Инновациялық оқытудың салыстырмалы психологиялық ерекшеліктері


Инновациялық оқытудың салыстырмалы психологиялық ерекшеліктері
«Инновация» ұғымы латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегенді білдіреді. Бұл түсінік ХІХ ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгілі бip мәдениеттің кейбір элементтердің бірінен екіншісіне енгізу дегенді білдіреді. XX ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50-жылдары педагогикалық инноватика қалыптасты. Жалпы, инноватика - жаңару үдеpici, жаңалық үдерістерінің теориясы, жаңалық ендірулер туралы ғылым. Яғни, педагогикалық инноватика осы ғылым саласындағы жаңалықтар үдерісін зерттейді. Бұл мәселені шетелдік К. Ангеловски, М. В. Кларин, В. Л. Ляудис, М. М. Поташних, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Пономарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова, және отандық Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нурахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, Қ. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген.
Инновациялық технологиялардың пайда болуы, мәдени байланыстың кеңеюі мен тереңдеуі, ақпараттар ағынының сапасы мен санының тұрақты түрде артуы уақытпен бірге қарқын алып отырған ақпаратгар ағынына бейімделу тәсілдерін меңгеру үшін тиістi ептіліктер мен білімді қажетсінеді. Бұл үшін ақпаратты қабылдау және есте сақтау қабілетімен бірге оны шығармашылықпен өңдеу, мәселелерді көріп, оларды шеше білу кeрeк.
Сондықтан да білім берудің алдына төмендегі міндеттер қойылады: жас ұрпақтың осы заманғы әлеуметтік-мәдениеттік жағдайға әлеуметтенуі сынды күрделі мәселені шешу, оның өзіндік өзектілігі арқылы сәйкестік сипатын иеленіп, шығармашылық мүмкіндігін дамытуына жол ашатын ізгілік түсінігін қалыптастыру.
- Қазipгi заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Өмip сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдepici, әдістері де осы жаңашылдықтарға сәйкес болуы тиіс.
Яғни, біз студенттерде оқытудың жаңа әдістермен таныстырып, тәжірибеде қолдана білуге үйретуіміз керек. Жаңалықтардың түрлеріне келер болсақ, алдымен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтар, оған: материалдық және рухани; құрылымдық және технологиялық; негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар жатады. Білім беру ұйымдары мен саласындағы жаңалықтарға: жаһандық, ұйымдық, жеке және аяқ астынан туындаған және ipi және ұсақ, сырттан келетін және iшкі, сыртқы жаңалықтар жатады. Сонымен қатар, жаңалықтар белгілі бip өлшемдермен өлшенеді. Мысалы ғалым К. Ангеловский төрт өлшемді анықтаған: бірiншісінe жаңалық енгізетін саланы жатқызса, екіншіге - жаңашылдық үдерісті және жаңалықтар енгізу амалын, үшіншіге жаңашылдық ic-әрекеттердің ауқымы мен көлемін, төртінші критерийге жаңалықтардың пайда болуын жатқызған. Жаңашылдық үдepici белгілі бір кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
- жаңалықты табу (іздеу, қалыптастыру және бейімдеу) ;
- қалыптасқан жаңалықты зерттеу: тәжірибеде тексеру, бағалау, сынау және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан сараптаудан өткізу;
- жаңалықты мамандар тарапынан қайта қарау және кемшіліктерін түзету;
- жаңалықты қолданысқа ендіру, теориялық тұрғыдан зерттеу, тәжірибеде қолдану;
- жаңалықты одан әpi дамыту.
Оқытудың инновациялық әдістepi соңғы нәтижеде болашақ маманның құзіреттілігіне ықпал ететін студенттердің инновациялық және шығармашылық тәжірибелер жинақтауына ықпал етеді. Инновациялық деген ұғымды 613 жаңа, жаңашыл деп қолдандық. Оқытудағы инновацияның мәні, оқытудың жаңашыл әдістерінде, сонымен қатар білім алушылардың белсенділігі мен динамикалығы арқылы анықталады. Оқытудың белсенді әдістері (ОБЭ), шындығына келгенде, интерактивті (ағылшынның inteгaction сөзінен алынғанда, динамикалық ықпал ету дегенді білдіредi), ceбeбi белсенді әдістер ықпал ету әдістерінен оқытушы мен білім алушылардың қарым-қатынастарына ұласады. Бұл дегеніміз тұлғаның өзін-өзі дамытуының жолы болып табылады. Инновацияны мазмұны, құрылымы, сипатына байланысты әртүрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы мазмұнына байланысты ғалымдар: модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп бөлген. Модификациялық инновация дегеніміз, қолда барды дамыту және оның түрін өзгерту, бұған В. Ф. Шаталовтың математикадан жазған тірек конспектісін жатқызамыз. Комбинаторлық инновация, бұрын қолданыста болмаған белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру, мысалға әдебиет пен тілін оқытудың қaзipгi кезден әдістемесі дәлел бола алады. Радикалдық инновация, білім беру жүйесіне мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен өлшемдерді, деңгейлк және сапалық оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Сипатына байланысты саяси-әкімшілік, білім беру жүйесіне өзгерістер саяси билік тарапынан әр түрлі әкімшілік шаралардың көмегімен енгізілуі, нормативті-редуктивтік яғни ең алдымен мамандар енгізілетін жаңалықты сараптап, даярлайды одан кейін оқытушылар дайындықтан өтеді содан кейін жаңалық қолданысқа енеді. Эмпирикалы-рационалдық, мұнда зерттеу, дамыту және тарату кезеңдері біртe-біртe кезектесіп жүзеге асырылады.
Педагогикалық технологиялардың жіктелуі:
• ic-әрекет бағыты бойынша;
• пәннің түрлері бойынша (гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану) ;
• қолданатын техникалық құралдар бойынша;
• оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша (жеке, топтық, аралас) ;
• әдістемелік тапсырмалар бойынша (бір пәнге қолданатын технология, құралдар, әдicтep) А. Л. Савельев бойынша.
Н. В. Бордовская мен А. А. Реанның жіктемелері:
құрылымдық-қисындық оқыту технологиясы;
• ойын технологиясы;
• компьютерлік технология;
• диалогтық технология;
• тренингтік технология.
Г. К. Селевко екі топқа бөліп жіктейді:
1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және гуманистік негізде құру технологиясы, мұны үшке бөліп қарастыруға болады: ынтымақтастық педагогикасы; гуманистік оқыту технологиясы (Ш. А. Амонашвили) ; адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арналған әдебиеттерді оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин) .
2. Оқушы әрекетін жетілдіру, жандандыру негізінде оқыту технологиялары: қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, жеке пәндік, салалық және модульдік, тар әдістемелік) ; философиялық негізіне қарай (материализм, диалектика, гуманизм, прагматизм т. б. ) ; психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогенетикалық, әлеуметтік, психогенетихалық, идеалистік) ; игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциалды-рефлекторлық, дамытушы, интериоризаторлық, бихевиористік, Гештальт технология т. б. ) ; тұлғаға бағдарлау бойынша (акхираттық, опрациялық, өзін-өзі дамыту, эвристикалық т. б. ) ; мазмұндық және құрылымдық сипатына қарай; ұйымдастыру түріне қарай (жеке, топтық, аралас) ; ақыл-ой қызметін басқару түріне қарай (компьютерлік оқыту, бағдарламалық оқыту, ОТК. көмегімен оқыту, шағын топтар жүйесі және т. б. ) ; оқушымен қарым-қатынас жүйесіне қарай.
Енді осы инновациялық оқытудың ерекшеліктеріне келер болсақ:
- көрегендік сипат алуы, дамудың жылдамдығы;
- болашаққа үмітпен қарау;
- өзіне, өзгеге талаптың жоғары болуы;
- тұлғаға, оның дамуына бағытталу;
- шығармашылық элементтерінің міндетті қатысуы;
- қарым-қатынастың ынтымақтастыққа, өзара көмекке негізделуі және т. б.
Ал «технология» (грек сөзінен аударғанда techne - өнер, шеберлік, жасай
алу және logos - білім) - өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы материалдарды немесе жасалған заттарды т. б. өңдеу немесе қайта өңдеу, қабылдаудың сәйкестігі және алу тәсілдері, осындай қабылдаулар мен тәсілдерді жасайтын және жетілдіретін ғылыми жүйе.
Сонымен қатар, өндіpicтік үдерістің нeгiзi болып табылатын өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау операцияларын да технология деп атайды.
Қазіргі заманғы технологияның құрамына өндірістің техникалық басқаруы да кіредi. Өндірістік үдерістің бейнесі, оның орындалу барысындағы құрылымы, технологиялық ережелер, талаптар, карталар, графиктер және т. б. технология қатарына жатқыза аламыз.
Оқыту технологиясы, адамның белсенді өмірінің тиімді нәтижеге жетуінің шарты болып табылатын көпжақты және үздіксіз білім алуын қамтамасыз ететін үдеріс болса, педагогикалық технология Б. Т. Лихачевтің анықтамасы бойынша: оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы немесе В. М. Монахов сипаттағандай, оқытушылар мен оқушылардың жағысды жағдайында оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда бірiккен педагогикалық-әрекеттің жан-жақты қамтылған үлгici. Білім берудегі адам қабілеттерін, іскерліктерін дамытуга бағытталған оқу-тәрбиеде қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері, жолдарына көрсетілетін психологиялық-педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әpi жүзеге асыруға бағытталған біріккен педагогикалық ic-әрекетке жаңашылдық тұрғысынан келу инновациялық технология болып табылады. Демек, инновациялық технология дегеніміз маманның құзіреттілігіне ықпал ететін шығармашылық қасиеттерді, шеберлікті қалыптастыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер, амалдар жиынтығы.
Сондай-ақ, жоғары мектептен білімдендіру технологиялары студенттермен жұмыс кезінде гуманистік, тұлғалық бағыттағы педагогикалық әдіс-тісілдерді, олардың жеке табиғи ерекшеліктерін ғылыми негізде ескеруді қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Алдыңғы қатарлы оқыту технологияларының базисі ретінде оқу процесінің жеке-даралығы, қашықтылығы және варианттылығы, студенттердің академиялық мобильділігі қарастырылады. Оларды жүзеге асыру үшін келесі шаралар қолданылады:
- оқыту түрлеpi мен деңгейлері, олардың бағдарламалары және оқу жоспарларының инновациясы, оны қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін ғылыми негіз жасалады;
- оқулықтар мен компьютерлік базалар сферасы ғылыми негізделеді, оның монополизациясы ауқымданады;
- икемділігі, жасы мен тұтынушылық деңгейі әртүрлі адамдарды оқыту бойынша варианттык әдістемелер жасалады;
- студенттердің теориялық дайындығын ескеріп, оқудың белсенді әдісі мен практикаға бағытталуы қамтамасыз етіледі;
- оқыту технологиясына жаңадан ендірілген жобаларға қолдау көрсетіліп, оның сырткы, қашықтық және экстернаттык түрлері жасалады;
- білім сапасын бақылаудың республикалық деңгейдегі ұлттық жүйесі енгізіледі, ол тест түрінде жоғары және орта мамандандырылған оқу орнына қабылдау арқылы жүзеге асады;
- оқу құқығы, әртүрлі оқу орындарынан аттестат және диплом алу құқығы беріледі, жоғарғы оқу орындарында студенттерді бағалау «кредит» жүйеймен жүргізіледі;
- компьютерлік, виртуалды және ақпараттык технологиялар, мультимедиялық оқу құралдары дамытылады, жалпы және мамандандырылған ақпараттанудың ұлттық стандарты оқу орнын лицензиялаудың компонент ретінде орнатылады.
Бүгінгі күні білім беру сапасын бағалайтын мемлекеттік білім беру стандарты оқытушылардың әрекетіндегі бірнеше инновациялық элементтердің міндетті түрде болуы туралы талаптар қоюға тырысады. Мысалы, В. А. Трайнев, С. С. Мкртчян, А. Я Савельев сынды ғалымдардың пікірінше: «Бұл тәуекелдік ic болып табылады, өйткені стандарт бес жылда бір рет жасалады, сондықтан оқытушының студенттермен стандартсыз жұмыс жасайтын шығармашылық тұрғыдан іздеу арқылы әpi қарай тәуекел ету қаупін тудырады».
Білім берудің мақсаттары қоғам өмірінің мақсаттарымен тікелей байланысты. Өмip білім бepудi нақтыласа, білім өмір сүруге тікелей әсер етеді. Білім беру мен өмір сүру мақсаттары өзара байланысты және бір-бірiнe тәуелді.
Инновациялық оқыту түpлepi мен әдістеріне: «ой арқылы шабуылға шығу», «кейс-стадия», «жобалау әдісі», «swot -анализ», «матрица идеясы», «автомобиль әдісі», «экибано», «генеалогиялық ағаш», «сервировка әдісі» және т. б. жатады. Мектептегі оқытудың негізгi формасы сабақ болса, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың формасына дәріс, семинар, лабораториялық сабақтар жатады. Сонымен қатар, оқытуды ұйымдастыру ойын, дебат, дөңгелек үстел, конференция т. б. түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, дәріс: мәселелік, бағдарламалық, екеуара, кеңес беру дәрісі т. б. түрде болады.
Қaзipгi оқыту мен оқу ойындары оқу үдерісінде компьютердің қолданылу аясын кеңейтетін мультипликацияны, видео, графиктер мен текстерді қолдануға мүмкіндік беретін мультимедиялық технологияларсыз (ағылшын сөзі multimedia - көп компонентті орта) мүмкін емес. Алайда бағдарламалық өнімдермен жұмыс сапасы компьютер жадысының көлеміне және жылдамдығына, дыбыстық сипатына, қосымша жабдықтардың, соның ішінде CD-ROM-ның болуына байланысты. Оқыту үдерісінде электронды оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электрондық оқыту - бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контента қолдану қарастырылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz