ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНСИТРЛІГІ

ЖІБЕК ЖОЛЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕІ
Информатика
Физика, математика, информатика кафедрасы

Тақырыбы::
ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ

Дайындаған: информатика пінінің мұғалімі
ЖАҚАЕВ. М.

Шу қаласы - 2007
ЖОСПАР:

1. Сабақ, оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде 3
2. Сабақты құрылымы мен типіне жаңаша көқарас. 3
3. Интерактивтік оқыту 4
4. Интерактивтік оқыту технологиясы 5
5. Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы 8
6. Қорытынды 10
7. Әдебиеттер 11

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.

Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту
процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-
топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары
қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық
оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі
болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бәріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ
бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.

Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы ұлгісі.

Сабақ – мғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны
қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып шығады.
Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы
дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.
- жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту және білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және
қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен
мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.

Интерактивтік оқыту.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті – оқушы оқытудың бъектісі ролін атқарады (тыңдау және
көру)
2) активті белсенді оқушы оқытудың субектісі болып шығады
(өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі
барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге
асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды
моделдуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді
қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны яғни,
жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл
моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу
процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін
ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту технологиясы.

1) Жұптасып жұмыс істеу.
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3) Карусель - Айналмақ.
4) Шағын топтармен жұмыс.
5) Аквариум.
6) Аяқталмаған сөйлем.
7) Миландыру Мозговой штурм.
8) Броундық қозғалыс.
9) Есепту ағашы. Дерево решений
10) Өз атынан сот. Суд от своего имени
11) Азаматтық тыңдау.
12) Ролдік іскерлік ойын.
13) Сығымдау методы. Метод пресс
14) Өз позицияңды ұстан.
15) Дискуссия.
16) Дебаттар.

Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба
алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін,
жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы; оқушыларға Карусель деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты
ұнайды; Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл
қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын
ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып
шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге
тырысады.
Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде
ситуацияны жасырады разыгрывают, ал қалғандары оларды бақылап тұрып
әрекеттеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп
берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр
топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ)
жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз
идеяларын жазады.
Өз позицияңды ұстан - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар.
Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар Иә немесе
Жоқ деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар
өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны
қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан
методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен
байланыстырылған.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивтің негізгі сипаттамалары қандай? Инетрактивтік оқыту –
бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған
және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың
бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей,
оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын
жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным
процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы
түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным
процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны
білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет
ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара
қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана
қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу
мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы инетрактивтік әрекет өз-ара түсіністікке, өз-ара әрекетке,
қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін -
ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұысанды.
Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы
жағдайын болдырмайды. Сұқбаттасып оқыту барасында оқуышлар сыни ойлауды,
тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді
шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды,
дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды
үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс
ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, родік ойындар қолданылады, құжаттармен
және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар
пайдаланылады.
Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні
әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап
шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - үлкен шеңбер, аквариум,
мыймен шабул (мозговой штрум), дебаттар. Алдынғы сабақтардағы білімдері
немесе өмірде алған тәжрибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір
мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактитік оқыту формасының
тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарасытрылатын тақырып жыбық немесе
тар мағаналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу
керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ
алдында талқылаудың мағанасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар
экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен
қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.

Оқыту концепциясы мен технологии

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық
(қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады)
жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау
керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар
концепция сәйкес келеді.
Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын
кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру интеграция, дидактикалық бірліктерді
ірілендіру және т.б.
Процесуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық,
интерактивтік оқыту т.б.
Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы,
танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.
Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық
еңбектестік концепциясы, оқу пәніне шому (М. П. Щетини),
орталықтандырылған (концентрированные) оқыту д.р.
Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз
етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту,
проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік,
проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.
Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш.
Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген.
Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның
субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен
оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара
әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі
қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин,
Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін
зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын,
жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі
оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік
береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету,
коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы
сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп
оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.
Интерактивтік оқу технолгиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті
барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және
басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын,
оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік
беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру
тәсілдерін айтамыз.
ИОТ-сын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
1. Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім
жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен
тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
2. Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар
мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды,
ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау
тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосмша ақпарат
жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын туралы
оөара талқыдлайды.
3. Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын
басталғаннан кейін ешкімнің оған араласыуға және бағытын өзгертуге
қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады,
егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды
бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде
мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды
бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың
сұрағына жауап бері немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
4. Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау
кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер
сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және
шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын
барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара
әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып,
оқушылар – сынып, оқушылар-оқулыар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу
әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға
мүмкіндік береді.(3; 156)
ҚОРЫТЫНДЫБүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз
ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар
аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске аса бермейді. Неге
десеңіз, мұғалім бір технолгияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана
парктикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі
бұзылады: бұл процесс әртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді,
бүтін болғанда ғана технолгия педагогикалық тұрғыда әсерлі болады(1; 46)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Коростылева Л.А. Психологические барьеры и готовность к нововведениям
СПб., 1996, 66 стр.

2.Мясоед Т.А. Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для
учителей М., 2004

3.Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Технологии игры в обучении и развитии
М., 1996, 268 стр.

4.Суворова Н. Интерактивное обучение: Новые подходы М., 2005.

5. Сайт www.albest.ru, www.tor.kz

Қазақ этнопедагогикасы һәм этнопсихологиясы зертханасы
Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Көкшетау шаһары, 2007 жыл

Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен
көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген
халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан
жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан
ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР
Заңдары, ҚР Үкіметі Қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары
мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға
iлiнуi – аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта
гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы
болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды
дайындауда мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие
жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге
негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына
сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша
болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Бiздiң назарымызға iлiккен осы уақытқа дейiн зерттелген еңбектерге жасаған
талдауымыз төмендегiдей сараптама бойынша анықталды.
1.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И.М, Қоянбаев Ж.Б, Журавлев
В.И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М.Н, Мұхамбаева А.Х, Битинас Б, Сейталиев
К, Подласый И.П)
2.Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б,
Қалиев С, Әбiлова З.Ә, Сарыбеков Н.Қ, Ұзақбаева С.А, Наурызбай Ж,
Қожахметова К.Ж, Дүйсембiнова Р.Қ, Қабдыразақұлы Қ, Сағындықов Е,
Табылдиев Ә, Мұхамбетова С.К, Сәдуақасов Ә, Қоңыратбаева Т.Ә, Ашайұлы Ә)
3.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ,
Беркімбаева Ш.К, Оразбекова К.А)
4.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И.М,Гончаров Н.К, Савин
Н.В, Легенький Г.И, Новикова Л.И, Полукарев В.В, Литвак Р, Сорочинская Е,
Богуславский М, Дмитриенко Е.А)
5.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е.Г, Батракова И.С,
Көпжасарова М.Д, Байназаров А, Белогоров В.М, Алиева Л, Буадзе А.Б,
Галузинский В.М, Кирпичник А, Басов Н, Кабуш В, Титова Е.В)
6.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ,
Кузьмина М.Н, Омаров Е.О, Нұрмағамбетов С.Х, Овчинникова Р, Садықова М.К,
Кудинов В, Коршунова О, Бобрышов С)
7.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д,
Лебединский В.В, Вульфов Б.З, Ходоровская З.А, Абаева Н.Б, Мұқанова Б.Ы,
Бекмағанбетова Р.К, Қасенов Е.Р, Татаурова Н.Л)
8.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие
беру (Төлеубекова Р.К, Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж.Б,
Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ, Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К,
Әбдiғаппарова У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А,
Хасанова Ж.С) т.б.
Аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие
беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен
ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi
мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық.
Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай
саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке
сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі
жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Мектептегi оқушылар
ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары” (5-8 сыныптар
бойынша) атты диссертациялық ғылыми-зерттеу тақырыбымыздың өзектілігіне
айғақ болды.
Зерттеу нысаны: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің
жолдары.
Ғылыми болжам: Егер халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие берудің
ғылыми педагогикалық негіздері айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық
сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды, өйткені
оқушыларға әлемдік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді кіріктіре
меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық тәрбие беруге
негізделген жаңа моделін жасап, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы
жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
Зерттеудің мiндеттерi:
Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін
ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеу;
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін жасап, оны іске
асырудың жолдарын айқындау;
Мектептегі оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру
мақсатында “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданудың кешенін жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланды;
Оқушылар ұйымы қалыптасуының ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыда
зерделенді;
Бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарға сай
оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың
ғылыми-әдістемелік жолдары айқындалды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін “Атамекен”
бағдарламасы әзірленді;
Бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің әдістемелік кешені жасалып,
мектеп тәжірибесіне пайдалану жолдары көрсетілді;
ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушылар ұйымының пайда болу генезисi
Оқушылар ұйымы, немесе – балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен
белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде
ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен жас өскiндердiң шығармашылық
әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Оқушылар ұйымы деген атау – ұжым,
оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие және басқа атаулармен
тығыз байланыста дами отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылып
келеді. Оқушылар ұйымын – балалар ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда
кездеседі. Бұл жөнінде Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегідей
анықтама беріледі:
“Балалар ұжымы (коллектив детский) – қоғамға пайдалы әрекет жасауда (еңбек
ету, қоғамдық шығармашылық қызмет, білімін шыңдау, туристік-өлкетану
жұмыстарымен айналысу т.б) өз алдына үлкен мақсат қойып, көздеген
игіліктеріне жету барысында ұжымды тұрғыда бірлескен балалар мен
жасөспірімдердің қоғамдық топтасулары.
Сонымен бірге Педагогикалық сөздіктегі: “.. Мектеп ұжымы (коллектив
школьный) – мектептегі тәрбие жұмысы жүйесінің ордасы (ядросы) болып
табылатын, бір-бірімен тығыз байланысқан мұғалімдердің, оқушылардың және
ата-аналар комитетінің бірлескен педагогикалық топтасулары. Мектеп ұжымы
мектепте қызмет атқаратын және тәрбие мен білім алатын адамдарды біріктіре
отырып, педагогикалық басқаруды және оқушылардың өзін-өзі басқару
құрылымдарын, өздерінің міндет-мақсаттарына сай жүргізілуін қамтамасыз
етеді.
Оқушылар ұжымын шартты түрде бірнеше ұжымдасқан әр түрлі құрылымдағы
бастауыш ұжымтоптар (сынып ұжымы, пионер ұжымтоптары, үйірмеге қатысушы
балалардың ұжымдары т.б) құрайды. Мектептегі оқушылар ұйымының өзін-өзі
басқару қағидаларына негізделе отырып жүргізілуі – ұжым мүшелерінің
ұйымшыл болуларына, шығармашылық-танымдық қасиеттерінің ашылуларына зор
ықпал етеді..” [8,103-104],- деген анықтамалар зерттеу жұмысымызға негіз
болмақ. Оқушылар ұйымындағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік
мәніне Луначарский А.В, Крупская Н.К, Макаренко А.С, Сухомлинский В.А,
Блонский П.П, Лебединский В.В, Бабанский Ю.К, Болдырев Н.И т.б тоқталып
өткен.
Біздің ойымызша “ұжымның” да, “ұйымның” да негізгі мақсаты бір, бірақ
“ұйым” белгілі бір мақсатты көздей ұйымдасқан оқушылардың күрделі тобы
болса, ал “ұжым” сол топтың ішіндегі ой-пікір, көзқарас бірлігінен туған
жеке-жеке топтар. Ұжымның ұйымдық топтасуға ұласуы – балалардың бірыңғай
қарым-қатынастары мен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек, ұйымдық
құрылымды – ұжым жетістіктері мен мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге
көтеруге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз.
Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару тәжірибелері Витторино де Фельтренің
“Қуаныш мектебі” атты білім ордасынан басталады. Лютердің замандасы
Тротцендорф өз шәкірттеріне Рим мемлекеті үлгісінде сынып ұжымында
оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес береді. Бұл идеяны Плант (ХҮІІ
ғ) Стефани және Фелленберг те өз тәжірибелерінде қолданады.
1866 жылы Ресейде, белгілі педагог Резенер әрбір мектепте артельдік үлгі
ретінде оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын құру жөнінде ғылыми мақала
жазады. Оған сөзсіз Ұлыбританиядағы педагогикалық бастамалар ықпал етті.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің негізін салушы американдық
педагог Э.Джилль болды. Бұл жөнінде ол өзінің “Мектеп республикасы –
Republic of shcool” (1897) атты еңбегінде баян етеді. Мұндай
тәжірибелердің білім мекемелерінен қолдау табуы – оқушылар ұйымындағы
тәрбие жұмыстарының түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүргізілуіне ерекше жағдай
туғызды. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған “скауттар” атты балалар
мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады.
Ол жөнiнде алғашқы деректер ағылшын офицерi, полковник Р.Бадэн Поуэлл
(1857-1941) негiзiн салған Скауттар ұйымының құрылуынан басталады. Скаут,
ағылшын тiлiнде Scouts, яғни жас барлаушы деген ұғымды бiлдiредi. Скауттар
ұйымы жөнiнде орталық басылымдарда “...Скаутизм – балалар мен
жасөспірімдер ұйымының негізін құрап, буржуазиялық бағыттағы мектептен тыс
тәлім-тәрбие беретін жүйе болып табылады... ”,- деген мағлұматтар берiледi
[22,498].1907 жылы Британия Корольдiгiнiң қолдауымен, Лондон қаласында
тұңғыш скауттар ұйымының Құрылтайы өтедi. [Сурет 1].
Скауттар ұйымындағы оқушы балалардың қарым-қатынастары мен шығармашылық
әрекеттері жөніндегі ғылыми еңбектерді біз зерттеу жұмыстарының арасынан
кездестіре алмауымыздың себебі - Кеңес үкіметі кезіндегі коммунистік
идеологияның тәрбие жұмысының негізгі құралына айналуына байланысты, Скаут
ұйымдарының тәлім-тәрбиелік жұмыстарын ғылыми тұрғыда зерттеу мен
насихаттауға тыйым салғаны негіз болды деп санаймыз.Оған Н.К.Крупскаяның
“РКСМ және бойскаутизм” (1922) атты еңбегі дәлел бола алады. Патшалы
Ресейде Царское Село (Пушкин қаласы) қаласында 1909 жылы тұңғыш Скауттар
ұйымы тұсауын кестi. 1914 жылы Ресей Императоры Николай II “Русский
скаут” атты қоғамдық ұйымды құру жөнiндегi Патша Жарлығына қол қояды.
Аталмыш ұйым Дүниежүзiлiк скауттар ұйымы бекiткен Ереже негiзiнде әрекет
жасады.
Пионер ұйымы туралы Үлкен Кеңес Энциклопедиясында: “...Бүкілодақтық
В.И.Ленин атындағы пионер ұйымы балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі
басқаратын, бұқаралық коммунистік қоғамдық бірлестігі болып табылады..
Олар Патшалы Ресей тұсында негізі қаланған, кейін Бүкілресейлік (қазан
1919) ІІ комсомол съезінің (РКСМ) шешімімен тарқатылған скаут ұйымдары
қызметінің тоқтатылуына өз үлестерін қосып, идеологиялық күрес
жүргізді.)...”делінген [22,460]
1970 жылдары пионер ұйымына мүше болып кiрген оқушылар саны 23 миллионға
жетiп, мектептерде 118 мыңға жуық пионер ұйымордалары (дружиналары)
құрылған. Пионер ұйымының скауттар Ережелерiне негiзделген “Пионерлер
мен оқушылардың Заңы” атты құжаты қабылданды. [Сурет 2]
Ұйымның қалыптасу кезеңдері өзінің мәресіне жеткен уақытта, оқушылар
қарым-қатынастарын реттеп отыратын өзін-өзі басқару құрылымы пайда
болмақ. Ұйымның жиыны – ұжымтоп мүшелерінің басым көпшілігінің қолдауымен
және талап етуімен өткізілуі шарт. Жиын және оның оқушылар ұсыныстары
негізінде талқыланған маңызды шешімдері – ұйым мүшелерінің Ережесін
қабылдауына мүмкіндік туғызады.
Оқушылар Ережесі – балалардың жеке көзқарастары мен ұсыныстарының
жиынтығы ретінде талқылаудан өткен ұйым мүшелерінің заңдық-тәртіптік
құжаттары болып табылады. [Сурет 3], [Сурет 4]

Оқушылар ұйымының мiндетерi мен мақсаттарын айқындаудағы теориялық
еңбектер
Антикалық дәуiрде Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит және басқа
ғұламалар балалардың танымдық кеңiстiгiнiң дамуына бiлiм мен тәрбие
құралдарының аса қажет екенiн ерекше атаған.
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың “адамға ең алдымен білім емес,
тәрбие беру керектігі” жөніндегі нақыл сөзі бар. Коменскийдiң ойынша
ұйымдық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар
қауымдастықтары – ата-баба тағлымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм
берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi
деп санаған.
Ұлы гуманист Иоганн Песталоццидiң ойынша, адамзаттың тәлiм-тәрбиелiк
құндылықтары, ұрпақтарының түрiне, нәсiлiне, қабiлетiне және
әлеуметтiк-таптық ерекшелiктерiне бөлiнбей “Ата-аналар тағылымдары – Книга
матерей” деген бiртұтас тәлiм-тәрбие жүйесi ретiнде игiлiктенуi керек деп
санаған. Ж.Ж.Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi – ата салтында деп санаған.
Тәрбие теориясы К.Д.Ушинский:“.. тәрбиенің ғылым үшін де, біз үшін де ең
керегі – нағыз адамды қалыптастыру. Адамның мінез-құлқы кәдімгі топырақ
болса, халықтық құндылықтар сол топырақ арқылы тамырын жаяды...”,- деп,
өзінің терең ойын білдіреді [37,195]. С.Т.Шацский мектептегі оқушылар
ұйымын – балалардың қоғамдық бірлестіктері деп санады[38,157].
Мектеп оқушыларына ұжымдық қауымдастық негiзiнде жан-жақты тәрбие беру
жөнiндегi: оқушылар ұжымында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемелері
мен ерекшеліктері (Болдырев Н.И, Салестенин В.А, Болотина Л.Р)),
мектептегi пионер мен комсомол жұмысының теориясы мен методикасы
(Лебединский В.В, Ходоровская З.А, Лобачева Т.И, Коротов В.М), Қазақстан
пионер ұйымының тарихы (Мұқанова Б.Ы, Абаева Н.Б), мектептегi комсомол мен
пионер ұйымдарының қарым-қатынастары (Иржанова Р.Д, Татаурова Н.Л,
Кузьмина М.Н), ауыл мектептерiндегi пионер мен комсомол жұмыстарының
ерекшелiктерi (Бекмағанбетова Р.К, З. Байназаров), пионер ұжымындағы
тәрбие мәселелері (Абаев Т.Б, Жұмаханов Ә, Бозжанова К), сыныптан және
мектептен тыс жұмыстарда пионерлер мен оқушыларға жан-жақты тәрбие беру
мәселелерi (Құнантаева К.Қ, Нұрмағанбетов С.Х, Овчинникова Р, Ақназаров
Б.З, Төрениязова С), сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар ұжымына эстетикалық
тәрбие беру (Әбiлова З.Ә), оқушылар тәрбиесiне қоғамдық ортаның ықпалы
(Озғанбаев Ө) және басқалар зерттеді.
В.Лебединский зерттеуінде пионер, яғни оқушылар ұжымындағы тәрбие
мәселесін педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырған. Н.Болдырев
оқушылар ұйымының негізгі көрсеткіші – жалпыидеялық ортақ әрекет, оқушылар
арасындағы тығыз қарым-қатынас, жалпыға ортақ басқару жүйесі, көпшілікке
ортақ жауапкершілік пен ұжымның әр мүшесіне қойылатын ортақ талаптар
болмақ деді. В.Коротовтың ойынша ұжымдық ынтымақтастықтың негізгі күші
оқушылар арасындағы саналы тәртіп делінген. В.Галузинский: “...оқушылар
ұжымындағы қоғамдық пікірдің қалыптасуы – ұжымтоптар арасындағы көсемдер
(лидерлер) қарым-қатынасына байланысты деген. Р.И.Файнбергтың айтуына
қарағанда оқушылардың мектептегi қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына,
бiлiм алуына деген жауапкершiлiктерiнiң артуына және сынып, топ ұжымының
өмiрiнiң жаңаруына үлкен ықпал жасайтын педагогикалық құралдардың бiрi –
оқушылардың өзiн-өзi басқару жұмыстары болмақ. Т.Я.Самойлованың пiкiрiнше
оқушылар ұжымының ынтымақтастығы мен бiрлiгiн нығайтуда, алдын-ала
жоспарланған және ғылыми тұрғыда өзiнiң тиiмдiлiгiн дәлелдеген
әдiс-тәсiлдер арқылы педагогикалық басшылықты ұтымды ұйымдастырудың маңызы
зор деп санайды. [52, 74].
Р.Д.Иржанова өзiнiң “Комсомолецтердiң пионерлермен мектептегi жұмысы”
(1973) атты еңбегінде мектепте пионер мен комсомол жұмыстарын
ұйымдастыруда сынып жетекшiсiнiң шешушi рөл атқаратынын
дәлелдейді.К.Құнантаева үйірме жұмыстары оқушылардың білім алумен қатар,
бойындағы ерекше қабілеттер мен қасиеттердің ашылуына танымдық жол ашатын
тәлім-тәрбие баспалдағы деп санайды
Б.Мұқанова өзінің “Қазақстандағы пионер ұйымының тарихы” (1970) деген
еңбегінде Қазақстандағы пионер ұйымының 1935-1945 жылдар аралығындағы
тарихи қалыптасуы, республика оқушылары мен пионерлерінің іс-шаралары
жөрінде айтады. З.Байназаров оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын
көпшілік қауыммен бірлесе отырып жүргізу керектігін атап өтеді.
Н.Абаеваның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын жандандырудың
педагогикалық жолы – ұжымдық топтардың жоғарғы органы пионер жиыны болып
табылады. М.Көпжасарова мектеп-интернат жүйесі негізінде оқушылар ұжымында
пионер жұмыстарын ұйымдастырудың сан түрлі жолдарын көрсетеді.
Ә.Жұмахановтың пікірінше отбасы тәрбиесі мектептегі тәрбие жұмысында
жетекші орынға айналуы шарт деп санайды. З.Жақыпов оқушылар ұжымы арқылы
адамгершілік тәрбиесіне бағытталған педагогикалық іс-шаралар жан-жақты
дамыған жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың кепілі болмақ дейді.
Тәуелсiз Қазақстанда оқушылар ұйымының ұлттық тәлiм-тәрбиеге негiзделген
жаңа моделі
Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң асыл арналары болып табылатын ізгілік, имандылық,
парасаттылық ұғымдары өзiнiң бастауын қасиеттi Құран жазбаларынан,
тотемдiк-мифологиялық ұғымдар мен таңбалардан, пайғамбарлар мен
ғұламалар өсиеттерiнен, киелi “Авеста” шежiрелерiнен, мақал-мәтелдер мен
тыйым сөздерден және дала данышпандарының нақыл сөздерiнен бастау алады.
Алтай тауларының қақпа тастарына (IҮ-Ү ғ.ғ) ойып жазып кеткен Күлтегiн мен
Тоныкөк бабаларымыздың артына тәлімдік мұра қалдырды.
Ж.Баласағұни толғамдарындағы кім ақылды бойына жинай білсе – ұлықтық
дәрежесі соған ауады, ал оған қоса білімді игерсе оның кісілік
(гуманистік) қасиеті арта түседі деді. М.Қашқари “..Ұлым, менің өсиетіммен
жанды аузыңа қаратқын. Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын..”,- деді
[62,72]. А.Йассауи өз өсиетін шын мәнінде шәкірттерге аманат қылып, адам
жасының онтогенездік даму заңдылықтарын баяндай отырып, ғибраты мол аталы
нақылдар маржанын ұсынады [122,22].
Асанқайғы айтқан асыл тас – табиғат ортасы, асыл сөз – адамзат парасаты,
жел мен ой толқыны – тылсым кеңістіктің таңғажайып құпиясы болып табылады.
Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріне арнап қазақтың ұлттық бай мұраларын
орыс тіліне аудару арқылы қазақтың халық педагогикасын басқа ұлт
өкілдеріне білдірді. Абай ұлттық тәрбие мәселесіне арнайы тоқталмаса да,
қазақи тәлім-тәрбие дүниесінің ерекшеліктерін өзінің жыр жолдары мен қара
сөздері арқылы шебер жеткізе білген.
М.Жұмабаев:“..Әрбiр тәрбияшының қолданатын жолы – ұлт тәрбиясы. ...әрбiр
ұлттың бала тәрбия қылу туралы ескiден келе жатқан жеке-жеке жолы
бар ... ”,- деген [59,8]. М.Ғабдуллин: “..Қазақ халқының өмiрiнен орын
алған тәрбиенiң тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетiн
мәселе...”,- деп, этнопедагогика туралы маңызды ой-пiкiрiн бiлдiредi.
[66,74]. Т.Тәжiбаев: “..Қазақтың мәдени өмiрiнде фокльклор, музыка, қол
өнерi және халықтың тәрбиелiк дәстүрлерi басты рөл атқарған...”,-деді
[67,144]. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” кітабын (1975)
қазақ халық педагогикасының әліппесі деп айтуымызға болады.
Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде Г.С.Виноградовтың
(1926) , А.Ф.Хинтибидзэнің (1951), Г.Н.Волковтың (1956) А.К.Алиевтың
(Әзербайжан,1968), Я.И.Ханбиковтың (Татарстан, 1967), З.Миртурсуновтың
(Өзбекстан, 1973), А.Ш.Гашимовтың (Азербайжан, 1970), Ю.А.Рудь (1980),
З.П.Васильцованың (Украина, 1983) , Е.Л.Христованың (1988), К.Пирлиевтің
(Түрікменстан, 1991), А.Э.Измайловтың (Қырғызстан, 1991) және басқа
ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.
Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулерге
А.Х.Мұқамбаева (1973), И.Оршыбеков (1974), Қ.Б.Жарықбаевтың (1982)
С.Қалиев пен Қ. Сейсембаевтың (1987) еңбектері жатады. А.Мұхамбаеваның
ойынша жас ұрпаққа халықтың сан ғасырлар бойы жинақталып келген
салт-дәстүрлері негізінде тәрбие беру – алдымен салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптардың халық тұрмысындағы пайда болу генезисін анықтап алудан
бастау керек дейді. Қ.Сейсембаев “Отбасы тәрбиесінде балаларды мектепке
даярлаудағы қазақ халық педагогикасы” [145] атты еңбегінде халық
педагогикасының негізгі компоненттерінің бірі отбасы тәрбиесі екенін атап
көрсетеді.
Қ.Жарықбаев пен С.Қалиев өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде ұлттық
педагогика мен этнопсихология тарихының дамуына қомақты үлес қосты.
Көрнекті ғалымдар Н.Сарыбеков, С.Ғаббасов, Қ.Қабдыразақұлы, С.А.Ұзақбаева,
З.Әбілова, Ә.Табылдиев, К.Қожахметова, Ж.Наурызбай, Қ.Бөлеев,
Р.Қ.Дүйсембінова, К.А.Оразбекова, Ж.Әлсатов, Ә.Садуақасов, С.Сеңкібаев,
Ә.Ашайұлы т.б қазақ этнопедагогикасының бір саласы – ұлттық тәрбиенің
генезисі һақында іргелі зерттеулер жүргізді.Қ.Бөлеев:”..Ұлттық тәрбие –
жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата
тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiнмеңгеруi негiзiнде
қалыптасқан этнопедагогиканың саласы..”,-деп, анықтады. [58,76-329].
Сейтен Сауытбековтың “Тағылым тегi” кiтабы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде
тамаша әдiстемелiк-дидактикалық нұсқау болды. К.Оразбекова: “..ұлттық
тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге,
өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа
жетiп отырды...”,-деді[68,28].
Қазақ халық педагогикасы мұралары негізінде мектептегі оқушылар ұйымы
арқылы ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру – жалпы адамзат мәдениетінің
біртұтас бөлігі болып табылатын ұлттық рухани-мәдени қазыныларымыз жөнінде
мол мағлұматтар алуымызға мүмкіндік береді. Оған мемлекет тарапынан қолға
алынып жатқан қазақстандық патриотизм мен республикамыздағы балалар
ұйымдарының шығырмашылық әрекетері негізбола алады. Зерттеушілер
С.Иманбаева, Ә.Садуақасов, С.Сенкібаев, Төлеубекова Р.К, Әбдiғаппарова
У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А, Хасанова Ж.С,
Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ,
Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К өз еңбектерінде осы мәселелерге жете
тоқталған. Бұдан біз ұлттық тәрбие жұмыстарын мектептегі балалар ұйымы
арқылы ұйымдастырудың қажеттігін байқаймыз.
Осы айтылған тұжырымды қорытындылай келе біз алдымен қазақ халық
педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибелерін
зерделей келе жалпыадамзаттық рухани құндылықтар мен ұлттық мәдениетке
негізделген “жаңа типтегі оқушылар ұйымының моделін” қалыптастыруымыз
қажет деп санаймыз. [Сурет 5], [Сурет 6],[Сурет 7], [Сурет 8] [Сурет 9],
[Сурет 10] [Сурет 11], [Сурет 12]

ОҚУШЫЛАР ҰЙЫМЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ЖОЛДАРЫ
Оқушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған“Атамекен” бағдарламасының мазмұны
мен ерекшелiктерi

1980 жылдардың ортасында Қазақстандағы пионерлер мен оқушылар ұйымдарында
айтарлықтай деградациялық көрініс байқалды. Мектептегi пионер жұмыстарының
коммунистiк идеология мен тоталитарлық режимнiң ықпалына қатты ұшырағаны
тек Қазақстанда ғана емес, басқа одақтас республикалардағы пионер
ұйымдарында да сезілді. Жергiлiктi халықтың ұлттық ерекшелiктерi көп
жағдайда ескерілмей, негiзiнен бiр орталықтан бекiткен ережелер мен
нұсқауларды бұлжытпай орындауға бағытталған бiрсарынды, бiр мақсатты iстiң
залалы – әсiресе алыс-шалғай орналасқан ауыл мектептерiне ауыр тидi. Бұдан
мектептегi тәрбие ісінің орталығы болып келген пионер жұмысының
коммунистiк идеологияның құралына айналғанын көреміз.
Мектеп өмірінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан озық тәжiрибелердiң
тиiмдiлiгiн ескерген ғалымдар педагогикалық еңбектерiнiң көп бөлігін
тәрбие мәселелеріне арнауды жөн санады. Оның басты себебi, мектеп
практикасында оқушыларға жан-жақты тәрбие берудiң, осы уақытқа дейiн
көптеген дәстүрлi әдiс-тәсiлдер жиынтығы жинақталғаны белгiлi. Оған
сыныптан тыс, пән аралық байланыстар, сынып дәстүрi, мектеп пен ата-аналар
байланыстары, мектептен тыс мекемелер, оқушылар ұжымындағы өзiн-өзi
басқару және мектептегi қоғамдық ұйымдардың жұмыстары негiзiнде сан-алуан
тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары жатады.
Айтылған мәселенің шешімін табуда республика көлемінде бірқатар жұмыстар
атқарылды. Бұл орайда, мемлекеттік білім һәм ғылыми орталықтар және
көптеген ғалымдар мен ұстаз-тәлімгерлердің бастамасымен жас ұрпаққа ұлттық
тәрбие беруге бағытталған арнайы бағдарламалар жазылды.
Бiздiң байқағанымыз, соңғы жылдары бiз көтерiп отырған мәселелер
төңiрегiнде арнайы зерттеу жұмысының, я болмаса әдiстемелiк нұсқаудың
жазылмауы – осы салада қызмет атқарып жатқан мамандардың алаңдаушылығын
туғызуда. Жоғарыда аталған қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттеріне жасаған
талдауымыз – олардың оқушылар ұйымында үлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруға бағытталған арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарламасының
жасалмағанын байқадық.
Оқушылар ұйымының жұмыстарын үйлестiретiн оқушылар сарайлары мен мектептен
тыс мекемелер, негiзiнен ақылы формада жүргiзiлетiн үйiрме жұмыстарымен
шектелiп қалған.
Бiздiң ойымызша, қазiргi кезде Қазақстандағы оқушылар ұйымының саны,
оқушылар ұжымында ұлттық педагогика негiзiнде жүргiзiлiп жатқан
мемлекеттiк және авторлық бағдарламалардың мазмұндық сипаттамасына тоқталу
қажет деп санаймыз. [Сурет 13]
“АТАМЕКЕН” ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМТӘРБИЕ БАҒДАЛАМАСЫ
Жоғарыда баяндалған мағлұматтар – бiзге республика мектептерiнде әрекет
етiп жатқан оқушылар мен балалар ұйымдарында, ұжым мүшелерiне ұлттық
тәлiм-тәрбие беретiн арнайы ғылыми-әдiстемелiк бағдарламаның
жасалмағандығы туралы шешiмге келуiмiзге негiз болды.Сондықтан, оқушылар
ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң
танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың
техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк
туғызатын – арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарлама моделiн бiз “Атамекен”
деп алдық. [Сурет 14]
Бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
Туған Отанына пайда келтiретiн, мемлекеттiң гүлденуi мен өркендеуiне үлес
қосатын дарынды, парасатты, жан-жақты мәдениеттi тұлғаларды тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Елбасын және басқа мемлекеттiк
рәмiздерiн қадiр тұтатын жас ұрпақ өкiлдерiн өсiруге ат салысу;
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие
берудің мемлекеттік бағдарламасы” атты Жарлығын жүзеге асыру;
Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен татулығын сақтауға, олардың
тарихы мен мәдениетiн оқып-тануды мақсат ететiн, намысы биiк асыл ұрпақты
тәрбиелеу iсiне қол ұшын беру;
Әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарды ұрпақ
санасына сіңіру;
Ғаламдық жаһандану кеңістігіне ену барысында ұлттық мұралар мен
қазыналарды сақтай білуге деген азаматтық-гуманистік көзқарас
қалыптастыру;
Әлем этностарының педагогикасындағы халықтық-демократиялық қағидаларды
игіліктендіру;
Жас ұрпақ санасында жалпықазақстандық патриотизм сезiмiн қалыптастыру;
Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, танымдық-ғибраттық, тарихи-мәдени және
дiни-рухани мұраларды қастерлей, сақтай бiлетiн болашақ гүлденген
Қазақстанның құрлысшыларын тәрбиелеу;
ҚР Заңдары, ҚР бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң тәлiм-тәрбие мәселелерiне
қатысы бар қаулы-құжаттардың, Ережелердiң, тәрбие және отбасы жөнiндегi
халықаралық құжаттардың халық пен ұрпақ игiлiгiне айналуына қол ұшын беру,
көмектесу, бiрлесе отырып маңызды iс-шаралар атқару;
Этнопедагогика һәм этнопсихология ғылымдарының дамуына үлес қосу;
Қазақстандағы оқушылар мен балалар ұйымдарының заңдық-құқықтық мәртебесiн
көтеру iсiне үлес қосу;
Қазақстан балалар ұйымдары Одағының ғылыми-әдістемелік орталығының
іс-әрекетіне қолдау көрсету; Бағдарламаның жүзеге асырылу жүйесi (5-8
сыныптар бойынша)
Мектепте педагогикалық қауым мен оқушылар ұйымордасы Кеңесiнiң бiрлескен
бағдарламаны жүзеге асыратын ғылыми-әдiстемелiк орталығы
құрылады;Бағдарлама бастауыш және жоғарғы сыныптағы оқушылар ұйымдарында,
белгiлеген педагогикалық талаптар негiзiнде жүргiзiледi;
Ұйымтоптар 4 Ордаға “Жалын Ордасы – 5 сынып”, “Жауқазын Ордасы- 6 сынып”,
“Ұшқын Ордасы- 8 сынып” және “Жігер Ордасы – 7 сынып” деп бөлiнедi; [Сурет
15]
Мектептегi тәрбие жүйесiнде “Атамекен” бағдарламасын пайдаланудың
әдiстемелерi
Мектептегі оқушылар ұжымында ұлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын 1990 жылдан
бастап, мектеп педагогтары мен оқушыларының қолдауымен құрылған 250-ден
астам қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз
алдына дербес тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін оқушылардың
қоғамдық ұйымдарының белсенділіктері арта түсті.
Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік кеңістікте өзінің дербес
геосаясатын, әлеуметтік-экономикалық реформасын жүргізуі – жаңадан
құрылған оқушылар ұйымдарының мәртебесін арттырды. 1991 жылдың 7
желтоқсанында Республикалық “Атамекен” оқушылар ұйымының Құрылтайы
өтті.Атамекеншілдердің бұл бастамалары республика көлеміне кең таралып,
ҮІІ Республикалық пионерлер слетінің (5 қараша 1990 жыл) шешімімен
қабылданды. [Фото].1992 жылы өткен кезектен тыс ҮІІІ Республикалық
пионерлер слеті – мектептегі оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыруға арналған “Атамекен”, “Кәусар бұлақ”, “Жұлдыз”
бағдарламаларын қабылдады.
“Атамекен” бағдарламасын іске асырудың бір тиімді жолы – оқушылар
ұйымындағы өзін-өзі басқару жұмыс жүйесі болмақ. Оқушылар ұйымының ең
жоғарғы органы – бүкiлмектептiк оқушылар Құрылтайы болып табылады. Олар
өздерiнiң киiм үлгiсiн, төсбелгiсiн, галстугын және басқа рәмiздерiн
иеленедi. Құрылтайдың негiзгi құзырларына мыналар жатады:
Бүкiлмектептiк оқушылар ұйымордасының Кеңесiн құру (Кеңес мүшелерi 21
адамнан аспауы керек);
Оқушылар ұйымының Ережесiн қабылдау және оған өзгертулер мен толықтырулар
енгiзу;
Ұйым жұмысын жақсартуға арналған басқа да маңызды шешiмдер қабылдау;
Оқушылар ұйымы Кеңесi Төрағасының жыл бойына атқарылған жұмысының есебiн
тыңдау;
Педагогикалық қауымға, ата-аналар комитетiне және басқа ұйымдарға арнайы
ұсыныстар бiлдiредi;
Бағдарламаның негізгі мақсаты мектептегi оқушылар ұйымдарының мәртебесiн
көтеру.Оған:
Оқушылар ұйымдарының шығармашылық және басқару әрекеттерiн мемлекеттiк
тұрғыда қолдау;
Оқушылардың қоғамдық ұйымдарының заңдық тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету;
Оқушылар ұйымының жұмысына педагогикалық дұрыс бағыт-бағдар беру
мақсатында, мектеп басшылары мен сынып жетекшілерінің күнделікті
ақыл-кеңес беріп, белсенділік қолдау көрсетуі;
Оқушылар ұйымында тәлiм-тәрбие жұмыстарының кешендi жүргiзiлуiн қамтамасыз
ететiн әдiстемелiк нұсқаулар мен оқулықтар шығару; ғылыми еңбектер жазып,
кешендi зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
Оқушылар ұйымдарының оңды іс-тәжірибесін таратуды көздеген арнайы
семинар-тренингтер ұйымдастыру;
Оқушылар ұйымында қалыптасқан мiнез-құлық пен қарым-қатынас әрекеттерiн
ғылыми-педагогикалық тұрғыда бақылау және психологиялық эксперименттер
жүргiзу;
Оқушылардың танымдық және шығармашылық ерекшелiктерiн болжау мен бақылау
мақсатында мектептегi психологиялық қызметтiң кешендi бағдарламасын жасау;
және басқа қажеттiлiктер жатады. [Сурет 16], [Сурет 17], [Сурет 18]
Эксперименттiк бақылау жұмысының нәтижесi
Эксперимент жұмысының алғашқы кезеңінде мектеп әкімшілігі келісімімен
оқушылар мен мұғалімдерге жұмы жоспарымыз туралы мағлұматтар беріп,
соңында оларға өзіміз алдын-ала дайындап әкелген сауалдар мен
сұрақтарымызды таратып, ерікті түрде тиісінше жауап қайтару жөнінде
ақыл-кеңес бердік. Эксперименттік топтарға біз қала мектептерінің
оқушыларын, ал бақылаушы топқа ауыл мектептеріндегі оқушыларды жатқыздық.
Эксперименттiң алғашқы кезеңiнде аталмыш сұрақтар арқылы бiз оқушылардың
қойылған сауалдар бойынша білім деңгейлерінің шамалы екенін анықтадық.
Жинақталған материалдар мен бақылау нәтижесін анықтау мақсатында бiз
оқушылар ұйымдарындағы жеткіншектердің білім, білік, дағдыларын анықтаудың
үш дәрежелі деңгейлік шарттарын айқындадық.
1. Қойылған сауалдар жөнiнде жауап беруге қиналатын, мектеп өмiрiнде болып
жатқан оқиғалар жөнiнде бейхабар және ешнәрсеге қызықпайтын оқушылар
ұжымы; (Төменгі деңгей ).
2. Сауалдарға жауап беруге тырысатын, бiрақ не айтарын бiлмей қиналатын,
бiрақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Қазақ тілінің практикумы
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Пәндер