Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны

Кеше діни-рухани желі - жүйе кешегі жетпіс жылдық аз ғана уақыттың ішінде қажетсіз деп танытылды, идеологиялық қағажу көрді. Адам мен құндылық арасындағы қатынас бұзылды, тарих үзілді, мәдениет қайта түзілді. Бүгін сол құндылықтарымызды өзінің қалдырған мұрасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген тарихи тұлғаларымызға басқаша көзқараспен, оларға деген қатынасымызды қалпына келтіріп, тарихи сабақтастықты жалғап, төл мәдениетіміздің келбетін қайта танып, саралауға деген ұмтылыс бар. Осындай рухани мұраның басында күллі түркі әлемінің пірі Қожа Ахмет Иасауи және оның ілімі, мәдениеті мен жолы тұр. Иасауи және оның мұрасын жан-жақты зерттеу объектісі ретінде таңдаған иасауитану саласы да өткен дәуірдің тегеурінімен сол уақыт пен кеңістіктің қажет деп тапқан қырларымен танылды және танытылды. Иасауитану өзіндік болмысы мен табиғатының ақиқатын жан-жақты танырлық мүмкіндікке тәуелсіздіктен кейін жететін сияқты болып көрінді. Иасауитану негізінен зерттелу жағынан, зерттеушілерінің саны мен сапасы жағынан кенде емес.

Көрсеткіш ретінде Иасауи мұрасын тану тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, дін, философия саласы тұрғысынан зерттелініп жалпы әлемде жүздеген диссертациялар жазылды. Бұл сандық, сапалық өлшем. Осы өлшемнің өзінен-ақ саннан сапаның тууы, зерттеудің дәрежесі мен көлемі анықталуы тиіс еді. Бірақ бүгінгі таңда Иасауитанудың әрбір саласы арасында тұтастық пен тұжырымдалған, орталықтандырылған жүйеге түсіру қажеттілігі артып отыр. Иасауитануда ашылмай жатқан, тиісінше танылмай, танытылмай жатқан қат-қабат мәселелер жетерлік. Иасауидің өмір сүрген кеңістігі мен уақыты ғылыми тұрғыдан тұтас сарапталып біткен жоқ. Тарихи тұрғыдан ол дәуір туралы мәліметіміз шектеулі, өте аз.

Тарихи дереккөздердің жұтаңдығы өз алдына, қолда бар деректердің өзін ғылыми айналымға айналдыратын сала маманы жеткіліксіз. Иасауи дәуірінің діни, құқықтық, саяси, экономикалық, мәдени қабаттары беймәлім. Бар деректердің өзі Иасауидің өскен ортасы мен рухани әлемінен бізді толығымен хабардар ете алмайды. Сондықтан да Иасауи өмір сүрген кеңістіктегі исламның жағдайы, сопылық таным мен тариқаттардың саны мен сапасы, ілімі мен білімі арасындағы қатынастың мәні анықталмай отыр. Иасауи туралы жазылған дереккөздердің дені аңыз-әпсаналармен көмкерілген. Рас, әрбір аңыздың ақиқаты бар. Бұл жеткіліксіз. Иасауидің туған және қайтыс болған жылы туралы толық мәлімет жоқ. Иасауидің 1166 жылы қайтыс болғандығын жазбаша дереккөзі Кашанидің &Рашахат-ул айн-ил хайат} атты еңбегінен ғана кездестіреміз. Иасауи тариқатының негізгі жалғастырушылары Зәңгі ата, Мансұр ата, Бақырғани, Зарнуқи, Хазини (Қайғы), Камал Шайх, Құл Машраб туралы деректер де қат. Иасауиді тұтастай кескіндейтін мәліметтер мен зерттеулерсіз оңды ғылыми тұжырымдалған танымдық, тағылымдық еңбек жасау мүмкін емес. Бұған қоса, бүгін иасауитану саласында ғылыми танымдық сараптама жұмыстары кешеуілдеп жатқанда оның орнын саяси спекулятивтік баспа қалып таңбалармен БАҚ беттерінде сопылық таным туралы болымсыз, толымсыз алып-қашпа сараптаулар көбейді. Шындығында сопылық танымның ислам философиясындағы орны мен рөлі қандай? Сопылық танымның анықтамасы, табиғаты мен мәні қандай? Сопылықтың Ислам діні мен өркениет тарихындағы орны қаншалықты? Түркілік сопылықтың басқа сопылық мектептерден ерекшелігі мен айырмашылығы неде? Иасауи ілімі мен ойлау жүйесінің болмысы қандай? Иасауи мұрасының жалпы түркі халықтары тарихындағы олардың ойлау жүйесіндегі орны мен маңызы қандай? Бүгін Иасауи іліміндегі философиялық көзқарастары танымдық, этикалық, моральдық, эстетикалық, діни-теологиялық тұрғыдан сарапталуы қай деңгейде? Қоғамымыздағы осындай сұрақтар мен мәселелерді ғылыми негізде жауаптандыру - уақыт талабы. Мәселе өте ауқымды, сондықтан зерттеу жұмысымызға тақырыптық тұрғыдан шектеу қойып &Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орнын} қарастырғалы отырмыз.

Иасауитану және тарих мәселесі өзекті тақырып. Бұл тақырып туралы зерттеулердің қатары біршама молайып келеді. Н. Нұртазинаның да Иасауи мұрасының тарихи, танымдық мәнін төл категориялық ұғымдарын сақтай отырып, бүгінгі күн талабы тұрғысынан үйлестіру жолындағы ұсыныстары өзіндік құндылығымен ерекшеленеді. Арабтанушы-тарихшы ғалым Ә. Муминовтің Иасауийа тариқатының қалыптасуына байланысты құнды еңбектері бар. Атақты түрік тарихшысы З. В. Тоған Иасауи ілімінің манихеизм мен шафиилік негізінде қалыптасқандығын, сонымен қатар Қожа Ахмет Иасауидің Қарахан әулетінен шыққандығын айтады.

З. Жандарбек Иасауийа мен нақшбандийа ағымдары арасындағы айырмашылықты өмір салты мен рухани бөлек орталардан келгендігіне негіздеп, екі тариқат арасындағы қайшылықтың негізгі көзі ретінде көрсетеді. Бұл ойды кезінде В. В. Бартольд та айтқан болатын. Оның ойынша нақшбандийа ағымы қалалықтардың, Иасауийа далалық көшпелілердің ағымы. Осылайша ол, қала мен дала, көшпелі мен отырықшы мәдениет арасында диалектикалық күресті көрсеткісі келген болатын. Бұдан тарихқа таптық көзқараспен "тарихилық (историзм) " принциппен қараудың күні өтсе үні өшпей отырғанын көруге болады. Жалпы, З. Жандарбектің Иасауи ағымы қызылбас - шийа ағымынан[. Нақшбанди өзбектердікі, ал иасауийа қазақтардыкі} деген тұжырымы ешқандай ғылыми қалыпқа сай емес. Иасауи тариқаты қайсани, мубайиди сияқты саяси ағымдардан кейін XII ғасырда жалпы сопылықтың тариқаттар дәуірінде дүниеге келген. .

Тәуелсіздіктен кейін Қазақстандық иасауитану саласы философиялық зерттеулер арқылы даму көрсетті. Бұл тұрғыда алғаш болып Ә. Н. Нысанбаев, Ғ. Есім, А. Абуов, Қ. Бегалинова, Қ. Әлжан, С. Нұрмұратов, І. Ерғалиев, А. Мейірманов және т. б. Иасауи іліміне өзіндік қырынан жаңаша баға берді.

Қазақ философиясының бастауы ретінде Фараби мен Ибн Сина, Иасауи ілімдерін көрсеткен және сол бағытта зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған философ Ә. Нысанбаев болды. Ол Қазақстанда ислам философиясының қалыптасуына және дамуына түрік суфизмінің ұлы өкілі Қожа Ахмет Иасауидің рухани қызметі үлкен әсер етіп, өшпес із қалдырғандығын көрсете отырып. Әбу Насыр Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иасауиге түрік және әлемдік өркениет тағдырындағы ұлы тарихи тұлғалар ретінде баға берді.

С. Нұрмұратов пен А. Мейірманов Иасауи ілімін моральдық-аксиологиялық және танымдық тұрғыдан қоғамдық өмір талаптарына сай қолдану аясын философиялық тұрғыдан қарастырды. С. Нұрмұратов таным мәселесінде Иасауи мәдениетінің негізгі құралы жүрек пен иман қуатын нақты көрсеткен: " . . . ақыл - көбінесе күмәнданумен болады, ол "адамға тиімді-тиімсіз, пайдалы-пайдасыз" деген бағалау жүйесін ұсынады. Ақыл сенуді білмейді. Ақыл салыстырады, сараптайды, өлшейді, сыртқы құрылысын анықтайды, бірақ мәнге жете алмайды. Сондықтан сопылық дәстүр бойынша өмірде адамды қателестірмейтін негізгі күш жүректен шыққан сенім" Осындай ішкі таным мәселесін Қ. Әлжан да көтерген.

Ислам мен сопылықты қарама-қайшы құтып ретінде алғаш танытқан К. Тәжікова болатын. Қ. Бегалинованың еңбегі жалпы сопылықты адамның Алланы тану, ал шын мәнінде өзінің ішкі әлемін зерттеу, сенім және адам мүмкіндігінің ақиқатын негіздейтін, Аллаға бет алған рухани жол ретінде танытуы қуантарлық жетістік. Сондай-ақ, сопылықтың онтологиялық, гносеологиялық негіздерін философиялық тұрғыдан оң тұжырымдайды. "Діни танымда Алланы оның уахи және оған деген сенім арқылы таныса, философиялық танымда Алланы логикалық заңдармен, рационалды Құран және танымдық әдістемелік процестермен таниды. Ал сопылықта Алланы танудың әрі діни әрі философиялық таным табиғаты бар" - дейді. Дегенмен Қ. Бегалинованың да, қолданған әдебиеттері мен сүйенген авторларының жасаған тұжырымдары ықпалында кетіп, сопылықты "бұрынғы сарынмен" тұжырымдайтын тұстары да жоқ емес. Иасауиді сопылықтың ең ірі теоретигі әрі еретикалық ағымның өкілі ретінде көрсетеді.

Иасауи Алла мен әлемнің бірлігін уағыздайтын пантеистік идеяларды насихаттаған болып шығады. Иасауи хикметтеріндегі Алланың дидарына деген махаббатты еретикалық деп қабылдап, бұл құбылыстың араб-парсы әдебиеттерінде кезікпейтіндігін айтып, мұны түркілік сопылыққа тән түсінік деп тұжырымдайды. Адам мәнінің Жаратушысына оралуын неоплатондық эманация теориясының көрінісі деп біледі. Осы тұжырымдарға зерттеу жұмысымыздың барысында тиісті бөлімдерде жауап берілетін болады.

Кейінгі кезде Иасауитану саласында философиялық зерттеулер саны жас ғалымдар тарапынан толысып келеді. Ө. Малдыбеков пен Қ. Қаратышқанова кандидаттық диссертацияларын жемісті қорғап шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің қоғамдағы маңызы
Дін жайында
Дін және мәдениет туралы
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі
Дін – қоғам ішіндегі рухани күш
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
Ислам дінінің қоғамдағы орны мен ролі
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Ислам дінің пайда болуы
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz