Жалпы орта мектептерде оқушылардың білімін жетілдіру және оларды белсендендіру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: І. БӨЛІМ. ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3: 6
КІРІСПЕ: 1. 1 «Инновация» ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың пікірлері.
3: 6
КІРІСПЕ: 1. 2 Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендірудің кезеңдері мен шарттары
3: 16
КІРІСПЕ: 1. 3 Педагогтің инновациялық іс-әрекеті және оның құрылымы
3: 22
КІРІСПЕ: І бөлім бойынша тұжырым
3: 26
КІРІСПЕ: ІІ. БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
3: 27
КІРІСПЕ: 2. 1 Дамыта оқыту технологиясы
3: 28
КІРІСПЕ: 2. 2 В. Ф. Шаталов және И. П. Кабуш технологиясы
3: 33
КІРІСПЕ: 2. 3 Ұжымдық оқыту және ынтымақтастық педагогикасы технологиясы
3: 34
КІРІСПЕ: 2. 4 Білім беруді ізгілендіру және перспективалық жеделдете оқыту технологиясы
3: 35
КІРІСПЕ: 2. 5 Іскерлік ойынның жүргізілу және дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
3: 36
КІРІСПЕ: 2. 6 Баланың жеке басын дамыту және «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы
3: 38
КІРІСПЕ: 2. 7 И. П. Волков технологиясы және шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясы
3: 39
КІРІСПЕ: 2. 8 Деңгейлік оқыту технологиясы
3: 40
КІРІСПЕ: 2. 9 Интерактивті оқыту технологиясы
3: 42
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 55
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 58
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
3: 62-71

КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда.

Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Қазіргі таңда мектептерде практика жүзінде оқытуды ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс-тәсілдер көптеп қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар қажет-ақ.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интеллектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.

Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Оқытудың инновациялық технологияларына жалпы сипаттама беру, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке ұмтылысын ынталандыру және оны оқу үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:

  • оқытудың инновациялық технологиялары жөніндегі отандық, шетелдік, Ресейлік теориялық-әдістемелік материалдарға талдау жасау;
  • инновациялық іс-әрекет ұғымына терең түсінік беру;
  • оқытудың инновациялық технологиялары жөнінде кеңірек ұғым қалыптастыру;
  • оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың тиімділігін айқындау.

Зерттеу жұмысының объектісі. Жалпы орта мектептерде оқушылардың білімін жетілдіру және оларды белсендендіру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.

Зерттеу жұмысының пәні. Оқыту процесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті.

Зерттеу жұмысының болжамы. Оқытудың инновациялық технологияларын оқыту процесінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Э. Брансуиктің теориясы, Б. Д. Эльконин мен М. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын қолдану технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж, Қараевтің деңгейлеп оқыту технологиясы, С. Н. Лысенкованың перспективалық жеделдете оқыту технологиясы, В. Т. Кабуштың тәрбиені ізгілендіру технологиясы, П. И. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, С. Микулстің «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы, көркемөнер туындыларын көру арқылы баланың жеке басын дамыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, іскерлік ойындардың жүргізілу технологиясы, оқытудың интерактивті әдістері сияқты құнды еңбектер табылады.

Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін «технология» ұғымына жан-жақты түсінік берілді, оқытудың инновациялық технологиялары, мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті, инновациялық технологиялар түрлеріне талдау қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. «Технология» ұғымына, оқытудың инновациялық технологияларына, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану ерекшеліктеріне тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді. Оқытудың инновациялық технологиялары ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

  • оқытудың инновациялық технологияларына талдау жасалады;
  • оқытудың озық, шығармашыл, жаңа технологияларымен қаруланған мұғалімдерді инновациялық іс-әрекетке ұмтылуға ынталандырады;
  • оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
  • оқыту үрдісінің тиімділігін арттыра түседі.

Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы ретінде мұғалімдері мен оқушылары алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген. Жұмыстың жалпы көлемі 68 бет.

І. БӨЛІМ. ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Инновация» ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың пікірлері.

ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.

XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”, - деп атап көрсетілген.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді /1/.

Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр /2/.

Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В. Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз -тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана” - деген тұжырымдама берді /3/.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс: “Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді. / 4 /.

Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.

«Инновация» - «in-noves» деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жаңалық», «жаңарту, өзгерту» деген мағына береді.

Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп 3 нәрсені айтады:

  1. бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар
  2. бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар
  3. бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар

Қазіргі кезеңде білім беру саласында төмендегідей жаңалықтар бар:

І. Ұйымдастырудағы жаңалық

ІІ. Технологиялардағы жаңалық

ІІІ. Оқулықтар мен бағдарламалардағы жаңалық

Осы жаңалықтарға сәйкес «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «оқытудың инновациялық технологиялары» терминдері қолданылуда.

Мысалы, «Оқыту технологиясы» термині ең алғаш рет АҚШта қолданылды.

«Педагогикалық технология» 1960 жылдан бастап қолданыла бастады.

«Технология», «Оқыту технологиясы», «Педагогикалық технология» терминдеріне әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Мысалы:

Скиннер: «Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану».

В. Беспалько: «Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы».

В. М. Монахов: «Педагогикалық технология - оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі».

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген.

Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Ал А. И. Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р. Масырова мен Т. Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В. Кваша мен В. Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады /5/.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз /4/.

Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс” деп түсінеді.

Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.

Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н. Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

“Инновация” сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

«Техника» терминінің сөздікте 2 мағынасы беріледі:

  1. өндіріс құралдарының жиынтығы
  2. бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы

«Технология» - сол тәсілдер жүйесі деген мағына береді.

Инновациялық әдіс - тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Әдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

1. Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала -субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

2. Ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

3. Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

4. Деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

5. Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық оқыту туралы
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру жайлы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Географияның оқыту әдістері
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Білім беру үрдісіндегі жаңа инновациялық әдіс - пікірталас технологиясы
Интерактивті оқыту әдістері
Жауынбай Қараевтың Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz