Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері

1. 1 Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы . . .

1. 2 Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiнің түсінігі

мен белгілері . . .

2 Азаматтық құқықтың объектісі ретінде тауар белгілерінің құқықтық реттелуі

2. 1 Тауар белгілерінің түсінігі мен белгілері . . .

2. 2 Тауар белгілерін тіркеу шарттары . . .

2. 3 Тауар белгісінің және қызмет көрсету белгісінің сараптамасы . . .

2. 4 Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін пайдалану және қолданылуын тоқтату . . .

3. Тауар белгілерін реттеудегі кейбір құқықтық мәселелері

3. 1 Тауарлық белгіге қатысты айрықша құқықтың сипаты мен құрылымы . . .

3. 2 Тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау . . .

3. 3 Зияткерлік меншік құқығын қорғайтын мемлекеттік

органдардың құзыреті . . .

3. 3 Тауар белгілерін қорғау саласындағы халықаралық келісімдер . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Тауар белгілері ежелден бері танымал. Осыдан З мың жыл бұрын Үнді қолөнершілері өзінің көркем шығармаларын Иранға жіберу алдында әртүрлі ерекше белгілерді басқан. Кейіннен римдік қолөнершілер өзінің саз өнімдеріне атақты FORTIS секілді фабрикалық белгілерді қолданды. Бұл белгілердің дәрежесі өскені соншама, саудада олардың көшірмесі және сол таңба басылған жалған тауарлар көбейіп кетті. Тауар белгілерін қолдану саласы орта ғасырлық сауда жағдайында кеңейе түсті. Фальсификацияны тоқтату үшін құқықтық қорғау шаралары қажет болды. Англияда мұндай бұзушылықтарға қарсы қорғау шаралары соттар арқылы жүзеге асты. Тауар белгісінің иесі басқа адамдарға сол белгіні қолдануға тыйым салу құқығына ие болды, яғни тауар белгісі құқықтық деңгейде қорғала бастады.

«Тауар белгісі» сөз тіркесі кез келген адамға таныс, бірақ кез келген адам оның не екенің білмейді. Бұл сұраққа тек мамандар мамандар жауап бере алады. Тауар белгісі туралы ақпарат өндірушілер мен тұтынушыларға да пайдалы.

Қазіргі уақытта тауар белгілері (ағылшын тілінде қысқартылған атауы ТМ) барлық жерде қолданысын табуда. Мысалы, бүкіл әлемде Пепси-кола, Кока-кола алкогольсіз сусындарының тауар белгілері жақсы ажыратылады. Бірнеше елде бизнесін жүргізіп жатқан фирмалардың өзара бәсекелестігі тауар белгілерінің рөлін нығайтып жатыр. Тұтынушылардың тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара ажыратуды және олардың сапасы мен бағасын анақтауды жеңілдету үшін тауар белгілерін қолданады. Осылайша, тауар белгісін тұтынушыларды қызықтыру үшін қолданатын құрал ретінде қарастыруға болады.

Көптеген мемлекеттерде өзінің өнертабыстарын, тауар белгілерін қорғау жүйесін қалыптастыру кезінде халықаралық деңгейде өндірістік меншік туралы заңнамаларын бірыңғай түрге келтірудің қажеті туды. XIX ғ. ғасырда өндрістік меншікті қорғау саласында бірнеше халықаралық келісімдерге қол қойылды. Олар: 1883 ж. Париж конвенциясы, 1891ж. тауар белгілерін халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі және т. б.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісін тіркеу, пайдалану, қорғау, тоқтату құқықтарын еліміздің заңнамаларына сай түсіндіру.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі ретінде Қазақстанның халықаралық деңгейде алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру және Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруінің бірде бір талабы ретінде зияткерлік меншік саласын дамыту арқылы жағдай жасау. Еліміз дүние жүзілік Сауда Ұйымына кіру табалдырығында тұрғаны белгілі, бұл өз кезегінде жоғары индустриялық-техникалық және өндірістік дамуды талап етеді. Ал біздің ортақ міндетіміз ғылыми ізденіс, ұлттық тауар белгілерімен қорғалған бәсекеге қабілетті отандық тауарлар мен қызмет көрсетуді енгізу және өндіруін ұлғайту. ДСҰ-ға кірудің негізгі шартарының бірі ұлттық заңнаманы Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектісі жөніндегі келісімге (ТРИПС) сәйкес одан әрі жетілдіру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі ақпарат көзі ретінде алынған нормативті құқықтық актілері - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен ҚР Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы Заңы.

Дипломдық жұмыстың объектілері - азаматтық құқықтың объектісі ретінде тауар белгілері.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - тауар белгілері түсінігі мен белгілері, Қазақстан Республикасында оларды тіркеу, сараптама жүргізу және тауар белгісін алу үшін өтінім беру шаттарын анықтау. Сонымен қатар, еліміздің инновациялық даму және кәсіпкерлікті жандандыру жағдайында тауар белгілері жөнінде жүргізіліп жатқан шаралар мен бағдарламалар аясында заңнамаларды толықтыру және өзгерту мәселелерді қарастыру.

Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып бiз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:

- азаматтық құқық объектілерін ұғымын анықтау;

- зияткерлік меншік құқығының обьективтік және субъективтік мағынада қарап, зияткерлік меншіктің заңды мазмұнын ашу;

- тауар белгілерінің түсінігі мен білгілерін, тіркеу шарттарын қарастыру;

- ҚР зияткерлік меншік институттарын қорғау мәселелерін қарастыру.

- тауарлық белгіге қатысты айрықша құқықтың сипаты мен құрылымын зерттеу;

- тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау мәселелерін қарастыру.

Дипломдық жұмысты жазу барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, соның ішінде Г. Төлеуғалиев, Е. Т. Қаудыров, А. А. Амангелді, В. А. Жакенов А. П. Сергеев, Ю. К. Толстой және т. б. еңбектеріне сүйендік.

Дипломдық жумыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Зияткерлік меншік құқығы объектілерінің түсінігі мен ерекшеліктері

1. 1 Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы

Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Басқаша айтар болсақ құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері бағытталғандары құқық объектілері деп ұғынуға болады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түсетін материалдық және рухани құндылықтар азаматтық құқық объектілері болып табылады.

Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:

а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады;

ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке кұпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар [1] .

Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.

Құқық ғылымында құқықтық қарым-қатынастың объектісіне байланысты әртүрлі көзқарастар бар.

Бірінші көзқарас бойынша құқықтық қарым-қатынастың объектісі осы қатынастарға қатысушы субъектілер мүдделерінің аясында жататын әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы болып табылады.

Белгілі ғалымдар ішінен профессор С. С. Алексеев бұл көзқарасты ұстанған. Оның айтуы бойынша құқықтық қарым-қатынастардың (құқықтың) объектісі дегеніміз "субъективтік заңды құқықтар мен міндеттердің бағыт алған айналадағы құбылыстары (заттары) " [2] . Кейінгі еңбектерінде де профессор С. С. Алексеев құқықтық қарым-қатынастардың объектісін осылайшы анықтайды. Мысалы, ол былай дейді: құқықтық қарым-қатынастың объектісі дегеніміз "құқықтық қарым-қатынастың пайда болуына себеп болған материалдық не материалдық емес игілік, айналадағы өмірдің заты" [3] . Азаматтық құқық ғылымында мұндай көзқарасты, мысалы, профессор М. М. Агарков ұстанады [4] .

Құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысы әрқашан қоғамдық маңыздылыққа ие. Ол қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның әртүрлі заңды мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Құқықтық қарым-қатынастарға қатыса отырып, субъектілер өздерінің белгілі бір материалдық, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады (тұтыну тауарларын сатып алады, авторлық құқықтарды иеленеді және т. б. ) .

Құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретінде мазмұны бойынша әртүрлі орын ала-алатын адамдардың жүріс-тұрысы қарастырылады. Мүліктік қарым-қатынастарда құқықтың объектісі ретінде белгілі бір өмірлік игіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың жүріс-тұрысы көрініс табылады. Мысалы, сатып алу - сату қарым-қатынастарының объектісі болып осы қарым-қатынасқа қатысушылардың заттарды сатып алу және сатуға байланысты жүріс-тұрысы табылады. Екі фирма арасындағы өнімді жеткізу туралы шарт жасасу негізінде пайда болған құқықтық қарым-қатынастың объектісі болып осындай өнімді жеткізу бойынша көрініс табатын бұл фирмалардың қызметі табылады.

Бірақ-та құқықтық қарым-қатынастардың барлығы мүліктік сипатқа ие бола бермейді: субъективтік құқықтар мен міндеттер заттарға қатысты пайда бола бермейді. Мүліктік емес қарым-қатынастарда объекті болып осы қарым-қатынастарға қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы табылады. Мұндай жағдайларда құқық нормаларымен көзделген белгілі бір әрекеттерді жасай отырып құқықтық қарым-қатынасқа қатысушылар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Басқа сөзбен айтқанда, мүліктік емес қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ете отырып, құқықтар мен міндеттер құқықтық реттеу мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек қарым-қатынастарының объектісі болып кәсіпорын не мекеме әкімшілігінің жұмысқа қызметкерлерді қабылдау, олардың еңбегіне ақша төлеу бойынша әрекеттері табылады. Әкімшіліктің осы әрекеттері еңбек ету құқығын, жалақы алу құқығын қанағаттандыруға бағытталған.

Сол сияқты қылмыстық процессуалдық қарым-қатынастардың объектісі болып мақсаты әділ де заңды үкім шығару болып табылатын қылмыстық істерді алдын ала және сотта қарау бойынша процеске қатысушылардың әрекеттері табылады. Мемлекеттік-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың мүдделері әртүрлі іс жүзіндегі әрекеттер арқылы қанағаттандырылады.

Жеке құқық қарым-қатынастарының объектісі, әдетте, заттар болса, жұртшылық құқық қарым-қатынастарының объектісі - осы қарым-қатынастарға түсушілердің әрекеттері.

В. Н. Хропанюктің айтуы бойынша мұндай көзқарасты ұстансақ құқықтық қарым-қатынастың объектісі осы қарым-қатынас мазмұнының сыртына шығып кетеді, яғни объекті субъективтік құқықтар мен міндеттерден тыс орналасады. Өзін ойын одан ары дамыта келе, бұл ғалым құқық объектісі ретінде заттарды қарастыруға қарсылық білдіреді. Оның ойы бойынша материалдық және материалдық емес игіліктер жеке тұлғалардың қарым-қатынасқа түсуінің мақсаты болып табылады. Мысалы, билет сатып алу негізінде театрдағы операны тыңдау құқықтық қарым-қатынастың объектісі деп айту қиын. Бұл жағдайда құқықтық қарым-қатынастың әрекеті билет алынғаннан кейін тоқтайды. Осы қарым-қатынас негізінде адамның белгілі бір рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады. Ал, осындай қажеттіктердің қанағаттандырылуы болса құқықтық қарым-қатынастан тыс болатыны сөзсіз, - дейді В. Н. Хропанюк. Құқықтану ғылымының мақсаты құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың әрекеттерін талдау болып табылады, ал осы қатынастарға түсушілердің себебі болған заттар мен өзге де игіліктерді талдау емес. Заттарды зерттейтін ғылымдар философия, социология, экономикалық ғылым, өндірістік практика, ал құқық теориясы болса құқықтық қарым-қатынастар субъектілерінің мүдделері аясындағы заттардың құқықтық қасиеттерін айқындауы тиіс [5] .

Бұл көзқарас азаматтық құқық ғылымында кеңірек танылғанын айталық. Мысалы, профессор А. П. Сергеев және профессор Ю. К. Толстойдың редакциясымен 1998 жылы Мәскеуде орыс тілінде шыққан "Гражданское право" оқулығында әртүрлі материалдық және материалдық емес құндылықтарға бағытталған азаматтық-құқықтық қарым-қатынас субъектісінің жүріс-тұрысы ғана азаматтық-құқықтық қарым-қатынастың объектісі бола алады, - делінген [6] .

1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (жалпы бөлім) 3-ші тарау толығымен азаматтық құқықтардың объектілеріне арналған. Байқасақ, бұл жерді азаматтық құқықтың объектісі емес, құқықтардың объектілері туралы айтылған. Ал, азаматтық құқық пен азаматтық құқықтардың қандай айырмашылығы бар?

Біздің ойымызша, азаматтық құқық дегеніміз - жалпы құқықтың бір саласы. Ол, осы саладағы барлық құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде көрініс табады, яғни бұл жерде біз азаматтық құқық туралы объективтік құқық ретінде айтамыз.

Ал, азаматтық құқықтар дегеніміз - ол, азаматтық құқық субъектілерінің иелегінде бола алатын құқықтар.

Құқық теориясына сүйенсек, азаматтық құқықтың объектісі болып белгілі бір қарым-қатынастар ғана табыла алады. Ал, азаматтық құқықтардың объектісі ретінде Азаматтық кодекстің 115 бабындағы 1-ші тармақта көрсетілгендей мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар қарастырылады.

Енді, азаматтық құқық субъектілерінің осы игіліктері мен құқықтары қандай жағдайда азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа айналады? - деген сұраққа жауап беріп көрейік. Бұл жерде тағы да жалпы құқық теориясына сүйенуіміз керек. Осы теория бойынша субъектілердің жеке құқықтары мен игіліктері іс жүзінде жүзеге асырылған жағдайда ғана құқықтық қарым-қатынас пайда болады. Осыған орай, субъектінің жеке құқықтарының да, азаматтық құқықтың да объектісі бір десек қателеспейміз. Демек, бұл жерде объекті ортақ болып отыр, яғни Азаматтық кодексте белгіленген азаматтық құқықтардың объектілерін біз азаматтық құқықтың да объектілеріне жатқызсақ болады.

Мұны Қазақстанның белгілі ғалымдарының Азаматтық кодексте берген түсініктемесі де дәлелдейді. Азаматтық құқықтық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады [7]

Бұл құқықтар мен игіліктер азаматтық құқық субъектілерінің әсер ететін пәні болып табылады, өйткені жалпы түрде объект дегеніміз субъектінің әсер ететін нәрсесін түсіну керек. Бұл жағдайда құқық субъектісінің құқық объектісіне жасайтын әсері айрықша болып табылады. Ол объектінің табиғи не өзге де қасиеттерін өзгертпейді, тек заңда көзделген шекте объектінің құқықтық белгілері мен жағдайына ықпалын тигізеді. Алайда, жалпы түрде айырмашылық бар болса да, шынайы түрде азаматтық құқық пен азаматтық құқықтардың объектілері бір (ортақ), - деген тұжырым жасауға болады. Сонымен, біз құқық объектісіне қатысты үш көзқарас бар екенін байқадық. Осы көзқарастар бойынша құқық объектісі болып - 1) заттар; 2) әрекеттер; 3) заттар және әрекеттер - табылады.

1. 2 Зияткерлік меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен белгілері

Интеллектуалдық меншік объектілерінің өзіндік белгілері бар, олар оның заттық құқық және меншік құқығы объектілерінен айырмашылығын табуға сонымен бірге ұқсас тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Ең бастысы интеллектуалдық меншік құқығын азаматтық құқықтар объектілері ретіндегі негізді ерекшелігін оның белгілері арқылы тануға болады.

Интеллектуалдық меншік объектілерінің белгілерін кең ауқымда қамтыған Л. Б. Гальперин және Л. А. Михайлова. Олардың пікірінше, интеллектуалдық меншіктің барлық объектілері: 1) ақыл-ойдың қызметі немесе нәтижесі, 2) бағаланатын құндылықтары бар, 3) белгілі ақпаратты жеткізуші, 4) шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын көптеген объектілердің авторлары бар, 5) тұтынатын заттарға жатпайды, 6) объектілердің арасында жүйелі түрде сабақтастығы орын алады, 7) интеллектуалдық меншік объектілері бойынша құқықпен реттеудің нысанасы болатын қоғамдық қатынас пайда болады екен [8] .

О. А. Рузакова келесі белгілерін атайды, олар: 1) интеллектуалдық меншік объектілері материалдық емес нәтижелер, 2) айрықша құқықтың абсолюттік сипаттылығы бар, 3) бір өзінде жеке (моральдық) және соның негізінде пайда болатын мүліктік құқықтарды қосатын күрделі заңдық құрылымы бар, 4) жасалған объектімен байланысты әр түрлі әрекеттерді (оларды пайдалану бойынша әрекеттер де кіреді) орындау, сонымен қатар заңда көзделген жағдайды айтпағанда бұл объектілерге тиісті басқа тұлғалардың қандай да бір әрекеттер жасауына тыйым салу мүмкіндігі бар, 5) айрықша құқықтың мерзімділігі, 6) аумақтық сипаты бар, 7) құқықтың пайда болуымен тоқтатылуының ерекше өзгешіліктері бар, 8) айрықша құқықтар нақты монополияға емес заңға негізделеді. Мұндағы белгілердің жинағы интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты құқықтың заттық құқықтан айырмашылығы бар табиғаты ерекше құқықтар санатына жататынын айқын сипаттайды.

Т. Е. Каудыров интеллектуалдық меншік құқығын азаматтық құқықтардың объектісі ретінде түбегейлі ерекшелігін көрсететін сипатты белгілерін, жүйелі түрде топшалап көрсетеді, оның пікірінше бұл белгілерге:

- интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің денесіздігі және мінсіздігі;

- құқықтың абсолюттік сипаттылығы;

- құқықтың қатаң заңмен белгіленген жағдайда ғана қорғалуы;

- интеллектуалдық меншік құқығының қатаң түрде аумақтық сипатта болуы және уақытпен шектелуі;

- құқықты қорғаудың көптеген мүмкіншілігі;

- интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне иелену және құқықты бекітудің өзгеше нысаны жатады [9] .

Ендігі, интеллектуалдық меншіктің негізді ерекшелігін анықтайтын белгілеріне егжей-тегжейлі сипаттау жасауға талпыныс танытсақ.

Алдымен, интеллектуалдық меншік құқығы абсолюттік құқық болып табылады. Абсолюттік құқық ретіндегі сипаты, оны меншік құқығымен біріктіріп, ал міндеттемелік құқықтан оның айырмашылығын көрсетеді. Барлық үшінші тұлғалар заттық құқықпен интеллектуалдық меншік құқығын мойындаулары тиіс және заттың меншік иесімен интеллектуалдық меншік иесінің құқықтарына белгісіз тұлғалардың міндеттері қарсы тұрады. Интеллектуалдық меншік заттық құқықпен қоса абсолюттік құқық ретінде мүліктік қатынас статикасы бойынша тең. Заттық құқықпен ұқсастығына қарамастан, интеллектуалдық меншік объектілеріне деген құқықтың абсолюттік сипаты жағынан өзіндік ерекшелігі бар екенін Т. Е. Каудыров өте дұрыс айтады. Ғалымның көзқарасы бойынша, «біртекті бірдей заттар бірнеше адамның меншігінде болуы мүмкін, ал жаңа туындыға немесе өнертабысқа біртектілік болуы мүмкін емес, бұл объектілердің әр-біреуі өзінің біртумалығымен және әкелген жаңалығымен теңдесі жоқ төлтумалар».

Яғни, шығармашылық қызметтің объектісіне бастауыш уәкілет бір тұлғаға тиесілі және оның құқығын қорғайтын заң интеллектуалдық меншікті заңсыз пайдаланудан сақтайды деген тұжырым.

Айтарлық азаматтық-құқықтық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеген тетіктер, авторлық-құқықтық және патенттік монополияның абсолюттік құқық қағидасынан ауытқулардың орын алуына әкеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңының 19-23, 25-26 баптарына сәйкес, автордың келісімінсіз туындысын ақпараттық, оқу, ғылыми және жеке мақсатта пайдаланудың барлық заңды жағдайлары кіреді. Патенттік құқық саласын айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Патент заңының 12 бабына сәйкес патентпен қорғалатын шешімдерді көлік құралдарының мұқтаждары үшін, ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргізу үшін, төтенше жағдайларда және табыс көзіне айналдырмай жеке мақсатта пайдаланудың барлық жағдайлары патент иеленушінің айрықша құқығын бұзбайтын әрекеттер ретінде танылады.

Интеллектуалдық меншіктің келесі белгілері ол денесіздігі және мінсіздігі . Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің материалдық емес екені жалпыға мәлім жағдай. Азаматтық-құқықтық мағынада мүліктік емес дегенді білдіреді. Негізімен ол объектінің ақпараттық мәнінен туындайды. Егерде, заттық құқық объектісі барлық жағдайда тек жеке-айқындалған зат болса, интеллектуалдық меншік объектісі - мүліктік емес және сонымен байланысты мүліктік құқықтардың кешені болып табылады.

Айтарлық, заттарды денелік (corporales) және денесіз (res in corporales) деп бөлген классикалық кезеңдегі рим құқығының заңгерлері, «денесіз» деп затты емес мәні бойынша құқықты білдіргендері болар. Осы бір ойға негізделе отырып В. А. Дозорцев бұл объектілер (яғни, интеллектуалдық меншік объектілері) - мүліктің құрамдас бөлігі болып табылады, мұнда объект ретінде кіретін ашылған жаңалықтың, өнертабыстың т. б., өзі емес, ол, ашылған жаңалыққа, өнертабысқа және т. б., қатысты құқық дейді.

Заттармен салыстырғанда құқық және міндеттердің денесіздігін түсіну біздің ойымызша қиындық туғызбауы тиіс, себебі құқық - материалдық емес санат болып табылады ғой. Демек, денесіздік дегеніміз интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің жай-күйі және танылу нысанының сипаттамасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтар объектілері
Сабақтас құқықтың пайда болуы
Автордың мүліктік құқықтары
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі
Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz