ИНСТИТУТТЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРМЕН ЖАҢАША БАЙЛАНЫСЫ


ИНСТИТУТТЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРМЕН ЖАҢАША БАЙЛАНЫСЫ:
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын түбегейлі әлеуметтік- экономикалық және саяси рефоралар жүргізу бағытында кең ауқымды жетістіктермен қарсы алып отыр.
Бүгінде Қазақстан - білімі, ғылымы, тұтастай экономикасы үдемелі қарқынды дамып келе жатқан, жаhандық үдерісінде елеулі рөл атқарып отырған әлемдік бәсекеге қабілетті мемлекет.
Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің білімі мен ғылымы жаңа белестерге көтерілді.
Білім беруді дамыту индексі (БДИ) бойынша Қазақстан әлемде Жапония, Ұлыбритания, Норвегиядан кейінгі 4 орында.
Үшінші мыңжылдық жоғары педагогикалық білім беру жүйесі алдында жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау стратегиялық мақсатын қойып отыр. Осыған орай жаңа заманнның жаңашыл, Отансүйгіш, білімді, әлемдік бәсекеге қабілетті педагогтарын даярлауда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты өз орнын таба білді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жаңа тұрпатты мұғалімнің нобайын жасап, жоғары педагогикалық білім берудің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізіп, педагогикалық кадрлар даярлаудың инновациялық, әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік жолдарын ұсынды.
Жылдан - жылға институттың оқу - зетрханалық базасы дамып, профессор - оқытушылар құрамының сапасы жақсаруда.
Институт түлектері білім және ғылым, өнер және спорт, мемлекеттік қызмет пен бизнес салаларында үлкен мақтанышпен айтатындай жетістіктерге қол жеткізді. Бірнеше шәкірттеріміз Президенттік «Болашақ» стипендиясын иеленіп, әлемнің белгілі жоғары оқу орындарында білім алуда. Бір Тараз қаласының өзінде 53 мектептің 32-інің директорлары, 23 балалар бақшасының 13- меңгерушісінің Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері болса, бір ғана №1 мектеп -гимназиясының 44 мұғалімі Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты өз түлектерімен мақтана алады. Олардың парасында институттың алғашқы түлегі Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы көпсалалы №159 гимназиясының директоры, Алтын Жұлдыз бен Отан ордендерінің иегері, педагогтар қауымы арасынан тұңғыш Қазақстан Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы, ҚР Білім және ғылым вице-министірі Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы. Санк-Петербург мемлекеттік университетінің доценттері Валентина Бенке, Жаңыл Смагулова бар.
2010 жылдың 17 қыркүйегінде Италияның Болонья қаласында 16 мемлекеттің 61 университеті қатарында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Ұлы Хартиясына қол қойды.
ЖОО- ның бәсекеге қабілетті бірінші кезекте жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби және жалпы мәдени құзыреттілігінің деңгейімен анықталады. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өзін - өзі дамытуға, интеллектуалды қабілетті шыңдауға барлық жағдайлар жасалған. Соның нәтижесінде білім беру, тәрбие және ғылымыда инновациялар әзірленіп, кеңінен енгізілуде; профессор - оқытушылыр құрамының кәсібилігі мен ғылыми әлеуеті арттылуда, академиялық ұтқырлық ұғымы іс- жүзінде қолданылуда, институт құрылымы жаңалануда. Бүгінде біз білім алушылардың білім сапасын жаңартуда, кадрлардың сапасын жақсартуда, институттың заманауи келбеті және оның сыртқы байланыстарын дамытуда, білім берудің үзділіксізділігі және әр тараптылығын дамытуда, білім беру кеңістігін ақпараттандыруда, ғылыми бағыттар мен ғылыми мектептерді дамытуда, халықалалық ынтымақтастықты кеңейтуде, институттың материалдық - техникалық базасын жеке қаржы ресурстарын дамытуда нақты табыстарға жетіп отырмыз.
Жылдан - жылға институттың оқу - зертханалық базасы дамып, профессор- оқытушылар құрамының сапасын жақсартуда.
Бүгінде институт 29 мамандық, бойынша мамандар даярлауда. Онда 8 мыңға жуық студенттер білім алуда. Оларға 400-ге жуық профессор- оқытушылар дәріс оқуда, оның ішінде 19 ғылым докторлары, 128 ғылым кандидаттары бар.
«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы- институттағы белді кафедраның бірі, онда 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаттары мен профессорлары, 5 педагогика магистрлері жұмыс жасайды. Оның екеуі жоғары оқу орнының үздік оқытушылары 5-уі Ы. Алтынсарин атындағы медальдың иегерлері. Кафедрада Республикаға танымал белді ғалымдар Т. Бегалиев, П. С. Сағымбекова, Н. Кушеров, Қ. Т. Ыбыраимжанов, Қ. Н. Сарыбекова еңбек етеді.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары 3 бағытта жүргізіледі:12 жылдық мектепке болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін технологиялық дайындау; шағын жинақталған мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыру теориясы мен технологиясы; бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіне инновациялық-интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.
Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Қазақстан педагогикалық ғылымдар Ака Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетімен, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институты, І. Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетімен, Қ. А. Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетімен тығыз байланыстар орнатқан.
2011 жылдың 5-6 сәуірінде «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың өзекті мәселелері теориясы мен практикасы» атты республикалық семинар ұйымдастырды. Республикалық семинарға 200-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып проблемасымен айналысып жүрген республиканың белді ғалымдары қатысты.
Болон процесі параметріне сәйкес академиялық ұтқырлық аясында инновациялық іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистртура және РhD докторантура институтының «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, професор бастауыш мектеп проблемасы бойынша республикаға танымал ғалым Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы арнайы шақырылып, «Халықаралық стандарттарға сай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау: жаңа талап, жаңа мүмкіндіктер», «Шағын жинақталған мектепте оқытудың инновациялық технологияларын қолдану», «Оқытудың белсенді әдістері» тақырыбына болашақ бастауыш сынып мұғалімдерімен шеберлік - сыныптары өткізілді.
Студенттер өз білімдері бойынша республика деңгейінде жоғары нәтижелер көрсетуде. Мамандық бойынша студенттер 7 пәндік олимпиадаға қатысып, 7-де де жеңімпаз атанды.
2010жылы 22-24 қараша айында Ресейдің Новокузнецк қаласында өткен халықаралық педагогикалық олимпиадаға 4-ші курс студенті Г. Шаталова қатысып, жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Биылғы жыл кафедра үшін жұлдызды жыл болды.
2011жылдың 17-18 наурыз аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде 5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша өткізілген III Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 3-ші курс білімгерлері Б. Нурпейсова, З. Ибрагимова, Ж. Есенаманова, Т. Күзербаевалардан құралған «Бастау» тобы бас жүлдені иеленді, топ жетекшісі п. ғ. к., доцент Р. Қ. Керімбаева.
2011жылдың 30-31 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша «Білімді ұрпаққа-талантты педагог» тақырыбында өткізілген II Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 2-3 курс білімгерлері Ж. Исаева, Г. Жөнтикова, Ғ. Ақтанова, М. Бектасова құралған «Интеллект» тобы 1-ші орынды иеленді.
2011 жылдың 4-6 мамыр аралығында Алматы қаласында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған VI Республикалық педагогикалық олимпиадаға 2-4 курс білімгері - Э. Махмутова, Г. Жондикова, Ғ. Ақтанова, М. Бектасова қатысып жүлделі 2-ші орын алып келді. Топ жетекшісі - аға оқытушы А. Ботамқулова.
2010-2011 оқу жылында 2-ші курс магистранттары А. Абдиева, А. Жанызақова, Г. Елубаевалар Ресей Федерациясының Новокузнецк педагогикалық университетінде тағылымдамадан өтіп келді.
2010 жылы кафедра профессорлары К. Ж. Бұзаубақова, К. Т. Ыбрайымжанов пен Н. М Кушеров Түркия Республикасының Стамбул университетінен ғылыми тағылымдамадан өтті.
2011-2012 оқу жылының 2-ші семестрінде 3-ші курс студенті Ж. Дәуеева академиялық ұтқырлық аясында І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінде 1 академиялық мерзімде оқуын жалғастырады.
5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша шағын жинақталған мектепке қатысты төмендегідей элективті курстар енгізілді: шағын жинақталған мектеп бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесі; шағын жинақталған мектепте бастауыш қазақ (орыс тілін) оқыту әдістемесі; жаңа тұрпатты мұғалімнің іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектілері; жаңа тұрпатты мұғалімнің педагогикалық этикасы;
Бастауыш мектепте таңдау курсын жүргізу әдістемесі; білім сапасының менеджмент жүйесі; 12 жылдық мектепте бастауыш сынып оқушысының білімін бағалау технологиясы; шағын жинақталған мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру.
Биылғы оқу жылында кафедра жанынан « Шағын жинақталған мектеп» және «Педагогикалық технологиялар» зертханасы ашылды. Зертхананы ашудығы мақсат болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін шағын жинақталған мектепте жұмыс істеуге даярлау, инновациялық технологияны меңгерту, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру.
Зертхана 3 бағытта жұмыс жасайды: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шағын жинақталған мектеп базасында сынақтан өткізеді.
«Шағын жинақталған мектеп» зертханасына тек болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ғана емес, шағын жинақталған мектептің тәжірибелі жаңашыл мұғалімдері мен мектеп директорлары да енгізілді.
Зертхананың оқу-әдістемелік, ғылыми- практикалық семинарларына шағын жинақталған мектептің озат тәжірибелі мұғалімдері қатысады, студенттер, олардың инновациялық іс-тәжірибелерімен танысады.
Кафедраның профессор - оқытушылар құрамы өз кезегінде шағын жинақталған мектептің базасында ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, шағын жинақталған мектептің проблемасын бірлесіп шешуге атсалысуда.
«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы облыстың көптеген шағын жинақталған мектептерімен тығыз байланыс орнатуда.
Жамбыл облысында 212 шағын жинақталған мектеп бар, онда 24149 оқушы білім алуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz