Тауар және оның ассортименті
ЖОСПАР:
Кіріспе: Негізгі бөлім. 1.Тауар және оның ассортименті 2.Тауардың өмірлік циклі 3.Тауар белгісі және брендинг 4.Капитал және операция шотына сипаттама Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ. Осыған байланысты біздің ел басымыз өзінің халыққа жолдауында былай деген: Біз Қазақстанды экономикалық дамудың өңірлік локомотивіне және оны элемдік экономиканың табысты ойыншысына айналдыра аламыз. Бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде нақтылы қазақстандық тауашаларды іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сондай- ақ біздің экономикамызға қатысушуларды жан - жақты және жауаптылықпен қолдау, соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы иіндеттер бағдарламалары болуы керек.
Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді. Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амортизация жолы арқылы өтеліп отырады. Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Негізгі бөлім
Маркетинг теориясының негiзi тауар, баға, бөлу және жылжыту сияқты маркетинг айналмалыларынан тұратын маркетинг-микс болып саналады. Тауар кәсiпорынның маркетингтiк қызметiндегi басты ядро. Тауарды маркетингтiк тұрғыдан қарау үшiн ең алдымен оны жiктеп алуымыз қажет. Тауар - мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Сонымен қатар біздер тауар бірлігінің анықтамасын да беруіміз керек. Тауар бірлігі - мөлшерімен, бағасымен, сырт пішінімен және басқа атрибуттармен сипатталатын ерекшеленетін бүтіндік. Мысалы, тіс пастасы - тауар, ал Колгейт фирмасының бағасы 85 теңге, Уинтер- френи джель пастасының тюбигі - тауар бірлігі.
Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар ұзақ мерзімде және қысқа мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдарды ( сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазыткыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар) қолданылады. Түпкі тұтынылуына байланысты тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар- күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар- бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер.Оларға нан,сабын,тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады.Әдетте бүл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады.Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды,тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып,қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондык, электрлі- тұрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар- тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар(жаңа енгізулер, сақтандыру түрлері, күзет жүйесі және т.б.).
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар - кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және т.б. заттар Сатып алушылар неше алуан көптеген тауар түрлерін сатып алады. Классификациялаудың ыңғайлы әдісінің бірі - тұтынушылардың сатып алу әдеттері негіздеріне байланысты оларды топтарға бөлу. Бұл нышан бойынша күнделікті сұранымдағы тауарлар, алдын ала таңдалынатын тауарлар, арнайы сұранымдағы тауарлар және пассивті сұранымдағы тауарлар деп бөлуге болады.Күнделікті сұранымдағы тауарлар - тұтынушы, әдетте, ойланбай және оларды өзара салыстыруға минимальды әрекеттеніп, жиі сатып алатын тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына темекі бұйымдары, сабын және газеттер жатады. Күнделікті сұранымдағы тауарларды тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар, импульсті түрде сатып аланатын тауарлар және төтенше жағдайға керекті тауарлар деп қосымша түрде бөлектеуге болады. Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарларды адамдар жүйелі түрде сатып алады. Мысалға, Хайнц кетчупын, Крест тіс пастасын және қытырлайтын Ритц печеньесін әдетті түрде сатып ала береді. Импульсті түрде сатып сатып алынатын тауарды ешқандай алдын ала ойланбай және іздемей сатып алады.Әдетте, мұндай тауарлар көптеген жерлерде сатылатын болғандықтан, тұтынушы оларды арнайы іздемейді. Осылай шоколад батончиктерін не журналдарды дүкен есептеу тораптары қатарына жайып қоймаса, тұтынушы оларды сатып алу туралы ойланбаған да болар еді. Төтенше жағдайларға керекті тауарларды оларға деген өте мұқтаждық жағдай пайда болғанда, мысалы, нөсер кезінде қолшатырды, қар басып қалғанда етікті және күректі сатып алады. Төтенше жағдайға керекті тауарларды шығарушылар, кенеттен тауар керек болған тұтынушыдан айырылып қалмау үшін, оларды таратуды көптеген сауда орындары арқылы сатады.
Алдын ала таңдалынатын тауарлар - тұтынушы тауарды және сатып алу процесінде дағдылы түрде жарамдылық, баға, сапа және сырттай әшекейленуі көрсеткіштеріне байланысты өзара салыстырады. Мұндай тауарлар мысалдарына жиһаздар, киімдер, ұсталынған автокөліктер және негізгі тұрмыстық электр тауарлары жатады.
Алдын ала таңдалынатын тауарларды ұқсас, ұқсас емес деп қосымша бөлшектеуге болады. Сатып алушы ұқсас тауарларды сапа жағынан бір-бірімен ұқсас бұйымдар деп қараса, сатып аларда оларды бір-бірінен баға жағынан салыстыруға болатындай айырмашылығы бар екенін ескереді. Мұндай тауарды сатушы сатып алушымен сөйлескенде, бағаны дәлелдеуі керек. Бірақ киімдерді, жиһазды және басқа бір-біріне ұқсамайтын тауарларды сатып аларда, олардың қасиеті тұтынушылар үшін бағасынан гөрі мәндірек болады. Егер сатып алушыға жолақ костюм керек болатын болса, онда оның фасоны, денеге қонымдылығы және осы костюмнің түрі оның бағасындағы шамалы айырмашылыққа қарағанда мәндірек деп саналынады. Сондықтан алдын ала таңдалынатын ұқсас тауарларды сатуда, жеке адамдардың жарасымдықты ұнату түр- түрлерін қанағаттандыру үшін, олардың кеңейтілген ассортименттері болуы екрек және тұтынушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін, оларға кеңес бере алатын жақсы дайындалған сатушылар штаты болуы керек.
Ерекше сұранымдағы тауарлар - оларды сатып алу үшін көпшілік сатып алушылар қосымша күш жұмсауға дайын, өте сирек сипаттамалы не жеке маркалы тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына модалы тауарлардың нақтылы маркалары және түрлері, автокөліктер, стереоаппаратуралар, фотоқұрылғылары, ерлер костюмдері жатады. Мысалға, Мерседес автомобилі арнайы сұранымдағы тауарға жататын себебі, оны сатып алушылар оны іздеуге біршама жол жүруге дайын. Ерекше сұранымдағы тауарлар ешқандай салыстыруды қажет етпейді. Тұтынушының қосымша үлесіне оның іздеген тауарын сатушы дилерді табуға керекті уақыт жатады. Ал дилердің ыңғайлы, ыңғайсыз орналасқанына аса мән беріле қоймайды, тек ол потенциалды сатып алушыларды өзінің қайда орналасқаны жөнінде хабардар етуі керек.
Пассивті сұранымдағы тауарлар - тұтынушы білмейтін не білсе де, әдетте, оны сатып алуды ойланбайтын тауарлар. Түтін индикаторы және тамақ өнімдерін өңдеуге керекті ас үй машинелері сияқты жаңалықтар, тұтынушыларды олар туралы жарнама арқылы хабардар еткенше, пассивті сұранымдағы тауарлар разрядтарына жатады. Жұрттың бәріне әйгілі және сұранымы онша емес тауарлардың классикалық мысалына өмірді қамсыздандыру, энциклопедиялар жатады. Мұндай тауарлар өзінің табиғатына байланысты, оларды өткізу үшін жарнама және жеке сату әдістері сияқты, әжептәуір маркетингілік әрекеттерді талап етеді. Кейбір жеке сату әдістерінің жетік түрлерінің дүниеге келуі осындай пассивті сұранымдағы тауарларды өткізуді қамтамасыз ету нәтижесі болып саналады.
Өндірісте пайдалануға арналған тауарларды топтастыру. Кәсіпорындар және мекемелер тауарлар мен қызметтерді орасан зор көлемде сатып алады. Өндірісте пайдаланылатын тауарларды олардың өндіріс процесіне қатысу негізі бойынша және олардың салыстырмалы құндылығы бойынша топтастыруға болады. Бұл тауарлардың үш топтарын бөліп шығаруға болады: материалдар және бөлшектер, күрделі дүниелер және көмекші материалдар, қызметтер.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, ФудМастер компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар жинағын) өндіреді.
Тауар ассортиментінің кеңдігі және терңдігін бөліп көрсетуге болады. Материалдар және бөлшектер - өндірушінің бұйымдарында толық пайдалынатын тауарлар. Олар екі топқа бөлінеді: шикізат және жартылай фабрикаттар мен бөлшектер.
Шикізат құрамына ауылшаруашылық өнімдері (бидай, иақта, жемістер және т.б.) және табиғи өнімдер (балықтар, орман, темір рудасы т.б.) кіреді. Ауылшаруашылық өнімдерінің маркетингі табиғи өнімдердің маркетингісінен шамалы айырмашылықта болады. Ауылшаруашылық өнімдерімен көптеген шағын өндірушілер маркетингілік делдалдарды жабдықтайды, ал олар өнімдерді жинайды, сорттайды, сақтауды ұйымдастырады, тасымалдайды және өткізеді. Ауылшаруашылық өнімдерін ұсыну біршама өсуі мүмкін, бірақ ол үшін бірқатар уақыт керек. Ауылшаруашылық тауарлары - тез бұзылатын тауарлар және маусыммен байланысты болғандықтан, арнайы маркетингілік әдістерді пайдаланғанды талап етеді. Оларды сирек жарнамалайды, өткізуды ынталандыруды сирек өткізеді, бірақ кей уақытта өндіруші картоп, алхор не сүт өндірушілер өз өнімдерін тұтынудың өсуін үгіттеу компанияларын ұйымдастырса, ал кейбіреулері өз тауарларына маркалы аттар - Санкист апельсині, Чикити бананы атын береді.
Табиғи өнімдерді ұсыну өте шектеулі. Әдетте, олар көлемді, тауар бірлігінің бағасы жоғары емес, ал олар өндірушіден тұтынушыға тасымалдау өте күрделі болады. Ірі өндірушілердің тек бірқатары ғана өз өнімдерін өндіріс тұтынушыларына тікелей сатуға тырысады. Бұл материалдардың тұтынушыда үздіксіз тұрақты түрде болуы қажет болғандықтан, олармен жабдықтау ұзақ уақыттылық байланыс негізінде орындалады. Табиғи өнімдердің бір- бірімен ұқсастығы өткізуді ынталандыру әрекетін кеңейтуді шектейді. Жабдықтаушыны таңдауға негізгі әсерін тигізетін негізгі факторларға тауардың сенімділігі және бағасы жатады.
Жартылай фабрикаттар және бөлшектер - не материалдық компоненттер (темір, цемент т.б.), не комплектілеу бұйымдары (дөңгелектер, шағын моторлар). Күрделі мүлік - дайын бұйымдар құрамына жарым- жартылай қатысты тауарлар. Оны екі топқа бөлуге болады: тұрақтв құрылыстар және көмекші құрылғылар.Тұрақты құрылыстар құрылыстар (зауыттар) және тұрақты құрылғылар (компьютерлер, генераторлар) түрлерінде болады. Тұрақты құрылыстар, әдетте, тек өндірушіден тікелей сатып алынатын негізгі тауарларға жатады. Мұндай өндірушінің сауда аппараты көбінесе өткізуші- инженерлерден тұратын жоғары білікті мамандардан құрылады. Көмекші құрылғылар құрамына қозғалмалы зауыт құралдары және кеңсе құралдары (жазу машинкалары) кіреді. Бұл типті құралдар дайын бұйымның құрамына мүлдем кірмейді. Ол өндіріс процесіне қолғабысшы ретінде болады. Көмекші құрылғыларды өндірушілердің кейбіреуі оны тікелей тұтынушыға сатады. Жабдықтаушыларды таңдағанда, негізгі ұсынысқа тауар сапасы, қасиеті және бағасы әрі сервис жүйесінің барлығы есепке алынады.
Көмекші материалдар және қызметтер - дайын бұйымдар құрамына қатысы жоқ объектілер..
Капитал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz