Интерактивті оқыту технологиясын химия және биология пәндерінде қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Интерактивті оқыту технологиясын химия және биология пәндерінде қолдану.

ИОТ қолдану әдістерінің бірі Айналмақ Осы әдісті биология және
химия пәндерінде оқушының білімін тексеру кезінде ,логикалық ойлауды
дамыту немесе жаңа тақырыпты бекіту ,меңгерту кезде пайдаланған өте
тиімді. Себебі: бір ғана тексерудің түрі қолданылмайды мұнда оқушылардың
білімі тест, биолгиялык диктант, тірек сызба, сурет бойынша және
терминдерді тексеру сыныптағы бүкіл оқушыларды бір мезгілде қамтып, білім
деңгейін анықтауға, логикалық ойлауын дамыту кезінде қолдануға мүмкіндік
береді..
Сыныпты 4-топқа бөліп, топ басшылары сайланады да, тапсырмалары
таратылады. Білім тексерген кезде қатар отырған оқушы бір-бірінен көшіріп
алмау үшін және білім деңгейіне байланысты әр түрлі нұсқада деңгейлеп
беріледі.Әр тапсырманы орындауға 7-мин, оның 2-минутын топ басшылары
тексеріп, бағалап үлгеруі керек. Тапсырманы орындағаннан кейін бір мезгілде
орындарынан тұрып сағат тілі бағытымен топтар орын ауыстырады да келесі
жаңа тапсырманы орындай бастайды. Осындай бағытпен оқушы 5-түрлі тапсырма
орындап 5-баға алады. Қалған уақытта топ басшылары қорытындылап, ортақ
бағасы қойылады.
Тапсырмаларды құрастырған кезде бағдарламада көрсетілген Оқушылардың
білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар бөлімінен алынған
біліміне қарай оқулықтан диктантқа мәтін іріктеп алынады. Енді іріктелген
дидактикалық материалды қолдану мақсатына қарай карточка жасаймыз
Тест: ашық тест, жабық тест, сәйкестік тест т.б. қолдануға болады.
Биологиялық диктант да түрлендіріп қолдануға болады.
1)Биологиялық атауларды білдіретін сөз қалдырылған сөйлем жазылады.
(қалдырылған орынға тиісті сөзді тауып жазады).
2)биологиялық диктант сұрақ түрінде құрылады. (Қысқаша нақты жауап
қайтарады).
.Мысалы, 8-сыныпта биология пәнінде Асқорыту жүйесі тарауында тестік
тапсырмалар -1 топ, 2-топ биологиялық диктант, 3-топ тірек сызбалар, 4-топ
суретпен жұмыс 5-топ терминдерден тұратын тапсырмалар орындайды.
Белгіленген уакыт өткеннен кейін тапсырмалар орнында қалады да оқушылар
дәптер, қаламымен орындарын ауыстыра отырып 5-түрлі тексеруден өтеді. Ал,
химия пәнінен де осы сияқты Күкірт және оның қосылыстары деген тақырыптан
тест тапсырмалары, жазбаша орындайтын тапсырмалар, сан және эксперименттік
есептер шығару. Мұнда уақыты көбірек беріледі себебі математикалық
есептеулер бар.
Енді Жаңа тақырыпты меңгеруде бұл әдісті қалай қолданамыз?
1.Осы тақырып туралы алдын ала түсінік беремін.
2.Үйде қосымша материалдар қарау, әкелу тапсырылады.
3.Сынып оқушыларын топқа бөліп, ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Допинг мәселесінің тағы бір аспектісі бар, өйткені спорт шеңберінен тыс мәселелер
Білім беруді цифрландыру
Виртуалды зертханалардың оқу процесінде жиі қолданылатын дәлелдер
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Пәндер