ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН (1915-1983)



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН (1915-1983)

...ел басына туған күннін тым қатерлі, қазақ жеріне қызыққан
көршілерінің қауіпті екенін ойлағандар да табылды.
(Ілияс Есенберлин.)

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.
1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Соғыстан кейінгі жылдары филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б.
жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде I.
Есенберлин - жазған романдарынын саны ең көп аса көрнекті жазушылардың
бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971),
"Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат"
(1978), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.
Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген
шығармалары - "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.
Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта
жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар
тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік,
психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
Жазушы I.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің XV-XIX ғғ.
тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар
қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-
құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан ірлікті, дәстүрді, салт-сананы
көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге
сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихынын аса маңызды тұстарын ашып,
көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
"Алмас қылыш" романы - XV ғасырдың оқиғаларынан аса көп мағлұматтар
береді және онда ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де
оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда
көптеген тарихи оқиғалар тізбегінің басым келуі – жанрлық заңдылық.
"Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір
атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол
астына топтасуы, бір жағы - Әбілхайыр, екінші жағы – Жәнібек, Керейлердің
тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен
зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі -Әбілхайыр ұлысынын
екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының
ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл
жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Романның басты идеясы - қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ
құру мөселелері.
Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед
Шайбани, Бұрындықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің
бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы
қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан,
айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты
жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның
жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының
озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп,
орынсыз дәріптемейді.
Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет
атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын
сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екіншінің қол
астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған
айғақ.
Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған,
Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр.
Мәселен, Қазтуған мен Қоқан ақындарының айтысы арқылы роман бүкіл қазақ
даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін,
күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.
Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғасырдың 30-40-
жылдарындагы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы
қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі
тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-
өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен
Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған
сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол
жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген
жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге
баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске
ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам
мінездері көрсетіледі.
Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген
мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, өлсіретіл, қансыратып, талан-таражға
салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мөселен, Қоқан, Хиуа
хандықтарына ұзақ уакыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр
жағдайы, Ташкенттің күшбегі Бегдербектің жөрдем сұрап барған Есенкелді,
Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін
суреттер тарихи шындықтарға негізделген.
Романда Кенесары бейнесі тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есенберлин қаламына тән сыйпаттар
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
І. Есенберлиннің шығармасы тілінің көркемдік жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау
Ілияс Есенберлин туралы
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Алаш зиялылары
Ілияс Есенберлин өмірбаяны
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Пәндер