Орта мектепте информатика курсын оқыту туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І Тарау. Орта мектепте информатика курсын оқыту туралы
- Информатика курсын мектепте оқытудың әдістемесі . . . 5
- Информатикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері . . . 8
ІІ. Тарау. Интернетті пайдалану факультативтік курсын оқыту әдістемесі
2. 1 Элекрондық құралдың мазмұны және оған қойылатын талаптар………. . 15
2. 2 HTML - гипермәтінді белгілеу тілін пайдалану. . 19
2. 3 Интернетті пайдалану курсының электрондық нұсқасы және оның құрылымы . . . 22
Қорытынды . . . 92
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 93
Кіріспе
Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі мектептерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде. Соңғы бір екі жыл ішінде пайда болған жаңа программалық өнімдер жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттілігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.
Сондағы орта мектеп пен жоғарғы оқу орындарында сыныптан тыс жұмыс мәселелері тарихына тоқталсақ, бұл бағытта көп нәрселер орындалған және қарастырылуда.
Қазіргі жағдайда сыныптан тыс жұмыстың тиімді жүйесін құруда Е. Л. Белкина, Б. Г. Орловский және т. б зерттеушілер оның білім көздері мен ұйымдастырылу түрлері бойынша сұрыпталуын ұсынады. Өйткені нақты оқу жоспары жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуының, саралап оқытудың бірге, білім көздері мен сабақтың ұйымдастырылу түрлерін де бейнелейді.
Интернет-технология осы кезде информатиканың ең жылдам дамып келе жатқан саласы болып табылады. Мамандардың болжамы бойынша 2010 жылы интернет электр сяиқты қалыпты құбылыс болып қалады.
Ақпарат алу және пікірлесу, көңіл көтеру мен оқыту, жарнама, және Интернет арқылы бизнес жүргізу - міне осылар бұл саланың толықпаған мүмкінідігінің тізімі. Іскерлік белсенділікті Интернетке ауыстыру көптеген салалар мен кәсіпорындар үшін стратегиялық маңызы бар. Интернетте өкілдігі жоқ Компаниялар, өзінің бастамагершілігі мен бәсекелестігін жоғалтады.
Студенттердің локалды және жаханданған компьютерлер желісінде жұмыс жасау жөнінде тәжрибелік білімінің болуы, телекоммуникациялық компанияларда, электронды рынокта дұрыс бағдар ұстауп жетістікті жұмыс істеуінің қажетті шарттары.
Түлектік жұмыстың мақсаты жоғарғы сынып оқушыларына интернетті пайдалану факультативтік курсын оқытуға көмекші құрал ретінде курстың электрондық нұсқасын жасау.
Осы курста компьютер желісі мен желідегі ұжымдық қызметтің негізгі түрлерін ұйымдастыру мәселесі қарастырылады. Зертханалық тәжрибе ақпарат алмасу және өңдеу жөнінде желілік жұмыстардың, электрондық почтамен жұмыс, Интернет желісінде ақпаратты іздестіру жұмыстарының негізгі түрлерін қамтиды. Курстың қортынды бөлігінде студенттер Интернетте Web-сайт жасаудың негізгі құралдарымен танысады. Курстық жұмысты орындау кезінде Интернетке жарнамалық ақпараттарды жасайды және орналастырады.
1. 1 «Информатиканы және есептегіш техника негіздері» курсын мектепте оқытудың әдістемесі
Қазіргі заман ағымына қарай информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданылатындығымен анықталды. Қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қолданылатын әртүрлі информациялық технологиялардың жалпы сипаттамаларымен қатар әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен процедулардың әртүрлі жинақтарына, кибернетикалық жабдықтардың әртүріне және әртүрлі информатикалық тасымалдаушыларға негізделген пәндік информатикалар пайда болды.
Қазіргі таңда информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі халық ағарту жүйесі.
Ал, мектептегі информатиканың проблемаларын қарастыратын сала мектеп информатикасы деп аталады.
Мектеп информатикасы информатика ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде пайдаланатын ЭЕМ -ді программалық, техникалық, оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады.
Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық, басқару және оқыту жүйеелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Мектеп информатикасын техникалық қамтамасыз етудің міндеттері: мектептегі оқу тәрбие процесін сүйемелдеуге арналған техникалық құралдар да таңдауы экономикалық жағынан негіздеу; мектептегі есептеуіш техника кабинетін жабдықтаудың параметрлерін анықтау; орта мектепке арналған сериялық құралдар мен өзгеше жасалған құралдарды тиімді пайдаланудың әдістерін табу.
Мектеп информатикасын оқыту әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелі құралдар, оқулықтар жасалу қажет.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Енді мектептегі информатика курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталайық.
- Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «информатика - алгоритм - ЭЕМ» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқулықтардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.
- «Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы. Мектептердегі информатика курсының орнын жалпы ғалымдар жүйесіндегі философия ғылымының орнымен салыстыруға болады. Информатиканы оқу барысында алған білім мен іскерліктерін басқа пәндерді оқу барысында кеңінен қолдана алады.
- Мектептердегі білім қорына информатика курсы арқылы енгізілген жаңа маңызды білім - шамалар ұғымының кеңейтілуі. Оқушы бұған дейін сандық мәндерге ие болатын айнымалы шамалар мен ғана жұмыс істейді. Ал, информатика курсында әртүрлі типтегі шамалармен жұмыс істеуге тура келеді: сандық, литерлік, графикалық шамалар. Сонымен бірге, оқушылар массив түрінде ұйымдастырылған мәліметтермен танысады.
- Мектепте информатика курсының енгізілуіне байланысты мектеп тарихында алғаш рет оқушыларға есептің қойылысынан бастап, есепке алынған нәтижені талдауға дейін есептейтін практикалық есепті шығарудың барлық кезеңдері туралы мағлұмат береді. Оқушыны кез келген есептің математикалық модулін құра білуге үйретеді. Бұл информатиканы басқа пәндермен тығыз байланыстыратын буын.
Сонымен мектепте енгізілген информатика пәні дәстүрлі әдістегі іскерлік пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндерді оқытуға өзінің ерекше үлесін тигізеді.
Жалпы білім беретін орта мектепке «Информатика» курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т. с. с. Осы аталған буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Біздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын «Информатика» курсын оқыту әдістемесі. Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатиканы және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну; және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т. б. ), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
- Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз) .
- Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз) .
- Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз) .
- Оқыту туралы (Неден оқытамыз) .
- Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз) .
Бұл айтылғандардан екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар
1) кімді оқытамыз?
2) кім оқытады?
Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сұрақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай сыныптан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің кеңейтілген практикалық тәжірбиесін басшылыққа алады.
Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірбиелер жиынтығынан «информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәннің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальді білім беру, оқушыға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, оларды ойлау және шығармашылық қабілеттерін ұлғайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру - дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл- ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектепте информатика курсының практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етіуіне дайындығын қамтамасыз ететін блімдермен, дағдылармен жеке іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кездегі өндірістегі рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, дау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Сонымен қатар, информатиканың практикалық мақсатына «тұрмыстық аспектісі» де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.
Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты - оқушыларды практикалық қызметке еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барасында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы азаматтық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және ұстамдылықты, шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды жаңа талап қоюды керек етеді.
Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат - оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғарғы саналылыққа баулуға бағытталған.
1. 2 Информатикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жұмыстар
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.
Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция, сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтын тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында болық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор.
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру негізінде сабақтың нәтижесін және оқушылардың таным қабілеттірінің белсенділігін арттыруға болады.
Сыныптан тыс жұмысқа оқушылар өз қалаулары бойынша қатысады. Осыған байланысты сыныптан тыс жұмыстың қай түрі болса да, ол оқушыны жалықтырып алмайтындай, олардың қызығушылығын одан да арттыра түсетідей етіп ұйымдастырылуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстар оқу сабағының жалғасы болуымен қатар, одан өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Сыныптан тыс жұмыстардың айырмашылығы, оны оқушылар өздерінің қалаулары бойынша қатысатындықтарында. Ондай жұмыстардың түрлерін оқушылар өздері таңдайды. Бұл сыныптан тас жұмыстардың сапалы, нәтижелі болуына әсер етеді. Оқушының белгілі бір сыныптан тыс жұмысқа қатысуын, қызығуын ары қарай дамыту мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру шеберлігіне байланысты.
Информатикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың екі түрін ажыратуға болады: оқу марериялын меңгеруде басқалардан қалып, үлгермей қалушы оқушылармен (қосымша сыныптан тыс сабақтар) жұмыс және информатиканы оқуда басқалармен салыстырғанда жоғары қызығушылық пен қабілеті бар оқушылармен жұмыс жүргізу. Сыныптан тыс жұмыстың бірінші бағыты туралы айтқанда, келесі мәселені белгілейміз. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың бұл түрі кез-келген мектепте бар және қазіргі кезде өз орнын анықтап отыр. Информатиканы оқутудың тиімділігін арттыру үлгермеушілермен қосымша жұмыс істеу жұмысының маңызын төмендетуі тиіс. Бұл қосымша жұмыстар идеалды түрде тек айқын жағдайларда ғана жүргізіледі (мысалы, басқа типті мектептен ауысып келу, ұзақ уақыт емделуде болу т. с. с) . бірақ казіргі уақытта бұл жұмыс информатика мұғалімі үшін тіпті басқа мағынада қолданылып жүр. Ол информатика курсындағы оқушылардың білімі мен дағдысындағы казіргі заманғы даму үрдісі деуге болады.
Үлгермеушілермен жұмыс жүргізу және ұйымдастыру тиімділігі мұғалімдердің алдықғы қатарлы іс-тәжірибелерінен көруге болады.
- информатикадан қосымша (сыныптан тыс) сабақтар үлгермеуші шағын топтармен (3-4 адамнан тұратын) жүргізіледі; бұл топтардағы оқушылар білім алудағы бос аралықтар (пробел) мен қабілеттіліктері жағынан бірдей болуы керек.
- барынша әрқайсысымен жеке сабақ жүргізу, яғни әрқайсысына жеке тапсырмалар беріп оны орындау барыснда жеке -жеке нақты көмек көрсету.
- үлгермеушілермен жұмыс жұргізу формасы аптасына бір рет болады және жоспарлы түрде үй тапсырмаларымен қоса жеке жоспарлануы қажет.
- информатикадан қосымша сабақтарда тақырыып бойынша қайталау жүргізгенде қорытынды бақылау жасап, бағалау қажет.
- информатикадан қосымша сабақтар ереже бойынша оқытушылқ сипатта болады; сабақ барысында өзіндік және бақылау жұмыстар, көрнекі-дидактикалық материалдар, программалау типіндегі оқулық пен тапсырмалар қолдану керек.
- информатика мұғаліміне жекелеген оқушылардың сабақтан үлгермей қалу себептерін анықтап отыру қажет; тақырыптарды оқудағы жіберген типтік қателерін білу керек. Бұл қосымша сабақтың тиімді өтуіне септігін тигізеді.
Жоғарыда айтылған информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың екіншісі - информатиканы оқуда жоғары қызығушылық білдірген оқушылармен жұмыс келесі негізгі мақсаттарға жауап береді:
- информатикаға тұрақты түрде қызығушылығының оянуы және артуы.
- оқу материалы бойынша білімінің кеңеюі мен тереңдеуі.
- оқушылардың қабілетінің оптимальды дамуы мен олардың нақты бір ғылыми-зерттеу дағдысына жетуі.
- ойлау мәдениетін тәрбиелеу.
- оқулықпен және ғылыми танымдық әдебиеттермен өз бетінше шығармашыл жұмыс істеу дағдысын дамыту.
- қоғам өміріндегі информатиканық практикалық маңызы туралы оқушы түсінігін кеңейту және тереңдету.
- информатиканың тарихи-мәдени және әлемдік ғылымдағы информатиканың ролі туралы оқушы түсінігін тереңдету, кеңейту.
- оқушыда ұжымдық сезімін тәрбиелеу және жекелей және ұжымдық жұмыс істеу дағдысын сәйкестендіру.
- информатика мұғалімі мен оқушы арасында іскерлік тұрғыдан да тығыз байланыс орнату және оқушылардың танымдық сұранысы мен қызығушылықтарын тереңірек білу.
- сыныпта, ұжымда информатиканы тиімді оқытуды ұйымдастыруда мұғалімге көмек бере алатын белсенді топ құру ( көрнекіліктер дайындау, үлгермеушілерге көмектесу, т. б. ) .
Бұл мақсаттарды іске асыру сабақ кезінде де жүргізіліп отырады деген болжам бар. Бірақ сыныптағы оқулықтармен және уақытпен шектелген сабақтарда оны толқтай жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан бұл мақсаттарды толық және тұтастай іске асыру үшін сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілуі қажет болады.
Сонымен қатар сабақ кезіндегі оқу-тәрбие жұмысы мен сыныптан тыс жұмыстардың тығыз өзара байланысы бар: сабақ кезіндегі оқушылардың білімге деген қызығушылығы сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуына себеп бола алады, керісінше, білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімін тереңдетіп, үлгерімдерін арттырады және сабақ оқуға деген қызығушылықтарны оятады. Бірақ сыныптан тыс жұмыс оқу үрдісіндегі сабақты қайталауы тиіс емес, әйтпесе ол кәдімгі қосымша сабақ болып қалар еді.
Информатикаға қызығатын оқушылармен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу мазмұнына келсек, келесілерді белгілеуге болады. Сыныптан тыс жұмыстардың басты тақырыбы әдетте арнайы оқу бағдарламасының төңірегінен ауытқыған, бірақ сондағы көп нүктелі сұрақтарды шешу мен талқылай төңірегіндегі мынадай мәселелрді қарастумен шектелетін. Мысалы, сыныпетан тыс жұмыстарда информатиканың тарихи мағлұматтарына, қиын прграммалау есептеріне, математикалық логика элементтеріне, санау жүйелеріне, т. с. с. көңіл аудару.
Информатикалық үйірме
Информатикадан ұйымдастырылатын үйірме- мектеп оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі. Информатикадан жүргізілетін үйірмені мектептерде, оқушылар сарайында, оқу-өндірістік комбинаттарындағы мектепаралық есептегіш техника кабинеттерінде, жоғарғы оқу орындарының кафедраланда ұйымдастыруға болады. Орта мектепте информатиканы оқытудың жалпы жүйесіне сай үйірме жұмыстарының программаларын дайындау, мектеп оқушыларының дайындық деңгейіне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау - маңызды әдіснамалық міндет болып табылады.
Олимпиада
Сыныптан тыс жұмыстардың бірі - олимпиада. Олимпиаданың негізгі мақсаты:
- білімді, дамыған, дарынды мектеп оқушыларын іздеу;
- мектепте информатиканы оқыту деңгейін бағалау;
- информатиканы оқыту барысындағы ең жоғарғы деңгейге қойылатын талаптарды ашу;
- мектеп, жоғарғы оқу орындары буынындағы кері байланысты жүзеге асыру,
Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушының қабілетін ашуды ескере отырып, логикалық-алгоритмдік және жүйелі комбинаторикалық ойлауы дамыған оқушыларды табу қажет. Бұл әртүрлі дайын программалық құралдар мен командаларды пайдалану іскерлігінде пайда болады. Оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканың базалық курсының жалғасы болып табылады. Негізінен олимпиадаға оқушылар арасында дарынды балалар таңдалынып алынады. Одан сыныптан тыс сабақтарда іріктеліп алынған оқушыларды стандартты емес есептерді шешуге, алдыңғы жылдарда өткен олимпиада есептерімен таныстырып, оларды шығаруға үйретеді.
Информатикалық экскурсия
Экскурсия - бұл қарастырылып отырған сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Экскурсия өткізу тыңғылықты дайындықты талап етеді. Мұғалім алдымен оның мазмұны мен міндеттерін анықтап, есептеу орталығын таңдап, онымен танысып, пайда болуы ықтимал қиындықтарды болжап, онымен күресі жолдарын қарастырады.
Экскурсияға дайындық: оқушылар алдын-ала тапсырма алып, олардың әрқайсысы қандай бақылаулар жүргізіп, қандай сұрақтарға өз бетімен жауап беруі, материалды қандай түрде жинақтауы (ауызша хабарлама, реферат, коллекция, альбом) және экскурсия жайлы есепті қай мезгілге дайындау қажетін білуі тиіс.
Сонымен қатар, барлық оқушылардың белсенді жұмысын қамтамасыз етіп, тәртібін және техника қауіпсіздігін сақтауы тиіс.
Экскурсияның қорытынды кезеңі экскурсия барысында оқушылардың алған жалпы білімдерін тұжырымдайтын қорытынды әңгімені қамтиды. Экскурсия материалдарын көрме ұйымдастыруда, арнайы сабақтар өткізуде тарату материалдары ретінде пайдалануға болады.
Факультативтік сабақтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz