ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Қорғауға жіберілді Дипломдық жұмыс жетекшісі:

“”2009ж. информатика және қолданбалы

Информатика және қолданбалы математика кафедрасының

математика кафедрасының аға оқытушысы Бостанов Б. Ғ.

меңгерушісі п. ғ. д, профессор,

Бидайбеков Е. Ы. Орындаған: 050111информатика

мамандығының 4-курс студенті

Қасқырбаева А.

Алматы 2009ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1−тарау. Компьютерлік желілер, электрондық пошталар және оларды
ұйымдастру

1. 1. Жергілікті желі және желілердің түрлері . . . 6

1. 2. Интернеттегі электрондық пошталар және оларды
ұйымдастырылуы . . . 53

2−тарау. Интернет желісіндегі электрондық поштаны практикада қолдануды
оқытудың әдістемесі.

2. 1. Интернеттегі электрондық пошталарды оқытудың маңызы және
мақсаты . . . 62

2. 2. Мектеп информатикасындағы интернет және электорондық поштаны

оқытудың әдістемесі . . . 69

Қорытынды . . . 74

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 75

Қосымша 1. «Интернет желісіндегі электрондық пошталарды оқыту»

электрондық оқыту құралына сипаттама . . . 76

Қосымша 2. Бағдарлама листингі . . . 79

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамды ақпараттандыру жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушылар санының арта түсуін талап етеді. Ақпараттандыруда білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда, ол жаңа ақпараттық технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып, оларға ықпал етеді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік деңгейде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керектігін және он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамыту қажет екендігін атап айтты.

Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін қоғамды ақпараттандыруға байланысты жүріп жатқан әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің жүзеге асыруын талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды, әсіресе, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану ерекше орын алады.

Білім беруді ақпараттандырудың әсерінен оқытудың мақсаты мен мазмұнының жаңа бағыттары пайда болады:

-Барлық білім деңгейіндегі оқу пәндерінің мазмұнына әсер ететін ақпараттандыру құралдарының кеңінен қолданылуы;

-информатика айналасында оқышылардың дайындығын қамтамасыз ететін оқу пәндерінің болуы;

-жаңа ақпараттық қоғам мүшесін дайындауға бағытталған ақпараттандырудың оқытудың мақсатына әсер етуі.

-білім беру саласында электрондық поштаны оқыту әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану.

Ал, бұл бағыттардың іске асуына мектептегі информатика курсының маңызы зор. 60-70 жылдары мектепте енгізілген бағдарламалау мен ЭЕМ негіздерінің алғашқы қадамы А. А. Кузнецов, В. М. Монахов, В. С. Леднев, Я. А. Ваграменко, С, И Шварцбург және тағы да басқа ғалымдар есімдерімен байланысты. 1985 жылы елімізде жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жоспарына « Информатика және есептеу техникасы негіздері» деген жаңа пән енгізілді. Осыған орай арнайы әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз ету талап етіледі А. П. Ершов, А. А. Кузнецов, В. М. Монахов, А. Ю. Уваров, И. В. Роберт тәрізді ғалымдардың еңбектерінде баяндалады. Бұл еңбектерді мектептегі білім беру жүйесін ақпараттандырудың алғашқы кезеңі деп қарастыруға болады.

Соңғы жылдары әрбір тәуелсіз мемлекетті білім беру жүйесін ақпараттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған орай елімізде информатиканың оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша негізгі жетістіктер Е. Ы. Бидайбков, Е. Ө, Медеуов, Ж. А. Қараев, С. К. Қариев, Т. О. Балықбаев, Қ. С. Әбдиев, С. Т. Мұханбетжанова, Г. З. Халықова, Т. Х. Хакимова және т. б көптеген ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты. Бұл ғалымардың жұмыстары негізінде мектептегі информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйеісі жасалды. Сонымен қатар, компьютерді мектепке енгізуге байланысты туындайтын мәселелерді кешенді шешудің жолдары іздестірілді. Жалпы жоғарыда келтірілген еңбектер елімізде информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша біршама жұмыстардың атқаралып отырғандығын көрсетеді.

Орта мектептің оқыту жүйесінің жаңаруы мен базалақ білім беру мазмұны құрылымның өзгеруіне байланысты информатика курсын негізгі мектептердің 7-9- сыныптарында және 10-11- сыныптарында мамандыққа баулу курстары жаратылыстану, гуманитарлақ бағыттары бойынша оқытылып жатқандығы бәрімізге белгілі . Білім беру мазмұнындағы қазіргі мектеп информатикасы біртұтас оқу пәні ретінде білімнің, ғылымның қазіргі кезеңіне сәйкес елетін жаңалықтарын қамтиды. Сонымен қатар, информатика пәні оқушыларды жалпы біліммен қаруландырумен ғана шектелмей, олардың ақпаратық мәдениетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының информатика пәні бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты енгізілгелі белгілі. Аталған стандарт телекоммуникация мүмкіндіктері мазмұндық желісін оқытуда информатиканың білімдік негізін құрай отырып, оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын технологиялардың мүмкіндіктері мен оларды нақты оқу үдерісінде пайдалану әдістемесі әлі де бір жүйеге түспей, бір-бірімен байланысы жоқ жекелеген ұсыныстар деңгейінде қалыптасып отыр. Орта мектептің информатика курсындағы электрондық поштаны оқытудың мүмкіндіктері әлі күнге дейін толық ашылмағандығын байқаймыз. Сондай мүмкіндіктердің бірі - дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға қойылатын талаптарды, принциптерді қанағаттандыру болып табылады. Осы орайда оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру тұрғысынан орта мектептегі информатиканың базалық курсындағы электронды поштаны оқытудың әдістемесін жетілдіру көкейтесті мәселесі болып алдыңғы кезекке шығады.

Осы орайда, қазіргі қоғам дамуында оқушыларды стандарт талабына сай электрондық поштаны оқыту әдістемесінің жете зерттелмеуі қарама-қайшылық туғызады. Ал, оқушыларға сапалы білім беруде стандарт талаптарын қанағаттандыратындай етіп дайындау, сондай-ақ оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру тұрғысынан электрондық поштаны пайдалану зерттеу жұмысының мәселесіболып табылады.

Осыдан жоғарыда келтірілген мәселенің шешу жолын табу, қиындықтар мен қайшылықтарды жою « Интернет желісіндегі электрондық поштаны қолдануды оқытудың әдістемесі » тақырыбын таңдап алуға негіз болды.

Түлектік жұмыс мақсаты - жалпы білім беретін мектептің информатика пәнінің негізгі курсының интернетжелісіндегі электрондық поштаны оқытуды жетілдіру және электронды оқу құралын ұсыну

Түлектік жұмыс міндеті - оқушыларға, студенттерге және жалпы пайдаланушыларға интернет технологиясының электрондық пошталар жүйесі курсы бойынша әдістемелік құрал жасап көрсету және қажетінше мәліметтер ұсыну.

1−тарау. Компьютерлік желілер, электрондық пошталар және оларды ұйымдастыру

1. 1. Жергілікті желі және желілердің түрлері

Компьютердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды. Компьютерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз-берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.

Компьютерлік желі - саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желілер компьютерлерден басқа да желілік құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желі арқылы жіберуге арналған ақпаратты түрлендіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат- желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі ( кодтау процесі), осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі ( декодтау процесі) .

Компьютерлер, компьютердік желіге желілік тақша деп аталатын интерфейстік блок - желілік адаптер арқылы қосылады.

Желілік адаптер - компьтердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Кең таралған адаптерлерге: Token Ring және Arc Nett типтері жатады. Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді. Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.

Желілік құрылғыларға концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Кабельдік тікелей жалғау . Екі компьютерді желіге қосудың Direct Cable Connection (DCC) - тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бүл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажеті жоқ: компьютерлер бір - біріне параллель немесе порттары арқылы қосылады.

Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі - жетекші, екіншісі жетекте болады. Тікелей кабельдік жалғаудың кемшілігі дерек тасымалдау жылдамдығының баяулығы. Сол себепті тікелей жалғау мекемелерде сирек қолданғанмен, тұрмыстық жағдайда қолдануға ыңғайлы. Тікелей жалғау арқылы бірнеше адам қатысып ойнайтын көптеген компьютерлік ойындар жұмыс істейді.

Екіден көп бірнеше компьютерді бір - бірімен байланыстыру үшін тікелей жалғау жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге желілік тақша орнатылуы қажет, оларды бір - бірімен кабель арқылы байланыстырып, компьютердердің бірлескен жұмысын басқаруға арналған арнайы программаларды іске қосу керек. Егер компьютерлер бір - бірінен өте алшақ

орналаспаса, олар бір программалық қамтамасыз ету кестесімен басқарыла береді. Осындай желіні жергелікті желі деп атаймыз.

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент - сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент -сервер түріне жатады. Клиент - сервер желісіндегі серверден басқа компьтерлер жұмыс станциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.

Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т. б қосылады.

Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады. Клиент - сервер типіндегі желілер қамтылған ресурстарды толығымен қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте сервер жұмыс өнімділігімен және қатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігімен ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискілер (накопители), принтерлер, модем, CD - ROM (компак -диск) дискілері серверге қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен сервермен байланысу қажет. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағынасында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресурстарын бірдей қолдана алады және ресурстарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі - онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Деңгейлері бірдей Компьютердік желілерде әрбір жұмыс станциясы басқалары үшін сервердің қызметін атқара алады.

Windows 2000 операциялық жүйесі ортақ пайдалануға арналған

деректерді кез келген компьютердің пайдалануына толық мүмкіндік береді.

Мұндай басқаруды - жүйелік саясат немесе жүйелі ереже деп те атайды.

Компьютердік желідегі жүмыстарды басқаруға жауапты және жүйелік

саясатты реттейтін маманды - жүйе басқарушысы немесе жүйелік әкім

(администратор) деп атайды. Компьютердік желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

• ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;

• бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

• электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланылатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

• желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;

• интернетке қосылу мүмкіндігі;

• ақпараттың резервтік көшірмесін алу және

орталықтандырылған қорғау.

Бір рангілі желіге қосылған әрбір компьютер ресурсты пайдаланушы(клиент), сонымен қатар желінің басқа тораптарына өзінің жергілікті ресурстарына бар барлық немесе оның кейбір бөлігін ғана

(файлдар, принтерлер, программалар) қатынас құру құқықтары (сервер) ретінде ұсына алады. Бір рангілі желіде Windows 98 жэне Windows 2000 Professional операциялық жүйелері орнатылған компьютерлер болса, Windows 98 орнатылған компьютерге оны баспа сервері ретінде қолданып,

принтерді қосуға, ал Windows 2000 Professional орнатылған компьютерді файлдардың ерекшеленбеген сервері ретінде ақпараттады сақтау үшін пайдалануға болады.

Бір рангілі желі құру үшін жоғарыда айтылған операциялық жүйелері бар стандартты программалық және желілік жабдықтар ( кабельдар, желілік адаптерлер) қажет. Тек MS-DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейін желіге қосуға болады. Бір біріне жақын орналасқан бір рангілі желіге қосылған бірнеше компьютер жұмыс топтарына біріктіріледі. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескерту қажет, мысалы бухгалтерия бөлімі компьютерлерін «Бухгалтерия тобына» т. с. с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы қызмеін атқара алады. Жұмыс тобының мүшелері өз компьютерлеріне қосылған ресурстарды өздігімен ортақтаса пайдалануға береді. Жұмыс тобына арналған тіркеу жұмыстары жүргізілмейді, себебі мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерді орталықтандыратын басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйе Professional операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейтін әрбір компьютер өзінің қорғану саясатын және тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.

Желідегі компьютерлер санының артуына қарай мәліметтерді тасымалдау қиындай түседі. Мұндай жағдайда сервері бар желі кұрып, компьютерге ресустар мен тұтынушыларды ортальқтан басқару мүмкіндігін беретін қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесін орнатқан абзал.

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылымдарымен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тізбекті жене параллель қосылатын болып екіге белінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бүл компьютерлердің арасында алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану максатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.

Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастырған теміржол және әуе қатнасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар

санын білу мүмкін емес ғаламдық акпараттық Интернет желісі. Қазіргі кезде компьютерлік желі кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады.

Компьютер желіге желілік тақташа, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес модем қажет.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық желілер - ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады (абонеттік жүйелер) . Мұндай масштабтағы желілер аппараттык, ақпараттьқ, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады.

Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндік бар.

Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғыларыры, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейде желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникацияльқ желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық жене цифрлық кодтау қолданылады.

Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі - желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиынтығы. Онда білім базасы, автоматтандырылан деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.

Интернет желісі әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жаластырылған жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет, болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелік байланыс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т. б. қолданылады.

Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. . Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштатағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі.

Ақымды желі немесе Интернет - адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.

Интернет - (ағылшынша Internet - желіаралқ байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды камтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Мысалы: жергілікті желі арқылы жіберілген хабар, басқа континентте пайдаланушыға жетпес бұрын бірнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.

Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қрғау меселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.

Интернет - компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көрсететін 2 млн-нан. астам тораптық, компьютерлерді қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсіп отырады .

Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және Arc Nett типтері жатады. Адаптердің әр типі деректерді тарату және желімен қатынасудың нақты бір технологиясына сәйкес келеді.

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі.

Байланыс желісінің сымды және сымсыз түрлері бар.

Желілік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Бір-біріне жақын орналасқан бір рангілі желіге қосылған бірнеше компьютер жұмыс топтарына біріктіріледі. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің кұрылымын ескеру қажет, Мысалы, бухгалтерия бөлімі компьютерлерін «Бухгалтерия тобына» т. с. с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент) қызметін атқара алады. Жұмыс тобының мүшелері өз компьютерлеріне қосылған ресурстарды өздігімен ортақтаса пайдалануға береді. Жұмыс тобына арналған тіркеу жұмыстары жүргізілмейді, себебі мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлерді орталықандырлған басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейтін әрбір компьютер өзінің қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.

Желідегі компьютерлер санының артуына (10 артық) қарай мәліметтерді тасымалдау қиындай түседі. Мұндай жағдайда сервері бар желі құрып, компьютерге ресурстар мен тұтышушыларды орталықтан басқару

мүмкіндігін беретін қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесін орнатқан абзал.

Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырлған тәсілі бар компьютерлер тобының домен атауы болады.

Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушысы болады. Мүмкіндігінше бір немесе бірнеше резервтік домен бақылаушы болғаны дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Internet желісімен жұмыс істеу тәсілдері
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Квест сабақтарының артықшылығы - оқытудың белсенді әдістерін қолдану
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Серверлерге қатынау хаттамасы
Ақпараттық мәдениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz