Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздемесі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
1. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының
теориялық негіздемесі
1. 1 Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздері.
1. 2 Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясын қолданудың қажеттілігі
2. Информатиканы оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясын
пайдаланып оқушылардың іскерліктерін арттыру әдістемесі
2. 1 Оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың
мәні мен жіктемесі
2. 2 Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу
2. 3 Информатика пәнін оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың әдістемесі
2. 4 Педагогикалық тәжірибенің нәтижесі
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәлімет алып отыруға, білім беру мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшелінеді.
Біріншіден, қазіргі заманда педагогикалық ой-тұжырымдардан оқушыларға еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін, оның шығармашылық мүмкіндігін дамыту басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмейді, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдеріне үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және содан қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру. Оқушыны мұндай дәрежеге көтеру үшін мұғалім осы заманғы білім берудің озық технологиялық үлгісін меңгеріп оны өзінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдалана білуді дағдыға айналдыру керек. Мұғалім өзінің пәнін жете білумен қатар жаны нәзік, әрбір шәкіртінің жанын түсініп, оның дұрыс қалыптасуы үшін көп еңбектенуі керек.
Екіншіден, оқытудың жаңа технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқытушының оқыту барысында қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушының терең білім алуына жағдай жасайды. Информатикадан білімді бақылау тапсырмалары басқа пәндік бақылау тапсырмалары басқа пәндік бақылау тапсырмаларынан өзгеше болады. Оқытудың жаңа технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге сатылы, деңгейлі оқыту жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылауға болады.
Үшіншіден, деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының білім деңгейін, қабілетін тез анықтап білуге болады. Ал тесттік тапсырмалар арқылы оқу қорытындысын тексеруде оқушылардың жеке ерекшеліктерін, тақырыпты сыныптың және жеке оқушының меңгеру деңгейін анықтауға болады.
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен үнемі өзгеріп отырады, осыған сәйкес мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту мен тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгеріп отырады. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа үлгідегі деңгейлік тапсырмаларды және тест тапсырмаларын құрастыруға болады. Сондықтан да, мен дипломдық жұмыстың тақырыбын : Информатиканы оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың іскерліктерін арттыру әдістемесі деп таңдап алдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : мектеп информатика курсында деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың іскерліктерін арттыру мәселесі.
Диплом жұмыстың міндеті:
- Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының
теориялық негіздемесін жасау;
- Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясын
қолданудың қажеттілігін анықтау;
- Оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың
мәні мен жіктемесін айқындау;
- Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясында тапсырмаларды жүйелеу;
- Информатика пәнін оқытуда деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясын қолданудың тиімді әдістерін көрсету;
- Педагогикалық тәжірибенің нәтижесін талқылау
Зерттеудің теориялық негізі жаңа педагогикалық технологияларды: деңгейлеп саралап, дамыта оқытуды қамтиды
Зерттеу нысаны: орта мектептің оқу-тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні : мектеп информатика курсы
1. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының
теориялық негіздемесі
1. 1 Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздері.
Педагогикалық технология-педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педаогогикалық процесті жобалаушы бір бөлшегі. Ол-білім стандартында көзделген оқыту нәтижелерін қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін процесс.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
- Технологиялық сызба (карта) технологиялық процесті оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі.
- Әр педагогикалық технология тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсатттарына жету процесінің ғылыми негіздемесі болу керек.
- Педагогикалық технологияның барлық жүйелік сипаттары; процестің логикасы, барлық бөлшектердің өзара байланысы, тұтастығы.
- Оқу процесін жобалау, жоспарлау, мақсаттарын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсаттарында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет.
- Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет етеді. Сондықтан, белгілі білім стандартына сай оқыту кепілдігін беріп, нәтижесі тиімді, шығыны аз болуы керек.
- Педагогикалық технологияны басқа білім беру мекекмесінде басқа субъектілердің де қолдану мүмкіндіктерін ескеруі керек, яғни қайта қолданылатындай болуы тиіс. [24]
Педагогикалық технология оқу процесінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді. Мақсатқа жету үшін кері байланыс болуы керек. Соған байланысты оқытуға технологиялық қатынаста төмендегідей шарттарды көрсетуге болады:
а) мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеге табысқа жетуге орай айқындау;
ә) ағымдағы нәтижені бағалау, қойылған мақсатқа жетуге орай айқындау;
б) нәтиженің қорытынды бағасы.
Мектепте оқыту технологиясы оқыту процесіне қажетті психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені-әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап, ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, іс-әрекетіне игі әсер етеді және сонымен бірге, мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігін тиімділігін қамтамасыз ететін оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі. Жоғарыда келтірілген түсініктерден, оқыту технологиясы дегеніміз педагогикалық тәжірибеде оқыту мен тәрбиенің нақты көзделген мақсатына қол жеткізу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен іс-әрекеттер тізбегі екенін көреміз.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай төрт шартты қанағатттандаруы тиіс (В. П. Беспалько) .
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспроматтарды жою қажет;
- оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие процесінің жобасына негізделуі тиіс;
- оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
- практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз ету қажет. [22, 23, 24]
Қазіргі таңда білім беру ісін реформалау «ізгілендіру парадигмасы» негізінде мазмұнды-әдістемелік негізін жүйелі өзгертуін ғана емес, сонымен бірге логикалық-әдістемелік негізді жаңартуды анықтауды, падагогикалық жүйенің жаңа парадигмасын жетілдіруді қажет етеді.
Білім беру жүйесін жаңартуда және жетілдіруде алдымен жаңа негізде әдістемелік жүйені құру, содан соң дидактикалық процесті қосқандағы барлық педагогикалық жүйені дұрыстап есептейміз. Мұндай жүйелілік тәжірибеде барлық жаңа инновациялық идеялардың жүзеге асуына кепілдік беретін саралап оқытудың педагогикалық түзу технологиясын құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясын негізге ала отырып, білім беру ісін жағартудың негізгі принциптері анықталды. Бұл принциптер: білім сапасын ізгілендіру, демократияландыру, олар білім берудің «ізгілендіру парадигмасын» жүзеге асыруға бағаттталған.
Білім беруді демократияландыру проблемасы білім беру жүйесінің әрүрлі деңгейлерінде шішіледі. Біріншіден, демократияландыру-қазіргі білім беру ісінің дамуының жалпы стратегиясын дайындау үшін басты идея ретінде қарастаралады. Екіншіден, демократияландыру мектептің және басқа да білім мекемелерінің даму бағытын анықтайды. Үшіншіден, демократиялындыру-мұғалімдер мен оқушылардың шынайы және тиімді өзара шығармашылық қарыс-қатынасы орнауына жағдай жасайды.
Өктемшіл қоғамнан ерекшелігі-демократия қоғамдық өмірге еркін тәуелсіз тұлғаның қатысуын көздейді. Алайда, тәуелсіздік негізінде талғау еркіндігі мен қабылданған шешім үшін жеке жауапкершілік арақатынасы жататынын ұмытпаған жөн. Өркениетті азаматтық қоғамға тән шынайы еркіндік тұлғаның өзін-өзі анықтауға қабілеттілігін көздейді. Тәуелсіздік дегеніміз-хұқықтарды пайдалана білумен қатар, міндеттерді атқару, өзіне артылған жауапкершілікті сезіну.
Республикамыздың және шет елдердің білім беру ісін реформалаудың тұжырымдамалық идеяларын, нормативтік-құқықтық негіздерін талдау нәтижесінде оқушыларға қатысты мектептегі білім бері ісін демократияландырудың келесі көріністерін анықтауға болады:
-оқушы (немесе оның ата-анасы) мектеп типін, білім мазмұнын, оның ұйымдастырушы түр пішінін, профильдік білімнің бағыттарын таңдауға құқылы:
-оқушы оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады, яғни ол оқу процесіне оны жоспарлауға, нәтижелерін бағалауға белсене қатысушы;
-оқушыға дамудың жеке траекториясы, қарқыны, оқыту ортасы беріледі. Шәкірт қабілеті мен білімділігінің арқасында «білімнің тұңғиығына» түсіге мүмкіндік алады;
- оқу процесінде оқушының белсенділігі, өз бетінше танымдық қызмет жасауы, ынталандырылады;
- оқу процесін, мектеп өмірін бақаруға оқушының қатысуы мақұлданады, ұйымдастырылады.
Қазірггі мектептегі реформалау контексіне ізгілендіру ұғымы білім процесіне оқушының жаңа ұстанымымен, «мұғалім-оқушы» өзара әрекетттесуінің жаңа жүйесімен сипатталады. Мұнда басты қағида-тұлғаның өзіндік құндылығын, оның шығармашыл өз бетімен даму, алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
Білім беруді ізгілердіру келесі шарттармен сипатталады:
-оқыту мақсаты өз бетімен жүзеге асырылатын. өзін-өзі бағдарлайтын тұлғаның өзіндік қызметі мен даму процесі ретінде жүргізіледі;
-оқыту процесі сыртқы мотивациямен оңтайлы үйлестіріліген ішкі мотивацияға, тұлғаның басқалармен толыққанды қарым-қатынасқа түсу қажеттілігіне негізделген;
-тұлғаның дамуы біртұтас, тән, эстетикалық даму бірлігіне, яғни, сана, сезім, рух, дене бірлігіне өтеді;
-оқыту оқушылардың өзіндік іс-әрекеті мен тәжірибесіне сүйене отырып өткізіледі, оқу сипаты мен әдістері әркім үшін дара ескертуге негізделген;
-оқыту ұлттық және жалпы адамзат құндылықтарына, оқушыдардың психологиялық-физиологиялық мәліметтерін толықтай ескеруге негізделген.
Оқу процесіне жаңа педаогикалық технологяны енгізу өажеттілігін негіздей отырып, қазіргі дәстүрлі мектепте мұғалімнің қолы нег жетпейтінін (неге жетпей жүргенін) анықтап көрелік:
- Жаңа тақырыпты өткенде мұғалім әрбір оқушыны тексере алмайды, оның материалды дұрыс түсінгенін, үй тапсырмасын орындағанда қандай қиындықтарға кезігетінін байқауға мүмкіндік жоқ. Зерделенетін материал бойынша оқушылар білімі мен ептілігінің жайы туралы толық ақпарат алмайды.
- Тіпті мұғалімнің әрбір оқушына тексеріп шығуға мүмкіндігі бар, кері байланыс үзілмейді деп божасақ та сабақ кезінде мұғалім барлық оқушылармен жеке жұмыс жасап, қателерін түзетуге мүмкіндік жоқ.
- орта мектептің негізгі міндеті-оқушыларға білім теру арқылы белгілі бір даму жолына бағыттау ғана емес, сонымен қатар мектеп түлектерін мектептен кейінгі білімді өз бетімен игеруге дағдыландыру. Ал біздің оқушылар 11 жыл ішінде кітаппен өз бетімен жұмыс істей алмайды. Оның себебі тереңде жатыр: біздің білім жүйемізде мұғалім жаға тақырыпты (қай пәндә алсақ та) бәрі, тіпті нашар оқитындар оқушылар да түсінетіндей отып, егжей-тегжейлі түсіндіріп шы, ады, яғни мәнінді зерделеудің барлық қиындықтары «алынып», оқушылар әрекетінің дербестілі жойылады.
- Қазіргі кезде оқушылардың шы, армашылығын дамыту жқнінде олардың белгілі бір пәнге деген қызығушылығын қанағаттандыру жөнінде көп айтылып, жазылып тажүр. Факультативтер енгізіліп жатыр, бірақолардың тиімділігі тқмен. Неліктен? Себебі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін білім негізін құрайтын бағдарламалық материалдар игерілгеннен кейін ғана дамытуға болады.
Дәстүрлі оқытуда мүғалімдердің көпшілігі репродуктивті ойлау мен репродуктивті оқыту әдісін ұсынады. Өз сабақтарында проблемалық оқытуды қолданса да, ол өте тқмен деңгейде өткізіліп, қабілетті оқушылардың ғылымға, шығармашылыққа деген талпынысын қанағаттандыра алмайды. Оқыту негізінде нашар немесе орташа оқитын оқушылар жағдайына бейімделіп, қабілетті шәкірттер мүддесіне нұқсан келтіреді. Мәселенің шешімі оқу процесіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруде жатыр.
- Дәстүрлі оқытуда пән мұғалімдері еңбек тәртібі мен сабақ үлгерімін өз сабағында ғана қадағалап, оқушылардың басқа сабақтарда өзін қалай ұстайтынын, сабақтан тыс уақытта тәртібі қандай-бұл сұрақтар төңірегінде ойланбайды. Яғни, тәрбие процесі оқыту процесінен жігі ажыратылып, бөлек қарастырылады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау.
Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі - білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту және білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Қазіргі кезеңдегі мектеп әрбір балаға және адам ретінде қарап, өзіне тән ой өрісі, еркі, әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып тәрбиелеуге бет бұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуметтік дамытуға жол ашуы қажет.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мұғалімдердің
шығармашылықпен, ғылыми зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы - бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт - білімді ұстаздың жемісі.
Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет.
Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені меңгеру, игеру.
Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ - ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты - оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру.
Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып, түсіндіріліп, пысықталып, балаға білім негіздері қалыптастырылады.
Сабақ баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы.
Сабақ оның адамгершілік қасиетін, қызығушылығын, танымдылығын қалыптастырады. Мұғалім оқушыны қорқыту арқылы білім бермей, олардың жан дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс.
Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, бір-біріне деген сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.
Бүгінде ұстаздар қауымына оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізін жете түсінуді, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін, ғылыми - теориялық білімділігімен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Әдіс пен жұмыс тәсілдері - оқушының ойлау қабілетіндегі сапа, жүйелік, әрбір оқушының өмірге даярлығын, диалектикалық дүние танымының қалыптасуының маңызды компоненті. Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-өзі дамытуға жетелеу.
Мұғалімнің ең басты міндеті рухани бай, жан -жақты дамыған, жеке дарынды тұлға тәрбиелеу. Білім жоғары деңгейде беріліп, оқу-тәрбие ісі оқушылардың ой сезіміне әсер етуі тиіс. Оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты түсінуіне жағдай жасап, өз бетімен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыра білу мұғалім міндеті.
Деңгейлік саралау технологиясы:
-Оқушы міндетті түрде базалық білім деңгейін меңгеруі тиіс.
-Базалық деңгей оқушының саралай және жеке сұранысының негізі.
-базалық деңгейдің барлық оқушы үшін ақиқат болуы.
-оқушылардан талап етілетін базалық білім деңгейінің жариялылығы.
-әр оқушының оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту.
-оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
- мықтылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, сенімсіздіктен арылады.
- күшті топтарда оқуға деген ынта артады.
- білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Класты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық- психологиялық және ұйымдастыру - басқару шаралары біріктіріледі.
Осыған орай мен сабақтарымда Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісін жаңа технология элементтерімен байланыстырып қолдану негізінде пайдаланудамын.
Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру, яғни технологияландыру, жаңа оқушыға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде.
«Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. »
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты - оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.
Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде дайындалады. Бұл әдістемелік оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдайды, өз бетінше ойлануға, ізденуге, еңбектенуге үйретеді. Сонымен қатар олардың, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әркімнің қабілетіне қарай тапсырма беріледі.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен оқушылар толығымен жұмыс жүргізе алады.
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.
Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы ғана көтеріле алады. Осы деңгей ерекшеліктерін пайдалана отырып, әрбір тарауды аяқтаған соң, оқушылардың қалай меңгергенін тексеру үшін қиындығы әр түрлі деңгейде құралған тест жұмысын міндетті түрде алып отырамын. Тестте қойылған сұрақтар есептер тарауды түгел қамтитын болуы керек. Оқушы бірінші деңгейдегі тест есептерін орындағаннан кейін, келесі деңгейдегі тест жұмысына көшеді. Оны аяқтағандары қиындығы жоғары соңғы деңгейдегі есептер шығара бастайды. Мұндай тест алудың артықшылығы орташа оқитындардың өздері, өз деңгейінде құралған есептерді талаптанып шығарады. Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, сапалы білім алуы сияқты жетістіктерге жететіндігіне сенемін.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы дамытушы болып есептеледі.
Міне, сондықтан да ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. 1 деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағйталған. ІІ және ІІІ деңгей тапсырмалары тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірленген тапырмалары солардың біреуін окушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырырылу формаларына қарай тапсырмаларды картоякаларға - яғни өзінше бір «бағыттаушы парақтарға» жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы) нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке-топтық формала өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме ақпараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабақка әртүрлі күрделілік деңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға олардың кез келгенін талдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.
Егер сабак формасы - ойын (кез келген түрі) болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейіне беруге болатынын атап өту қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz