Инфляция. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦІИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ


Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, иифляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға денгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция - бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдайына (сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және баска да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратын анықтап алу қажет.
Айталық, экономикалық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жаткызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірак егер негізгі өндіріс салаларында ецбекақы деңгейі еңбек өнім-ділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылыкта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай калыптасып, бағалардын жалпы деңгейі өседі.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені қандай жағдайларды жатқызуға болады.
Инфляция. негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспроюрцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қальптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы турінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және ипфляцияны кальптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден егер инвестицияларын қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне аданалуы мүмкін. XIX ғасырдағы нарықта негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарларды көптеген өндірушілер өзара еркін бэсекс негізінде ендіріп сататын, салалық және салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок - кебінде олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирмаолигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта калыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды «бұзып алмау» мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уакыт ұстап калуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүние жүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу кауіпі артады. _ «Импортталған инфляциямен күресу мүмкіншілікгері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиеді. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистсрдің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта темендеуінен күдер үзеді дс, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояады. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Оның ішінде шикізат пен материалдарга және энергияга бағаның өсуін болжап, өздерінің онімдеріне бағаны ді. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, «инфляцияны тосу» деңгейіне кетеріледі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте кауіпті инфляция калыптасқан. Соңғы жылдары батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбекақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптаскан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
7. ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦІИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жұйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
- өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
- ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
- шикізат өндірісі мен дайын (тупкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;
- әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
- материалдық өндіріс пен материалдық емес өңдіріс арасындағы диспропорция т. б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен тупкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шстелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық денгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60%-ке қысқарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz