Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тілеулиева Ләззат

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050103- «Педагогика және психология»

Түркістан 2011

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы психология»

кафедрасының меңгерушісі,

п. ғ. д., профессор Б. А. Оспанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру

050103- Педагогика және психология

Орындаған: Тілеулиева Л

Ғылыми жетекшілері,

п. ғ. к., доцент Садуова Ж. Н.

магистр-оқытушы Жарқынбаева Д

Түркістан 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1. БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 «Инновация» ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың пікірлері . . .
3:
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Иинновациялық технологияларды қолдануда танымдық процестерді қалыптастырудың мәні және мазмұны, ерекшеліктері . . .
3: 19
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру моделі, өлшемдері мен деңгейлері
3: 37
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. БӨЛІМ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
3: 45
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру ерекшеліктері . . .
3:
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Жаңаша оқыту жағдайында студенттердің танымдық процестерін қаыптастыру әдістемесі . . .
3: 51
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру бағытындағы эксперимент нәтижелерін талдау . . .
3: 56
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 70
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 73

КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі. Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады[1] .

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқытуды ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс-тәсілдер көптеп қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар қажет-ақ.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Студент қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интеллектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу[2] . Сондықтан ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Тұлғаның шығармашылық бағдарын, ізденімпаздығын, өзіндік іс-әрекетін жетілдіруде оқытудың жаңаша әдістері мен инновациялық процестерді дамыту мәселелері бойынша еліміздің дидакт-ғалымдары: А. Е. Әбілқасымова, Р. С. Омарова, Ш. Таубаева, Б. А. Тұрғынбаева, А. А. Бейсенбаева, И. Н. Нұғыманов, т. б. арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп студенттердің болашақтағы кәсіби өсуіндегі акмеологиялық бағдарын қалыптастыруды негіздейді.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби даярлаудағы маңызды мәселелер ғалым-педагогтарымыздың ғылыми зерттеулерінде талданған (Ж. Ж. Жаңабаев, А. А. Саипов, А. А. Жолдасбеков, Б. А. Оспанова, К. М. Беркінбаев, Қ. Ералин, М. Ә. құдайқұлов т. б. ) . Ал жеке тұлғаның дамуындағы ақыл-ой әрекеті, зерттеушілік мәдениетін сауықтыру шаралары арқылы дене мәдениетін қалыптастыруды сабақтастықта зерделеу Ж. К. Оналбек, Б. Ә. Нұрлыбекова, Б. А. Тойлыбаев, А. Қарақов т. б. еңбектерінде және зерттеу мәселесінің тарихи дамуын сараптауда маңызы бар.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді[3] .

Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты. Инновациялық технологияларға жалпы сипаттама беру, студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру және оны оқу үрдісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:

  • инновациялық технологиялары жөніндегі отандық, шетелдік, Ресейлік теориялық-әдістемелік материалдарға талдау жасау;
  • инновациялық технологиялардың мәні мен мазмұнын негіздей отырып, студенттердің танымдық процестерін қалыптастырудың моделін жасау.
  • студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін эксперимент жағдайында дәйектеу және әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу жұмысының объектісі. жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау үрдісі.

Зерттеу жұмысының пәні. Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының болжамы. егер, инновациялық технологияларды оқыту дерісінде тиімді және орынды қолданған жағдайда студенттердің жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыруға деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып Э. Брансуиктің теориясы, Б. Д. Эльконин мен М. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдарын қолдану технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж, Қараевтің деңгейлеп оқыту технологиясы, С. Н. Лысенкованың перспективалық жеделдете оқыту технологиясы, В. Т. Кабуштың тәрбиені ізгілендіру технологиясы, П. И. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, С. Микулстің «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы технологиясы, көркемөнер туындыларын көру арқылы студенттің жеке басын дамыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, іскерлік ойындардың жүргізілу технологиясы, оқытудың интерактивті әдістері сияқты құнды еңбектер табылады.

Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен ондағы қойылған болжамды дәлелдеп тексеруіміз үшін «технология» ұғымына жан-жақты түсінік берілді, оқытудың инновациялық технологиялары, студентердің танымдық процестері, инновациялық технологиялар түрлеріне талдау қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. «Технология» ұғымына, оқытудың инновациялық технологияларына, студенттердің танымдық процестеріне, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану ерекшеліктеріне тұңғыш рет сараланып нәтижелі жинақталуына қол жеткізілді. Оқытудың инновациялық технологиялары ғылыми әрі әдістемелік тұрғыдан сауатты баяндалып, теориялық әрі әдістемелік базасы кеңейтілді.

Зерттеу жұмысының базасы. Түркістан гумнаитарлық-техникалық колледж.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетілген.

1. БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 «Инновация» ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму сатылары және инновациялық технологиялар жөніндегі шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдардың пікірлері

ХХІ ғасырда еркін білім беру, адамның шығармашылық ойлауын дамыту негізгі мәселе болып отыр. Осы идеялардан оқытудың және тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды[4] .

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор[5] .

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.

XXI ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында. Бұл мәселе жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық[6] .

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”, - деп атап көрсетілген.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді[7] .

Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр[8] .

Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушылардың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру оқушылардың оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады[9] .

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В. Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз -тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана” - деген тұжырымдама берді [10] .

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру[11] .

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған[12] .

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс: “Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді[13] .

Ендеше инновация ұғымы - педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.

«Инновация» - «in-noves» деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жаңалық», «жаңарту, өзгерту» деген мағына береді.

Француз ғалымы Э. Брансуик жаңалық деп 3 нәрсені айтады:

  1. бұрын еш жерде, ешқашан қолданылмаған идеялар
  2. бұрын болған, бірақ жаңа жағдайға бейімделген идеялар
  3. бұрыннан бар, тек мақсаты өзгерген идеялар

1-сызба. Педагогикалық жаңалық (Э. Брансуик бойынша)

Қазіргі кезеңде білім беру саласында төмендегідей жаңалықтар бар:

І. Ұйымдастырудағы жаңалық

ІІ. Технологиялардағы жаңалық

ІІІ. Оқулықтар мен бағдарламалардағы жаңалық

2-сызба. Білім беру саласындағы жаңалықтар

Осы жаңалықтарға сәйкес «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «оқытудың инновациялық технологиялары» терминдері қолданылуда[14] .

Мысалы, «Оқыту технологиясы» термині ең алғаш рет АҚШта қолданылды. «Педагогикалық технология» 1960 жылдан бастап қолданыла бастады. «Технология», «Оқыту технологиясы», «Педагогикалық технология» терминдеріне әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Мысалы:

Скиннер: «Оқыту технологиясы - психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану».

В. Беспалько: «Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы».

В. М. Монахов: «Педагогикалық технология - оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі».

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген.

Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі[15] .

Ал А. И. Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р. Масырова мен Т. Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В. Кваша мен В. Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады [16] .

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз [17] .

Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс” деп түсінеді[18] .

Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді[19] .

Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н. Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [20] .

“Инновация” сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

«Техника» терминінің сөздікте 2 мағынасы беріледі:

  1. өндіріс құралдарының жиынтығы
  2. бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы

«Технология» - сол тәсілдер жүйесі деген мағына береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Іскерлік ойындар технологиясы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Касіптік білім беру
Модульдік оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz