ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938)- әрі лирик, әрі эпик ақын



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938)

Ілияс Жансүгіров - ертеңге шыққан құдіретті өрт ақын. Ақындық бауырын
Құлагерше жазып үлгере алмай, Құлагерше қапыда опат болды.
(С. Әшімбаев).

Ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолдары. Ілияс ақын артына,
халқының рухани өміріне өшпес асыл мұра қалдырып кетті.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу
ауданында дүниеге келген. Әкесі ескіше сауатты адам болған, ақын алғаш
білім, тәрбиені өз әкесінен алған. Кейін медреседе, онан соң
Ташкенттегі қазақ-қырғыз мұғалімдер курсында оқиды.
Ілияс білімін әрі қарай жалғастыру мақсатымен Мәскеудің журналистика
институтына барып оқуға түседі, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Сонан
келісімен ол әдебиет ісіне белсене араласады. Өлең жинақтары бірінен соң
бірі жарық көреді. Еліне танылған шебер қаламгер қазақтың көрнекті
ақындарының алдыңғы легінде болады.
Ілияс - әрі лирик, әрі эпик ақын. Оның алғашқы өлеңдерінің өзінен
де сыршылдық жыр лебі еседі.
Мақпалдай жол,
Ақырын айтты өлеңді,
Ақын бұлбұл өлеңдете жөнелді.
Осы Жетім өлеңінің өрнек құрылысы да Ілиястың жаңа өрнекшілдікке
қанат қаққан ақын екендігін танытады. Ілиястың туған жеріне, дарқан
даласына деген перзенттік сүйіспеншілігі оның Ағынды менің Ақсуым,
Жетісу суреттері өлеңінде, Дала поэмасында сыршылдықпен шебер
өрнектелген.

Ағынды менің Ақсуым
Арқырап өлі ағасың...
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн,
Төндім сұлу суына,
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұныма...
Ал Жетісу суреттері нәзік сыршылдығымен де, көркемдік айшықтарымен до
оқушыны баурай алады. Ақынның туған жерінің табиғатын, жер-суын, тау-тасын,
өсімдік, жан-жануар дүниесін соншама біліп, соны мейірлене жыр арқауына
қиыстыра өре білгеніне сүйсінесін. Ақынның жыр жолдарынан бірер мысал:
Жер таппан жерде жетер Жетісуым...
Албыр бет Алматыда алма әдемі,
Алғандай ақ тамақты ауызға үріп...
Қарқара жарасымды жазық жайлау.
Үй-күлше, құрттың жайган өресіндей...
Жайлау жоқ Көктөбенің төбесіндей,
Ыстықта, жер айнасы мөлтілдейді...
Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын өзі
оны бар жанымен түсінген де, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан
әлемінен ғана Әнші, Күй, Күйші, Құлагер сынды бірегей туындылар
жаралар болар.
Ақын 1916 жылы жазылған Әншіге деген өлеңінің өзінде-ақ ән өнерінің
ой салар, ойын түртер... еліртер... елбіретер, толғантар, толғақ салар,
толықсытар төңірісін таныта білген.
Кейінірек жазған Әнші өлеңін де ән өнеріне арнайды. Қазақтың
аспанның аясында ән шалқытқан... даусы көкте дамылдаған әйгілі бұлбұл
әнші-ақыны Әсеттің әншілігін әуелете жырлайды.
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебеңді, әсерлетіп,
Шырқкатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, тамылжытып, -
деп орғытып, өрлетіп кете береді. Көсемше етістікке жан бітіре
сөйлетеді ақын.
Ілияс ән-күй тақырыбына үш дастанын арнаған. Күй, Күйші, Құлагер
дастандары - осы тақырыпқа жазылған ең көлемді де шеберлік шыңынан көрінген
классикалық туындылар.
Ілиястың Күй поэмасы Молқыбай күйшінің өнері жайлы жыр шертеді.
Қобызшы ол – Ақкөбікті аңыратқан,
Боздатып Боз інгенда күңіренткен, -
деп, күйші өнеріне ақын тандай қақтырады.
Дастанды оқып отырғанда ботасынан айырылған боз інгеннің зары
құлағыңнан кетпей, өзін де боз інгендей еңірегендейсің. Жыршы мұнда да сөз
маржанын төге, жүректің нәзік пернелерін бебеу қақтырады.
Ілиястың өнер тақырыбына арналған шоқтығы биік таты бір шығармасы -
Құлагер поэмасы.
Поэмаға арқау болған - арқаның ардагер әнші-композиторы Ақан сері
трагедиясы.
Дастанның бүкіл бөлім-бөлшектерін біріктіріп тұрған - Ақан сері
тағдыры. Үздік өнер иесінін кайғылы-қасіретті, мұнды, азапты әрі серілік,
өнерлілік тағдыран шытырман оқиғалар үстінде көрсеткен. Адамдар, оқиғалар,
көптеген штрих-детальдар, негізінен, Ақан трагедиясын, оның ортасынан
көрген өгейлігін, пәктікті, әділеттікті аңсаған арманын, өнер өміршеңдігін
танытуға арналған. Шығарманың бүкіл сюжеттік-көркемдік құрылымы ақынның осы
эстетикалық мұратын ашуға бағышталған.
Ілиястың Құлагер поэмасы сырт қарағанда, ақынның сәйгүлік -
тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты туған сияқты. Ақын Ілияс
өзі де:
Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой,
Осыдан бастамақшы ек сөздің басын, -
деп, шығармаға өзек болған Құлагер оқиғасы дегенге меңзейді. Ақынның олай
деуінің де үлкен себебі бар. Ілияс поэманың бір жерінде:
Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,
Сыншыдан сақта Құдай сортан тұздай.
Шатасқан шалдуардан жиіркенем,
Елімнің серісіне сөз айтқызбай, -
дейді. О кезде, тоталитаризм мендеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы
социологизмнің, айқайшыл сынның бел алып тұрған, оның үстіне көптеген ескі
әдеби мұраларымыздың әлі беті ашылмаған кезі еді. Ақанның әдебиеттегі,
өнердегі орны толық айқындалмағанды.
Осы жайларға байланысты Ілияс поэманың атын Құлагер деп алып,
оқиғаны соның төңірегіне құрған да, өзінің мұратты ойын астарлап жеткізген.
Содан соң жер мұңы, ел шеріне байланысты, арманы - Ақмарқасына
байланысты, қиқулап өлең айтып, күйлер тартып, ені азан, әдемі сөз
намаз болған, алғыр ой, ақын-әнші жаны жұмбақ Ақан өміріне байланысты
оқиғалардың сан алуан екендігін ескертеді.
Шытырман оқиғаларды бір поэма түндігіне сыйғызу қиын да, мүмкін де емес
ері ол поэма арқауын әлсіретіп, шұбалаңдыққа ұрындырар еді. Ақын Ілияс мұны
жақсы сезінді де, оның бәрін термелей бермей, шашырамай, бір оқиға,
Құлагер оқиғасы үстінде Ақан трагедиясын көрсетпекті нысана еткен.
Сондықтан да Ілияс оқушысына:
Сұрама оның бәрін бүгін менен,
Тіршілік болса тағы айтып берем.
Ақанның ен аяулы әңгімесі -
Тек бүгін танысалық Құлагермен, -
деп ескертіп кетеді.
Ілияс Құлагерге байланысты оқиғаны поэмасына арқау ете отырып, Сағынай
асы үстіндегі қазақ тірщілігінің бүкіл әлеуметтік кескінін, сол заманның
шындығын, әдет-ғұрпын, салт-санатын, түрлі ойын-сауықтарын, ат бәйгесін,
балуандар күресін, қоғам өмірінің келеңсіз, кесепатты қылықтарын келістіре
ашқан.
Ақан басына замананың қатыгез тоқпағы тиді. Сағын сындырды, серігі,
жарындай көрген тұлпары Құлагерінен айырылып қалды. Өксиді, өкінеді, ақын
жаны егіледі. Ақанның жан түкпірінен Құлагер азасына байланысты шерлі,
мұңды аккордтар ағылады. Дүниеге Құлагер әні келеді.
Құлагер азасы - ақын азасы. Ақан күңірене зар төкті. Құлагерге соғылған
айбалта - Ақанға соғылған айбалта. Бүкіл қазақ сахарасы Құлагер өнімен
күңіренеді.
Зарлатты, аңыратты, жорғалатты,
Күйік ән көкке серпіп сорғалатты.
Азалы ащы дауыс зарлағанда,
Жұрт бірге жоқтап жатты өлген атты...
Күрең түн, кең даланы күңірентіп,
Бай-байлап Құлагерге бара жатты.
Тау мен тас жоқтағандай Керқұла атты.
Бар бұлақ көлге суын бауырымдатты.
Кірсіз жер, кінәсіз жел жылы ұшырап,
Құланың қазасына көңіл айтты ...
Ақын бүкіл сар даланы Ақан қайғысына азаландырып, оның басына түскен
қайғы-қасіретті тереңдете түскен.
Поэма шүйке шал, аузы ұражай опырылған, су мұрын, қу мұрты
шұқырайған күйкиген Ақан трагедиясымен аяқталады.
Ілияс - қазақ поэзиясының мәуелеу жолына өзіндік көркемдік қолтаңбасын
қалдырып, халқының өткені жайлы сөз маржандарынан өшпес өрнек өрген дүлдүл
ақын.
Аққуды аспандағы қондырған күй. Ілияс Күйші поэмасында он
саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінін құдіретін жыр
өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген.
Поэманың негізгі кейіпкерлері - Кенесары, ханның қарындасы Қарашаш пен
күйші.
Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, алтын жүрек домбырадан...
ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамылжытып, он саусағы домбыра
пернелерінде ойнаған тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді.
Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында домбыраны
дүрілдетіп, жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетеді, күйге де, өзіне
де таңдай қақтыра сүйсіндіреді.
Күйшінің қошеметке көңілі тасып.
Бес бармақ майман қақты перне басын,
Толқытып, тоқсан күйді дүрілдетті,
Көңілді бірде шымшып, бірде қысып...
Зарлы күй, ащы күйдің, тәтті күйдің –
Бәрін де лақылдатып, төгіп, шашып.
Сол күйлердің құдіретіне қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп, қамыстан
жолбарыс та ыңыранды, табиғат та тып-тыныш бола қалды деп өрнектейді.
Алуан үнде сөйлеген күйге мақұлық жерде, көкте маужырады, айналадағы бар
жан құлақ түре сүйсіне таңдай қақты.
Қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да
күй бейжай қалдырмайды.
Домбыра ауған елге сырласқандай,
Көңілінен Кене ханның кірді ашқандай.
Ел қандай. Арқа қандай, дұшпан қандай,
Ауған ел арт жағымен жауласқандай.
Демек, батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі бір домбыраға
мінгескендей күй кешеді.
Күйге, күйшіге де елти құлаған Кене ханның қарындасы - Қарашаш. Ол -
ағасының оң қолы, ақылшысы әрі ерке, өңіне ақылы сай паң да өжет боп өскен
ханзада. Жыршы Қарашаштың бойындағы қасиеттерді былайша суреттейді:
Қарашаш ақылы дария, алтын басы,
Әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы.
Өз басын мың қараға теңгермеймін,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бес арыс
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН (1894-1938). БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894-1938)
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
Сәкеннің сыршыл әлемі
Ана тілі сабағында өтілетін тақырыптарға сай қазақтың ұлы тұлғалары туралы мәліметтерді сызба түрінде көрсету әдісі
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
Сәкен Сейфуллин (1894—1938)
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Ілияс Жансүгіров туралы
XIX ғасыр әдебиеті
Пәндер