ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
І-ТАРАУ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін
реформалаудың басым бағыттары

ХХІ білімнің құнды капиталға айналуын және қоғамның өзгерісіне сай
оның сұранысын қанағаттандыратын білім беру қажеттілігін Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің құрылуына 10 жыл толуына байланысты
осы оқу орны білімгерлеріне арналған Инновациялар мен оқу-білімді
жетілдіру арқылы білім экономикасына атты лекциясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев
ерекше атап көрсетті: Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне
айналып барады. Білім, инновациялар мен оларды нақты қолданудың әдістері
барған сайын пайда көзі ретінде көрінеді. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде
және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары
оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық
әзірлеу тұжырымдамасынан тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшіу жүріп жатыр.
Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты
адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі
дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.
Мектептегі білім мазмұнын және құрылымын жаңартудың негізгі бағыттары
жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (МЖБС)
ерекше аталып көрсетілді.
ХХІ ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының
негізгі басымдылықтары:
біріншіден – білім сапасын арттыру; мемлекеттік тіл, жаратылыстану
– математика, техникалық пәндерді, шет тілдерін оқыту сапасын жақсарту;
екіншіден – білімде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды
өрістету және ынталандыру;
үшіншіден – оқыту, жұмыс орнын дайындау, еңбек нарығы арасындағы
өзара байланысты нығайту;
төртіншіден – мұғалімдер мен оқытушылардың білімі мен біліктілігін
жетілдіру;
бесіншіден – қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі
инвестицияларды біріктіретін сектор аралық қатынастарды тиімді қолдану және
т.б. табылады.
Білім беру реформасы қоғамыныңдаму қарқынына байланысты жүзеге
асырылады. Мәселен, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге
экономикалық және қоғамдағы жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет деп елімізде болып жатқан экономикалық
өзгерістерге сай келетін реформа қажеттілігін ашып көрсетеді.
Қоғамдағы серпінді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында
білім беруге сапалық реформа жүргізу білім беру саласында қалыптасқан нақты
жағдайды, өскелең үрдістер мен іс жүзіндегі қатынастарды, сондай-ақ қоғам
мен мемлекеттің болашақтағы дамуының мүмкін жолдарын ескеретін егежей-
тегежейлі жасалған стратегия болғанда ғана мүмкін болады. Мұндай стратегия
жылдам өзгеретін нақты жағдайларға тұрақты бейімделетін икемді тактикалық
іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болуға тиіс.
ЮНЕСКО-ның зерттеулеріне сүйенсек, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін
дүние жүзінде білім беру жүйесінде бірінші типті реформалар жүзеге
асырылды. Ол негізінен білім беру мазмұнын жаңартуға, оқу орындарының
материалдық-техникалық базасын жақсартып, олардың білікті маманмен
жабдықтауға бағытталған еді. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының бастап дүние
жүзіндегі көптеген елдерінде білім беру реформасының 2 түрі жүргізілді. Ол
білім беру жүйесін елеулі өзгертуге бағытталды, білім беру мақсаты мен оған
деген көзқарасы өзгерді, себебі білім беру ақпарат дамып отырған қоғамда
маңызды әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресс құралына айналды.
Екінші типті реформалар тікелей білім беру жүйесінде және олар осы жүйеден
тыс болып жатқан әлеуметтік – саяси өзгерістерге байланысты білім берудің
барлық мақсаты мен міндеттерінің де өзгерісін туғызады. Алдымен, бұл
реформалар білім жүйесін, ақпарат және компьютер жүйесі мен технологиясының
тез қарқынмен дамуы, білім берудің барлық саласында мәліметтердің дүние
жүзілік және аймақтық ақпарат банктерінің пайда болуы мен оқытудың
дәстүрлі әдістері арасындағы қайшылықтарды жоюға, оқу-тәрбие үрдісін жаңа
бағытта құруға, оны жетілдіруге бағытталады.
Соңғы онжылдықта көптеген шетелдердің білім беру жүйесі үлкен
өзгерістерге ұшырады немесе реформалар жүргізілуде. Мысалы, 2000 жыл
мақсаттарыатты жаңа федералды бағдарламаның ХХІ ғасыр қарсаңында
американдық мектептерді дамыту үшін білім беру реформасының енгізілуіне
төмендегідей үш тенденцияны атап өткен жөн: ғылыми-техникалық прогрестің
талабына сәйкес, әлемдік бәсекеге қабілеттілік шарттарына орай АҚШ-та
математика мен ғылыми жаратылыстану пәндерін оқытуға аса баса назар
аударуда; жалпы білім беретін мектептер өздерінің оқыту үрдісін оқушылардың
қызығушылығын дамыту бағытына қарай ұйымдастыра алады; американдық оқу
бағдарламасының ерекшелігі оқушылардың жеке дара қабілеттерін ескеретіндей,
жекеше бағыттылық алуында.
Ал Германияда оқу жоспарлары мен білім беру стандарттарын дайындауда,
білім беру саясатында белгілі бір жүйелілік тән, әрбір федералды орында
оларды жүзеге асырудың арнайы жолдары көрсетілді. Германияда орта білім
беру жүйесінде реформалар жүргізу барысында оқушылардың білім сапасын
көтеруге оң өзгеріс жасаған оқу жоспарлары өзгертілді.
Сондай-ақ, бұл елде оқытудың стандартизациясы төмендегілерді
анықтайды: орта оқу орнының типін; оқу жоспарларының негізгі параметрлерін;
оқушының оқудағы жетістіктерінің рейтингтік жүйесінің сандық және сапалық
сипаттамасын; оқушының білімі мен біліктілігін бағалау әдістерін.
Қытайдағы жаңа білім беру жүйесінің негізгі принцптері:
вариативтілік; оқу орындарының көп салалығы; білім беру мазмұнының
диверсификациясы; оқытудың дифференциациясы (саралануы).
Ресейде оқушының толық білім алуына толық жағдай жасалынған:
инновациялық типтегі білім беру мекемелерінің гимназия, лицей, жеке
пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарлы мектептердің ашылуы.
Шетелдік орта білім беру жүйесін түрлендірудің негізгісіне
ақпараттандыру және оқыту технологияларын жаңа ақпараттық жүйеде қайта құру
болып табылады: білім беру философиясын жаңарту; жалпы орта білім берудің
мемлекеттік стандартын қабылдау; білім берудің ақпараттандыру және оқытудың
адекватты жаңа технологиясын дайындау; білім беру мен ғылымды
интеграциялау.
Адамзат өркениетінің дамуының осындай шиеленісті тұсында
әлемнің көптеген елдері өздерінің қоғамдық-әлемдік, саяси-экономикалық
саясатының басты және өзекті тұғыры есебінде Тұрақты даму стратегиясын
қабылдап отыр. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанға да тиісті көңіл бөлініп,
2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ ДБ-мен бірлесе отырып,
тұрақты дамудың құрылымдық шарттарын нығайту бағытындағы арнаулы
бағдарлама қабылданды.
Тұрақты даму тұжырымдамасы – жеке адам, табиғат және қоғам
арасындағы, бүгінгі адамзат тіршілігі мен келешек ұрпақтардың мүдделері
арасындағы ірі қарама-қайшылықтарды азайтып, қоғамдық қарым-қатынастар мен
материалдық және рухани-интеллектуалдық жағдайларды кешенді түрде
қарастырып, адамзат тіршілігінің сапасын өсіріп, табиғи ортаның тепе-теңдік
қалпын сақтау және жетілдіруді көздейтін төмендегідей түбегейлі мәселелерді
қамтитын іргелі тұжырымдама:
1. Әлемдік макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттердің басқару саясатын адам және адамзат
қажеттіліктері мен құндылықтарына бағдарлау, білім, мәдениет және салауатты
өмір салтын дамытуға басымдылық беру арқылы адам әлеуетінің сапалық жаңа
деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету.
3. Техникалық және технологиялық құралдарды ретсіз қолдану,
биоресурстарды шексіз пайдаланудың зардаптарын азайту арқылы қоршаған
ортаны, табиғатты сақтаудың кешенді, пәрменді шараларын жүзеге асыру.
2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Жапон
мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005-2014 жылдары Тұрақты даму үшін білім
декадасы бағдарламасы осыған дейін ЮНЕСКО аясында 1990 жылы Джомтьенде
(Тайланд) өткен Білім жөніндегі әлемдік құрылтайда және 2000 жылы Дакарда
қабылдаған, білім саласында 6 түрлі басты мақсатты білгіленген Баршаға
білім беру бағдарламаларымен, 2003 жылы БҰҰ қабылдаған Сауатсыздықпен
күрестің он жылдығы бағдарламасымен астасып жатыр және соларды бір жүйеге
біріктіретін басты бағдарлама.
2002 жылы Минск қаласында өткізілген Тұрақты даму мүддесіне сай
білім сапасын басқару Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы тұрақы
даму бағдарламасының басты идеялары төмендегідей деп көрсетті:
1. Әрбір азаматтың өмірлік болашағын қамтамасыз етудің кепілі
есебінде оның ұлттық құндылықтарын сақтауға және этикалық және моральдық
құндылықтарды қадірлеуді адамгершілік басты ұстаным ретінде қабылдауға
тәрбиелеу.
2. Білім беруді халықаралық деңгейде демократияландыру, оның
бұқаралық мәртебесін көтеру.
3. Өміршең және тұрақты адамзат қоғамын қалыптастыруға бағытталған
ғылыми-зерттеу жобаларына барынша қолдау көрсету, олардың өмірге енгізу
жолдарын анықтау.
4. Бүкіл білім жүйесін және халықаралық қауымдастықты қоғамның
тұрақты дамуына қызмет көрсету мен педагогикалық жүйелердің неғұрлым тиімді
технологияларын енгізуге жұмылдыру.
5. Тұрақты даму тұжырымдамасы аясында білім беру жүйесінде
халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық пен ықпалдасуды дамыту.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып
табылатыны мойндалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде
дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестің өткізілуі, соның ішінде Болон
үдерісінің қарқынды дамуы дәлел.
Әлемдік бәсекелестің заманында әрбір адамның білім сапасын
қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын
дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білім мен
біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең
маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші
жетік маман кадрлар болмайынша, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай
экономика білім саласы дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі
интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай
қабілеттердің дамып, шыңдалуында біліктілік арттыру институттары да шешуші
рөл атқарады.
Өркениеті дамыған елдердің білім беру жүйесін ерекшеліктеріне
тоқталайық (1-кесте).
АҚШ соңғы жылдары оқытудың практикалық бөлімдеріне басымдылық
танытуда:
- білім сапасын диагностикалау;
- білім мониторингі;
- саралап оқыту;
- оқытудың қазіргі технологияларын пайдалану сияқты мәселелерді кіргізіп
отыр.
Соңғы кезде білім беру саласын одан әрі жетілдіру бойынша
негізгі заңды актілер күшіне енді. Қазақстан Республикасында білім беруді
жаңа жағдайда жетілдіру бойынша Білім туралы заңы, орта білім беру
жүйесін дамыту тұжырымдамасы, Базистік оқу жоспары, жаңа буын оқулықтары
мен оқу-әдістемелік кешендері, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру
мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында 2005-2010
жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды.
Жалпы орта білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары:
ізгілендіру, тұлғалық бағыттылық, тұжырымдамалық, стандарттық, ақпараттық
технологияландыру және т.б.
Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстан
Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге
асырылуда.

Кесте-1. Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің
ерекшеліктері

Мемлекет Басты идея, мақсаты Басым бағыттары
Франция Ізгілікті қарым-қатынас,-Субьект-субьекттік қарым-қатынас
ынтымақтастық педагогика-Оқушылардың өзін - өзі басқаруы
-Практикалық іс-әрекеттің
басымдылығы
-Рефлексивтік-аналитикалық
әдістерге негізделген
педагогикалық жүйені жетілдіру
мақсатында
әлеуметтік-психологиялық білімді
қолдануға бағытталған
бағдарламалар жасау және оны
кезең-кезеңімен жүзеге асыру
Жапония Жан-жақты тереңірек -Әрбір оқушының, мұғалімнің
білім беру өзіндік Менін қалыптастыру
-Өркениетті елдердің
іс-тәжірибесін үйрену
(салыстырмалы педагогика)
Германия Педагогикалық -Теориялық дайындыққа басымдылық
тұжырымдаманың алуан беру
түрлілігі -Әртүрлі педагогикалық
тұжырымдамаларды іс-тәжірибеде
сынақтан өткізу
Швеция Мұғалімді кәсіби өсіру -Білімді, ақпаратты ұдайы дер
кезінде жеткізу
-Арнайы бағдарламалар негізінде
мұғалімдерді жиі-жиі қайта
даярлаудан өткізу
Израиль Мұғалімдерді кәсіби -Мұғалімнің кәсіби деңгейі мен
дамыту жалпы мәдени даярлығын арттыру
-Мұғалімнің кәсіби біліктілігін
қалыптастыру
-Әртүрлі бағыттағы эксперименттік
бағдарламаларды жүзеге асыру
Нидерландия Білім беру сапасын -Білім беруді интеграциялау
арттыру -Оқу-тәрбие үдерісінде
интеграцияланған бағдарламаларды
сынақтан өткізу
-Мұғалімдердің кәсіби даярлығын
арттыру арқылы білім сапасын
көтеру
Англия Мұғалімнің сұранысын -Оқушы мен мұғалімнің
қанағаттандыру іс-әрекетіндегі шығармашылық бағыт
-Креативтілік дамыту
-Мұғалімді зерттеушілік
іс-әрекетке жұмылдыру
-Әртүрлі эксперименттік жобаларды
сынақтан өткізу, жетілдіру
Әрбір мұғалімді авторлық
бағдарламамен жұмыс жасауға
бағыттау
-Мұғалімнің басты қызметі:
авторлық бағдарламаны жасаушы→
эксперименттен өтуші→
зерттеуші
АҚШ Оқытудың тұлғалық -Оқытудың практикалық бөліміне
бағыттылық сипаттамасы басымдылық беру
-Саралап оқыту
-Білім сапасын диагностикалау
-Бағдарламаның әртүрлілігі
-Оқушы мен оқушының бағдарлама,
оқулықтарды таңдау құқығы
-Альтернативті бағдарламалардың
сынақтан жиі өткізілуі
Ресей Оқытудың тұлғалық -Оқу-тәрбие үрдісін
бағыттылық сипаттамасы субьект-субьект қатынаста құру
-Мұғалімді ұдайы шығармашылық
ізденіске бағыттау
-Білім сапасын тексеру, жақсарту
мақсатында түрлі эксперттік топтар
құру
Қазақстан Нәтижеге бағытталған -Оқу-тәрбие үрдісін
білім беру субьект-субьект қатынасқа құруға
бағыттау
-Нәтижеге бағытталған білім беру
-Құрылымдық өзгерістердің
басымдылығы
-Мұғалімдердің зерттеушілік
іс-әрекетке бет бұруы
-Инновациялық бағдарламаларды
сынақтан өткізу

Білім мемлекеттік бағдарламасы оқытудың жаңа технологияларын
әзірлеу мен енгізуге инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру, кадрлардың
біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтитын үздіксіз білім беру
жүйесіндамытуды көздейді.
Қазақстан Республикасында білім беру саласында мемлекеттік саясатты
жетілдіру азаматтардың конституциялдық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында
ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Білім мемлекеттік бағдарламасы дүниеге
келді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – сапалы білім алуға кеңінен жол
ашатын ұлттық білім беру жүйесін тиімді дамытудың алғы шарттарын жасау.
Жалпы орта білім беруді дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша мемлекетте
сенімді құқықтық-нормативтік база жасақталады.
Тәуелсіздік алған18 жылдың ішінде Қазақстан республикасында білім
беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары ашып көрсетілді (2-кесте).
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын жасаудағы басты мақсат
– жалпы білім беретін орта мектептердің әр сатысындағы оқу үрдісі барысында
оқушы меңгеруге міндетті білімнің ең төменгі деңгейін (минимумын) белгілеу.
Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасы жалпы орта білім жүйесі
аясындағы білімнің жалпы нормаларын сақтай отырып, оқушыны саралап оқытудың
түрін таңдау құқығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін мектептердің оқу жүктемесі минимумына және оқушылардың дайындық
деңгейлеріне, мектеп бітірушілердің білімдерін обьективті бағалау, әртүрлі
деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білім туралы
құжаттардың эквиваленттілігіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы мемлекеттің тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайтудың, елдің
прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнының және
негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми – теориялық, әдіснамалық
құжат болып табылады.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – білім сапасын бағалаудың ұлттық
жүйесін (БСҰЖ) құру білімініңсапасын кешенді емтихандар арқылы бағалауға,
білім алушылар мен білім беру ұйымдарының даму динамикасын қадағалап отыру
үшін білім сапасы мониторингінің ұлттық жүйесін әзірлеуге, оқушылардың оқу
жетістіктері басты компоненті болып табылатын білім сапасын тұрақты
қадағалап отырудың кешенді жүйесін құруға мүмкіндік беретіндігі.

Кесте-2. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың басым
бағыттары.

Жыл Заң, бағдарлама, Басым бағыттары
тұжырымдама
1992 ж., Қазақстан -Білім алудың қолжетімділігі
18 қаңтар Республикасының Білім -Білім берудің этнопедагогикалық
туралы заңы бағыты
1999 ж., Қазақстан -Білім алудың қолжетімділігі
7 маусым Республикасының Білім -Білім алудың бірыңғайлылығы мен
№ 389-1ҚРЗ туралы Заңы үздіксіздігі
-Білім беру ұйымдарының нысандары
мен түрлерінің әртүрлілігі
-Білім сапасына мемлекеттік бақылау
жүргізу:
- білім беру қызметін лицензиялау;
- білім беру ұйымдарын аттестаттау;
- білім алушыларды қорытынды
аттестаттау
2000 ж., Білім мемлекеттік -Мектепалды даярлықты қамтамасыз
30 қыркүйек бағдарламасы ету
№ 448 -Сапалы білім беруге қол жеткізу
-Кәсіптік білімнің қолжетімділігі
-Білім беру жүйесін ақпараттандыру
-Білім беру жүйесін саралау, таңдау
бойынша білім беру Қазақстанның
білім беру жүйесін әлемдік білім
кеңістігіне интеграциялануы үшін
жағдай жасау
-Оқытудың жаңа ақпараттық
технологияларын енгізу, қашықтықтан
білім беруді дамыту
2001 ж., Қазақстан -Мектептің әр саласындағы
мамыр №404 Республикасының оқу-тәрбие үрдісінде оқушы
мемлекеттік жалпыға меңгеруге тиіс білімнің ең төменгі
міндетті білім беру міндетті (минимумын) белгілеу
стандарты -Оқушының қабілеті мен өзінің
қызығуына қарай әртүрлі білім
бағдарламаларын меңгеруіне қажетті
жағдай жасау
-Оқушыға пәндерді таңдауға құқық
беру
2004 ж., ақпанҚазақстан -Әлемдік білім беру кеңістігіне
Республикасының 2015 ықпалдастыру және жеке тұлға мен
жылға дейінгі білім қоғамның қажеттіліктерін
беруді дамыту қанағаттандыру
тұжырымдамасы -Көп деңгейлі үздіксіз білім
берудің ұлттық моделін қалыптастыру
-Білім сапасын бағалаудың ұлттық
жүйесін құру
-Білім беруде ғылым мен өндірісті
ықпалдастыру
-Кәсіптік білім берудің сапасын
арттыру үшін нақты экономика
салаларын тартудың тетіктерін құру.
-Ғұмыр бойғы білім принципінен
ғұмыр бойғы баршаға арналған
білім принципіне көшу
-Білім берудің барлық деңгейінің
қолжетімділігі және сабақтастығы
-Нәтижеге бағдарланған толыққанды,
сапалы, бәсекеге қабілетті білім
беру
-Құрылымы 4+6+2 болатын 12 жылдық
білім беруге көшу
-Құрылымы
бакалавриат-магистратура-докторант у
ра көпдеңгейлі жоғары және жоғары
оқу орнынанкейінгі білім беру
жүйесіне көшу
2004 ж.,қазан Қазақстан -Көпдеңгейлі білім берудің ұлттық
Республикасының жүйесін жетілдіру
2005-2010жылдарға -Қоғам мен жеке тұлғаның
арналған білім беруді қажеттілігін қанағаттандыру
дамытудың мемлекеттік -Сапалы білім алуға қол
бағдарламасы жетімділікті қамтамасыз ету
-Қазақстандық білім беру жүйесін
әлемдік білім кеңістігіне
интеграциялау
-Білім беруді бағалаудың ұлттық
жүйесін құру
-Білім берудің біртұтас ақпараттық
аймағын құру
-Білім беру саласы менеджерлерін
даярлау
-Білім беру ғылым мен өндірісті
интеграциялау
-Экономиканың барлық
саласындаәлемдік бәсекеге қабілетті
мамандар даярлау
-Жалпы орта білім беру жүйесін 12
жылдық білім беру жүйесіне толытай
көшіру
-Мамандарды даярлауды оқытудың
кредиттік жүйесіне негізделген
тұтас көпдеңгейлі моделіне көшіру
-Жалпы орта білім беретін мектеп
түлектерін ұлттық бірыңғай
тестілеуден (ҰБТ) өткізу
-ЖОО білімгерлерін мемлекеттік
аралық және қорытынды бақылаудан
өткізу
2007 ж., Қазақстан -Өмір бойына алған білімінен
27 шілде Республикасының Білім қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуе
№ 319-ІІІ ҚРЗтуралы Заңы бүкіл өмір бойғы білім алуға көшу
-Оқыту технологиясын жетілдіру
-Білім берудің құрылымы мен
мазмұнын жаңарту білім беру
сапасының ұлттық бағалау жүйесін
дамыту
-Білім берудің барлық деңгейлерінде
ықпалдастырылған білім беру
бағдарламаларын ендіру (пәнаралық,
деңгейаралық; жоғары оқу орындар
үшін; аралық, халықаралық)
-Білім беру құрылымының халықаралық
білім сыныптамасы стандартына
сәйкестендірілуі

Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу-
әдістемелік кешендерін енгізуге бағытталған және білім беру жүйесін
ақпараттандыруды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен
өзар байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, қашықтықтан оқытуды
енгізу жіне т.б. арқылы оқу үрдісіне заманауи технологиялар мен оқытудың
мультимедиалық, компьютерлік-техникалық құралдарын тлықтай енгізуді
көздейді.
Білім беру саласындағы ақпараттық инфрақұрылым Қазақстандағы қазіргі
бар телекоммуникациялық желілердің негізінде оларға білім беру ақпаратты
банктерін қалыптастыру мен қосу жағдайында жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты ҚР-ның Білім туралызаңна сәйкес жасалынады, ол жалпы орта білім
беретін мекемелер жүйесінде оқушылардың оқытудың мемлекеттік негізгі
ұстанымдарын айқындайды.
Инновациялық экономикаға сәйкес білім беру саласында инновациялық
реформа жүргізілуіне байланысты жаңа педагогикалық парадигманыңөмірге
келуі заңды құбылыс.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру технологияларын
жетілдірудің негізгі тенденциялары төмендегідей белгілермен сипатталады:
-есе сақтап оқудан меңгергенін өмірде қолдануға үйрететін айыл -
ойды дамытуға көшу;
-орта деңгейдегі оқудан жекеленген, сараланған оқытуға көшу;
-оқытудың сыртқы мотвациасынан ішкі адамгершілік, күш-жігерлік ынтаға
ауысу.
Педагогика адам іс-әрекетінің басты саласы ретінде өз құрылымына
үдерістің обьектісі мен субьектісін ендіреді. Дәстүрлі субьект-обьектілік
педагогикада оқушыны обьект төлінде қарастырады, ол алдыңғы аға ұрпақтың
іс-тәжірибесін үйренеді. Бұл жүйенің түпкі мақсаты – баланы өмірге даярлау.
Ал қазіргі педагогика баланы оқу іс-әрекетінің субьектісі ретінде
қарастырады. Тұлғаның қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті айқын көрініс
табады. Адам өзін қоршаған ортада өзінің Мен деген санасымен,
көзқарасымен субьективті бағыт ұстанады. Талап ететін педегогикадан қарым-
қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды
көздейді. Мектепке, баланың тұлғасына, ішкі жан дүниесіне бағытталады, оны
ұғынуға тырысады, баланың ашылмаған құпия қабілеттері мен мүмкіндіктерін
ашуға тырысады. Мектептің мақсаты – жеке тұлғаның бертін дамуына толық
мүмкіндіктер жасау, оның өмірге деген құлшынысын, ішкі сезімін ояту.
Тұлғаға деген осындай жаңа көзқарас мектепте бала өзін толық адами
тұлға деп сезінуге жол ашады, ол педагогикалық үдерістің обьектісі емес,
субьектісіне айналады. Тұлға – білім беру жүйесінің мақсаты, басқада сыртқы
мақсаттарға жету құралы емес. Әрбір баланың әрнәрсеге қабілеті бар,
балалардың көбісі талантты болады. Балаға деген жаңа көзқарастың пайда
болуының себебі – баланы зорлап оқыту ізгіліктік бағыт еместігі және оның
нәтижесінің мардымсыздығы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың ерекшеліктері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Қазіргі педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Студенттің өзіндік жұмысы
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Білім берудегі қазіргі парадигма
Педагогика ғылымның әдіснамасы түсінігі
Пәндер