Исламдағы жанұя мәселесі



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Терминдік сөздер

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. Тарау. Исламдағы жанұя мәселесі

1.1. Мұсылмандықтағы жанұяның орны мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Отбасы және неке
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.3. Ерлі зайыптың бір-біріне жауапкершіліктері мен міндеттері

ІІ. Тарау. Исламдағы бала тәрбиесі

2.1. Исламда бала тәрбиесіне қатысты негізгі
қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ... ...

2.2. Бала тәрбиесіндегі әке-шешенің негізгі
міндеттері ... ... ... ... ...

2.3. Ислам діні мен қазақ халқының салт-дәстүріндегі бала
тәрбиесі ... ... ... ..

2.4. Қазіргі мұсылмандықтағы отбасы мен бала тәрбиесінің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

Терминдік сөздер

Азан: Хабар беру, білдіру. Парыз намаз уақытын білдіретін арнайы
сөздік.

Ақиқа құрбаны: Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен перзентіне (жаңа сәбиге)
шүкіршілік ретінде шалынатын құрбандық мал.

Әмин: Аллаһым, дұғамызды қабыл ет.

Әурет: Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер. Ер кісілер үшін кіндік пен
тізенің арасы, әйелдер үшін бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы және
тобыққа дейінгі екі аяғынан басқы барлық жерлері.

Балиғат шағы: Қыз баланың 9-15, ер баланың 12-15 жасқа келіп, кемілетке
толуы.

Батил: (жалған) адамдар тарапынан ойдан шығарылған діндер.

Ғиддәд: Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі
қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт.

Жәйіз: Дінде рұқсат етілген жалпы іс-әрекеттер.

Зиһар: Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде әйелдерді талақ етудің
бір жолы.

Зәуж: жұбай сөзінің бір мағынасы да аяқ киім дегенге келеді

Зекет: Әл ауқатты адамдардың дүние мүлкі мен ақшасының белгілі мөлшерін
жыл сайын кедей - кепшіктерге беру.

Ислам : арабтың бағыну, мұйын ұсыну, жамандықтардан аулақ болу
т.б. деген мағыналарды беретін сөз.

Иджаб: Қыздың не ердің аузынан шығатын үйлену сөзі.

Кабул: Біріншісінің үйлену жөніндегі ұсынысын екіншісінің қабыл алуы.
Кәлимә-и шәһәдәт: Мен Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Хазіреті
Мұхаммед (с.а.у) Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін- деп
айту.

Махрам: Исламда әйелдің үйленуі харам жақын тустары.

Мұхарраф: Бұзылған, бұрмаланған діндер.

Мәһр: Некелескеннен кейін әйелге ақшалай не заттай берілетін ақы.

Мутға ақысы: қазақ тілінде пайдаланылатын нәрселер мағынасына
келеді.(Хазылық мутғасы, уақытша неке, әйелдің ерінің мал-мүлкін
пайдалануы және ажырысқан әйелге берілетін нәпақа).

Мирасқор: Өлген кісінің қалған малына иелік ететін артындағы туған-
туыс, ұрпақтары.

Нашиза: Қиқар әйел дегенді білдіреді.

Нушуз: Әйелдің күйеуіне қарсы бас көтеруі және өзін жоғары санап
мойынсұнбауы.

Ораза: Әр жыл сайын рамазан айында бір ай оразасын ұстау.

Тағала: Ұлы, асқақ, жоғары. Аллаһтың ұлылығын білдіретін сөз. Әрі Аллаһ
сөзін айтқанда, жазғанда қолданылатын әдептілік белгісі.

Тахник : құрманы шайнап, сонымен нәрестенің таңтайын сүрту.

Хаж: Жағдайы болғандар өмірінде бір рет қажылыққа бару керек.

Харам: Жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тиым салынған
нәрселер. Ішімдік ішу, құмар ойындар, зина жасау, адам өлтіру,
ғайбаттау, жала жабу, т.б.

Фирдәус: Жәннәттің бір атауы.

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі:

Отбасы, неке және бала тәрбиесі бұл ұғымдарды бір-бірінен бөліп
қарастыру мүмкін емес. Ислам дініндегі ең өзекті мәселенің бірі –
отбасы. Сондай-ақ отбасылық өмірдің қыры мен сырын, сүйіспеншілік пен
мейірімділік нығметтерінің бұзылмауын қатаң қадағалайды. Ата-ана, ерлі-
зайыпты және балалардан тұратын адамдар тобы - отбасы деп аталады.
Адамзат қоғамында отбасының алатын орны өте зор. Отбасында негізгі
туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Қоғамның қуат тірегі –
отбасы. Отбасы – ұлттық және рухани дәстүрлерді үйрететін бір мектеп.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін
алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын
мектебі.

Отбасы – некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық
шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Отбасы -
қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас
болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Отбасы еркек пен
әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық,
эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына
келтіретін дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі –
зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік
және экономикалық ) қажеттерін өтеу.

Жанұя – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін
алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі
қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен
әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар
емес. Ел болам десең, бесігіңді түзе – деген нақыл сөз отбасы
тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында
бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Некенің негізі – ерлі-зайыптылардың еріктілік, теңдік және өзара
құрметтушілік, некеге тұру туралы мәселені жүрек қалауы мен
сүйіспеншілікті бірінші кезекке қоюшылық принциптері болып табылды.

Зерттеудің мақсаты-міндеті: Жанұя және жанұядағы бала мен
әйелдің орнын философиясын жүйелі тұжырымдалған ғылыми сарапталған
деректер негізінде оның әлеуметтік философиясы тарихындағы орны мен
маңызын көрсету. Осы мақсатқа жетуде зерттеудің міндеттерін негізгі
арналарға жүйелеп төмендегіше көрсетуге болады: Әлеуметтік философиясы
тарихындағы Дін мен Ислам дінін анықтау; Мұсылмандықтағы жанұяның орны
мен идеясының мәнін ашу, түсіндіру; Отбасы және неке мәселесін Ислами
тұрғыдан көрсету; Отбасындағы бір-біріне жауапкершіліктер мен
міндеттерді негізгі тұжырымдарын Құрандық аяттар және хадистер
арқылы көрсету; Жанұядағы бала тәрбиесі мен әйелдің орнын бүгінгі
жағдайына ғылыми-философиялық талдау жасау.

- Жанұя және бала тәрбиесінің әлемдік өркениеттегі барлык қоғамдық
құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және
психологиялық құбылыс екендігін, ықылым замандардан бері адамзатпен
бірге жасасып келгенін, тұжырымды түрде анықтау.

- Батыс елдерінде көптеген бұрыс некелесу бар. Бұрыс некелесуден жөні
түзу отбасы шығу мүмкін емес. Бұзық некелесудің ең негізгісі -
азаматтық неке. Ол - әлемге кеңінен таралуда. Осы аталмыш неке және
отбасылардың дұрыс-бұрыстығын ажыратып, Ислам дініндегі отбасы және
бала тәрбиесінің қандай болатындығын қысқаша түсіндіру.

- Жанұя мен жанұядағы бала тәрбиесі мен әйел затының орнын философиялық-
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру.

- Жанұя және бала тәрбиесі қоғамдық сана мен белгілі әлеуметтік қызмет
атқаратын кұбылыс екендігін зерттеу.

Зеттеудің деңгейі: Жанұя және жанұядағы бала тәрбиесі мен әйелдің
орнының өзіндік сипатпен тарихымыздың әрбір белесінің қажеттілігі мен
сұранысына қарай тұжырымдалып, түсіндіріліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып
келеді. Жанұя адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін
әлеуметтік топ болып табылады. Жанұядағы әрбір адам өмірінің онымен
тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір жанұя мүшесінің дамуына шешуші
әсер етеді.

Жанұя қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары
біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай
емес.

Жанұя еркек пен әйелдің табиғи жақындасу және басқа қажеттерін
(рухани, этикалық, эстетикалық т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру
арқылы қоғамдық қалпына келтіре дамытушы топ болып табылады.

Жанұя – ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол
алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және
мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты
тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелу, балаларды тәрбиелеу және
олардың өзіндік санасын қалыптастыру болып табылады.

Жанұя қоғамның ұйытқысы болып табылады. Сондықтан оның қызметіне
әлеуметтік қатынаста және мәдениетте болып жатқан жағымды, жағымсыз
процестердің барлығы да ықпал етеді. Отбасында жинақталған нақты
жағдайларды талдау жалпы сипаттамалармен қатар, ерлі зайыптылардың және
балалардың өміріндегі әйелдердің орны мен рөлін қарастырудың
қажеттілігін көрсетеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Отбасында ата-ана балаларын тәриелеуге
міндетті болса, қазіргі қоғамда ол міндеттерін ұмытып кеткен жанұялар
да аз емес. Баланы қалай тәрбиелеу керектігін де білмейді. Баланы
жастан, қатынды бастын-деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаған болса
керек. Отбасы мәселесін зерттей отырып, ерлі-зайыптылардың өзара
қатынастарын, бір-біріне байланыстығын қарастырып, олардың қоғамдағы
орнын анықтап, қаншалықты маңыздылығын, өмірімізге керектігін, шынайы
некенің қандай болу керектігін жас келешек ұрпаққа таныстыру.

Зерттеудің құрамы: Диплом жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттері
және әлеуметтік (социологиялық) зерттеу логикасы диплом жұмысының
құрылымын анықтайды. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом
жұмысының жалпы көлемі 60 беттен тұрады.

1.2. Мұсылмандықтағы жанұяның орны мен мәні.

Ұйдің ері жанұясының өзіне бағынуын қаласа, әр дайым табысының
сөзсіз адал болуына мұқиат қару қажет. Жұбайының діни мәліметтердегі
кемшіліктерін көргенде селқостық танытып, Маған не демей үйретіп және
істетіп отыруы тиіс. Мысалы: Намаз оқуды білмейтін болса, үйретіп, һәм
намазды оқуына жәрдемші болу керек. Немқұрайлық танытқанда жауапкер
болады. Жағдай осылай болғанда Аллаһ Тағаладан медет келмейді де, өз
араларында сүйіспеншілік пен адалдық іске аспайды. Расулллаһ
(саллаллаһу алейһи уәсәлләм) адамның кең бір уйге, бір салихалы әйелге
және бір көлікке ие болуын, бақыттың белгісі болғандығын ескерткен.

Расул әкрәм (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тағы бір хадис шәрифте:
Залым не жәбірленушілерден болманыздар. Амал жоқта жәбірленуші болуды
қаландар, деп буйырады.

Отбасындағы өмірде бұл өте манызды дәстүр. Әр ерлі зайыпты, мейлі
еркек , мейлі әйел болсын қағидаға мойын сұнуы керек [1-48б].

Әйел еріне риза ету ушін қандайда болмасын қйыншылықтарға төзген
сияқты, ері де өз мойынына жүктелген міндеттерді атқаруға тиісті. Яғни,
отбасымды бақытты етемін деген үмітпен керексіз қарыздарға кірмеуі
керек. Бұл ысырап, һәм қарыздар кесірінен келешекте көптеген руқани
күйзелістерге себеп болады. Тіпті шалқыған өмір суру дертіжанұяны
қайғылы оқйғаларға әкеп соғды.

Бұған қарама- қарсы көптеген отбасылар бар, олар мал-мүлкі ,
әрқандай мүмкіншіліктері бола тұра намаздарын оқиды, оразаларын
ұстайды, зекеттерін береді, әртүрлі ысыраптан өздерін аулақ
ұстағандарын үшін Хақ Тағаланың ризалығын алуда. Тамақтарында
киімдерінде орташа болуды қалайды. Қайрлы істерде әрдайым алдыңғы
қатарда тұрады . Аллаһ Тағаланың ризалығы жолында жүргендіктері үшін,
бұлардың бойынан махаббат, кұрмет, жылы-жүзділік, нұр көрінеді.
Көршілерімен, пақырлармен жақсы қарым-қатынаста болады [2-76б].

Үйленген еркек үйіне әр күні уақытында келуге тырысуы керек. Жұмыс
сылтау емес. Отбасын тастап кешкі уақыттарда футбол ойнайтындар бар,
мұның өзін сылтау деуге болмайды. Еріне қарсы әйелі де ең әдемі киімін
(әсіресе ері ұнататын) киіп, келетін уақытында жылы жүзбен, күлімдеп
қарсы алуға тиіс. Қал жағдайын сұрап, жақсы –жағымды жаңалықтармен
шаршағандығын басуға тырысуы абзал. Өте бақытты екендігін іс- қимылымен
де, тілімен де көрсеткені жөн. Әсіресе дастарханды әдемі, тәртіпті етіп
жайған жөн. Қандай тағамды ұнататын болса, сол тағамды шын ықыласымен
істеуге тырысуы керек.

Еркек отбасына, шынайы, адал, нәзік және жылы жүректі болуы керек.
Әйел еріне деген міндеттерін орындауға тиіс. Егер немқұрайлық танытса,
күйеуі бұған жол бермей тәртіпке салуы қажет.

Өте нәзік, сезімтал бір жігіт бар еді. Уақыты келіп сол жігіт
үйленеді. Алғашқы күннен бастап өзі жұмысқа кетеді, ал әйелі болса жас
бала сияқты төсектен тұрмай, жолдасының таңертеңгілік асын дайындамай,
бір дастарханда отырып тамақ ішпейтін еді. Бұл жағдайды көрген достары
оған ескерту жасағанда, мен оның бұл кемшіліктерін уақыты келіп, өзінің
түсінетіндігіне сенемін дейтін. Әйел мұндай жан тыныштығынан кейін
мінез- құлқы өзгеріп, тәрбиесіздігі, жалқаулығы арта түседі. Келе- келе
кешкі тамағын да бермейтінді шығарды. Әлгі жігіт жұмыстан шаршап-
шалдығып келіп кешкі ас дайындау жұмысын өз мойнына алатын болды. Уақыт
өтіп ол жігіт әйелінің алдында үй қызметшісінен де төмен дәрежеге түсті
[3-88б].

Үй жұмыстарында әйелге көмектесу нәзіктік пен мейірімділік
негізіде белгілі бір өлшеммен жасалса абзал. Ал егер шетттен шығушылық
жасалса мұның соңы жаман нәтижелерге ұласып, жақсылардың жаман болуына
себеп болады. Аллаһ Тағала құлдарының қабілетін білгендігі үшін, сүйген
құлдарына артық дәулет бермейді, берген жағдайда онымен жүректерін
әуреге салады да Аллаһа деген сүйіспеншіліктерінде, құлшылықтарында
осалдық пайда болады. Сондай- ақ Аллаһ Тағаланың өздеріне дәулет берген
кейбір сүйген құлдарын байлық, дүние қызықтырмайды. Олар әсте
дүниеқұмар болмайды. Мысалы Асхабы кирамнан Хазіреті Осман мен
Абдурахман ибни Ауф және Әулиеден Абдулқадыр Гейлани мен Убейдуллаһ
Ахрар сияқты. Баз біреу еркектер де мүмкіндігінің барынша әйелдерінің
қалаған нәрсесін алып беруге тырысады. Сөйтіп, олардан өздеріне деген
махаббат, құрмет, ілтипат күтеді.

Бірақ әйелдерінің ықыласы алынған сыйлықтарға ауып, ол
сыйлықтардың қайдан келетіндігін көрмейтіндей халге жетеді.
Қанағатсыздықтары күннен - күнге артып, рахмет айтудың орнына одан да
көбірек болса екен деген тілектері арта түседі. Ал айтқандары болмаған
жағдайда көңілсіздіктері, әдепсіздіктері артып, сонын себебінен
отбасында келіспеушіліктер басталады [4-74б].

Қазіргі таңда мұсылмандардың арсында практикалық жағынан үлгі
боларлық жанұялар өкінішке орай өте аз кездеседі. Үлгілі жанұялар
тарихымызда кездескенімен, қазіргі таңда өткеніне із қалдырарлық
жанұялардың сиреп қалуы қатты қынжылтады [5-68б].

Еркек әйелінің, өз туыстарына не қайынжұртына барып - келуіне,
оларға болуы тиіс мәмілеге немқұрайлық танытпауына барынша мұқиат болуы
керек. Екі жаққа деген құрмет бірдей болуы керек. Қарым-қатынастар жиі
де сиректе болмауы қажет. Ері әйелінің өзінен рұқсатсыз басқа
адамдармен жолығуына тиым салуы керек. Әсіресе артығынша шалқыған өмір
сүруге люкс тағамдарға және ысырапқа батқан адамдармен қарымқатынасты
азайтқан жөн. Қорыта айтқанда әйел ерінің рұқсатынсыз еш қайда шыға
алмайды. Бұл мәселені жақсылап түсіндіргені жөн. Егер әйелі еріне
шамасы жетпейтін заттарды алып беруін сұраса, еркек ашық түрде: Біздің
бар байлығымыз осы ғана. Егер оған риза болмасаң қазірден бастан
ажырасып кетуіне болады.- дей алатындай болу керек. Өкінішке орай
көптеген еркектер мал дүниелері жетпеседе намыстанып мұндай шындықты
айтуға батылдары жетпейді. Солай бола тұра қиналып, күйзеліп керек
болсын, болмасын қалағанын алуға тырысып бағады, бірақ қысқа жіп
күрмеуге келмейді ғой. Еркек ысыраптан сақтанған әйеліне әр қашанда
риза болуы керек және әйеліне Неткен тамаша жұмсайсың, ысыраптан
сақтанғаның үшін Аллаһ Тағаланың берекеті бізбен бірге деп көңілін
жұбатуы керек [6-47-48б]. От басылық өмірде ерлі-зайыптылар кешірімшіл
болуды өздеріне дәстүр еруі керек. Адам баласына мән беріп қарасаңыз,
адам әр уақыт бірдей болмайды. Көңілсіз уақыттарыда болады. Мұндай
жағдайларда қызбалыққа салынып, жағымсыз сөздер айтылып қалады. Мұны
тианақ етіп кек сақтауға болмайды. Өз ара түсінушілік құрып кешірімшіл
болу, тіпті ұмыта салу қандай әдемі мінез. Бұл мінез - құлыққа ие
болған адамдар, әрі өздері рахатқа бөленеді әрі басқа адамдарға да
өнеге болады. Жаман мінездер: жеткілікті дәрежеде Аллаһ тағаланы
білмегендіктен және оған деген махаббат пен білімнің жоқтығынан немесе
кемшілігінен пайда болады .

Аллаһ Тағаланы сүйетін ерлі-зайыптылар Рабыларының махаббат
кесксінен нәр алғандары үшін, бір-бірлеріне ғашық әрі жылы жүректі
болады. Тағамдарын бірге ішіп, ұйқтайтын кездеде бірге ұйқтайды.
Көптеген әйелдер бар ерлерін сүйетіндігін айтып жеңістік бермейді әрі
бұл тақырыпқа немқұрайлықпен, селсоқтықпен қарайды. Ерлеріне байленысты
атқарылатын міндеттерден өздерін аулақ ұстағаны үшін опасыздардан,
залымдардан болады. Тіпті құлшылық етуде жәрдемші болуы керек. Кейбір
адамдардың ұйқысы өте қатты болады. Жылы-жылы жағымды сөздер айтып
намазға ойатсын. Таң сәріде құлшылық еткен Аллаһ тағаланың ерекше әрі
таңдалған құлдары. Қандайда бір жанұяда Аллаһ тағаланың әмірлеріне
мойын ұсынған жағдайда өмір сүріліп жатса еш күмән келтірместен жәннәт
өмірінің ләззәтән осы өмірде ақ татқан болады. Көкіріктері ашық болып,
кез келген нәрседен ләззат алады [7-86б]. Сүйгенінен, сүікті
болғанынан, жеп-ішуінен, киім кюінен қорыта айтқанда барлық құлшылық
борышын өтегенінен шаттанып ләззат алады. Мөлшылыққада жоқшылыққада
разы болады. Басқа адамдардың айыбын ашумен әуре болмайды, себебі
әрдайым өз айыптарын түзетумен әуре болады.

Аллаһ тағаланың әмірлері орындалмайтын бақытсыз орталарда болса
ұрыс-керіс, айқай-шу, дауыс көтеру сияқты әрекеттер еш қашан кем
болмайды. Мұндай өмірдің қандай мәні, ләззаті болсын .

Мұндай жаман жағдайлар Исламнан хабары жоқ және тәрбиесіз
надандар арасында көп кездеседі. Бекерден-бекер кызғаншақтык орынды
емес.Әйкел ақылды, парасатты болу керек. Өзін құрметтей білгені жөн.
Мұның жалғыз жолы еріне мойын сұнып мейрімді және сыйлы болу. Ешбір
себепсізден- себепсіз көкіректікке салынып қарсы шығу өз нәпсісінің
айтқанына еру жақсы нәтиже бермейді. Сонымен қатар бір-екі бала тапқан
әйелдерде сөзсіз енді оны өзіме байладымдеген сенім пайда болады [8-
75б].

Сөйтіп, ерлеріне қалай болса менің еркелігімді көтереді, менің
немқұрайлық ісіме риза деген пікірлерге ие болады. Ерім барлық нәрсеге
ризалықпен қарайды деп ойлайды. Уақыт өткен сайын іштей ренжіген
әйеліне деген махаббаты азайып қарсы алдынан тағдыр басқа салған бір
әйел шыға келеді. Өзіне әйелінен өткен шынайы, жанашыр қызыметтер
көрсетеді. Киімі, әдемілігі, тазалығы барлығы орынды. Үй жайынан,
өмірінен безіп жүрген еркек көнілін ол әйелге бұрады. Әйелдің барлық
қылығы оны есінен тандырып, оған деген махаббатты күннен-күнге арта
түседі. Сонда естен шығару мүмкін емес махаббат пайда болады. Есінен
айырлатындай жағдайға жетеді. Сонында көнілінен үйі, әйелі, балалары
барлығы өшеді. Мұндай жағдайда көрген туған-туысқандарының
әурешіліктері босқа кетіп ажырасуға мәжбүр жағдайға келеді. Кейде
еріне байланған, жан-жақты мінезі, жанашыр, көркем мінезді әйелдердің,
ерлерінде де мұндай жағдайлар өте сирек те болса кездеседі. Себебі
әйел және еркектің бір ортада қызымет етуіне байланысты. Француз
жазушысы Пиерре Лоти мұсылман әйелі жайлы былай деді: Мұсылман әйелі
нәзіктігі, парасаттылығы, үйінің тазалығы және орамалынан бастап аяқ
киіміне дейін киінудегі зауқы басқа да бір дүние. Жолдасы риза болғаны
соншалықты бақытты және қунышты күйде, әр күні кешке жұмысынан
сабырсыздық пен үйінен ерте келуге тырысады .Өте мықты да дұрыс
сенімге ие болып, намазын дұп-дұрыс оқыған, оразасын ұстап, денесін
харамнан сақтаған, анасының, әкесінің, ерінің қызметін атқарып,
туысқандарымен және көршілерімен жақсы қарым-қатынаста болған әйел,
қандай абыройлы, және құрметтке лайық болған бір құл. Мұндай әйелге
Аллаһ Тағала риза, баратын жері Фирдәус жәннәті болады инша-Аллаһ [9-
104б].

Исламдағы отбасылық ерекшеліктер.

Бір-бірін жақсы көретіндер үшін некеден артық сүйіспеншілікті
арттыратын нәрсе көргем жоқ[10-123б].

Аллаһ Тағала жанұяны адамзат баласының ұрпақ өрбітіп көбеюіне
бірден-бір маңызды себепші қылған. Жанұя Адам атадан бастау алып,
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінде кемелдікке жеткен.

Ұлы мәртебелі Аллаһ әлемдегі жаратқан нәрселерінің баршасын ерекше
мән бере отырып, кереметпен, асқан шеберлікпен жаратқан. Ерлі-
зайыптылардың арасындағы бір-біріне деген аңсарлық пен сүйіспеншілік,
құштарлық та Жаратушының адам баласына берген тартуы. Аллаһтың
жаратқандарының қай-қайсысын алып қарайтын болсаңыз белгілі-бір
мақсаттың негізінде жаратылғанына көз жеткізесіз. Әрбір жаратылыс осы
мақсатқа сай әрекет еткенде ғана, мәнге ие болмақ. Адамзат баласы да
өмірлік мақсатын жүзеге асырғанда, бақытқа бөленіп, келеңсіз жайттар
мен кертартпалықтардан ада болады. Бір сөзбен айтқанда, екі дүниенің
абыройына бөленеді. Ал, керісінше әрекет етіп, өзіне берілген бар
мүмкіндікті, яғни Аллаһтың жүйесін дұрыс қолданбаған жағдайда, дүниенің
алдамшы қызығына әрі өткінші қызық пен бос селтеңді бақыттылықпен
шатастырып, өз-өзіне бар қайғы-қасіретті сатып алады да, өмірінің
ойранын шығарады.

Ер мен әйелдің арасындағы аңсарлық пен сүйіспеншілік Аллаһтың
қойған заңдылығының бірі [11-142б] Аллаһ Тағала адам баласының
жаратылысына сай сезімдерді беріп, оны қалай қолданудың жолдарын да
айқындап берген. Біз мұның ең озық үлгісін Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
өмірінен көре аламыз. Ислам діні ақиқатқа сай келмейтін, өзге де үйлену
жолдарына үзілді-кесілді қарсы шығып, тыйым салған. Өйткені, бөгде
жолдар түптің түбінде шықпас тұңғиыққа апарып соқтырады. Сондықтан
бізге шаңырақ көтеріп, жанұяны қатықтай ұйытудың жолын адамды жаратып,
оның бойына ақиқат шуағын енгізген, әрі дүниедегі әрбір істің есебін
алатын, барша әлемнің Жаратушысы ғана көрсете алады. Оның көрсеткен
жолынан басқа жол таңдап, заңдылықтарынан аттағанда, ақиқаттан да қол
үзіледі. Ақиқатқа қарай адымдау тоқтағанда, өмірдің де біткені болып
есептеледі.

Енді бір жағынан, адам баласы адамдармен қаумаласып өмір сүруге
бейім жаратылған. Сондықтан қоғамда өмір сүруге мәжбүр. Өйткені
тұрмыстық қажеттіліктер соны талап етеді. Мұның ең маңызды
баспалдақтарының бірі ретінде қоғамның кішігірім бөлігі болып саналатын
жанұяны айта аламыз. Ер мен әйел бір-біріне мұқтаж етіп
жаратылғандықтан, екеуі тұрмыс құрып, жұптаспайынша бақытқа кенеле
алмайды. Ол екеуі бір-бірінің бойындағы кемшіліктерін толықтыра отырып,
өмірден бірлесіп бақыт іздейді. Бұлай дейтін себебіміз, әйел заты
балаға қарауға өте бейім келсе, қара жұмысқа келгенде әлсіздік
танытады. Сондай-ақ, әйелдің нәзіктігі мен үйдегі бітпейтін шаруаларға
төзімділігі тағы бар. Ал еркек болса, дене бітімі қара жұмысқа төзімді,
әйелге қарағанда қайратты келеді. Қызғаншақтық жағынан әйелден озып
түсіп, әйелден осы қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Еркек пен әйел
бір-біріне мұқтаж деген сөзіміздің төркіні осында жатыр. Халық
аузындағы екі жарты бір бүтін сөзі де осыны меңзейді. Оларды адамның
екі аяғына ұқсатуға болады. Бірінсіз бірінің өмірі қиынға соғады. Құран
Кәрімде бұл жайтқа былай назар аударады: (Өйткені бір-біріңді
қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер.
[12-76б].

Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса үмбетінің көп болғанын қалап, оларды
үйленіп отау құруға былайша шақырады: Некелесу менің сүннетім. Кімде-
кім менің сүннетіммен амал етпейтін болса, ол бізден емес. Үйленіңдер!
Өйткені, мен өзге үмбеттердің алдында сендердің көп болғандарыңды
мақтан тұтамын. Кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін. Шамасы
жетпейтіндер болса, ораза тұтсын, өйткені ораза ол үшін қалқан болады
[13-68б].

Аллаһ Тағала некеге ерекше сыр берген. Некенің негізінде керемет,
берекет пен қорғану, сақтану жатыр. Үйлену арқылы өмірін белгілі-бір
жүйеге келтірген адам, өзін Аллаһтың тыйым салған әрекеттерінен қорғап,
ар-намысын былғамай сақтай алады. Қыз бен жігіттің бір-біріне деген
махаббаты мен құштарлығы неке қидырудың арқасында ерекші бір мәнге ие
болады. Бұл тұрғыда Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: Бір-бірін
жақсы көретіндер үшін некеден артық сүйіспеншілікті арттыратын нәрсе
көргем жоқ [14-86б].

Үйленіп, шаңырақ көтеру жеке тұлғаны әбес істерден сақтап қана
қоймайды, қоғамның да азғындауына тосқауыл болады. Өйткені, әрбір жеке
тұлғаның түзелуі қоғамның түзелуі деген сөз. Бұған Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) мына бір хадисі айқын дәлел бола алады: Дініне берік,
әдептілігімен сізді қызықтыратын адам қызыңызды сұрап келсе, оны
үйлендіріңіз. Егер бұлай істемесеңіз, жер бетінде бүлік пен бұзақылық
белең ала бастайды. [15-57б].

Ислам дінінде отау құрудағы негізгі мақсат пен сыр, қыз бен
жігіттің бақытқа жетуі, ұрпақ өрбітіп көбеюі және де күнәдан сақтану.
Жыныстық қатынас арқылы ләззат алуды Аллаһтың адам баласына берген сыйы
деп білу қажет. Аллаһ Тағала ер мен әйелді бір-біріне ынтық етіп
жаратқандықтан, екеуі бас қосқанда ғана бақытқа қол жеткізеді. Құран
Кәрімде бұл жайтты былай баяндайды: Сендерге, оған тұрақтауларың үшін
өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік,
мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда
ойланған елге белгілер бар [16-37б].

Исламда тәрбиенің бастауы мен нағыз орны отбасы болып есептеледі.
Тек қана тәрбие емес, білім мен ғылымның да қайнар бұлағы отбасы.
Аллаһтан қорқу, Жаратушыға, Пайғамбарға деген махаббат та осында
беріледі. Дін, тіл, мәдениет, түсінік пен негізгі ой да осы ұяда
қалыптасады. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің деген ұлағатты сөз
осыдан қалған. Қоғамдағы саналы ұрпақ осы жерде өсіп-өнгендей, егер
тәрбие дұрыс болмаса, қоғам да осы жерде құрып бітеді. Осы шындықты
түсінген ақиқаттың жақтаушылары, қолдан келгенше отбасын түзеуге
барынша ат салысады, теріс пиғылды адамдар да тарихта отбасын бұзудың
мың бір түрлі жолдарын ойлап тапқан.

Ислам діні адам баласының жаратылысы мен болмысына сай түсірілген
ақиқат дін. Бір сөзбен айтқанда, Ислам - адам өмірінің картасы десек
те болады. Өмірдің қыры мен сырын, мәні мен маңызын егжей-тегжейлі
түсіндіріп берген. Адам баласын жұмаққа алып баратын, теңі жоқ сара жол
десек те болады. Исламның айқын бейнесі, шынайы көрінісі соңғы
Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірінде жанданған. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін айтар болсақ, мәңгілік бақытқа жету үшін, Исламның
әмірлерін Сүйікті Пайғамбарымыз қалай орындаса солай орындап, Оның
отбасындай отбасы құруға тырысып бағу қажет.

Отбасы қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Әрбір
отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік қаншалықты мықты болса, қоғамның
діңгегі де соншалықты берік болары сөзсіз. Сондықтан да Ислам отбасына
көп көңіл бөледі. Исламда неке – екі жүректің қасиетті одағы,
сенімділіктің бастауы. Отбасында ең әуелі сенім мен сезім,
сүйіспеншілік пен сыйластық болса, жұбайлардың шырайы артып, қандай
жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы
мен қуанышын бірге бөліскендіктен, тауқыметтің тәлкегі еш ауыр
келмейді. Аллаһ Тағала осы жайлы Құран Кәрім аятында: Аллаһ бір-
біріңмен өмір сүрулерің үшін өздеріңнің араларыңнан сендерге жұбай
жаратқан және араларыңа махаббат пен рахымдылық сыйлап қойған [17-
71б].

Демек, бақытты ғұмыр кешу үшін отбасы болуда жақсы жар таңдау
барысында өте мұқият болу керекті. Бұл жайлы Пайғамбарымыз
Мұхаммед(с.а.у.) : Бір кісі әйел затына төрт ерекшелігі үшін
некеленеді. Дүние-мүлкі, тектігі, сұлулығы және діндарлығы үшін
үйленеді. Сен бұлардан діндар болғанын таңда, үйің берекеттенсін десе,
Абай атамыз да өзінің өлең шумақтарында:

Жасаулы деп, малды деп, байдан алма,

Кедей қызы арзан деп, құмарланба.

Ақылы бар, ары бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма – деген [18-36б].

Қазіргі таңымызда үйленетін жастар көбінесе әйелдің сұлулығы мен
дүниесіне қарайды. Бұлардың уақытша екенін аңғара бермейді. Егер ерлі-
зайыптылар өмірлерін дүниеге, ойын-сауыққа негіздеп үйленсе, бір-біріне
деген махаббаты қу дүниеге ауып ақыры ажырасып тынуы әбден мүмкін.
Сондықтанда ер кісі өмірлік жан-жарын, дүниедегі сүйіктісі мен
сырласын таңдауда, аяғын шалыс баспай табуы тиіс. Пайғамбарымыз
(с.а.у.): Әйел заты - адамгершілік тұрғыдан зайыбың, дінде бауырың-
деп насихаттайды. Міне,енді сол ерлі-зайыптылардың осы өмірдегі бір-
біріне деген міндеті мен жауапкершіліктеріне аздап тоқтала кетсек.

Аллаһ Тағала ер кісі мен әйел затын өзіне тән ерекшеліктермен
жаратқан. Қоғамда және отбасында өз орындары және ақылары мен
жауапкершіліктері өзгеше. Тәпсіршілердің кейбірі Құрандағы Зәуж яғни
жұбай сөзінің бір мағынасы да аяқ киім дегенге келеді деп
тәпсірлейді. Демек ерлі-зайыптылар аяқ киім іспеттес. Оң аяққа сол
аяқтың аяқ киімін, сол аяққа да оң аяқ киімді кие алмауы мүмкін
болмайтыны сияқты, ер кісінің міндеті мен жауапкершілігін әйел кісі,
әйел кісінің де бала бағып тәрбиелеуі мен үйдегі тіршілікті ер кісінің
орындай алмайтыны айдан анық [19-73б].

Аллаһ Тағала ер кісіге – күш - қуат, шыдамдылық, төзімділік және
сабырлылық, қандай да бір істің ақырын тұжырымдау, әрбір істің алдын
алу, жігерлік сонымен қоса ақыл-парасат т.б. сол сияқты ерекшелік
қасиеттермен қамтыған.

Ал әйел затына – сезімталдық, нәзіктік, мейірімділік және
сыпайылық, ұялшақтық, ибалылық, бар жанын баласы үшін аянбайтын және
нәсілдің қорғауы мен тәлім тәрбие міндеті т.б. көптеген ерекшелік
қасиеттер берген. Психологтар жалпы алғанда ер кісі әйел затына
қарағанда, қайғы-қасіретке төзімді, әрбір жағдайда ақыл-
парасаттылығымен шешім қабылдайтындығын айтса, әйел кісі болса,
жаратылыс жағынан өте нәзік жаратылғандықтан көбіне сезім арқылы шешім
қабылдап,алданғыш және көп нәрсеге сенгіш келетіндігін айтады. Сонымен
қоса Исламда отбасында түсініспеушілік кеңінен етек алғанда яғни
шаңырақ шайқалар шақта, соңғы шешім ажырасуды яғни талақ айтуды
еркісіге берілген. Ислам отбасын байлық немесе тек төсек ләззатына яки
сыртқы әдемілікке емес, ең әуелі сенім мен сүіспеншілік және
түсініспеншілік негізінде құруды қалайды [20-83б].

Жанұядағы сүйіспеншілік пен тәртіп.

Ислами жанұя ең алдымен иманды жігіт пен қыздан құралатындығы
баршаға аян. Жанұяның қандай екендігі осы екеуінен айқын байқалады.
Егер екеуінде де шалағайлық, олақтық басым болса, мұндай жандардың
өнегелі жанұя құрулары мүмкін емес. Жанұя үшін ең басты әрі өте маңызды
жайт, екі жастың мұсылмандық сипатқа лайық болуымен қатар жанұядағы
құқықтық мәселелердің әділетті түрде шешілуі [21-87б].

Жанұядағы құқықтық жағдай қалай болуы керек? деген сұраққа
берілген жауаптар адамдар арасында талас-тартыс тудырып, шешімін таппай
жалғасып келе жатқан мәселелердің қатарына кіреді. Еркек пен әйелдің
тегі мен атағана қарай беріліп жататын пенделік шешімдер ешқашан еркек
пен әйелдер ортақтасып құптайтын шешімге жатпайды.

Аллаһқа сенетін әрі Аллаһтың әмірлеріне берік мұсылмандар үшін
айқын аяттар арқылы көрсетіліп берген жанұя құқығы еш талас тартыс
тудырмай қабыл етілетін әділ құқық болып табылады. Құран Кәрімге иман
келтірген мұсылман ретінде Жанұядағы құқықтық жағдай қандай болу
керек? деген сұраққа Құран Кәріммен жауап беріп, соған байланысты
аяттарды қысқаша түрде баяндап береміз [22-47б].

Бірлік пен ынтымақты көксейтін Ислам діні жанұяда да бірлікте
баса назар аударады. Жолға шыққан кезде де жолаушыларға араларынан бір
жолбасшы тағайындауды талап ететін Ислам діні өмір бойы жалғасатын
жанұялық өмірде де жанжалдың алдын алу әрі қатықтай ұыйыған жанұя болу
үшін биліктің керектігін негізге ала отырып мұны ер кісіге берген.

Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Аллаһ бін-бірінен артық
қылды. Сондай-ақ малданрынанда пайдаландырады (әйелдерге мәһір, нәпақа
береді). Ал енді жақсы әйелдер бойсұнушылар, Аллаһ қорғауға бұйырған
көмескі нерселерді (абыройын) қорғаушылар [23].

Жанұяның тұрмыстық қажеттіліктерімен қатар жанұяны басқару
міндеті еркекке берілген. Егер еркекке сен отағасысың, қалай билесең де
өз еркің делінетін болса, әділетті бір отағасы емес, залым отағасы
болары хақ. Алайда әлемнің Раббысы болған Аллаһ Тағала еркекті бұл
мәселеде де еркіне жібермей, жанұясының алдындағы міндеттері мен оларға
қарау керектігін ашық түрде баяндап берген. Осы үкімдердің орындалуына
мән беретін отағасының алдындағы әйелдің міндеті жоғарыдағы аятта
айтылғандай шын ықылыспен мойынсұну. Аллаһтың әмірлерін бұлжытпай
орындағын пайғамбарларға немесе әміршілерге бойсұну, Аллаһқа
мойынсұнғандық болып есептелсе, Аллаһтың әмірін негізге алатын мұсылман
отағасына Аллаһтың айтқанындай дәрежеде мойынсұну да шын мәнінде
отағасына емес, Аллаһқа мойнсұғанмен пара-пар.

Аллаһтың әмірін орныдау мақсатыпен Адамға (ғ.с.) сәжде қылған
періштелер шын мәнінде Адамға (ғ.с.) емес Аллаһтың әміріне мойынсұнып,
Аллаһтың әмірін орындаған. Сондықтан да мұсылман бір әйелдің мұсылман
ерге мойынсұну Аллаһтың үкіміне мойынсұнғандық әрі тақуалықтың белгісі.
Шын ықыласпен орындалуы талап етілген осы бір әмір орындалмайтын болса
яки немқұрайлық танытылған жағдайда, Аллаһ Тағала пайғамбардың
әйелдерін мысалға ала отырып, нәтиженің қандай боларын айқындап берген:

Сол уақытта пайғамбар (с.а.у.) кейбір жұбайына берген сырды ол
басқаға хабарлап қойған сәтте Аллаһ оны Пайғамбарға білдірді. Бірақ
Пайғпмбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда
оны жұбайына білдірген сәтте, ол: Бұны саған кім білдірді?-дегенде,
Пайғамбар(с.а.у): Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Аллаһ
білдірдідейді. Егер екеуің Аллаһқа тәубе етсеңдер жақсы. Расында
жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе
болыссаңдар, оның иесі Аллаһ және Жәбірейіл (ғ.с.) де, игі мүміндер де
тағы олардан кейін періштелер де оған болысады. (Ей, Пайғамбардың
жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден
жақсы, мұсылман, мүмін, бойсұнушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза
ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін [24].

Аллаһ Елшісі мен оның пәк жұбайларына айтылған осы аяттар
Пайғамбарымыз (с.а.у) үлгі тұтатын барша мұсылмандарға әрі сол
мұсылмандардың әйелдеріне тиісті екендігі күмәнсіз. Аллаһтың әмірін
бұлжытпай орындайтын отағасына Аллаһ, періштелер, Жәбірейіл және салих
мүміндер болсын. Мұны мүмін отағасына қарсы келетін әйелдер ұмытпаған
жөн болар. Сондай-ақ егер райынан қайпайтын болса, олармен бітісе
алмаған күйеулеріне Аллаһ Тағала олардан әлде қайда артық жұбайлар
беретіндігін назарда ұстағандары абзал.

Мұндай жағдайларда мәселені Күйеуден ажырассам не болыпты? деп
емес, Аллаһтан, періштелерден және күйеуімнен қол үзіп алсам не
болады? деп шешкен дұрыс. Өйткені мұндай ажырасуда
Аллаһтың,періштелердің және салих мүміндердің кімге жақ болатынын аятта
ашық баяндаған.

Жанұяға басшылық ететін еркектің жағдайы әйелдерге қарағанда өте
ауыр, өте мүшкіл деуге болады. Өйткені әйелдер мойынсұн деген әмірді
орындайға тиісті болса, басқарушы рөліндегі еркектер басшылыққа
байланысты міндеттердің барлығын орындайы керек болып отыр. Оның
жауапкершілігі үлкен. Мұсылман отағасының қол астындағыларға қөрсететін
ең басты міндетті жылыжүзділік танытып, мейіріммен қарау:

Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және
әке-шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, жан
жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар.
Негізінен Аллаһ тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді [25].

Егер отағасы жанұяның қазеттіліктерін тауып беріп, өзінің қолына
қаратпай, жанұя мүшелеріне дұрыс тәрбие беретін болса, отағасының
жанұясына көрсеткен жылы жүзі мен мейірімділігі сол болмақ. Дегенмен
жанұя мүшелерінің барлық талаптарының дұрыс-бұрыстығына мән бермей
орындауды міндетті толық атқарғандықпен шатастырмаған жөн. Басшылықты
қолға алған барша мұсылмандар әрбір ісінің ең алдымен Аллаһ пен Оның
елшісінің көрсеткен жолына сай келетін не келмейтінін назарда ұстаулары
керек. Аллаһ пен Елшісінің қойған талаптарын жұбайы мен балаларының
талаптарынан жоғары ұстап, шешімдерін осыған байланысты шығарғандары
жөн:

(Мұхаммед (с.а.у.)): Егер әкелерің, балаларың, туыстарың
әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарың, тоқтап қалуынан қорыққан
саудаларың, жақсы көрген үйлерің сендерге Аллаһтан, Пайғамбарынан әрі
оның жолында соғысудан артық көрінсе, Аллаһтың әмірі келгенге дейін
күтіңдер де. Аллаһ бұзық қауымды тура жолға салмайды.

Ей, мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен, балаларыңнан өздеріңе дұшпан
болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер,
шығыссаңдар, жарылқасыңдар, шәксіз Аллаһ өте жарылқаушы, ерекше
мейірімді [26].

Екінші аятта Сөзсіз әйелдеріңнен, балаларыңнан өздеріңе дұшпан
болатындар да бар... деген бұйрықтағы жұбайымыз бен балаларымыздың
кейбір қалаулары деп түсінгеніміз жөн. Мұны олар біліп яки білместіктен
істеуі мүскін. Міне мұндайдан сақтанудың жолы Аллаһтың әміріне мән беру
арқылы болмақ. Сондықтан мұсылман әйел ретінде күйеуіңізден бір нәрсе
талап еткенде немесе мұсылман ер ретінде әйеліңіздің қалауын орындайтын
жағдайда міндетті түрде Аллаһтың қойған заңдылығын негізге алғанымыз
жөн [27-66б].

Мәселен Аллаһтың елшісі ханымдарының қалаулары мен олардың
разылығына бөлену мақсатымен, енді бір риуаятқа қарағанда бал жемегенім
болсын (басқа бір риуаятқа қарағанда бір күніңе жақындамау) деп ант
еткен болатын. Осыған байланысты түсірілген аятта Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай деп ескерту алған:

Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Аллаһтың өзіңе халал
еткен нәрсесін неге арам етесің? Аллаһ тым жарылқаушы, ерекше
мейірімді. Расында, Аллаһ анттарыңды шешуді парыз қылды. Аллаһ иелерің.
Ол толық білуші, аса дана [28-72б].

Осы аяттарды негізге ала отырып, өздеріне адал етілгенді арам деп
есептейтін еркектерді санап жатпаймыз. Өйткені ханымдарының разылығын
көздеп Аллаһтың адал әмірінен гөрі, жұбайларының разы болуын қалайтын
қаншама еркектер бар. Әрбір отағасы егер де жүрегінде Аллаһ пен Оның
Елшісіне иман келтірген болса, өздері мен жақындарын тозақтың отына
түсіруге емес, өздері мен жақындарын оттан қорғауға міндетті:

Ей, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен
тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан
денелі, қатал. Олар Аллаһтың өздеріне берген әміріне қарсы келмейді. Не
бұйырылса, соны орындайды [29-88б].

Жанұясын, жары мен балаларын жақсы көретін мұсылман еркек қолынан
келгенше оларды отқа түсуден сақтап, оларды жақсылыққа үгіттеуге тиісті
емес пе? Жанұясын жақсы көретін, жанұясымен екі дүниеде де бірге
болғысы келетін мұсылман әйелдер үшін дәл осы сөзді айтуымызға болады.
Олардың да аңсары жұмақ болғандықтан күйеуінің көңілін жұмаққа кірермін
деген үмітпен табуға тырысады. Отағасының жанұясын намаз оқуға шақырып,
бұған ерекше назар аударғандығы сол жанұясына деген жанашырлығының
белгісі:

Үй ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен
ризық тілейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән
[30].

Жақсылыққа шақырудағы оның бір беткейлігін өзгелерге жасалған
қастандық деп түсінбеуіміз қазет. Мұндағы бір беткейлік шындық
жолындағы ұстамдылықтың нышаны. Аса мәртебелі Раббымыз жер мен көкке
екеуің де ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер деп бұйырған, жер мен
көк те бөйсұнған түрде келдік деп жауап беріп, әмірді бұлжытпай
орындаған. Алайда мұндағы екеуінің де ерікті немесе еріксіз түрде
келіңдер деген әмір ешқандай еркіндік пен таңдау берілмеген жер мен
көкке айтылып отыр. Ал, адамдарға келетін болсақ, ооларға Аллаһқа
құлшылық қлуда ерік берген. Содықтан адамдарды құлшылыққа шақырғанда
әмір етілгендігі үшін ғана емес, ең алдымен өз қалауымызбен орындауға
ден қойғанымыз жөн. Адамдардың таңдау құқы бар екендігін жылы сөз,
дұрыс әдіспен түсіндіруіміз қазет. Адамдарды Раббымыздың әмірін
орындауға шақырмастан бұрын ол істің маңызы мен мәнін, не үшін орындау
керектігін, орындаған яки орындамаған жағдайда не болатындығын, соңы
қандай нәтижемен бітетіндігін адамдардың түсіну қабілетіне қарай
мысалдармен жеткізуіміз қазет [31-127б].

Ал егер Исламның қадидаларына құлық танытпай қарсылық білдірген
жағдайларда олармен қырық пышақ болып тартысудың немесе қинаудың қажеті
жоқ. Егер келіспеген яки түсініспеген жағдайда мәселені ушықтырмай
еркек ретінде әйелмен ажырасуға яки әйел ретінде ажырасуды талап етуге
құқығымыз бар. Әйелдерге ажырасу емес, ажырасуды талап ету құқығының
болуы әйелдердің құқығын таптағандық емес. Өйткені жанұяда әйелі
күйеуіне жауапты емес, керісінше, күйеуі әйелі үшін жауап береді.
Сондықтан күйеуін жақсылыққа шақырғанмен сөзі тыңдалмаған әйел өзінің
құлдық міндетін орындап құтлуға мүмкіндігі бар. Бірақ дәл осы жағдай
әйелдерге жауап беретін еркектер үшін жүрмейді.

Жоғарыда айтып өткен ажырасу немесе ажырасуды талап ету құқығы,
мәселе қатты шиеленіскен жағдайда ғана қолданыланын құқық. Өткені
ажырасу кейбір риуаяттарға қарағанда Аллаһ сүймейтін іс. Бір-біріме
жақтырмайтын кейбір болмашы нәрсеге бола ренжісіп, отаудың ойранын
шығарып, балаларын әкесіз қалдырған адамдар үлкен обалға қалады. Бір-
бірінен өзгеше, екі түрлі мінезді, екі түрлі жаратылыс ретінде біріміз
ұнатқанды екіншіміз ұнатпайтынымызды білген Аллаһ Тағала мұндай
жағдайларда қандай жолды ұстану керектігін былай баяндайды:

Ей, мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың
халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды
зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен
жақсы шығыссаңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған
нәрселеріңде Аллаһтың көптеп жасап қойған қайыры болуы мүмкін (яғни,
әйелдің келбеті, мінезі сендерге жек көрінсе де шығысыңдар, басқа түрлі
қайыр болуы мүмкін) [32-164б].

Жұбайларымыздың бойынан ұнатпайтын бір нәрсе көрген кезімізде
мұның біздер үшін қайырлы болуы үшін, сол нәрсеге Аллаһ разылығы үшін
сабыр етіп, тіпті кешірім жасап, қала берді көрсек те көрмегендей
болуымыз керек. Сонда ғана сол істен ұтымды нәтижелерге қол жеткізе
аламыз. Аллаһ разылығы үшін (Аллаһтың кешіретін нәсесін) кешірген
кешіріледі... деген уәдені ойлауымыздың өзі, мұндай жағдайлармен
ұшырасқанда қайырлы нәрсе алдымен көруімізге септігі тиеді.

1.2. Отбасы және неке мәселесі.

Үйленуді араб тілінде зәуәж немесе никах дейді. Біздің қазақ
тіліндегі неке араб тіліндегі никах сөзінің өзгертілген түрі.Некенің
тілдік мағынасы бірігу, жиналу, яғни төсек жақындығында болу дегенді
білдіреді [42].

Шариғатта үйлену Құран, сүннет және ижмаға сүйенеді. Үйленудің
үкімі – бекітілген сүннет [33].

Үйлену жайында Құран Кәримде былай дейді: Сендерге ұнаған
әйелдерден екеуін, үшеуін және төртеуін алыңдар. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) бір хадисте: Ей, жастар тобы! Іштеріңнен кімнің күші жететін
болса үйленсін. Өйткені уйлену арқылы көзін харамдарға қараудан
сақтайды әрі мүшесін қорғайды. Ал, егер кімнің күші жетпей жатса ауыз
бекітсін. Өйткені ораза оның қалқаны [34].

Үйлену адамдардың жағдайына қарай өзгеруі мүмкін болған жағдайлар.

Уәжіп болу. Ғаламдардың пікірі бойынша, үйленбеген жағдайда зинаға
ұрыну қаупі туса және материалдық күші жетіп тұрса үйлену уәжіп.

Харам болу. Үйленген жарына зарар беретіні, мысалы, себепсіз ұрып-соғу
т.б. белгілі бола тұра үйлену харам деген үкім алады. Зина жасау мен
қианат ететінін біліп тұрып ұйлену де харам.

Мәкрүһ болу. Зарар беретіні айқын болмаса да зиан тигіземін деген қауіп
болмаса, мұндай жағдайда үйлену мәһрүк.

Мустахаб және мәндуб болу. Ғаламдарымыздың көпшілігінің пікірі бойынша,
егер күші жерсе, зиан тигізбейтіндігіне көзі жетсе үйлену сауапті іс.

Некенің рүкіні.

Некенің өзіндік парызы мен шарттары бар. Осы парыздар мен шарттар
некенің толық болуы үшін өте маңызды. Некенің парызы екеу.

a) Ұсыныс. Қыздың не ердің аузынан шығатын үйлену сөзі. Мұны
шариғатта ижаб дейді.

b) Қабыл ету. Біріншісінің үйлену жөніндегі ұсынысын екіншісінің
қабыл алуы. Мұны шариғатта қабул деуді.

Некенің шарттары.

Некенің төрт түрлі шарты бар: Иниқад, сиххат, нәфәз және ләзім. Енді
осларға тоқтала кетсем.

Иниқад шарттары.

1. Некеге отырушылардың шарттары:

a. Некеге отырушылар ақ пен қараны ажырататын жасқа толулары
керек.

b. Некеге отырушылар бір-бірінің сөздерін түсінулері тиіс. Өйткені
бір-бірінің сөздерін түсініп есту, осы арқылы ниеттерін білдіру
маңызды.

2. Тұрмысқа шығатын қызға қойылатын шарт:

a. Әйел жынысынан болуы. Әйел не еркектігі белгісіз адамды
әйелдікке алу харам.

b. Әйел мен ер арасында мәңгі неке кедергісінің жоқтығы.
Қарындасы, қызы, немересі, нағашы әпкесі сиақты неке
кедергілері бар болса қиылған неке батыл деп есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислами тәрбие беру
Тәрбие және оның даму тарихы
ИСЛАМДАҒЫ ТАЛАҚ МӘСЕЛЕСІ
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР
Педагогикалық практикаға есеп беру
Хз. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі
Мұсылмандықтағы жанұяның орны мен мәні
Жар таңдаудағы діндарлықтың маңызы
Құрандағы ахлақ мәселесі
Ислами тәрбие
Пәндер