Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Б‰гінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – білікті
мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы µзгерген сайын жоѓары оќу
орындарына ќоѓам тарапынан ќойылатын талап та µзгереді. Ќазаќстан
Респуликасыныњ Президенті Н.Ә.Назарбаевтыњ мемлекеттіњ болашаќ дамуына
арналѓан Ќазаќстан - 2030 баѓдарламасында жоѓары білімніњ сапалылыѓы,
адамс‰йгіштігі жєне жаћандануы арќылы мєдениет жасаушылыќ, интеграциялыќ
роліне ерекше мєн берген болатын. Осыѓан байланысты елімізде жоѓары білім
беру саласы соњѓы жылдары µзгерістерге ±шырап, жања баѓыт іздеу жолында.

Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті
орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие
жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім
беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа
салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға,
біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами
қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай
шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала
отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай
өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен
техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да
қарқындылығын күшейте бастады.

Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту
бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен
білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан
елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар
адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке
тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген
мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы
қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп
шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін
елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі
тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі
нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге
ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері “новация” мен
“инновация” ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен,
әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация
ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге
болады.

Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында “инновация,
жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен
ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы” деген анықтама
беріледі.

Ал, сөздікте “новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да
бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация –
мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық” ретінде пайымдалады.

“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен
құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған
ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп
отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді.

Ал, К.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған мақсатқа сай
алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:
“инновация” - жаңарту, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа,
“новшество” – жаңалық, “инновационный процесс” – жаңарту үдерісі.

Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін
болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген
деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия,
өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар
қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да,
педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана
қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының
түрліше түсінілуінде.

Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне
де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен
міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық
және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал
біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық,
жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және
спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам
қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті
қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас
бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес
болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады.
Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және
тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті
мынадай кезеңдерге бөледі:

1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны
шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып
табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.

2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе
рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.

3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде
қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.

Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық
үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ
басады.

Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:

4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа
енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.

5) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық
бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді
жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.

6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа
өніммен алмастырылады.

Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше,
оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды
нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-
әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың
тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің
шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі),
басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және
таралу мүмкіндігі жатады.

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін
басқаруды кәсіби қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі:

- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім
беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;

- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымын құру кезінде білім
беру, ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру
үдерістеріне кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім беру
үдерістерін қаржыландыру әлеуетін қалыптастыру мақсатында) іс-әрекеттердің
үйлесімділігінің орнатылуын;

- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
құрылымының инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын
функциялармен сәйкестігін;

- оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың қысқартылған
мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы
үйлесімділігін;

- оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және
мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін еңбек нарығы мен білім
беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды.

Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ,
оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен
қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға
дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым,
инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті
мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

Ал енді, жоғары кәсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды,
мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн:
біріншіден, білім жүйесін жетілдіру;
екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу;
үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.

Бүгінгі таңда бұрынғы жоғары білім беру жүйелерін осы заманғы
әлеуметтік, экономикалық даму тұрғысынан жетілдіру талап етіледі. Ең басты
мәселе – білімді жетілдіру, жаңа жүйеге көшу болып табылады.

Еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі
және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде.
Оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман
даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы
білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап
айтуға болады.

Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны
халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып табылады.

Қазақстанның жоѓары кәсіби білім берудің көп деңгейлі ќ±рылымы және
жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы,
жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа
тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің
дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби
хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу ‰дерістерін
ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді.

ЌР Білім жєне Ѓылым министрлігі “Ќазаќстан Республикасындаѓы білім
беруді дамытудыњ 2015 жылѓа дейінгі т±жырымдамасын” дайындап, кµрсетілген
кезењдердегі білім ќызметкерлері мен білім беру мекемелерініњ міндеттерін
аныќтаѓан болатын.

Ал, Елбасымыз 2004 жылы білім беруде атќаруѓа тиісті наќты істер
белгіленген 2005-2010 жылдарѓа арналѓан отандыќ мемлекеттік баѓдарламаны
бекітті. Ендігі жерде біз білім берудегі басты ќ±жат осы деп есептейміз.

Єлемдік білім кењістігіне ену Ќазаќстанныњ жоѓары оќу орындары
Халыќаралыќ стандарттау ±йымы (ISO – International Standard Organisation)
дайындаѓан 2000 жылѓы н±сќаудаѓы ISO 9000 стандарттар сериясыныњ
талаптарынан кем т‰спейтін, ±лттыќ ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім
беру ќызметін ±сынѓанда ѓана м‰мкін болады. Себебі, біздіњ ѓасыр – білім,
ѓылым жєне сапа ѓасыры. Осы ‰шеуі элитарлыќ білімніњ негізі болып табылады.
Біз жоѓары оќу орындарын тек білім беруші мекеме деп ќарайтын біржаќты
т‰сініктен арылып, оныњ ѓылымныњ бастауы жєне орталыѓы екенін ±ѓынѓанымыз
абзал. ¤йткені, элитарлыќ білімді ѓылым жетістігінсіз беру м‰мкін емес, ал
оныњ дењгейін аныќтайтын µлшем - сапа. Ендеше, жалпыѓа бірдей жоѓары білім
беруден элитарлыќ жоѓары білім беруге біртіндеп кµшуіміз ќажет.

Жоѓары білім беру жүйесін дәстүрлі принциптермен басқару, жоѓары
білім беру саласындағы елеулі өзгерістердің қажеттілігінің арасындағы
қайшылықтарды шешу қажеттілігі жаңа әлеуметтік-экономикалық және мәдени
жағдайлармен байланыстырылады, жоғары білім берудің басты мақсаттары және
құндылықтарының өзгертілуі барлық жоѓары білім беру жүйесіндегі даму
тенденциясын анықтайды. Жоѓары білім беру қызметі саласында Сапа менеджмент
жүйесін қалыптастырғанда ғана жоғары оқу орны қарқынды дамуы мүмкін.

Кєсіби қалыптастырудың немесе кєсіби мамандарды қайта қалыптастырудың
теориялық негізін жетілдіру, олардың саласын кеңейту және педагогикалық
зерттеулердің фундаменталдық және қолданбалы ғылыми жаңа бағыттарын дамыту,
университеттің жоѓары білім беру ‰дерісіне Сапа менеджменті жүйесін енгізу,
оқытудың кредиттік технологиясын енгізу негізінде білім беру және білім алу
қызметтерініњ саласын арттыру, ѓылыми-педагогикалық кадрлардың, соның
ішінде дарынды жастардың потенциалдарының өсуіне инновациялық демеу
жасалынатындай университеттің материалдық-техникалық базасын дамыту болып
табылады.

Жоғары оқу орындарындағы инновацияларды басқару мақсаттарына қол
жеткізуге және міндеттерін шешуге арналған маңызды құралдарға басқару
қызметтерінің жиынтығымен анықталатын басқарушылық іс-әрекеттің мазмұны,
басқарушы жүйенің ұйымдық құрылымы, басқарушы субъектілер қолданатын
басқару технологиялары және олардың қарамағындағы ресурстар кіреді.

Басқарушы жүйенің инновациялық үдеріске ықпалы нәтижесінде жоғары оқу
орнындағы инновациялық іс-әрекеттің сәтті орындалуына қажетті мынадай алғы
шарттар қалыптасу қажет:
ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті әрі ортақ құндылық
екендігін ұғындыру;
инновациялық өзгерістерге қатысушыларға жоғары оқу орнын дамытуға мұқтаж
әрі қажетті екендіктерін сезіндіру;
жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі іс-әрекетті негізгі құндылықтарымен
қамтамасыз ету;
инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық жасауға және өзгерістер
енгізуге ынталандыру;
қатысушылардың бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен
қабілетті сіңдіру;
жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау.

Ал, нақты жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын инновациялық
үдерістерді басқаруды кәсіби қалыптастыру міндеттерінің жиынтығын айқындау
үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- жекелеген жаңалықтар арасындағы байланыстарды ескере отырып, оның
жалпы құрылымын құру (осы құрылым жалпы даму бағдарламасының құрылымын
сипаттайды);

- әр бір жаңалық енгізілген сайын оның пәндік ерекшеліктерін және
алдағы өзгерістердің ауқымы мен тәсілдерін ескере отырып, басқару
міндеттерін қайта анықтау;

- осы міндеттерді жоғары оқу орны ішіндегі инновациялық үдерістерді
басқарудың әр түрлі деңгейлеріне тән мақсаттар иерархиясын игеруге
бағытталған және мақсаттар бойынша ойластырылған басқару қисынына сай
құрастыру;

- жоғары оқу орнының мүмкіншіліктерін бағалау және осы міндеттерді
шешу.

Жоғары оқу орнының инновациялық үдерістерді басқарудың нақты
міндеттерін шешу мүмкіншілігін бағалау үшін, біріншіден, осы міндеттерді
шешуге арналған құралдарды дайындау қажет. Екіншіден, осы құралдардың
қолданысына кедергі келтіретін жоғары оқу орны ішіндегі басқару мәселелерін
айқындап алу керек. Үшіншіден, анықталған мәселелерді шешу жолдары мен
тәсілдерін тауып, олардың шешілу деңгейін болжамдау қажет. Сонымен,
басшылардың жоба құрушылық іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігі даму
үдерісін интенсивтендірудің маңызды факторы болып табылады.

Зерттеу жұмысымызда инновациялық білім берудің өзекті мәселелерін
зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін, білім берудегі
жаңалықтардың түрлерін, инновациялық үдерістің кезеңдерінің мазмұнын
негіздей отырып, тақырымызға сәйкес жоғары оқу орындарындағы инновациялық
білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың анықтамасын беруге
мүмкіндік берді.

Сонымен, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін
басқаруды кәсіби қалыптастыру дегеніміз - қазіргі талаптарға сай білім
беру саласына жаңа оқу әдістерін ендіру арқылы, жеке тұлғаның кәсіби білімі
мен біліктілігін жетілдіре отырып, кәсіби қызметке қажетті білімдерін,
іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерісін және оның
құрамдас бөліктері саналатын оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен
ұйымдастырылуын жобалау, қадағалау, реттеу, түзету және ғылыми пайдалылығын
анықтау мен сыналған тәжірибені тарату мәселелерін жан-жақты зерттеуге
қажеттілік туындайды. Міне, сол себептен, инновациялық білім беру іс-
әрекетімен қатар, оған тиесілі эксперттік жұмысты да атқарудың маңызы зор
деп есептеледі.

Экспертиза (сараптама) – инновациялық бастаманың қоғамдық маңызын,
жүзеге асу әлеуетін және жергілікті білім беру ортасына ену ерекшелігін
сипаттайтын жағдайды бағалау болып табылады. Экспертизаның мақсаты осы
бастаманың ықтимал қозғалу бағыттарын, оның өмір сүру түрлері мен
жергілікті жағдайға ену формаларын анықтауға бағытталады.

Білім беру саласындағы инновациялық өңдеулердің экспертизасы, ең
кемінде, мынадай үш мақсатты ұстанады:

1. Қарастырылатын материалдардың бұрыннан бар дәстүрлерге немесе
кейбір үлгілерге сәйкестік деңгейін бағалау.

2. Автордың түпкі ойы мен бастапқы жобалық идеяны түсіну; оның
дүниетанымдық маңызын, жобаның мақсатты бағыт-бағдарын және аса құнды
мағыналық негіздерін анықтау.

3. Жоба жасаушылардың инновациялық жобаны әзірлеу мен кәсіби
шеберліктерін көтеру жөніндегі іс-әрекеті мен жобаны жүзеге асыруға
бағытталған іс-әрекетті бағалау.

Осыған байланысты, тек құжаттар мен нәтижелердің сипаттамасын
сараптап қана қоймай, тікелей практикалық іс-әрекетті де саралау қажет.
Эксперименттік ізденіс кезінде мұндай сараптама инновациялық білім беру іс-
әрекетінің нәтижелері мен мәселелерін анықтаумен қатар, оның даму
бағыттарын да белгілеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары педагогика ғылымында үлгілеу (модельдеу) әдісін кеңінен
қолдануда, бұл әдіс білімнің басқа да салаларында көптеп қарастырылып
келеді. Себебі, үлгілеу алғашқы ұғымдар мен болжамдар арқылы құрылатын
іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша алынған
мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің теориялық негіздерін құру үшін мәнді
мазмұнға ие болады.

Үлгі (лат. тілінен Modulus – модель – өлшем, үлгі, мөлшер) кең
мағынада түпнұсқаның орынбасушысы деген ұғымды білдіреді. Біздің
пікірімізше, үлгілеу бұл зерттеушінің меңгеруіне қолайлы түрде жинақтап
қорытындыланған, дерексіз – қонымды бейнені жасау үдерісі деп түсіну керек.

Біздің зерттеу жұмысымыз өзінің оң нәтижесін беруі мақсатында, жалпы
психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға талдау жасау
негізінде, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын талаптарға
сәйкес бір жүйеге келтірілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім
беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
үлгісін жасауға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық
білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық үлгісін кесте 1-де ұсынамыз.

Кесте 1 - Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін
басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі
Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер

Мотивациялық

Инновациялық

білім мен іс-әрекетке оң көзқараспен қарауы - басқарушылардың инновациялық
үдерістің немесе жобаның қаншалықты шынайы өмір сүре алатындығын анықтауға
ұмтылуы;

- басқарушылардың жобаның құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін ұйымдық,
технологиялық, кәсіптік, қаржылық, материалды-техникалық ресурстарды бір-
бірімен байланыстыра отырып, сауалға жауап іздеуге талпынуы;

-басқарушылардың инновациялық іс-әрекетке тартылатын адамдар тобын
анықтауға ұмтылуы;

-басқарушылардың жобаны жүзеге асыратын тәсілдерді таба білуге ынталануы;

Танымдық

Инновациялық білім беру үдерісі

туралы сауаттылығы -басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің
іске асушылығын білуі;

- басқарушылардың инновациялық жобаның жаңашылдық деңгейін және оның
қаншалықты жаңалық әкелетіндігін анықтау сауаттылығы;

-ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті құндылық екенін
ұғындыру білімі;

-инновациялық іс-әрекетті басқарушылардың жаңалық жасау және өзгерістер
енгізу білімі;

- инновациялық іс-әрекетті басқарушыларда инновацияларды жүзеге асыруға
қажетті білім мен қабілетті меңгерту білімінің болуы.

Іс-әрекеттік

Инновациялық білім беру үдерістерін пайдаланудағы кәсіби іскерліктің болуы
- басқарушылардың инновациялық жобаның тиімділігін жүзеге асыру жөнінде
ұсыныстар қоя білу және оны орындау іс-әрекеттері;

-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің келешектегі әр бір
қадамы туралы болжамдар жасау іскерлігі мен дағдылары;

-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің топтағы адамдардың
әрқайсысына нақты қызметтік міндеттемелерді жүктеп идеяны жүзеге асыру
іскерлігі мен дағдылары;

-басқарушылардың жобаны жүзеге асыру барысындағы өзге де субъектілердің
қатысуын, тартылуын, үйлесе жұмыс істеу деңгейін көрсететін инновациялық
жобаны іске асыру іскерлігі мен дағдылары;

- жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау іскерлігі
мен дағдылары.

Бұл мазмұн үлгі түрінде өрнектелгенде ғана нәтижелі сипат алады және
үлгі зерттеу жұмысын жүйелі, мақсатты нақты жоспарлауда нәтижелі мәлімет

алуға көмектеседі. Үлгіде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру
үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың мотивациялық, танымдық, іс-
әрекеттік компоненттермен, өлшемдермен және бірқатар көрсеткіштермен
сипатталған.

Осы үлгіні негізге ала отырып жоғары оқу орындарындағы инновациялық
білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру деңгейін анықтауға
болады, оларға мыналар жатады: төмен, орта, жеткілікті, жоғары.

Төмен деңгей: инновациялық жобаның теориялық жүйесін біледі, бірақ
оның тиімділігін жүзеге асыруда ұтқырлық танытпайды; жобаның құрылымдық
бөліктерінің үйлесімділігін іске асыруында нақтылық байқалмайды; жобалық
идея мен мақсат-міндеттердің нақты білім беру жағдайы мен қолдағы бар
ресурстарға сәйкестігін көрсететін инновациялық жобаның шынайылығын анықтай
білмейді; инновациялық білім беру үдерісінің келешектегі әр бір қадамы
туралы болжамдары мен мәселелерін жүзеге асыруға ынталанбайды.

Орта деңгей: инновациялық білім беру үдерісінің іске асушылығын, яғни
ресурстық қамтамасыз етушілігін тануы орта деңгейде; жобаны жүзеге асыру
барысындағы өзге де субъектілердің қатысу, тартылу, үйлесе жұмыс істеу
деңгейін көрсеткенімен, инновациялық жобаның іске асырушылығын толық
меңгере алмайды; жобаның басқарылғыштығы, яғни жобаны жүзеге асырудың
ұйымдық түрлері мен тәсілдерін таба білуге ұмтылғанымен, белсенділік
танытпайды.

Жеткілікті деңгей: инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Іскерлік ойындар технологиясы
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі принциптері
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Пәндер