Информатиканың философиялық негіздері


1 - лекция. Тақырыбы: Информатиканың философиялық негіздері

Жоспары:

1. Материяның жалпыға бірдей семантикалық қасиеті ретіндегі ақпарат ұғымы.

2. Табиғат пен қоғамның ақпараттық заңдарының бірлігі.

3. Ақпараттық дүниетаным.

Лекция мақсаты:

Жалпы ақпарат ұғымын беру. Материяның жалпыға бірдей семантикалық қасиеті ретіндегі ақпарат ұғымы. Табиғат пен қоғамның ақпараттық заңдарының бірлігі мен ақпараттық дүниетаным түсініктерін қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. 1. Материяның жалпыға бірдей семантикалық қасиеті ретіндегі ақпарат ұғымы

Материя - өздеріне ғана тән кез келген қасиеттері, байланыстары, қатынастары мен қозғалыс түрлері бар дүниедегі барлық нысандар мен жүйелердің ақырсыз жиыны. Материалдық дүниенің жүйелі ұйымдастырылуы материяның бар болуының негізін қалайды. Жүйе дегеніміз, мақсат немесе қызмет тұтастығымен біріктірілген элементтер жиыны. Жүйеден тыс материя жоқ.

“Материя” ұғымы “жүйе” ұғымымен мағыналас. Осы тұрғыдан, материалдық құрылымды 1. 1. суретіндегідей, құрамды элементтері ретінде зат, энергия, білім, ақпарат көрсетілген түрде беруге болады. Жүйелік тұрғысынан бұл элементтер тең дәрежеде. Мұнда бірінші, екінші деген жоқ. Зат пен энергия білім мен ақпараттың сәйкес тұғырлары ретінде көрінеді. Білім деп заттық тұрпатта айқындалған жүйелі тәжірибені айтады. Зат - білім тұғыры немесе “өлі” ақпарат. Ол білімді сақтаушы, сонымен қатар оны уақыт бойынша таратушы генетикалық құрал қызметтерін атқарады. Энергия ақпарат тұғыры ретінде зәру білімді көрсетеді. Ақпараттық өзара әрекет тұйық (жабық) жүйелердің қасиеті болып табылады. Тұйықтықтың өзі жүйедегі субъект-объект өзара әрекеттестігі мақсатымен анықталады. Жүйеде білімнің болуы (зәрулендірілмеген ақпарат) оның ашықтығын (тұйық еместігін) куәландырады.

Ақпарат - материяның өзара әрекеттестікте көрініс беретін сол материяның жалпы ортақ қасиеті. Ол жүйе құрайтын кибернетикалық құрал болып табылады және сырттан енгізілмеген. Табиғи жүйелерде ақпарат үрдіс ретінде көрінеді, ол жасалмайды, тек таратылады және қабылданады. Ал білім жасалады, оның бір бөлігі мақсатты әрекеттер кезінде ақпарат түрінде зәрулендіріледі. Жүйедегі ақпарат мөлшері оның ұйымдастырылғандық өлшемі болады.

Бірі - объект, екіншісі - субъект болатын, жүйеге мақсат тұтастығының белгісі бойынша байланысқан, өзара әрекеттес және алма-кезек қызмет бойынша түйіндес элементтер жұбы - ең қарапайым негізгі жүйе болып табылады. Осындай ең қарапайым жүйелерден мейлінше күрделі құрылымды жүйелер түзіледі.

Жүйедегі элементтер әрекеттестігінің семантикасы күрделілік деңгейі әр түрлі материалдық жүйелердің өз реттелу, сақталу және өз дамуының ішкі қажеттілігімен анықталады.

Өркениет тарихында нысанға байланысты жүйелік тұрғысынан үш кезеңді бөліп қарауға болады: XVІ ғасырға дейін - материалық жүйелер, XVІ-XX ғасырлар - энергетикалық жүйелер, XX ғасырдан бастап - ақпараттық жүйелер.

Біздің уақыт ақпараттық қатынастың электрондық құралдарының кеңінен қолданылуымен сипатталады. Олар ЭЕМ, есіту- және көру құралдарынан, байланыс құралдарынан тұрады. Бұл құралдар адамның мақсатқа жетуге бағытталған ойлы іс- әрекетін автоматтандыруға, ықтимал әлемдер жасауына көмектеседі. Дегенмен, осындай жағдайдың өзінде адам өздері жасаған нысандар мен жүйелер әлеміне субъект болып қала береді. Адам-машина жүйелерінде айналыстағы ақпараттың семантикалық маңызы адам арқылы көрінеді. Машиналарда, - олар қаншалықты жетілдірілген түрде жасалса да және қандай да болмасын семантикалық модельдерді іске асыра алса да, - жоспар-мазмұн жоқ. Адам жасаған жасанды жүйелердің табиғи жүйелерден айырмашылығы да осында. Жасанды ақпараттық жүйелерге ақпарат сырттан адам арқылы енгізілген. Машиналарда интеллект жоқ. Машиналық-технологиялық ақпарат тұлғалық, синтаксистік сипатқа ие, ал хабарлардың мазмұны адамнан.

Бірге атқаратын жұмысты реттей жүріп адамдар өзара қатысады. Кибернетикалық ақпараттың мәні - оның қатынастық қызметінде. Ол ақпарат көзі (бейнеленетін нысан) мен қабылдаушының (басқарушы субъектінің) үздіксіз жүйелі бірлігін бейнелейді және ол бірлік дегеніміз жүйе реакциясы арқылы ортаның шынайы әсерінің алдын алуды ескереді. Ал, бұл тек мақсат болғанда ғана, яғни жүйе қажетін қанағаттандыратын болжамды нәтиже болғанда ғана мүмкін. Мақсат - объективті шындықтың қалаулы күйін алдын ала бейнелеу.

Алдын ала бейнелеу келешек іс-әрекет пен оның бағдарламасын, яғни қажетті келешек моделді құру үшін бұрынғы әсерлердің салдарын пайдалану негізінде іске асады. Басқаша айтқанда, ақпарат - жүйелі категория. Ақпарат және есеп туралы, ақпарат көзі болып табылатын нысан белгілі және анықталған мақсаттарға жету үшін осы нысан туралы ақпаратқа қызығушы субъект бар болғанда ғана, сөз қозғауға болады. Мұндай “ақпарат” түсінігі жағдайында ақпарат ұғымынан жүйедегі пайдаланылмайтын білім бөлігі алып тасталынады. Сонда да болса, кез келген жүйенің өмір сүру мен дамуын қамтамасыз ету үшін бұрынғы жүйелі тәжірибені сақтау маңызды. Міне, “білім” де соған қызмет етеді. Білім - гносеологиялық категория ғана емес, тәжірибені арғы атасынан ұрпағына беруді де бейнелейтін генетикалық та категория. Ақпарат білімнің белсенді түрде пайдаланылатын бөлігін құрайды. Әлбетте, ағымдық үрдісте жүйелі қолданылатын білім мен сақтаулы білімнің, екеуінің де “білім” екендігіне қарамастан, теңбе - тең еместігі анық. Қатынастық үрдісте ақпарат субъект білімінің деңгейін өзгертеді де, осыған сай білімнің жүйе үшін сигналдық сипаты анықталады. Жүйенің алдыңғы және кейінгі күйлері арасындағы айырмашылықты сипаттайтын салыстырмалы шамаларға жүйені тітіркендіреді. Сигналдылық жүйе күйлерінің саралану қабілеттіліктеріне негізделген. Бұл ақпарат мазмұнындағы сапалы айырмашылықтарға қарамастан, материяның барлық түрлері жүйелерінің сигналдық ұйымдастырылуы үшін орынды.

1. 2 Табиғат пен қоғамның ақпараттық заңдарының бірлігі.

Материяның әр түрінде әрекеттестік арнайы сипатта болады, сондықтан да семантикалық мағына әртүрлі көрініс береді.

Мысалы, өлі табиғаттың екі элементінің әрекеттестігі өзара қозғалыс жолымен материяның сақталу заңының айқындалуы арқылы анықталады. Мұнда, жүйедегі қозғалыс параметрлерін шама бойынша реттейтін әрекеттестік күш ақпараттық іліктестік ретінде көрінеді.

Қозғалыстағы нысанның орны, қозғалыс мақсаты туралы ақпаратсыз және нысанға қозғалысты реттейтін әсерсіз қозғалыс мүмкін емес. Ақпарат кейбір физикалық үрдіс арқылы беріледі, мысалы, сәулеленудің кейбір түрі арқылы. Кез келген әрекеттестікте /байланыста/ энергия мен статикалық тепе-теңдікте болатын жүйе бар және ол ақпаратқа да, энергияға да қатысты тепе-теңдікте болуы тиіс.

Мұндайға эволюцияланатын, шендестіріле құрылған, энергетикалық сипаттағы мақсаттық белгілері бойынша өзін-өзі ұйымдастыратын биологиялық жүйе мысал бола алады. Мұндай жүйедегі барлық үрдістердің ақпараттық құраушылары бар; бұл жағдайда шендестірілген оңтайластырылған тиімді контурдағы кейбір нақты үрдіс жайғасқан орын біршама дәрежеде оның ерекшелігін, маңызды сипаттамаларын және бүкіл жүйенің бүтіндей жұмысының біріккен мақсаттарына жетудегі рөлін анықтайды /мұндай нақты үрдісті жүйе элементі ретінде қарастыруға мән бермеу - ол туралы ақпараттың айқындауыш құраушысын жоғалтуға әкеліп соғады/.

Өсімдіктер әлемінде өсімдіктердің өмір сүруі зат алмасуына әсер ететін навигациялық, жылу, жарық және басқа да өрістерден аса тәуелді. Онда өмір сүру жолындағы күрес өлі табиғаттағыға қарағанда әлдеқайда белсенді түрде өтеді. Субъект-объект әрекеттестігі өзінен өзі дамудың ішкі қажеттіліктерінен туындайды, бірақ олар клетка деңгейінде көрініс береді. Өсімдік кеңістікте орын ауыстырмайды. Эвкалипт, секвойя оған айқын мысал бола алады.

Жануарлар әлемінде қимылсыздықты жеңу - нерв жүйесінің пайда болуына алып келеді. Жеке адам қозғалысы - тіршілік. Субъект-объект қатынастары организм деңгейіне шығарылады. Оған организмге оттегінің келуін қозғалысы арқылы қамтамасыз ететін акуланы мысалға келтіруге болады.

Адамның пайда болуы жүйелі субъект-объект қатынасының одан әрі дамуына жол ашты. Әлеуметтік құрылымды материяның әрекеттестік семантикасы тіршілік дамуының ең жоғарғы түрімен, ойлайтын және саналы түрде дүниені түрлендіруші жеке адамдар мен әртүрлі деңгейдегі қауымдастықтар жиынтығымен, белсенді мақсатты үрдістермен анықталады.

Айтылғаннан көрініп тұрғандай, “ақпарат” - басқарудың классикалық теориясының негіздерінен туындайтын кибернетикалық категория. Оның мәні - материалдық дүниенің барлық жүйелері элементтерінің мақсатты әрекеттестігінің нақты және қалаулы жағдайын бейнелейтін қатынастық қызметінде. Адамның саналы қызметінде орталық нерв жүйесі сезім мүшелерінен тітіркеніп, оны бұлшық еттерге тарататын дербес, тәуелсіз орган ғана емес. Орталық нерв жүйесіне тән қызмет түрлері нерв жүйесінен шығып, бұлшық ет және сезім органдары арқылы нерв жүйесіне тағы да қайта келетін тұйық үрдістер ретінде ғана түсіндіріледі.

Ақпарат материямен және энергиямен қатар аса маңызды элемент. Онсыз материалдық әлемнің өзінің бар болуы, материяның қозғалысы мүмкін емес техникалық жүйеде, тірі организмде немесе адам қоғамында бірде- бір басқару үрдісі де мүмкін емес.

Ақпарат материяның семантикалық мәні ретінде жүйелі ұғым және нысан туралы, мақсат пен нысанға қажетті күшпен әсер ету туралы мағлұматтар мен ақпаратта өрнектеледі. Материяның кез келген түрінің кез келген екілік жүйесінің элементтері ақпараттың көздері және қабылдауыштары бола алады.

Кез келген объект және оған сәйкес келетін субъект жүйе құрайды. Жердегі тіршіліктің дамуы табиғи түрде эвкалипт, секвойя, акула немесе адам сияқты жетілген кибернетикалық жүйелер қатарын қалыптастырды.

Адамның қатынастық ақпарат жүйесі интеллектуалдық және дене қызметімен тығыз сабақтастықта. Дыбыс/сөз/ қабылдау, көзбен қабылдау /мәтін, бейне /, дене түйсігі арқылы қабылдау, дәмдік қабылдау, иіс сезіну сенсорлық жүйелері дамуда. Қабылданған сигналдарды тану және оларды түсіндіру мүмкіндіктері кеңейе түсуде. Білім қорын жинау, логикалық қорыту, болжау, шешім қабылдау, іс-әрекеттерді жүзеге асыру өсіп келеді. Адамдар арасындағы кооперативтік қатынастар қалыптасып, даму үстінде. Қоғам құрылып, түсіндіру мен оқу процедуралары пайда болуда.

Әлеуметтік жүйелердің өз реттелуі мен басқарылу деңгейі оның дамуының әр кезеңінде қоғамның қатынас жүйелерінің даму деңгейінен барынша тәуелді, ал қазіргі уақытта адам өмірінде шешуші рөл атқарады.

Халықтың өсуі, өндірістік заттар мен өндіріс көлемінің өсуі, еңбектің бөліну деңгейі соншалық, өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыстарды олардың күрделілігі салдарынан ақпараттық қатынас жүйесінің қазіргі деңгейімен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Біріншіден, ол адам қажетін жан жақты қамтымайды және, екіншіден, ол адам қоғамы өміріне табиғи сіңісіп жатқан жоқ. Байқалған шектеулілікті жеңу үшін адамның өзі сияқты кибернетикалық және қатынастық жүйе құру қажет.

Ақпараттың семантикалық жүйелерді зерттеу нәтижелері табиғат жасаған органикалық әлем мен адам жасаған және жасап жатқан техникалық әлем арасында үлкен ұқсастық бар екендігіне сендіреді. Ол ұқсастық сырттай ғана емес, оның сыры тереңде жатыр. Табиғаттың іргелі заңдылықтары биологиялық организмдерге де, техникалық жүйелерге де әсер етеді және олар тірі организмдерге тән ортада жұмыс атқаруға тиіс. Мақсат ортақтығы, өлі мен тірінің арасындағы түбегейлі айырмашылыққа қарамастан құрылысы мен қызметіндегі ұқсастықтарға саяды.

Табиғи және жасанды жүйелерден тұратын объективті шындық адам санасында субъективтік бейне түрінде бейнеленеді. Нысаны адам, адамдар ұжымы, қоғам болып келген материалдық жүйелерге тән әлеуметтік ақпарат пайда болды.

1. 3. Ақпараттық дүниетаным

Ақпарат (лат. Іnformatіo - түсіндіру, мазмұндама, хабардарлық) - кейбір мәліметтерді, қайсыбір деректер, мағлұматтар және т. б. жиынын белгілейтін ғылыми ұғымдардың ең жалпыланған түрі. Жүйелік - кибернетикалық тәсіл шеңберінде ақпарат кез келген кибернетикалық жүйенің үш бірдей іргелі саласы тұрғысынан қарастырылады: ақпараттық тұрғысы жүйеде сырт дүние мен жүйенің ішкі ортасын бейнелеу үрдістерінің белгілі жиынтығын сәйкес сигналдарды жинау, көбейту және қайта өңдеу арқылы іске асырумен байланысты; басқару тұрғысы жүйенің қызметтік үрдістерін, оның алынған ақпарат әсерінен қозғалысы бағыттарын және мақсаттарына жету дәрежесін есепке алады; ұйымдастыру тұрғысы басқару жүйесінің өзінің құрылысы мен жүйедегі кемелдік дәрежесін сипаттайды. Ақпарат ұғымының өзі әдетте, кем дегенде, үш бірдей нысанға - ақпарат көзі, ақпаратты түтынушы және таратушы ортаға - арқа сүйейді. Ақпарат таза күйінде таратыла, қабылдана немесе сақтала алмайды. Оның тұғыры - мәлімет болып табылады. Мәлімет - ақпарат көзі арқылы және әлдебір реттелген жиын құратын шартты етіс таңбалар (әріппе) тізбегі арқылы өрнектелген оқиғаның дөптелген баламасы. Ақпараттың байланыс арналары хабарды тарату құралдары болып табылады. Байланыс арнасы бойынша хабар осы арнаға ғана бейімделген сигнал түрінде таратылады. Сигнал - байланыс арнасына тарайтын және қайсыбір оқиға туралы, бақылау немесе тексеру нысандарының жәй - күйі туралы, басқару, көрсету әмірлерін және т. б. таситын таңба, физикалық үрдіс немесе құбылыс. Мысалы, электр сигналдары электрон және электр тізбектерінде, акустикалық сигналдар газ, сұйық немесе қатты дене және т. б. ортада тарайды. Орта (арна) тарататын, тұтынушы қабылдайтын ақпарат таситын сигнал соңғысы үшін осы ақпараттың (хабардың) түскендігінің өзінен басқа белгілі мағынасы бар. Бұған ақпарат көзі мен оны тұтынушы арасындағы жасалған арнайы келісім арқылы қол жеткізіледі. Осыған сәйкес сигнал аударылады, яғни, қабылданған сигналдан тұтынушыға түсінікті мағына алынады. Сонымен, егер тұтынушыға белгілі ережелер арқылы сигнал мәні ашылмайтын болса, онда қабылданған сигналдың жәй ғана тіркелуі әлі де болса ақпараттың ақпарат көзінен алынғандығын білдірмейді. Бұл жағдайда сигнал өзі олар туралы ақпарат таситын оқиға немесе құбылыспен тікелей физикалық байланыста болмауы мүмкін екендігін баса айту керек. Осы мағынада ақпарат бейнелеу арқылы бір нысаннан екіншісіне беріліп, оның құрылымында бейнеленіп, күй-жәйдің көпбейнелілігін тудырушы нысандар мен құбылыстар қасиеті ретінде көрінеді. Адам мыйы сезім мүшелері арқылы мол ақпарат алады. Ақпарат ойлаудың негізгі материалы болып табылады да, кезкелген ақыл-ой қызметінің негізін қалайды. Ақпарат теориясының негізі әртүрлі мазмұнды және әртүрлі мәселеге қатысты әртүрлі хабар ортақ тілге аударылуы мүмкіндігінің, ал ол хабар таситын ақпараттың сандық түрде өлшенуі мүмкімдігінің презумпциясы болып табылады. Осындай сандық өлшемнің көмегімен берілген хабарды оның түріне қарамай-ақ бағалай беруге болады. Бұл жағдай ақпараттың жалпы ғылыми теориясын жасауға объективті негіз қалайды. Мысалы, энергия ұғымын енгізу табиғат құбылыстарын бір көзқараспен қарауға мүмкіндік туғызған болса, сол сияқты ақпарат ұғымын, ақпарат санын бірегей өлшеуді енгізу әртүрлі үрдістерді зерттеуге бір ғана ортақ көзқараспен келуге мүмкіндік береді. Таралған ақпарат саны және одан қала берді, ақпараттың қабылдаушыға әсер ету нәтижесі оны таратуға кеткен энергия мөлшерімен анықталмайды. Сондықтан да ақпараттың ең бір маңызды ерекшелігі оның бейэнергиялық сипаты болып табылады. Ақпаратты пайдаланудың мәнісі, көп зат массасын және энергияның көп мөлшерін тарату мен түрлендіру үрдістерін іске қосу ақпарат таситын аздаған масса мен энергия көмегімен бағытталып, тексеріліп тұру мүмкіндігінде. Мысалы, атомдандырылған роботтехникалық кешендерде қазіргі машиналардың аса күрделі бөлшектері мен тораптары дайындалып, оларды жинау станоктар мен роботтардың атқарушы мүшелеріне технологиялық тізбекке ендірілген микропроцессорлардан берілетін энергетикалық мағынада мейлінше аз қуатты басқару сигналдарының әсерімен іске асырылады. Тірі табиғаттағы, машиналардағы және адам қоғамындағы ақпараттық үрдістер энергия мен материяның нақты түрлері арқылы жүзеге асырылатын болса, ақпараттық кибернетикалық тәсіл өзінің олардан дерексіздендірілуімен қызықты.

Философияда үш он жылдықтан да әрі ақпараттың түрлі тәсілі, бір-біріне қарсы екі тұжырымы - атрибуттық және қызметтік - қатар өмір сүріп келеді. Атрибуттық тұжырым ақпаратты барлық заттық нысандардың қасиеті, яғни, материя атрибуты деп түсіндіреді. Қызметтік тұжырым керісінше, акпаратты өзұйымдастырғыш жүйелер қызыметімен ғана байланыстырады. Бұл тұжырымдардың әрқайсысы ақпараттың белгілі бір жағын бейнелейді. Сондықтан да, оларды атрибуттық тұжырым ақпараттың материалдық нысан атрибуты ретіндегі оны пайдалану үрдістерінен тәуелсіздігіне баса көңіл бөлетіндей, яғни ақпараттың статикалық қасиетін ашатындай етіп, бірлікте қарастыруға болады. Ақпаратты байланыстырып тұрған кибернетикалық жүйені қызметімен байланыстыратын тұжырым ақпараттық үрдістер динамикасы арқылы анықтайтын ақпараттың динамикалық қасиетін білдіреді. Нысандар сондықтан өз ішіндегі үрдістерді тудыра алады. Бұл нысандарда белгілі шарттарда бейнелеудің “таратушы” бөлігіне айналатын ақпарат бар. Субъект нысаннан ақпарат алып, оны таным немесе басқару ауқымына қосады. Бұл жағдайда ақпарат мазмұны, мәні анықталады, құндылыққа ие болып, оның сематикалық, прагматикалық қасиеттері ашылады. Осы сарында ақпараттың салыстырмалы және абсолютті сипаты туралы айтуға болады. Ақпараттың салыстырмалы сипаты, бір нысан басқа бір белгілі нақты жағдайларда осы ақпаратты қабылдап (тудырып), өз пайдасына жарататын қатаң анықталған және онымен өзара әсерлес нысан үшін ғана ақпарат көзі болатындығымен өрнектеледі. Ал ақпараттың абсолютті сипаты акпарат сияқты қасиеті жоқ заттық материалдық құрылымдардың (нысандардың) болмайтындығымен ерекшеленеді . Бұл ашық (өзара әсерлес) нысандарға (жүйелерге) да және тұйық (оқшауланған) нысандарға да қатысты. Дегенмен, соңғысына қатысты қиялдаудың белгілі бір дәрежесінде олардың ақпаратты иемденудегі жеткілікті мүмкіндіктері туралы айтуға болады. Материя мен энергия сияқты іргелі категориялармен бір қатарға тұрып, ақпарат орасан кең ұғымға айналды және одан әрі кеңи де тереңдей түсуде. Зерттеу салаларына байланысты ақпараттың анықтамасы көп: сырт дүниеге төселу үрдісі барысында одан алынған мазмұн белгісі (Н. Винер) ; энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн) ; барысында анықталмағандық жойылатын қатынас, байланыс (К. Шеннон) ; әртүлілікті тарату (Эшби) ; құрылым күрделілігінің өлшемі (Моль) ; таңдау ықтималдығы (Яглом) . Бұл анықтамалардың әрқайсысы материя мен энергия үлестірілімінің кеңістік пен уақытта біртекті еместігінің және дүниедегі өтіп жатқан үрдістердегі барлық өзгерістер өлшемі ретіндегі көпжақты ақпарат ұғымының бір қырын ғана ашады. Ақпаратты ғылыми зерттеу және оқып үйрету нысаны ретінде қарастырғанда оны техникалық, семантикалық және прагматикалық тұрғыдан бөліп қараған жөн. Техникалық тұрғыдан дәлдік, сенімділік, хабар тарау жылдамдығы, сигналдарды тарату арналарын құрудың әдістері, техникалық құралдары мен оларды бөгеттен қорғау мәселелері және т. б. зерттеледі. Сематикалық тұрғыдан зерттеу дөптелген сигналдар арқылы хабар мәнін дәл беру мәселесін шешуге бағытталған. Ақпараттың прагматикалық тұрғысы тұтынушының келесі іс-қимылдарына әсері тұрғысында алынған хабардың тұтынушыға қаншалықты құнды екендігінде. Ақпаратты дербес қарастыру идеясы кибернетикамен бірге пайда болған және орнықтылық, тірі қалушылық сияқты жүйелеу саласын қамтамасыз ететін басқару мен таным үрдістеріне ақпараттың тікелей қатыстылығы кибернетикада дәлелденген. Кибернетикалық жүйеде көрсетілген екі үрдіс тығыз байланысты болып келеді. Шынында да, өзінің өмір сүру ортасында тиімді іс-кимыл қалыптастыру үшін жүйе сырт және өзіндік ішкі ақпаратты жинап, өңдеу жолымен сол ортаны зерттей, оқып-үйрене, тани отырып, үздіксіз өзгеріп отырған жағдайға төселуі кажет; нәтижесінде жүйеде сырт дүниенің динамикалық ақпараттық моделі калыптасады. Сондықтан да тірі организмде, техникалық жүйеде немесе адамзат қоғамында іске асырылатын басқару не/немесе танудың кез келген үрдісінің қажетті шарты ақпаратты жинау, оны тарату, көбейту, қайта өңдеу және басқару жүйесі мақсаттарына жету үшін басқару әсерлерін өндіру үрдістерінде пайдалану болып табылады. Кибернетика жүйе мен ортаның және жүйелердің өзара әсерлерін тек қана ақпараттық деп қарастырады, ал басқа ғылымдар осындай әсерлерді өзге тұрғыдан карастырулары мүмкін. Сондықтан да басқару кибернетикалық жүйелерде ақпарат арқылы өте қисынды анықталады: басқару дегеніміз ақпарат алу, беру нәтижесінде жүйенің өзі немесе өзге жүйе арқылы жасалатын жүйені өзінің бір мүмкін күйіне ауыстыру немесе соған ауыстыру. Кибернетика тұрғысынан басқарудың негізгі мәселесі - жүйеде бар және түсіп жатқан ақпаратты сақтау және көбейту. Бұл дегеніңіз, жүйе ұйымшылдығын сақтау немесе оны көтерумен пара - пар. Басқару және тану үрдістерінің екі бірлігі туралы айта отырып, кибернетикалық жүйелерде ақпараттың екі түрін ажыратады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
Ауқымды желі
Информатика негізі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы. Философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықталуы
Информатиканы оқыту әдістемесі
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz