Интернет желісі жайлы жалпы мәліметтер
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
М а з м ұ н ы
Кіріспе 3
Қысқартылған сөздер 8
І-тарау. Интернет желісі жайлы жалпы мәліметтер 9
1.1. Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер 9
1.2. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер 19
1.3. Тұрақты қосылып тұратын байланыс түрлері 21
ІІ-тарау. Телеконференцияларды басқару программалары 28
2.1. OSI желілік технологиясы 28
2.2. WinVN программасының сипаттамалары 37
2.3. Интернет желісінде телеконференцияларды басқару 48
Қорытынды 52
Әдебиеттер 53
Қосымшалар 55
Кіріспе
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады.
Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым
салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың
қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны
белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды.
Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады.
Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі
табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия
алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат
алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат
алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат—бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін
қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де,
әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес
мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған
мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің
өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да
қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде
магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Мәліметтерге қолданылатын амалдар
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір
түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын
жиынтығынан тұрады: мәліметгерді жинау;
• мәліметтерді қалыптастыру;
• мәліметтерді сүзгілеу;
• мәліметтерді сұрыптау;
• мәліметтерді топтастыру;
• мәліметтерді архивтеу;
• мәліметтерді қорғау;
• мәліметтерді тасымалдау;
• мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес.
Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және
тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық,
ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып
отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін
емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт
кетеді, сондыктан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз.
Мәліметтердіц негізгі құрылымы
Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға
сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға
түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және
иерархиялық.
Мәліметгердің сызықтык құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі
мен нөмірі бірмәнді аныкталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал
ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік қүрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесесін
еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық
адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен
бағандарының нөмірімен анықталады.
Иерархиялық құрылымды мәліметтер
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген
мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге
күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен
қолданылады.
Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның
төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады. Мысалы, Раіnt
программасын іске косатын командаға әкелетін жол былай көрсетіледі:
Іске қосу → Программалар → Стандартт → Раіnt
(Пуск→Программы→Стандартные→Раіnt)
Сурет 1. Иерархиялық кұрылымды мәліметтер.
Файлдық кұрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект
қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар
жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен
тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат
өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын
мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін
анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет,
және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі.
Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың
тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш
әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp—графиктік файл;
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл
жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде
тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға
(қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар
орналастыруға болады.
С: \Қаптама \Кітап\ Мәтін.dос — С дискісінің Қаптама деген
каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған
Мәтін.dос мәтіндік файлы.
Мәліметтерді автоматты түрде өндеуге арналған құрылғылардың
жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара карым-қатынаста болатын
кұрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу
жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен
ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес
компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт —
РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес
компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
• бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС);
• іс дербес компьютері (Оffice РС);
• ықшам компьютер (Мobil РС);
• жұмыс бекеті (Workstation РС);
• ойын ДК (Enteraiment РС).
Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық
дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік
бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің
кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс
бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары
талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor),
ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген
түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден
жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда
компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан
компьютерлерге арналған кұралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір
компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес
компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері
олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша
компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер
саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және
Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда
ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір
аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі
үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі
үйлесімділіктер де бар.
Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді,
олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған.
Есептеу жүйесінің құрамы
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу
жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке
қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық
конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық
конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер
мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты
бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан
жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы
болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ
уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс
деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады.
Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп
аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін
айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі —
аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі
өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік,
қызметтік және колданбалы.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара
байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен,
программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты
бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады.
Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара
қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы
интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы
программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста
болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және
жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік
программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың
көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар
атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік
процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер
базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана
жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.
Жеке пайдалушыға ақпараттың сапалы болуы қажет. Пайдаланушының
ақпаратына өзіндік мәтіндер, мәліметтер қорлары, графика және т.б. жатады.
Қазіргі таңда кең тарғаған желі - Интернет желісі. Интернет желісі
ұлттық және региональдық желілермен сипатталады. Интернет желісін көлем
және өркендеу барысы бойынша басқа глобальдық желіліерден асып түседі.
Интернет желісінде түрлі ақпараттық ресурстарды табуға болады. Түрлі
тақырыптағы ақпараттарды табу ықтималы бар жалғыз желі, бұл Интерент
желісі.
Алдымыздағы жарты ғасырда ақпараттарды тасымалдау құны қашықтықтан
тәуелсіз болады. Мұның өзі қоғамымыздың дамуына электрді ашқандай әсер
қалдырары сөзсіз (Н.Ә. Назарбаев).
Дипломдық жұмыста бір ақпараттық ресурстардың түрі болған,
телеконференциялар Usenet жүйесі және телеконференциялармен жұмыс істеуді
жеңілдетін программалар қарастырылған.
Диплом жұмысы екі тараудан, қорытындыдан әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда интернет жайлы жалпы мәліметтер,
байланыс түрлері және интернетпен қатынас құру тәсілдері қарастырылған.
Екінші тарауда қазіргі уақыттағы интернет желісінде телеконференцияларды
орнату және программалық жабдықтармен телеконференцияларды басқару
мәселелері қарастырылған. Диплом жұмысы 20 сурет және 4 кестемен
көркемделген.
Қысқартылған сөздер
БҚ – Бағдарламалармен қамтамасыздандыру
АЖ – Ақпараттық жүйелер
ДҚ – Деректер қоры
МБ – Мәліметтер базасы
МҚБЖ – Мәліметтер қорын басқару жүйесі
ОЖ – Операциялық жүйе
МҚ – Мәліметтер қоры
ДК – Дербес компьютер
ЭЕМ – электронды есептеуіш машина
ЕТ –есептеуіш техника
Comp – Есептеуіш техника және онымен байланысты құрылғылар
News – Жаңалықтар жүйесін құрушылар мен құрылудың жаңалықтары
Sci – Ғылым
Soc - Әлуметтік тақырыптар
ARP – Адресті анықтайтын протокол
ARPA –Жобалары АҚШ қорғаныс министрлігінің алдыңғы деңгейдегі
ARPANET – Интернет желісі негізіне пайдаланатын теориялық қормен мен
программалық қаматамасыздандыуларды тексеретін тәжіриебелік желі
І-ТАРАУ. ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Қазір барлығы Интернет жайлы сөз қозғауда. Бөлшектеп есептеу жайлы да аз
айтылып жүрген жоқ. Казіргі заманғы компьютерлер әлемінде желілерден өткен
маңызды ұғымды табу қиын. Сондықтан да осы көпжақты әлемде адаспау үшін
компьютерлік желілер негіздерін жан-жақты зерттеп білу керек. 70 –ші
жылдардың басында компьютердің жабдықтарын өндіруде үлкен интегралдық
схемалардың пайда болуына байланысты айтарлықтай технологиялық жетістіктер
болды. Олардың құнының салыстырмалы түрде төмендігі және функционалдық
мүмкіндіктері мэйнфреймдермен бақталаса алатындай мини-компьютерлердің
дүниеге келуіне мүмкіндік жасады.
Гроша заңы орындалудан қалды, себебі құны жағынан төмен ондаған мини-
компьютерлер жүйесі бір мэйнфреймнің жұмысын атқара алатындай дәрежеге
жетті.
Уақыт өткен сайын есептеу техникасын қолданушылардың оған қоятын
талаптары да арта түсті. Олар енді өздеріне жақын орналасқан басқа
компьютерлермен деректер алмасу мүмкіндіктеріне ие болғысы келді.
Өнеркәсіптер мен түрлі ұйымдар өздерінің мини-компьютерлерін өзара қосып
олардың дұрыс әрекеттесуі үшін қажетті программалық жабдықтар жасауға
кірісті. Осының нәтижесінде алғашқы жергілікті желілер пайда болды. Олардың
қазіргі заманғы жергілікті желілерден айырмашылығы көп болатын, әсіресе
компьютерлерді бір-біріне қосу жабдықтары мүлдем бөлек еді. Алғашқы кезде
компьютерлерді бір-біріне қосу үшін стандарты емес сан-алуан құрал-
жабдықтар қолданылды. Олардың байланыс арналарында деректерді көрсетулері
де, кабельдер типтері де әртүрлі болатын.
Стандартты технологиялық жергілікті желілерді құру
80 –ші жылдардың ортасында жергілікті желілердегі жағдай түбірлі
өзгеріске ұшырай бастады. Компьютерлерді желіге қосудың Ethernet, ArcNet,
Token Ring сияқты стандартты технологиялары бекітілді. Олардың дамуына
дербес компьютерлердің пайда болуы үлкен әсер етті. Бұл көпшілік өнімдер
желіні құру үшін тамаша элемент болды, бір жағынан, желілік программалық
жабдықтың жұмысына жеткілікті қуаты болса, екіншіден, өзінің есептеу қуатын
күрделі есептерді шешуге, сонымен бірге қымбат сыртқы құрылымдарды және
дискілік массивтерді бөліп пайдалануға арнап біріктірілуге сұранып
тұрғандай еді.
Сондықтан да жергілікті есептеу желілерінде дербес компьютерлер
клиенттік компьютерлер ретінде ғана емес, деректерді сақтау және өңдеу
орталықтары, яғни, желілік серверлер ретінде де пайдаланыла бастады. Бұл
тұрғыда мини-компьютерлер мен мэйнфреймдер ығыстырылды.
Жергілікті есептеу желілері (ЖЕЖ) ауқымды желілерге қарағанда
қолданушылардың жұмыс әдістерін ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Бөлінген
ресурстарға ену ыңғайлана түсті, қолданушыға бар ресурстардың тізімін қарап
шығу ғана қалды, олардың аттары мен идентификаторларын есте сақтаудың
қажеті болмады. Алыстағы ресурспен қосылғаннан кейін, қолданушыға белгілі
жеке ресурстар үшін пайдаланылатын бұйрықтарды қолданып жұмыс істей беруге
мүмкіндік туды.
Мұндай прогрестің салдарымен қатар қозғаушы күші ретінде кәсіпқой емес
қолданушылар қатары пайда болды. Оларға желіде жұмыс істеудің арнайы
(сонымен бірге күрделі) бұйрықтарын үйреніп білудің қажеті жоқ еді. Аталған
ыңғайлы жұмыс тәртібін орнату сапалы кабельдік байланыс жолдарының пайда
болуының арқасында мүмкін болды. Бұл байланыс жолдарында бірінші буынның
желілік адаптерлерінің өзі деректерді 10 Мбитс жылдамдықпен жіберуді
қамтамасыз ете алады.
Әрине, ауқымды желіні құрушылар үшін мұндай жылдамдық арман болатын,
оларға қолда бар байланыс арналарын қанағат тұтуға тура келді, себебі
ұзындығы мыңдаған километрге созылған есептеу желілері үшін жаңа кабельдік
жүйелер тарту аса қымбатқа түсер еді. Ал қолда бар телефон байланыс
арналары дискретті деректерді үлкен жылдамдықпен тасымалдауға жарамсыз
болатын, 1200 битс жылдамдық олар үшін жақсы нәтиже болып саналатын.
Сондықтан да байланыс арналарының жіберу мүмкіндігін үнемді шығындау
ауқымды желілер бойынша деректер тасымалдау әдістерінің тиімділігінің
негізгі шарты болып табылады. Осындай жағдайда жергілікті желілерге тән
алыс ресурстарға айқын, ашық ену процедуралары ауқымды желілер үшін ұзақ
уақытқа қол жеткізбес байлық болып қала берді.
Қазіргі заманғы тенденциялар
Бүгінгі таңда есептеу желілері тез дами түсуде. Сапасы жағынан
жергілікті желілердің кабельдік жүйесінен кем түспейтін жоғарғы жылдамдықты
байланыс арналарының пайда болуының арқасында жергілікті және ауқымды
желілер арасындағы алшақтық азая түсуде. Ауқымды желілерде ресурстарға
енуге мүмкіндік беретін ыңғайлы да айқын қызмет түрлері пайда болды. Бұған
мысал ретінде әйгілі ауқымды желі Internet бойынша көрсетілетін қызмет
түрлерін атасақ та жеткілікті.
Ауқымды желілер де өзгеріске ұшырай бастады. Компьютерлерді қосатын
пассивті кабельдің орнына ол желілерде көптеген түрлі коммуникациялық
жабдықтар − коммутаторлар, бағыттауыштар, көмейлер пайда болды. Осындай
жабдықтардың арқасында мыңдаған компьютерлерден тұратын күрделі құрылымды
үлкен корпоративті желілерді құру мүмкіндігі ашылды. Үлкен компьютерлерге
деген қызығушылық қалпына келді. Жүздеген серверлерден тұратын жүйеге
қызмет көрсетудің оңай емес екендігіне көз жеткен соң, олардың орнына
бірнеше үлкен компьютерлерді пайдалану ыңғайлы болатын. Эволюциялық
спиральдың жаңа даму сатысында мэйнфреймдер корпоративті есептеу
желілеріне Ethernet немесе Token Ring-ті, Internet-тің арқасында желілік
стандарт құқығына ие болған хаттамалар стегі TCPIP-ді қолдайтын, заңды
желілік түйіндер түрінде қайтып келе бастады.
Жергілікті және ауқымды желілерге бірдей қатысты тағы бір маңызды
тенденция пайда болды. Бұрын есептеу желілерінде өңделіп көрмеген дауыс,
видеокескіндер, суреттер түріндегі ақпараттар таратылып, өңделе бастады.
Мұның өзі хаттамалар, желілік операциялық жүйелер мен коммуникациялық
жабдықтар жұмыстарына өзгерістер ендіруді талап етті. Мультимедиялық
ақпараттарды желі бойынша жіберудің күрделілігі деректер пакеттерін жіберу
кезіндегі кідірістерге деген желінің сезгіштігіне қатысты. Себебі
кідірістер желінің соңғы түйіндерінде ақпараттардың бұрмалануына соқтырады.
Файлдарды тарату электрондық пошта сияқты есептеу желілерінің дәстүрлі
қызметтері кідірістерді аз сезетін трафик құратындықтан, желінің барлық
элементтері соларға сәйкестендіріліп таңдалған, сондықтан да нақты уақыт
трафигінің пайда болуы үлкен проблемаларға әкеліп соқтырды.
Бүгінгі таңда бұл проблемалар әртүрлі жолдармен шешілуде, солардың бірі
− әртипті трафиктерді жіберуге негізделген ATM технологиялар. Жергілікті
және ауқымды желілердің технологияларының қосылуы ғана емес, кез-келген
ақпараттық желілердің − есептеу, телефон, телевизиялық тағы басқа
технологиялардың қосылуына жету мақсатында жасалатын істер әлі алда және
проблемалар жеткілікті.
Есептеу желілер
і
Есептеу желілеріндегі программалық және аппараттық байланыстар әлсіз,
ал байланыстар одан да әлсіз. Компьютерлер арасындағы байланыстар байланыс
арналары бойымен қосылған арнайы сыртқы құрылымдар − желілік адаптерлер
арқылы орнатылады. Әрбір компьютер өзінің жеке операциялық жүйесінің
басқарумен жұмыс істейді. Желінің компьютерлері арасындағы жұмысты бөлетін
қандай да бір "ортақ" операциялық жүйе мұнда жоқ. Желінің компьютерлері
желілік адаптерлер және байланыс арналары арқылы бір-бірімен хабарламалар
алмасу арқылы өзара байланысады. Осы хабарламалардың көмегімен көбінесе бір
компьютер екіншісінің жергілікті ресурстарын пайдалануға рұқсат сұрайды.
Ондай ресурстар ретінде дискіде сақталған деректер, принтерлер, модемдер,
факс-аппараттар сияқты әртүрлі сыртқы құрылымдар болуы мүмкін. Желідегі
әрбір компьютердің жергілікті ресурстарын қолданушылар арасында бөліп,
ортақ пайдалану − есептеу желілерін құрудағы негізгі мақсат.
Тұжырымдар
• Есептеу желілері − компьютерлік технологиялардың даму эволюциясының
нәтижесі.
• Есептеу желілері дегеніміз − байланыс жолдарымен қосылған компьютерлер
тобы. Байланыс жолдары кабельдер, желілік адаптерлер және басқа
коммуникациялық жабдықтар арқылы құрылады. Барлық желілік жабдықтар
жүйелік және қолданбалы программалық жабдықпен басқарылады.
• Желінің негізгі мақсаты − желідегі қолданушылар үшін ондағы барлық
компьютерлердің ресурстарын ортақ пайдалануға мүмкіндік жасау.
• Есептеу желілері − бөлшектенген жүйелердің бір түрі, олардың
артықшылығы есептеулерді параллель орындауды қамтамасыз ету, ал оның
өзі жүйенің өнімділігін және орнықтылығын арттырады.
• Желілердің дамуының маңызды кезеңі − әртүрлі текті компьютерлерді тез
және тиімді қосуға мүмкіндік беретін Ethernet сияқты стандартты
технологиялардың пайда болуы.
• Есептеу желілерін пайдалану өнеркәсіп үшін келесі мүмкіндіктерге қол
жеткізуге жағдай жасайды:
o құны жоғары ресурстарды бөліп қолдану;
o коммуникацияларды жетілдіру;
o ақпараттарды пайдалануды жақсарту, жеңілдету;
o шешім қабылдауды тездету және сапасын жоғарлату;
o компьютерлердің территориялық орналасуының еркіндігі.
Ең қарапайым желі (network) өзара кабель арқылы қосылған екі
компьютерден тұрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдалануға мүмкіндік
береді. Барлық желілер (олардың күрделілігіне қарамастан) осы қарапайым
принципке негізделген.
Компьютерлік желілер деректерді ортақ пайдалану қажеттілігінен туды.
Дербес компьютер − құжаттарды құру, кестелерді даярлау, графикалық деректер
мен ақпараттардың басқа түрлерінін өңдеудің таптырмас құралы бола тұра, сіз
өз ақпаратыңызбен басқа адамдармен бөлісе алмайсыз. Желіге дейін барлығы
автономды ортада жұмыс істеген.
Анықтама. Желі – деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы
аппаратураның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.
Анықтама. Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында немесе
одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды және интерактивті байланыс орнатуды
қамтамасыз ету.
Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:
- деректер;
- принтерлер;
- модемдер;
- басқа құрылғылар.
Деректерді ортақ пайдаланудың жаңа тәсілдерінің пайда болуына байланысты,
келтірілген тізім үнемі толықтырылып отырады.
Анықтама. Ресурстар дегеніміз – деректер, қосымшалар, сыртқы
құрылымдар (дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем және басқалар).
Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді және бір
принтерді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.
Анықтама. Интерактивті байланыс дегеніміз – нақты уақыт аралығында
хабарламалармен алмасу.
Анықтама. Жергілікті желі – жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы
желіге қосылған өзара жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан
компьютерлер тобы.
Анықтама. Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді және алыс
байланыс жолдарын (телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен
алыста орналасқан компьютерлердің тобы.
Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның аумағында,
мысалы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше
компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады. Желі ресурстарды ортақ
пайдалана отырып, интерактивті қосымшалармен жұмыс істеуге, мысалы,
электрондық пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылықтарға қол
жеткізеді, соның ішінде:
- деректерді және сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде
шығындарды төмендетуге;
- қосымшаларды стандарттауға;
- деректерді уақытында алуға;
- тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.
Қазіргі таңда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желілерінің
(ЖЕЖ) аумағынан шығып, елдер мен континенттерді байланыстыратын ауқымды
компьютерлік желілер (АКЖ) дәрежесіне жетті.
Желілер типтері
Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі және сервердің
негізіндегі желі.
Анықтама. Сервер – өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы
компьютер.
Бір рангілі желілерде әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер
ретінде де қызмет етеді. Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай
желілер деректер мен сыртқы құрылымдарды бөлуді жылдам қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталықтанбағандықтан, жетілген,
жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қиын.
Анықтама. Клиенттер – желілік ресурстарды пайдаланатын компьютерлер.
Анықтама. Беріліс ортасы – компьютерлерді өзара қосу тәсілі.
Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдері ортақ пайдаланылатын болса,
сервердің негізіндегі желіні қолданған тиімді. Желінің қызметін байқай
отырып, администратор деректерді қорғауды басқара алады. Мұндай желілерде
желілік трафиктің көлеміне, сыртқы құрылымдардың мөлшеріне байланысты бір
немесе бірнеше сервер болуы мүмкін. Мысалы, бір желіде принт-сервер,
коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері болуы мүмкін.
Қорытынды: Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер
1) қолданушылар саны оннан аспаса;
2) қолданушылар өзара жақын орналасқан болса;
3) деректерді қорғаудың маңызы болмаса;
4) фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер
1) қолданушылар саны көп;
2) деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса.
Бір рангілі желілер мен сервердің негізіндегі желілерден басқа осы
желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің
негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі
қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.
Компьютер-клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі ресурстарға
қатысуды және сонымен қатар өздерінің қатты дискілерін, қажетінше
деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын ОС Microsoft Windows NT Workstation
немесе Windows 98 операциялық жүйелері орындалуы мүмкін.
Екі негізгі желілер типтерінің сипаттамасы 1-ші кестеде келтірілген.
Екі негізгі желілер типтерінің сипаттамасы
Кесте-1
Бір рангілі желі Сервердің негізіндегі желі.
Негізгі Барлық ДК-дің құқықтары бірдейБөлінген (белгіленген) сервер
жағдайлар Әрбір ДК client ретінде де дегеніміз – сервер ретінде жұмыс
және server ретінде де қызмет істейтін және желілік
етеді клиенттердің сұраныстарын тез
Әрбір қолданушы өз ДК-нің өңдеу үшін оңтайландырылған ДК.
қандай деректерін желіде ортақСерверлер әртүрлі болып келеді:
пайдалануға болатынын өзі Файлдвр мен баспа серверлері
анықтайды. Қосымшалар серверлері
Пошталық серверлер
Факс серверлер
Коммуникациялық серверлер
Каталогтар қызметі серверлері
Өлшемі Бірнеше мың қолданушы. Сервер мен
Желідегі ДК-дің саны 10-нан желінің аппараттық жабдықталуымен
аспайды. шектеледі.
Құны Қуатты сервердің қажеті жоқ,
сондықтан желінің құны төмен.
ОперациялыMicrosoft (98, NT Workstation,Желінің барлық аппараттық
қ жүйелер Workgroups) фирмасының ресурстарын орындай алатындай
операциялық жүйелерінде бір операциялық жүйе қажет (Microsoft
рангілі желіні қолдау Windows NT Server 4.0)
орнатылған, сондықтан қосымша
программалық жабдықтаудың
қажеті жоқ.
Басқару Жүйелік администратор Орталықтанған, яғни администратор
тағайындалмайды. Әрбір тағайындалады. Ең болмағанда бір
қолданушы өзінің ДК-ін өзі администратор қажет.
басқарады.
Ресурстар Барлық қолданушылар өз Ресурстар орталықтанып
ресурстарымен басқалармен орналасқан, бұл оларды іздеу мен
бөліседі. қызмет көрсетуді тездетеді және
көшірмелерін үнемі алып отыруға,
сақтауға мүмкіндік береді.
ДК-ге Ресурстардың үлкен бөлігі Клиенттік ДК-ге қойылатын
қойылатын қожайындікі. Қалған бөлігі талаптарды қолданушы өзі
талаптар желілік қолданушыларға анықтайды (ОЗУ 32 – 64 Мб).
ұсынылады.
Қорғау Желі қорғанысы төмен, себебі Деректерді жан-жақты,
әрбір қолданушы өзі анықтайды.орталықтандырылған қорғау
Қолданушы Қолданушылардың білім Қолданушының білім деңгейіне
ларды деңгейлері жеткілікті түрде жоғары талап қойылмайды
оқыту жоғары
Сервердің аппараттық жабдықталуы
Жедел 12-32 Мб 64 Мб-тан жоғары
есептеу
құрылғысы
Процессор 386-ден жоғары Pentium
Қатты дискҚолданушы талабына сәйкес Ұйым талабына сәйкес анықталады
анықталады. (2 Мб жоғары)
Негізгі топологиялар
Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген
сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін
арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір
топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды
жеңілдетеді. Экономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс
жолдарының ұзындығы минималды болып келетін топологияларға таңдау түсетіні
түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және
желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
• қажетті желілік жабдықтардың құрамына
• желілік жабдықтардың сипаттамасына
• желіні ұлғайту мүмкіндігіне
• желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай
мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш
топология негізінде құрылады:
• шина
• жұлдызша
• сақина
Анықтама. Шина – компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей
қосылған (Сурет 2).
Сурет 2. Шина топологиясымен қосылған қарапайым желі
Шина топологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі. Сигналдарды
жіберу. Деректер электрлік сигналдар түрінде желінің барлық
компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды.
Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні
құраушы компьютерлер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл –
желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана. Одан басқа да
факторлар жеткілікті:
• желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы
• компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі
• жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері
• желілік кабельдің типі
• желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.
Шина – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін
деректерді тек тыңдайды, бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын
қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың
жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды
қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.
1. Сигналды шағылдыру – сигнал, адресатқа жеткеннен кейін өшуге тиіс,
өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағылысады да басқа компьютерлердің
деректерді жіберу жолын жауып тастайды.
2. Терминатор – сигналдарды жұтушы. Ол кабельдің кез-келген бос ұшына
жалғанады (Сурет 3).
Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір компьютер автономды
тәртіпте жұмыс істейді.
Сурет 3. Терминаторлар сигналдарды жұтады
Кабельді ұзарту:
а) кабель баррел-коннектордың көмегімен қосылады (бірақ бұл тәсіл сигналдың
әлсізденуіне соқтырады, сондықтан да байқап қолданған дұрыс);
б) кабель репитордың көмегімен қосылады (сигналды күшейткіш құрал
Сурет 4 ).
Сурет 4. Репитор кабель бөліктерін қосып, сигналды күшейтеді
Анықтама. Жұлдызша – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден
қосылады (Сурет 5).
Сурет 5. Жұлдызша топологиясымен құрылған қарапайым желі
Жұлдызша топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор
(hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған (Сурет 6). Сигналдар
жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі
– үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент
істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер
бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.
Сурет 6. Концентратор – жұлдызша топологиясымен қосылған желінің орталық
түйіні
Анықтама. Сақина – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға
тұйықталған (Сурет 7).
Сурет 7. Сақина топологиясымен құрылған қарапайым желі
Сақина топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп,
әрбір компьютерден өтеді. Шина пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда
әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып
келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса,
бүкіл желі жұмысын тоқтатады.
Сақина топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі.
Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі.
Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды
қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады.
Маркердің сақина бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-
пар.
Құрама топология – жұлдызша-шина – шина және жұлдызша
топологияларының қиыстыруы, яғни бірнеше жұлдызша топологиясымен қосылған
желілердің магистральдық сызықты шинамен біріктірілуі (Сурет 8).
Сурет 8. Жұлдызша-шина топологиясымен құрылған желі
Жұлдызша-сақина топологиясының жұлдызша-шина топологиясынан
айырмашылығы концентраторлар бас концентратордың негізінде жұлдызша құрайды
(Сурет 9).
Сурет 9. Жұлдызша-сақина топологиясымен құрылған желі
Топологияны таңдау
Кесте-2
Топология Артықшылығы Кемшілігі
Шина Кабельді үнемдейді. Беріліс Желідегі компьютерлер саны
ортасын пайдалану құны төмен, өскен сайын оның жылдамығы
қарапайым, сенімділігі жоғары.төмендейді. Кабельдің істен
Желіні жеңіл ұзартуға болады. шығуы көптеген қолданушылардың
жұмысын тоқтатады,
Проблемаларды тез шешу қиынға
түседі.
Сақина Желідегі барлық Бір компьютердің істен шығуы
компьютерлердің үстемдіктері желі ні түгелдей тоқтатады.
бірдей. Қолданушылардың саны Проблемаларды тез шешу қиынға
желі өнімділігіне әсер түседі. Желі конфигурациясын
етпейді. өзгерту үшін оның жұмысын
тоқтатуға тура келеді.
Жұлдызша Желіге жаңа компьютерлер қосу Орталық түйіннің істен шығуы
арқылы жеңіл модификациялауға желі жұмысын тоқтатады.
болады, Бақылау мен басқару
орталықтанған. Бір
компьютердің істен шығуы желі
жұмысына әсер етпейді.
Түйін:
Топология дегеніміз − компьютерлердің нақты физикалық орналасуы.
Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: шина, жұлдызша,
сақина. Осы топологиялардың қиысулары арқылы әртүрлі құрама топологиялар,
мысалы жұлдызша-шина, жұлдызша-сақина алынады.
Шина – кең қолданылатын қарапайым топология. Барлық компьютерлер бір
кабель бойымен қосылып сызықтық құрылым құрайды. Сигналдар желінің барлық
компьютерлеріне бірдей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель
соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді бір уақытта тек бір компьютер
жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы
төмендейді.
Жұлдызша топологиясында әрбір компьютер концентратор деп аталатын
орталық компонентке тікелей жалғанған. Егер орталық компонент істен
шықса, желі жұмысы тоқтайды.
Сигнал немесе маркер әрбір компьютерден өтіп сақина бойымен жүріп
отырады (сағат тілінің бағыты бойынша). Компьютер бос маркерді
қабылдағаннан кейін деректерді желіге жібереді. Қабылдаушы компьютер
деректердің көшірмелерін алып, олардың қабылдандығы жайлы белгі жасайды.
Деректер ары қарай желі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді
жойып бос маркерді желіге қайтарады. Концентратор трафикті бір нүктеге
орталықтандыру үшін қажет. Егер концентратор орнатылған желідегі кабель
үзілсе, онда ол бүкіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана
әсер етеді. Концентраторлар желінің ұзартылуын жеңілдетіп, әртүрлі
кабельдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
1.2. Тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі
(қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.
Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана
алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET
жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті
"күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер,
компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар.
Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға
жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер
қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы)
президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа
жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті
INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай
пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар
басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып
саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.
Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-
бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта кұрылып, қалыпты
жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ен үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде.
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана
жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер
нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің
көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер
базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады).
INTERNET-ке қосылу дегеніміз — баска жерлерде тұрған 1000-даған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар
көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді,
дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлык
информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқ6ылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін
теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ кұпия
архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET
компаниясы да тек біреу емес.
Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де
емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие
емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған.
Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай
пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін
ақшасын, мұхитаралық кабел құнын -кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де
әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап
отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздіц
Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек,
мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда
енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап
алатыныңызға сенгіміз келеді).
INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді дс түгел
айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп
жатады.
lNTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер
әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше
түрі бар, олар:
- косылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.
1.3. Тұрақты қосылып тұратын байланыс түрлері
Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCPIP
желісіне қосылған (Transmission Control Protocol Internet Protocol -
жеткізуді баскару протоколыинтержелі протоколы) түрінде болады, бұл
INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен
тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс
ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен
корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш
орнатып, бағдарлауыш INTERNET -Ке кызмет ететін компьютермен (хост-
компьютері) косатың телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен
Internet арасындағы байланыс тұракты сакталады, сондықтан провайдер-
компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу кажет емес, ауқымды
желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet
арқылы мәлімет жібере (алады) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol
немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін
Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point
Proprotocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс
түрі сирек кездеседі, бұл да TCPIP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты
пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бүл түр түрақты қосылып
тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютнрге
қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол
желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мең бір телефон номірі қажет
болады. Солар аркылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен
қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір езгеріс
жоқ.
Почталық байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық
байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер
бірден Internet-пен почталык байланысқа кіре алады. Олар өз почтасың
Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe
жүйссінде почта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр
түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған
абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways)
деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық катынастың колмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі
тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да
UUCP деген почталық байлаыыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін
жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (Бүл туралы келесі сабақта
айтылған).
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде
екені бізге белгілі болсын. Ол файл тсгін берілетін программа, жұмысқа
ксрскті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол
файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе
колданылады (File Transfer Protocol — FTP). Практикада FTP немссе ftp
термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін
компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу
үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет істетін арнаулы
программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген
FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан
администратор рүқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бүл тәсіл анонимдік
ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз
(аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық
адресін енгізеді. Ал көп кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру
атауын (namied) жәнснемесе паролін (password) білу қажет болады.
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру
сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
open ftp.relcom.su nameid password — FTP-серверге кірердегі сұраныс
тізбегі, мұндағы:
open FTP-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.rsu — FTP-серверінін қажетті информациямен толықтырылған
аты;
nameid — пайдаланушының кіру аты немесе anonimus; password — сұраушы
адамның паролі немесе оныц почталық (E-mail) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі
командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда: help — сервер командалары
бойынша анықтама беру; quit — сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты
командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
cd каталог_аты — каталогты ауыстыру;
cd.. — жоғарғы деңгейден каталогка қайту;
get файл_аты — FTP-серверден файл алу;
binary — екілік файлдарды жіберуалу режиміне ауысу (типтері ехе, com,
arj), гаг, tar, zip және т. б.)
dir — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар
жиынтығын HELP командасы арқылы алуға болады.
FTP-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан
мысал келтірейік.
cd pub — барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын
(директориін) пайдалану; dir — сол каталог файлдар тізімін беру; get
03ndex.txt — FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
binary — екілік файлдарды өңдеуге өту; get far 140.zip — FTP-
серверден екілік файл алу; quit — FTP-серверден ажырау (байланысты үзу).
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz