Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер.

Дәріс мақсаты; Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндермен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Ислам әлемдік дін ретінде.

2. Ислам теологиясы

3. Қазіргі кезеңдегі ислам. 

4. Дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес нанымдардың ара қатынасы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Ислам. Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 миллионнан астам
халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасында көтерілгеніне де он-
бес ғасырдан асты. Ол жазирату – л – араб деп аталатын осы күнгі Араб
түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетеі Құран Кәрімді осы елдегі
Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи
етті. 

Ислам дінінің ерекшеліктері:

1.
Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет
күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған
Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар
келмейді.
2.
Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған
діндер тек қана белгілі бір ұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл
дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.
3.
Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере
алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік
қалмаған.
4.
Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен
діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап
мойындайды.
5.
Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін
жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа
жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет
күніне дейін жалғасатын дін.

Исламның негізгі екі бағыты - сүннизм, шиизм және бірнеше тармақтары,
секталары бар. Ислам - бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір
сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат- бір құдайға
табыну. Ислам - адам өмірінің құндылығын жоғары бағалайды және оны сақтауға
баршаны шақырады. Бәрімізді жаппай бір Жаратушыға сенуіміз, миллиондаған
мұсылмандар, христиандар, яһудилер және басқада діни конфессиялардың бір-
бірімен мәмілеге келуі - әлемде бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті
нығайтуға еркін жол ашады. Демек, Исламның басты мақсаты - татулыққа,
жақсылыққа үндеу. Ол адамгершілікке, өзара түсіністікке, өзге ұлттар мен
сенім-нанымдарға барынша оң қабақ танытуға шақырады. 

Мистицизм - нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті
сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси
теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси
трактаттар жазды.

Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды. 

Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес
қосқан сопы орденін құрушы - Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың
құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойын сұнудың қажеттігін
уағыздайды.

Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам
діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып
кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан
қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.

Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер. Дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес
нанымдардың ара қатынасы. Неохристиандық нанымдар. Неоориенталистік
нанымдар Сайентология бағыты. Жаңа магия, спиритизм. Қазақстан аймағындағы
қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндердің таралуы.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;

Ислам діні - араб мәдениетінің бастамасын қалай түсінеміз?. 

Мұсылман - мұсылман діннің негізін салушыларды атаңыз?. 

Мұсылман дінінің ерекшеліктерін сипаттаңыз?

Мұсылманның негізгі бағыттарына талдау жасаңыз?

Исламдағы мистицизм дегеніміз не?. 

Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде қарастырыңыз?. 

Ислам дінінің Қазақстандағы таралуын қалай түсінесіз?

Ислам дініне үлес қосқан ойшылдарды атаңыз?

Исламды қалай түсінесіз?.

Ислам теологиясы дегеніміз не?. 

Исламның негізгі бағыттарын атаңыз. 

Исламдық модернизм және фунментализм дегеніміз не?. 

Қазіргі кезеңдегі исламды қарастырыңыз?. 

Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер қандай?. 

Дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес нанымдардың ара қатынасын сипаттаңыз? . 

Неохристиандық нанымдар дегеніміз не?. 

Сайентология бағыты дегенімізді қалай түсінесіз
. №7 тақырып Қазіргі дәстүрлі емес діни қозгалыстар мен ғибадат.
Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық
діндерден бөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі
діндерді айтамыз. Олардың шығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және
мәдениеттің жаңаруына байланысты, әлеуметтік-саяси өздгерістермен,
демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының
әлсіреуімен байланыстырылады.
Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына
қарай жаңа христиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңа пұтшылдык
болып бөлінеді. Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де
ерекшеленеді. Үшінші ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі
синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген кағидаларын
ұстанушылығымен дамиды.
Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді
(әсіресе жастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның
күнәкарлығын көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп,
адамгершілік жолдары мен даналык ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынады.
Қазіргі дәстүрлі емес діни козғалыстардың, сенушілік маңызы бойынша діни
әдет-ғұрыптары, рәсімдік іс-әрекеттері аркылы айырмашылығы болады. Олар
саны жагынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдарын елеулі белгілерімен ең кем
дегенде 5 топка бөлеміз:
1. Неоориенталдык табыну: Общество Сознания Кришны, Тихоокеанский
дзен - буддийский центр, Миссия Божественного Света, Трансендентальная
медитация жэне т.е.с.
Неоориенталдык табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм
діндерінің осы заманга бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым -
мистикалык жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті ішкі жолмен жандандыру.
Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында
Қүдайдың шындык табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Максат осы
табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен косылу. Медитациялык үрдіс
(ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шүкшиып көңіл аудару, сыртқы коршаған
дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, кайталау, кайталау
үрдісінде мистикалык маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп,
бірінші орынға акиқат жолға түсу, Гурудың беделінің артуы.
2. Неохристиандық одақ — Церковь объединение, Семья Детей Бога жэне
т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі - Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің
әлементтерінің синкретикалык коспасы, эсхатология мен мессиандык көзкараска
бұрмалау, кауым басшысы Қүдай жіберген пайғамбармен теңестіру.
3. Сейентологиялық ағым Церковь Саентологии, Космические религии
және т.б. Бүл табынушылық әр түрлі физикалык приборларға мистикалык мағына
беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалык күбылыстарды байқау, өлшеу, оның
физикалык, биологиялык табиғатының әсерін байкау. Мистикалык түрғыда әлі де
тексеріліп біліп болмаған психикалык күбылысты, коршаған табиғат күбылысын
түсіндіру.
4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан
сиқыршылык, балгерлік, шамандар, бал ашқыштармен қатар жаңа магиялық ілім
және оның институттары, Батые пен Шығыс әдет-ғұрыптарын косып жаңа
балгерлерді, сикыршыларды шығарды. Бүл жерде Мексикандық мифтік ілімін
Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка
спиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлесу практикасын
айтамыз.
5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы). Ібілістік түсінік
ертедегі Ирактан, Көк кітап деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни
аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылыкты бірінші орынға қояды,
кесірлікті жаманшылыктың кайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалык жолмен
араласып сөйлесу. Олардың айтуы бойынша кесір, жаманшылыкты үгіттеушілер -
Христиан дініне қарсы күрес жүргізушілер. XX ғасырдагы діндер халыктың
көңілін өздеріне аудару үшін сырткы ерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге
аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге
тырысады.
XX ғасырда шықкан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі
де үлкен жүмыс. Сол себепті біз кеңірек және тереңірек таралған кейбір
түрлеріне ғана тоқтап өтеміз.
Неоориеталистік табынушылықтың бір түрі Кришнаның санала қауымы
(Общество сознания Кришны) келетін болсақ, діни ағым вайшнайзм діні мен
веданың философиялык көзкарасының ерікті одағынан шыккан кауым. Бүл діни
агымның негізін салушы - Үнді діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1806-1977),
сал Қушаның аты Бхаквиведанта Сваии Прабхупада, езінің ілімін Бхагават -
Гита сондай деген кітабында, тағы баска кітаптарында жазып көрсетті. Оның
кітаптары 40 тілге аударылып таралған, орыс және казақ тілінде де кітаптары
бар.
Вайшнавов ілімі бойынша ең бір ақиқат Құдай - Кришна, ол үш аспектіде
бізге көрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован - бүл Құдай ең
жоғарғы аспект, қол жетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сүлу.
Брахман - жекеленген аспект, барлық жерде кездесетін абсолютті ақиқат,
шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдың трансцендентальды сәулесі. Параматтық
аспект - ең жоғарғы жак, ол барлык тірі жандардың жүрегінде, жеке, өзіндік
жандармен бірге тұрады. Қүдай мәңгі және оны ешкім жасамағаң, оның көптеген
аспектілері бар, оның екі энергиялык күші бар: ол барлық тірі жанды және
әлемді жаратқан. Ең бірінші аты - Кришна. Ол өте сүлу, кара терілі жас
жігіт. Қалған күдайлар - жартылүдайлар - аватарлар кайталаулары керек.
Алматыда 1990 жылдан бері Кришнаньщ Санасының Қауымы ұжым қүрды. 1996
жылы олар заң алдында тіркеліп, кауымдары өмір сүрде.
Жаңа христиандық (неохристианство) ағымдар болса христиан шіркеуінен
бөлініп шықкан Квакерлер, Пятидестниктер, Иоговистер, Адвентистер және
т.е.с ағымдарға толы.
Әмбебаптық дәстүрлі емес діни қозғалыстардан Бақайлык сенімді
карастырайык. Бахай діни қауым XIX ғасырда Иранда пайда болды. Оны шығарған
адам - Мирза Хуссейн Али Нури, кейіннен Бахаулла деген атак алған.
Бахаулла арабша Даңктың Тақсыры деген ұғымды береді. Бахаулла өзінің
ілімін көптеген шығармаларында қарастырып кетті. Қазіргі кезде Бахауллалар
190 мемлекетке тарады. Бахаулланьщ Қазақстан жеріне 1938-1939 жэне 1950
жылдары Орта Азиядан және Закавказьядан саяси жер аударушылыктың аркасында
таралган. Олар бірінші Петропавл, Иртыш, Павлодар, Чилік ауылы, Алматы
облысында таралды. Кеңе.содағы заманында Бахай қауымдары жартылай заңсыз
болды. 1990 жылы тамыз айында шыккан О свободе вероисповедания деген заң
бойынша Алматы қаласында жергілікті Рухани жиналыста өз-дерінің қауымдарын
құрды. 1994 жылы Бахай кауымы заң жүзінде тіркеуге алынды. Ал 2002 жылы
Қазақстанда 19 кауымы тіркелді. Орталы-ғы Алматы қаласында орналасқан.
Бахауллы ілімі Китаб-ул-Ахдас деген кітабында жазылған.
Бахайлар өздерінің киелі кітабын оку үшін олар өздерінің белгілеп алған
үйінде бірге жиылып дұға оқиды. Негізгі бас қосулары 19-ы күні, яғни
Мейрам күні, ол кездесу күні тек дүға оку емес, басқа да қауымдык
проблемаларды шешеді.
Келесі бір синкреттік дін ағымы Саентология діні 1954 жылы пайда болды.
Саентология деген сөз латын тілінде білім, калай білімді білу керек
деген мағынаны білдіреді. Саентология түсінігі бойынша адамның рухын
зерттеу жэне өзімен-өзінің катынастык жүмысын әлеммен және баска өмірмен
катынасын зерттеу. Бұл діннің негізін калаушы Л.Рон Хаббард 1954 жылы Лос-
Анже-лесте, Калифорния штатында Саентологиялык шіркеуді тіркеді.
Саентология - системалык білім күрылысы, фундаменталдық ақикат
аныктамасының жалғасы. Ондай ақиқаттықтардың бірі: Адам жаны өлмейтін
рухани нәрсе. Оның өмірлік тәжірибесі бір өмірден асып кетеді. Қазіргі
кезде оның мүмкіндігі элі жүзеге асырылып болма-ғанымен, оның потенциясында
шек жок. Адамның табиғаты кайырымды және рухани бостандылығы өзіне ғана
немесе жақындарына байланысты емес, ол әлеммен жекеленуінде. Ең жоғарғы
саентологияның мақсаты рухани акиқаттық ағартушылық жэне адамның бас
бостандығы.
Қазакстанда саентологиялык ұйымдар мен топтар көптеген калаларда бар
және әр жыл сайын олардың қатарлары өсуде. 1994 жылй акикаттыктардың бірі:
Адам: Дианетика топтары Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда Хаббард идеясын
насихаттауға арналған коғамдық ұйым ретінде тіркелген.
Ібіліс топтары. Ібіліс шіркеуін кұрушы Антон Ла Вей (Сан-Франциско, 40
жылдары). Оның негізгі идеясы Сатана Таураты атты енбегінде. Ібіліс күші
билік пен табыска кол жеткізуге мүмкіндік беретін күш көзі деп жазды.
Ібіліс күші Қараңғылыктың күші. Оның негізгі ұраны - Әлсіздерге - өлім,
күштілерге - байлык және адамдардың өз-өзін танытуында барынша еркіндік
беру. Сатанизм өзінің жолын үстанушылардың өз табиғи кажеттіліктеріне
еркіндік берген кездегі іс-әрекетін қолдайды. Өзін-өзі тыюдың орнына теріс
әрекет колдау. Қуану арқылы күш жинау.
Ібілістің күлшылык ету және салт-дәстүрлерін жасау қауыш жиналысында
(шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де,
әйелдер де жиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер
басшылык жасайды. Шабаштардың өткізілу сипаты туралы мәліметтер көп емес.
Олардың өткізілу сипаты сол ұйымның басшысының тікелей ілімдік, моральдык,
саяси көзқарастарына байланысты болады деп есептейміз. Дегенмен олардың
жоралғысының үш түрі бар дейді: жыныстык, кайырымдылық не аяушылык,
бұзушылык.Ібіліс шайтан және т.б. көзкарастық альтернативті діни көзкарас
деп карастыруға да болады. Аздаған және нашар үйымдастырылған Ібіліс
топтары біздің елімізде кездеседі.
Мұсылмандык шығыстағы діни қозғалыстар. Ислам діні де басқа діндерге
ұксап саяси, мистикалык, экзотикалык ағымдар бөліп шығады. Жоғарыда
көрсеткендей, коғамдық-саяси ағым Ваххабизм деді. Қазіргі кезде Сауд
Аравиясының ресми идеологиясы болып табылады.
Таблиги Джамат қозғалыстары. Бұл козғалыс ваххабий ағымымен тығыз
байланысты. Таблиги жамат (мұсылман үлемдердің кеңесі) 1927 жылы Дели
қаласының жанындағы Мевет деген жерде Муалана Мүхаммед Ильяс Кандеххвели
(1885-1944) деген деобондиялық богослав негіздеді. Бұл козғалыс соңынан
Ауғанстан Талибанының козғалысына айналды. Бұл козғалыстың негізі тек
молдалар емес, саяси қозғалыска тікелей қатынасы бар молдалар болды. Олар -
XIX ғасырда Үндістан елінде Диобанд деген каладан шыққандар.
Диобандиялык Мазхаб мектебі екі ағымдық ілім берді. Бірінші, Алигарха
университетінің ілімі, ислам богославтарын дайындайды, олардың ілімі батыс
европалық білімге жакын. Екінші ағымы, консервативті ілім, олар ислам
қүкығын (шариғатын) және ислам заңын (фикх) окитын орны болды.
Диобандиялық ағымдарының ілімдік кайнар көзі Аравиялық Мүхаммед ибн Абд
аль Ваххабадан алынады. Сондықтан қазіргі ауғандық талибандардың
ваххабиттермен жакындығын көруге болады. Сондыктан болар, диобакдилыктар
ваххабиттерге ұксап, ислам канонын өзгертуге және кандай да бір
модернизацияға карсы, оған жол бермейді. Мұсылман кауымының қандай бір
иерархиясы болмасын оған да карсы, керек болса мемлекеттің монархиялык және
трайбализмдік басқаруға, әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне катаң
регламациялық ережелері бар.
Талибандар Бен Ладенға Ауғанстанды Аль-Кайда базасына айналдыруға
жәрдем берді. Бірақ 2001 жылы 11-қыркүйек айында АҚШ-тағы жарылыстан соң
талибтердің АҚШ әскерлері Ауғанстаннан куып шыкты. Сонымен қатар жасырын
қауымдар көрші мемлекеттерге -Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға тарады.
Он дай кауымдарды Таблиги Джамаат кауымдары осы кезге дейін колдайды.
Казақстандағы Таблиги Джамаат қауымы тіркелмеген, жасырын түрде өмір
сүруде.
Хизб-ут-Тахир ал-Ислами (Исламдық азаматтық партия), 1953 жылы
Иерусалимде ал Ихван ал-Муслимин (мүсылман бауырлары) деген діни
қозғалыстан, жеке діни партия болып бөлініп шықты. Ол партияның басында
амир Хизб-ут-Такрир, өзін Алланың оған жүктеген тапсырмасын (әмірін)
орындаушы халиф ретінде, халифаттық мемлекет кұруға күшін салуда. Хизбаның
халифаттық мемлекеті калай түсіндіріледі. Ол елдерде үлттық айырмашылық
болмайды, унитарлы, барлык азаматтары шариғатты негізгі заң есебіне
үгіттейдіҮндеулер тарату жиһадтың формаларының бірі деп танылады.
Үндеулерде байқалатын жиһадка шакырулар нактыландырылмайды. Осыған
байланысты Хизб-ут-Тахрир біздің елімізде үндеулерін таратуда. 2006 жылы
Алматыда Хизба-ут-Тахрир жасырын баспаханасынан 13000 үндеу және баска да
экстремистік әдебиеттер алынды.
Көптеген экстремистердің айтуынша, казіргі кезде Хизб-ут-Тахрир тікелей
өздері террористік жағдайға бармаса да, өздерінің идеологиялык үгіт-
насихаттарымен ол партия террористерді шығарушы (жасаушы) конвейер десек
те болады.
Олардың партиясының іс-әрекеттеріне көптеген мемлекеттерде (Ресей, Иран,
Пакистан, Сауд Аравиясы, Иордания, Сирия, Германия, Канада, Өзбекстан,
Таджикстан, Киргизия жэне баска елдерде) тыйым салынган.
8.2 Қазіргі кездегі күпия ілімдер
Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалық (көрер көзге оғаш) күдіретті
білімі кұпия сақталды да, тек кейбір ерекше түлғаларға ғана белгілі болды.
Бірақ та ғылымның және философияның дамуына байланысты (XIX ғасырда)
кұдіретті ілімінің тек көленкесін ғана көретін ежелгі ойшылдарға жаңа
ғылымның жетістігі жарық сәуледей бағыт берді. Теософия элементтерін, оның
идеяларын брахманизм, каббала, буддизм, неоплатонизм, гностицизм діндерінен
алды. Теософия - Құдай даналығы ретінде, Құдай туралы жоғарғы ілім есебінде
және Құдайдың істеген әрекеттерінің жасырын мағынасының барлығын, оны тек
сезім, сергектену арқылы ғана білуге болатындығы туралы түсінген болатын
ілім дейді. Теософиялык қоғамның негізін салушы Е.П.Блаватскаяның
есімімен байланысты. Е.П.Блаватская еңбектерінде шығыс діндерінің қүпия
даналығын ашьп, оны адамзатқа үсынды. Күнәсі ашылған Изада кітабында
Е.П.Блаватская нағыз теософия бүл философиялык және діни жүйелердің ішкі
кұпиясының мәні деген түйін жасады.
Келесі бір кұпия ілімдерге жататындар Антропософия (грек, адам және
даналык). Бул теософия ілімінде адам туралы, оккультті-мистикалык ілім деп
қарастырады. Оның негізгі түсінігі бойынша адам кұдіретті күш куаты,
білімді өзінің ақылы мен сезімі арқылы емес, ол өзінің ішкі жасырын рухани
күшінің аркасында алады. Ондай жасырын күштерге адам А.Р.Штайнердің
көрсеткен жүйелік тәрбие, эстетикалык білім, медитацияны игергенде игі бола
алады. Антропософияның негізін неміс оккультисі Р.Штейнер (1861-1925)
бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында қалады (1913).
Астрология ілімінен Астральді культер (грек. Жұлдыз) пайда болды. Оның
ерекшелігі атүрлі магиялык іс-әрекеттер жасайды. Ондай магиялык ритуалдар
барлық халыктарга тән болды. Көптеген мемлекеттерде (Вавилон, Египет, Үнді)
Храмдармен бірге обсерваториялар тұрғызған. Олардың арқасында әр түрлі
планеталарға Құдайдың аттарын беріп: Сим-ай, Шаман - Күн, Мардук - Юпитер,
Иштар - Венера, Нергал - Марс, Набу - Меркурий жэне Нинурту - Сатурн деп
атады. Астральдық культтің арқасында вавилондык дінде эр түрлі бал ашу,
тағдырды болжау деген вавилондық (халдейстік) данышпандар шықты.
Сонымен қатар планеталык жүлдыздар культері, жануарлар культері де
шығады. Ғарыштық процесте жұлдыздар жануарлардың атымен аталуы аркасында
зодиак таңбалык аңыздар шығады. Зодиак Күннін жүрісін көрсетіп, 12 айдың
басы болған жүлдыздардың ортақ аттарына әрбір белгі беріп немесе әрбір
жануарлардың аттарын беріп, сол аркылы адамның туған жылының айы аркылы
жануардың туған күніне атын береді де, сол арқылы сол адамның тағдырын
болжауга кіріседі. Осының аркасында гороскоптық (жүлдыз жорамал) түсініктер
шығады. Гороскоп (грек, -уакытка қараймын) - жүлдыздар мен планетаның
катыстыгы уағымен таблица жасалады. Сол кесте аркылы әрбір адамның туған
күніне байланысты оның тагдырын жориды...
Эзотерикалық діндерге Массон ілімі де жатады. Масонство (фр. -Ерікті
тасшы) - діни-философиялық және саяси ағым; XIII гасырда Германияда шықты.
Оларды көптеген зерттеушілер Тамплиерлермен, Розенкрейстермен және тагы
баска жасырын қауыммен теңестіреді.
Оның шығу себебі ертедегі Патша Соломонның храмын түрғызуға
байланыстырып көрсететін аңызбен байланыстырады. Олардың алға койған
мақсаты - барлық адамдар, нәсілге, үлтқа, діни айырмашылықка, мәдениет
деңгейіне карамастан - ерікті, тендік және бауырлык, шын сүйіспеншіліктің
патшалығы, жұмақ жерде болсын - дейді. Бүндай максат тек өнегелі, акыл-
парасаттың дамуына байланысты, әрбір адам жан-жакты дамығанда ғана жетеді
деді. Осындай мақсатка жету жолында кедергі болатын нәрсе, ол дін және
үлттық мемлекет. Әдеттегі діндерге карсы шыға отырып Масондар гуманистік
дінді шығару керек деді, діни мораль ынтымақтық моральға ауысуы керек.
Мосондардың екінші максаты: үлттык мемлекетті жою, осымен тығыз байланысты
монархияны да, оны уакытша республикамен ауыстыруға болады. Масондардың ең
соңғы идеалы - аса күшті мемлекет күру. Ол мемлекетте барлық азаматтар
еркін-ді, тең және бауырмалды, олардың Құдайы - адамгершілік, дінсіз
мораль, оларды реттеуші адамның ақыл-санасы.
Олардың қауымдық кұрылысы: Иоанновтық (көк түсті) үш төменгі депчейден
түрады: окушы, жолдас және мастер. Олардын, мәселесі -этика. Андреевтік
(қызыл) - 30 дәрежеден түрады, өздерінің жауларына өте катаң. Ең бір
кішкентай одактык тобы - ложа деп аталады. Оны баскарушыны - стула мастер
деп атайды. Ложалардың аттарын киелі адамдардың, мифологиялык
персонаждардың аттарымен, символдармен т.б. аттармен атайды. Масон
ордендері конспиративті. Олар барлық континетте бар десек те болады.
Олардың мүшелерінің аттарын атасак: Бен Франклин және Дж.Вашингтон, Моцарт,
Гете, Робеспьер, Марат, Пушкин, Лермонтов және т.б. осы кездегі көптеген
мемлекет орнында жүмыс істеген және де казіргі кезде жүмыс істеп жүрген
адамдардың аттарымен де байланысты.
Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 9, 10, 11, 13.
Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 8.

Бүгінгі таңда дінге сенетін қазақтарды мынадай топқа бөлуге болады: 
1) балалық шағында, жасөспірім кезінде кеңес өкіметі діни сезімдерді, оған
қажеттілікті түншықтыра алмаған ортада өмір сүрген, ата-аналары, туған
туыстарынан өнеге алған, негізінен ауылдық жерлерді мекендейтін аға
ұрпақтың өкілдері; немесе бұрынырақ 1950-60 жж. және кейінде келген
оралмандар; 
2) исламның тұрмыстық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жеткілікті
білетін және мұсылман-қазақ болуға талпынатын негізінен ауылдарда тұратын
және кейінгі оралмандар қатарындағы орта және жас ұрпақтар; 
3) діннің қандай түріне болмасын селқос қарайтын мосқал жастағы және
қалалық орыс тілді қазақтарды құрайтын адамдар. 
Қазіргі кезде көптеген дінге сенушілер, бірақ негізінен бос уақыты бар аға
ұрпақтың адамдары, сондай-ақ орта жастағы және жасөспірімдердің кейбірі бес
уақыт намазын оқып жүр. Отбасы мен жанұялық-туыстық қатынастар саласында
ислам күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұл бәрінен бұрын сүндетке
отырғызуға, жерлеу ғұрыптары және үйлену дәстүрлеріне қатысты. 
Әдетте мұсылмандық үйлену дәстүрі - неке қию бұрын, мұсылмандық салттарды
сақтағандықтан және мұсылманша неке қиылуын талап еткен қарттары бар
жанұяларда орындалатын. Бұл дәстүр мерекелік салтанаттан кейін некелік түн
алдында жүзеге асырылатын. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындагы
Түркістан ауданы тұрғынының (жас келіншек) айтуынша, неке қиюдың
мұсылмандық дәстүрлерін орындау үшін оның енесінің талап етуімен
Түркістаннан молда шақырылған. Күйеу мен қалыңдық және куәлар мен молда
бөлек бөлмелерде болған. Молда екі куәгер арқылы күйеу мен қалыңдықтан, ата-
аналарынан некелесуге келісімдері және басқа да жайттар туралы сұраған.
Бұдан соң молда түбіне 40 тиын тасталған кеседегі суды дұғалайды. Одан
күйеу мен қалыңдық бір ұрттап (кесенің бір жерінен) су ішеді. Қалған суды
куәгерлер ішіп тауысады да, кесе түбіндегі бақырларды алады. Куәгер жас
әйелдің айтуынша, келесі күні, жас жұбайлар АХАЖ-ға барады. 
Келесі бір адамдардың айтуынша, күйеу мен қалыңдық, олардың туыстары мен
молда бір бөлмеде болады. Кеседегі суды күйеу мен қалыңдықтан кейін
жиналгандардың бәрі де ішетін болган. Молда мен жас жұбайлар арасында
дәнекерлер көп ретте 6-7 жастагы жеткіншектер болған. Мұнда кеседегі суға
тиындармен қоса сақиналар тасталады. Кесе түбінен алынған бақырлар өдетте
балаларга үлестіріліп, олардың да отбасылық тұрмыста бақытты болуларына
тілек білдіріледі. Молдаға сыйақы ретінде ақша немесе орамал тарту, әлде
жәй кездеме беріледі. 
Қазіргі кезде неке қияр дәстүрі қазақтар мен оралмандар арасында қайтадан
кең қанат жая бастады. Заңды ресми некеде болгандарына көптеген жылдар өтсе
де кейбір жұбайлар жүрек қалауы мен жарылқаушы Алла-Тағала алдында мешітте
молданың қатысуымен неке қияр рәсімінен өтеді. 
Қазіргі жас жұбайлар арасында (АХАЖ-ға дейін немесе одан кейін) діни
тұрғыда неке қию дәстүрлері қайта қалыптасып келеді. Қазақтардың қазіргі
үйлену тойлары аса салтанатты түрде өтіп, ұлттық үйлену дәстүрлері
батыстық, еуропалық үлгідегі соңғы дәстүрлер мен көрікті үйымдастырылған
ойын-сауыққа ұласып жатады. 
Исламға дейінгі ежелгі әмеңгерлік, қалың төлеу дәстүрлері де ізін суытпай,
қызды алып қашу секілді жаңа сипатта көрінуде. Қазақстандағы тұрмыстық
исламның ерекшеліктері халықтың күнделікті өмірінде сақталып қалған
мұсылмандыққа дейінгі сенімдер мен салт-дәстүрлер қалдықтарымен
сипатталады. Ислам оның алдындағы діни ұғымдар мен дәстүрлерін тегіс
ығыстыра алмаса да, оны мүлдем бүлдіргені ақиқат. Ислам үстем болған ұзақ
мерзімде мұсылмандыққа дейінгі дәстүрлердің қалдықтары басты діни
дүниетанымға сіңісіп, мұсылмандық сипат алды және жаңа мұсылмандық
дүниетанымның өзектерін құрады. Олар діни өмірдің әр түрлі салаларында:
әулиелерді пір тұтуда, діни басшылардың түрлі топтарының қызметінде,
отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, отбасылық өмір иірімдеріне
байланысты (үйлену, нөрестелі болу, сүндетке отырғызу, өмірден қайту) салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда сақталды. 
Ерте заманнан бастау алатын дәстүрлі қазақи жерлеу салттарында исламға
дейінгі әдеттермен қатар исламдандырылған ғұрыптардың көріністері де
баршылық. Әдетте өмірден озған адамның үйіне ілезде ауыл қарттары мен дұға
оқитын молдалар жиналады. Жерлеу дәстүрінде марқұмды жууға маңызды орын
беріледі. Мұндағы мақсат тазалықты сақтау екені белгілі. Марқұмды жуатын
адамдарды әдетте ішке кіретін кісілер деп атайды. Олар кірер алдында
ғұрыптық жуынуды орындап (дәрет алу), содан кейін барып марқұмды айрықша
қолғаптармен жуатын болған. Осы жұмысты атқарған адамдарға сыйақы ретінде
марқұмның су жаңа, болмаса жаңалау киімдерінің бірі немесе ақша беріледі.
Халықтың ұғымында марқұмды жууға қатысу сауап болады. 
Дуана Өмірзақ бүл өмірден қайтқан кезде, оның жесірінің айтуынша, жерлеуге
әзірленген зиратта марқұмның жатқан жері жарық болуы үшін түні бойы керосин
шамы жанып тұрған. Мұндағы тағы бір мақсат - жарықтан қорқатын жын-шайтанды
марқұмға жолатпай үркіту. Үйдегі марқұм жатқан орын тастармен қоршалады
(ОҚО) немесе оған дәнді дақылдар төгіп тастайды (Алматы облысы). Бұл орынды
басқан адам дертке шалдығады деп есептеген (исламға дейінгі сенімдерден,
апотропеикалық қорғаныс магиясы - сиқырлық тәсілі). 
Сонымен қатар қайтыс болғаннан кейін күнәлардан арылу дәстүрі підия (фидия)
да озінің маңыз-мәнін жоғалтқан жоқ. Мұны қазақтар дәуір немесе ысқат деп
те атаған. Кезінде кеңінен тараған бүл дәстүрдің мәні жиналғандардың
арасындагы бір адамның немесе молданы өз еркімен марқұмның кінәсін өз
мойнына алуына саяды. Бұл дәстүрге үш адам қатысады. Әдетте молда күнәларды
қабылдауға әзір екінші кісіге табыс етеді. Ал үшінші адамның қолында
таспиқтаспиық болады. Мұсылмандық жолмен жерлеу - еске алу дәстүрлерінің
(кеңес дәуірі кезінде де) маңызды түрлерінің (құрамдас бөліктерінің) бірі
жаназа шығару болып саналады. Ол марқұм жуылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Дінге сенушілер әдетте исламның кейбір тағам түрлерінен бас тарту, ғүрыптық
тазалық, адамгершілік қағидалары сияқты шарттарын мүлтіксіз орындауға
дағдыланған. 
Көптеген дінге сенушілер өтірік-өсектерге, адамдарды ғайбаттауга жол бермеу
және де жалғыз басты, дімкәс адамдарға жәрдем беру қажеттігіне назар
аударады. Біздің кезімізде қол жайып бата беру кеңінен етек алды. Дінге
сенбейтін көптеген қазақтар да бұл дәстүрді халықтық деп санағандықтан бата
беруге құштар келеді. 

Әдебиеттер 

1 Абуль-Гази. Родословное древо тюрков. Сочинение Абуль-Гази, Хивинского
хана. (Пер. и предисловие Г.С. Саблукова, с послесловием и примечаниями
Н.Ф. Катанова. – Казань, 1906). ¬ – М. : Ташкент-Бишкек, 1996. ¬ – 358 с. 
2 Агаджанов С. Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII вв.
¬ – Ашхабад, 1969. –¬ 483 с. 
3 Аджигали С. И. Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры
Западного Казахстана на основе исследования малых форм. ¬ –Алматы, 1994.
¬ – 258 с. 
4 Аджигалиев С. И. Особенности мемирольной эпиграфики Западного Казахстана
изв. НАН РК. Серия философическая, 1994. – №1. ¬ – 84 с. 
5 Амангелді А. Ұлттану. – Алматы, 1998. – 155 б. 
6 Акишев К. А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего
Казахстана Поиски и раскопки в Казахстане. ¬ – Алма-Ата, 1972. ¬ – С. 31
–¬ 46. 
7 Акишев К. А. Курган Иссык. – М., 1978. – С. 55. 
8 Ақтаев С. А. Аруақ деген не? Білім және еңбек. – Алматы, 1974. – ¬ 146
б. 
9 Ақатаев С. Н. Культ предков у казахов и его этногенетические и историко-
культурные истоки. Дисс. канд. ист. наук. – Алматы, 1973. –¬ 25 с. 
10 Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х.Традиционная культура
жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. –¬ Алматы, 1998. ¬ – 324
с. 
11 Алекторов А. Е. Бакса (Из мира киргизских суеверий) ИОАИЭ, 1900. – Т.
16. – Вып 1. ¬ – Б. 32 –33. 
12 Ал-Якуби. Қитаб ал-Будая. В кн: Материалы по истории туркмен и
Туркмении. ¬ – М., Л., 1939. – Ч.1. –¬ 150 с. 
13 Аммиан Марцеллин. История. Пер. Ю. Кулаковского. ¬ – Киев. 1906-1908. ¬
– С. 15-56. 
14 Амантурлин Ш. Б. Предрассудки и суеверия, их преодоление. – Алматы,
1985. – С. 19. 
15 Амбразон С. М. Формы родоплеменной организации у кочевников Средней Азии
ТИЭ, новая сер. – М., 1951. ¬ – С. 19-256. 
16 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987. ¬ –126 б. 
17 Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында (құраст: Ә.
Пірманов). ¬ – Алматы, 2000. ¬ – 246 б. 
18 Арғынбаев. Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: Қайнар баспасы,
2005. ¬ – 216 б. 
19 Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и
народностей и сведения об их численности. ¬ – СПб., 1897. – ¬185 с. 
20 Ахинжанов С. М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. ¬ –Алма-
Ата, 1989. ¬ – 256 с. 
21 Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. – М., 1965. 
22 Артыкбаев Ж. О. Материалы к истории правящего дома казахов. -Алматы,
2001. ¬ –201 с. 
23 Артыкбаев Ж. О. Қоғам және этнос XVIII ғасыр. ¬ – Павлодар, 2004. ¬ –
321 б. 
24 Артыкбаев Ж. О. Историческое наследие М.-Ж. Копеева. – ¬Павлодар, 2004.
–¬ 156 с. 
25 Артықбаев Ж. О. Шәкәрім шежіресіне қайта оралсақ ... Қазақ тарихы,
2003. ¬ – №2. ¬ – Б. 46-48. 
26 Артықбаев Ж. О. Жеті жарғы - мемлекет және құқық ескерткіші
(зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні). Оқу құралы. –¬ Алматы: Заң әдебиеті,
2004. – 150 б. 
27 Артыкбаев Ж. О. Этнология: учебник. – Алматы: Қазақ университеті,
2006. ¬ – 316 с. 
28 Аяпбекова А. Табиғат заңдылықтарын зерттеудегі халықтық қағидалар
Ізденіс, 1999. ¬ – № 2. – Б. 105-106. 
29 Әмірғазин С. Дін және жауапкершілік. ¬ – Астана, 2002. –¬ Б. 25 –42 
30 Әжіғали Е т. б. Салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары. Ш. Уәлиханов
атындағы тарих және этнология институты ред. –Алматы: Арыс. Біртұтастығы
мен ерекшелігі, 2005. ¬ –Т. 1. – 356 б. 
31 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 217 б. 
32 Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалар
және әдеби зерттеу. –¬ Алматы, 1991. –¬ Б. 431 – 432. 
33. Бартольд В. В. История турецко-монгольских народов Соч.т.5. –М.,
1968. ¬ – 251 с. 
34 Бартольд В. В. Бахши Соч. – ¬М., 1968. – Т. 5. – ¬501 с. 
35 Банзаров Д. Избранные произведения. – М., 1955. – ¬52 б. 
36 Басилов В. Н. Шаманство у народов Средней Азии и Казахстана. ¬ –М.,
1992. ¬ – 50 б. 
37 Бахтин М. Творчество Ф. Рабле и народная культура Средневековья и
Ренессанса. – М., 1979. – С. 71. 
38 Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX века. 2-е изд. – ¬Алма-Ата,
1992. ¬ – 248 с. 
39 Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – ¬Алматы:
Санат. 1994. – ¬236 б. 
40 Бекмұхамедов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. – Алматы, 1974. –
146 б. 
41 Берімжанова Р. Орталық ғылыми кітапхана қорындағы қазақ шежірелеріне
байланысты материалдары Қазақ тарихы, 2005. –¬№ 1. ¬ – Б. 81-82. 
42 Бернштам А. Н. Очерки истории гуннов. – ¬Л., 1951. ¬ – 136 с. 
43 Бичурин Н. Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах, обитавших в Средней
Азии в древние времена. – М-Л., 1950. – Т.3. – М-Л., 1953. –¬ 254 с. –T.1-
2. 
44 Бикенов А. Х. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән төлеңгіттер институты
функционалдық қызметі және тарихи тағдыры (ХҮІІІ-ХІХ ғғ. деректер
негізінде) Этнос және социум. –¬ Қарағанды., 2003. ¬ – 89 б. 
45 Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений. В пяти томах. ¬ – Алма-Ата, 1984-
1985. – ¬458 с. 
46 Вайнштейн С. И. Мир кочевников центра Азии. ¬ – М., 1991. – ¬213 с. 
47 Валиханов Ч. Ч. Записка о судебной реформе Собр. Соч.: В 5 т. Т. 3 –¬
Алматы., 1985. – С. 325 –356. 
48 Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. – Алма-Ата, 1989.
– ¬150 с. 
49 Вельяминов-Зернов В. В. Исследования о Касимовских царях и царевичах. Т.
4. 1-11. – СПб., 1863 –1864. –325 с. 
50 Владимирцов Б. Я. Общественный строй монголов. – Л., 1934. – 184 б. 
51 Востров В. В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов
(конец XIX - начало XX в.). – Алма-Ата, 1968. – 250 с. 
52 Востров В: В., Захаров И. В. Казахкое народное жилище. – Алма-Ата, 1989.
– С. 34. 
53 Галузо П. Г. Аграрные отношения на юге Казахстана. – М., 1960. – 136 с. 
54 Грач А. Д. Древние кочевники в центре Азии. – М., 1980. – 354 с. 
55 Греков Б. Д. , Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. – М-Л., 1950.
¬ – 213 с. 
56 Гумилёв Л. Н. Хунну. – М., 1960. – 266 с. 
57 Гумилев Л. Н. География этноса в исторический период. – Ленинград:
Наука, 1990. – Б. 33. 
58 Гуревич Е.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII - первой
половине XIX вв. – М., 1979. – 231 с. 
59 Геродот. История в девяти книгах. Перевод с греческого Ф.Г. Мищенко.
Изд. 2-е., – Л., 1972. – 130 с. 
60 Ғабдуллин М. Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1967. – Б. 156 . 
61 Диваев А. Киргизский заговор против укуса насекомых и пресмыкающихся
ЭО. 1910. - № 1-2. ¬ Б. 128 - 130. 
62 Диваев А. Из области киргизских верований. Баксы как лекарь и колдун
ИОАИЭ, 1899. – Т. 15. – Вып. 3. –¬ С. 327 – 330. 
63 Ж. Дәуренбеков, Е. Тұрсынов. Қазақ бақсы-балгерлері. – Алматы, 1993. –
Б. 82 . 
64 Дулати М.-Х. Тарих – и Рашиди. Рашидова история пер. с персид. языка, 2-
е изд. дополн. -– Алматы, 1999. – 234 с. 
65 Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XII-XIV вв. – М.,
1985. – 253 с. 
66 Жирмунский В. М. Тюркский героический эпос. Избранные труды. – Л., 1974.
– 168 с. 
67 Жәнібеков Ө. Үйлесімі жарасқан. (Киіз үйлердің тарихынан) Халық
кеңесі, 1993. – 19 наурыз. 
68 Жәнібеков Ө. Жолайрық. – Алматы: Рауан, 1995. – 152 б. 
69 Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. – Алматы. Өнер. 1996. – 152 б. 
70 Жүнісов К. Ай мен амал белгілері Ана тілі 1991, – № 22. – Б. 7. 
71 Жүністегі К. Жұлдыз әлемінің қазақы ұғымы Егемен Қазақстан. 2000. –
22 қараша. 
72 Жүннен жасалған бұйымдар. Құраст: К. Мұқанов. – Алматы: Қайнар, 1990. –
210 б. 
73 Златкин И.Я. История джунгарского ханства. – М, 1983. – 213 с. 
74 Ибрагимов И. И. Очерки быта киргизов. Поминки Древняя и Новая Россия.
– СПб., 1876. – Т. 3. – С. 51-63. 
75 Иванин М.И. О военном искусстве при Чингизхане и Тамерлане. 2-е изд. –
Алматы, 1998. – 124 с. 
76 Инсебаев Т.А., Садвокасова М.А., Жанабекова Н.М., Кулумбаева А.Н.,
Шалгумбаева М.Т. Павлодар уезі қазақтарының шежіресі. Прометей
бағдарламасы бойынша. – Павлодар: 2005 жыл. – Б. 81 – 108 б. 
77 Игисинова Н.Б. Мәдениет құндылықтарын қалыптастыру негізі. Саясат. –
№ 10. – 2005 ж. 
78 Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Танымдық-көпшілік басылым. Жоғары сынып
оқушылары мен педагогтар мен көпшілк қауымға арналаған. – Алматы:
Алматыкітап ЖШС, 2007. – 165 б. 
79 Касиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 243
б. 
80 Кастанье И. Из области киргизских верований Вестник Оренбургского
Учебного Округа. 1913. № 5. – С. 156-161. 
81 Казахи. Историко-этнографическое исследование. – Алматы, 1995. – 183 с. 
82 Калиев С. т. б. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан 1994.
– 122 б. 
83 Кәрімов М. Қазақстандағы этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға
ықпалы Ақиқат. – № 5. – 2000 
84 Книга Марко Поло. Серия: путешествия, открытия, приключения. – Алма-Ата,
1990. – 125 с. 
85 Козин С. А. Сокровенное сказание. – М-Л., 1941. – 132 с. 
86 Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. –
¬ Алма-Ата, 1992. ¬ – 356 с. 
87 Кенжеахметұлы С. Жеті қазына (екінші кітап) – Алматы: Ана тілі
баспасы ЖШС, 2005. – 136 б. 
88 Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Қазақтың салт-
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 132 б. 
89 Кляшторный С. Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках.
Тюркологический сб. – М., 1981. – 135 с. 
90 Көне түркі сөздігі. –Алматы, 1969. – 544 б. 
91 Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл: Әдеби-этнографиялық таным ( Құраст:
Б. Әлімқұлов, Е. Әбдірахманов). – Алматы: Санат, 1994. – 143 б. 
92 Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз Перовского и казалинского
уездов. – Ташкент, 1894. – Б. 44. 
93 Көпейұлы М. Ж. Қазақ шежіресі . – Алматы. 1993. – 14 б. 
94 Кәмәләшұлы Б. Ауа райының қазақи дәстүрлі болжамдары. Сарыарқа
самалы. 2004, 8 шілде, 27 шілде, 5 тамыз, 12 тамыз. 
95 Кенжеахметұлы С. Халық ауа райын қалай болжаған Баянтау 2004. – 12
қараша. 
96 Кәмалашұлы. Бақсылық деген дәстүр ме? Сарыарқа самалы. 2004. 5 қазан.
– Б. 6. 
97 Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. Көмекші оқу
құралы. – Алматы, Санат 1998. – 256 б. 
98 Косвен М. О. Семейная община и патрономия. – М. : Наука, 1964. – 320 с. 
99 Красовский М. Область сибирских киргизов. – СПб., 1868. –125 с. 
100 Курылев В. П. Скот, земля, община у кочевых и полукочевых казахов
(вторая пол. ХІХ –нач. ХХ вв.). – СПб., 1998. – 296 с. 
101 Кудайбердинов Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских
династий. – Алма-Ата, 1990. – 136 с. 
102 Кычанов Е. И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров. – М., 1997.
– 210 с. 
103 Қаймулдинова Қ. Д. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. –
Алматы: Ғылым, 2001. – Б. 92. 
104 Қараманұлы Қ. Тәңірге тағзым. – Алматы: Ана тілі, 1996. – Б 12. 
105 Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы (Қазақстан композиторлар одағы,
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Жаңа музыкалық газеті). –
Алматы, 2005. – 234 б. 
106 Қазақы неке: (Салт-дәстүр жөніндегі жазбалар) Орыс тілінен ауд.
Б.Қожабекова. – Алматы: Жалын, 1994. – 64 б. 
107 Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Құраст. Б.Ж.Жүсіпова. – Алматы:
Көшпенділер баспасы, 2007. – 160 б. 
108 Қазақтың дарқан дастарқаны. – Алматы: Алматыкітап, 2007. – 240 б. 
109 Қамбаров Қ. Қазақтың ұлттық күнтізбесі Парасат 1998. – № 6. –№ 7. – №
8. 
110 Қоңыртаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі 1991. – 135
б. 
111 Қани М. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1993. – 349 б. 
112 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и
степей.Ч.1-3. – СПб.,1832. – 135 с. 
113 Мақсат А. Қазақ, түрік шежірелерінің зерттелуі Қазақ тарихы. 2004. –
№ 4. – Б. 31. 
114 Медоев А. Г. Гравюры на скалах. – Алма-Ата, 1979. – С . 377 –37. 
115 Маргулан А. Х. Кахазская юрта и ее убранство. – М., 1964. – 125 с. 
116 Марғұлан Ә. Х. Ежелгі мәдениет куәлары. – Алматы. 1966. – С. 20 –23. 
117 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. – Б. 212-217. 
118 Миропиев М. Демонологические рассказы киргизов. – СПб., 1888. – 49 с. 
119 Мустафина Р. М. Представления, культы, обряды у казахов (в контексте
бытового ислама в Южном Казахстане в конце ХІХ-ХХ вв.). – Алма-Ата, 1992. –
Б. 59-78. 
120 Мерғалиев Т, Бүркіт С, Дүйсен О. "Қазақ күйлерінің тарихы". – Алматы,
2000. – Б.12-14. 
121 Мұқанов С. Қазақ қауымы Ата мұран – асыл қазынан. – Алматы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық дінтану
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадат. Бүгінгі Қазақстандағы дін және ұлт
Дін феноменологиясы
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Діннің жастар психологиясына әсері жайында
Пәндер