Инфекциялы аурулар туралы ұғым



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Инфекциялы аурулар туралы ұғым

Инфекциялы ауырулардың басқа ауырулардан ерекшелігі- оларды белгілі тірі
қоздырғыштар таратады,ауруға шалдыққан организмдерден сау организмдерге
жұғады және індетке (эпидемия) бейім келеді.Мұндай қоздырғыш микробтарға
бактериялар, вирустар: риккетсиялар, спирохеттер, сондай-ақ саңырауқұлақтар
мен қарапайым жәндіктер жатады.
Бактериялар дегеніміз- таяқша (іш сүзегінің қоздырғыштары,А және В
тектестер), шар (стрептококк,стафилококк), ирек жіп (спирилл) немесе имек
таяқша (тырысқақ вибрионы) пішінді бірклеткалы микроорганизмдер тобы.
Вирустарға тек электрондық микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ
микроорганизмдер (тұмау,аусыл,полиомелит,нағыз шешек,энцефалит,қызылша және
басқа қоздырғыштар) жатады.
Бактериялар мен вирустар аралығында риккетсиялар (іш сүзегі,КУ қызбасы
және басқа қоздырғыштар) болады.Спирохеталардың пішіні жіңішке бұранда
бейнелі шапшаң иілетін микроорганизмдер (қайталама сүзек қоздырғыштары)
тәрізді болады.Бұдан басқа кейбір инфекциялы аурулар саңырауқұлақтардан
(қауіпті микоза,таз және басқалар) таралады.
Бірқатар микробтар (ішек таяқшасы,стфилококк,протей) зиянын тигізбестен
организмде болады,олар-шарттыпатогенді микроорганизмдер.Организмнің қорғану
күші кемігенде олардың ауру (көршиқан,холецистит,пиелонефрит және басқа)
тудыруы мүмкін.Ауру тудыратын микроорганизмдердің кейбір түрлері улы зат-
токсин бөледі,ол инфекцияны едәуір ауырлатады.
Ауру тудыратын микроорганизмдердің қабылдағыш организмге инфекцияның кірер
қақпасы деп аталатын арнайы жол арқылы жеткілікті мөлшерде өтіп кетуі
инфекциялы аурудың пайда болуына негізгі себеп болып табылады.Мұнда тек
ауру жұққан адам немесе жануар ғана жұқпалы аурудың көзі бола алады.
Бірінен соң бірі үздіксіз жалғаса беретін жұғу және ауру тізбегі
эпидемиялық процесс деп аталады,оның дамуы үшін міндетті түрде мынадай үш
шарт болуы қажет: инфекция көзі,инфекцияның берілу механизмі,адамның ауру
қабылдауға бейімділігі.
Инфекция көзінің ортақтығына байланысты аттас инфекциялы аурулар індеті –
эпидемия,ал бірнеше елдерді немесе материктерді қамтитын эпидемиялар-
пандемия деп аталады.
Инфекцияның берілу механизмі аурулардың барлығында біркелкі
болмайды,сондықтан ол тірі организмдегі қоздырғыштардың белгілі орнына
тікелей тәуелді болады.Мысалы,тұмау,қызылша,қызамық сау адамға науқас
жөтелгенде,түшкіргенде,сөйлескенде организмнен бөлінетін сілемей
тамшыларының ауаға таралуы арқылы жұғады.Тырыспа,іш сүзегі,дизентерияның су
немесе тағамға пайдаланылатын азық-түлік,науқастың лас қолы,шыбын және
басқалар арқылы таралуы мүмкін.Қоздырғыштарды тасымалдау рөлін атқаратын
сыртқы орта элементтері жұқпалы ауру қодырғыштарын тарататын факторлар деп
аталады.
Инфекциялы аурулардың қай-қайсысы болса да жұғу сәтінен бастап,ауру
белгісінің алғашқы білініуне дейінгі инкубациялық кезең деп аталатын уақыт
аралығынан өтеді,осы уақытта адам сырттай қарағанда сау болып көрінеді.Бұл
кезеңнің ұзақтығы инфекциялы аурулардың барлығында біркелкі емес-бірнеше
сағаттан бірнеше айға дейін созылады;әрбір аурудың белгілі инкубациялық
кезеңі болады.Карантин,науқаспен араласқан адамды оқшаулау мерзімін
тағайындау және басқалар инкубациялық кезеңнің ұзақтығына тәуелді түрде
белгілененеді.
Адам организміндегі қоздырғыштардың белгілі орнына және инфекцияның берілу
механизміне қарай барлық инфекциялы ауруларды инфекциялы ауруларға тән
ортақ белгілерге байланысты негізгі төрт топқа бөледі.
Шетел баспасөзі деректеріне қарағанда капиталстік мемлекеттер өрбіткен
соғыста адамдарды,жануарларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уыттылыққа себепші факторлар
Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар
Өндірісте зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу
Қауіпті кластарыдың нормалары
Тырысқақ қоздырғышы
Дисбактериоз туралы ақпарат
Дисбактериоз. Дисбиотикалық жағдайдың лабораторлық диагностикас және коррекциялау әдістері.
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Ет микробиологиясы
Пәндер