Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 159. 9 (574) Қолжазба құқығында

АЯҒАНОВА АЛМАГҮЛ ЖАНДІЛДАҚЫЗЫ

Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері

19. 00. 01- жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология

Психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің этникалық және педагогикалық психология кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшілері психология ғылымдарының докторы,

профессор С. Қ. Бердібаева

психология ғылымдарының

кандидаты Н. С. Жұбаназарова

Ресми опоненттер психология ғылымдарының докторы,

Әмірова Б. Ә.

психология ғылымдарының

кандидаты Абдыкаликова М. Н.

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті

Диссертация 2009 жылдың 1 маусым күні сағат 16. 00 - де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы социология, педагогика және психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14А. 02. 32 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Амангелді көшесі, 61, философия және саясаттану факультеті, 412 мәжіліс залы.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы «» таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғалым

хатшысы, социология ғылымдарының

докторы, профессор З. Ж. Жаназарова

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеуде тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері қарастырылған. Тұлға құрылымындағы интеллекттік даму және өзіндік сананың негізгі компоненттерінің бірі өзіндік бағалау ерекшеліктерін өзара байланысты қарастыра отырып, интеллекттік дамуға этнопсихологиялық түсініктердің әсері зерттеледі.

Жұмыста әртүрлі этносты құрайтын сыналушылардың интеллекттік дамуы, олардың этнопсихологиялық түсініктері, атап айтқанда: ұлттық салт-дәстүрлер, этностық мәдениет, дін, халық творчествосы, басқа ұлтқа деген толеранттылық сияқты түсініктердің интеллектпен өзара байланыста дамитындығы эксперимент барысында анықталды.

Сонымен қатар, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысы әртүрлі этностық топтарда эксперимент барысында зерттелді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғам талаптарының бірі жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта қарауды қажет етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер творчестволық тұлғаның мақсатқа бағытты қалыптасуын, белсенді өмірлік бағыты бар тұлға дамуын талап етіп отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі бір дәрежеде тұлға белсенділігінің табиғаты түсінігімен анықталады. Сондықтан тұлға дамуында интеллекттік белсенділікті және өзіндік бағалауды айқындау - басты мәселелердің бірі. Сондай-ақ, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысын этнопсихологиялық негізде зерттеу бүгінгі таңдағы этнопсихология ғылымының басты мәселелер қатарынан орын алады. Осы орайда тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу, олардың өзара байланысын және этнопсихология аясында қарастыру мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен жөн.

Интеллекттік даму мен өзіндік бағалауды зерттеу нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекет мотивациясында этномәдени ерекшеліктерге негізделген айырмашылықтардың бар екендігі айқындалды. Өзіндік бағалау мен инттеллекттік даму тұлғаның өмір сүріп отырған ортасына, сондай-ақ, оның өз-өзіне қатынасына байланысты. Сондықтан тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауының өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін анықтау, сонымен бірге жаңа эксперименттік психологиялық зерттеу қажеттігі туындайды.

Психология ғылымында интеллекттік даму мен өзіндік бағалау мәселесі жеткілікті қарастырылған, дегенмен олардың өзара байланысының мазмұны, құрылымы, сонымен қатар өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері толық зерттелмеген. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін қазіргі заман талабына сай зерттеу және жүйелеу тақырыптың көкейкестілігін айқындайды.

Кеңес психологиясында тұлға интеллектісі - ақыл-ой әрекеті қалыптасуының жүйелік зерттеулерінде (П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина), интериоризация құбылысы ретінде (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев) қарастырылды.

Интеллекттік әлеует тұлғаның кез-келген іс-әрекетті нәтижелі орындауының басты шарттарының бірі болып табылады. Интеллект деңгейі тұлғаның жинақтаған білімдерінің, тәжірибесінің негізінде қаланатын күрделі құрылым екені анық. Бертін келе интеллект мәдениеті тұлғаның даму деңгейіне әсер етеді деген көзқарастар туындады (А. Р. Лурия) . Осы орайда, интеллект тұлғаның тұстастай даму деңгейіне әсер ететіндіктен, оны өзіндік бағалаумен өзара байланыста зерттеу қажеттігі айқын көрінеді.

Өзіндік бағалаудың даму сатысына қарай тұлға ерекшеліктерін зерттеулерге негіз болған еңбектер бар (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснокова, Н. Ф. Талызина, В. В. Менчинская, В. В. Столин, Е. И. Савонько) . Сондай-ақ, қазіргі психологиялық зерттеулерде өзіндік бағалауды анықтауда өзіндік реттелудің жеке бастық және психикалық механизмдерін табуға бағытталған жұмыстар (Л. И. Божович, И. С. Кон), ақыл-ойдың қалыптасуы мен өзіндік бағалаудағы сана-сезім, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырған зерттеулер (А. В. Захарова) көптеп саналады.

Өзіндік бағалауды тұлғаның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипаттаған көптеген эксперименттік жұмыстарды атап өтуге болады (Д. В. Демина, В. Ф. Сафин, С. Ф. Спичак, З. В. Кузьмина, А. И. Липкина және т. б. ) .

Қазақстандық психология ғылымда интеллектіні (ақыл-ойды) тарихи этнопсихологиялық аспектіде зерттеу белгілі ғалым М. М. Мұқановтың зерттеулерінен бастау алады. Қазақстандық ғалымдар С. Нұрғалиевтің, С. М. Жақыповтың, А. М. Кимнің, В. К. Шабельниковтың еңбектерінде тұлға құрылымындағы этностық ерекшеліктер зерттелді. Сонымен қатар, творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиялық ерекшеліктерін интеллектпен арақатысты зерттеген С. Қ. Бердібаеваның зерттеулерін айтуға болады.

Тұлға дамуының этнопсихологиялық аспектілері жайлы қазақстандық ғалымдардың, олардың ішінде Қ. Б. Жарықбаевтың, А. Ж. Алдамұратовтың, Ж. Т. Түрікпен-ұлының, Д. Д. Дүйсенбековтың, Б. Ә. Әмірованың, О. Х. Аймағанбетованың, А. Т. Малаеваның, Л. К. Көмекбаеваның, О. С. Санғылбаевтың, З. М. Балғымбаеваның, Ж. Д. Жүкешеваның, Р. Т. Әлімбаеваның, сонымен қатар жалпы тұлғалық даму мәселесі Ж. Ы. Намазбаеваның, Қ. Т. Шерьязданованың, Р. Б. Каримованың еңбектері зерттеудің теориялық негізін қалауға зор ықпал етті.

Сонымен, интеллекттік көрсеткіштердің дамуындағы өзіндік бағалаудың рөлін негіздеу және интеллектіні этнопсихологиялық түсініктер негізінде анықтау тақырыптың өзектілігін айқындап отыр.

Зерттеудің мақсаты: Тұлға құрылымындағы интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін теориялық және эксперименттік зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Психология ғылымындағы интеллекттік даму және өзіндік бағалау ерекшеліктерін теориялық талдау.

2. Интеллекттік көрсеткіш пен өзіндік бағалау арасындағы статистикалық байланысты айқындау.

3. Тұлға құрылымындағы интеллекттік дамуға этнопсихологиялық түсініктердің әсерін анықтау.

4. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін эксперименттік зерттеу.

Зерттеу нысаны: Тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: Интеллекттік даму мен өзіндік бағалау деңгейінің өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері.

Зерттеудің жалпы болжамы : Интеллекттік көрсеткіштер мен өзіндік бағалау өзара байланысты болса, этнопсихологиялық түсініктер тұлғаның дамуына жағымды әсер етеді.

Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:

1. Этнопсихологиялық түсініктер интеллекттік дамуға және адекватты өзіндік бағалауға оң әсер етеді.

2. Адекваттық өзіндік бағалау және қалыптасқан этнопсихологиялық түсініктер интеллекттік дамудың жоғары көрсеткішін негіздейді.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері жүйелік құрылымдық әдіснама (С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев), мәдени-тарихи тұжырымдама (Л. С. Выготский), интеллектіні процестік-іс-әрекеттік тұрғыда қарау (А. В. Брушлинский, Л. А. Венгер, В. Ю. Крамаренко), интеллектіні білім беру жүйесінде талдау (К. Фишер, З. И. Калмыкова), өзіндік бағалауды теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттеу (В. В. Столин, И. И. Чеснокова, А. В. Захарова, П. Р. Чамата, К. А. Абульханова, Е. И. Савонько, А. И. Липкина және т. б. ), өзіндік бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын реттеуші ретіндегі тұжырымдалар (З. З. Кузьмина, Д. В. Демина, А. И. Липкина, М. И. Лисина, В. С. Магун, В. Ф. Сафин) болып табылады.

Қазақстандық белгілі ғалым М. М. Мұқановтың интеллектіні тарихи-этностық аспектіде қарастыратын жұмыстары зерттеудің теориялық негіздерін құрайды. Сонымен қатар, М. М. Мұқановтың, С. М. Жақыповтың, Қ. Б. Жарықбаевтың, С. Қ. Бердібаеваның, Б. Ә. Әмірованың зерттеу жұмыстары негізге алынды.

Зерттеуде қолданылған әдістер: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; Дж. Равеннің ойлаудың логикалығын зерттеуге арналған әдістемесі; заттық әлемдегі функциялық байланыстарды талдау негізіндегі жалпылау ерекшеліктерін анықтайтын сөздік-логикалық дамуды зерттеуге арналған «Классификация» әдістемесі; өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде эмоциялық көңіл-күй ерекшеліктерін анықтайтын проективті әдіс «Үй. Ағаш. Адам» (ҮАА) ; тұлғаның өзіндік

бағалау ерекшеліктерін анықтайтын Т. Д. Марциновская суреттеген «Кішкене баспалдақ» және «Өзіңді бағала» әдістемесі; «Этностық Менді» анықтайтын М. Кун мен Т. Макпартлэнд ұсынған «Мен кіммін?» әдістемесі; этностық толерантылықты анықтайтын Б. Богардустың «Біз және Олар» шкаласы; этностық түсініктерді анықтау мақсатында анкета әдісі және зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Қазақстан психология ғылымында алғаш рет тұлғаның интеллекттік дамуына этнопсихологиялық түсініктердің жағымды әсері анықталды;

- интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысы тұлғаның дамуына оң әсер ететіндігі анықталды;

- интеллекттік даму мен өзіндік бағалау деңгейлері арасындағы статистикалық сенімді байланыс негізделді;

- қалыптасқан жоғары және адекватты өзіндік бағалау интеллекттік дамудың жоғарлауына мәнді әсер ететіндігі айқындалды.

Зерттеудің теориялық мәні:

Зерттеу жұмысының мәні психология ғылымындағы интеллекттік даму мен өзіндік бағалау мәселелерінің теориялық түсініктері мен тұжырымдарының кеңейюімен байланысты. Интеллекттік даму туралы теориялық талдаулар өзіндік бағалау ерекшеліктерімен өзара байланыста қарастырылды.

Зерттеу жұмысында адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру интеллекттік дамуға жағымды әсер етеді деген теориялық тұжырым жасалып, негізделді.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде интеллекттік даму мен өзіндік бағалаулар арасындағы өзара байланысқа этнопсихологиялық түсініктердің әсері жайлы тұжырымдар толықтырылды. Сонымен қатар, интеллекттік даму көрсеткіштері этнопсихологиялық аспектіде теориялық негізделді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығының құндылығы оның дәйектілігімен анықталған.

Зерттеуден алынған нәтижелерді тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауларын диагностикалауда, тұлға іс-әрекетінде кездесетін қиындықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын психологиялық қызмет жүйесінде, білім беру жүйелеріндегі мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында және ата-аналарға кеңес беруде қолдануға болады. Алынған зерттеу нәтижелерін интеллектінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу стратегиясында пайдалануға болады.

Теориялық- эксперименттік бөлімде қолданылған бейімделген зерттеу әдістемелерін психодиагностикалық, ата-аналар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне психологиялық кеңес беру практикасында және психология саласы бойынша «Даму психологиясы», «Практикалық психология» және «Интеллектінің этнопсихологиясы» арнайы курстарында пайдалануға болады. Сонымен бірге, интеллекттік дамудың диагностикалық әдістемелік аппаратын қолдану мүмкіндігі тексеріліп, оның өзіндік бағалаумен өзара байланысы эксперименттік зерттеу барысында нақтыланды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалау тұлғаның ортаға адаптациялану процесінде дифференциялданады және қоршаған ортаға тәуелді болады;

2. Тұлғаның интеллекттік дамуына қалыптасқан этнопсихологиялық түсініктер (этномәдени құндылықтар) жағымды әсер етеді;

3. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалау күрделі де жүйелі құрылым бола отырып, тұлғада неғұрлым өзіне деген сенімділік жоғары болса, солғұрлым интеллекттік даму артады;

4. Толеранттылықтың жоғары деңгейі тұлғаның интеллекттік дамуына жағымды әсер етеді.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ізденіс», Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының хабаршысы, ҚПА хабаршысы журналдарының баспа беттерінде жарияланды .

Жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 137 бет, қолданылған деректер тізімі-135 әдебиеттерден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жұмыстың зерттелу бағыты. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері зерттелген.

Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдістері, зерттеу жұмысының теориялық- әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы айқындалып, зерттеудің теориялық мәні мен практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар сипатталады.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауын теориялық зерттеулер» деп аталды.

Бұл бөлімде психология ғылымындағы интеллект пен өзіндік бағалаудың теориялық зерттеулері, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың психологиялық ерекшеліктері мен олардың өзара байланысы мәселелері қарастырылады.

Тұлғаның интеллектілік дамуы мәселесі көптеген ғылыми-психологиялық зерттеулерге негіз болған. Шетелдік зерттеулерде К. Спирменнің интеллектінің екі факторлы теориясы, Р. Б. Кеттелдің және Дж. Равеннің интеллектіні факторлық талдауы, Дж. Гилфордтың интеллектінің құрылымдық моделі, Р. Стернбергтің эмпирикалық зерттеулері, Ж. Пиаженің интеллектіні ассимиляция және аккомадация процесінің бірлігін білдіретін ағзаның ортаға бейімделуінің формасы ретінде тұжырымдауы кең қарастырылған.

Кеңес психология ғылымында интеллектіні М. А. Холодная субъектінің ментальды (ақыл-ой) тәжірибесін ұйымдастыру формасы ретінде, З. И. Калмыкова «продуктивті ойлаумен» байланыстырды, С. Л. Рубинштейн ойлау теориясы шеңберінде, В. Ю. Крамаренко ақыл-ой қабілеті ретінде қарастырады.

Осыған қарағанда, интеллектіні индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің көп түрлі формаларынан тыс анықтау мүмкін емес. Бұл өзара әрекеттестік жай икемделу, бейімділік емес, белсенді әрекет ретінде қарастырылады. Интеллект табиғатын түсіндіруші зерттеулерге талдау жасай отырып, төмендегідей тұжырым жасауға болады:

  • оқуға деген жалпы қабілеттілік;
  • абстрактілі ойлауға қабілеттілік;
  • күрделі ортада бейімделу;
  • мінез-құлықтың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Интеллекттік даму деңгейін білдіретін құбылыстардың бірі - өзіндік бағалау болып табылады. Кеңес психология ғылымында өзіндік бағалау теориялық-эмпирикалық деңгейде көптеп зерттелген (А. И. Липкина, И. И. Чеснокова, В. В. Столин, А. В. Захарова, П. Р. Чамата, К. А. Абульханова, Е. И. Савонько) . Л. И. Божович еңбектерінде өзіндік сананың әрбір компоненті әр қалай түсіндірілгені белгілі. Өзіндік бағалау бірде тұлғаның тірегі болса, енді бірде іс-әрекетті реттеуші ретінде қарастырылады. Соңғы жылдардағы эксперименттік зерттеулер өзіндік бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын реттеуші деп тұжырымдайтын еңбектер бар (Д. В. Демина, В. Ф. Сафин, З. З. Кузьмина, А. И. Липкина, М. И. Лисина, В. С. Магун және т. б. ) .

Өзіндік бағалау табиғаты бойынша өзіндік сананың күрделі және жүйелі құрылымы. Ол тұтас, сонымен қатар, көп аспектілі, көпдеңгейлі және иерархиялық құрылымға ие. Өзіндік бағалау басқа да психологиялық құрылымдармен, іс-әрекеттің әртүрімен, қарым-қатынас формалары және деңгейлерімен, тұлғаның когнитивті, рухани және эмоциялық дамуымен байланыстарға қосылған.

Өзіндік сана-сезімдердің компоненттері болып табылатын өзіндік бағалаудың онтогенетикалық даму ерекшеліктері Б. Г. Ананьевтің, С. Л. Рубинштейннің, Л. С. Выготскийдың жұмыстарында кеңінен қарастырылады.

Сонымен қатар бұл бөлімде интеллекттік дамудың теориялық мәселелері талданады. Қоршаған орта мен тұлға арасын бітістіруші іс-әрекет болып табылады. Интелектінің дамуына сөз де, көрнекі бейне де өздігінен ешқандай әсер етпейді. Нақты заттарды белсенді манипуляциялау және зерттеу үшін тұлға өзі іс-әрекет жасауы керек.

Өзіндік даму тұлғаның интеллекттік даму ерекшеліктеріндегі және еріктік бағыт әрекетіндегі ерекше қабілеті болып табылады. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын жеке адамдарда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады.

Кеңес психологтарының зерттеулерінде өзіндік бағалау - еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі продуктісі болып табылады. Және де тұлғаның өзін салыстыруы, басқалармен қатар қою өзіндік бағалау критерийлері екендігі анықталған.

Өзіндік бағалау - адамның өзін білуі және өзіне қатынасы болып табылады. Өзіндік бағалау адамның икемділіктерін, қылықтарын, қасиеттерін және әрекетінің мотивтері мен мақсаттарын ажыратуын, оларды ұғынуын және бағалау қатынасын енгізеді. Тұлғаның өз күші мен мүмкіндіктерін бағалай алуы, оларды сыртқы жағдайларға, талаптарға сәйкестендіруі және алдына белгілі бір мақсат қоя білуі тұлға қалыптасуында маңызға ие.

Сонымен, бірінші бөлімді мынадай тұжырым жасауға болады: интеллект тұлғаның іс-әрекетке деген жалпы қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады; интеллект іс-әрекет нәтижесінде дамиды; өзіндік бағалау тұлғаның өз бойындағы барлық қасиеттерді басқару функциясында көрінетін автономды тұлғалық қасиет; өзіндік бағалау дамуында әлеуметтену факторы маңызды орынға ие; өзіндік бағалау құрылымына когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттер енеді.

Зерттеудің екінші бөлімі «Тұлға құрылымындағы интеллекттік дамудың этнопсихологиялық аспектісі» - бұл бөлімде интеллекттік даму этнопсихологиялық аспектіде қарастырылады.

Этнопсихологияның жүйе қалыптастырушы компоненттеріне әдетте мыналарды жатқызады: ұлттық мінез-құлық, ұлттық темперамент, ақыл-ойдың ұлттық қисындылығы, ұлттық сезімдер және көңіл күй, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар және т. б.

Қзіргі таңда Қазақстан этнопсихология ғылымы этностық ерекшеліктерге байланысты зерттеулермен толықтырылуда (С. М. Жақыпов, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева, А. М. Ким, Д. Д. Дүйсенбеков, А. Т. Малаева, О. С. Санғылбаев, Б. Ә. Әмірова, О. Х. Аймағамбетова) .

Этнопсихологиялық түсініктер ұлт өкілдерінің табиғатын түсіндіруші, балада қалыптасатын этностық сананың негізі болып табылады. Сондықтан этностық мәдени құндылықтар - халықтың интеллекттік деңгейін, мәдениеттілігін бекітеді.

Интеллектіні этнопсихологиялық аспектіде зерттеу жаңа бағыттардың бірі, зерттеу мақсаты - интеллекттік іс-әрекет құрылымдары және оның этностық тұрғыдан талдануы, интеллект және этнос, интеллекттік белсенділік, оның этностық сипаты, этноидентификация мәселесі, интеллектіні дамытудағы этномәдени құндылықтардың рөлі, этностық түсініктердің тұлғаның интеллекттік әлеуетін көтеруге әсері, ұлттық тілді, салт-дәстүрді, ұлттық мәдениетті қалыптастыру негізі болып табылатын этностық сана-сезімдердің даму ерекшеліктері негізгі сұрақтардың бірі болып табылады.

Этнопсихологияда интеллектіні зерттеуде этносаралық мәдени байланыстар балалардың тұлғалық дамуына белсенді әсер етеді. Этнопсихологиядағы этнос аралық қатынастар мәселесінде әрбір этностың мәдениеті, тарихы, творчествосы қаралады. Ендеше полиэтноста өмір сүріп жатқан балаларда интеллекттік дамуда этностық ерекшеліктері қалай болады, басқа ұлттардың этностық түсініктеріне өз интеллектісі арқылы қалай қабылдайды деген сұрақтар өте маңызды.

Сонымен бірге, бұл бөлімде Қазақстандағы этнопсихология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым М. М. Мұқановтың зерттеулерінің негізі ақыл-ой мәселелерін тарихи-этностық аспектіде қарастырған еңбектері терең талданады. Оның зерттеулері этнопсихология саласындағы құнды мұралардың бірі болып саналады. Белгілі ғалым Қазақстандағы этнопсихология мәселесіне ерекше мән бере отырып, оның дамуына көп еңбек сіңірді.

Қазақтың көрнекті ғалымы М. М. Мұқанов еңбектерінің Л. С. Выготский зерттеулерінен айырмашылығы практикалық ойлау жайлы теориялық түсініктерге басқа көзқарасты қалыптастыруында болды. Ғалым практикалық ойлау өзінің нақтылығымен (көрнекі-бейнелі, көрнекі-әрекетті) және реттеуші сипатымен сипатталады деп тұжырымдай отырып, вербалды емес интеллектінің маңыздылығын бекітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Эмоцияларды басқару
Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі
Психология ғылымының тарихы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz