Тұлға ұғымының мәні және түсінігі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
І Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың – философия, социология,
психология, педагогика, т.б ғылымдардың зерттеу обьектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчестваның, іс-әрекеттің
субьектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалың кеңестер мен
процестердің мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене
отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде қарастырады. Тұлға
әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын
әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен
әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың
мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда жеке
тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы
қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет
т.б) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы спенті болып
саналады Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін адам,
индивид, тұлға деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты ашып
алуымыз керек. Адам деген адамзат баласының жер бетіндегі басқа
биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Индивид адам түсінігінің нақты өкілі, жеке адам, индивидуальдық –
бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы , яғни бір
адам, екінші адамнан артық екенін білдіретін ұғым болып табылады. Ал
тұлға дегеніміз, адамның тек табиғи –биологиялық қасиеті ғана емес, ол
табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз
байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың өкілі. Нақтылап
айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің санаттан тыс адам қасиеті, яғни оның
әлеуметтік өмірін мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір
сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет ететін және керісінше де солай.
Индивид – жеке дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда
ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде өзіне тән нәтиже алады, себебі ол
қоғамның болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің, ата-
анасынан бөлек өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағдайда ол
жануар, хайуанаттардың кез-келгенінен әлсіз екенін біледі. Мысалы:
жұмыртқадан шыққан құс балапаны үшін тамақ іздеп жүреді. Атап айтқанда,
басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмайтын еді.
Мысалы, кездейсоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың
алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойғанын тарихтан
жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлығында да
балалар адам қөалпынан айрылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін
асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір
қабілеттері болмаған. Кейін олардың қолға түскенін адам қалпына келтіріп,
сөйлесуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман
ғылымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта.
Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы
ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның,
алуан түрлі басқа да қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сап қасиеттерін
өзінің бойына сіңіру қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру
ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек процесінде
еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру
жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен
қатынас, байланыс жасауды, ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді
үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет
жүйесінің субьектісі ретінде, яғни жасаушысы болып табылады. Қоғамдық
қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материялдық игіліктері (тамақ,
киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана
алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өздері байланыс жасауға толық
қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Бұдан адам мәнінің
тек қоғамдық-әлеуметтік жағы нормадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық,
психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген
пікір тумауы тиіс. Анығында : Адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп
те атайды) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік.
Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің құрылысын және формаларын
зерттейді. Атқаратын, орындайтын қызметін , шығу негізін, ми, жүйке жүйесін
тағы басқа қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын
сананы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі , мысалы,
құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не көре алмау, күйініш не наразылық,
ойлау т.б) адамның еркі мен сипатын (бейнесін), темпераментін т.б
қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әр қайсысы
адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен
психология адамдарды жеке дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете
алмайды.
Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі-бір адам, бірнеше
адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты
осылай қалыптастыратын, оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үшін іс-әрекет,
қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс , қатынаста болады. Осыған
сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғалар қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына
сәйкес келетін немес идеалды емес, оның қоғамға сәйкес келмейтін типін,
оның идеалды типін қандай ерекшелігі, айырмашылығы барын зерттейді.
Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынаста жүйесіне араласып, оның бар жақсылықтарын
бойына сіңіріп, оның тұлға ретінде қалыпт асуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және санасы іс-әрекеттің субьектісі ретінде
тұлғаны қалыптастырады.
Жаңа туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам
баласының , адам топтарының өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт
қажет:
1) Биологиялық генетиканың дамудың алғышарттары
2) Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдениорта болады, онымен
жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек.Онсыз яғни
әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі-бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады.
Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қарастырады:
2 Тұлға туралы теориялар
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әртүрлі байланыс-қатынастары
қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалықтүріне байланысты алуан түрлі
модельдерді жасауға ықпал етеді. Осылардың бірі адамның бейнесіне (образын)
әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.Мұны тұлғаның рөлдік
тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір
адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді.Мысалы: отбасына, оқу
тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына т.б әрбір топтағы адамның
белгілі-бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады. Оған белгілі-бір талап
–тілектері қойылып, ол оны орындайды.
Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары әлеуметтік рол,
әлеуметтік статус ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рол қоғамдағы
адамдардың белгілі-бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-
қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың
атқаратын қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рол дегеніміз, қоғамдағы адамдардың
белгілі-бір қызмет атқарған жағдайда белгілі-бір тәртіп нормаларын сақтауын
айтамыз. Ал, ролдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына ,
жағдайымен тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың
әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны
әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға , топқа толық енуінің
негізгі қажетті шарты.Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың
мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп,
меңгереді де адам әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп, меңгереді, өзін-
өзі бағалап, бақылауды іске асырады. Сөйтседе адам өмірде бірнеше байланыс
қатынастарға еніп, әртүрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады.
Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың
салдарынан оның сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын,
бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда мендігін сақтау үшін белгілі-бір шартты
қажет етеді. Бұл оның өзінен өзінің құқығын және әртүрлі қызмет рөлдерін
орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт
негізінде болады.
Осы тетік өзі орталық атқарушы орган болып, өзінің ішкі атқаратын
қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-қызметіне адамгершілік баға беріп, оны
іске асырады, өзінің орның тек бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен
қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін
мақсатын білуге ұмтылады.
Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқының белгілі-бір
әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдасының оны бейімділік құралы ретінде
қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық дегеніміз индивидтің (
адамдардың) іс-жүзіндегі мінез-құлқы.
Сонымен жан-жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда
бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез-
құлықты алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері
белгілі жүйе ретінде құрылады.
Әлемдік тұжырымдама Американың әлеуметтік-психологиясында ХХ ғасырдың
30-шы жылдарында пайда болды. Өкілдері Кули Чарльз (1864-1929 ж.ж) Джордж
Герберт (1863-1931 ж.ж) т.б Кули Ч Х шағын кіші топтар теориясының
негізін салушылардың бірі, оның Зеркольное я, Социольный порядок
(1902ж), Социольное организация, Социологическое теория т.б еңбектері
бар.
Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана
өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды.
Өзін ойлауды үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол арқылы
өзінің менің сөзіне бастайды.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үшін сатыдан
құрылады.
Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне
еліктейді, бірақ оны түсінбейді. Кіщкене ғана үйдің еденін жумақшы болып,
өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екіншісі. Ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін белгілі-
бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Мысалы: дәрігер, өрт сөндіруші т.б.
Ойын просесінде балалар осы рөлдерді істеп көрсетеді; қуыршақтар мен
ойнайды, жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің
қылықтарынын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке
жете бастайды.
Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап
қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені білетінін түсіне бастайды. Мысалы:
футбол ойнап жүрген бала ойыншыларды да біледі, балалардың футбол ойынының
тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау
тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп ережелер қоғамда заң
және ережелер түрінде жүретінін біліп, түсініп жақсы білетін болады.
Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізгі
екі ұғыммен түсіндіріледі.
Олар әлеуметтік статус, және әлеуметтік рөл әлеуметтік статус, рөл
туралы жоғарыда біраз айтылды.Енді бұларға толығырақ тоқталайық. Мысалы
әрбір адам әлеуметтік жүйеді бірнеше қызметтератқарады. Осыны статус
дейді. Әрбір адамның өзінде статусы болуы мүмкін, бірақ, оның жағдайын
бірғана статус анықтайды. Ол бойы немесе интегралды статус адамның қызметі
(лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор сияқты
әлеуметтік статус сияқты адамның сыртқы мінез-құлқы мен пішінінен (киімі,
сөйлеу мәнері) және басқа әлеуметтік мамандық белгілері ең алдымен адамның
алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан
т.б байқалады. Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді.
Біреуі қоғаммен берілген , екіншісі – адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол
жеткізген (приобретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Заңды тұлға туралы ақпарат
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
Қылмыс құрамының ұғымы
Болмыстың негізгі формалары
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Адам әрекеті сан алуан
Қылмыс заты
Пәндер