Қазақ халқының ырым-тыйымдары



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі хал - қы - мыз - дың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту және т.б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні те - рең дүние. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, тәңірлік наным-се - німдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай дегенмен, ырым-тыйым - дарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле-жара қарауға болмайды.
Сонымен қатар ырымды жеке адам бұлжытпай орындау үшін сездірілетін рәміздік әрекеттер жүйесі деуге де болады. Мысалы: Жұлдыз ақса, оны көрген кісі Менің жұлдызым жоғары деп айту керек; Бала сүт тісі түссе, оны майға орап Жасық тісімді алып, өткір тісімді бер деп итке беруі керек. Үйдің іргесіне ит сарыса, құт құйылады. Ерттеулі тұрған ат сілкінсе, жын-шайтанды үркітіп жатқаны деп ырымдалады.
Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа кенелтетін болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы да жорамал жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, түнде жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды. Оқпақ шақырса, бие құлын тастайды. Алдыңнан түлкі қашса, сапарың сәтті болады. Сол құлағың шыңылдаса, біреу сені жамандап жатыр деген ырымдардың шындыққа жанасатынын нақты біле алмасақ та, іштей сенетініміз хақ.
Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе деген мәселенің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес. Мәселен, көз тиюден сақтайтын сан түрлі ырымдар бар. Ырыммен қатарлас жүретін тұмар тағу, аластау, бақсылықпен емдеу, жауырынға қарап болжау, құмалақ салу сияқты дәстүрлі ұлттық ерекшеліктер көне түркі мәдениетіне ортақ құндылықтар деп саналады. Мысалы, қазақтың ырым-тыйымдарының астарында сан түрлі тақырыпты қамтитын мәдени-этикалық тәрбиелеу таңбалары жатыр. Осы орайда біз Сөзтаным бетінің бүгінгі шығарылымында ырым-тыйымдарды әңгімемізге арқау ете отырып, оның қыр-сыры, мәні мен мағынасы туралы, қандай мақсатпен айтылып, орындалатыны жайында хабардар ететін боламыз.
Малдың алдынан
бос ыдыспен шықса - сүті азаяды
(төрт түлікке қатысты ырым-тыйым)
Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдардың мәнісі малдың киесі бар екенін сездіруге, соны біліп, құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Төрт түліктің өзге де қасиеттеріне, кейбір әрекеттеріне қарай отырып ауа райын, табиғат болмысын, өзге де нәрселерді болжай алған халқымыздың рухани қазынасында осынау тақырыпқа арналған ырым-тыйымдар молынан ұшырасады. Солардың бірқатарына тоқталамыз. Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе, сиырдың) көзінше төгуге болмайды - сүтінен айырылады. Малдың алдынан бос ыдыспен шықса - сүті азаяды. Сиырдың желіні іссе - таңертең ерте кебіспен ұшықтайды. Ит ұлыса - шаңырақта жаманшылық болады. Қарғалар тобымен шуылдап ұшса - қыста күн суытады, жазда ауа райы өзгереді. Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса - ауылда көп кешікпей өрт, қайғылы жағдай болады, үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды. Егер тауық ұясына ерте қонақтаса - жауын-шашын болады, бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса - күн суытады.
Тойдым емес, қанағат деген жөн
тағамға байланысты ырым-тыйым)
Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас-ауқатқа, тағамға байланысты қалыптасқан ырым-тыйымдар астың қадірін арттыруға, ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз.
Қызға кәрі жілік ұстатпайды - оң жақта көп отырып қалады. Балаға ми жегізбейді - былжыр, ынжық болады. Ішіп отырған шайға сама түссе - қонақ келеді. Ас ішіп болған соң тойдым демейді, қанағат деген жөн. Тұзды бейберекет шашпайды, астың иманы - тұз деп қарайды. Егiннiң тұқымы үшiн бiреу қарызға дән сұраса ренжiмей бередi, дәндi адам емес, қара жер тiлеп жатыр деп ырымдайды. Қазақ танымында ақ өнімдері, яғни ағарған жақсылықтың нышаны, пәктіктің, тазалықтың символы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ағарғанға қатысты ырымдар өте көп. Мысалы, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып, маңдайына жағу ырымын жасаған. Сосын аяққа басылмас үшін жақсылап тазалап, сүртіп алатын болған. Ақты аяқасты ысырап етпеген. Дәм үстіне келіп қалған адам немесе бір нәрсені сұрап, анықтап білуге кірген адам асығыс болып, дәмге қарамайтын жағдайда дәмнен үлкен еместігін білдіріп, қандай да бір дәмнен ауыз тиіп шығады.
Жерге құт дарыту ырымын жасайтын қариялар жерге алғаш себілетін дәнді екі бұтының арасынан өткізіп, бісміллә деп лақтырады.
Бiр жылда адамның көптеген арман тiлектерi орындалып, мақсатына жетiп, табысқа кенелсе, сол жылды құт жылы санап ерекше еске алады. Осы жылы құт-береке ортаймасын деген ырыммен сол жылдың атауы болған жануардың басына ақ құйып, ырым жасайды. Сол сияқты үйге кірген жыланды өлтірмей, басына сүт, айран, құйып шығару ырымы да бар. Бұл жерде ақ тағам - таза пиғыл, ақ тiлеудiң, жақсылыққа жорудың символы. Сонда, жыланның басына ақ құю оны перiштеге балауды бiлдiргенi болып шығады. Кейде тіпті үйге кірген жыланды өлтірмей, басына ақ құю жамандыққа жақсылықпен жауап берудің белгісі саналған.

Жанып тұрған шырақты үрлемейді
(үй тұрмысына қатысты ырым-тыйым)
Қазақ ырымдары ішіндегі кең таралғаны бұл үй тұрмысына қатысты ырым-тыйымдар. Олардың өзіндік тәрбиелік мәні бар. Мұны білген бала ұлтының салтын, болмысын терең біліп өседі.
Түнде сандықты ашпайды - біреу-міреу өледі ( өте қажет болған жағдайда жылан кіріп кетті деп айтып ашады). Түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды - жау шақыру деген ырым. Жанып тұрған шырақты үрлемейді - адам ұмытшақ болады. Шәугімнің шүмегін есікке қаратып қоймайды - ырыс-несібе кемиді. Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды - жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған. Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе - жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды. Тәңірден тілеп алған сәбиінің екі аяғына ата-анасы ырымдап, баланы тіл-көзден, түрлі пәле-жаладан қорғайды деп қымбат бағалы металдан білезік соқтырып тағып қояды.
Ертеде қазақтар дертке шалдыққан адамды көне наным-сеніммен, ки - елі ағашқа апарып, басына сыйынып, ырым етіп ақтық (шүберек) байлаған, науқас адамды дерттен арылтуға ниет еткен.
Бiтеу iреп сойылған мал терiсiнен жасалған долық дейтін бітеу ыдысты молшылықтың нышаны санаған қазақ үйге кірген ырыздықты бітеп, шығармай тұрады деп сенген. Мұндай бітеу малдың терісінен жасалған тұлып тәрізді ыдысқа ас-тағамның берекесі саналатын, дәмін келтіретін тұз бен молшылықтың белгісі астық сияқты заттарды ырымдап салып қоятын болған.
Жас келіндерге және дүниеге келген сәбилерге катысты ырым-тыйымдар Ене келін түскен кезде ұл немерелі болу үшін оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. * * * * * * * * Жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған дәмді қыз тауып қоям деп жемейді.. * * * * * * * * Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады. * * * * * * * * Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді. * * * * * * * * Ер баланың кіндігін ырымдап, үй күшік болмасын деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін үйдің құты болсын деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. * * * * * * * * Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз тынығып, жуынып-шайынып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденгеннен кейін барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартып келген қонақтың түрі сұсты, қабағы қатулы,өңі шаршаңқы болады. Дүние есігін жаңа ашқан сәби мен бар сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.

Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар
Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның түп төркіні үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды деген ырымды білдіреді.
* * * * * * * *
Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, қызда қырық шырақты бақыт бар деп білетін халқымыз, сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады деп ырымдайды. Қызда қырық періште бар деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн.
* * * * * * * *
Қызда қырық қырсық та бар деген халық сөзін естіп пе едіңіз? Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. Қызда мұздай суық ызғар да бар. Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орын алса, сол үйді ызғар шалады екен. Қызда қырық сайтан дабар деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, сайтандар сол үйде қалатын көрінеді.
* * * * * * * *
Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түсетін болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп, аттан түспейді. Үй иесі сыртқа шыққанда, амандық-саулық сұрасқан оң, атының оң жағынан түседі және үйді айналмайды. Өйткені, жау адамдар бөгде үйдің жай-күйіне қарамайды, баса-көктеп кіреді және өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамастан бірден үйге кіреді. Сол себепті, бұл жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын деген мағынаны білдіреді. Досжаран, ағайын-туыстар да оң тілеумен үйдің оң жағынан келіп, үйге оң аяқпен кіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні
КӨШПЕЛІ ӨМІР МЕН ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ
Шығарма тақырыбы - жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі
Пәндер