Қазақ поэзиясының өрен жүйрігі - Ілияс Жансүгіров



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ілияс Жансүгіров.
(1894-1938).
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы
Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі
кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи
оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты,
әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан
ерте қалған Ілиясты жетім- сіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп,
тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық
мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен
жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды
жаратылған зерек бала ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызғажарып, асыл
байлықты ьойына сіңіре білген.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз
уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі
пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп, шаруа күйттеп,
тіршілік қарба- ласына араласып кетеді.
Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көрініс- тері, табиғат суреттері оның
жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. Күнде
көріп жүрген айт пен тойдағы өлең-жыр, айтыс, жыршылар төгіліп айтатын
қисса қанша қызық болғанмен, оның жас қиялына ерекше әсер етіп, орасан зор
ықпал жасаған Абайдың шығармалары еді. Әуелде дос-жаран, құрбы-құрдасты
әзілдеген қалжың, сықақ өлеңді табанда ауызша айтып тастайтын, өзі де
ақындар айтысына түсіп кететін албырт Ілияс Абайдың данышпан поэзиясымен
танысқаннан кейін ақындық өнерге басқаша қарайды. Оған шейінгі көрген,
оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна
бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін бол- дым. Өзімде бір түрлі
сергектік, сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды - деп жазады кейін
Ілияс Қысқаша өмірбаяным атты еңбегінде.
Жас ақынның сұлулық мұраттарының орны- ғуына, көркемдік талғамының
қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне Абай поэзиясының ықпал жасауы – оның
әдеби тағдырындағы бақытты- лық, айта қаларлықтай эстетикалық құбылыс,
дәстүр жалғастығын көрсететін жайт. Ел қазы- насы, халық фольклоры өкілдері
тәжірибелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров 1894-1938
Қазақ әдебиетінің құлагері
Ілияс Жансүгіров ақындығы
Ілияс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров туралы
«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы
І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм
І. Жансүгіров лирикасы
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармалары
Пәндер