Ислам философиясындағы әлем мәселесі
Ислам философиясындағы әлем мәселесі
Кіріспе
І. Ортағасырлық мұсылман ойшылдарының философиялық көзқарасындағы әлем
үлгісі.
1.1. Әл-Киндидің әлем үлгісін тануындағы өзіндік ерекшеліктері.
1.2. Әл-Фарабидің философиялық идеяларындағы әлемнің жаратылуы туралы
мәселелері.
ІІ. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі.
2.1. Ж. Баласағұнның философиялық көзқарасындағы әлем үлгісінің
ерекшеліктері.
2.2. А. Ясауидың іліміндегі әлемнің мәні.
Қорытынды
Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік
бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде
қалып келді.
Әлем жаратылысын, оның мәңгілік екендігін мойындап келген ғалымдар өз
еңбектерінде дүниені ұшы-қиыры жоқ, шексіз материяның жиынтығы деп санады.
Әлемнің мәңгілігі жайындағы ой-пікір европалық түсінікке негізделген
материализм философиясынан бастау алады. Ежелгі Грецияда қалыптасқан
философия әлемнің материядан тұратындығын, әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге
тырысады. Әлем мәңгілігі ұғымы – атеистік теорияға да негіз болды. Әлем
жаратылысының шексіздігіне сену – оның жаратылғандығын, оны жаратқан
Жаратушыны мойындау деген пікірге жетелейді.
Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі – Фалес
дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық
заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп атасы су деп есептеді.
Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады. [3,58 б.]
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. дейінгі 585-525
жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық
негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі,
деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық
заттар пайда болады, - деп түсіндірді. [2,32 б.]
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің
материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және
ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені,
деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді
бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін
тірі мәңгі от болып табылады,- деді. [2,32 б.]
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б.э. дейінгі 580-500
жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында,
сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. [2,32 б.]
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен
ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда
материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э. дейінгі V ғ.) есімімен, ол
тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория
бойынша, барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарда. Атомистер
дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ
атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.
[2,33 б.]
Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ дүниенің жаратылғандығы
анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы
тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: Көктер мен жерді жоқтан бар
етуші...- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды.
Қазіргі заман ғылыми да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты,
ол анық, екені даусыз. [10,1-2 б.]
Дүниенің, ондағы тіршіліктің жаратылуы жайлы таным-түсініктер көне
түркі мифологиясында да кездеседі. Көне түркілердің жазба ескерткіштерінде
дүниенің жаратылысына не негіз болып, ол қайдан пайда болды деген ой
космостық құрылым ұғымына негізделеді. Түркілердің космологиялық
түсініктері бізге жеткен шығармалар негізінде жинақталды. Көне жазба
ескерткіштерінде дүниенің жаратылуы жайында мынадай жолдар кездеседі:
Көкте-тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы
пайда болды,- деп тұжырымдады. [4,2 б.]
Орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі Якуб Ибн Искак әл-
Киндидің айтуынша рухты алғашқы, материалдық дүниені кейінгі деп есептеді.
Оның айтуынша, дүние Алланың қалаумен пайда болған, бірақ әл-Кинди құдай
тек дүниені жаратушы ғана, әлемдегі болып жатқан процестерге оның қатысы
жоқ деп есептеді. Оның айтуынша, құдай алғашқы себеп. Себеп пен салдар
өзара байланысты болғандықтан Құдайды себепші, ал дүниені салдар деп
таниды.
Ал, Орта ғасырларда Хорезмнің Қият қаласынан шыққан атақты философ,
ірі саяси тұлғалардың бірі Абу Райхан Мұхаммад ибн Ахмед әл-Бирунидің
пайымдауынша, қоршаған дүниенің негізінде материалдық бастама жатқандығын
мойындайды. Ибн Синамен пікірталасында барлық заттардың негізі төрт элемент
(су, от, ауа, жер) туралы айтады. Материалдық төрт элементті біртұтас дүние
деп атайды. Осы біртұтас бастаманың негізі су деп есептейді.
Орта ғасырдағы мұсылман ойшылдарының бірі, дана философ- Әбу Насыр әл-
Фараби өзінің космологиялық көзқарастарын баяндауда тек құран және құран
төңірегіндегі, соған байланысты ғылыми-философиялық материалдарға табан
тірейді.
Фарабидің натурфилософиялық көзқарастарын анықтауда өте құнды мағлұмат
беретін еңбегі — "Жаратылыстанудың биік (діни) негіздері туралы трактат"
деген атпен белгілі. Бұл еңбек әлі ешбір тілге аударылып, жарық көрмеген,
арабша нұсқасы 1950 жылы Анқара (Түркия) қаласында басылды. Бұл трактатта
бүкіл әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер
бетіндегі қызмет-әрекетіне дейінгі тарихына қысқаша шолу жасалады. Қазіргі
терминмен айтсақ— өзара қарбалас, қатар алынған қосмология мен қосмогония,
яғни қысқаша айтқанда жалпы әлем, қосмос әлемінің, дүниенің пайда болуы
туралы ілім айтылады. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде
қамтылған жаратылыстар (обьектілер): жұлдызды аспан, күн системасы, жер
бетіндегі өмір, аспан құбылыстары, қайырымды және зұлым періштелер,
әулиелік пен түс көру және басқалар. Мұндағы ескеретін ғылыми құнды жәйт
осылардың пайда болуы, тіршілік етуі қозғалыс үстінде, динамикалық
жағдайда, кеңістік пен уақытта өрбу, даму процесінде берілген. [1,67 б.]
Ғылым тарихында бұрын кездеспеген тағы бір сонылық — Фараби өзінің
қосмологиялық көзқарастарын баяндауда тек Құран және құран төңірегіндегі,
соған байланысты ғылыми-философиялық материалдарға табан тірейді. Құран-
мұсылман дінінің, басты уағыз-өсиеттері жинақталған аса зәулім рухани,
мәдени ескерткіш болып есептеледі. Құранның алғашқы жүйе-жобасын жасаушы
үлкен ғұлама, қызыл тіл шешен, діни-саяси көсем Мұхаммед ибн Абдолла
(Мұхаммед пайғамбар) болды. Мұхаммед, 570 жылы араб елінде (қазіргі Сауд
Арабиясы) туып, 632 жылы алпыс екі жасында өкпе ауруынан қайтыс болған.
Құранның алғашқы варианты Мұхаммедтің 610-632 жылдары жиырма жылдан аса
өзінің үмбеттеріне ауазша айтқан уағыздары түрінде таралған. Мұнда әдет-
ғұрып және заң шарттары, құлшылық ету, лұғатты әңгімелер мен қанатты
сөздер, ислам дінінің діни-философиялық бастамалары, мұсылмандардың
қоғамдық, саяси көзқарастары мен праволық ережелері баяндалады. Құранды
мұсылмандар жатқа білген, кейбір бөліктерін хат танитындар жазып қалдырған,
Мұхаммедтің соңғы жылдарына оған хатшылар бекітілген. Мұхаммед қайтыс
болғаннан соң оған аян берілген. "Құдай сөздерін" бір ізге келтіріп, жүйелі
түрде жазып алу басталады. Оның бірінші тұтас жиынтық текстін жасаған кісі
Мұхаммедтің жеке хатшысы Зайд ибн Сабит еді. Мұнан кейін де құран көп рет
редакцияланып, сараланып кемелдендіріліп отырған. Құран аяттарына кейіннен
пайғамбар туралы айтылған әңгімелер мен деректер, хадистер қосылған. Фараби
еңбегінде осы хадистерден келтірілген жерлер де бар [1,69 б.].
Кейінгі ғасырларда құран тексіне философиялық, тарихи және діни
түсініктемелер жазу дәстүрі қалыптасқан. Оларды тәфсір деп атаған. Осындай
тәфсірді бірінші жазган автор Абдаллах ибн Аббас (686 ж. өлген) еді. Фараби
жоғарыдағы трактатын жазуда осы ибн Аббасқа сілтеме жасап отырады, бұл ибн
Аббас түсініктемелерінде жаратылыстану элементтерінің баршылық екенін
аңғартады. Бұл айтқанымыздан Фараби құранда айтылган діни-теологиялық,
ғылыми-философиялық мәселелерді жаңа тұрғыдан табиғаттану, болмыстың түп
төркінің, қазіргі жағдайын білу тұрғысынан қараушы үлкен мектептің
(мазхабтың) көш басында тұрғаны көрінеді. Ендеше ұлы бабаның мұсылман
қауымының имам ағзам — Абу ханифа және имам Шафи сияқты ірі имамы деп
тануымыз керек. Ол Мұхаммед ілімінің ғылыми-жаратылыстану мәнін ашып
көрсетуді көздеген ізгі ғұлама. [1,68 б.]
Енді Фарабидің трактатының мазмұны, ғылыми арқау астарларын баяндауға
көшейік. Фарабидің концепциясы бойынша бүкіл әлемнің басталатын кезі бір
Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз
дидарының жанарынан бірінші жарықты, яки нұрды жасау кезі болып саналады.
Ол жарықта әуелгіде ешбір қасиет болмаған, ол біртекті және қозғалыссыз
жаратылады. Оған ақыл, ойлау әрекеті берілген уақыттан соң қасиет пайда
бола бастайды. "Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау
алатын шабыт". [1,68-69 б.б.]
Әлемдік нұрдан және онымен байланысты, одан тікелей жаратылған әлемдік
ақылдан барып бүкіл материалдық және рухани тіршілік әлемі туындайды,
өрбиді, саналуан түрге келеді. Фараби былай дейді; "Ең әуелі Алла тағала өз
ажарының қасиетті Нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық
та, жылы да емес, дымқыл да, құрғақ та емес, еркек те, әйел жынысты да емес
еді, Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды. Барлық
жасалынатын, болатын субстанциялардың түп болмысының нышандары басынан
аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл органикалық тірі дүниенің
рухани нышандары да осы жарықта болды.
[1,68-69 б.б.]
Әрі қарай Фараби былай жалғастырады: "Бұл хадистерде бүкіл әлемнің
жаратылыс тарихы ең алғаш пайда болу актісінен бастап пайғамбар (Мұхаммед)
туғанға дейін суреттелген. Ал бұл тарихтың негізгі кезеңдері менің
кітабымда келтірілген. Мұнда осы тарихтағы өңдеген табиғаттанушылар
еңбектерін мұқият пайдаландым. Сонымен қатар маған олардан жаратылыстануға
қажетті нәрселерді іріктеп алып, жөндеуге тәртіпке келтіруге тура келді.
Өйткені жаратылыстану ғылымдары табиғаттанушылар дәл, нақты бақылауларға
сүйенген жағдайда ғана ақиқат болады". [1,69 б.]
Бұл үзіндіден ұлы бабамыздың құранда, хадистерде кездесетін ғылыми
рационалистік элементтерді бақылауға сүйенген жаратылыстану білімдерімен
шебер ұштастырушы екенін анық көреміз.
Бірінші жарық — Нұр алғашқыда өзінің жаратылған жерінің маңында
орналасады да, осы жағдайда бір дүркін (цикл) уақыт (12000 жыл) тұрақтайды.
Бүкіл әлемнің бастапқыда бірінші элементтері пайда болу үшін Алланың
әмірімен Нұр екіге жарылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі
төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнамайды, олардың бастапқы
бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті
байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады. Мұндай бөліну кең
көлемде әрбір 12000 жыл дүркіннен кейін болып тұрады, тар кәлемде де
бөлінулер орын алады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жаңа
сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән-мәністері бар бастапқы,
негізгі элементтер (стихиялар) пайда болады.
Бөлінумен қарбалас араласу жүреді, осының нәтижесінде сан алуан өрнекті
нәрселер, түрлі бөліктердің қоспасы шығады.
Сөйтіп, адам ақылы Нұрға бөленген және адам түп бастамасы, негізі
жарықтан шығатын әлемді танып, білуде. Осы принцип Фарабидің
космологиясының іргетасын қалайды. Фараби былай дейді: "Бүкіл жоғарғы бөлік
екі жарыққа бөлінді де қозғалыс қасиетіне ие болды. Алла тағала өзінің
құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта
жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі іргетасын
қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың, жоғарғы бөлігінен ғарышты, яғни
аспан шырақтарын және оларды сүйреуші періштелерді және басқа да жарық
құбылыстарын бар етті. [1,71 б.]
Фараби былай дейді: "Алла тағаланың "жаратыл!" деген сөзі- әмір еді.
Осы әмірден соң екі бастамадан — жылылық пен суықтық шығып, жылылықтан
құрғақтық қасиет, суықтықтан — дымқылдық шығады. Осылай заттардың өзара
қарама-қарсы төрт табиғи қасиеттері пайда болып, қалыптасады. Бұл заттардың
табиғи тарихындағы бірінші араласуы болды. Бұл қоспада жоғары, төмен —
болашақ барлық тіршілік иелерінің негіздері қамтылған еді. Бұл қоспада Алла
тағала бүкіл дүниенің (заттардың) қоршаған ортасын, батыс-шығысын, оң-сол
бағыт-бағдарын, алдын ала белгілеп, ақылдың шабытын, барлық тірі
жәндіктердің жандарын, нәпсілердің өмірлік ұмтылыстарын алдын ала өлшеп-
пішіп қойған болатын. Ал нәпсінің ұмтылысынан әрбір жан дараланып ер, әйел
жыныстық белгіге ие болады. Олардың бір-бірімен табысуы, қосылуынан болашақ
көбеюдің, өсіп-өнудің негізі қаланады". [1,70 б.]
Фарабидің пікірінше, әлемнің жоғары, төмен, онды-солды бөліктері өзара
белгілі бір зат, нәрсе арқылы немесе күш жәрдемімен байланысады. Бөліну
кезіндегі пайда болатын орта бөлік осындай күш болып табылады Трактаттың
аспан мен жердің ажырасу бөліну құбылысын сипаттайтын жерде Фараби Құранга
тәфсір жазған бірінші оқымысты Ибн Аббастын, пікірінше, қосылу (ратк) деген
термин арабша "сад", яғни обьектілердің, хауыздар арасына қосатын мойнақ,
таулар арасындағы көпір тағы басқа осындай мағынаға ие болады. Басқаша
айтқанда, аспен мен Жер ту басында ажырасқанға дейін, қалай болса солай жөн-
жосықсыз қосыла салмай, өзара белгілі бір күш (сад) арқылы қосылып,
байланысқан болып шығады. Бұл туралы Фараби былай дейді: Алла тағала айтты
ғой: күмәнданушылар аспан мен жер өзара ратк арқылы қосылғанын, ал біз оны
ажыратқанымызды көрмей ме? Ибн Аббас (Алла оған рахым етсін) "ратк" арабша
"сад" деді. Ендеше ол жоғарыда айтылған қоспа 12000 жыл бойында Алла
тағалаға бас ұрып орын тепкен үміт мекені болды.[1,70 б.].
Бастапқы жаратылыстың бастапқы обьектісі нұр болады. Арабтын нұр деген
сөзі физикалық жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр жарықтан басқа
ақыл-рухани және қайырым-ізгілік негіздерін де қамтиды. Егер әңгіме кәдімгі
жай ғана физикалық құбылыстар туралы болса, онда ол жарық деп; егер рухани
сала туралы айтылса, онда Нұр деп алынады. Нұрдың биік шоқтығы адамның
ақылы болып табылады. [1,71 б.]
Фарабидің трактатында Нұр бүкіл әлемде өте кең тараған құбылыс екені
көрінеді. Әлем өзіне жылу құбылыстарын да, сәуле шығару, от, энергия тағы
басқаларды қамтитын кең мағынадағы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы
жарықтың қоюлануынан түзілетін аспан обьектілері, денелері және басқалар
орналасады.
Космостың, яғни ғарыштың жерге жақын атырабын, біздің заманымыздың,
ғылыми терминдерімен айтсақ, Күн системасын, жанды, жансыз дүниенің қалай
пайда болғаны туралы Фараби былай деп жазады: "Жарықтың бүкіл төменгі
бөлігі қараңғы, қозғалыссыз және салқын болды.
Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз заттар денелер орналасты.
Алла тағаланың құдіретті күшімен қозғалыссыз субстанциялар жаратылысы
салқын, суық болып келеді. Осы субстанциялардан салқын, суық денелер,
заттар пайда болды. Бұл заттардың түп негіздері басқада көп заттарға негіз
болатын тас пен топырақ болып табылады. [1,71 б.]
Фарабидің дүниенің түп төркініне пейішті алмай, заттық (материялық)
бастама — Нұрды алуы үлкен ғылыми көрегендік екені күмән туғызбайды. [1,72
б.]
Одан ары қарай Фараби басылым мөр немесе іздер мен көрініс (сурет)
туралы ілім дамытады: табиғи (жаратылыс, натура, табиғат) деген сөз арабтың
таб деген сөзімен түбірлес, ол балауыз тақта немесе қағаздағы басылым, мөр,
із, қалып деген ұғымды білдіреді. Ал мұның мәнісі барлық табиғат өзінің
болым-болмысын Алланың құдіретті күшінен алады және осы жасаушының жасау
актісінің басылымын, ізін, көрінісін (суретін) өзіне сақтайды. Жасаудың
бірінші актісі табиғаттың өзінде қайталанған. Бұл басылым, із Алланың
әмірінің белгісі болып табылады".
Фарабидің пікірінше барлық аспан және жердегі денелердің әрқайсысының
өзіне тән қозғалысы болады, әрбір дененің дүниеде өз орбитасы, өз сферасы —
фалагі бар, аспан сфералары — жоғарғы фалак. Сфера бойынша денелер
қозғалысы циклді, дүркінді, яғни периодты сипатта болады, сондықтан да ол
қозғалыс уақыт ұғымын анықтайды. [1,72б.] Аспан денелерінің,
обьектілерінің бөліну және араласу кезеңдерінің арасындағы ірі дүркіндерді
(циклдерді) Фараби 12000 жыл деп алады, бірақ бұл цифрда дәл нақты емес,
шартты түрде түсіну қажет сияқты, өйткені Фараби жасалудың, өрбіп-өсудің
кезеңдерін, уақытын дәл көрсетушілерді құптамай, сынға алады. Оның айтуынша
— табиғаттану ғылымы — эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым, сондықтан мұндай
уақыт мерзімдерін бақылаулар негізінде ғана дәл тағайындауға, анықтауға
болады.
Дүниеде дөңгелек бойынша қозғалыстан жоғары, төмен және ілгері кейін
түзу сызықты, радиалды қозғалыс та орын алады. Қозғалыстың бұл екі түрі
өзара қосарлас, сыбайлас болады. [1,72 б.]
Фарабидің космологиясы бойынша жуық түрде мынау анықталады: бөліну мен
араласудың бірінші кезеңінде жұлдыздық жүйелер мен жұлдыздық дәуірдегі Күн
системасының жалпы нобайы, жобасы белгілене бастайды, алайда Күн,
жұлдыздар, планеталар ерекше аспан денелері ретінде әлі де болса
қалыптаспай, жалпы газ қоспасы ретінде белгілі бір сфераларда жайласады.
Бөліну мен араласудың екінші кезеңінде Күн системасы қазіргі кездегі түрге
келген. Орбиталық заттардың қойыртпақ-қоспасынан Күн түзіледі. Ол жеті қат
аспанның ортасында, яғни төртінші фалакта "Жоғарғы және төменгі әлемдік
аспан сфераларының өмір сүру әрекетінің басты көзі бастау бұлағы, сонымен
қатар бүкіл әлемді жаппай жарықтандырушы" қызметін атқарады. [1,73 б.]
Фарабидің концепциясы бойынша адамзат жер бетінде тіршілікке қажетті
жағдайлар (су, ауа, өсімдік және хайуанаттар) дайын болғаннан кейін барып
пайда болған. Сол кезде қабылданған дәстүр бойынша Фараби адам денесінің
ішкі ағзаларын Күн системасының планеталарымен, ал сыртқыларын — зоодиактық
шоқ жұлдыздармен салыстырады. [1,73 б.]
Қорыта айтқанда, "Жаратылыстанудың жоғары негіздері" атты трактатында
Фараби заманына сай ғылыми жағынан анайылау айтылған тұстарына қарамастан
бүкіл әлемнің түп негізінде Алла тағаланың құдіретімен пайда болған нұр
түріндегі материалдық субстанция жатыр деген дұрыс қорытындыға келеді,
бүкіл дүниені басынан бастап қозғалыста, үздіксіз эволюциялық даму
барысында қарастырады. Фарабидің бұл трактатта айтылған идеялары кейінгі
замандарда Шығыс философтары мен оқымыстылары арасында кеңінен тарағанын
көрсететін деректер көп. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген
қазақтың көрнекті ақыны, шығыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz