ИСЛАМДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Дінтану және теология кафедрасы

Д. Т. КЕНЖЕТАЙ

ИСЛАМДА ДІНИ ТӘЖІРИБЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Оқу-әдістемелік құралы

АЛМАТЫ 2012

ӘОЖ C 68.4.
К-68
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Дінтану және теология кафедрасы

Дінтану және теология кафедрасы мен Түркология ғылыми-зерттеу институты
бірлескен кеңесі мақұлдаған.

Рецензент: ә.ғ.д., профессор Нұсқабаев О.

К-68 Кенжетай Д.Т. Исламда діни тәжірибе психологиясы. – Оқу-
әдістемелік
құралы. –Алматы, 2012 жыл. – 54 б.

ISBN 998-068-1968-02-3

Бұл оқу-әдістемелік құралында исламдағы діни психология және діндарлық
психологиясы жаңаша методолгиялық нұсқаулық ұстанымдары енгізілді. Діни
өмір сүру мен әрекеттің құрылымы мен мазмұнын және осыған қатысты рухани
функциялар мен процестерді біртұтас қарастыратын дін психологиясы
психологияның барлық салаларына ортақ қолданылатын ғылыми әдістерді
қолданады. Діни өмір мен әрекетте жалпы психологияның ортақ ұстындары да
негізге алынады. Негізінен оқу-әдістемелік құралы дінтану және теология,
сонымен қатар мәдениеттану мамандықтары студенттері мен оқытушыларына
арналған.

ӘОЖ С 68.4
К - 68

© Кенжетай Д.Т. 2012

ИСЛАМДА ДІНІ ТӘЖІРИБЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Психология және дін психологиясы 4
Дін психологиясының тарихы және бүгінгі күні 9
Мұсылман психологтары және психологиялық концепциялар 10
Батыста дін психологиясы зерттеулері 21
Мұсылман елдерінде дін психологиясы зерттеулері 22
Діндарлықтың әсерлері 26
Психологиялық кеңес және дін 31
Діндарлықтың физиологиялық әсерлері мен функциялары 35
Ислам діні 38
Исламдағы фықһ мәзһабтар 40
Исламдағы діни үкімдердің қайнары 42
Иман шарттары 46

КІРІСПЕ

Психология және дін психологиясы

Батыс ғылыми кеңістігі ішінде ХІХ ғасырдың соңынан бастап, жеке ғылым
саласы ретінде қалыптаса бастаған социология, психология, антропология
сияқты гуманитарлық ғылымдар бүгінгі күні жоғары деңгейде даму сатысына
көтерілді. Философиялық және теориялық тұжырымдамалардан ұзақ нақты ғылыми
әдістермен адамды зерттейтін аталған ғылым салаларының қарастыратын
тақырыптары күн өткен сайын кеңейе түсу, зерттеу әдістері де мейлінше баю
және салалары да кеңею үстінде. Сонымен қатар осы салаларда қол жеткізілген
мәліметтер жеткелікті деңгейге және нақтылыққа жеткен емес. Бұл – аталған
ғылымарының әлі жас немесе зерттеу тақырыбы ретінде алған адамның
жаратылысы қым-өиғаш болу ерекшелігіне байланысты.
Адам әрекеті психология ғылымының негізгі тақырыбы болып табылады және
бұл оның құрамдас бір саласы болып табылатын дін психологиясына да қатысты.
Осы салада зерттеулер тереңдеген сайын адамды одан да жақын түрде тани білу
мүмкіндігі де соншалықты арта түседі.
Психология ғылымы
Психология анықтамасы. Психология термині грек тіліндегі екі сөздің
қосындысынан туындаған: рухң (жан) мағынасына сәйкес келетін pscycheң мен
ғылымң мәнін беретін logosң. Демек, осыған қарағанда психология жан
ғылымың мағынасына сәйкес келеді. Бірақ бұдан психологияның тікелей рухқа
зерттеу жасау деп түсінбеген жөн. Негізінде рух түсінігі асбрактілі
ақиқатты қамтиды, ал бұл философиялық және діни түсініктемелерде сонау ерте
кезден бері қарастырып келе жатқан проблема. Психологияның негізгі тақырыбы
– адамның рухани өмірі мен әрекеттері. Психология рух пен денене тұтас
қарастыра отырып, тарихи және әлеуметтік-мәдени жүйе аясында өз болмысын
паш еткен нақты адамды қарастырады. Негізінде психологияның тәуелсіз
ғылымға айналуы және даму жолына түсуі нақты ғылыми негізде зерттеулер
жасауына байланысты.
Осы ғылымдар аясында бүгінгі күні психология адам әрекетін және
әрекетке дейінгі кезеңдерді ғылыми тұрғыдан зерделейтін ғылым саласы
ретінде сипатталады.
Сана және әрекет. Адам әрекетінің сырттай, тікелей бақылауға болатын
және бақылауға болмайтын, тек ішкі жан дүниеде орын алатын жақтары болады.
Осы ішкі, жан дүниемізді дүниеге әкелетін сезімдер мен ойлар саналық
халдерң, саналық кезеңдерң деп аталады. Адам әрекетін санадан бөлек
қарастыру – адамды рухсыз машина тәрізді ойлау деген сөз. Демек, әрекет
түсінігі бір жағынан сезімдер, ойлар, зеректік, сенімдер мен мінез-құлықтар
тәрізді тікелей бақылауға болмайтын адам жан дүниесіндегі құбылыстарды,
келесі жағынан сөздер, реакиялар, іс-әрекеттер сияқты көруге және естуге
болатын алуан түрлі рухтың сыртқы әрекетін білдіреді.
Кешенді (шиеленіскен) әрекет. Адам әрекетінің ең негізгі ерекшелігі –
кешенділігі. Адам белгілі бір уақытта тек бір мәселемен ғана шектелмейді.
Осы жағынан индивидтің белглі бір жағдайда көрініс тапқан қандай да бір
әрекетінің себебі мен мәнін ұғыну үшін ол жайлы әртүрлі мәліметтер алу
қажет. Әрекет динамикасында адамның биологиялық ерекшеліктері, оның өткен
өмір жолы, сол кездердегі ішкі жан дүниесі және оны қалыптастырған
физикалық, әлеуметтік-мәдени ортасы қарастырылады.
Психологияның салалары. Адам өмірінің алуан түрлі қырлары бар. Бұл
психология салаларының дамуына жол ашты. Тіпті, олардың әрбірі жеке
мамандық саласы ретінде даму жолына түскен. Психологияның басты салалары
ретінде мыналарды атауға болады:
Эксперимантальдік психология әрекеттің негізгі принциптерін тау және
түсіну сияқты тақырыптарды зерттейді. Осы саладағы зерттеулер көбінесе
сезім, зеректік, үйрену және еске сақтау, мотивация және сезім мен
әрекеттің физиологиялық негіздері сияқты тақырыптар қарастырылады.
Жас психологиясы дүниеге келгеннен дүниеден өткенге дейін адамның
жасына байланысты көрініс тапқан әрекет өзгерістерін, индивидтің дамуындағы
ортаның рөлін зерттейді.
Адамилық психологиясы индивидтердің адамдық болмысы мен типтерін
зерттейді, адамға тән сезім, ой және әрекет түрлерінің іргесінде жатқан
негізгі құрылымдарды табуға тырысады.
Әлеуметтік психология индивидтің топ ішіндегі әрекетін және әртүрлі
топтар арасындағы әлеуметтік ықпалдастықтарды зерделейді.
Жолбасшылық психологиясы адамның күнделікті сезімдік және индивидтік
мәселелерін шешу, кәсіптік және академиялық тақырыптарда көмекші болу,
ортасымен жақын қатынаста болуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген
зерттеулер жиындығын қамтиды.
Мектеп және тәрбие психологиясы оқышу мәселелерімен және оқу-
ағартушылық тақырыптарымен айналысады.
Жұмыс және индустрия психологиясы адамды кәсіби жетілдіру, жұмыста
сапаны арттыру, адамдар мен жұмыс құрылымдары арасындағы байланысты дамыту
сияқты тақырыптарда жұмыс атқарады.
Дін психологиясы адамдардың діни әрекеттерін қарастырады.
Дін психологиясы
Дін психологиясының тақырыбы мен зерттеу алаңы. Дін психологиясы –
діни құбылыстарды зерттейтін гуманитарлық ғылым. Аталған ғылым дінді
психологиялық тұрғыда зерттеуді басшылыққа алады. Демек, адамның ішкі жан
дүниесі мен әрекеттері аясында діни қасиетке ие әрбір әрекетті өзінің
негізгі зерттеу нысанасына алады.
Діни өмір сүру мен әрекеттің құрылымы мен мазмұнын және осыған қатысты
рухани функциялар мен процестерді біртұтас қарастыратын дін психологиясы
психологияның барлық салаларына ортақ қолданылатын ғылыми әдістерді
қолданады. Діни өмір мен әрекетте жалпы психологияның ортақ ұстындары да
негізге алынады. Демек, адамның діни өлшемін зерделеу деген сөз – оның жан
дүниесіне тән барлық қырларын қарастыру болып шығады. Дін адамның жан
дүниесіне көп ықпал ететін ерекшелікке ие. Діни өмір сүруді сезімдер, ойлар
мен түсініктер, қалаулар мен идеалдар, әрекеттер, мерекетер, әлеуметтік
қатынастар, моральдық және эстетикалық әрекеттер сияқты адамды зерделейтін
барлық рухани кезеңдер ішінен қарастыруға болады. Адамның дінге бет бұруы
оны жан дүниесіне бағыттап, біртіндеп адамдық келбетіне икемдеуі және бүкіл
әрекеттерінде діннің ықпалын бейнелеуі тұрғысынан дін психологиясы адамдық
болмыстың барлық жағын қамтиды. Осыған қарағанда діни бейімділік пен
қабілет, діни қатынастар пен қалаулар, діни сезім мен тәжірибелер, дін
сенім мен жүріс-тұрыстар, дұға жасау мен ғибадат, тәубеге келу және құдай
жолына түсу, діннен бет бұру және имансыздық, мистицизм мен сопылық өмір
кешу дін психологиясының басты тақырыптарын құрайды. Аталған осындай
тақырыптарды қамтуда психологиялық салалардың да қосар үлестері бар. Мысалы
нәрестеліктен бастап, қарттық кезеңге дейінгі шақтар ішіндегі даму
кезеңдерінің әрбірінде жас психологиясының діни өмір сүру мен әрекеттердің
ерекшеліктері зерттелген кезде, жас шамасының даму психологиясы мәліметтері
негізге алынады. Индивидтің психология аясында алуан түрлі діндар индивид
типтері жайында көзқарастар дамытылады. Ақыл-есі түзу емес діндар
адамдардың жағдайы патологиялық психология мәдіметтері аясында зерледенеді.

Дін психологиясының мақсаты. Дін психологиясы діни өмір сүру мен
әрекеттерді, осыларға жол бастайын себептер мен факторларды индивидтегі жан
дүниелік құлылымдарды, оған әсер ететін ықпалдарды да бірге қамти отырып,
зерттейтін ғылым саласы. Аталған ғылымның мақсаты – адамның діни өлшемін
зерделей отырып, объективті нәтижелерге қол жеткізу. Дін психологиясы
діннің адам өміріндегі әсері мен өлшемдерін сипаттауға талпыныс жасайды.
Дін психологиясы және басқа да ғылым салалары. Дін психологиясы діни
ілімдер мен гуманитарлық ғылымдармен қиылысатын ортақ қиылыста орын
алатындығы белгілі. Осыған орай, аталған ғылымның беретін мәліметтері
төмендегі ғылым бастаулары арқылы қол жеткізілетін мәліметтерден нәр алады:
жалпы психология, дінтану ғылымдары және діни ілімдер.
Дін психологиясы жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан
негізінде оның принциптері мен әдістерін пайдалана отырып, зерттеулер
жүргізеді.
Дін психологиясымен қатарлас адамның діни өлшемлерін әр түрлі
қырларынан зерттейтін бірнеше ғылым салалары қалыптасқан. Дінтану ғылымдары
арасында орын алатын ғылым салаларының басында діни өмірді қоғамдық
тұрғыдан қарастыратын дін психологиясы келеді. Тарих бойындағы діндерді
зерделейтін діндер тарихы, діни құбылыстарды объективтік ақиқат аясында
қарастыратын дін феноменологиясы, дінді алуан түрлі қоғамдар және оларды
мәдени және қоғамдық құрылымдары тұрғысынан зерттейтін діни антропология,
халықтардың діни мәдениеттерін салыстырмалы түрде және бір-бірімен
байланыстары аясында зерттейтін діни этнология дін психологиясымен тығыз
байланысты ғылым салалары болып табылады. Сондай-ақ дін психологиясы дін
философиясының дамытқан концепциялардан, діни өнер мен әдебиеттен адамның
діни қатынастарды және діндар адамның жан дүниесін түсіну және анықтау үшін
қажетінше қолдана алады.
Діни белгілердің психологиялық түсініктемесі мен сипаттамасы көбінесе
аталған белгілердің қалыптасуына әсер еткен діни сенім мен доктриналарды
жақыннан зерделеуді қажет етеді. Сондықтан, негізгі діни дереккөздермен
олардың түсініктемелері бойынша қалыптасқан діни ілімдер (тафсир, хадис,
фиқһ, калам) кейде негізге алу қол жеткізетін нәтижелердің дәйекті болуы
үшін қажет есептеледі. Сондай-ақ исламның пайда болуы мен таралуы, ғасырлар
ішіндегі дамуы белгілі кезеңде үлкен қуатқа ие болып, халықтардың жан
дүниесіне әсер етуі немесе индивидтер мен қоғамдар ішінде әлсіреуі діни
динамиканың мәнін ашуда маңызды мағлұматтар беретіні мәлім. Осыған орай,
ислам тарихы, мазхабтар тарихы, ислам мәдениеті тарихы сияқты ғылым
салаларының берген мәліметтерге ден қою қажет.
Дін психологиясының әдістері. Дін психологиясының қолданылатын
әдістері психологияның басқа салаларында қолданылатын әдістер болып
табылады. Әдетте дін психологтары қарастырған тақырыптарды ерекшелігіне
қарай төмендегі әдістердің бірін немесе бірнешесін қолдана отырып
зерттеулер жасаған. Әдетте зерттеу әдістерін мәліметтерді жинақтау және
мәліметтерді реттеп, оларға түсініктеме жасау деп екіге бөліп қарастыруға
болады.
А) Мәлеметтерді жинақтау құралдары мен техникалары
Жеке құжаттар. Ішкі және сыртқы бақылауға негізделген адамның діни
өмірі жайлы мәлімет беретін алуан түрлі жазбаша құжаттар, қағазға
түсірілген диалогтар мен сипаттамалар дін психологиясының ғылыми тәсілдері
арасында ерекше орынды алады. Индивидтердің өз өмірі жайлы қағазға түсірген
өмірбаяндары немесе басқа адам тарапынан жазылған өмірбаяндар, естеліктері,
хаттар, саяхат жазбалары т.б. мәліметтерді зерттеу нәтижесінде діни
тәдірибе мен әрекеттерге қатысты құнды мағлұматтарға қол жеткізіледі.
Дін психологиясының негізін қалаушылардың бірі – У. Джеймс
зерттеулерін көбінесе осы типтес мәліметтерге негіздеген. Алайда, оның
зерттеулерінде өмірі зерделенген индивидтер діни жағынан алдыңғы қатарлы
көзі ашық, таңдаулар адамдармен шектеулі қалған. Осы себепті оның зерттеуі
сынға ұшырады. Жастардың діни дамуымен айналысқан кейбір дін психологтары
да индивидтердің естелік дәптерлерін оқыған.
Анкеталар. С.Холл мен У.Д.Старбек сияқты алғашқы дін психологтарының
жастардың діни дамуын анкеталармен анықтауға бағытталған зерттеулері
кейінгі кезеңдерде анкеталардың кең түрде қолданылуына жол ашты. Белгілі
бір зерттеу тақырыбына лайықты түрде дайындалған анкеталар дін
психологиясында жиі қолданылатын мәліметтер жинау құралы болып табылады.
Алайда анкета дайындауда өте үлкен біліктілікті және жауапкершілікті қажет
етеді. Анкета алудағы мақсат – адамның жан дүниесіндегі діннің орнын
анықтауға бағытталуы тиіс.
Тесттер. Психологияда зеректік, сәттілік, қабілет, қатынас, адамдық
т.б. салаларда дамытылған көпсанды тесттер қолданылады. Мұның маңызды
ерекшелігі – стандарт болғандықтан сенімді өлшем құралы ретінде
мойындалады. Дін психологиясында индивидтердің діни қабілеттері мен
қатынастарын, сенімдері мен әрекеттерін сенімді түрде өлшейтін стандарт
тесттер кездесе бермейді. Алайда, индивид психологиясында қолданылатын
кейбір техникалардан пайдаланылады.
Кездесулер. Бастапқы кезден жүйелі түрде дайындалған немесе
жоспарланған сұрақтар бойынша кездесу, пікір алысу – зерттеу әдісінің
көректі құралы болып табылады. Осы жолмен сенімді мәліметтерге қол жеткізу
үшін пікір алысып жатқан екі жақ арасында шынайы, бір-біріне сенімді
атмосфера қалыптасуы тиіс.
Семантикалық талдаулар. Семантика – сөздің мағыналық деңгейлерін
зерттейтін ғылым саласы. Ақиқат пен тіл арасындағы арнайы байланысқа сай
түрде сөздер алуан түрлі мағыналар береді. Адамның қолданған сөздердің
әрбірі әлгі адамның айтып отырған көзқарастарын бейнелейді. Осы тұрғыдан
семантикалық талдау адамдардың ойлау ерекшелігін, дүниеге деген
көзқарастарын түсінуде жолбасшы болып табылады. Соңғы кездерде кейбір дін
психологтары осы әдіске негізделген зерттеулер жасап келеді.
Діни мәтіндерді зерттеу. Діннің қасиетті кітабын зерделей отырып,
ондағы адам жан дүниесіне әсер ететін мәліметтерді белгілі бір
психологиялық көзқарас тұрғысынан түсініктеме жасау дін психологиясының
зерттеу техникасы ретінде мойындалады.
Тәжірибе. Дін психологиясындағы тәжірибе әдісі сирек, шектеулі
жағдайларда ғана қолданылады. Дегенмен осы әдіс негізінде АҚШ-та зерттеулер
жасалып, еібектер жарық көрген.
Ә) Мәліметтерді реттеу және оларға түсініктеме жасау әдістері
Жоғарыдағы құралдар мен техникалар арқылы қол жеткізілген дін
психологиясы мәліметтері белгілі тәсіл және көзқарас аясында реттеліп,
жүйленеуі және оларға түсініктеме жасалуы зерттеудің келесі кезеңін
құрайды. Мәліметтерді реттеу, оған өз бағасын әртүрлі жолдармен жүзеге
асырылады. Мысалы, діни өмір сүру мен әрекеттер жалпы психологияның
жүйесіне сай түрде жан дүниенің функцияларымен байланысы негізге алынып
(діни тәжірибе, діни мотивациялар), реттеледі.
Генетикалық әдіс. Бұл әдістің негізі индивидтің әрекеттеріндегі
себептілік пен нәтиже қатынасын оның өмір тарихына, өткеніне назар аудара
отырып, түсініктеме жасаудан тұрады. Адам жаратылысынан моральды, өнерпаз
немесе саясатшы болып туылмағаны сияқты діндар болып та туылмады, ол өмірге
келгеннен соң ғана осы қасиеттерді иелене бастайды. Осы жағынан діни
өмірдің адам өмірінің шақ дамуына сай зерделеу де дін психологиясының
үлесінде.
Финоменологиялық (динамикалық) әдіс. Бұл әдіс индивидтің жас дамуын
бір шетке сырып қойып, әрекет талдауында сол сәттегі психологиялық
тақырыпты негізге алады. Белгілі бір сәтте индивидтің психологиялық
ерекшеліктері, оның психологиялық ортасының мәні мен мазмұны анықталады
және сипатталады.
Биологиялық және прагматикалық түсініктеме. Бұл әдіс дінді адам
өміріне әсерлері тұрғысынан қолданылады, адам өмірінің одан ары жақсаруына
діннің пайдасы тұрғысынан зерледенеді. Мұнда адам өмірінде діннің маңызы
зор екендігі қуатталғаны сияқты, адамның дінге деген қажеттілігі жоғары
екендігіне де мән беріледі.
Психоаналитикалық түсінікеме. Психоаналитика әрекет талдауында
генетикалық даму әдісін қолданады. Оның келесі бір ерекшелігі - әрекеттерге
түсініктеме жасауда саналы және санадан тысқары факторларға мән беруі. Дін
психологиясында аталған әдіс адамның дін әрекеттерін санадан тысқары
дүниеден бастау алатын мотивацияларға сүйене отырып түсііктеме жасайды.

Дін психологиясының тарихы және бүгінгі күні

Ислам әлемінде психология және дін психологиясы. Психологияның
тақырыбы болып табылатын адам әрекеттері діни дәстүрдің басында да негізгі
тақырып болып табылады. Моральдық құндылықтар мен тәрбиелік жүйе ретінде
дін адамның ішкі жан дүниесін реттеуге бағытталады, басқаша айтар болсақ,
дін адам мен құдай арасындағы қатынасты реттеуге бағытталады.
Ислам мәдениеті тарихында Илму-н-Нафсң, Илму Ахуали-р-Рухң деп атау
бойынша қалам тартылған еңбектер арқылы мұсылмандардың психология саласымен
айналысқаны және осы салада өз ойларын білдіргені белгілі.
Құран мен Хадистерде адам және кейбір психолоиялық феномендер. Құранда
рухң термині бірнеше жерде ғана кездеседі. Оның есесіне аталған қасиетті
кітапта нафсң жиі орын алады. Нафс рух пен денеден құралған және мендік
қасиетіне ие, нақты адам, адамдық тұлға, адамның мәні деген мағыналарға
сәйкес келеді. Нафс – адамның ішкі мендігі, бүкіл адамдық тіршіліктердің
қалыптасатын психологиялық саласы. Ғазалидің қуаттағаны тәрізді нафстың
бірі денеге, келесі рухани әлемге бағытталған екі жағы бар. Осыған орай
нафсте бір-біріне қарама-қайшы қасиеттері орын алады. Аталған бір-біріне
қарама-қайшы қасиеттердің үстінде нафс өз болмысымен өзін ретке келтіретін,
тепе-теңдікті сақтайтын жүйе (917-10), даму мен кемелденуге қабілетті
(1253; 752) динамикалық қуатқа ие. Алланың бар екендігіне дәлелдер сыртқы
әлемде бар болғаны сияқты, адам нафсында да орын алады (4153; 5120-21)
Құранда адам тұрақсыз, құбылмалы, әлсіз, ашкөз, әдепсіз қасиеттерге ие
(4128; 7019-21; 599; 6416) ретінде де суреттеледі. Адам жанының
болмысында орын алатын сезімталдық пен бейімділіктер (314; 1834) әрекетке
көп ықпалын жүргізеді. Міне, адам көбінесе осы қасиеттердің әсерінде қалып,
құдайдың ұсынған жолынан тайып, төменгі дәрежедегі өмір сүреді. Өз рухының
кемелденіп, рухыни дамуына тосқауыл болатын да өзі, өзінің субъективті
әуестіктеріне бой ұсынуы. Адамның Алламен арасындағы қатынастарға нұқсан
келтіретін және діннің ұсынатын шеңберінен тысқары өмір сүруге итермелейтін
негізгі фактор да осы. Сондықтан, рухтың сезімталдығы мен биімділіктерін
дамытып, құдайдың алдындағы жауапкершілікті ояндыратын принцип мүмін
адамның қалыптасуында басты даму жолы болып табылады.
Құранда адамның табиғаты мен характеріне қатысты анықтамалар бірнеше
жерде кездеседі. Адамның психологиялық қабілеті мен функциялары, оның
жастық даму шақтары, адам типтері тәрізді тақырыптарда тұсініктемелер орын
алады. Алайда, Құранда ең ауқымды түрде қарастырылған тақырып – имандылық
(құдайға сенім) пен имансыздық психологиясы. Осы тақырыпқа қосымша уахи мен
илһам, түс, діни насихатқа қарсы тұру немесе оны жақтау механизмдері, топ
пен қауым психологиясы тәрізді тақырыптар да Құранда қамтылғанын атап өтуге
болады.
Пайғамбар мен серіктері сүрген діни өмірдің индивидтік және құпия жан
дүниелік жақтардың барлық деңгейлерін шынайы мәнін ашуға талпыныс жасады.
Ардақты Пайғамбар басынан өткеретін уахи тәжірибесі жайлы жекелеген
мәліметтер де берген және осыған куә болған сахабалар да осы сәттегі
Пайғамбардың сыртқы бейнесін де бақылауға алған. Көрген түсті талдау және
жору алғашқы мұсылмандардың ден қойған өзін ұғыну жолы ретінде бір мәнге
ие болды. Сахих кітаптардың көпшілігінде түс және оны жору тақырыбындағы
хадистер жеке бөлімді құрайды. Кейінгі кезеңдердегі ислам мәдіниеті
тарихында осы тақырыпқа қатысты арнауы еңбектер де жарық көре бастады.
Кейбір сахабалардың жан дүниесіне тән жағдайлар мен діни тәжірибелерін ішкі
бақылаумен зерделегендігін хабарлайтын хадистер кездеседі. Аталған
субъективті тәжірибенің мәні мен түсініктемесі Пайғамбардан сұралып
отырған.

Мұсылман психологтары және психологиялық концепциялар

Ислам әлемінде дамыған ілім салалары тәрізді жан ілімінің де исламдық
дереккөздер аясында пайда болғандығын одан соң ежелгі философиялық және
мәдени мұралар арқылы дамытылғандығын атап кетуге болады. Орта ғасырларда
энциклопедиялық және әмбебап ғылыми дәстүр ішінде жетілген ғұламалар мен
ойшылдардың көпшілігі психологияның алаңына кіретін мәселелерге көп көңіл
аударғандығы белгілі. Осы ғылым саласында жазылған жекелеген кітаптармен,
трактаттармен қатар, кейбір исламдық ілімдердің ішінде де аталған ілімге
тән тақырыптарға да орын берілгендігі байқалады. Мысалы, каламдық
еңбектерде сезім, түсінік, қалау, иман, құдай жолы сияқты тақырыптар орын
алады. Мұндағы негізгі мақсат – психологиялық зерттеу жасау емес, сеніммен
байланысы жағынан аталған тақырыптардың мәні мен маңызын ашу. Адам жанына
қатысты терең талдауларды суфилер жасағаны белгілі. Жанның терең де күңгірт
алқаптарына сүңгіп, олар рухани кемелдену жолында басынан өткерген ішкі,
құпия (эзотеориялық) тәжірибелерге сипаттама жасауға тырысты. Рухани сапар
кезінде үнемі өзгеріп отыратын діни сезім мен экстаздар (хал) және белгілі
тұрақ болып табылатын діни саналар (мақам) жайлы мәлімет беріледі. Сопылық
дәстүрде Илми Ахуалң деп аталатын ілім – суфидің тәжірибеге асыратын ішкі
практикалары, сезімдері мен рухани толқулары жиындығы. Жанның табиғатын
және ондағы дамып, кемелдену қуатын суфилерден артық ешкім меңгере алмайды.

Ислам әлемінде психологямен тығыз байланысты келесі бір ілім саласы –
ахлақ (этика). Осы салада жазылған еңбектер көбінесе психологиялық негізге
арқа сүйейді. Діннің мақсат тұтатын кемелдік пен ұлылыққа жанның қол
жеткізуіне кедергі болатын немесе жетелейтін күш пен ықпалдық қайнарларды
анықтау, оған анализ жасау белгілі бір тәсілге негізделуі тиіс. Осы жағынан
жанның табиғаты мен күштері, халдері, жақсы және жаман мінездердің бастауы,
қалау мен құмарлықтардың бақылауға алыну жолдары аталған ілімнің негізгі
аумағын құрайды.
Харис әл-Мухасиби (781-857). Сопылық ілімнің ірі тұлғасы және ойшылы
ретінде танымал Харис әл-Мухасиби еңбектерінде адамның ішкі жан дүниесін
негізгі тақырып ретінде алып, діни көзқарас тұрғысынан оларға талдаулар
жасауғы тырысқан. Кемел діни тәжірибе мен санаға қол жеткізудің
психологиялық шарттары бойынша дамытқан көзқарастар тұрғысынан ол нағыз дін
психологы қатарына жатқызуға болады. Оның еңбектерінде шет елдік
мәдениеттің ықпалдарын кездестіре алмаймыз, керісінше онда ұғымдар мен
терминдер толығымен Құраннан алынған. Осы жағынан Харис әл-Мухасиби алғашқы
мұсылман психологы ретінде саналады.
Жанды тануда өзін бақылау. әл-Мухасиби адамның саналық және жан
дүниеге тән жағдайларды жүйелі зерттеуді әдіс ретінде дамытқан мұсылман
психологы ретінде жоғарыда баяналды. Өзіне анализ жасау – оның адам
әрекетін түсінуде және түсініктеме жасауда көп қолданған тәсілі. Онда ол
екі мақсат қойды: біріншісі – нәпсілік құмарлықтардың әрекеттерге жағымсыз
ықпалдарын бақылауға алуды қамтамасыз ететін ішкі нәтижеге қол жеткізу.
Осыған орай, ол тәжірибеге негізделген тәсілге көп мән береді, себебі, оған
сын көзбен бақылауға алмай, жанның ішкі келбеті ашылмайды. Келесісі –
адамның болмыстық құрылымын дүниеге әкелген психологиялық күш пен
функцияларына және олардың негізгі ерекшеліктеріне талдаулар жасау. әл-
Мухасибидің адам жанына жасаған аталған талдаулары бүгінгі күнгі гуманистік
психологияның қуаттаған көзқарастарына жақын келеді.
Психологиялық орталықтар және функциялары. әл-Мухасиби адамның
болмыстық құрылымын жүрек (қалб), ақыл және жан (нафс) үштігінен пайда
болғандығын қуаттады. Оның көзқарасы бойынша психологиялық қмірдің орталығы
– жүрек. Сезім (эмоция), ой және қалау сияқты жанның функциялары осыдан
бастау алады. Сонымен қатар жүрек – ойлана, сезіне, қалай алатын уақыт пен
кеңістіктің ар жағындағы, ғайып әлеммен адамның байланысын қамтамасыз
ететін, қамтамасыз еткен байланысты адамның белсенділігін қалыпқа түсіретін
деңгейге жеткізетін күштердің жиындығы. Ақылдан, жаннан (нафс) және
шайтаннан келетін әсерлер жүрек қалыбында бір әрекетті ортаға тастайды.
Әсер бастауларынан жүрекке келетін себепкерлер онда сезімнің, ойдың,
қалаудың және шешімнің қалыптасуына жол ашады. Олардың арасында жүрекке
үйлесімді келгендер және оның бейіміне үндескендер ғана жүзеге асады, ал
үндеспегендерге, лайықты келмегендеріне тосқауыл қойылады.
Жаратылысында қабілетті болған ақыл – адамның білімді мүшесі болып
табылады. Ақыл екі түрмен біле алады. Біріншісі - әл-Мухасиби фахмң деп
атаған, діни және діни емес адамдарда ортақ, әдеттегі сөздерді түсіну
қабілеті. Бұл – сезім мүшелері арқылы қабылданған әсерлерді мағыналық
деңгейде біріктіру және ұғымға айналдыру қуаты. Келесісі – басиратң деп
аталатын ақылдың практикалық жағы. Ол Алланы, діннің үкімдерін, бар
нәрселердің құндылықтарын тікелей біуді, ұғынуды қамтамасыз етеді.
әл-Мухасибидің нафсң ұғымын адам жан дүниесінде орын алатын инстинкт,
қалау және бейімділіктер жиындығы ретінде түсіндіреді. Нафстың негізгі
нәпсісі құмарлық деп аталады. Нафстағы аталған құмарлықтың шегі жоқ.
Шайтанның адамға өз ықпалын жүргізуі аталған құмарлықтар мен құмарлықтар
арқылы жүзеге асады. Адам жан дүниесіндегі құмарлықтар мен қалауларды
толығымен жою мүмкін емес. Бірақ, аталған қалаулар жүрекке жеткен кезде
белгілі себепсіз өз ықпалын жүргізе алмайды. Себебі, нафс адамның жүрегінен
тәуелсіз бір әрекетті автоматты түрде жүзеге асыра алмайды.
Діни сана және діни қалау. Жүректің өзіне тән таным түрін әл-Мухасиби
мағрифатң деп аталады. Мағрифат - интуициялық, құралсыз, тікелей қабылдау
деген сөз. Ол – толықтай интуициялық тәжірибе, жан дүниенің жоғары деңгейі.
Мағрифат бүкіл психологиялық функциялардың негізін құрайды және қалау да
осыдан туындайды. Үзіліссіз, шексіз бір кезең, үнемі саналық ағыс болып
табылатын мағрифаттың негізгі тақырыбы – Алла. Сонымен қатар, ол
интуициялық, сезімдік тәжірибе жолымен қол жеткізілген түсініктердің
құпиялығына ерекше тоқталып өтеді. Оның пікірі бойынша мағрифат әрекет
жағынан ұғынылатын танымнан анағұрлым қуатты, ауқымды болып келеді. Бірақ,
онда дүрыс пен бұрысты ажырата білу қабілеті жоқ. Яғни, жүрекке келетін
әсерлердің шыққан бастауын мағрифаттың өзімен білу мүмкін емес. Ал ол ілім
мен ой арқылы ғана жүзеге асырылады.
әл-Мухасибидің пікірі бойынша діни-этикалық әрекеттің құндылығын
айқындайтын нәрсе – ниет. Ниет – бір амалды белгілі бір мақсатқа қарай
жүзеге асыру. Діни ниеттің мазмұны – Аллаға деген құрмет пен сүйіспеншілік.
Аталған ниет аясында дамыған рух халдері мен әрекеттер шынайы діни
құндылықты айшықтайды. Мүмін адам қорқыныш пен үміт арасы психологиялық
толқыныс ішінде қмір сүреді, ал бұл ондағы діни сананы қуаттандырады және
безендіреді. Діни тәжірибе ішінде орын алған қорқыныштың объектісі –
құдайлық мән (Алланың заты) емес, адамның Алла алдында сезінген діни
жауапкершілік. әл-Мухасиби өлім жайлы түсінікке де талдаулар жасап, өлім
жайлы түсінік адамның діни қалауы мен ниетін қуаттандыратын құрал ретінде
санаған.
Әбу Наср әл-Фараби. Атақты ойшыл әл-Фарабидің психологиялық
көзқарастары көбінесе Аристотельдің ықпалында қалған. Барлық философиялық
ой-толғауларында орын алғаны тәрізді оның психология жайлы ойлары исламдық
сенім мен антика философиясын үндестіру талпынысы төңірегінде өрбиді.
Адам жанынын қуаттары. әл-Фарабидің пікірі бойынша адам жаны ойлау (әл-
қууату-н-натиқа), қалау (әл-қууату-н-нузуия) қиял немесе елестету (әл-
қууату-л-мутахаййила) және сезім (әл-қууату-л-хассаса) қуаттарынан тұрады.
Ойлау қуаты – ілімнің, өнердіңк және моральдың бастау бұлағы. сондай-
ақ адам мұнымен нені істеу, нені істемеу керек екендігін біледі, пайдалы
мен зияндыны, тәтті мен ащыны ажыратады. Қалау қуаты арқылы адам қалаған
нәрсесін қалайды немесе одан қашады, оны сағынады немесе жиренеді. Кектену
мен сүйсіну, достық пен дұшпандық, тас бауырлық пен бауырмалдық т.б. жанға
тән қасиеттер осы қуаттың арқасында қалыптасады. Қиял (елестету) қуаты
сезімнің қызметі аяқталғаннан соң (ұйқыда немесе ояу кезде) сезінетін
объекттердің көріністерін сақтап қалады, оларды бір-бірімен біріктіреді
немесе бір-бірінен ажыратады. Аталған біріктіру мен ажырату кейде дұрыс
немесе бұрыс болуы мүмкін. Сонымен қатар, елестету қуаты жақсылық пен
жамандықтан тысқары әрекеттерден, әсіресе, этикалық әрекеттерден пайдалы
мен зияндыны, рахат немесе қасірет әкелетін нәрселерді қабылдайды. Сезім
қуаты бес сезім мүшесі арқылы объекттерді қабылдайды. Ол рахат немесе
ауыртпалық әкелетін нәрселерді де сезінеді, бірақ зиянды мен пайдалыны,
жақсылық пен жамандықты ажырата алмайды.
Адам жанындағы аталған қуаттар әрекеттерінің барлығы негізінде қалау
қуатына байланған. Қалау қуаты сезіну, елестету және ойлау қуатының
әрбіріне қызмет етеді. Аталған қуаттардың барлығы өз функцияларын тек қалау
қуаты арқылы жүзеге асыра алады.
Таным. Адамдағы ойлану қуатының мүшесі болып табылатын ақыл бастапқы
кезде ой деңгейіндегі қабілет болып табылды және сатылап даму арқылы нақты
объекттерден бастап, абстрактілі ақиқаттарды ұғыну шыңына қол жеткізеді.
Бірақ аталған сатлап жоғарылау өздігінен емес, адамнан жоғары метафизикалық
ақиқат болып табылатын белсенді ақыл (фаал ақыл, руху-л-амин, руху-л-қудс)
арқылы жүзеге асады. Адамдағы фаал ақылдың орны көз алдындағы күннің
деңгейі тәрізді. Фаал ақыл ойлану қуатына ықпал ете бастаған кезде, сезім
мүшелеріміз (елестету қуатында сақталған кейіпте) ұғынылатын нәрселерге
айналады. Демек, әл-Фарабидің пікірі бойынша саналық таным интуиция мен
илһам, тікелей ұғыну болып табылады. Адам ұғына білу қабілетін тек аспаннан
келетін нұрлану арқылы қол ежткізеді.
Түс пен уахи. әл-Фарабидің пікірі бойынша түс пен уахи бірдей
психологиялық механизм немесе процесс аясында қалыптасады. Пайғамбардың
басынан кешірген уахи тәжірибесін түсіну үшін түс жолбасшылық қызметін
атқарады. Өйткені аталған екеуі де қиял (елестету) қуаты арқылы жүзеге
асады.
Елестету қуаты сезім және ойлану қуатының аралығында орын алатын және
әдеттегі ояу саналы кезде екеуінің әрекетінен әсер алатын қалау қуатын
әрекетке түсіретін әлгі аралық қуат. Ұйқы кезіндегі тәрізді саналық әрекет
уақытша тоқтатылған кезде елестету қуаты толықтай еркіндікке қол жеткізеді
басқа қуаттармен байланысын үзеді. Осы сәтте ол тәуелсіз түрде әрекетке
көшеді және өзінің есінде сақталған белгілермен айналысады. Бастыпқыдағы
сананы жайлап алған барлық сезімдер, ұғымдар, қалаулар мен эмоциялар оның
жұмыс атқару алаңын ортаға шығарады.. Елестету қуаты нақты объекттердің
бейнелерін сақтау, оларды біріктіру және ажырату, ұқсату және еліктеу
жолдарымен жаңа қиялдар дамытады немесе зейінде сақталған түсініктерден
жаңа ұғымдар қалыптастырады. Осылайша түстер сақталған естердің, жан
тыныштығын іздеген немесе қанағаттанбаған қалаулардың, адамдағы мінез-
құлықтар мен бейімділіктердің, алуан түрлі физикалық-рухани жағдайлардың
түсініктемесі ретінде жүзеге асады. Осыған орай жан дүниеміз тыныштыққа қол
жеткізген кездерде түстерде су көрінеді немесе суда жүзеді. Түстер кейде
қалған нәрсеміздің жүзеге асуын яки қорқыныштан сақтануды тұспалдайды.
Ұйқыға кеткен адам белгілі эмоцияларға реакция беріп, төсекте оң мен солға
аунайды немесе төсегінен аунап кетеді.
Елестету қуаты ойдың негізгі тақырыбы болып табылатан рухани,
физикалық болмыстардан тыс абстрактілі ақиқаттарды объективті болмыстардың
ең жоғарғы, ең кемел және көркем нәрселерімен түсіндіреді. Осы арада
елестету қуаты фаал ақылмен де байланысқа түсе алады және оның ықпалы
аясында сананың қажеттілігінсіз-ақ кейбір түсініктерді дүниеге әкеледі.
Фаал ақылдың елестету қуатына ұсынған жекелеген мәліметтері қарапайым
немесе шынайы (садық) түстермен өзін көрсетеді. Олардың бірі осы шаққа,
келесісі болашаққа қатысты. Фаал ақылдың аян еткен (илһам) мәліметтер
түстерде көрініс бергені сияқты құдайлық білімге қатысты көрікпелдік
түрінде де байқалады. Елестету қуатының іске кірісіуі ұйқыда болғаны сияқты
ояу сәтте де жүзеге асады. Бірақ оның ояу кезде жүзеге асауы өте сирек
кездеседі.
Демек, елестету қуатының ұйқыда немесе ояу кезде фаал ақылмен
бірлесетін күш деңгейіне қол жеткізу кезінде шынайы түс немесе уахи жүзеге
асады. Егер бір адамда елестету қуаты кемел болса, сыртқы және ішкі
сезімдерден толықтай құтылса, фаал ақылдың аян еткен мәліметтері сезім
мүшелерінің берген қалыптары ішінде баяндау қуатына да қол жеткізе алады.
Елестету қуатының соңғы шегіне қол жеткізген адам фаал ақылдан ояу кезінде
де илһамдар алады және оларды сезім мүшесіне тән қалыптарға сала отырып,
жеткізеді, рухани және қасиетті болмыстарға куә болып, олардың ықпалында
қалсапайғамбарлар тәрізді құдайлық ақиқаттардан хабар бере алады. Бұл –
елестету қуатының ең биік асқар шыңы.
Әбу Али ибн Сина (980-1038). Ислам ойлау жүйесі тарихындағы психология
саласында ауқымды зерттеулер жүргізген, осы салада көлемді еңбектер жазған
ойшылдардың басында ибн Сина келеді. Сонымен қатар ол дарынды емшілігімен
адамның тәндік қозғалыстарын жайлы тәжірибеге негізделген зерттеулер жасап,
көптеген ғылыми мұралар қалдырып кеткен.
Жан дүниеге тән жағдайлар, сезім мен эмоциялардың әрекеттерге әсері.
Адам жан дүниесіне тән жағдайлардың, сезімдер мен мазасыздықтардың әрекетке
ықпал ететіндігі бүгінгі күні дәлелденген. Ибн Сина өз дәуірінде осыны
дәлелдеуге тырысып, түсініктемелер жасаған. Ол медициналық тәжірибелеріне
сүйене отырып, денесі ауруға шалдыққан адамдардың өз қалауы қуатымен жазыла
алатынын және дәл сол сияқты дені сау адамның аурумын деген сезіммен ауруға
шалдыға алатынын қуаттады. Сондай-ақ қорқыныш сияқты қуатты
мазасыздықтардың организмнің тепе-теңдігін іс жүзінде бұзатынын, тіпті
өлімге жол бастайтынын алға тартты. Сезімдер мен мазасыздықтардың аталған
қуатты әсері ойшылдың пікірі бойынша рухта сенім мен үкімнің қалыптасқан
және осыны қуаныш немесе қасірет одан ары жалғастыратын кезде байқалады.
Ибн Сина гипноз, мұғжиза, көз тию және сиқыр сияқты құбылыстарды да рухтың
өзге рухтар мен денелерге әсері, яғни, оларға ықпал еткен жан дүниеге тән
жағдайлар, ерекшеліктер ретінде түсіндіреді.
Сезімдер концепциясы. Ибн Сина сезімдерді ішкі және сыртқы деп бөліп,
оның ішкі сезімдері жайлы көзқарастары ибн Синаның төл ойлары болып
табылады.
Сыртқы сезімдер. Сыртқы сезімдер баршаға белгілі ұстау (ламс). Дім
тату (зауқ), иіскеу (шамм), есту (сами), көру (басар) деген сезім
мүшелерінен тұрады. ибн Сина ұстау сезімін төрт немесе одан да көп
сезімдерді қамтитынын алға тартты. Ұстау сезімі деп есептеген әлгі сезім
түрлері суықтық-ыстықты, құрғақтық-сулылық, қаттылық-жұмсақтық,
қарабайырлық-тегістік, рахаттық-ауыртпалық сияқты сезімдер.
Ішкі сезімдер де – беске бөлінеді. Барлық сезімдердің нәтижелері
(сыртық сезімдерден басқа) ортақ сезімде (хисси муштарак немесе қууа
бантасия) жиналады және түсінікке айналады. Түйсінік қуаты ортақ сезімнің
бес сезімнен алған сезімдік нәтижелер сезілетін объекттердің ықпалы жойылса
да сақталады. Елестету, қиялдау қуаты түйсіну қуатында орын алатын
бейнелерді біріктіру және ажырату жұмысымен айналысады. Болжам қуаты
материалдық емес идеяларды, түсініктерді қабылдайды. Бұлар - қабылданған
нәрселердің табиғатында бар деп саналатын және сезілетін пайымдау
деңгейінде сезімдермен қабылданбайтын достық-дұшпандық, жақсылық-жамандық,
жиреніш-сүйсіну сияқты түсініктер. Аталған сезім адамдықтың негізі болып
табылады. Ішкі сезімнің соңғысы болып табылатын еске сақтау қабілеті болжам
қуатында орын алатын мәндер мен идеяларды еске сақтайды.
Илһам, түс және уахи. Осы тақырыпта ибн Сина әл-Фарабидің идеяларын
негізге алумен қатар оның пікірлерін одан ары дамыта отырып, өз алдына бір
төбе концепцияларын ортаға қойды. Ойшылдың пікірі бойынша кейбәр
психологиялық өмір жолымыздың бастауында елестету қуатының (қиял) еңбегі
зор. Қиял қуаты ойларымызды, қалауларымызды, психологиялық толқуларымызды
символдармен көрсетеді, оларды рухтандырады. Бұл қабілет ақиқатпен ешбір
байланысы жоқ көріністерді қабылдауда басты рөл ойнағаны сияқты, ұйқыда
немесе ояу кезде ақиқатпен байланысты көріністердің қабылдануын қамтамасыз
етеді. Бұл қиялдауға және ойлауға байланысты бір себеппен ортаға шығатыны
тәрізді адамнан жоғары құпия күштың (фаал ақыл) ықпалымен де ортаға
қойылады.
Адам жанында ғайып әлемге бейімделген және сол әлеммен байланысқа түсу
қабілетіне ие өлшем бар. Бұл ең төменгі дәрежеде қиял күші арқылы жүзеге
асады және ол ұйқы кезінде көрінетін түстермен немесе ояу кезде көрінетін
көріністермен байқалады. Демек, әлемнен тыс дүниені қабылдау (әлемнен тыс
дүниемен байланыс құру)ң қабілетіне барлығы ие. Осыған орай илһамң мен
шынайы түс (садиқ түс)ң барлық адамға тиесілі. Осындай типтегі илһамдар
беймәлім жағдайдағы кейбір байланыстардың нәтижесінде жанда кенеттен пайда
болады. Аталған илһамдардан жанның қол жеткізетін нәрсесі әдетке,
жаратылысқа лайықты, адам ақылына сай болатыны тәрізді, ескерту, белгі
болуы да мүмкін. Жан аталған илһамдарды өз деңгейінде игергенше олар қиял
қуатының әрекеті нәтижесінде жабулы символдар күнйінде қалады. Оларды еске
түсіру және олардың мәнін ашу қажет.
Өте қуатты және ережеден тыс қиял күші ие пайғамбарлар қатардағы
адамдардың ұйықтағанда көретін нәрселерін ояу кезде де көре алады және түс
көрген адамның жағдайындағы тәрізді көрінбейтін болмыстарды ақиқат түрдегі
тәрізді немесе ұқсастарымен көре алады. Уахи келген сәтте көбінесе
пайғамбарлар сезім мүшелерімен байланысын үзіп, ес-түссіз жағдайға түседі.
Уахи кезінде пайғамбарлардың санасы психологиялық қысымның ықпалында
толықтай саналық ақиқаттар мен ұғымдарды жанды қиялдар мен символдарға
айналдырады.
Рух саулығы және емшілігі. Бүгінгі күнгі психология мен психиятрияның
қарастыратын кейбір тақырыптарды ибн Сина зерттеулері арасында орын алады.
Оның осы салада дамытқан көзқарастары арасында ғылым мен білім дамыған
бүгінгі күні де өз құнын жоғалтқан емес. Соңғы ғасырда Юнгтың қолданған
және атын байланыс тесттерің деп атаған тесттер арқылы адамның өткен
өмірінде болған және есте қалған естеліктерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие
бола алады. Ибн Сина осы әдісті алғаш ойлап тапқан және қолданған адам
ретінде мойындалады. Ол осы әдіспен махаббат жолында ауруға шалдыққан
науқасты емдейді. Сондай-ақ оның бала психологиясы мен психиатриясына тән
идеялары бүгінгі күні де қолданады.
Ибн Сина Өлім қорқынышынан құтылуң (Рисала фи Дафи Ғами-л-Маут) атты
трактатында ортағасырлық мұсылман дін психологы ретінде өлімнен қорқу
себептері, әсерлері және осылардан құтылу жолдарын зерттеген. Қайғың (әл-
Хузн) және Қамығу мен мазасыздықты жеңуң (Дами-л-Ғамм уа-л-Хамм) атты екі
трактатында айығу жолдарын ұсынады. Ал Намаз және оның мәнің (ас-Салат уа
Махуиятуһа) атты трактатында намаздың адам рухына әсерін философиялық
тұрғыда түсініктеме жасауға тырысады. Ибн Сина түс және түс жору
тақырыбында да өз ойларын білдірген, Түс және түс жоруң (Руия уа-т-Табир)
атты еңбегінде түстің мәні, түрлері және түс жору заңдылықтары, түс
жорудағы түсініспестіктер тәрізді мәселелер орын алады. Ибн Синаның әл-
Ишаратң, Хайй бин Язканң, Ашқң, Қасидаи Нафсң сияқты еңбектерінде
сопылық психологиясына жол көрсететін құнды ойларын ортаға тастайды.
әл-Ғаззали (1059-1111). Ислам психологиясы тарихында өзге ойшалдармен
салыстыруға болмайтын шоқтығы биік ұлы ойшыл ретінде әл-Ғазалиді ерекше
атауға болады. Оның жан дүниесінде орын алған тебіреністер мен күмәндер
адамның ішкі әлемі мен жан дүниелік тәжірибелеріне зерделеуге жол ашты.
Соңында жантану ілімі оның еңбектерінде толығымен орын алғаны сияқты діни
әрекеттердің адамда орын тепкен мотивтер мен ниеттер тұрғысынан
қарастырылып, оған түсініктеме жасалуы бір әдіс ретінде алдыңғы қатарға
шыққан. Осы себепті әл-Ғаззалидің шығармаларында психологиялық тереңдік пен
ауқымдылық бірден байқалады. Ол өзін өзі анализ жасау әдісіне негізделген
әрекет талдауларына саналық және теориялық ой-пікірлерден де көп мән
береді. Сондықтан, психологиялық тақырыптарда ортаға қойған ой-пікірлері
мен концепцияларының бірнешесін өзінің жеке ішкі тәжірибесіне негіздегені
бекер емес. Сондай-ақ өзінің басынан кешірген саналық жағдайларды және ішкі
тәжірибелерді, өзге адамдардың да өз жан дүниесін бақылай алатынын ортаға
қойды.
әл-Ғаззалидің жалпы психологиямен қатар дін психологиясына да қатысты
ойлар айтқандығы белгілі. Осы тақырыпта ол әл-Мухасибиді өзіне пір
тұтқандығы белгілі.
Адамдағы төрт негізгі мотив. әл-Ғаззали адамның болмыстық құрылымы бір-
біріне бөлек ерекшеліктерге ие төрт элементтен құралғанын, бүкіл
психологиялық бейімділіктердің осылардан туындатынын қуаттады:
Менменшілдік мотиві (раббаният): тәуелсіздік, үстемдік, билеу, сәтті
болу, кедергілерді жеңу, мақсатына жету, басшы болу, үнау және мақтауға ие
болу сияқты қалаулардың бастауы осы мотивке тән.
Физиологиялық мотивтер (бахимият, хайуаният): жеу, ішу, жыныстық
рахатқа ұмтылу, сияқты қалаулар мен қажеттіліктер адамның біршама
әрекеттерінің негізінде орын алады. Мұны құмарлық (шахуат) деп те атайды.
Агрессивтік мотив (сабуият): ашу, ерегісу, ұрсу, ұру сияқты әрекеттер
Жамандық жасау мотиві (шайтаният): ашу, құмарлық тұрғысынан хайуанға
ортақ ерекшелікке ие болған кезде, түсіну мен ойлау арқылы зұлымдық жасау
жағынан одан ерекшеленеді. Осы ерекшелігімен адам ақылы мен ой-санасын
жаман жолдарға қолданады, алдау, айлакерлік жасауға бет бұрады, зұлымдығын
ізгілік ретінде көрсетуге талпынады.
Мотивация және әрекет. әл-Ғаззали адам әрекетінің динамикасына бүгінгі
психологияда орын алатын мотивация концепцияларына өте жақын түрде
сипаттама жасаған. Оның пікірі бойынша адамның психологиялық алаңы, жүрегі
екі бастаудан келетін әсерлер арқылы әрекетке көшеді. Біріншісі – сезім
мүшелері арқылы қабылданатын сыртқы әсерлер болса, келесісі – қиял, еске
сақтау қабілеті, құмарлық, ашу-ыза, сияқты адамда орын тепкен адамның ішкі
табиғаты. Адам сезім мүшелері арқылы бір нәрсені қабылдаған кезде, оның
жүректе ізі қалады. Сонымен қатар, адам нәпсісіндегі қуаттың ықпалымен
құмарлық артқан кезде, бұл адамға бір әсерді қалыптастырады және сезім
мүшелерімен ешбір байланыс болмаса да санада пайда болатын қиялдар орын
алады. Осылай, бір тақырыптан келесісіне өздігінен өтетін қиял сананы
ықпалында ұстайды. Міне, аталған алуан түрлі бастаулар арқылы қалыптасқан
бүкіл стимулдар жиындығы немесе бүгінгі психология тілімен айтқанда
мотивациялық шаблонң әрекеттердің негізінде орын алады. әл-Ғаззали бүгінгі
психологияда мотивациялық кезеңң деп аталатын жан дүниелік құбылыстар
жиындығын былай тізбектейді: алдымен, белгілі немесе белгісіз сезім, идея,
есте сақтау қабілеті (санадағы естелік) адамда орын алады. Мысалы, кетіп
бара жатқан адамға артта келе жатқан әйелдің бейнесі пайда болады, егер
артқа бұрылып қараса оны көрері анық. Міне, санаға алғаш келетін нәрсе
санадағы естелік немесе хадиси нафсң деп аталады. Одан соң әлгі санадағы
естелік (еске сақтау қабілеті) адамда қалауды, мазасыздықты ояндырады. Осы
кезде әлгі адамда әлгі әйелге бұрылып қарау қалауы қалыптасады, бұл – адам
табиғатындағы құмарлықтың әрекетке көшуі деген сөз. Бұл - әл-Ғаззалидің
майлң, рағбатң, шаһуатң деп аталаған қалаудың ояну кезеңі. Аталған екі
кезеңдегі даму – адамның қалауынан тысқары дүние. Одан соң сана қалаудан
тысқары түрде бір шешім, үкім шығаруға міндеттеледі. Бір тосқауыл әлгі адам
үшін маңызды болмаса, ол артындағы әйелді қызықтауға ниеттенеді. Адам бір
нәрсеге бейімділік танытса, ниеттенсе, тосқауылдар күшін жоймағанша,
талпыныс пен ниет туындамайды. Осы кезде, адамды ұялу немесе қорқу сезімін
ояндыратын себеп бар болса, екі ойлылық, ұяттылық сезімдері пайда болады
және көздеген мақсатқа жеткізбейді. әл-Ғаззали бұл кезеңді хукмң және
итиқадң деп атаған. Яғни, бұл – зерделеу кезеңі. Соңғы кезең – адамды өз
ықпалына алатын мәселеде мақсатқа жету үшін кесінді шешім қабылдау,
әрекетке көшуге ниет ету. Бастапқыда адамның талпынысы мен ниеті әлсіз
болуы мүмкін, бірақ, мотивацияны тудыратын себептің тартымдылығына
байланысты одан соң осы мәселеде әрекетте болу қуатты талпыныс пен қалауға
айналады. Алайда, қалау кесіндікке қол жеткізгенмен, кейде өкініш сезіміне
беріліп, бас тарту мүмкіндігі де болуы мүмкін. Кейде бір кедергі араға
қыстырылуы мүмкін де істің жүзеге асуы қиындай түседі. әл-Ғазали осы соңғы
кезеңді ниетң, хаммң, қастң, азимң, ирадаң деп атаған. Осы кезеңдерден
соң әрекет жүзеге асырылады және мақсатқа қол жеткізіледі.
Психология және дін. әл-Ғаззали діни әрекетті жеке, тәуелсіз ақиқат
ретінде қарастырмаған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін психологиясы ғылымы: қалыптасуы және дамуы
Дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері
Діндер жайында
Cопылық таным және оның дәстүрлі сыны
Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы
Қазіргі таңдағы мұсылмандықтағы ер мен әйелдің бір-біріне жауапкершіліктері мен орны
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы
Исламның пайда болуы және сол төңіректегі нанымдар
Ислам дін негіздері, иманның шарттарына жалпы түсінік және ислам психологиясы
Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері
Пәндер