Исламдағы тұңғыш соғыс
Исламдағы тұңғыш соғыс
Бедір соғысы
Бедір, Мединеге 80 шақырым аралықтағы ауыл еді. Сирияға баратын керуен
жолында жылына бір рет жәрмеңке ашылатын. Мүшріктер мен Мұсылмандар
арасындағы тұңғыш соғыс осында туылды. Құрайыш Исламға дұшпандығынан уаз
кешпеді. Көштен кейін Мединенің ақсақалдарынан Абдұлла б. Үбайдан Мұммедті
не өлтіруін, не Мединеден қуалауын тіледі, егер тілегі орындалмаса,
Мединенің шабуылға ұшырайтынын білдірді. Әбужәиилде Кағбада Садқа осы
тектес сөздер айтқан болатын. Құрайыштың кейбір ұшқарылары Медине
төңірегінде айналсоқтап, жайылымдарға шабуылдай бастады. Құрайыш соғыс
дайындығы үшін Сирияға Керуен жолдады. Мұсылмандар керуеннің жолын тосуды
ойлады. Абдұлла Жақыштың жортуылында тұңғыш оқ атылып, тұңғыш адам өлуі,
отқа май кұйғандай болды. Сауда жолының қауіпке ұшырағанын сезген Құрайыш,
батыл әрекетке кірісті. Соғыс дайындығы үшін Әбу Сұфиян керуенмен Сирияға
жіберілді. Экономикалық соғыс басталған еді. Мұсылмандар Меккеде қалған мал-
мүлкін Құрайыштан келісіммен, ала алмайтынын сезді, жуасыған сайын жүндей
бастады. Сондықтан олар да жан-жаққа шолғыншы жіберіп өзін көрсеткісі
келді. Бедір Соғысы бұрыннан жоспарланған емес, кездейсоқ ортаға шықты.
Мұсылмандар мүлде дайындықсыз болатын. Аяқ астынан соғысуға мәжбүр қалды.
Әбу Сүфиянның басшы, Амір б. Ас көмекшісі болған, 30-40 кісілік қорғаушымен
шыққан керуенді, әйелдерді қамтыған, бүтін Меккеліктер жолдаған болатын.
Хазірет Пайғамбар, Талха, Ұбайда,Сад б. Зейтты керуенді шолып келуге
жіберген. Хаураға барғанда керуенің Сириядан қайтқанын біліп, Мединеге
хабар жіберді. Хабардан бұрын Пайғамбар Сахабаларымен кеңес құрған.
Керуендегі мал, ертең Мұсылманға қарсы соғыста қолданылар еді, бұған бір
шара көру қажет болды. Екі ұдай болған Сахабалар мен Енсарлар бір байламға
қеле алмады.
Әбу Сұфиянда керуеннің кедергіге ұшырайтынынан хабарланған, қорқа бастады.
Дамдам б. Амір Гипариды жалға алып, Керуен қауіпте, Мұхаммед жол кесті,
малдан айрылатын болдық, тез жетсін, деген хабармен Меккеге жолдады. Дамдам
шөлдерден асып Мекке қойнауына таяғанда, аянышты көріну үшін, түйесінің
құлағын кесіп, мұрнын тесті, ерді теріс ерттеді, киімдерін жыртып, түйе
үстінде ойбайды салды:
— Ей Құрайыш, тез жетіс, көшекші шаптыр, Әбу Сұфия керуеніндегі малды
Мұхаммед талайтын болды, жүгір, жүгір!
Әбужәһил дереу Кағбаның қасына халықты көмекке шақыра бастады. Бұғанда
әсілінде керек жоқ еді, бүтін халықтың керуенде малы бар болатын.
Құрайышта Мұсылмандарға қарсы қатал әрекетті қолдамағандарда жоқ емес еді,
Хабашқа көшуге зорлау, қысым көрсету, мал-мүлкін тастап, Мединеге көшуге
мәжбүр ету, Мұсылмандарға жасалған зорлық еді. Сондықтан бұл адамдарға
қарумен килігу қаупінен тартынғандар болды.
Әбужәһил халықты соғысқа желіктерді. Абдүлла б. Жақыштың оқиғасында өлген
Амір Б. Хадрамидің інісіде Әбужәһилмен бірге, халықтың қанын қайнататын
сөздер сөйлеген, Құрайыштың бәрі аттанды, өзі бара алмағандар орнына кісі
салды, Әбулахаб науқас болғандықтан орнына төлем берді. Жолға шыққандар
ішінде Әбужәһилдің тілінен қорыққандар да бар болатын. Құрайыш мықтыларынан
Үммейе б. Халеф қақтығысқа атылуды қажет көрмегендіктен бармауға қарар
берген. Келіскен, ірі адам еді. Оның бармайтынын естіген Әбужәһил мен Ұқбе
б. Еби Муайт оны Кағбада тосып алды: Ұқбе Бұхұрданды (иісті құты) Үммейеге
беріп:
— Ал, қатындар сияқты, исмай түтет, -деді. Әбужәһид қолындағы сүрме құтысын
созып:
— Мінеки, сүрме сүр, қатыннан не парқың бар, деді - Еркек болып соғысқа
кетпей, қатын болып үйде қалдың деп кемсткен еді. Үммейе бұл қорлыққа
шыдамай қайраттанып орнынан тұрдыда: Мекке қойнауындағы ең жақсы түйені
дайындаңдар, -деді Меккеде Соғыстан ешкім қалмады.
Ұғұд соғысы
(Көштің З-жылы)
ҚҰРАЙЫШТЫҢ БЕДІРДІҢ КЕГІН АЛУҒА ДАЙЫНДАЛУЫ
Бедір соғысында жеген ауыр соққыдан, Құрайыш Әбу Сұфиянның
қолбасшылығындағы шағын кісілік Талқан Шайқасымен өш алып, өшпенділік отын
баса алмады. Ирақ жолымен Сафуан б.Үммейе бастауында Шамға жолдаған сауда
керуені Нежитде Зайд б. Харисе шабуылына жолықты. Бұл Құрайыштың лаулап
тұрған өшпенділігіне май құйды. Әбу Сұфиянның Шамнан әкелген керуен малы
Даруын-Недуеде болатын. Бедірдің кеселімен есеп жасалмаған. Жұбайыр б.
Мұтім, Сафуан б. Уммейе, Ікріме б. Әбу жеһил, Харис б. Хишам, Хұбейт
Әбдлұзза қатарлылар, Құрайыштың бастығы болған Әбу Сұфиянға:
— Мұхаммед біздің мықтыларымызды өтіріп, бізді құртты. Өш алатын уақтымыз
келді. Керуендегі малды иесіне берейік, қалған пайдасымен Мұсылмандармен
соғысайық,"- десті.
Бұл ұсыныс қабылданды. Кіре тартудан түскен пайда 50 мың динар еді. Бұның
жиырма бесмыңы төңіректегі рулардан әскер жинауға айырылды. Мүшріктер,
Бедір соғысында Мұсылмандарды елемей, ауыр соққы жегендіктен, бұл жолы
толық дайындауға бекіді, осы мақсатты бекемдеу үшін, әркімді қайраттандырып
әскер топтады. - Ақындарды, шешендерді ұран салуға рулар арасына жолдады.
Әйгіл ақын Әбу Аззе рулар арасына барып, Арабтарды Мұсылмандарға
қарсы желіктірді. Бұл ақын, ұмытпасаңыз, баяғыда, Бедірде қолға түскен.
Құтылуға төлейтін ақшасы болмағандықтан, Мұсылмандарға қарсы келмеу-
шартымен, ақшасыз босатылған. Енді міне, уәдесін аяққа басып, бүтін
Арабтарды Мұсылмандарға қарсы желіктіруде. Мұсылмандардың оған уәдесіне
және оның қылығына қараңыз.
Бұл жолы, Арабтарды Мұсылмандарға қарсы желіктіру онша қиынға соқпады,
өйткені олардың көбі Құрайыштың сауда керуені келіп-кеткенде пайда көретін,
сондықтан, Құрайышқа қосылды. Төңіректегі рулардан екі мың әскер жиналды.
Бұған Меккеліктер қосылып үш мың әскерлік армия болды. Армияда 700 сауытты
сарбаз 200 ат. 3 мың түйе болды.
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘРМИЯҒА ҚАТЫЛУЫ
Әбу Сұфиянның әйелі Хінд бастаған әйелдер әрмияға қатылуды тіледі. Құрайыш
бұл мәселені ақылдасқанда, кейбіреуі қосылуын жақтады:
— Әйелдер, біздің дұшпанға қарсы өшпенділігімізді арттырады, Бедірде
өлгендерімізді есімізге салады, бізде жан ұшыра соғысамыз. Не өшімізді
алармыз, не осы жолында жан берерміз".
Кейбіреулері әйелдердің әрмиямен бірғе шығуына қосылмады. Олар:
— "Әйелдерді жолға шығарғанымыз дұрыс емес, қауіпті. Шегінер
болсақ, әйелдеріміз масқара болып, абыройынан айрылады", -деді.
Олардың сөзіне киліккен Әбу Сұфиянның әйелі Хінд, қызы Ұтбе:
— Сіз Бедірде бас ип, әйелдеріңіздің жанына оралдыңыз! Солай, Біз соғысқа
шығамыз! Бірге боламыз, Бізді ешкімде тоса алмайды
Хіндтің айтқанындай әйелдер әрмиямен бірге шықты. Болар он бес әйел болып,
көбі балаларын өлтіргендердің қанын ішуге ант еткен. Бұлардың ішінде Хінд
бастаған, Әбу Жәһилдіңұлы Іркименің әйелі Үмму Хакім, Харис б. Хишамның
әйелі, әрі Уәлиттің қарындасы Фатима, Сафуан Үммейенің әйелі және Месұд
Софакидің қызы Берзе, Әмір б. Астың әйелі Рита күйеулерімен бірге еді.
Мұсаб Үмейрдің шешесі Ханас да ұлы Әбу Азізбе бірге болатын. Әйелдер дап
соғып, өлең айтып отырды.
Құрайыш әрмиясы Меккеден шығып, Мединені бетке алып ілгеріледі. Ебуа
ауылынан өткенде өшпенділік пен кекалу ниетінен көзі қарауытқан кейбіреуі,
Хазірет Пайғамбардың анасы Әминаның қабырын ашып, сүйекпен шығарудай арам
ойда болған. Егер Құрайыш ақсақалдары, Арабтар арасында жаман әдет болар
деген қорқымен шектемеген болса, есуастар тұрпайы әрекетті істеп, қабырдан
сүйекті, шығарар еді. Құрайыш ақсақалдары: "Бұл іске жол бермейік, жаман
әдет болар, кейін, Бейр әулеті мен Хұза әулетінде бізге осыны істеп,
қабырларымызды ашып, сүйектердің берекесін кетірер деді. Тек қана осы
алаңмен Пайғамбардың анасының қабырын қозғайды. Әйтпегенде бұл әрмияның
шабуылы қабырдағыларға да тыныштық бермейтінеді.
Хазірет Пайғамбардың немере ағасы Аббас әлі Мұсылман болмағанымен,
Пайғамбарды жақсы көретін. Бұл мейірімін Акабе Келісімінде көрсеткен. Сол
кезде Әуіс пен Хазрежге:
—" Егер Мұхаммедті ұрпақтарыңыздай қори алмасаңыз, ерте бастан айтыңыз. Біз
бұрынғымыздай, бұдан кейін оны қорғаймыз", -деген.
Бедір Соғысында Аббас қолға түскенде, жақсы мәміле көрген. Хазірет
Мұхаммедті жақсы көргендіктен, оны қимайтын Құрайыштың Мединеге қарсы жорық
аттанғанын білдіру үшін үш күнде жету әмірімен, бр адамнан Мұхаммедке хат
жолдады. Хатта Құрайыштың әрмиясы мен дайындығынан білгі берген. Хабаршы
Аббастың хатын алып Мекке мен Медине арасын үш күнде алып, тау асып, тас
басып, хатты аман-сау жеткізді.
Хазірет Пайғамбар хатты алысымен, қасындағы Абай б. Қабқа оқытты, жасырын
ұстауын тіледі. Сад Ребидің үйіне келіп, хатты көрсетті, хабарды одан да
жасырын ұстауын өтінді өйткені, шара көрмей, халықты алаңдату көңілді
қаболжыту, залал келтірер ед. Алайда Садтың әйелі бұл хабарды естіді де,
әйел құлағына тиген соң сыр болудан қалып дереу жайылды.
Хазірет Пайғамбар жау жағдайын шолу шін Енес пен Мұниаті шолғықта
шьіғарды. Бұлар Құрайыштың Медине төңірегіне жақындағанын, ат-түрлерінің
Медине жәйілімінде жүргенін білдірді. Пайғамбар осыдан кейін, жаудың
шөлшерінен, тағыда етжей-тегжейлі білгі алу шін Хұбап Мүнзірді жібері.
Хұбаптың хабары, Азбасхатының дұрыстығын көрсепі. Аяқ астынан жасақты
армияға қарсы келгенде әрі сасып қалды. Тұтқиыл шабуылда сасып қалмау үшін
түйінді орындарға қарауыл қойды.Бұл түнді бүтін Медине қорқынышпен өткізді.
Мединенің мықтылары қолдарына қару алып, Мешттің алдында тосты.
Таңертең Хазірет Мұхаммед бір соғыс кеңесін құрды. Бұған Мисажірлер,
Енсардың ақсақалдары, тіпті бұзығыншылардың басшылары да шақырылды. Ортаға
түскен алғашқы пікір, қаланың іштен қорғанысы еді. Әйелдер мен балалар
қауіпсіз жерге орналастырылу керек. Мединенің қақпалары жабылады, осылайша
қаланың ішінде тосылады. ұшпан қалаға шабуыл жасаса, іштен қарсылық
беріледі. Сахабалардың ойы осы болды: Бұзғыншылар басы Абдұлла Б. Ұбайда
шынымен осы пікірде болатын. Ол:
— Ей Пайғамбар, қаланы ішінен қорғайық, жау қалаға жақындаса, әйелдеріміз
тас лақтырар, бізде қылыштасармыз, біздің қаламыз қорған сияқты, оған ешбір
жау кірген емес. Бізге шабуыл жасаған жауды әрқашан да жеңгеміз, сыртқа
шыққанымызда да жеңіс бізге тән болған. А, Құдай, бұл жолы да осылай
қимылдайық. Өйткені мен бұл қорғанысты аталарымнан үйрендім, ұлтымның жол-
жосынынан аңғардым, -деді.
Шынында да осындай қорғаныс керек еді. Мединенің жан-жағы биналар мен,
тамдармен қоршалған, өткелдері әскери бекіністермен бекемделгендіктен
қорған бішімінде еді. Біраз уақыт Медине ішінде табандылық етсе, Құрайыш
сыртта қолбасшылық құрып, Мұсылмандырдың шығуын тосады. Рулардан жиналған
шөл Арабтары, тоса-тоса торығып, бір бөлімі безіп кетеді, осылайша жау күші
азаяды. Құрлық соғысы осылай болады.
Алайда, Бедір соғысына қатылмаған жастар, жігіттер:
Біз Алладан бүгінді тіледік! Майданға шығып, жаумен қоян қолтық соғысамыз,
сыртқа шықпасақ, жау бізді қорқақ санап, асқақтап кетер, оларға:
Мұсылмандар Медине ішіне жасырынып, қарсымызға да шыға алмады, дегізбейміз
десті.
Сезімді серпілткен бұл батырлық сөздер халықты әсерлендірді, Медине сыртына
шығуға қарар берді. Хазірет Пайғамбардың ойы. Сахаба ақсақалдарындай, қала
ішінен Шығану болатын, өйткені жау басым еді, өздері болса, бұндай соғысқа
дайындықсыз болатын. Хазірет Мұхаммедті ссғысқұмар, қылыш соғысмен іс
бітіреді дегендер, мына соғыстың да қалай ашылғанына қарасын. Құрайыш
айбатты әрмия құрып, Мединенің түбіне дейін келгенінде, Мұсылмандар бұны
Аббастың хатынан ұғады, мұндай соғыс боларын қиялдарына да
келтірмеген,бірақ жау алқымдарының астына дейін келді. Қаласын-қаламасын
көретуге мәжбүр қалған. Ақиқат анық бола тұра Брокелман қалай ғана "Киелі
соғыс желіктірушісі,"-деп нысапсызша айта алған!?
Хазірет Пайғамбар қала сыртына шығуды өз басы қолдамағанымен көптің қарарын
қабылдап сыртқа шыкты. Уахи түспеген жағдайларда, Сахабаларымен ақылдасып,
көптің пікірін тыңдайтын. Жұма күні еді. Жұма намазын мешітте оқығаннан
кейін, әрекетке бұрйық берді. Соғыстың өз- ерешеліктерін баяндады, Сабырлы
болып, шыдамдылық көрсетсеңіз, бұл жолы да жеңіс сізге тән,- деді. Хазірет
Әбубәкірмен Омармен бірге үйге кірді. Сауыты әкелінді, қылышын асыуды. Ол
осылай дайындалып жатқанда Сад б. Мұғаз, Медине сыртына шығуды
жақтағандарда:
Расұл Алланы тілегіне қайшы шығуға мәжбүр еттіңіз. Барып кешірім сұраңдар,
Сенің бұйрығыңа разымыз деңдер! -деді. Хазірет Пайғамбарды сауытты
көргенде, жанына жүгірісті:
— Уа, Пайғамбар! Біз сізге қарсы келдік, сіздің қалауыңыз болсын, -десті,
Хазірет Пайғамбар:
"Бір Пайғамбар киген сауытын, қайта шешпес", "Менің бұйрығыма бойсұныңыз,
жеңіс біздікі!"-деді.
Бұл сөздерінде екі маңызды ақиқат бар:
Ақылдасу негізі, жүйелі тәртіп принцибі. Бір істе ақылдасылып, көлшілікпен
бірге қарар берілгеннен кейін, одан қайтуға болмайды. Көптің бекіміне
бағыну керек. Бұл қарардың билігін қабылдаған адам, оның әр бір саз-
сөйлемін орындауы және сдан жазбауы тиіс, бұйрыққа бойсұнуы керек.
Міне бұл екі маңызды сабақ. Әскерлерлік қолбасшының бұйрығына
бойсұнуы бірінші шарт
Құрайыш сәрсенбі қүні Медине төңірегіне келіп, Ұхұд Тауына бекініс құрған.
Мұсылмандар Жұма күні намаздан кейін шығып Ұхұдқа бет алды мың кісі
төңірегінде еді Ұхұд пен Медине арасы бір сағаттық жол, шыққан күні жолдағы
Сейхейн деген жерде қонақтады. Содырлар басы Абдұлла б. Ұбай, Медине
сыртына шықпау бойы қабылданбағандықтан, 300 адамымен кері
қайытты. Мұсылман әрмиясында 700 адам қалды, бұның жүзі сауытты,
араларында жас балаларда бар еді. Әскерді көзден кешірген Хазірет Пайғамбар
оларды қайтарып жіберді.
Сенбі күні таңертең Ислам әрмиясы Ұхұд тауына жетті тауды жастанып,
Мединені бетке алып сап түзеді. Мүшріктер де қарсыдағы тазығыр жерге сап
құрған. Пайғамбар туды Мұсаб Б. Ұмейреге берді. Сауытты қосынның жетегін
Зүбайыр б. Ауамға берді, сауытсыз әскерлердің басына Хазірет Хамзаны қойды.
Жаудың арқадан ұрмауы үшін, сол жақ тау қойнауына Абдұлла Жұбайр бастаған
елу адам кгзетке қойылды. Хазірет Пайғамбар оларға:
— "Жау жеңсе де, жеңілсе де, менің бұйрығымсыз тұрған жерлеріннен
табжылмаңдар. Біз, жаумен қоян-қолтық аралассақ та, қирасақ та, сендер
осында тұрасыңдар. Егер жау әскері келсе, аттарына оқ атыңдар, оқ тиген ат
ілгері аттап баспайды!" деп тапсырды.
Құрайыш, Бедір оқиғасында басына келгендерден сабақ алып, бұл жолы
әскерлердің тәртібін недәуір жөнге салған. Әрмияның оң қанатында Халид б.
Уәлид; Сол қанатында Әбужаһилдың ұлы Ікриме; Атіы әскердің басында Сафуан
б. Уммейе; Мергендердің басында Абдүлла Еби Ребия бар еді. Туды Абдыл Ұзза
Талха алып жүрді.
Құраиыш әрмиясымен бірге келген әйелдер дап соғып, әскер ішінде жүрді.
Соғыс жырларын оқып, Бедірде өлгендерге жоқтау айтып, әскерлерге жігер,
қуат беруге тырысуда бояатын. Әбу Сұфиянның әйелі Хінд бастаған әйелдер
тобы бір ауыздан айтты:
"Біз таң шолпанының қыздарымыз. Жібек қатипалар жәйіп, көркем кілемде
жүреміз. Ілгері бассаңыз сізге құшақ жаямыз; Егер кері қайтсаңыз, бетіңізге
қарамаймыз сезінеміз".
"Кәнеки, Әбудүлдар әулеті, кәнеки, қамқоршылары, Ұмтыл, қылышыңды
жарылқат. Осындай өлеңдермен әскерлерді жебеді.
Екі жақта шайқасқа дайын. Соғыс басталды. Алдымен, Мұсылмандар Мединеге
көшкенде Меккеге кеткен, Пайғамбардан азғын атын алған Әбу Әмір он бес
адамымен ортаға шықты. Құрайыш ортасында, өз руы болған Әуістерге сөз ашса
болғаны барлығының оны тыңдап Мұхаммедтен айрылып, Құрайыш әрмиясына
қосылатынын, Мединеліктерге силы екенін айтып, Қүрайышты алдайтын. Ол
Майданға шығасалып:
— Ей, Әуістер, әй, Енсар! Мені таныдыңдар ма? Әбу Әмірмін! -деп ай-ғайлады.
Әуістер оған:
—Жер жұтсын, ей азғын! -деп жауап берді.
Осыдан кейін Құрайыштың тушысы Талха шығып:
— Ей, Мұсылмандар, іштеріңде мені өлтіріп, Тозаққа кеткісі келген, немесе,
менің қолымда өліп Жаннатқа кететін ешкім жоқ па? - дегенінде, Хазірет Әлі
сұңқардай атылып:
— Қанеки, шық бері! -деп, Талханы бір сілтеп ұрып жыққан. Талханың орнына
інісі Ғұсман тушы болған. Оған қарсы Хазірет Хамза шыққан, інісі де
ағасының аяғын құшқан, осыдан кейін, соғыс үдеп, әскерлер араласып, қызу
майдан болған. Хазірет Әли, Хамза, Әбу Дұжане сияқты Ислам
жігіттері соғыста орасан батырлық керсетіп, өшпес. дастандар жазған Хазірет
Пайғамбардың қылышында мынадай бәйт жазылған:
" Қорқақтық намыс және қылышында мынадай "
"Қорқақ адам тағдырдан құтылмас".
Қылышын қолына алып:
-"Мына қылышты ақысын өтегенге беремін" деді. Әбу Дұжане:
— Оның ақысы не еді, Пайғамбарым? -деді.
—Иліп, майрылғанша жауға сілтеу!
Әбу Дұжане осы шартпен қылышты алды да, ажал оғындай, жауға атылды.
Қарсысында жау жапырақтай түсті. Бір ара біреудің топ ортасында адамдарды
соғысқа итермелеп жүргенін көзі шалды. Қылышын сермеп, оған шабуылға
өткенде, әйелдің ойбайы шықты, қараса, бұл Суфиянның әйелі Хінд екен.
Пайғамбардың қылышын әйел қанына бұлау намыс деп санап, оны өлтірмеді.
Құрайыш кек алу ниетімен қызу шайқасты. Мұсылмандар өздерін қорғау үшін
соғысты. Жау жеріне келіп шабуылдады. Құрайыш олардың дініне де, отанынада
дұшпан болды. Мұсылмандар бұл екі қасиетті нәрсесін қорғау жолында жан
қиярлықпен соғысты.
Мұсылмандар ішінде Хазірет Хамза батыр жауынгер еді. Бедірде Хіндтің әкесі
Жүбайрдың нағашысы Ұтбені өлтірген. Сол себепті, Хінд Жұбайрдың құлы
Жабайыға Хамзаны өлтірсе үлкен сауға силауға уәде берген. Иесі Жұбайр оны
азат ететінін айтқан. Жабайы, Хабеш пормасында найза атуға шебер еді атқан
оғы далаға кетпейтін. Аталған сауғаны алу, азаттыққа шығу тілегімен,
жасырын келіп, Хазірет Хамзаны торуылдай бастады. Хамза топ арасында
батырларша, қылышын оңды-солды сілтеп жүрген. Жабайы құл орайын күтіп,
жасырын отырған жерінен нысанаға алды. Найза Хамзаның ішіне тиіп, осының
тәсірінен Хамза құрбан болды.
Құрайыш атойшылары арт-артынан құлағанымен ту жығылмады, бірі қираса,
екіншісі алып, отырды. ту Әбдулдар Әулетінде балатын. Ту ұстаған тоғыз
кісі құлады. Соңында ту Абдулдардың Сауаб атты ұлының қолына өтті Медине
әйелдерінің кекесінінен қорыққанынан Мұсылмандармен бірге соғысқа келген,
әрі майданда өзін ерекше көрсеткен Құзман, туынның қолын сындырып, ту жерге
құлаған еді. Ұлттық туының жерге құлағанын шыдай алмаған Сауаб тудың үстіне
жығылып, оны бауырына басып, жан бергенше міндетін жалғаған. Мүшріктер
жағынан соғысқа келген Әбу Әмірдің ұлы Ханрал Мұсылмандар жақта еді.
Абдұлла б. Ұбайдың қарындасы Жамиламен жас үйленген. Әкесі Мүшрік,
қайнағасы бұзғыншылар басы болса да, ол діні
үшін жанын қиған азамат, өте сыпайы бір Мұсылман еді. Әкеснің Мүшріктер
арасында болғанына жаны қиналатын.Пайғамбарға келіп: Ислам жолында әкеснің
қанын төгуге де дайын екенін айтқанда, мейірімді Пайғамбарымыз, оны бұл
істен шектеген.Бедірде де ұш Ғабдұрахманға қарсы келген Әбубәкірді райынан
қайтарған болатын Соғыс ішінде болса да адамгершілік қағидасынан жазбау
қандай ұлылық! Ханзал, Құрайыш қолбасшысы Әбу Сұфиянға қарсы шапқанында
табысты бола алмай, өзі құрбан болған.
Соғыс Мұсылмандарға тиімді бола бастаған, қарсы жақ тушыларының арт-артынан
құлауы, Хазірет Әли, Әбу Дұжане сияқты батырлардың қырып-жойған керемет
қимылдары, жау қатарының астын үстіне шығарды. Әскерлерін әндерімен жебеген
әйелдер де ауыздарын ашып, сырғып тұрған, тұтқындалу алдында еді, тау
жолына тырманған.
Жекпе, жектің алғашқы сағаттарында Мұсылмандардың бұлай жеңуі шынында
керемет еді.
Кейбіреулері бұны Хазірет Мұхаммедтің әскерді жақсы тәртіпке салғанынан деп
қарады. Шынында да Ислам әрмиясы өзінен басым жау әрмиясына қарсы тәртібін
түзеп, аттьгәскер шабуылдайтын сол қанаттағы жалғыз ауызды мергендерге
толтырды оларға: "Не жағдай болса да айрылмаңдар деп тапсырды. Осылайша
жеңісті алды бұл шындық. Алайда, Мергендерді сай аузына қалдырған соң
шабуылға 600 әскер қалды, жау болса 3 мың кісі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz