Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары


Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өтізуді қиындатады. Мұндай инфлчция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т. б. басынан өткізді.
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгіні ұсынды.
1861-1656 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2, 5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
А. Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р. Липси жасады. Бұдан әрі американ экономистері П. Самуэльсон және Р. Солоу Филлипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды. Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И 1 (оған баға өсу қарқыны сай Р 1 келеді) төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша-несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өңдірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р 2 -ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың "қызып" кетуіне, дағдарысқа ұшыруына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т. б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р 3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И 3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануга келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіңдегі жиынтық сүранысты ынталандыру мәселесін бөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді "жалған күту" дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұңда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның есуі (мұнымен байланысты номиналды жалақының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірак, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатыл алуды бірте-бірте азайтса, үміттін үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен "толтыру" тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінін "жалған күтуін" сезіп, номиналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте (мысалы 70-жылдардағы энергия көздеріне бағаның кенеттен өсуі) инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жүмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқаңда Филлипстің қисық сызығы керсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық зандылық бола алмайды.
Мұның орнына жүмыссздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1979 жылдан АҚШ-тың (Рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда (М. Тэтчер үкіметі) экономикалық таңдауында қолданылды.
Бұл теорияның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздық дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отыра, олардын фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның онды нәтижелерімен қатар (80-жылдардың екінші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткеңде инфляция біраз уақыт инерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгеиі соңғы онжылдықта барлық батыс
елдерінде дерлік өсті (АҚШ-та 60-жылдары 4% болса, 80-жылдары 6-7% -ке дейін өсті) .
Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды индикаторлардың бірі - инфляция деңгейі. Инфляция дегеніміз - бағаның орта деңгейінің көтерілу үрдісі. Бұл тұтас сұраным мен тұтас ұсыным арасындағы теңгерімнен шығаруға әсер беретін ақшалай рыноктың құбылысы.
Инфляцияны әртүрлі белгілері негізінде жіктейді.
Инфляцияның мынадай типтері болады. 1. Баға өсуінің қарқыны бойынша:
- Бірқалыпты - жылына 10% дейін.
- Шоқырақтау- жылына 20%-дан 200% дейін.
- Гиперинфляция > жылына 1000% дейін.
Гиперинфляция - инфляцияның ұлттық өндіріс пен жұмыс-бастылық көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады. Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады. Сондықтан да, олардың пайдаланылмаған жинақ ақшасы және ағымдық табыстары құнсызданып кетпеуі үшін, яғни, болжамдалған баға көтерілуін анықтау үшін, адамдар "ақшаларын дәл қазір жаратуға" мәжбүрлі болады. Инвестициялық тауарларды сатып ала отырып, кәсіпорындар да солай істейді. "Инфляциялық елірме" әкелген қылықтар бағаға қысымшылықты күшейтеді, және инфляция "өзін-өзі қоректендіре" бастайды. Мұның үстіне, өмір сүру құнының артуына байланысты, жұмысшылар талап етіп және өте жоғары жалақы алады. Ал кәсіподақтар болса, өткен жылғы өсімін жабуға ғана жетерліктей жалақы есуіне ұмтылып қоймайды, сонымен бірге жаңа ұжымдық келісім күшінде тұрғанда, сол кезеңге күтілген инфляцияны өтеуді де талап етеді. Мұндай талаптарды қабылдамай тастап, елді ереуілге жіберу экономикалық өрлеу кезеңі үшін ең тиімді уақыт емес. Фирма әкімшілігі бағаны арттыра отырып жұмысшы күшіне кеткен өз шығындарын өтеп алады. Мұндай көп ретте фирмалар, пайда табушылар инфляциялық парадтың алдында немесе бір қатарда келе жатқандығына көз жеткізу үшін бағаны бір-екі сатыға көтеріп жіберуге тырысады. Бағаның мұншалықты көтерілуі нетижесінде тіршілік құны артады, жалақыны айтарлықтай көтеруді қайтадан талап етуге жұмысшылардың тамаша мүмкіндігі туады. Бірақ ол баға көтерілуінің жаңа орамына жеткізеді. Ақырғы нәтиже болып жалақы мен бағаның кумулятивтік инфляциялық шиыршығы (спираль) саналады. Жалақы мен бағаның көтерілуі бір-бірін қоректендіреді, және ол жорғалаған инфляциялардың шоқырақтану инфляцияға өтуіне көмектеседі. Гиперинфляция қайта бөлу үшін қиратушылық салдардан басқа экономикалық күйреуді жеделдетуі мүмкін деп саналады. Қатал инфляция күш-жігердің өндіріске емес, алыпсатарлық қызметке бағытталынуына ықпал етеді. Кәсіпорындарға болашақтағы баға көтерілуін көре білген жағдайда шикізаттар мен дайын өнімдерді жинақтау беру барған сайын тиімді бола бермек. Шикізаттар мен дайын өнімдер мөлшеріне сұранымның сөйкес келмеуі инфляциялық қысымның күшеюіне тірейді. Капиталдарын инвестициялық тауарларға жұмсаудың орнына өндірушілер мен жекелеген адамдар инфляциядан қорғанып, өнімсіз материалдық құндылықтарды - сәндік бұйымдарды, алтын және басқа қымбат бағалы металдарды, қозғалмайтын мүліктерді т. б. ала бастайды.
Баға кілт жоғарылап, кілт төмендей беретін төтенше жағдайларда қальпты экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпорын иелері тауарларға қандай баға қоюларын білмей, дал болады. Ал тұтынушылар болса, қандай баға төлейтіндерін білмей әуреленеді. Шикізат жеткізушілері болса, құны тез түсіп кететін ақшаны емес, нақтылы тауарларды алғылары келеді. Несиешілер арзан ақшамен қарыздарын қайтарғылары келген, өздеріне қарыздар адамдардан қашқақтауға тырысады. Іс жүзінде ақша өз бағасын
жоғалтады және ол құн өлшемі мен айырбас құралы ретінде өз функциясын орындауды тоқтатады. Өндіріс пен айырбас шиқылдай отырып аялдамаға қарай жылжыйды, ең ақырында қорытындыда экономикалық, әлеуметтік және, аса маңызды, саяси былық тууы мүмкін. Гиперинфляция қаржылық күйреуді, тоқырауды және қоғамдық-саяси тәртіпсіздікті жеделдетеді.
Бақытсыздығымызға қарай, тарих бізге осынау сұрықсыз моделге жататын бірсыпыра мысалдарды да беріп отыр. Негізінен ол апатты жағдайдың салдарынан гиперинфляцияға тез айналған соғыс немесе соғыстан кейінгі жылдардың инфляциясы. Екінші дүниежүзілік соғыстың Венгрия мен Жапониядағы баға деңгейіне әсерін қарап көрелік.
Венгриядағы инфляция бұрынғы барша белгілі рекордтардан асып түсті. 1946 ж. тамызда құнсызданған 829 актильон (22 нөлі бар единица) форинттар соғысқа дейінгі бір форинттың бағасына теңесті. Америка доллары 3х10 22 (22 нөлі бар 3) форинтке бағаланды. 1947 жылы жапондардың балықшылары мен фермерлері санап әуре болмау үшін валюталар мен ұсақ тиындарды таразыға тартып есептеген болатын. 1938 бен 1948 жылдардың аралығында бұл елдегі баға 116 есе көтеріледі. Германиядағы инфляция да апаттық ауыр сипат алды.
Германияның Веймарлық республикасы - әлсіз үкіметтің бұзылған қаржылық инфляциямен шамалы уақыт қана тұра алғандығына көрнекі мысал бола алады, 1921 ж. 27 сәуірде неміс үкіметіне оны соғыста жеңген одақтас елдер естен тандырарлықтай - 132 млрд. алтын марка көлемінде репарациялық төлем төлеуге жықты. Бұл Веймар республикасының салық төлеушілерден жинауға болатын сомасынан анағұрлым асып кетті. Өте үлкен бюджеттік шығынға ұшыраған Веймар үкіметі өз қарыздарын төлеу үшін амалсыздан ақша жасайтын станоктарын барынша іске қосқан болатын.
1922 ж. Германияда баға деңгейі 5470% көтерілді. 1923 ж. жағдай одан да нашарлады; баға деңгейі 1 300 000 000 000 есеге өсті. 1923 ж., Германиядан Құрама Штатқа хат жіберу үшін 200 мың марка төлеуге тура келді. Майдың фунты 1, 5 млн. марка, ет - 2 млн., батон - 200 мың марка, бір жұмыртқа 60 мың марка түрды. Бағаның тез өскендігі соншалық, даяшылар ертеңгі тамақты беріп жатып дастарқан мәзіріндегі тағамдардың бағасын бірнеше рет өзгертіп жатты. Мейрамханаға кірген қонақтар түскі тамақтарын жеп болып, берген тапсырыстарынан екі есе көп ақша телеуге дейін барды.
Сол кездегі суреттерге қарасаңыз, немістің үй шаруашылығындағы әйелінің пешті ақшамен тұтатып, балалардың бума-бума ақшалармен ойнап тұрғандарын көруге болар еді.
2. Болжамға сәйкестік дәрежесі бойынша:
- Болжамдалатын (күтілген) ;
- Болжамдалмайтын;
3. Сыртқы көріністері бойынша:
- Ашық - бағалар өсуде;
- Басылыңқы - бағалар тұрақтанған, бірақ тауарлар менқызметтердің жетіспеушілігі бар.
4. Әртүрлі бағалардың өсу қарқындарының сәйкестіктері бойынша:
- Теңгерілген - баға өсуінің динамикасы өзгермейді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz