ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ (1791—1838 шілденің 12-сі)



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ
(Исатай Тайманов) (1791—1838 шілденің 12-сі) — Бөкей ордасындағы
патшаның отарлау саясатына қарсы бағытталған көтерілістің 1836—37 басшысы.
Кіші жүз Байұлының Беріш руынан, Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан
Ағатай батырдың ұрпағы.
Исатай Тайманұлы ел ісіне ерте араласқан. Бөкей хан оны1812 ж. Жайықтағы
Беріш руынә старшын етіп тағайындаған.
1814 ж. қараша 25 Орынбор шекара комиссиясы осы орынға бекітіп,
басқаруындағы руларға Каспий теңізінің жағалуынан (Кокаревск мен Кулпинск
кордондарының аралығы) қоныс белгілеп берген.
1817, 1828 ж. Исатай Тайманұлы жала жабылып түрмеде жатып шығады. Ақталып
шыққаннан кейін Жәңгір ханның тапсыруы бойынша 1826 ж. қараша 29
Петербордан қайтып келе жатқан Бұхар елшісін Сарайшық бекінісінде қарсы
алып, Бөкей Ордасында онымен бірге болды.
Исатай Тайманұлы қанаудан, зорлық-зомбылықтан, жоқшылықтан ашынған халықтың
наразылығы мен толқуларын (1818—19, 1827—29) көріп өсті, сөйтіп патшаның
отарлау саясатына қарсы күресу керек деген қорытындыға келді.
1833 ж. Жәңгір хан Каспий жағалауындағы руларды екіге бөліп, бір жағын
қайын атасы ірі жер иеленуші Қарауылқожаға басқартып қойды, И. Тайманұлы
Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуды хәннан батыл талап етті, өзі хан
әкімдеріне бағынудан бас тартты. наурыз 17 Қарауылқожа хан бұйрығы бойынша
500-дей қолмен И. Тайманұлыны ұстауға шықты. И. Тайманұлы оған қарсы 200
қолмен аттанды. Олардың батылдығынан сескенген Қарауылқожа кейін қайтуға
мәжбүр болды.
И. Тайманұлы 1836 ж. шілдеде 17 адаммен ел талабын ханға білдіруге бара
жатқанда жол жөнекей 100 шақты адам келіп қосылды.
И. Тайманұлы 1836, 1837 ж. шілде 11 Орынбор генерал-губернаторы В.А.
Перовскийге, 1837 ж. қараша 2 ханға жазған шағым хаттарында Қара халыққа
жасалған қиянаттарды атап көрсетті. Оған біраз рулардың адамдары (300,
кейде 600) қол қойды. Тексеру жүргізілгенмен кейін И. Тайманұлының
талаптары ескерусіз қалды. Сонан соң ол шаруаларды қарулы көтеріліске
бағыттады.
1836 ж. аяғында Каспий теңізінің солт. жағалауындағы халық Қарауылқожа мен
Балқы биге бағынудан бас тартты. 1837 ж. қазан айына дейін Адай, Беріш,
Байбақты, Ысық, Жаппас, т.б. рулардан мыңнан астам үй Исатайдың қол астына
көшіп келді.
1837 ж. И. Тайманұлы 3500-дей қол жинап, ашық көтеріліске шықты да, екі
жұмаға жуық хан ордасын қамауға алды. Бұл көтерілісті 1837 ж. қараша 15
Геке басқарған 1200-дей патша әскерлері басып тастады. Осы соғыста И.
Тайманұлының баласы әйелімен қаза тапты.
Күш тең болмағандықтан И. Тайманұлы, М. Өтемісұлы, т.б. сенімді 40
жолдасымен қарулы тосқауылды бүзып, Оралдан өтіп кетті. И. Тайманұлы Кіші
жүзден екі мындай қол жинап, Хиуа ханның көмегін күтіп жүрген Қайыпқалимен
уақытша табысты. Ол тек өзінің қолын нығайтып, жауды жеңу үшін осындай
келісімге келді.
1838 ж. И. Тайманұлы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасамақшы болды.
И. Тайманұлы осы шайқаста Ақбұлақ өзенінің бойында ішкі-сыртқы жаудың
қоршауында

Исатай-Махамбет көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастапан шаруалар көтерілісі (1836-
1838). Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар
шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар
қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі
қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон
даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша
ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды.
Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда
20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей
бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.
Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-
орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне
бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның
бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары
иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен
жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.
Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан аренда үшін
уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі штраф, алым-салық көбейді.
Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған
соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол
отырықшылықты, елді мекендер салуды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс
18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
Исатай - нағыз батыр
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтеиісұлы бастаған көтеріліс
Исатай мен Махамбет көтерілісі
Пәндер