Ислам философиясының батысқа әсері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ислам философиясының батысқа әсері.

Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды. Бұл әсер мұсылман философтарының жазған еңбектерінің латын және ибраги тілдерінде аударылуынан басталды. Ортағасыр мен Ренессанс дәуірінде бұл аудармаларды, яғни ислам философтарының еңбектерін, христиан болсын, яхуди болсын, қолдарынан тастамай оқуға әрекет еткен. Қайта өрлеу дәуірінде басталып, Гегельге дейінгі аралықтағы жаңа дәуір философиясына аталмыш еңбектердің әсері зор болды. Дегенмен, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиялары мұсылман ойшылдарының еңбектерін бұрынғыдай қызығушылықпен оқымайтын еді.

X ғасырдан бастап аударма жолымен Батысқа әсер ете бастаған ислам философиясы Батыста философиялық бір ойдың қалыптасуына себеп болды. Ислам философиясы бұл ойдың негізгі қайнар көзі болды. Ислам философиясы болмағанда, Батыс философиясын меңгеру қиынға соғатын бір іс болды.

Христиан дінінің ресми дін ретінде IV ғасырдан бастап Батыста жайылуы нәтижесінде шіркеу мен дін адамдары философияға қатты қарсылық керсетті. Осылайша ортағасыр мен схоластиканың қараңғылық дәуірі басталды. Бұл жағдай XI ғасырдың соңына қарай өзгере бастады. Дегенмен, IX ғасырдың II жартысынан бастап ислам ғылымына қызығушылық танытып, латын тіліне аудара бастаған батыстықтар аздап болса да, философияға тоқталып отырды.

Осылайша Батыста философиялық түсінік бірте-бірте қалыптаса бастады. Христиан ойшылдары ислам неоматизмімен Августинді байланыстырып қарастырса, кейбіреулері Фараби мен Ибн Синаны және перипатизмді қолдады. Осы арада батысхристиандық кейбіреулері және яхудилердің көпшілігі Ибн Рушдті қолдады. Уақыт өте келе Ибн Рушдтің идеяларын қолдаушылар христиан догмаларына қарсы келе бастады. Батыс қалаушылары Ибн Рушдке қарсы енді қанат жайып келе жатқан Газаш идеяларын қолданды. XIII ғасырдың атақты ойшылдары Альберт Магнус пен Сайн Томос Ғазали идеяларын қолданып Ибн Рушдке қарсы пікірлер жазған. XV ғасырда Газаш идеялары кең қанат жайып, Ибн Рушдтың идеяларын қолдаушылардың саны азайып кетті. Ал XVII гасырдан кейінгі уақыттарда да философиялық әрекеттерге ислам философтарының да әсері болды. Әрине, бұл сөздерді мұсылман болғандықтан айтып тұрған жоқпыз. Көптеген Батыс ойшылдарының көзқарасы да біздікінен қатты ерекшелініп кетпейді. Оған мысал ретінде Эрнест Ренанның мына сөздерін айта аламыз. «Орта ғасырда яхудилердің бүкіл әдебиет өнері, мұсылмен мәдениетінің бір бөлігі ғана. X ғасырдан бастап араб тілі мұсылман христиан және яхудилердің ортақ тілі болды және т. б. »

Қорыта келе, яхуди тектес болсын, батыс христиан ойшылдары болсын философиясын яғни мұсылман ойшылдарының идеяларын пайдаланғанын теріске шығара алмаймыз.

Мұсылмандардың 635 жылдан бастап Сирияны, Испанияны, Италияны және т. б елдерді жаулап алғандарынан бастап, батыс христиан әлемі мен ислам әлемі бетпебет кездесті.

Бұл жағдай батыстықтар арасында, бір жағынан, қорқыныш тудырса, бір жағынан, келісімге келіп, ислам мәдениетінің жоғарылығын танытты. Сонымен қатар батыстықтар мен мұсылмандар арасында болған сауда саттық пен дипломатиялық қарым-қатынастар батыстықтардың ислам мәдениетіне біршама жақындауында маңызды рөл атқарды. Осылайша IX ғасырдан бастап батыстықтардың ислам мәдениетіне деген ықыласы арта түсті. Батыстықтар X ғасырдан бастап мұсылмандар ілім-білімін үйрене бастады да, XI ғасырдан бастап ислам философиясына қызығушылық танытты.

XII-XIII ғасырда батыстықтар мұсылман әдебиеттерін ислам тіліне, француз және неміс тілдеріне аудара бастады. Мұнымен қоймай олар Африкадағы, Мысырдағы, Ирандағы медреселерге барып сабақ ала бастады. Ислам білімі мен философиясын үйрететін көптеген мектептер ашылды. Олардың ең маңыздылары Францияда Монтпелшер мектебі және Англиядағы Оксфорд мектептері еді. Сонымен қатар христиан және яхуди ғалымдары мүсылман ойшылдарының пікірлерін зерттеп, қарастырып, ислам философиясының батысқа жайылуына үлкен ықпалдарын тигізді.

Дегенмен, христиан діні Батыста ресми дін ретінде жарияланғаннан кейін, дін адамдары көптеген мәселелерге тыйым салды. Соның нәтижесінде Батыста X ғасырға дейін қараңғылық дәуірі болды. Батыстықтар грек философиясын толығымен ұмытқан еді. Аристотельдің де, Платондардың да философиясы дамымай қалған. Сол уақытта грек философиясының өкілдерін мұсылман әлемін зерттеп жатқан болатын. Ал батыстықтар XI ғасырдан кейін ғана мұсылмандық философтар зерттеген грек философиясын үйрене бастады. Яғни біз батыстықтардың тек ислам философиясын ғана емес, грек философиясын да үйренуде мұсылмандардың негізгі рөл атқарғанын айта аламыз.

Мұсылмандардың импортқа шығарып отырған маңызды тауарларының арасында кемелерге қажетті ағаш, темір, сонымен қатар тоқыма өнеркәсібі үшін ауадай қажетті ащудас та шығарды. Енді бұл шындыққа жанасатын деректердің күңгірт болуына қарамастан келіп шығатын нәтижеде мұсылмандар мен еуропалықтар сауда-саттық және техника ғылымдары жөнінен тәжірибе алмасып отырған. Әрине басым көпшілігі мұсылмандардын еңбегі екені сөзсіз. Техника ғылымдарының көбісінің атаулары араб тілінен енген. Араб тілі дегеніміз - ұлы дініміз Исламның тілі, демек бұл Ислам өркениетінің Еуропаға ықпалының тағы да бір бұлтартпас дәлелі. Ислам жерлерінде өмір сүрген барлық адам арабшаланған латын диалектикасын қолдану арқылы арабшаға тәуелді болды.

Мұсылмандардың ғылым мен философиядағы жеткен жетістіктерін тілге тиек етер болсақ, алдымызға бірнеше мәселелер мен сұрақтар туындайды. Бұлардың алғашқысы мыналар: Гректердің философиясы мен ғылымдарында мұсылмандардың үлес салмағы қандай және ғылымға және т. б. өздері қаншалықты үлес қосқан? Осындай маңызды сұрақтар мен мәселелерге қазіргі таңдағы еуропалық ғалымдар, соның ішінде Гарра де Ваух атты жазушы өзінің еңбектерінде мұсылмандардың Еуропаға ықпалы айтарлықтай екендігін өз еркімен мәжбүр түрде мойындайды.

Сондай-ақ алгебра, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарындағы алғашқы дамуды да мұсылмандар жасады.

Әрі математика, әрі астрономияда басты маңызды есім, латын ғалымдарының пайымдауынша «алгаризм» деп танылған, яғни Әл-Харизмидің есімімен аталған еді. Техникалық термин алгаризм халифа Мәмунның дәуірінде қолданыла бастады. Әл-Харизмидің өзі «Бәйтул Хикмә»-да қызмет атқарған. Әл-Харизми халифа Мәмун үшін «Синдхинта» деп аталатын үндіше астрономиялық график жасаған. Алғашқы математикалық кітап осы «Жебир» яғни әл-Харизмидің еңбегі. Ол мұнда бүгінгі күннің ондық жүйесін қолданған. Сонымен қатар сол дәуірдегі ғалымдар әрбір санның квадрат түбірін табуға жарайтын әрі күрделі біршама математикалық мәселелерді арифметикалық түрғысынан шешетін әдістер ойлап тапты. XI ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ғалымдардың арасында атағынан ат үркитін екі математик және астрономия ғалымы ибн Самих және ибн Саффар мен астролог ибн Ружжал бар еді. Ал енді медицина, аурухана жайлы әңгіме қозғайтын болсақ ол кездегі өте бай ауруханалар халифа Харун Рашидтің бастауымен құрылған «Мансури» атты аурухана еді. Бұл аурухананың бір ерекшелігі ерлер бөлімі мен әйелдер бөлімі екі бөлек еді және өз мешіті, кітапханасы т. с. с. артықшылықтары бар еді. Сол кездегі ибн Синанын жазып шыққан еңбегі «әл-Қанун» осы күнге дейін медицина саласында оқытылып келеді.

Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлық арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуропалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды. Осы тарихи кезең туралы, мұсылмандық Шығыс пен христиандық Батысты салыстырып, Е. А. Фролова өзінің "Араб-мұсылмандық философиясының рационализмі" деген мақаласында былай деп жазады: " Еуропа рухани дағдарысты басынан кешіріп жатқанда, Таяу және Орта Шығыс халықтарында ғылымының шарықтау кезеңі, қоғамдық ойды, қоғамдық сананы рационализациялау қозғалысының қуаты фәлсафамен қатар теологияны, әдебиетті қамтып, мәдениеттің гүлденуіне себепші болды". (Фролова Е. А. "Рационализм в арабо-мусульманской философии". // Рационалистическая традиция и современность: Ближний и Средний Восток. - М., Наука. Главная редакция восточной литературы, 1990. - 280с. - с. 20 - 21. ) Егерде 8-ғасырдың басыңда арабтар Испанияны басып алған кезде тұрғылықты испан-рим халықтарының мәдениетінен біршама төмен тұрса, 9-10-ғасырларда ғылым мен мәдениеттің дамуының нәтижесінде арабтар мұсылмандық Шығыс үшін ғана емес, христиандық Еуропа үшін де мәдениет, ғылым және философия орталығына айналды.

Испанияда 10-гасырда өміp сүрген христиандық автордьң жазуы бойынша: "Ең атақты жас христиандар арабтардьң тілі мен әдебиет пен басқа әдебиет пен басқа тілді білмейді; және де олар араб кітаптарын ынтамен оқып зерттейді, олар көп ақша жұмсап араб кітаптарынан кітапхана құрастыруға асығады және барлық жерде араб ғылымын мақтайды. Басқа жағынан, христиан кітаптары туралы еске алғанның өзінде олар менсінбей, мұндай шығармалар оларға назар аударуға тұрмайды деп мәлімдейді”. Осы мәселе төңірегінде бертін келе үнді халқының көрнекті өкілі Д. Неру де өзінің "Үндіні ашу" деген кігабында өте жақсы керсетіп берген. Ол араб мәдениетінің әлемдік, ең алдымен, батыс еуропалық мәдениетке ортағасырларда тигізген әсерінің зор екендігін ерекше атап өткен: "Бағдат халифаты мұсылман әлемінің мәдени орталығы болып қала берді, тіпті алыстағы Испания одан шабыт алып отырды. Сол кезеңде Еуропа білім, ғылым және тұрмыс салаларында артта қалған болатын. Арабтар Испанияда (Хордов), бүкіл ортағасырлық еуропада білім шырағының сөнбеуіне мүмкіндік берді. Бұл шырақтың сәулесі Еуропаньң еңсесін басқан қара түнекті қақ жарып білім нұрын төкті" Сонымен, ортағасырда мұсылмандық шығыс мәдениеті мен философиясының ерекше гүлдену және даму кезеңі болса, батысеуропалық мәдениет пен философияға құлдырау мен дамуында біржақтылық тән болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның құлдырауы марксистік философия тұрғысынан баға берілгендей, оның жалпы діни сипатта болғанына байланысты емес, онын тек 6ip бағытта, яғни тек қана діни-идеалистік сипатта болып, философияның емін-еркін дамуына мүмкіндік бермей, біржақты сипат алып дамуында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Мұсылман философиясы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Сопы Аллаяр дүниетанымы және оның шығармашылығының қоғамдағы маңызы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Ислам философиясы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz