастырып жаңа немесе дамыған өнім алуға бағытталған, сонымен қатар бұған қосымша ғылыми зерттеулер және жұмыстар байланысты.
Инновациондық іскерліктің берілген анықтамаларын қарастыра отырып, онда инновацияны құру түсінігінің жоқтығын көрсету қажет.
Инновациондық өндіріс идеяның туындауынан басталып және өнімнің диффузиясымен аяқтайтын инновациондық процессті білдіретіні сөзсіз.
Инновациондық өндіріс анықтамасының едәуір нақты түрі келесі:
Инновациондық өнеркәсіп-инновация құруға бағытталған, тәжірибелік өнеркәсіпте жаңа немесе дамыған технологиялық процесті нарықта қолданып ғылыми-техникалық жетістіктермен жаңа немесе дамыған өнім өндіру және ғылыми зерттеудің яақталған нәтижелерін жүзеге асыруға, сонымен қатар қосымша ғылыми зерттеулер және жұмыстарда байланысты инновация құруға бағытталған процесс.
3. «Мемлекеттік инновациондық саясат»-РФ үкіметінің мемлекеттік билік және РФ мемлекеттік билік органдарының субъектілерін инновациондық стратегия және приоритетті инновациондық бағдарламалар мен жобаларды қолдау механизмдерін анықтау.
4. «Инновациондық потенциал (мемлекет, сала, ұжым) »- материалдық, қаржы, интеллектуальды, ғылыми-техникалық және басқа инновациондық өнеркәсіпті жүзеге асыру үшін қажет басқа әртүрлі ресурс түрлерінің жиынтығы.
5. «Инновациондық инфрақұрылым»- инновациондық өнеркәсіп құруға сай ұжымдар (инновационды-технологиялық орталық, технологиялық инкубаторлар, технопарктер, ғылыми-іскерлік орталықтары және басқа мамандандырылған ұжымдар) .
«Инновация» терминіне авторлар көбіне әртүрлі мағыналар береді. Солардың бірнешеуін келтірелік.
Австриялық ғалым И. Шумпетер 30-жылдары-ақ инновация түсінігін тұтынушы тауарларының жаңа түрлерін қолдану және өндіру, жаңа өндірістік және көліктік құралдарды, нарықта және өндіріс формаларын өндірісте өндіру мақсатымен өзгеріс ретінде берген.
Д. В. Соколов, А. В. Титов, М. М. Шабанова инновация деп нақты қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын жаңа немесе модифицирленген нақты заттардың ендіру және құру нәтижелерінің қорытындысы және нәтиже беретін қатарын (экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық) айтады.
Ю. П. Морозов инновация деп кең мағынада жаңа технология, өнім түрлерін, ұйымдастырушы-техникалық және әлеуметтік-экономикалық өндірістін, қаржы, коммерциялық немесе басқа сипаттағы шешімдер түрінде жаңалықтар енгізуді тиімді пайдалану мағынасында түсіндіреді.
А. И. Пригожин жаңалық енгізу технологияның, техникалық, олардың туындау кезеңін басқару, меңгеру, басқа объектілерде диффузия дамуына сәйкес келеді деп есептейді.
М. Хучек, «поляк тілі сөздігінде» инновация қандай-да бір заттың жаңа түрін, реформаға ендіруді білдіреді деген.
«Ғылыми-техникалық прогресс» сөздігінде инновация жетілдіруге бағытталған шығармашылық кәсібінің нәтижесін, өндіріс бұйымының жаңа түрін құру және таратуды, жаңа өндірістік формалар, технология енгізуді білдіреді.
«Инновациондық менеджмент» анықтама құралының авторлары П. Н. Завлин, А. К. Казанцев, Л. Э. Миндели және басқалары инновация деп- кәсіпкерлік процесін дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық кәсіп нәтижелерінің қоғам ортасында қолдану немесе оның нәтижелерін түсіндіреді.
Кез келген түсініктің мәнін сипаттайтын аспектілер ортасының нақты қалыптасуы мақсаттың, құрылымның және әрі қарай зерттеу көлемін қалыптастыру үшін таптырмас сәт болып табылады. Жаңалық-фундаментальды және қолданбалы зерттеулер, құрылымдар немесе қандай-да бір кәсіпкерлік саласының оның тиімділігін көтеру бойынша жұмыстардың бейнеленген нәтижесі. Жаңалық: жаңалық ашу, өнертабыс, патенттер, тауар белгілері, ұсыныс рационализаторы, жаңа немесе дамыған өнімге документация, технология, басқару немесе өндіріс процесі, ұйымдастырушылық, өндірістін немесе басқа құрылымдар, ноу-хау, түсінік, ғылыми бағыт немесе ұстаным, документ, маркетингтік зерттеу нәтижелері және т. б. түрінде ерекшеленеді. Жаңалық ашуға қаржы құю-істің жартысы. Бастысы-жаңалық енгізу, жаңалықтың инновация формасына айналдыру, ол дегеніміз инновациондық істі аяқтау және оң нәтиже алу, сосын инновация диффузиясын жалғастыру. Жаңалық ашу үшін маркетингтік зерттеу, НИОКР, ұйымдастыру-технологиялық өндіріс дайындаған, өндіріс жүргізу және нәтижелерін белгілеу қажет.
Инновация-басқару құрылымын өзгерту мақсатына жаңалық ендірудің және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа нәтиже алудың соңғы нәтижесі.
Екіншіден, жаңалық ашу өзіндік қажет үшін және сату үшін құрылуы мүмкін. Нарыққа шығарда фирмалар жүйелер секілді инновация формасына өткенде бірден енетін олардың сатушылары жаңалық болады, немесе өзінің ену үшін сәтін күту. Фирмалар нарыққа шыққанда тауарлар секілді жаңалық болады.
Үшіншіден, «инновация» түсінігінде инновация құру, оны құрастыру, енгізу және диффузияны қосу қажет. Бұл кезеңдер процесс секілді инновациондық кәсіпкерлікке жатады, оның нәтижесі жаңалық немесе инновация болады.
Инновация- бұл экономикалық категория. Категория секілді (грек. Kategoria-пікір талас) инновация да едәуір жалпы және өмірлік қасиеттерге, белгілер, байланыстар және өндіріс қатынастары және жаңалық енгізуді жүзеге асыруға түрткі болады.
Категория мәні оның қызметтерінде көрінеді. Функция (лат. functio-орындау, құру) экономикалық категорияда қатынастың осы жүйедегі сыртқы қасиеттерінің пайда болуын білдіреді.
Инновация функция мемлекеттік экономикалық жүйедегі оның орны және шаруашылық процесте оның рөлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz