ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құжат СЖМ 3 деңгейлі ПОӘК ПОӘК 042-Х. 1.ХХ01- 2013
ПОӘК Редакция №
Пәннің оқу-әдістемелік
материалдары
Информатиканы оқытудың
әдістемесі

5В010200 – Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы
үшін

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей

2013

Құрастырған: 28.08.2013 ж
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы _______ Рысжанова А.С.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
отырысында талқыланды.
Хаттама № 1 05.09.2013 ж.
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының
меңгерушісі _______ Абишова А.А.

Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.

Хаттама №1 11.09.2013 ж.
Физика-математика факультеті
Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы ____________ Батырова К.А.

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
Хаттама №1 18.09.2013 ж.
ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Зертханалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы
1.ГЛОСАРИЙ
МАТ- мектептiк алгоритмдiк тiл
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын
оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық
дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы
және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын
нормативтік құжат
“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте
мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары
мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын
мазмұнының құрамы мен құрылымы.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) –
оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi
қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру
құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге,
еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның
мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) –
“Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы
оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi
мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт
бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) –
мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша
бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының
мазмұнын анықтайтын құжат.
Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын
талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;
Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын
қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы
байланысты алу;
Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің
бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық
қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз
ету;
Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және
кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында
тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы
тиіс;
Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру
мүмкіндігі;
Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-
мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы
Стример – бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы
әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы
Postmaster– әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің
жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады

2.ДӘРІСТЕР
1-ДӘРІС.
Тақырыбы: Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен
теориясының жалпы мәселелері.
Мақсаты: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін
кәсіптік дайындау жүйесіндегі орнын, информатиканы оқыту
әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика
ғылымымен байланысын қарастыру.

22 қыркүйек 1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім
беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай
информациялық-білім беретін желіге негізделген бірыңғай информациялық-білім
беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мақсаты болып табылады.
Ұсынылып отырылған орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын
өзінің алдында мынадай міндеттер қояды:
1. мектеп мекемелерін жаңа информациялық технологияны (ЖИТ) оқытуда
және оқу үрдісін басқаруда пайдалануға мүмкіндік беретін есептеуіш техника
құралдарымен және ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.
2. барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз
етуге қол жеткізетін инфроқұрылымдарды дамыту
3. ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау
4. телекомуникациялық желі жүйесін жасау
5. жаңа информациялық техналогия пайдалану және ендіру саласында орта
білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу
Осы қабылданған бағдарламаға сай республикамызда көптеген мектептер
жаңа информациялық техналогияны оқыту үрдіссіне ендіру жұмыстарымен
айналысуда. Оларды қолдауымыз, бағыттауымыз және қажетті әдістемелік көмек
көрсетуіміз керек.
Ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдіссін басқарудың әсерлілігін
арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды,
ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау
үрдіссін айтамыз.
Әрине, ақпараттандырудың техникалық негізінде ең жетілдірілген
техникалық құрылғы ретінде компьютер жатады, бірақ сонымен бірге мектептің
барлық техникалық паркін, атап айтқанда: магнитофондарды, телевизорларды,
телефондық желілерді тағы сол сияқты бірығай бағдарламалық-техникалық
кешенге интеграциялау қажет.
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін
кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2010 жылға дейiн дамытудың
Мемлекеттiк бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтiк технологияны
бiлiм беру жүйесiн жеделдетiп дамытуға қолдану негiзгi мiндеттердiң бiрi
ретiнде анықталды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабiлеттi ұлттық
бiлiм беру жүйесiн дамытуға және оның мүмкiндiктерiн әлемдiк бiлiмдiк
ортаға енудегi сабақтастыққа қолдану негiзгi мәнге ие болып отыр.
Бiлiм берудi ақпараттандыру, бiлiм салаларының барлық қызметiне
ақпараттық технологияны енгiзу және ұлттық модельдi қалыптастыру
қазақстандық бiлiм берудi сапалы деңгейге көтерудiң алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшiн құқықтық-нормативтiк, материалдық-
техникалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық жағынан қамсыздандыру
педагог мамандарды даярлаудың негiзгi бағыттарының бiрiне айналып отыр.
Бiлiм берудi қайта құру мұғалiмнен үлкен дайындықты талап етедi. Олай
болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттерi мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы
талап қойылады. Қазiргi уақытта мұғалiм бiлiм беру жүйесiндегi кез келген
қайта құрулардағы педагогикалық үрдістiң негiзгi субъектiсiне айналып отыр.

Қазiргi мектепке шығармашылық iзденiс қабiлетi дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлiгi қалыптасқан
мұғалiм қажет. Ол бiруақытта педагог, психолог және оқу-үрдісiн
ұйымдастырушы технолог бола бiлуi керек. Сонымен қатар оқушының шектеусiз
қабiлетiн дамыта алатындай бiлiм берудiң әлемдiк кеңiстiгiн құруға
қабiлеттi бола бiлуi шарт. Бұдан мұғалiмнiң мамандық шеберлiгi анықталады.
Басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісi мұғалiмнiң
дайындық деңгейi мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалiмнiң
өзiн-өзi дамуына, өзiндiк бiлiм алуына және шығармашылық түрде өздiгiнен
қызметтерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан мұғалiмдердi жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуiне және оны
оқыту құралы ретiнде пайдалану бағыттары бойынша бiлiмдерiн көтеру және
қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертiп, жасақтау қажеттiлігi туындады.
Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық
әлемде оқу-тәрбие үрдісiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер
мен формаларды кез келген уақытта таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу. Мұндай
жағдайда педагог мамандар өзiн-өзi дамытуына және өздiгiнен бiлiм алуына
мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне жан-жақты, әрi еркiн
пайдалана бiлуге үйрету дайындау кезеңдерiнiң сапалығымен анықталады.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың
Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде
мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау
қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың
бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны
өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi
қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай
мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң
өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық
кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен
бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу үрдісiне
пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне пайдалану – келесi
педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту
үрдісiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (мәселелік, ұйымдастырушылық, iс-
әрекеттiк, компьютерлiк ойындар және т.б.);
- мәселелік, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану
арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану
арқылы оқу үрдісiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау мiндеттерiн шешуде
оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерi
мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және
желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
- балабақша қызметкерлерiн, бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән
мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана
бiлуге үйрету;
- информатика пәнiн оқытудың өзекті мәселелерi бойынша информатика
мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
- қашықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
Бақылау сұрақтары
1. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты
2. Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісiнің мұғалiмдік мамандық сапасына
қойған талаптары қандай?
3. Оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың мүмкiндiктерi қандай?
Негізгі әдебиеттер: [3, 4, 5, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [24, 25, 26]

2-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен,
псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Мақсаты: Қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылады

Қазіргі кездегі білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу
үрдісінде компьютерлік технологияны жаппай қолдану міндетін шешіп отыр.
Бұл – электрондық оқулықтар мен ресурстарды эффективті түрде қолдануды
талап етеді.
Қазіргі кезге дейінгі білім беру үрдісін қарапайым үш түрде
қарастыруға болады:
1. Информацияны беру және қабылдау. Онда “Оқытудың техникалық құралдары”
көмегімен сабақ материалдарын иллюстрациялар: фотосурет, сурет, бейне,
дыбыс көмегімен үлкен аудиторияларда көрсету мүмкіндігі артады.
Оқушылардың информацияларды оқытушы көмегінсіз-ақ қабылдау мүмкіндігі
пайда болады.
2. Іс- тәжірибелік сабақтар. Бұл информацияны меңгеру негізінде білімін
тереңдету болып табылады. Оқу аудиториясында есептер шығару, физикалық
эксперименттер жасау, экономикалық есептеулер жүргізу немесе
философиялық проблемаларды талқылау негізінде белгілі нәтижеге жету
үшін информацияны қолдануды үйренеміз.
3. Аттестациялау. Бұл оқушылар білімін тексерудің әр түрлі әдістері:
ағымдағы сұрау, белгілі пән бойынша нақты есепті шешуді қамтитын
комплексті емтихан.
Компьютердің пайда болуы аудиториялық және өздігінен жұмыс істеудің
арасын біріктіріп, жаңа - өздігінен аттестациялау формасын тудырды.
Іс- тәжірибелік сабақтарда да компьютерді қолдану мынандай мақсаттарға
жетуге мүмкіндік береді:
1. Оның көмегімен лабораториялық жұмыстарды орындауды әрбір жеке
детальдары бойынша көрсетуге, химиялық реактиві бар пробирканы
қозғалысқа келтіру немесе радиотехникалық сызбаны баптау мүмкіндігін
беретін “виртуальдық лабораториялар” ұйымдастыруға болады.
Виртуальдық лаборатория көмегімен жасалынатын эксперименттердің ауқымы
өте үлкен.
2. Компьютерде интерактивті эффектінің ролі өте зор. Оның көмегімен әрбір
оқушы кез келген сұрақ бойынша іс-тәжірибе жасауда жіберілген қателері
туралы хабарлама, оны түзету әдістері жөнінде нақты кеңестер ала
алады.
3. Жағдайды басқару ойындарының көмегімен іс-тәжірибелерді әсерлі орындау
мүмкіндігі.
Өзін - өзі аттестациялау білім бекітудің кез келген кезеңінде жеке
түсініктерді қорытындылау мақсатында қолданыла береді. Қазіргі
мультимедиалық технология жеке пәндер бойынша тестілеуде, әр түрлі
мақсаттардағы есептерді шығару жолдарына түсініктемелер беруде және
динамикалық графика элементтерін пайдалануда қолданылады.
Білім беруде жаппай компьютерлік технологияны ендіру қазіргі
информациялық және мультимедиалық (ITMT) технологияның барлық
мүмкіндіктерін қолдану негізінде іске асады да білім берудің сапасын
көтеруге жағдай жасайды.
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және
информатика ғылымымен байланысы;
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника
негіздері" курсының енгiзiлyiне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы
пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатикaны оқыту әдістемесі деп
аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту зандылықтары информатика
дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледi.
Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесі қарқынды даму үстінде
оның көптеген мәселелер теориялық жағынан зерттеудi тaлап етедi. Педагогика
ғылымының осы саласы тұтас, әpi толық бiр мәнді болу үшiн информатиканың
барлық деңгейде оқытылуы зерттелyi керек. Мектепке дейiнгi кезеңде,
мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғaрғы мектепте,
информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.с.с. Осы аталған буыңдардың бәpi
қазiргi уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Бiздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп көлемiнде
оқытылатын "Информатика" курсын oқытy әдiстемесi. Информатиканы оқыту
әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесi негiзгi
мiндеттердi қояды: Информатика және есептегiш техниканы нақты мақсатын және
орта мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұныy анықтау, оқыту түрлерiн
ұсыну; Информатика мен есептегiш техниканы оқытудың барлық құралдарын
қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.),
мұғaлiмнiң практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;
Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас
ғылым. Педагогика ғылымының iргелi бөлiгi ретiнде өзiнің дамуында
информатиканы оқыту әдicтемесi философияға, педагогикаға, психологияға,
информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, орта Информатиканы оқыту
әдістемесі деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жaлпы ғылыми
оқу-әдістемелік дидактикалық ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық
мәселелерiн жан-жaқты қарастыратын курс болып табылады.

Бақылау сұрақтары
1.Информатика ғылым және орта мектептeгi оқу пәні ретiндегі маңызы қандай?
2.Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен псиxологиямен және
информатика ғылымымен байланысы?
3.Информатиканы оқытудың мiндeттepiн ата?
4.Жалпы білім беретiн орта және кәcіптiк мектептердегi информатиканы
оқытудың мақсаттары қандай?
5.Орта мектептегi информатика курсының мазмұнын сипатта.
Негізгі әдебиеттер: [1-22]
Қосымша әдебиеттер: [23-46]

3-ДӘРІС.
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндет-
тері. Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы
оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің
жалпы сипаттамасы
Мақсаты: Орта мектептегі информатика курсын оқыту заңдылықтары мен

нақты тақырыптарды оқыту әдістерін
қарастыру

Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы
қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы
тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі
бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.
Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру
” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса,
қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз –
ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды
енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің
жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.

Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып
келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш
техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге
асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың
әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің
қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш
техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде
енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен
қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған
бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы
білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және
програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге
асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік
білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім
беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика
курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке
шығады.
Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте,
маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи
ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі
информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және
әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының
жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық,
педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады.
Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика
– ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен
өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық
ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана
қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады.
Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады,
ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника
негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы
пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп
аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың
дамуының нақты кезеңіне сай келеді.
Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде;
оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді.
Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін
информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі
кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте,
информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне
тән проблемаларын қоюда.
Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп
көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика
оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі
негізгі міндеттерді қояды:
▪ Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта
мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін
ұсыну;
▪ Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын
қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.),
мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар
информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз?).
2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз?).
3. Оқыту әдіс (Қалай оқытамыз?).
4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз?).
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?).
Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:
1. Кімді оқытамыз?
2. Кім оқытады?
Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны
қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау
керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып
келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің
дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға,
психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің
кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.
Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік
педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту
әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында
информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік
техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты
тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес
жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында
негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет
қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі
дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.
1) Білім беру;
2) Тәрбиелік;
3) Практикалық.
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың
жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға
информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру,
оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін
түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары.
Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын
дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі
әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты –
оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға,
ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде
қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың
еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп
бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен,
дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын
жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі
кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика
курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты
мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі
тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық
аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік
техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы
оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке,
басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны
информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор.
Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде
қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу,
бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы
адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы
оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтық, адамгершілік қасиетке және
жоғары саналыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен
өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға
негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін
алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу
үрдісіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды
оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы
дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың
көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым
болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу
үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту
мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік
жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес
жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi
орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға,
ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен
қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенеңиалды мүмкiндiгiнiң шекарасын
тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн
aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың
аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың
негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру болып
табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша
анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық,
арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу
барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып
табылады.
Орта бiлiм беруің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет
қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі
дaмытyғa жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:
1. бiлiм беру; 2. тәрбиелiлiк; 3.практикалық;
Бақылау сұрақтары
1. Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты қандай?
2. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
3. Информатиканы оқыту әдістемесінің мақсаты не?
4. Информатика курсын оқытудағы негізгі мақсаттар қандай?
5. Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты?
6. Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты?
Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 12, 14]
Қосымша әдебиеттер: [20, 24, 28]

4-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Информатика бойынша жалпы білім беру стандартының
функциялары мен орны.
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты жайлы мағұлмат беру,
информатика
пәнінің оқу жоспарында алатын орны мен мектепте оны
оқытудың мақсатын игерту.

Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті
минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
тағайындайтын нормативтік құжат.
-1998 жылы жасақталған стандарттың негізгі мазмұны 7-11 сыныптарда
дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және
қолданушылар аспектілеріне бөлініп қарастырылған. Аталған аспектілер
базалық, негізгі және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке жеке
концентрлі түрдегі мазмұндарға бөліп, анықталған. Мұнда қарастырылған
мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты оларды
өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады.
Сондықтан бұл стандарт жылы мына түрде өзгертіліп, қайтадан
жасақталды.
Информатика пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес
сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу
жоспармен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Стандарттың қолданылу саласы;
Қолданылу саласы. Стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары
мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау,
жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, оқулықтар мен оқу
- әдістемелік кешендерді жасақтау және оқу бағдарламаларын жүзеге асырылуын
бақылау кезіндде қолданылады.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы Заңының талаптарына сәйкес
информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгiзiлген:
- кластар бойынша бiлім беру мазмұнының мiндeттi минимумы;
- әрбiр кластардағы оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiмдi бағалау үлгiлерi.
Қазақстан Респyбликасының конституциясында: "Білiм беру - бұл қоғам
мүшелерiнiң адамгершiлiқ интеллектуалдық, мәдени дамyынының жоғарғы
деңгейін және кәсіби бiлiмдiлiгiн қамтамасыз eтyгe бағыттaлған тәрбие беру
мен оқытудың үздiксiз үрдісi", - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесiнiң басты мiндетi-ұлттық және жалпы адамзаттық
қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негiзiнде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау, әрине, мемлекет
зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру үрдісiнiң
үздіксіз талап етедi. Білім беру үздiксiз үрдісс болса, информатиканы оқыту
да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік
білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы орта мектепте үздiксiз бiлiм беру тұжырымдамасына
негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесiн демократияландыру
принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған.
Мұнда оқушы өз бетiмен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект
болса, мұғалiм осы қызметтің тиiмдi ұйымастырылуына нәтижелi болуына жауап
беретiн шығармашылықпен жұмыс icтейтін жеке тулға.
Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте
міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары
мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын
мазмұнының құрамы мен құрылымы.
Информатика оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы
(БНБ) - оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді
қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру
құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге,
еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның
мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ)
-Информатика оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы
оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі
мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт
бойынша анықталады.
Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) -
мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша
білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының
мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы
курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды
меңгерту;
-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
Міндеттері:
-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және
ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың
негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында
қарастыру;
-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның
постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен
сипаттамасын өзгерту;
-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын
жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен
қаруландыру;
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:
-ақпарат;
-ақпараттық ресурстар;
-ақпараттық үрдістер;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
Информатика пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап
айтқанда:
-оқушыларға формальдау, моделбдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін
меңгерту;
-тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін
дамыту.
2.информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда,
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика
және т.б.
Информатика пәнінің даму бағыттары:
-Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу,
табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен
қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың
негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің,
микроүрдіссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер
арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр
түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және
қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық
технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық
технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және
программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық
нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі
мәселелер қарастырылады.
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны
оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық
мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (7-9 сыныптар)- базалық курс. Ол информатика пәні бойынша
оқушылардың міндетті (минимум) жалпыбілімділік дайындық деңгейін қамтамасыз
етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология
құралдары мен әдістерін меңгертуге, сонымен қатар компьютерді үйренуде,
одан әрі кәсіптік білім қызметінде оын еркін, әрі тиімді қолдана білу
дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).
Екінші кезең (10-11 сыныптар) –информатика пәні бойынша жоғарғы
сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда
оқушылар кәсіптік даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгеруді
жалғастырады (2 жыл).
Информатика пәнінің базалық мазмұны төмендегі материалдар көлемінде
шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдістер, компьютермен танысу,
ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және
программалау, телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
10-11 сыныптарда Информатика пәнін оқытудың мазмұндық желісі қоғамдық-
гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша
қарастырылған.
Қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар
негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология,
телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары
теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық
қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстыну - математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына
бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру
құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу
материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың
жаратылыстану - математикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен
байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері
тереңдетіліп, оқытылады.
Информатика оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар мектептің әр түрлі сатысында берілетін оқу мазмұнына
сәйкес берілген. Сатылар негізгі, жоғарғы (қоғамдық - гуманитарлық және
жаратылыстану- математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес
берілген мазмұндық желістер бойынша оқушының міндетті дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар анықталған.
Информатика оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту
үрдісін мамндармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу- әдістемелік жағынан
қамтамасыз ету; материалдық -техникамен базамен қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары
1. Мемлекеттік білім стандарты дегеніміз не?
2. Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы
3. Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы
4. Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]

5-ДӘРІС.
Тақырыбы: Жалпы орта білім беретін мектептерде информатиканы оқыту
тұжырымдамалары. Информатиканы үздіксіз оқытудың
үшкезендік құрылымы.
Мақсаты: Орта білім беретін мектептерде информатика пәнін оқытудың
құрылымын қарастыру.

Белгілі ғалым А.А.Кузнецов информатиканы оқытудың төмендегідей
әдістемелік жүйесін ұсынды:
1.Оқыту мақсаты;
2.Оқыту мазмұны;
3.Оқыту әдістері;
4.Оқытуда пайдаланылатын техникалық құралдар мен көрнекі құралдар;
5.Оқытудың ұйымдастырушылық формасы.
А.А.Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты-
оқушыларда компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика пәнінен
алған білімін,дағдысы мен біліктілігін оқу үрдісінің барлық салаларындда
қолдануымен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде де ЭЕМ-ды пайдалану
мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының нгізгі мазмұны бір-бірімен тығыз
байланыстағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің
қалыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм
құрылымы, шама түрлері және т.б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса, ал
курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс жасауға және
нақтылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және т.б.) программа
жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше
кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990жж.). Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты
қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-
өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995жж.). Толық емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына
пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылады. Информатиканы төмеңгі сыныпқа
көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік техникамен және
сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты болды.
Жоғарғы сыныптарда(10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта
(физика-математика, химия-биология және т.б.) жүретін болғандықтан бұл
сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет
болды. Атап айтқанда, ИЕТН пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген
курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесімен,
Информатика және экономика элементтері курсынан экономика жөнінде білім
алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында тереңдетіліп оқытылатын математика және
физика курстары да информатикамен тығыз байланыстырылуы қажет.
3-кезең (1995-2007жж.). Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны
пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен емес, бүкіл
оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталады. Сонымен бірге, оқытудың
әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, оқулық пен
қосымша оқу құралдарыың және т.б. өзара үлестік қатынасы мәселесін маңызды
етіп алды.
А.А.Кузнецовтың жасаған тұжырымдамасында төмендегідей мәселелер:
1.Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2.Пәнді тереңдетіп оқыту;
3.Пәнді экономика, математика, физика және т.б. басқа пәндермен
байланыстырып оқыту;
4.Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін
анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі қайта құру және
т.б. сипатталады.
Бірақ, тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім
беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын
оқытудың мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта құру мәселесі
қарастырылмаған.
М.П.Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы мен
болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың үлгілері
келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте ИЕТН пәнін оқытудың құрылымы
төмендегі көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы
мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы
мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын
түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т.б. пәндермен байланыстыра
отырып, қарастырылады.
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту.
Бұл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде
қарастыра отырып, атқарушылармен – Роботпен жұмыс жасай білуге
дағдыландыру.7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді.
Мұнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері: ақпараттарды
мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру, компьютерге құқық
бұзушылар тізімін енгізу және т.б. Осы кезенде информатика курсын оқытудың
негізгі міндеті – бұл компьютерлік техниканы барлық пәндердің оқытылуына
пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелеу.
3-кезең. Орта мектептерде 10-11 сыныптарында ИЕТН пәнін оқыту. Бұл
кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері үйретіледі.
Қоғамның қажеттілігіне байланысты қуатты программалық құралдары
пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда, мемлекеттік
қамсыздандыру жүйелерінде, әлеуметтік салаларда және т.б.
И.П.Лапчик информатика пәнін оқытудың құрылымын ұсына отырып, пәнді
оқушыларға жан-жақты меңгерту негізінде мұғалімдерден төмендегідей
мәселелерді оқыту барысында жүзеге асыруды талап етті:
а) қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы
дәрежелі маман болу;
ә) жаңа педагогикалық технологияны информатиканы оқытуға пайдалану.
Бұл көрсетілген талаптар уақыттың өзгеруінен туындап отыр.
И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ол ИЕТН пәнін
оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз мамандығын терең білетін мұғалімдерді
дайындау. Бұл өте орынды көтерілген мәселе. Ұсынылып отырған тұжырымдаманың
басқа жоғарыда айтылған тұжырымдамалардан ерекшелігі де осында болып отыр.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білімберу мақсатында оны
оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11-жылдық мектепте информатиканы
оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңде қамтиды:
* Бірінші кезең (І-VI) – препедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылардың
компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым
компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында
қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
* Екінші кезең (VII-IX)- негізгі курс, информатикадан оқушылардың
міндетті, жалпы білім берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етеді. Ол
оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін
меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тәртіпті және саналы
қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
* Үшінші кезең (X-XI)- оқушыларды информатика саласында қызығушылығына
байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік
сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.

Бақылау сұрақтары
1. А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасы бойынша информатика пәнінің даму болашағы

неше кезеңге бөлінген?
2. И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]

6-ДӘРІС.
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп
оқытылуы. Бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп
оқытылудың қажеттілігі. Оның мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен оның
элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды
қарастыру.

Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген
педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы
алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге
арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже,
Ю.Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың
және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың
тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу
жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың
теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика
элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру
жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зертелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы
түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып
үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын
біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық
қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі
маңызды болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика
элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды
теориялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет
етеді. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық
баланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны
оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардын, оқыту
бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-
қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика
элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгізу арқылы
оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға
және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы
шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің
түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру
белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ
сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөль атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер
болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың
санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін, олардың
белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына
қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде
дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде.
Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған
мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттерінің жүзеге асу
тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу
емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәндер