Ислам философиясы. Араб философиясы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ислам философиясы

Сократ өз оқушыларымен

Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін
қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А.
ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9
ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне
қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-
сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те
аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар
өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу
Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып
аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы”
деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан
қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары
болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық
ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін
насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.),
әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр.
“Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед.
еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту
мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл
бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман
философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина
сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен
мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда
“фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа
тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан
өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей
отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек
филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи
типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626)
Спинозаға (1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы
көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін
танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс
философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер
Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи
кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы
Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен
Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон,
Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы
мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А.ф-сы
тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек
Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 — 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі
философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім
орталығына айналды. Иасауи ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей
стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С.Н.,
Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966;
Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории
философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер
етті. Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік
дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің
қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің
елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру
кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман
философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген
тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және
айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам
философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құрандатұжырымдалатын “дүниені
қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын
бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:

Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);

кейінгі (15 – 19 ғасырлар)

қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).

Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда  Ислам философиясы
ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған
ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді
перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр
ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн
Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен
ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта
ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті.
Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін
тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам,
сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы
бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні
бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр
түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді,
үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-
идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса
отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын
алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фи кї) және теориялық
ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына
жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап
риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы),
практикалық ғылымдар (этика,саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша
ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос.
дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі
болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың
пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына
жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды
сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясы-ндағы елеулі
айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен
байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам
қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам
философиясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Ислам философиясы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Мұсылман мектептері
Əл Фараби жəн ислам мəдениеті
Сопылық ілім
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Пәндер