Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау, алдын-алу және күресу шаралары



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

“Ветеринариялық санитария” кафедрасы

Курстық жұмыс
(Жұмыстың аты)

Пән: Ветеринариялық-санитариялық сараптау II
Тақырыбы: Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты
ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау, алдын-алу
және күресу шаралары.

Орындаған: Мырзағалиқызы А Тексерген: Серикова А.Т.
Топтың студенті:ВМ – 305

(қолы)____________ (қолы)_____________
__________________
(бағасы) (күні)

Комиссия___________________________ ___________________
(қолы) ( Ф.И.О.)

___________________________________ ____________________
(қолы) ( Ф.И.О.)

Семей 2018
Жоспары:
I.Кіріспе
1.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4-11
II.Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .12-19
2.1. Зерттеу әдістері және
материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12 -16
2.2. Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...17
2.3 Алдын алу, куресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18-19
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
IV.Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21
V.Қосымша

Кіріспе
Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі болып
табылады. Бүгінгі таңда ел басы аграрлық секторға көп көңіл бөлуде.
Агроөнеркәсіптік кешен даму арқасында біз еліміз үшін аса маңызды азық-
түлікпен қамтамасыз етеміз.
Балық өнімдерін дайындау кезеніңде, оларды өндегенде,
тасымалдағанда сақтауда, сондай-ақ тамақ кәсіпорындарда тағамдармен
жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге
сай мал дәрігерлік- санитарлық сараптау жүргізіледі. Бұл өнімдер
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сай
жүргізілетін жұмыстар санитарлық –тазалық, сапасы жоғары тағамдық қасиеті
мол, адамның денсаулығына ешқандай нұқсан келтірмейтін тағамдық өнімдерді
дайындауды қамтамасыз етеді.
Табиғаттан алынатын өнімдер көп, сонын біреуі балық жіне балық
өнімдері болып табылады. Балықтардан алынатын өнімдердің дұрыс болуы үшін
оларды әртүрлі ауруларға тексереді және болдырмаудың іс шараларын жасайды.

Әдебиетке шолу
Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ұсақ көлдермен
өзендерді есепке алмағының өзінде судың алып жатқан ауданы шамамен 394,3
млн шаршы км деп есептелінеді. Осы судың 361 млн шаршы км жуығын мұхиттар
алып жатыр.
Теңізбен мұхит суларында көптеген балықтар мен судағы ірі
хайуанаттар тіршілік етеді, олардың көпшілігі адам үшін пайдалы азық
қолданылады, сонымен қатар зиянды да түрлері көп.
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең кеңінен тарағаны балықтар, кейінгі
деректер бойынша балықтар түрінің саны 20мыңға жуық деп есептелінеді.
Балықтар түрі өте көп, сан алуан. Олар мұхит, теңіз, өзен, бұлақ, су
қоймалары үңгірлерінде, артезиан құдықтары мен қайнар суларында тіршілік
етеді. Балық түрлерінің саны барлық суларда сан алуан болады. Ең көп
түрлері Амазонкада -700, Конго өзеніңде -380, Волгада-64, Қазақстанда -140
түрі тіршілік етеді, Балхаш көлінде -30 балықтың түрі аңықталған. Майшабақ
отрядына жататын балықтардың 300 түрі белгілі, соның ішінде 11 Қазакстанда
кездеседі, ал албырт балықтарының түрі 16, тұқы тәрізді балықтар отрядынан
2900 түрінен 85 түрі біздің еғліміздегі суларда кездеседі.
Біздің республикамызда жалпы көлемі 7млн гектардан астам үлкенді-
кішілі көлдер көп. Олардың 3 млн 300мың гектары балық өнеркәсібіне берілген
және 900 мың гектардан астам су қоймалары бар. Каспий теңізінде 97 кәсіби
балықтардың түрі тіршілік етеді. Олар: бекіре, шоқыр, қортпа, пілмай және
қаракөз, майшабақ, жайын, шортан, табан, танабалық сияқты азық –түлік
ретінде қолданады. Балық молшылығына қолдан өсіру әдісінің маңызы зор.
Балық өсіретін заводтар балық уылдырығын қолдан ұрықтандырып өсіріп,
көптеген шабақтарды өзен, көлдерге жіберу арқылы балық санының артуына
мүмкіндік жасайды.
Жайым балықтардың Орталық Америка мен Африка және Азия тұщы
суларында 1200 түрі белгілі, ал Қазақстан су қоймаларында тек екі түрі
кездеседі.
Балықтар суда тіршілік еткенімен, олардың іс-әрекеттері әр түрлі.
Табиғатта олардың таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар
тәрізді болса, енді бірі жұмыр, тағы бірі таспа тәріздес жіңішке де, ұзын
кейбіреуі жапырақ тәріздес болады. Өкінішке орай, балықтардың саны жыл
сайын азайып барады, оған себеп- ең алдымен экологиялық жағдайлар және
көптеген аурулар. Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы
емес аурулар балық арасында кең тараған деп айтуға болады.
Алдыңғы қатардағы балық өсіретін су тоғандарынан 20-25 ц және одан
артық балық өнімдерін алуға болады. Бірақ балықтарды тығыз отырғызғанда
инфекциялық және инвазиялық қоздырушылардың таралуына қолайлы жағдай
туындайды. Су тоғандарына тыңайтқыштарды енгізгенде ол фито және
зоплантонның жақсы өсуіне себепті болады да, балықтардың тоғышары, аралық
иелері көптеген омыртқасыздардың дамуына себептес болады. Тоғандарда
балықтарды тым мол мөлшерде жасанды жеммен азықтандырғанда, көптеген
органикалық заттар жиналады ( желінбеген азық экскрементер ), олар суды
ластайды, содаң көптеген ауру пайда болып, балықтарды өлімге
шалдырықтырады.
Балық ауруларының жіктелуі.
Этиологиялық белгілері бойынша балық аурулары инфекциялық, инвазиялық және
жұқпалы емес болып бөлінеді.
Инфекциялық аурулардың қоздырушылардың өсімдіктерден жаратылған
тоғышарлар- бактериялар, саңырауқұлақтар, риккецсиялар, вирустар,
біржасушалы балдырлар.
Инвазиялық аурулардың қоздырушысы жануарлардан тоғышарлар-
қарапайымдылар, тоғышар құрттар, буынаяқ типіне жататын тоғышар
шаянтәрізділер және ұлылар.
Жұқпалы емес аурулар сыртқы ортаның механикалық, физикалықжәне
химиялық факторларының әсерінен туындайды.

Балық аурулары
Инфекциялық Инвазиялық ҚоздырушыларыЖұқпалы емес аурулар
Қоздырушылары Факторлар
Бактериялар Қарапайымдылар Механикалық
Микоздар Гельминттер Химиялық
Риккетсиялар Төменгі сатыдағы шаян Физикалық
тәрізділер
Вирустар Ұлулар Басқа факторлар

Инфекциялар ауралардың қоздырушылары патогендік қасиеттерімен жануар
организміне әсер етеді. Патогендік – белгілі микроб түрінің организмде
сәйкес ауру тудыру қабілеті. Кейбір микробтарда патогендіктің дірежесін
вируленттік деп атайды, ол миқробтың организмде көбейе отырып, оның
қорғаныс қасиетін бәсеңдетуі және ұлпалар мен ағзаларды зақымдауымен
сипатталады.
Балықтың инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ,жылықандылар
қоздырушыларынан өзіндік айырмашылығы бар, себебі филогендік даму
кезінде, балықтар организмде суық қанды жануарлар ретінде бейімделеді.
Балықтар температурасы, олар тіршілік ететін су температурасына өзгеріп
отырады. Осы себепті қоздырушының балық денесінде тіршілік етіп және
патегенді әсер етуіне ыңғайлы температура оптимумы әдеттегіден көп
алшақтайды -10-нан 25°С аралықта не одан да жоғары болып келеді. Ал жылы
қанды жануарлармен адамның инфекциялық ауруларын қоздырушылары,
температураның кең алшақтық ауысуына бейім емес. Судың температурасының
төмендеуінің салдарынан балық температурасының оптимумы төмендеген кезде,
қоздырушының вируленттілігі азаяды. Мысалы, бронхомикоздың қоздырушысы
Branchiomyces sanguinis аса вируентілік қасиетін, декаданың орташа
температурасы 20°С көрсетеді. Судың неғұрлым төмен температурасында бұл
ауру жітілеу немесе сөзылмалы түрде өтеді.
Сонымен бірге балықтар организміне патогенді Pseudomonas forma
ascitae немесе Achromobacter punctatum, тұқының ішегінде және авирулентті
түрде тоған суларында кездеседі. Фурункулез қоздырушысы ауру балықтардың
организмінде және ластанған су тоғандарында да кездеседі.
Дерматомикоз қоздырушысы Saprolegnia мен Achlya саңырауқұлақтар тегіне
жатады. Ол сау балықтардың тері қабаты мен желбезектерінде тіршілік етеді,
яғни организімнің төзімділігі жоғары болған кезде сапрофит болады.Бұл
деректерді былай түсіндіруге болады: көп жағдайда микроб-паразит пен микроб-
сапрофиттің арасында соншалық айырмашылық болмайды, себебі тіршілік жағдайы
өзгерген кезде, патогенді микробтар авирулентті түрге, ал авируленттілер-
вирулентті түрге айналады.
Балықтың инфекциялық ауруларының қоздырушыларының вируленттік
қасиетін қамтамасыз ететін факторлар: капсула, эзотоксиндер немесе
эндотоксиндерді түзу және диффуздық факторлары толық зерттелмеген.
Организмге патогенді микробтың енген орнын инфекция қақпасы деп
атайды. Балық организмінде инфекция қоздырушышы ас қорыту жолдары,
желбезектер, тері, кілегей қабықтары, несіп жүйелері арқылы енеді. Ішек
арқылы келесі инфекциялармен зақымдану болады: тұқының тілмесі, шортанның
фурункулузі мне обасы т.б. Зерттеу арқылы инфекция қоздырушысының енген
жеріне байланысты балықтардың ауруға шалдығуы және аурудың өту жолдары
анықталған. Мысалы, жасанды түрде Achromobacter punctatum тілме
қоздырушысы бір жастағы тұқыларға бұлшық ет арқылы енгізгенде 100% ауруға
шалдығуы байқалады, құрсық арқылы 72% тері асты -87%, ал ауыз арқылы тек
40% байқалады.
Бронхиомикоз.
Бронхиомикоз – балықтың желбезегінің зақымдануымен сипатталатын жіті
өтетін жұқпалы ауру.
Қоздырушысы – тұқы балықта, сазанда, табанда – Bronchiomyces sanguinis,
шортанда- Bronchiomyces demigrans, ал қара балықта саңырауқұлақтың аталған
екі түрі де ауру қоздырады.
Эпизоотологиялық ерекшеліктері. Ауруға 1-2 жастағы тұқыбалық және
сазан жиі шалдығады, басқа балықтарда сирек кездеседі. Бронхиомикоз тек
жазды күні судың температурасы 22°С-тан жоғары болғанда байқалады.
Ауруды көзі болып ауырған балықтар саналса, жұқтыру факторы ретінде
өлген балықтар, зарарланған тоған түбі саналады. Аурудың шығуына су
қоймасының ластануы, судағы оттегінің азаюы ықпал етеді. Ауру бір су
қоймасынан, екіншісіне бактерия тасымалдаушы балықпен, аққан сумен келеді.
Өлім көрсеткіші 50-70% жетеді.
Клиникалық белгілері. Ауруға шалдыққан балық азықтан бас тартады,
ағыңға немесе тоғанның жағасында, судың бетіне қалқып шығады. Желбезегінде
ноқаты қанталаулар пайда болып, желбезек ұлпасының бір жері бозарап, екінші
жері қарақошқылданады. Желбезектің кей тұстары өліеттеніп, шеті
жырымдалады.
Диагноз. Клиникалық және патологиялық-анатомиялық белгілеріне
сүйене отыhып алдын-ала диагнозы қойылады. Нақты диагноз микроскопиялық,
гистологиялық және микологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделеді.
Сапролегниоз
Сапролегниоз (дерматомикоз) – тұщы су тоғандарындағы балықтардың
терісінін, желбезектерінің, жүзу қанаттырының зақымдауымен сипатталынатын
жұкпалы аурулар.
Қоздырушысы - Saprolegnia және Achlya саңырауқұлақтарының туыстастарына
жататын микроорганизмдер. Бұл саңырауқұлақтар сулы ортада кеңінен
тараған. Олар тарамдалған немесе тарамдалмаған гифтардан тұрады.
Эпизоотологиялық ерекшеліктері. Сапролегниозбен балық кез келген жасында
ауырады.Ауру жылдың кез келген маусымында балық ашыққанда,
жарақаттанғанда, судың газдық және тұздық құрамы бұзылғанда байқалады.
Сапролегниоз негізінен басқа жұқпалы немесе инвазиялық аурулармен
кабаттасып өтеді. Сапролегниозбен тоғандық балықтардың барлық түрі ауруы
мүмкін.
Күтімі жақсы балықтар суда қоздырушы болса да ауырмайды. Сондықтан
сау балықтар болып саналады. Ауру тек саңырауқұлаққа қойлалы, ал балық
үшін қолайсыз жағдай туған кезде дамиды
Клиникалык белгілер.Балықтың терісінде, жүзу қанаттары мен желбезектерінде
саңырауқұлақтың ұйысқан жіпшелерінен тұратын мақта тәрізді тозанды қабат
түзіледі. Теріні тесіп өтіп, жіпшелер бұлшық етке кейбір кездерде, ішкі
ағзаларға өтіп кетеді. Ауыр зақымданған балықтар өліп қалады.
Диагноз. Клиникалы белгілеріне және микроскопиялық зерттеулердің нәтижесіне
сүйене отырып, ауру анықталады.
Тұқылардың желбезегінің некрозы. Тұқылардың желбезегінің некрозы
климаты әр түрлі елдерде және шет мемлекеттердің тоған шаруашылықтарында
кездеседі.
Аурудың көзі әлі белгісіз, ең ірі екі гипотеза сол туралы
туындаған, кейбір ғалымдар желбезек некрозын Dermocystidium туысына жататын
қарапайымдар микроспоридиялар, саңырауқұлақтар және т.б. тудырады деген
пікір білдіреді. Оның қоздырушысы вирус деп белорус ғалымдары (Мамыш,
Головнев) атап өткен. Вирустың құрамында ДНҚ бар, көлемі 170нм. Симметрия
типі куб тәрізді антибиотиктерге сезімтал емес, хлороформ және эфирге
төзімді. Кейіннен вирусты зерттеп бөлген Попкова және Шелкунова.
Екінші гипотеза ауру жұқпалы емес деп неміс және ТЕБ ғалымдары атап
өткен, олардың пікірі бойынша, тоғандар өте жоғары дәрежеде органикалық
заттармен ластанғанда, балықтар қалыпты жағдайдан 10-15 есе артық тығыз
суда орналасқанда, суды ауыстармағанда суға нормадан тыс аралас жем немесе
тынайтқыштарды судың сапасын тексермей енгізгенде ауру пайда болады. Осы
атап өткен кемшіліктер судың рН жоғарлатады немесе төмендетеді. Су ластанса
аммиак, сутек асқын тотығы және биологиялық белсенді органикалық қосындылар
балықтарды өлтіруі мүмкін.
Ортаның қолайсыз жағдайы вирустың дамуына жол ашуы мүмкін, ал
қалыпты жақсы жағдайда зиянсыз.
Эпизоотологиялық мәліменттер. Ауруға тұқылардың барлық жастағысы
бейім келеді, әсіресе екі және үш жастағы балықтар. Тұқылармен бірге
өсірілетін басқа түрлі балықтар бұл аурумен жөнді ауырмайды. Ауру көбінесе
көктем және жазда су температурасы 18-19°С болғанда байқалыды.
Аурудың белгілері: ауру жіті және созылмалы формада өтеді. Жіті
түрі көктемде және жазда екі жастағы тұқыларда, қыс және көктемде бір
жастағы және тұқымдық балықтарда, ал созылмалы түрі формасы жыл бойы
кездеседі.
Жұқпалы және жұқпалы емес желбезек некрозының белгілері ұқсас
келеді. Жіті түрінде балықтар судың бетіне жиналып, адамның жақындағанына
назар аудармайды, қоректенбейді, өсуі тежеледі, тәртіп қимылы бұзылады.
Желбезектер ісінеді, кілегей затпен жабылады, жапырақшалары майысады, нүкте
тәрізді және жолақты қан талау байқалады. Некроз ошақтары пайда болады. Бұл
форма 5-15 күнге дейін созылып, балықтардың 40-80% өлімге шалдықтырады.
Созылмалы түрде балықтардың тіршілік тәртібінде өзгерістер
байқалмайды. Желбезек доғаларында едәуір жайылған некроз ошақтары
кездеседі. Ауырып жазылған балықтардың ауру ағыны женіл түрдн болғанда
желбезек жапырақшаларының пішіні мен түсі бұрынғы қалпына келеді. Созылмалы
форма 1,5-2 айға дейін болып, балық өлімі 10-15% аспайды.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Жіті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі
Балық инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ерекшеліктері
Балықтарды инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу.
Балықтардың инвазиялық аурулары
Балық өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу және күресу шаралары
Европалық шіріме ауруы, балау және сауықтыру шаралары
Ауруды тарататын ауру балықтар
Пәндер