Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І БӨЛІМ. Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру
1.1 Калькуляциялау түсінігі мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы рөлі ... . 7
1.3 Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерінің түрлері ... ... ... .. 9
1.4 Қоғамдық тамақ кәсіпорынындағы есептің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... 14
ІІ БӨЛІМ. Kfc қоғамдық тамақтандыру мейрамханалар желісі
2.1 Kfc мейрамханасының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2 Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарымен өнімнің өзіндік құнын шығаруға байланысты шаруашылық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында рәсімделетін құжаттар ... ... ... ... . 19
2.4 Kfc мейрамханасының баға саясаты және 3 жылдық статистикасы ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру" болып табылады. Мен курстық жұмысымда тақырыбыма сәйкес алдымен калькуляциялау түсінігі, қоғамдық тамақтану ұйымдарындағы калькуляциялауды жүргізудің мәні, әдістері, атқаратын қызметін айқындай отырып мысал келтірдім. Әсіресе қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор екенін қарастырдым. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтежесінде бухгалтерлік есеп және оның жүйесі - калькуляциялаудың мәселелері өзгергенін түсіндім.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Бухгалтерлік есеп көптеген ауқымды аймақтардың бірі -- өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі болып табылады. Нарықтық экономикасы бар елдердегі кәсіпорындар мен фирмалар практикасында бұл аймақтар бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өндірістік есеп жүйесінде көрсетілген.
Курстық жұмыстың нысаны етіп, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының өзіндік құнын шығару, яғни калькуляция жүргізу, ұйымдастыру жолдарын қарастырып отырмыз. Бұл курстық жұмыстың негізгі бағыты - есептеу, калькуляциялау әдістерінің негізгі түрлеріне, принциптеріне, нормативтік әдістеріне назар аудару болып табылады.
Калькуляциялаудың осы шарттардағы мәселелері нарықта жұмыс істейтін кәсіпорындарды белгілі бір табыспен қамтамасыз ететін өзіндік бағаны есептеу. Есептелген өзіндік құн деңгейін тұрақты төмендету мүмкіндігі және тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өндірісті дұрыс ұйымдастыру керек.
Осы мақсат негізінде төмендегідей міндеттер қойылған:
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаумен таныс болу;
Калькуляциялаудың негізгі әдістерін анықтау;
Калькуляциялау түрлеріне тоқталу;
Жиналған мәліметтерді топтастыру және қорытынды жасау;
Таңдалған тақырып бойынша әдебиеттер тізімін жасау.
Жалпы айтқанда, калькуляция (сөзі латыннан есептеу, санау деген мағынаны білдіреді) - кәсіпорынның өндірген өнімінің және көрсеткен қызметінің жалпы санынан бірлік құнын анықтауға мүмкіндік береді, кәсіпорын сол арқылы жоспарлы және нақты өзіндік құнды анықтайды.
Қазіргі таңда экономиканың салаларындағы кәсіпкерлер, меншік иелері өндірістік материалдар мен шикізаттарды үнемді пайдалана отырып, өндірістік қалдықтарды барынша төмендетуге, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі болуға тиісті. Соған байланысты шығындарды басқаруда қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін ішкі жедел есептің артықшылығы айқындала түседі. Ішкі өндірістік есеп басқару процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, компаниялардың және мекемелердің ағымдағы қызметін бақылауға, оның стратегиясын жоспарлауға, барлық ресурстарын тиімді пайдалануға, қызмет нәтижесін бағалауға және талдауға байланысты маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Таңдалған курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Өндірістік есептің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып саналады. Сондықтан, шығындар есебін тиімді ұйымдастырудың негізгі мәселесі - бұл басқару жүйесін жақсартумен тығыз байланысты есептің дұрыстығын, жеделдігі мен талдамалылығын жоғарылату және бақылау қызметтерін күшейту болып табылады. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қазіргі жағдайы мен даму бағытына талдау жүргізудің нәтижесінде саланың өндірістік ерекшеліктеріне қарай шығындардың қалыптасуын анықтай отырып, саладағы шығындардың есебін ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру, жұмсалған шығындарға ішкі аудит пен талдау жүргізу ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын іздестіру өзекті мәселе болып саналады.

1.1 Калькуляциялау түсінігі мен қағидалары
Калькуляциялау - бұл өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқаруда өте маңызды, себебі ол өнімнің өзіндік құнын азайту және бәсекелестігін арттыру үшін ішкі резервтерді уақытында қолдануға мүмкіндік береді. Калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен олардың нарықтағы сұранысын есепке ала отырып, өнім, жұмыс және қызмет бағасын бекіту үшін қолданылады.
Калькуляциялауда нақты өнім түрін өндіру мен сатуға, сондықтан жұмыс және қызмет бірлігін орындау (жүктерді тасу, жөндеу жұмыстары және т.б.) кәсіпорынның ақшалай түрдегі шығындары біріктіріледі.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде калькуляциялау кейбір өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бірлігінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі ретінде анықталады. Калькуляциялау барысында шығарылған өнім санымен өндіріске кеткен шығындар салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны анықталады.
Калькуляциялау міндеті - олар тасушылардың бір бірлігі, яғни сатылатын өнім (жұмыс, қызмет) бірлігіне кеткен шығындарды анықтау.
Калькуляциялаудың алғышарты болып калькуляциялаудың алдында болған өндірістік шығындар есебі (өндірістік есеп) табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белгілі бір түрде дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірістік басқарудағы қажетті болып табылатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Өзіндік өндірісте ертеден қолданған калькуляциялау жүйелері дайын өнімнің қорын бағалау мен жартылай фабрикаттардың құнын білуі мақсат етілді, себебі ішкі өндірістің және сыртқы есеп беру құрылымның табысын анықтау үшін қажет болды. Мәселенің маңыздылығына қарамастан бұрынғы калькуляциялау жүйелері басқарушылық есеп берудегі шешім қабылдауына қажетті ақпаратпен қамтамасыздандыра алмаған, қазіргі калькуляциялау жүйелері баланстырылған болып келеді. Олардың құрамындағы ақпарат дәстүрлі есептеулерді шығаруға ғана емес, сонымен қатар экономикалық болжау жасауға мүмкіндік береді, мына жағдайларда:
Өнімді өндірудің келекшектегі мақсаттылығы;
Өнімге тиімді баға бекіту;
Өнімнің тиімді ассортиментін өндірі;
Технологиялар мен станок паркін жаңарту мақсаты;
Басқару қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау;
Қазіргі калькуляциялаудың негізі кәсіпорынның шешімдерінің орындалуын немесе жоспарға жауапты орталықтардың шешімінде жатыр. Берілген калькуляциялау қолданулар өзіндік құнның жоспарлы міндеттерінің ауытқуын талдау, кейінен жоспарланған өзіндік құнды және экономикада эфективті технологияны ендіру мен технологиялық процесстерді жүзеге асыру үшін қолданылады.
Калькуляциялау трансфертті баға белгілеудің негізгі болып табылады. Трансфетті баға бір кәсіпорынның бөлімдері расындағы коммерциялық операцияларын жүзеге асыруға қолданылады. Көбінесе трансферттік бағаның актуальді қалыптасуынан кәсіпорын бөлімдері сыртқы сатып алушыларға өз мүмкіндіктері арқылы шығуы мүмкін. Осы жағдайда трансферттік бағаны дұрыс қалыптастыруы ұйымның қаржылық жағдайына тәуелді болады. Егер бөлім өнімді толығынан кәсәпорынның ішінде тұтынса, онда трансферттік бағаны есепке алынады және ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді.
Осыдан өндірістік есеп беру мен калькуляциялау басқарушылық жүйеде тек өнімнің өзіндік құның анықтау ғана емес, сенымен қатар өндіріс саласында негізгі элемент болып табылады.
Калькуяциялау тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен сапаның бақылауында маңызды роль атқарады. Калькуляциялау өндірілген өнімнің түрлері бойынша құралады, кәсіпорында номенклатуралық шығын баптары жұмыс пен қызмет бойынша бекітіледі(бірақта шығындарды есептеу өнімнің түрлері бойынша ғана емес, сонымен басқа да есеп беру объектісі бойынша). Бсқарушылық есепберудің маңызды шешімі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнын калькуляциялау - өндірілген өнімнің өзіндік құны берілген өндірістік шығындар бойынша есептен шығарылады. Шығындарды есепке алғаннан кейін айлық есеп беру жүргізіледі.
Басқарушылық есеп беруде ай сайын жалпы өткізілген өнімнің және детализацияланған көрсеткіштердің құнның анықтау. Мысалы, өнім түрлері бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны, өнімнің өзіндік құны.
Қазіргі жедел өзгеретін нарық жағдайларына байланысты кәсіпорынның басқармасына дұрыс шешімдерді қабылдау үшін, кәсіпорынның іс-әрекетіне талдау жүргізу қажет, сондықтанда берілген көрсеткіштері, оның ішінде өзіндік құн жайлы ақпарат, кәсіпорынның дамуына әсер етеді.
Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру мен нарыққа шығаруға кеткен шығындардың ақшалай көрінісі. Өнімнің (қызмет,жұмыс) өзіндік құны кәсіпорынның шығындарынан қалыптасады, олар өнімнің (жұмыс,қызмет) өндіру процессінде табиғи ресурстарды, шикізат пен материалдар, отын қуат, негізгі құралдар, еңбек ресурстарын қолдануымен байланысты.
Өнімнің өзіндік құнына кіреді:
Еңбек шығыны, кәсіпорындағы өндірілген өнім,өндірістегі құрал мен заттар еңбек шығыны (дайындау мен игеру өндірістік шығындар;
өндірістегі техникалық шарттар шығыны;
технологиялық қамтамасыздандыру;
дайындау мен даярлау шығындары;
салықтар, өндірісті басқаруға жұмсалған шығындар т.б.;
Өнімді нарыққа өткізу шығыстары:
орамы, тасмалдау мен тасу, дельдал қызметіне сыйақы, сыйақы мен комиссиондық жиындар, жарнама шығындары;
Кәсіпорын өнімін нарыққа өткізуге байланысты өндіріске қатысы жоқ шығындарды өзіндік құнға енгізу арқылы оларды есептен шығару (жерді жалға алу, суға, камуналдық шығындар);
Сонымен қатар өнімнің (жұмыс,қызмет) өзіндік құнына өнімнің бұзылуы мен сынуы кіреді. Ол өнімнің ішкі өндірісінің тоқтап қалуынан, материалдардың жетпеуінен, жұмыскелердің жұмыс қабілетінен уақытша айырылып қалуынан төлемдерді төлеу шығындары пайда болады.
Басқарушылық есеп беру жүйесі арқылы өзіндік құн тәртібін қалыптастыруы онша регламенттелмеген. Осы өзіндік құнның мақсаты салық төлеу емес, ол басқарушылықтын кәсіпорынның толық шығындар жайлы мәлімет алу үшін қалыптасады. Сондықтан берілген есеп беру жүйесінде өзіндік құнды есептеу үшін әртүрлі әдістер қолдануы мүмкін. Кәсіпорынға өзінің шығындарын басқаруға маңызды болып келеді, ол өнімнің өзіндік қалыптастыруға әсер етеді, яғни оған өзіндік құн жайлы нақты ақпарат қажет. Басқарушылық бухгалтерлік есеп жүйесінде осындай мәлімдемелер қалыптасады.
1.2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы рөлі
Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтық өзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды. Ресурстарды үнемдеуге көптеген тех.-экон. Факторлар әсер етеді, олар ішкі өндірістік және өндірістен тысқары факторларға бөлінеді.
Өндірістен тыс факторлар - кәсіпорын ықпал ете алмайтын факторлар. Оларға салықтар мен төлемдердің ставкалары, шикізаттың, материалдардың, машиналар мен жабдықтардың нарықтық бағасы, көлік тарифтері мен электр энергиясының тарифтері және басқалар жатады.
Ішкі өндірістік факторлар - кәсіпорын тарапынан басқарылатын факторлар. Оларға өнімділігі жоғары техника мен прогрестік технологияны енгізу, өндірістің механикаландырылуы мен автоматтандырылуы деңгейін арттыру, негізгі капиталды тиімді пайдалану, айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету, жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру, еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру, т.б. жатады.
Кәсіпорынның шығындары өндіріс үдерісімен байланысының сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарға, олардың жекелеген бұйымдардың өзіндік құнына жатқызылуы тәсіліне қарай тікелей және жанама шығындарға, өндірістің көлеміне қарай шартты-тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлінеді. Сондай-ақ шығындарды экон. Мазмұнына және калькуляцияның баптарына қарай да топтастыру қабылданған. Шығындардың экон. Нышандары бастапқы, біртекті топтар болып келеді. Калькуляцияның баптары бойынша топтастыруда шығындардың орны мен мақсаты ескеріледі.
Ө. Ө. Қ-н төмендету - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі ең басты міндеттердің бірі. Оның негізгі көздеріне: бір өнімге жұмсалатын шикізат, материалдар, отын және энергия шығынын төмендету; бір өнімге шаққандағы амортизац. Аударым шамасын азайту; әкімш. Бас-қарушылық шығындарын төмендету; бейөндірістік шығындар мен шығасыны барынша азайту жатады. Бухгалтерлік және экон. Шығын түрлеріне де бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарда тек көзге көрінетін шығындар, яғни тұтынылатын ресурстар үшін төленетін төлемдер қамтылады. Экон. Шығындар көзге көрінетін (бухгалтерлік) шығындар мен көзге көрінбейтін (сатып алуға жатпайтын) ресурстардың құнынан құралады.
Калькуляцияның мәнін сипаттауда біз оның негізгі айналымын атап өтсек - табыс алуға басшының бағдарламасын дайындау мен жетілдіру және де қолданыстағы калькуляциялау процесін барынша мақсатына бағыттау мен оны сынақтан өткізу болып табылады.
Қазіргі кезде калькуляциялаудың негізі ШС немесе ЖШС қабылданға жоспардың орындалуын бақылауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан ауытқулардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляциялаудың мәліметтері негізінен өзіндік құнды келесі кезектегі жоспарлау үшін: жаңа техниканы ензігудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі технологиялық процестерді талдау өнімнің сапасын арттырудың шараларын жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарын дербес жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану тұрады деп шешім қабылдауға болады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің техникасы мен әдістемесінің барлық айырмашылықтарына қарамастан, жалпф алғанда, олар экономикалық тұрғыдан шығындар-өндіу-табыстар қағидасын жүйелі түрде жүзеге асыруға негізделген. Бұл процес өзіндік құнды басқару мәселелерін шешуге, яғни өндірістің тиімділігін анықтауға, ресурстардың барлық түрлерінің қолданылуын бақылауға, оларды үнемдеу резервтерін іздестіруге бағытталған.
Экономикалық әдебиеттерде, Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың толық әдісі термині туралы көптеген пікірлер бар. Сонымен бірге шын мәнінде, калькуляциялаудың нақты әдісі деген де ұғым жоқ, ол типтік әдіске жатпайды. Ал типтік әдіс үшеу екенін алдыңғы тарауда айтқан болатынбыз. Калькулциялаудың кез- келген әдісі не нақты, не жоспарлы, немесе екеуі де бір мезгілде болып келеді, бірақ осы будандастырылған әдіс басшының ұсынысымен ғана жасалынады. Сондықтан, толық деген сөз бар болғаны қағида ғана, яғни ол өзіндік құнның толық есебі, шығындарды ұғымды басқару үшін және ақпараттық деңгейін көтеру үшін жасалынатын қызмет.
Қорыта келгенде, калькуляция негізінен өндіріс процесі аяқталған соң жасалады және онда өнім бірлігіне келетін барлық нақты шығындар көрсетіледі.
1.3 Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдістерінің түрлері.
Өндіріс шығындарды есепке алу әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау - жиынтық құжаттарды қабылдауы мен өндірісте анықталған шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Шығындарды есепке алу әдісі мен калькуляциялау кәсіпорынның қалауынша таңдалады, оған кейбір факторлардың әсеріне: бұйым саласы,технологияны қолдану, өнім ассортименті және т.б. жатады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады. Калькуляциялау әдісі өндіріс саласының түріне, оның қиындығына, аяқталмаған өндірістін қалдығына өндіріс іс әрекет циклына өндірілген өнімнің номеклатурасына байланысты болады .
Шығындарды есепке алу мен калькуляциялау әдісі 3 топқа бөлінеді:
Шығындарды есепке алу объектісі бойынша:
Процесстік әдіс;
Қайта бөлісу әдісі;
Тапсырыстық әдіс;
Шығындарды есепке алу толықтылығы бойынша:
Толық өзіндік құнды калькуляциялау;
Толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
Шығындарды тексеру мен жедел есеп беру бойынша:
Нақты өзіндік құнды есепке алу;
Нормативтік шығындарды есепке алу;
Калькуляциялаудың процесстік әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың процесстік жүйесі біртекті немесе бірдей өнімді сериялы немесе массалы өндіретін немесе үздіксіз өндірістік цикл қолданатын өндірістерде қолданылады. Шығындар процесстік калькуляциялау технологиясында әр өндірістік бөлімшенің жеке өндірістік кезеңдерін орындайтын кәсіпорындарда да қолданады.
Кәсіпорындарда шығындарды есептеу калькуляциялаудың процесстік әдісін әртүрлі өнімді өндіруде қолдана алады, егер өндірістік процесстегі қайталанатын тұрақты операцияларды бөлу мүмкіндігі болса. Көбінесе процесстік әдіс өнеркәсіпте және энергетика салаларында қолданылады.
Осы салалар өндіретін массалық түрі, дамытушы емес цикл, өнімді өткізу номенклатуралық шектеулер, жалғыз өлшем бірлігі мен калькуляциялау, аяқталмаған өндірістін болмауын немесе аса маңызды емес мөлшерін мінез дейді.
Процесстік калькуляциялау жүйесін қолданғанда өндірістегі белгілі тапсырысты бөлек өнім бірлігін шығындармен байланыстыру мүмкіндігі жасалмайды, керісінше бір өнімнің өзіндік құнын есептеуге болады, оны белгілі кезең бойынша өндірістік өзіндік құнды осы кезең аралығында өнім санына бөлу арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, берілген кезең бойынша өзіндік құн тапсырысы барлық өнімнің орташа түзу өзіндік құнына алынады.
Технологиялық процесстерде өзіндік құнын калькуляциялау процесстік әдіс қолданылады, ондағы сериалы және жаппай бір түрлі немесе ұқсас өнімдерді өндіріс цикілінда тұрақты өндіру.
дайын өнім мен аяқталмаған өзіндік құны есепті мерзім соңында технологиялық процесстердің ерекшелігіне байланысты екі әдісі есептеледі:
Орташа бағалау әдісі;
ФИФО әдісі;
Осы әдістер бойынша мысал қарастырайық:
Орташа бағалау әдісі бойынша мысал:
Компания өнім өндіреді. Материалдар процесс басында еңгізіледі, ал қосылған шығындар (өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы плюс үстеме шығыстар) процесс барысында таратылады.
Ай басындағы аяқталмаған өндіріс қалдығы 6 000 бірлік,
материалдарға қатысы бойынша 100% қосылған шығыстарға қатысы бойынша 60%-ға дайын, материалдардың құны - 24 000 тг., қосылған шығыстар - 15 300 тг.
Ай ішінде өндіріске 16 000 бірлік басталды; 18 000 бірлік өндірілді, ай аяғындағы аяқталмаған өндіріс - 4 000 бірлік.
Ай ішіндегі шығындар - 139 000 тг., оның ішінде:
- материалдар - 64 000 тг.,
- қосылған шығыстар - 75 000 тг.
Ай аяғындағы аяқталмаған өндіріс материалдарға қатысы бойынша 100%-ға дайын, қосылған шығыстар бойынша - 75%
Шығындар баптары
Бастапқы
А.Ө.
Ай ішіндегі шығындар
Барлық шығындар
Б.б.
Дайын өнімнің
Б.б. А.Ө.ай аяғына
Барлық б.б.
1б.б.
Өзінд.Құны
Материалдар
24 000
64000
88000
18000
4000
22000
4
Қосылған шығындар
15300
75000
90000
18000
3000
21000
4,3
Барлығы
39300
139000
178000
8,3
Дайын өнімнің өзіндік құны:
Материалдар = 18 000 x 4 = 72 000 а.б.
Қ.Ш. = 18 000 x 4,3 = 77 400 а.б.
Барлығы: 149 400 а.б.,
немесе 18 000 x 8,3 = 149 400 а.б.
Ай соңындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құны:
Материалдар = 4 000 x 4 = 16 000 а.б.
Қ.Ш. = 3 000 x 4,3 = 12 900 а.б.
Барлығы: 28 900 а.б.
ФИФО әдісі бойынша мына мысалды қарастырайық:
Шығындар баптары
Ай ішіндегі шығындар
Б.б. Д.Ө. минус
б.б. А.Ө. бастапқы
Б.б. А.Ө.
Барлық б.б.
Бір б.б. өзіндік құны
Мате-риалдар
64 000
12 000
4 000
16 000
4,0
Қ.Ш.
75 000
14 400
3 000
17 400
4,3103
Барлығы
139 000
-
-
-
8,3103
Дайын өнімнің өзіндік құны:
- Ай басындағы А.Ө. өзіндік құны - 39 300
Материалдар - 12 000 x 4 = 48 000
Қ.Ш. - 14 400 x 4,3103 = 62 069
Барлығы: 149 369 тг.
Ай соңындағы А.Ө.:
- Материалдар - 4 000 x 4 = 16 000
- Қ.Ш. - 3 000 x 4,3103 = 12 931
Барлығы: 28 931 тг.
Процесстік калькуляциялау бойынша шығындар тапсырысқа емес балама немесе эквиваленті өнімге жатқызылады. Осы мақсатпен есепте дайын және аяқталмаған өнім біртұтас базаға жинақталады.
Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі.
Өндірістегі ұзақ мерзімді технологиялық циклде;
Үлкен көлемде әр түрлі өнім өндіруге, оның көп бөлігі қайталанбайтын және үлкен көлемде бөлек тапсырыстар бойынша шығарылғанда;
Технологиялық маманданған жұмыс орындары мен белгілі операциялардың тұрақты бекітілуін қамтамасыздандыра алмауы мен жұмыс орындарын бөлшектегенде;
Ережеге сәйкес әмбебап құрал-жабдықтар мен биінулерді қолдануда;
Жинақталған және дәлелденген операцияның үлесі үлкен көлеміне байланысты болуда;
Жұмысшылар арасында жан жақты жоғарғы маманданған жұмысшылардың бар болуында;
Ұзақ мерзімді өнімді өндіру;
Калькуляциялау объектісі тапсырыстық әдіс бойынша бірлік өнімге өндірістік тапсырысы мен белгілі өнімнің, жұмыстын, қызменттін саны болып табылады. Тапсырыстарды бір арнайы өнімге және бірнеше кішігірім сериялық өнімдерді өндіру тапсырыс иесінің осы немесе басқа бір өнім түрін дайындау келісім шартына сүйене ашады.
Тапсырыстын өзіндік құнын калькуляциялау.
Тапсырыс калькуляциялау ведомості
Құрылым шығыны
Құрушы бөлімдер
Өзіндік құн бірлігі
Бірлік саны
Барлығы
Бөлшек 1
Бөлшек 2
Бөлшек 3
Барлығы
Операция
Шығын бабы
Шығын көлемі
Барлығы
Операция 1
Операция 2
Барлығы
Үстеме шығындар
Бап
Шығын көлемі
Барлығы
Жалпы түрде жанама шығындар схемасы келісіде:
Шығынды тарату объектісін таңдайды;
Тартылған шығындар базасын таңданады - көрсеткіш түрі, оны қолдануы шығындар таратуын жүргізуге болады;
Трату коэффициенті таратылған жанама шығыннның көлемін таңдалған тарату базасының көлеміне шегергені есептеледі.
Әрбір объектіге келетін жанама шығынның көлемін таратылған шығынның көлеміне тарату базасына сәйкес келетін берілген объектіге көбейту арқылы анықтауға болады;
Осы схеманы мысалда қарастырайық. Мысалы, жалпы өндірістік шығындар белгілі кезеңінде есептелген, өндірілген өнімді тарату қажет, яғни жанама шығындар үстеме шығыстар, өндірілген өнімге тарату әдісін жүргізу қажет. Тарату базасы - негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақының шығындары болып табылады.
Жалпы өндірістік шығынның көлемі 39 250 теңге. Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақы - 40 000теңге. Трату ставкасын табу қажет.
Тарату ставка = Жалпы өндірістік шығын Еңбекақы=39 25040 000=0,9812
Жалпы өндірістік шығынды тарату ставкасы негізінде өнімнің белгілі түріне есептеулер жүргізіледі.
Тура шығынның бірлігі:
Негізгі шикізат пен материалдар -400теңге
Негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақы -800теңге
Онда өнімге үстеме шығындарды тарату: Негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақысын * жұмыс ставкасына = 800*0,9812=785теңге
Осыдан, бірлік А өнімнің (тура және үстеме шығын соммасы) өндірістік өзіндік құны құралады: 400+800+785=1985теңге. Бұл мысалда қарапайым бір сатылы тарату қарастырылған.
Толық және толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.Егер өнімнің өзіндік құнына шығындарды толығымен кіретін өндірістегі шығынды есепке алу жүйесін қарастыратын болсақ, онда өнімнің өзіндік құнына барлық шығындарды кірістіру жүйесі мен өзіндік құн шығындарын шектеулігін толық емес өзіндік құн жүйесінде көрсетуге болады.
Толық емес өзіндік құнын қалыптасу әдісі директ-костинг, ал толық өзіндік құн - абзорпшн-костинг деп аталады.
Шығындар түрлері бойынша тура және жанама шығындар деп бөлінеді. Тура шығындар - ол шығыстар, яғни олардың пайда болуын анықтау, қандай және қай түрдегі, көлемдегі өнімге оның қатысы барын талдау. Мысалы, ондай шығыстарға шикізат пен материалдар, негізгі өндіріс жұмысшылардың еңбекақысы жатады.
Осы деңгейде өте маңыздысы талдау есебін ұйымдастыру, яғни өнімнің өндіру түрлері бойынша тура шығындарды тарату. Ол екі әртүрлі әдістермен - тапсырыстық және қайта бөлісу жүзеге асырылады. Өнімді негізгі өндірісте, сонымен көмекші өндірісте шығарылуы мүмкін. Сондықтан тура шығыстарды тек негізгі өндірістен ғана емес. Сонымен көмекші өндірісте де жинақталады, яғни олар 8010 Негізгі өндіріс шотына және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz