Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет



Кіріспе

Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы экономикадағы және
әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістермен едәуір жетістіктер еліміздің
білім беру жүйесін жетілдіруді, информатика пәнін оқытуда компьютерлік
технологияның мүмкіндіктерін толық әрі тиімді пайдаланып, сабақтың сапасын
көтеруді талап етуде. Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге қабілетті елдің
қатарына ену адамзат баласының білімді тереңірек меңгеруіне, алған
теориялық білімдерін күнділікті тұрмыста, қызметте, өмірде дұрыс қолдана
алуына ерекше назар аудару керек екендігін мойындатып отыр.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуы тікелей компьютерге
байланысты екенін біз бәріміз де білеміз. Қазіргі заманға сай шығып жатқан
жаңа ақпараттық технологиялар біздің еліміздің дамуына көп пайдасын
тигізеді деп ойлаймын. Демек біз елімізді дамытуымыз және дамыған
мемелекеттер қатарына қосылуымыз үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Және де
біздің келешегіміз жастар дегендей, сол жастар мектеп қабырғасынан тәрбиелі
және білімді болып қалыптасып шығуы қажет. Оқушыларға жаңа әдістермен және
де компьютерлік технологияларды пайдаланып сабақ өту керек. Мектепте
компьютерді біз информатика сабағынан танимыз. Әрбір мектеп оқушысы
келешек мамандық таңдаған кезде де ғылымдағы информатиканың орнын, оның
рөлін айқын түсініп, мектепте оқып жүріп, ақпараттық біліммен қарулануы
тиіс. Қазіргі уақытта оқу орындары өте көп. Сол білім беретін орындарда
информатика және оны оқыту әдістемесі көп көңіл аударуда.
Бар мәселе Халықаралық стандарттар деңгейінде, әлемдік деңгейде білім
беруге қол жеткізу үшін информатика пәнін оқытуда қолданылатын дәстүрлі
әдістермен қатар, жаңа ақпараттық технологиялардыпайдаланып қана қоймай,
оны сабақта қолдану әдіс – тәсілдерін жетілдіруіміз қажет.
Қазір әрбір пән мұғалімі сабақта компьютерді, электрондық
оқулықтармен интернетті тиімді пайдалану керек. Қазіргі уақытта
Қазақстандағы барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдердің компьютерлендіріп,
интернет жүйесін пайдалануға жағдай жасалуда.

Мазмұны

Кіріспе
1. Информатика оқыту әдістемесі туралы қысқаша мәлімет ... ... ... . 4
1.1 Орта мектепте информатика курсын оқытудың міндеті ... ... ... ... 5
1.2 Орта мектепте информатика курсын оқытудың мақсаты ... ... ... .. 6
1.3 Орта мектепте информатика курсын оқытудың мазмұны ... ... ... .. 7
1.4 Сабақтың түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.5 Информатика пәнінен сабақ жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
3.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
4. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25

Информатика оқыту әдістемесі – білім берумен оқыту теориясын
зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын саласына жатады.
Мектептерде информатика және ЕТ негіздері пәнінің енгізілуне байланысты
дидактикада информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) жаңа сала пайда болды. ИОӘ
информатика ғылымының даму деңгейіне және қоғамның оқыту мақсаттарына
сәйкес мектепте информатиканы оқыту заңдылықтарымен әдістерін зерттейді.
Информатика мектептегі мәселерін қарастыратын мектеп информатикасы,
информатика ғылымының бір саласы ретінде оқу процесіне дербес
компьютерлерді пайдалану олардың техникалық, программалық, оқу әдістемелік
т.б. жабдықталуын қамтамасыз етеді. Информатика оқыту әдістемесінің мазмұны
– ғылым мен техникалық дамуына тікелей байланысты. өзінің дамуында
философия, психология, педагогика т.б.ғылымдардың мәселелеріне сүйенеді.
Жаңа ақпараттық технологияға сәйкес информатика пәнінің мазмұнында жаңа
салалар пайда болды. Оларды оқыту теориялық жағынан зерттеп іс – тәжірибе
жұмыстары жасалынуда. Сондықтан ИОӘ - нің алдында әлдеде зерттелінетін
көптеген мәселелер бар. Атап айтсақ, Информатика мектепке дейінгі бастауыш
сыныптардағы төменгі, орта, жоғары буындарында оқыту жағдайларын зерттеу,
өз бетінше оқитындарға әдістемелік көмектер ұйымдастыру, қолданбалы
программаларды пайдалану, ашық программаларды өңдеу мәселелер жан – жақты
зерттеуді талар етеді.
Мектептегі информатика негіздерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері,
информатика курсының педагогикалық функциясы (ғылыми көзқарас
қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқушыларды өмірге,
ақпараттық қоғамда еңбек етуге, білімін жалғастырыуға дайындау).
Компьютерлік сауаттылық мектепке информатика курсын енгізудің
негізгі, ал ақпараттық мәдениет мектепке информатика курсын енгізудің
болашақтағы мақсаттарын ретінде.
Ақпараттық технологияларда практика жүзінде пайдалану жолында
арнайы білім беру мақсатында жаңа пән информатика сабағы соңғы 20 жыл
көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі
информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің нгеізі болып табылатын әлемнің
ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, білім, ақпараттық орта мен адамның
тиімді қарым – қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті

ақпаратты түрлендіру тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу
барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту
құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін
игеріп, қазіргі әлемнің информацияляқ бейнесін жасауға қол жеткізетін
деңгейге көтеріле алады.
Ақпараттық технологиларды жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты
түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетістіктеріне байланысты
бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Оқуға
керек сағат санын арттырмай – ақ күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат
көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім технологияларын енгізу болып
табылады, сағат саны жетіспей, оқу оқу құралдары да тапшы болып отырған
кезеңде білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін мен жаңа оқыту
технологиялаына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар
жасап, салаларды пайдаланады. Мұндай жобаларға жобалар тәсілін, модульдік
оқытуды, әркімнің деңгейіне қарай жетілдіру, жеке тұлғаға бағытталған оқыту
элементтері, ойын программалары мен тест арқылы тексеру істерін жүзеге
асыруға болады.

Орта мектептегі информатиканы оқытудың мақсаты.

Орта мектепте информатика оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту.
Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай – ақ
оқыту теориясында нешізгі орын алған мәселе – дамыта ортырып оқытуды
зерттейтін бағыт.
Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организміндегі
психологиялық және физиологиялық өзгерісі, кез – келген қасиетндегі
қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға көшу деп түсінеді.
Егер бұл мәселе оқыту мен дамыту өзара қатынасы тұрғысыгнан қарастырып
болсақ , онда дамыту деп, әдетте, ақыл – ойды дамыту деп түсінеміз.
Білім беру мақсаты – оқушыларға уақыт талабына сай білім беру, алған
білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлікке қалыптастыру және оны
дамыту, білім беру мақсаты жалпы білім беру және қолданбалы білім беру
болып табылады.
Жалпы білім беру – оқушы санасында әлемнің ғылыми келбетін
қалыптастырады. Информатика пәнінде жалпы білім берудің мақсаты оқушылардың
ғылымы дүние танымдық көз қарасын қалыптастыру бағытында компьютердің
мүмкіндіктерімен жүйелі түрде оқытуды ұйымдастыру.
Қолданбалы білім берудің мақсаты – оқушының ЭЕМ – дегі жұмыс нәтижесін
практикалық мақсатқа қолдана білуге бағытталады.
Практикалық мақсаты – оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындауды,
еңбекке баулуын көздейді.
Дамытушылық мақсаты – оқушының ақыл ойын шығармашылық қабілетін
дамытуға, жеке тұлғасын қалыптастыруға және информатика пәніне
қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Тәрбиелік мақсаты – информатика сабақтарында оқушыларды отан
сүйгіштікке, азаматтыққа, биік адамгершілікке, жоғары саналыққа баулуға,
сонымен бірге оқушылардың этикалық, эстетикалық дамуын жалпы халықтық
рухани құндылықтар арқылы қалыптастыру көзделеді. Сабақ уақытында
компьютерде жұмыс істеу кезінде санитарлық гигиеналық талаптарды сақтай
отырып, оқушыларды өнегелі, тәрбиелі болуын, қалыптасуын мақсат етеді. Атап
айтқанда, психологиялық көңіл – күй, компьютермен объективті қарым –
қатынас, өзінің немесе өзгенің информациясына қамқор болу, компьютердің
көмегі арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамыту.

Орта мектептегі информатика курсының мазмұны

Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының мазмұнын
таңдауға бір – бірімен белгілі қарама – қайшылықта болатын екі негізгі
факторлар тобы әсер етеді. 1) Ғылыми және практикалық факторлар. ИЕТН оқу
пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту
барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы
болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған
материалдарды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың
ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай болуы
тиіс. Сондай – ақ, ИЕТН курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында
жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуы қажет. Қорыта айтқанда, мектептегі курсы
бір жағынан болашақ заманғат лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап
беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман
ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Информация – алгоритм – ЭЕМ.
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы
ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік
сауаттылығын компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнын анықтаудағы
тағы бір маңызды мәселе – курсты оқыту реті. Бұл екі мәселе бір – бірімен
тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде енгізілуі керек.
Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын, көлемін және көп жағдайда
оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат – ресми түрде белгіленген оқу
бағдарламасы болыптабылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту
тұжырымдамасының негізгі түйіні.
Орта мектептің сатылары бойынша информатьика курсын оқытудың негізгі
кезеңдері:
- танысу кезеңі (1-6 сыныптар) дербес компьютермен алғаш танысып, онда
жұмыс істеудің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ақпараттық мәдениеттің
қалыптасуы;
- негізгі курс (7-9 сыныптар) – ЭЕМ – нің архитектурасы және ақпараттық
технологиялармен жұмыс істеуді меңгеру, компьютерді оқу процесіне
пайдалану өзіндік іс - әрекеттер қалыптастыру мақсаты көзделеді.
- Бағдарлы курс (10-1 сыныптар) – оқушылар болашақ мамандық бағытына
сәйкес бағдар бойынша оқиды.
Мектеп информатикасының мазмұнына міндетті түрде информатиканың базалық
курсының бөлімдері кіреді.
1. информация және информациялық процесстер
2. алгоритмдер және программалау.
3. логика және логикалық функциялар.
4. модельдеу.
5. дербес компьютерді пайдалану.

Сабақтың екі түрі бар:
1. Негізгі
2. Қосымша
Негізгі сабақ лаборотиялық, аралас, теориялық болып бөлінеді.

Оқу сабақтарының түрі Сабаққа тән дидактикалық функциялары
Оқу бағдарламасында білім көлемін беру, негізгі
іскерліктерді қалыптастыру;
Сабақ Оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б.
жұмыс істеу, бақылау жүргізу. Қорытынды жасау.
Есептер шығару.
Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру,
Лекция (теориялық тақырып немесе тарау бойынша білімді
оқыту) қорытындылау, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу
орындарындағы оқу түріне дайындалу іскерлігін
қалыптастыру.
Өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап
жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу
Семинар (теориялық іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен
оқыту) мақаладағы баяндалған материалдарды салыстыра
білу, өзінің көз қарасын айта білу және негіздей
білу іскерлігі, реферат, тезис, баяндамалар
жоспарын және хабарламалар жазу;
Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп,
кеңейту, қосымша информация көздерімен жұмыс
Конференция (теориялықістей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы
оқыту) жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша
әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою,
Консултация (теориялықмеңгерілген білімін нақтылау оқу процесінде пайда
оқыту) болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс - әрекетінің
әр түрін меңгеруге көмек көрсету.
Фронтальдық Оқушыларды программалық қамтамасыз етумен жұмыс
лаборотиялық жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Күрделі программалармен және ПҚ – ның
Практикум қосымшаларымен жұмыс істей білу іскерлігін
қалыптастыру өз бетімен зерттеу жүргізе
білуіскерлігін қалыптастыру.
Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін
Әңгімелесу анықтау; біліміндегі олқылықтарды алу және
түзету, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс.

Информатикадан жүргізілетін қосымша сабақтар оқушылардың жеке қабілетін
дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Орта мектепке арналған "Информатика" пәнінен электронды оқулық құру
Мектеп информатика курсын оқыту мазмұны
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
5 сыныпта ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Windows операциялық жүйесінің түсінігі
Информатика курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану
Пәндер