Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар. Ислам діні



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 114 бет
Таңдаулыға:   
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси
жағдайлар

Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік
ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып,
шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны
ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты,
психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін
аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні - дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол
біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар
алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл
иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби
аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы -
Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим,
Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған
кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер
иелері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп
отырды.
Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып
саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы Әулиелі
қаратас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.
Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі
Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Қааба
мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген
деректі де кездестіреміз.
Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де
айналысуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы
қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын.
Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп,
тайпалардың 2 тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Оны қуаттайтын көп
құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек
болды. Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін - ханифизм
бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы
түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге
қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға
жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа
жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы
күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен
көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық
өмір, шын бостандық о дүниеде ғана, бұл дүниеде қызығы жоқ, өткінші деп
уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен
қаналғандар арасында тарай алмады.
Бірақ, Ханифизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Жаппай,
жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасында жіберген өкілі (рассул
алла) бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің
ролін меккелік орта саудагер Мұхаммед атқарды. Құдайдың пайғамбарлық
сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан шыққан. Ол 610
жылы жаңа дінді уағыздай бастады. Бірақ, Мұхаммед пен оның
серіктестіктерінің араб тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс
енгіземіз десек ойлары Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа
басшыларының қуғынына түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ярсиб (Медине)
пайғамбар қаласына көшеді. Оны мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап,
мұсылмандар өздерінің жаңа жыл санауын бастайды.
Ислам дінін уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздікке ұшырауына бұл
діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етеді. Құлдық, кедейлік, аштық,
жалаңаштық құдайдың маңдайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге 3 барғанда
болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб
қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмайды. Сондықтан,
құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру,
тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін: 1) Ислам
дінінің әлеуметтік тірегі болмады; 2) Меккеліктер үшін политеизмнің
сақталуы пайдалылырақ болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге
келуінің маңызды себебі бар еді: 1) Ислам дініндегі жалғыз құдай - алла
-күрейшт тайпасының құдайы болатын; 2) Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін
орталығы Қааба храмы болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған
уақытта да өз саясатын жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз
жоғарыда көрсеткен себептердің нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа
айналуымен Ислам діні араб тайпаларының басым көпшілігіне тарады.
632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634)
басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары. Өкіметті әскери, саяси және
дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш халифтің: Абу-Бекрдің,
Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери
күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар ішінде арабтар
Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны
жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне
тарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен
арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен
Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни
идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда,
Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавритания, Тунис, Марокко, Сомали,
Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні
Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар,
Дағыстан республикаларында орын алды.
Сұраққа байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар:
1. Ислам - ілім (учение) бағыну, бас ию, нану (покорность)
2. Мұсылман алланың нағыз - құлы, алланың нағыз құлы
3. Хиджра - жаңаша мұсылман жыл санауының басы
4. Алла - күреншит руының жеке құдайы
5. Күреншит - Мұхаммедтің шыққан руының аты
6. Политеизм - көп құдайлы дін
7. Монотеизм - бір құдайлы дін.
Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге жүгінсек дүние жүзінде
мұсылмандардың саны - 1 миллиард адам екен.

Қожа Ахмет Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің
тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы
қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау,
ал соңындағы Ясауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ
нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім
қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның
туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі
Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған.
Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін,
Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-
тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – Диуани Хикмат
(Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып
шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра
басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап
шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында
ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын
баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара
халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген
кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын
білдіреді.
Диуани Хикматтан қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне,
тарихына, әтнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға
болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан
аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының
күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып
келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп,
бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия
мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін,
халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты
көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы
тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер
хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен)
тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан
шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне
арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті
әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде
ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге
жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген
диханның әулетінде дүниеге келген.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты
шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-
хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.
... Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи.

Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай
болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда илк
Мутасаввифлар" атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің
әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е.
Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы
Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің
кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді
қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар
Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе
1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол
кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.
Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV ғасырға
дейін Ясы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың
әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы болып кеткенін айтады.
Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса
керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:

... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...

Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және
Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін
Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған
қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
XII ғасырдағы көне түркі тілінде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының
авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ
тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған
төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі
тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе
алғандығына күмән келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы
көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда,
Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады.
Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып,
тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін
байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық
ерекшеліктері, әтносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне
жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта
Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен
гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың
кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ
ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға,
іні", "мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа
көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың
айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып,
жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз.
Әрине, бұл жерде "сенікі", "менікі" деген ұғым болмауы тиіс. Жалпы
адамзаттық биік мәдениет тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Ясауи
шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ
рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі
сопылық ағым VII—VIII ғасырлардан басталады.
"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар:
шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен
әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне
жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін
жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз"
"Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес. Ақын мұны өз өлеңінде былай деп
өрнектейді:

... Ути ғұмырым шариғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.

... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...

Міне, түсініп отырсыздар, мұнда Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі
екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен
философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді.
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле
айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-
түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін","жалған сүюші", "жалған
сопы деп есептеді.
"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді
құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа
берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған
жалт беру жоқ",-— дейді.
Ахмет Ясауи ар0ылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында
шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-
танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі
көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей
әсерін байкаймыз.
"Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және
табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және
түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды
жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия
мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы
Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық
жыры әлементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді
Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын
көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей.
Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде
бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше
орын алады.
Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар
Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен,
әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.
Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл
ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.
Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған
мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім
күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте
тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған
білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол
сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай
қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.
Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені белгісіз. Бір
деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып,
Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді. Оны растайтын
"Хикметте" мынандай өлең жолдары бар.

Иер устида улмас бурун тирик улдим,
Алтмиш учта суинат деди иштіб билдім.
Иер астида жаним била куллик қилдим,
Иттиб, уқиб, иерга кирді Кул Қожа Ахмад.

Ираилардин фаиз уа фатух алалмадим.
Иуз Игрима бишка кирдим билалмадим.
Хақ тағала тағатларын, Қылалмадым,
Иштиб, уақиб перға қирди Қeл Қожа Ахмад.

Осы жолдарды негізге алсак, Қожа Ахмет Ясауи жаңа санақ бойынша 1041
жылы дүниеге келген болып шығады. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен одан қалған
асыл мұралары әлі де көп ізденістерді, ғылыми зерттеулерді керек етеді.
Ахмет Ясауи өзінің ұзақ өмір жолын түйіндей келіп:

Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,
Ақиқатты таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие 6ұл, —

-деп, Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген
философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына
танымал болды.
Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер
қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи
аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл
кейінгі ұрпақ парызы.
Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме

Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің
имамы пайғамбарымызға, оның үй-ішіне және барлық сахабаларына[1] сәлем-
салауаттар болсын[2].
Ислам діні деп - Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ
екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және
дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді, исламның бес
парызын орындауды және ондағы ихсан[3] амалын өзіне қамтығын. Сонымен
қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы
Мұхаммедке (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсірген Аллаһтың
тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам - Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғыз ғана дін. Аллаһ
Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды, онда ешбір қиыншылық немесе
машақат[4] жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай
көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет
міндеттелмеген.
Ислам дінінің негізі - таухид[5], ұраны - шыншылдық, айналасы -
әділет, құндылығы - хақиқат, рухы - мейірімділік. Және де ол (Ислам діні)
пенделерін дінінде және дүниесіндегі барлық пайдалы нәрселерге бағыттап,
оларды дінінде және тіршілігіндегі барлық зиянды нәрселерден сақтандырады.
Ислам - Аллаһ Тағала ол арқылы сенімдер мен ахлақтарды және діндегі дүние
тіршілігін жөндеп дұрыстаған, бөлініп кеткен жүректерді қосып, әртүрлі
ойларды біріктірді. Және оларды жалғандық қараңғылықтарынан босатып, шындық
пен тура жолға нүсқады.
Ислам - барлық хабарларымен, үкімдерімен берік және мықты болған тура
дін. Хабарларының бәрі шындық әрі хақиқат, үкімдерінің барлығы игілік пен
әділет!
Ислам дінінің жіберілуі төмендегі мәселелердің жүзеге асырылуын мақсат
етеді:
Бірінші, адамдарға Раббысы әрі Жаратушысы болған Аллаһты, есімдерінде
теңдесі болмаған көркем есімдерімен, сипаттарында ұқсасы болмаған жоғары
сипаттарымен, істерінде серігі болмаған даналы істеріменен, хақыларында
ортағы болмаған Өзіне ғана тиісті хақтарыменен таныстыру.
Екінші, пенделерді ешбір серігі болмаған Аллаһқа ғана ғибадат қылуға
шақыру. Өз Кітабі мен пайғамбарының сүннетінде бекіткен бойынша, адамдарды
дүниесіндегі және ақыретіндегі ізгілігі мен бақыты болған бүйрықтарын
орындап, тыйымдарынан аулақ болу арқылы ғибадатына шақыру. Яғни, адамдарды
олардың дүние-ақыретте ізгілікке жетіп бақытқа бөленуіне себепкер болатын
Аллаһтың Кітабі мен Оның пайғамбарының сүннетінде келген бұйрықтарды атқару
мен тыйымдардан тыйылуға шақыру.
Үшінші, адамдарға өлгендерінен кейін болатын халдері, барар жерлері,
қабірлерінде және қайта тіріліп, есеп бергендерінде, сондай-ақ осы
дүниедегі оларда Раббыға тән ерекшеліктердің біреуі де
болмаған. Олар тек пайғамбарлық берілген Аллаһтың құлдары.
Аллаһ Тағала Мұхаммед пайғамбарымызды (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен
сәлемі болсын) барша адамзат баласына ақырғы пайғамбар қылып жіберіп, одан
кейін бірде-бір пайғамбар келмейтінін хабарлады.
5 - рүкін: Ақырет күніне иман келтіру.
Ақырет күні - Аллаһ Тағала адамдарды мәңгі рахат немесе мәңгі азапқа
қалулары үшін қабірлерінен қайта тірілтіп, барлық жаратылыстарды алдына
жинайтын қайта тірілту күні. Яғни, ақырет күніне иман келтіру дегеніміз
-өлімнен кейін болатын қабір сынағы, оның рахаты мен азабына және қабірден
кейінгі қайта тірілу, махшарға[10] жиналып есеп беру, одан кейін жаннат
және тозақтың бар екендігіне сену.
6 - рүкін: Тағдырға иман келтіру.
Тағдыр дегеніміз - Аллаһ Тағала білімінің озғаны мен даналығын
жүргізуі бойынша барлық болмыстарды өлшеп, мақлұқтарды жаратқанына иман
келтіру. Бұның барлығы Аллаһтың біліміне белгілі, Оның қасындағы лаухуль
махфузда[11] жазылған. Сондықтан болмыстағы бар әрбір нәрсе Оның қалауы
мен ұйғаруы және жаратуы бойынша бар болады.
Екіншіден: Исламның рүкіндері.
Ислам діні бес рүкінге негізделген. Сол үшін адам баласы оның
барлығына иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы
мұсылман бола алмайды.
1 - рүкін: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың
елшісі екендігіне куәлік беру.
Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып
табылады: Ля иляһа иллаллаһ аудармасы Аллаһтан басқа тәңір жоқ, ал
мағынасы Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ. Яғни,
Аллаһ Тағала шынайы Құдай, ал Одан өзге құлшылық қылынатын құдайлардың
барлығы да бекер немесе жалған деп білу. Иляһ-деп араб тілінде құлшылық
қылынатынды айтады. Мұхаммадар-расулул-лаһ - куәлігінің аудармасы
Мұхаммед Аллаһтың елшісі, ал мағынасы оның хабарлағаны рас деп білу,
бұйырған нәрселеріне бағынып, қайтарғандарынан аулақ болу және оның
көрсеткені бойынша Алаһқа құлшылық-ғибадат ету.
2 - рүкін: Намаз оқу.
Тәулігіне бес рет оқылатын бес уақыт намазды Аллаһ Тағала Өзінің
пенделеріне Өз хақысының өтелуі үшін, берген нығметтеріне шүкірлік қылуы
үшін және мұсылман мен Раббысы арасында байланыс болсын деп бекітті.
Сонымен қатар намаз - арсыздық пен жамандықты тыюшы. Аллаһ Тағала намаз
оқыған адамға дінінің көркемдігімен иманының ізгілігін және сауабын
реттейді. Мұсылман адам бес уақыт намаз арқылы бұл дүниеде де, ақыретте де
оны бақытты қылатын рухани және дене рахатына ие болады.
3 - рүкін: Зекет беру.
Зекет дегеніміз - байлығы, мал-дүниесі белгілі нысапқа жеткен дәулетті
мұсылманнан кедей-кембағалдарға жылына бір рет беріліп тұратын садақаны
айтады. Ал малы, байлығы зекет берілетін мөлшерге жетпеген пақыр-
кембағалдарға зекет беру міндетті емес.
Зекет садақасы діндері мен мұсылмандығы толық болуы үшін, халдері мен
ахлақтарының дамуы үшін, сол сияқты өздері мен малдарын түрлі апаттардан
сақталуымен және күнәларынан тазаланулары үшін беріледі. Сондай-ақ зекет
садақасы мұқтаж адамдарға және пақыр, кедейлерге қарайласулары мен олардың
жалпы пайдалары үшін демеу ретінде болады. Негізінде зекет садақасы бай,
дәулетті адамдарға ғана уәжіп (міндет) болады. Соған қарамастан Аллаһтың
оларға берген малы және рызығымен салыстырар болсақ, бұл дегеніміз
дүниелерінің азғантай бөлігі болып табылады.
4 - рүкін: Ораза тұту.
Барлық мұсылмандар һижра есебімен жылдың тоғызыншы айында ораза
тұтады[12]. Бұл айда барлық мұсылмандар ішіп-жеу, жыныстық қатынастар жағы
сияқты өздерінің табиғи құмарлықтары мен шәһауаттарынан таң атқаннан күн
батқанша тиылады. Оның есесіне Аллаһ Тағала Өз пенделерінің дінін толық әрі
мықты етіп, оларды Өз рахымына алады және оларға Өзінің құрметімен көптеген
сауаптар жазады. Сондай-ақ олардың иман байлықтарын арттырып, күнәларын
жарылқайды да, дәрежелерін көтеріп қояды. Және де ораза тұтқандары үшін
дүниемен ақыреттің көптеген жақсылықтарынан береді.
5 - рүкін: Қажылық қылу.
Ислам шариғатында мәлім болғандай қажылық деп - белгіленген уақытта
ниет қылып, белгіленген ғибадаттарды орындау үшін Меккедегі Аллаһтың үйі -
қасиетті Қағбаны зиярат қылуды атайды.
Аллаһ Тағала қажылықты жағдайы келген әрбір мұсылманға өмірінде бір
рет орындауын парыз етті. Қажылықты орындау үшін мұсылмандар әлемнің әр
түкпірінен жер бетіндегі ең қасиетті мекенге жиналып, бәріне бірдей ортақ,
жалғыз Раббылары - Аллаһқа құлшылық қылып, бірдей киім киеді. Сондықтан,
қажылықта басшы мен бағынышты, бай мен кедей, ақ пен қараның араларында
ешбір айырмашылық болмайды. Олардың барлығы Арафат тауында тұру,
мұсылмандардың қыбласы Қағбаны тауаф[13] ету, Сафа мен Маруа арасында жүру
тәрізді қажылық амалдарын орындайды.
Мұсылмандар үшін, қажылықта екі дүниесінде де пайдалы, санауға
ешкімнің есебі жетпейтін көптеген сауаптар жатыр.
Үшіншіден: Әл-Ихсан.
Ихсан дегеніміз - Аллаһ Тағалаға бүтіндей беріліп, барлық сенімімен
Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу. Өйткені, сен Оны көре алмасаң да, Ол
яғни, Аллаһ Тағала сені көріп тұрғанын біліп, естен шығармау керек. Сонымен
қатар, ғибадат-құлшылықта Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ол кісіге Атлаһтың
игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне еш қарсылық білдірместен, мейлінше
сәйкес амал қылу ихсан деп аталады.
Ислам діні жоғарыда айтылғанның барлығын өзіне қамтыған. Бұл дін
адамдармен жалпы қоғамның өмірін бір жүйеге келтіріп, оларға бұл дүниеде
де, ақыретте де бақытты болуларына толық мүмкіндік береді.
Мәселен, Ислам діні неке сияқты ер мен әйелдің арасындағы адал қарым-
қатынастарды рұқсат етіп, ойнастық, қорлық, зина қылу сияқты тағы басқа да
күнәлі, әрі ұятсыз адамзат қоғамына жат және ерсі қылықтарға тыйым салады.
Сонымен бірге Ислам діні көркем мінез-құлықтарды үндеп, жалпы әдепке қайшы
келетін мінездерден аулақ болуды міндеттейді және де туысқандармен
байланыстарды үзбеуге, бейшара-кембағалдарға мейірімді болып, оларға
қамқорлық көрсетіп қарайласуды міндеттейді. Сауда және жалға беру арқылы
мал жинаудың адал түрлерін рұқсат етіп, өсімқорлық пен сауда-саттықтың арам
етілген түрлеріне тыйым салады.
Демек, сатылайын деп немесе алынайын деп тұрған заттарда немесе әрбір
саудада өтірік, қиянат, тұрақсыздық орын алған болса, ондай сауда-
саттықтарға шариғат үкімі бойынша рұқсат етілмейді.
Ислам діні адамдардың дінді ұстануларындағы деңгейлерінің бірдей
еместігін ескеріп, өзгелердің тыныш әрі кәдімгі өмірлерін қамтамасыз ету
үшін және өзгелердің хақылары сақталуы үшін кейбір қылмыстарға өзіне сай
келетін жазаларды үкім ретінде бекітті. Егер де бұл қылмыстар күпірлік,
ойнас, арақ ішу сияқты Аллаһтың хақыларына тиісті қылмыстар болса немесе
адам өлтіру, ұрлық, жекеменшікке қол сұғу, жала жабу, денеге зақым келтіру,
қинау, ақша немесе біреудің мүлкін зорлықпен тартып алу және тағы басқа
адамдардың ар-намысына байланысты, яғни адам хұқықтарына тиісті қылмыстар
болса, Ислам діні солардың барлығына ешбір шектен шығушылық немесе салақтық
жіберместен жасалған әрбір қылмыстың өзіне лайық жазаларды заң үкімдерінде
орнатты. Және де Ислам діні басқарушылар мен бағынушылардың арасында тығыз
байланыстарды реттестірді, бағынышты болған адамдар күнәлі емес істерде
ғана басшыларға бағынуға міндетті. Және қоғамдық тәртіпсіздіктерге апаратын
болғандықтан Ислам шариғаты елді басқарушы үкіметке қарсы шығуды да тыйым
салды.
Сөз соңында айтарымыз, Ислам діні пенделер мен олардың Раббысы Аллаһ
Тағала арасындағы қарым-қатынасты және жеке адам мен қоғам арасында болатын
барлық салалардағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып реттеуді өз міндетіне
қамтыған. Әрі адамдарды өмір сүрудің ең көркем жолдарына бағыттайтынын атап
өткеніміз жөн. Сонымен қатар, қарым-қатынастардың мәдениеттілігіне қайшы
келетін қылықтарды зияндылығын ескертіп кетуді үмытпастан, Ислам діні
салауатты қоғамның әдептілігіне жат барлық нәрселерге тыйым салды. Бұның
бәрі дініміздің кәміл әрі жан-жақты шырайлығын білдіреді.
Қазақ халқын ежелден мұсылман қылып, Ардақты Құран мен Шарапатты
Суннаның жолымен жүргізген Қайырымды да Рахымды Аллаһ Тагалаға сансыз
мақтаулар болсын.
Аллаһ Тағала қазақ халқына жерін де өте кең қылып, мекенге қолайлы,
теңізді, өзенді, таулы, далалы, орманды қылып оған аңын қосып, сулы қылып
оған балығын қосып, жайлы қылып беріп тұр емес пе? Болмаса, басқа халық
жерлерін қарасаңыз, жерлері жайсыз, немесе тіпті жерсіз де халықтар аз емес
еді!
Аллаһ Тағала қазақ халқына жер астын да құнды қылып, мұнайылы,
көмірлі, алтынды, газды, жезді, бұл жағынан да мол қылып беріп тұр емес пе?
Болмаса, басқа халық жерлерін қарасаңыз, жер астынан байлық көру былай
тұрсын, жер сілкініп айырылып, өзіміз-ақ жұтылмасақ болғаны деп тілеп
жүретін халықтар да жоқ емес еді!
Аллаһ Тағала қазақ халқына аспанын да ашық, желін самалды, күнін
шуақты, жаңбырын жайлы, жерін сілкіністен аман қылып тұр емес пе? Болмаса,
басқа халық жайларын қарасаңыз, ұзақтап соғатын күннің аптап ыстығынан, жиі
қайталанатын дауыл, су апаттарынан әрдайым үрейде күн кешетін, жер
сілкінісінен талқан болатын да елдер аз емес еді!
Аллаһ Тағала қазақ халқына жайларын да тыныш, соғыстан алыс, бүліктен
аман қылып тұр емес пе? Болмаса, соғыс ауыртпашылығындағы, көтеріліс-
бүліктегі елдер де бізден алыс емес еді.
Бұндайдың бәріне Аллаһ Тағала біздің алдымызда еш міндет емес еді.
Міндетті болмаса да бізге Өз мейірімін түсіріп, бізді кез-келгенге бермеген
түрлі нығметтермен бөлеуде.
Және айтуда:
Мені еске алыңдар, Мен де сендерді ескеремін. Маған шүкірлік қылыңдар,
күпірлік қылмаңдар (қарсы болмаңдар)! (2-сүре, 152-аят)
Егер шүкірлік қылсаңдар, арттыра беремін. Ал егер күпірлік қылсаңдар,
азабым тым қатты. (14-сүре, 7-аят)
Шүкірлік - мойындап, оның алғысын қайтару. Күпірлік - оған қарсы
әрекеттер істеу. Шүкірлігімізді, алғысымызды Аллаһ Тағалаға қалай қайтарсақ
болады? Аллаһ Тағала бізден, жалпы адмазаттан не қалайды?
Аллаһ Тағала бізге "Мені ырзықтандырың" немесе "Мені тамақтандырың"
демейді. Керісінше, Аллаһ бізді ырзықтандырып несібе беретін, әрі сол
ырзығымен тамақтандыратын да Ол. Ол - мұң-мұқтажсыз. Керісінше, барша
жаратылыс Оған мұқтаж! Ал Аллаһтың күш-құдіреті шексіз!
Оның бізден қалайтыны - Оған ешкімді ортақтастырмай, Оған ғана
құлшылық қылуымыз.
Жын мен адамзатты тек Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым.
Олардан еш несібе тілемеймін, әрі олардың Мені тамақтандыруларын да
қаламаймын.
Әлбетте Аллаһ - Ол Ризықтандырушы, қуат Иесі, Мықты. (51-сүре, 56-58
аяттар)

Жоспары I - бөлім.
1.1. Ахмет Яссауи - түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл
қайраткер.
1.2. Ахмет Яссауидің дүниетанымындағы сопылық ағымы еңбегі туралы
зерттеушілердің ой - пікірлері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер. 16-35 беттерді тексеру керек
Парасаты жеңсе, адам — періштеден де жоғары, нәпсісі жеңсе -
хайуаннан да төмен дәрежеге түседі.
Ахмет Иассауидің әрісі ХІ-ХІҮ ғ.ғ. түркі поэзиясына, берісі түркі
тектес халықтар, оның ішінде қазақ әдебиетіне тигізген игі ықпалын түгел
тандап беру үшін ондаған еңбектер жазылуы қажет. Әдебиетте адамгершілік-
имандылық идеясын қалыптастырды, түркі дүниесінің мінезін, болмысын жасады.
Мүмкін бұл бір адам үшін артық мақтау болып көрінер, бірақ шындығы сол
болса, не істеуге болады!
Иассауидің өз тұсындағы әдебиеттегі орны ірі-ірі үш нәрсемен өлшенеді
дер едік. Бірі — сопылық идеяны түркі әдебиетінде негіздеуі болса екішпісі
- ол кездегі поэзияның тілі парсы тілі болып түрғанына қарамастан, өленді
түркі тіліңде жазуы, сол арқылы ұлтымызға үйытқы болғаны (Ғұламаның бұл
әрекетін кешегі жаппай орыстандыру кезінде ағысқа қарап түрып қасқайып, ұлт
үшін күрескен тұлғалардың өмірімен елестетуге болар еді). Бұл кейін
дәстүрге айналып, түркі тілінің мәртебесін көтеруге орасан ықпал етті.
Фузули, Атаи, Насими, Мақтымқұлы, Науаилердің түркі тілді поэзиясын
туғызды.
Сопылық поэзия тек Иассауиден басталды десек, артық айтқандық болар
еді. Түркі әдебиетінде сопылық идея алгаш Жүсіп Баласағұнидің "Құтадғу
білігі" мен Махмуд Қашқаридің "Диуани лұғат-ит түрігінде" көрінеді. Араб-
парсы пәлсафасы мен әдебиетінен бастау алып, әл-Фараби (X ғ.), Әбу-л Хасан
Фушанджа (XI ғ.) еңбектері арқылы да түркі ақындарына жақсы таныс бола
бастаған, кейін Имам Ғаззали (XII ғ.) еңбектерімен негізделген сопылық идея
XI ғасырдағы түркі ақындарынан бірден қолдау тапты.
Сопылық идеяның бірден түркі ақындарынан қолдау табу себептеріне
келсек, бұл идеяның қоғамда орын алған әділетсіздік пен мансапқорлық,
дүниеқұмарлық, ал иманды сөз жүзінде ғана айтып, оны пайда көзіне
айналдырғысы келгендерді әшкерелейтіндігінде еді. Оған жан тазалығын,
нәпсіні тыюды қарсы қоятындығында. Ол жөнінде Иассауидің өзі:
Шексіз құлқынын ашып, арамдыққа батқандар,
Молда, мүфти болғандар, шипасыз дұға қылғандар, -
(11; 87-хикмет) демейтін бе еді?
Сопылық поэзияның өрістеуі туралы сөз етуі үшін, алдымен "сопылық
ағым" дегеніміз не, оның ұстанған тұғырнамасы қандай дегенді айта кеткен
орынды. Сопылық поэзияны сопылық ағымнан бөліп, жеке-дара қарау мүмкін
емес.
Хазірет Пайғамбардың мешітінің жанында отырған сахабалардың
(Пайғамбардың рухани тәрбиесін алған достары. Жолы үлкені Әбубәкір мен Әли)
саны 40 пен 400 аралығында еді. Артық ішіп-кимейтін, жүннен токылған жүпыны
шекпенді ғана қанағат ететін, жүмсақ төсек жастанбайтын жандар болатын.
Оларды "әхли суффа" деген.
Бұлар тек ғибадат етіп, Пайғамбарга қызмет етумен айналысатын адамдар
еді. Кейін осы сияқты өз нәпсісін тыйып, алла жолына берілген адамдарды
"суфф", "сопы" деп атап кеткен. (1 б.) "Суф" - арабша "жүн шекпен" деген
мағынаны білдіретін.
Сопылық - халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен
философиялық жүйе. Алланың ризалығын алу және мәңгілік бакытқа жету үшін
нәпсіні тазалау, ішкі дүниені нүрландыру, мейлінше тазалыққа үмтылу,
мәртікке, кәмілдікке, соның нәтижесінде Аллаға жеткізетін ғылым болып
табылады. Сопылық - ешкімге ренжімеу, ешкімді ренжітпеу, таза жүрек, пәк
көңіл иесі. Көңілі Аллада, қолы істе болу. Аллаға ғашықтық, іңкәрлік.
Алланың ризашылығы үшін құлшылық ету (ықылас). Екіжүзділіктен қашу.
Ақиқатқа жету. "Ақиқат" дегеніміз - Алланың сопыдағы бар сипаттарын алып,
оның орнына өз сипаттарын қоюы. (Бірақ ол Алланың өзіне айналу емес).
Ақиқат - бар екендігі ешқандай дәлелсіз ашық білінген дүниенің жаратушысы
Алла. Бұл сопылық сатының ең соңыңда болатын нәрсе. Оның алдында "мағрифат"
- рухани шың, даналық. Алланың жамалын көріп, танысу. Оған Алланың
сипатын, есімдерін, істерін танып, құлшылық ету, өз нәпсісін тыю арқылы
жетеді.
Сопылықтың алғашқы екі сатысы шариғат және тариқат (Алланы тану жолы,
өзін-өзі жетілдіру). Қожа Ахмет Иассауи:
Тариқатта тазарар таба білген,
Өтпейінше бұл жолға келме достар, - дейді.
(12; 2086.)
Шариғат - оған баратын жолдарды біліп - үйрену. Үйретуші ұстаз - пір,
оған қол берген шәкірті - мүрид.
Сопылықтың эстетикалық ілім - әдемілік, музыкаға көңіл белу, сұлулық.
Өйткені Алла тағала сүлу, адамды да мейірім-шапағатпен сұлу етіп жаратқан.
Ол абсолютті сүлулық ретінде сүлулық идеалы болып танылады. Шығыс
әдебиетінде сүлулық символының көп жырланатын себебі, жоғары эстетика
деңгейінде көрінуі содан болса керек. Сопылар "зікір" салады. Әуенмен
Алланың атын қайталап айтып отырады: "һу" (Алланың атын түспалдау), "Лә
илаһа илла Алла (Алладан басқа тәңір жоқ)", "һай". Зікірді баяғы кездерде
бала жұбатқанда да тізесіне салып отырып айтқан.
Е. ә. Бертельстің айтуынша: сопылық сүхбат, әңгімелерде әуен
пайдаланылған (кейін оған би қосылған). Ол кейін дәруіштік сарын, зікір
салуға айналады. Сопылық қолданыста әуен, сөз қатар жүрді. Сопылық
трактаттарда сопылар өлең арқылы әкстаз күйіне түскені айтылады. (1; 524-
6).
Құран - хадисте "сопы" сөзі кездеспейді, оның орнына сопылықты
білдіретін "ихсан" сөзі болған. Хазірет Пайғамбар бір сүхбатында:
Мұсылмандықтың үш сатыдан тұратындығын: бірінші - ислам, екінші -иман,
үшінші -ихсанды айтқан (10; 34-6). Ислам - діннің сыртқы жағы, иман - ішкі
жағы болса, ихсан - ақиқаты делінеді. Ихсан -сен Алланы көрмесең де, ол
көріп түрғандай күлшылық ету.
Сопылық поэзияның мақсаты - Алланың дидарын көруге деген ынтығын,
ғашықтығын жырлау. Өткінші бес күндік дүниенің әуресіне түспей, шын
ақиқатты (Алланы) тануға үндейді. Бұл сарын Шәкәрімде бар екенін еске сала
кетелік:
Өмірден мақсұт - хақиқат,
Соны іздеп алмақ.
Нәпсіге еріп болма шат,
Ол сені отқа салмақ.
(13; 3606.)
Абсолют махаббатты дарияға теңеп, өз ғашықтығын тамшыға балайды. Сол
дарияға қосылуды көксейді.
Сопы әулиелердің өз "әдебі" бар. Әдеп түрлері: мақам - құлдың
Кұдайдың құлы) барлық - ғибадат және зікір кезінде де Алланың алдында
екенін, оның назары өзінде екенін сезіну; Хал, хал иесі - жаны таза,
парасатты, Алланың ырзалығы мен махаббатына ие болған құл. Хал адамға
беріледі: Тәубе - адамның күнәлілік жағдайын тастап, күнәсіздікке жетілуі;
Мурақаба - адамның өз нәпсісін бақылауында үстауы, әрқашан Алламен бірге
болу сезімін жоғалтпауы. Құлдық өзі өлмей түрып, нәпсісі (артық ішіп-жеу,
дүниеқорлық, мансапқорлық, алдау, кісі көңілін қалдыру, тойымсыздық, т. б.)
өлуі керек. Ахмет Йассауидің "Жер бетінде өлмей түрып, тірідей өлдім", —
деуі соны білдіруі; Уара - Алланың ризашылығын алудан басқа барлық
аңсарынан арылу; Тәуекен - әр нәрседе Аллаға сеніп -сүйену; Шүкіршілік
(рахмет) - жақсылыққа жақсылық жасау. Жасалған жақсылықтың жақсылық екенін
біліп, қадіріне жету. Хазірет Пайғамбар хадистерінің бірінде: "Адамдарға
рахмет айтпаған, Аллаға да шүкіршілік қылмайды", - дейді; Риязат - пайдалы
нәрселерді істеуге өзін-өзі үйретуі, Нәпсіні тыюға тәрбиелеу; Сабыр -
парасатты қасиеттің бірі болып табылатын ар-намыс сезімі, парасаттан тыс
мінезі-құлықтардан сабыр арқылы қорғанады. Сабыр - мұсылманның ең тамаша
қасиеттерінің бірі. Құран Кәрімде 70-тен аса аятта кездеседі. Лүқман өз
ұлына: "Иә, ұлым! Намазды толық орында. Дүрыстыққа бүйырт, бүрыстықтан тый.
Басыңа түскен ауыртпалыққа әрқашан сабыр ет", - деген; Ықылас - саф
тазалық. Бүған қарама-қарсы ұғым-рия және сүм. Рия - мақтан үшін істеу, ал
сүм - өзі айтып мақтану. Ықылас - осы екеуінен мүлде кереғар, тек Алланың
ризашылығы үшін істеу; Туралық - ақиқатқа сай болу; Махаббат - арабтың
"хибба" сөзінен алынған (топыраққа тасталған үрық). Дәннің тмахаббат"аталу
себебі, өмірдің өзегі сонда. Жүрекке орныққан махаббат та сондай. Өнеді,
өседі, өмірді жалғастырады. Сопылық махаббат адамның адамды аңсауы емес,
Алланың құлын сүюі немесе құлдың Аллаға щкәрлігі; Махаббатың бір бүтағы -
ғашықтық. Ғашықтық өзін-өзі жоқ ету, шоа ету. Барлық қиыншылыққа қарамастан
Аллаға жету. Бұл -кемелденген адамның ғашықтығы. Құмарлық үшін өлген
топырақта калады. ғашықтық үшін өлген көкке көтеріледі. Азабына көнген
бақытқа кенеледі: Көкке көтерілу - Аллаға жету. Ол - әр сопының арман-
тілегі; Фәна - өзінен кету, жоқ болу. Алла адамды өзі суретінде жаратқан.
Дүниеге келмес бүрын Алланың мәліметі ретінде Аллада өмір сүрген. Дүшіеге
келіп, денеге кіргенде ол тәңірлік өмірінен айрылады. Адам өз нәпсісін
өлтіру арқылы қайтадан алғашқы өмірін жалғастыра алады. Міне, осы адамдық
барлықтан, Аллалық барлыққа өту - фәна (9; 18 б.); тағы баскалар
Сопьшықтың мақсаты - кемел адам (инсани кәміл) дәрежесіне жету. Кемел
адам Алланың есім - сипаттарын, істерін толық өзінде көрсете білген адам.
Толық адам - көздің қарашығына үқсайды. Өзін көре алмайды, оарлығын көреді.
Кемел адам - Алланың есім - сипаттарының айнасы. (10; 104 б.). Кемел
адам идеясын жырлаған Жүсіп Баласағұни өзінің "Құтадғу білігін" жазған
кезле Қожа Ахмет атамыз әлі дүниеге келмеген, сопылық поэзия кең өрістей
қойған жоқ еді. Баласағұни дастанында таза түркілік поэзия ыкпалы мықты.
Баласағұни қоғамды әр адамның өз орнында жетік болуын, кемелдікке
үмтылуын жырлайды. Кемел билеуші, кемел уәзір, кемел Хас Хажыб, кемел
әскербасы - кемел мемлекет жасау идеясын жырлады. Бұл түста әл-Фарабимен
көбірек үндеседі. "Құтадғу білік" сарындас шығармалар катарына дидактикалық
тәсілмен жазылған "Қабуснама", Имам Ғаззалидің "Әдеп әліппесі", "Ей,
перзент" кітаптарын айтуға болар еді. Ғаззалидің іхнжраның 505 ж. дүниеден
өткен) "Бақытқа жету әліппесіңде": Біреу әюмге келіп: "Пәлен кісі сізді
жамандады, — депті. Сонда әкім әлкі кісіге айткан екен: "Маған бұл хабарды
жеткізіп, үш қиянат жасадың. Бірі-көщлсіздендірдің, екінші- ашық көңілімді
уайымға қалдырдың, үшінші өзіннің жылпостығынды көрсеттің". Сонымен бірге :
"Өз жаратылысынды танысан, өз пәруәрдігерінді (жаратушынды) танырсың",
депті (8; 47 б.)-тКүтты біліктегі" Одғұрмыш, жер астында жалғыздан-жалғыз
өмір сүретін әулне - сопының нақ өзі. Оның өзін-өзі тану жолына түсіп,
нәпсісін тыйғаны сондай, Елбасы лауазымды қызметке шақырғанда да елп
етпейді. Ақыры, жалғыздықпен жан тапсырады.
Қашқаридің ғашықтық жырлары да сопылық идеямен суарылғаны күмән
туғызбайды. Бұл сопылық идея түркі әдебиетінде Иассауи поэзиясында жарқырай
көрініп, үлкен арнаға айналды. "Хикметтер" аркылы кең жайылды. Оның айқын
көрінісін Иассауидің тікелей шәкірті Ажмет Жүйнеки өлендерінен оқуға
болады. Жүйнекидің "Ақиқат сыйы" кітабы үстазының ой-мұраттарымен
суарылған. "Азға қанағат ету", "Жан жомарттығы", тазалық-имандылық идеялары
Иассауи салған жолдың өміршеңдігін дәлелдейді.

Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы
Тұтас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні жайлы түсінік
Құран туралы бірер сөз
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар туралы ақпарат
Ислам діні туралы
Бейбітшілік пен келісім елі
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары
Діни басқармаға филиал
Пәндер