Рульдік басқару механизмі


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Басқару жүйесіне рульдік басқару механизмі, бас-қару дөңгелектері және осы екі тораптардың аралығындағы жетек құралдары жатады. Сондай басқару жүйесінің жүмыс схемасы. Ол мынандай негізгі тораптар мен бөлшектерден құралған: рульдік механизм (3), рульдік түтқа дөң-гелегі (1), рульдік қүлақша (4), үзындық тартқыш (6), рульдік трапецияның көлденең (5) және жан-дық (7) тартқыш, бұрылғыш жүдырықша (9) мен оны тартқыш (8) . Бұрылғыш жүдырықшада (9) ба-сқару дөңгелегі ішкі және сыртқы подшипниктер арқылы бекітіледі, алдырықшаның (9) өзі топса (шкворень) арқылы басқару белдемесінде (2) орналасады. Соның салдарынан, дөңгелек бұрылғыш жүдырықша арқылы әртүрлі бұрышқа бұрыла алады.

Осындай басқару жүйесі мына ретпен жүмыс ат-қарады. Жүргізуші автомобильді бұратын бағытқа қарай рульдік дөңгелек түтқаны (1) бұрайды. Сол кезде рульдік механизм (3) арқылы рульдік қүлақша (4) бұрылады. Оның бұрылуы үзындық тартқыш (6) арқылы бұрылғыш жүдырықшаны (9) басқару дөңгелегімен қоса тиісті жағына бұрады. Сол жақ-тағы дөңгелектің бұрылуы рульдік трапеция (5, 7) тартқыш арқылы оң жақтағы дөңгелекті бұрады. Сөйтіп басқару дөңгелектерінің жүріс бағытын өзгерткендіктен, онымен бірге автомобильдің де жүріс бағыты өзгереді.

Осылайша құрылған басқару жүйесінің негізгі ерекшелігіне, басқару дөңгелектерінің бұрылуы руль-дік трапеция арқылы болатындығын жатқызуға болады. Себебі оң жоне сол жақ дөңгелектер өзара осы трапеция тартқыш арқылы жалғасқан. Трапеция деп отырғанымыз оның бір табанын бұрылғыш жүды-рықша бекітілген аддыңғы белдеменің екі жақтағы топса аралығы құраса екінші табанын көлденең тар-тқыш (5) құрайды, ал екі жаны жандық тартқышпен (7) жалғасқан.

Рульдік трапецияның бұрылыс кезінде дөңгелек-терге өртүрлі бұрыш береді. Мысалы оңға қарай бұрыл-ғанда оң жақтағы дөңгелек сол жақтағы дөңгелеққе қарағанда көбірек бұрышқа бұрылады. Сонда ғана олар тайғанамай, жер бетіне үйкелмей дөңгелей ала-ды. Сондықтанда рульдік трапеция бұрылыс кезінде басқару дөңгелектерін тек әртүрлі бұрышқа бұрып қана қоймайды, осыған қосымша сол екі бұрыштың айырмашылығын үнемі түрақты үстап түрады. Оны арнаулы қондырғыларда тексеріп, қажет болса көлде-нең тартқыштың үзындығын өзгертуге болады.

Басқару жүйесіндегі негізгі механизм - ол рульдік механизм болып табылады. Рульдік механизм үшін көбінесе червякті - роликті немесе винтті рейкалы механизмдер қолданылады. Себебі бүл механизм-дердің кері қарай берілісі болмайды, яғни күшті рульдік басқару түтқасынан басқару дөңгелектеріне жеңіл береді де керісінше дөңгелектен рульдік түтқаға бермейді. Себебі жүмыс кезінде басқару дөңгелектері жол бедерінің әсерінен әртүрлі күштерге душар болады. Ол кері берілсе жүргізушіге зиян келтіруі мүмкін.

Автомобильдің басқару жүйесінде рульдік меха-низммен қатар күшейткіш механизмдер қолданыла-ды. Себебі тек кана червякті берілістің бұру күші жеткіліксіз болуы мүмкін. Сол кезде күшейткіш механизм бірге қосылып істейді. Ондай механизм үшін көбінесе гидравликалық механизм қолданылады. Онда арнаулы насос арқылы гидроцилиндрді қозғай-ды. Ал гидроцилиндрдің қозғалуын рульдік механизм басқарады, яғни рульдік механизм бұралғанда гид-роцилиндр іске қосылады да, ол тоқтаған кезде гидроцилиндр ажыратылады. Енді төменде осылардың құрылысы мен жүмысы қаралады.

Червякті роликті рульдік механизм алдыңғы бао қару белдемесіне 25 кН дейін күш түсетін автомо-бильдерде қолданылады. Оның жалпы құрылысы 5. 2-суретте көрсетілген және құрылысы мынандай болады. Рульдік дөңгелек түтқаның білігіне (14) чер-вяк (10) отырғызылып, рульдік механизмнің қора-бывда (1) екі подшипник (12) арқылы айнала алады. Червякпен қырлы ролик (18) тістесіп түрады. Ал ролик (18) инелі подшипник (3) кигізілген ось(16) арқылы рульдік қүлақшаның (18) аша иіні бар білігіне (2) жалғасады. Бүл білік (2) рульдік механизмнің қора-бында бір жағы роликті подшипниққе (23), ал екінші жағы қола ішпеққе (26) орнатылған. Оның ось бой-ымен қозғалу мөлшерін реттегіш винтпен (21) шектейді.

Червяк (10) бұралған кезде роликтің (18) онымен тістесіп түрған қырлары арқылы бұрай қозғайды да руль қүлақшасын (28) бұрады, ал оның бұрылуы үзындық тартқыш арқылы басқару дөңгелектеріне жетеді.

Червякті роликті рульдік механизмнің артықшы-лығына, әдеттегі червякті механизмдегі сырғанау үйкелісі мүндағы роликтің дөңгелеу үйкелісімен ал мастырылғандығын жатқызуға болады. Соның салдарынан автомобильді басқару жүмысы жеңілдейді. Бірақ мүндағы айтарлықтай кемшіліктің біріне, чер-вяк пен роликтің қырларының тістесу саңылауын үнемі реттеп отыру қажеттігі болып табылады. Сондықтанда мүнда осы саңылауды реттейтін күрделі қондырғы қолданылады. Оның бірі жоғарыда айтылған реттегіш винтпен (21) ролик білігін (2) қозғайтын болсақ, екіншісі червяк осінде қозғайды. Ол үшін қорап (1) пен оның қақпағының (7) аралығына өртүрлі қалыңцықтағы аралық төсем (8) қойылған. Сол аралық төсемнің қалындығын өзгерту арқылы червякті жылжытады.

Червякті рульдік механизм:

1-картер; 2-білік; 3, 9, 12, 23-подшипниктер; 4-винт; 5, 27-тығыздағыш-тар; 6-серіппе; 7-төменгі кақпақ; 8-реттегіш аралыктосемдер; 10-чер-вяк; 11-тығын; 13-түтік; 14-руль білігі; 15-жоғаргы қақпақ; 16-ось; 17, 19, 20-шайбалар; 18-ролик; 21-реттегіш винт; 22-штифт; 24-жандық кақпақ; 25-аралык төсем; 26-ішпек; 28-сошка.

5. 3-сурет. Гидравликалық күшейткіші бар рульдік механизм жүмысы:

а-бейтарап қалпы; б-қүлыптағыштың оңға жылжуы; в-қүлыптағыштың солға жылжуы; 1-сапун; 2, 3-сүзгілер; 4, 7, 8-клапандар; 5-ьщыс; 6-насос; 9-кысым магистралы; 10-төгу магистралы; 11-тесік; 12-шарикті клапан; 13-реактивті плунжер; 14-золотникті қүлыптағыш; 15-винт; 16-сошка секторы; 17-картер;

Басқару беддемесіне түсетін салмақ 25 кН-нан көп болған жағдайда рульдік механизмге қосарлана жүмыс істейтін күшейткіш қондырғы қолданылады. Ол кез-де рульдік механизмді винтті рейкалы беріліс етіп жасайды. Сондай механизм мен күшейткіштің жүмыс схемасы 5. 3-суретте көрсетілген.

Күшейткіші бар рульдік басқару жүйесінде рульдік механизмге қоса гидравликалық цилиндрі, реттегіші және май кіші қысымды тораптары бар жүйе қолданылады. Ондағы жүмыс мына ретпен іске асады.

Рульдік дөңгелек түтқасын автомобиль жүргізуші ешқай жаққа бұрмаған кезде (5. 3а-сурет) оның білігімен жалғасқан білік (15) ешбір жағына қозғалмағандықтан онымен бірге жасалған золотник (14) ортаңғы бейтарап қалпында түрады. Оның бейтарап қалпында түрған кезінде насоспен (6) айдалған сүйық май қайтадан ыдысқа (5) қүйылады. Ал жүргізуші дөңгелек түтқаны автомобильді бұру үшін бұраған кезде оның білігі (15) бұралады. Ол өзі винтті кесік арқылы поршеньмен жалғасқан рульдік құлақшаны (16) бұрады. Бүл кезде білікпен (15) бірге жасалған золотник (14) аздап қана (шамамен F1, 5 мм) бір жағына жылжиды. Себебі білікте (15) қүлақшадан (16) түсетін осьтік күш пайда болады. Енді винтті біліктің (15) гайкасы қызметін атқаратын поршеннің бір жағы насоспен май келетін тесікпен, ал екінші жағы май кері қайтатын тесікпен жалғасады. (5. 3. б, в-суреттер) . Сөйтіп рульдік қүлақшаны (16) орі жүргізушінің винтті білікті (15) айналдыру күшімен әрі ондағы пор-шенді май қысымының итеру күшімен бұрады. Сөй-тіп басқару дөңгелектерін бұру жүмысы жеңілдейді. Егер автомобиль жүргізушісі басқару дөңгелек-терін белгілі бір бұрышқа бұрғаннан кейін рульдік түтқаны бұруды тоқтатса, онда күшейткіш те жүмысын тоқтатады. Себебі бүл кезде золотниктің олсіз серіппесін итеретін күш болмайды да ол алғашқы бейтарап қалпына қайтып оралады. Ал бұруға қажетті күш көбейген сайын реактивті плунжерді (13) серіп-песімен бірге сүйық та қысады да поршенге келетін қысым көбейе береді. Ал автомобильді бұруға аз ғана күш қажет болатын болса, онда золотниктің (14) серіппесі қысылмай, ол орнынан қозғалмайды. Рульдік түтқадағы жанама күш 50-100 Н-нан асса ғана күшейткіш іске қосылады. Сонымен осындай қондырғылардың көмегімен күшейткіш "жолды сезіп" отырады.

Егер бір себептермен насос (6) жүмысын тоқтата-тын болса, онда шарикті клапан (12) май айдайтын және қайта қайтатын тесіктерді өзара жалғастырады. Енді поршень еркін қозғалады да автомобильді күшейткішсіз бұруға мүмкіндік береді.

Гидравликалық жүйедегі қысымды реттеп отыру үшін сақтандырғыш (7), қайта жіберетін (8) клапандар қойылған.

Жоғарыда айтылғаңдай, басқару жүйесіне қойы-латын талаптың бірі автомобиль жүрісінің тура бағытын жүргізуші бұрганға дейін өздігінен өзгертпеуі керек. Осы талапты орындау үшін басқарудөңгелектері машинаға бірнеше геометриялық параметрлермен орнатылады жоне ол параметрлерді жүмыс кезінде үнемі бақылап, алшақтап кетсе қайтадан қалпына келтіріп отырады.

Басқару дөңгелектері машинаға негізінен төрт түрлі геометриялық параметрлермен орнатылады: 1-жоғарғы алшақтығы; 2-алдыңғы түйіскіштігі; 3-топсаның (шквореннің) келденең еңкею бұрышы; 4- топсаның үзындық еңкею бұрышы.

Дөңгелектердің жоғарғы атшақтығы деп олардың жер бетіне тиіп түрған нүктелерінің ара қашықтығы үстіңгі жағындағы ара қашақтығынан аз болатындығын айтады, яғни дөңгелектердің үстіңгі жағы алшақ орнатылады. Бүл алшақтық дөңгелектердің жүмысын түрақтандырмайды, керісінше олардың жүріс бағытынан ауытқуына можбұр етеді. Бірақ машина жасаушылар бүл алшақтықты амалсыздан қолданады. Себебі осы кезде басқару дөңгелегінің торабын құрастыру мен бөлшектеу жүмысы мүмкін болады, яғни дөңгелектің осіне қойылатын ішкі және сыр-тқы подшипниктердің диаметрлерін әртүрлі етіп қабылдайды - ішкісі үлкен, сыртқысы кіші. Өйткені дөңгелек жантайып түрғандықтан оның ішкі под-шипнигіне көп салмақ, ал сыртқысына аз салмак. түседі. Енді деңгелек торабын құрастырғанда неме-се бөлшектегенде ішкі подшипник өз орнына, ал сыртқы подшипник өз орнына тікелей барып орналасады.

Басқару дөңгелектерінің алдыңғы түйіскіштігі деп олардың ось түсынан өлшегендегі алдыңғы жағындағы ара қашықтығы артқы жағына қарағанда аз болады. Бұл да дөңгелек жүмысын түрақтандырмайды. Дегенмен осылай орнатуға тура келеді. Себебі дөңгелектердің жоғарғы алшақтығынан олар жүріс кезінде бағыттарын тура бағыттан ауытқытады.

Ойткені олардың ауырлық нүктесі сыртқа қарай ауыт-қығандықтан дөңгелеу багыты да сыртқа қарай ауытқи береді. Осындай ауытқуды болдырмас үшін басқару дөңгелектерінің алдыңғы жағын күн ілгері түйістіріп қояды.

Олай болса басқару дөңгелектерінің жүмысын түрақтандыратын тек оларды машинаға жалғастыратын осьтерінің ғана параметрлері болады. Енді соларды қарастырып көрелік.

Басқару дөңгелегінің бұрылу топсасы шкворень деп аталады. Сол шкворень машинаның алдыңғы бұрылу белдемесіне жоғарыда айтылғандай екі түрлі бұрышпен орналастырылады: біреуі көлденең ба-ғытта, ал екіншісі үзындық бағытта. Шквореннің көлденең бағыттағы еңкею бұрышының схемасы 5. 4а-суретте көрсетілген. Мұндағы топсаның еңкею бұрышы. Басқару дөңгелектерінің осы схема бойын-ша орналасқан кезіндегі жүмысын түрақтандыратындығын білу үшін шартты түрде оны 180-градусқа бұралық (ол үздік сызықпен көрсетілген) . Сол кезде деңгелек жер бетіне һ биіктігіне тапталуы немесе машинаның алдын сондай биіктіққе көтеруі керек. Яғни мүндай кезде дөңгелек алғашқы қалпынан басқа жағдайға бұрылу үшін қосымша күш керек болады. Сөйтіп ол әрқашанда алғашқы қалпын сақтап отырады. Егер жүргізуші күш жүмсап машинаны бұрмаса, онда машина түзу сызықты жолмен жүре береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Автомобильдердің рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер»
Рульдік механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу принциптер
Газ-66 автокөлігінің жалпы сипаттамасымен танысу
Рульдік басқару жайлы
Автомобильдың бағытын басқару жүйесі
АВТОМОБИЛЬДІҢ БАҒЫТЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Mercedes E 55 автокөлігі
Автомобиль моторлары және оның негізгі бөлшектері
Mercedes-Benz G 320
Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz