Жеке адамның психикалық процестері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
І Тарау. Жеке адамның психикалық процестері мен қасиеттері.
1. Жеке адамның таным процестерінің дамуында іс-әрекеттердің ролі.
2. Жеке адамның таным процестері мен қасиеттерін дамыту жолдары.
ІІ Бөлім. Жеке адамның психикалық процестерін іс-әрекеттің әр түрінде
қалыптастырудың әдістемелік негізі.
2.1. Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруда әр түрлі әрекеттердің
ролі.
2.2. Адам іс - әрекеттері психикалық процестерді қалыптастырудың құралы
ретінде.

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әркім-ақ аспанан көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл екенін көреді,
даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір заттардың суық, екінші
заттардың ыстық екенін сезінеді, яғни әрбір адам өзінің айналасындағыны
түйсініп, қабылдауға қабілетті. Адам ойланды, сөйлеседі, яғни оның ойлау,
сөйлсу қабілеті бар. Біз бұрын болғандарды есте сақтаймыз және келешек
туралы ойлаймыз. Бұл ес пен қиялдың арқасында ғана мүмкін болады. Kөп
оқиғалар адамды қобалжытады, не куантады, не қамықтырады, яғни белгілі бір
сезім туғызады. Адам бір нәрсеге ұмтылады, сол мақсатқа жетуде
табандылығын, еркін көрсетеді,
Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ec, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім,
еркіміз психикалық процестер дел аталады.
Кейде психикалық процестер неғұрлым күрделеніп, ұзақ сипат алады, олар
адамда кейде қызу, кейде енжар жағдайда көрінеді, адам белгілі бір толқуды
басынан кешіреді. Бұл психикалық жағдай деп аталады. Оқушының сабақтагы
зейінділігі немесе селсоқтығы, адамда болатын шаттану немесе ренжу осындай
жағдайлар.
Әрбір адамның өзіне тән кейбір ерекшеліктері, азды-көпті тұрақты
психикалық қасиеттері болады. Кейбір адамның ықыласы (мысалы, кітап оқуға
немесе техникамен анналысуға) күшті болады, екінші адам зор қабілетімен
(математикаға немесе музыкаға) ерекшеленеді. Біреулер қызба келеді,
ондайларды қызу темпераментті адам дейді, екінші біреулерді байсалды,
мінезге бай адам деп есептейміз т. с. с.
Ықылас, қабілет, темперамент, мінез — бұл адамның психикалық
қабілеттері.
Психикалық процестер, жағдайлар, қасиеттер өзгереді, бір қалыпта тұра
бермейді, олар адамның өмір барысында, іс-әрекетінде дамып өзгеріп отырады.
Бүкіл табиғатта, қоғамда мұндай өзгерістер белгілі бір заң бойынша болып
ртырады.

1. Жеке адамның таным процестерінің дамуында іс-әрекеттердің ролі.
Барша тіршілік иелері қоршаған дуниемен өмірлік маңызы бар байланыстар
жасап әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға
қабілетті, яғни белсенділік көрсөте алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын
қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша
көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-әрөкет деп аталады. Адам іс-
әрөкеті - күрделі құбылыс. Оның қыр-тараптарын әртүрлі ғылымдар зерттейді:
әлеуметтік мағынасын - қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механизмдерін -
физиология пәні; ал психология - іс-әрекеттің психикалық болмысын танумен
шүғылданады. Іс-әрекет психологиясын зерттеуде, әдетте, назарға жеке, дара
адамның іс-әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық
зерттеулердің объектіне бірлікті, ұжымдық іс-әрекет те алынып жүр.
Адам іс-әрекетінің нәтижесі - нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке
адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз
кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның
мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Тіпті адам бір нәрсені тек өз
қажеттігіне жасап жатқанның әзінде, ол өз еңбегінде басқалардан алған
білімдерін қолданып, олардың тәжірибесін пайдаланады.
Іс-әрекет қоғамдық-тарихи категория. Шынында да, қалаған жеке іс-
әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрбір тұлға - басқа адамдармен
қарым-қатынаста. Жеке іс-әрекет қоғамдық іс-әрекеттің тетігі, нақты
көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен
қатынастардан тыс жеке, дара іс-әрекет жасалмайды. Жеке іс-әрекет қоғамдық
іс-әрекегтің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау да осы жеке
әрекеттің қоғам өміріндегі ролін білуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке іс-
әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындагы қалыптасқан нақты
қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-әрекетінен тыс болуы мүмкін
емес. Керісінше, іс-әрекеттің қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың іске
ауысуын байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс-әрекет
түрлері сол қоғамдағы өндірістік күштердің даму деңгөйі және қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс-әрекетте ғана адам қоғамдық
тұлға, азамат болып танылады.
Іc-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымеи түзілетін
субьекттің объектпен байланысы. Қандай да бір іс-әрекетті орындау барысында
адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы
қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл-күй шарпулары (эмоция)
туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет-ұстамдары (установки) мен
қатынастары ж.т.б. қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс-әрекет болуы мүмкін емес.
Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен
қасиеттердің бәрі осы іс-әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс
береді.
Іс-әрекет қырларының ішінде психологияның зерттейтіні - іс-әрекеттің
субьективтік жоспары, яғни әрекетшең адамның дүние шындығын өзінше бейнелеу
деңгейі, түрі жәнө формалары. Бұл бағытта психологияны қызықтыратын
факторлар: сеп-түрткі (мотив), мақсат қою, ерік жұмсау, эмоциялар білдіру
ж.т.б. - қоғамдық қатынастарды субъектив бейнелеудің арнайы формалары.
Субъектке байланыссыз іс-әрекет ешқандай психологиялық сипатқа ие емес.
Ондай қасиет тек әрекет иесі - субъектте ғана болады.
Белгілі жағдайда адамды, нақты іс-әрекетке бағыттайтын ықпал қандай
нәрсе? Адамды барша тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке келтіретін
күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік және дамуының қажетті
жағдайларына тәуелділігінің көрсеткіші.
Хайуанаттар әлемінде қажеттікті қамтамасыз ету белсенділікке мәжбур ететін
қандайда бір табиғи затқа байланысты (қорек, ін, қарсы жынысты түр, т.б.).
Ал адам қажеттіктері өндіріс пен мәдениеттің даму салдарынан туындайды.
Егер жануарлар қажетсінуін табиги (органикалық) деп есептесек, онда адам
қажеттігі табиғи қажеттікке үстеме, тікелей заттық мәні мен әрекетінен
алшақтап, жанама түрге келген құбылыс. Мысалы, сәбидің стол басында отырып,
қасықпен тағам қабылдауы оның жалғыз-ақ тамаққа деген қажетсінуінен емес.
Столдың да, қасықтың да тіпті керегі жоқ. Бірақ қоғамда қабылданған тәрбие
талаптарына орай аталған заттар негізгі табиғи қажеттілікті қамтамасыз ету
ушін керек болған қосымша қоғамдық қажеттіктер, Адамның қылық-әрекетінің
формасы тікелей қажеттіктен емес, ал coл қажеттікті қанағаттандыру үшін
қоғам тарапынан қабылданған әдістерге тәуелді.
Адамның өз қажеттіктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи
қалыптасқан тәсілдерді пайдалануы осы қажеттікті орындаудағы жеке және
қоғамдық әрекеттің бірігуінен айқын көруге болады. Бұл сондай-ақ әрбір жеке
адамның өзінің ең қарапайым қажеттіктерін қанағаттандыру үшін (қарын
тойдыру) қоғамдық еңбек бөлісі нәтижелерін пайдаланады (шаһарлықтар ауыл
шаруашылық өнімдерін өсіруде, жинауда қатыспайды, бірақ өз өнімдерін
айырбастау арқылы ауыл, өнімдерін қажеттігіне пайдаланады). Қажетсінудегі
жеке және қоғамдық мүдделердің байланысты болуын әрбір адамның жеке
көптеген қажеттіктерінің өзі араласқан қоғам, ұжым, топ қажеттіктерімен
тығыз байланыста болуынан деп тусіндірген орынды. Сондықтан да бір топқа
саналы біріккен адамдардың қажеттіктері де бірыңғай келеді (мысалы,
отбасында, сыныпта, бригадада).
Қажеттіктерді келіп шығу көзі және мазмұны бойынша бөлуге болады. Өз
туындауына орай қажетсінулер табиғи (органикалық) және мәдени сипатқа ие.
Табиғи қажеттілік адамға өз тіршілігін сақтау мен қуаттау және ұрпақ
жалғасы үшін керек (тағам, уйқы, суықтан және ыстықтан сақтану т.б.).
Табиғи қажеттіктер қамтамасыз етілмесе, адам тіршілік күйзеліске түседі не
жойылады, Ал мәдени қажеттіктер объектіне қандай да табиғи қажеттіктерді
іске асыру үшін қолданылатын заттар (шанышқы, қасық және т.б.), сондай-ақ
басқа адамдармен қатынас үшін, қоғамдық өмірге араласу үшін керекті
мүліктер. Мәдени қажеттіктердің қамтамасыз етілмеуінен адам өлмейді, бірақ
оның әлеуметтік болмысы жойылады.
Қоғамдық талаптар да мәдени қажеттіктердің сан алуандығына бастау
береді. Әр топтарға араласа жүріп, жастар кең ауқымдағы мәдени
қажетсінулерге ұшырайды: сәнді, заманына сай киімнен, кино кейіпкерлерінің
суретінен бастап, мәнді әрі қызықты кітапқа дейін. Ал енді осы
қажеттіктердің ішкі, субъектив бағасы адамның құндылық талғамы мен
көзқарасына тәуелді болса, олардың сыртқы, объектив құны қажеттіктердің
адам өмір сүріп жатқан қоғам талаптарына сай келуіне байланысты.
Мазмұндық сипаты бойынша қажеттіктер заттасқан құндылық (тағам, киім,
баспана, тұрмыстық мүліктер ж.т.б.) және рухани құндылық - қоғамдық сана
өнімдеріне тәуелдіктен шығатын (ой, пікір алмасу қажеттігі, ақпарат
қажетсіну, ән-күй тыңдап, сұлулықты сезіну керектігі ж.т.б.) құндылықтар
болып бөлінеді. Адам қажеттіктерінің бәрі өзара тығыз байланысты. Заттық
қажетсінулер орнына келмей, рухани қажеттік қанағатын таппайды.
Алайда, қажеттілік өздігінен саналы әрекет туындата алмайды, болған
күнде де инстинкттік не ойсыз қылыққа себеп болуы мүмкін. Мақсат бағдарлы
іс-әрекет түзілуі үшін қажеттілік сол қажеттілікті қамтамасыз етуге керек
болған затпен сәйкестендірілуі тиіс. Саналы танылған және қабылданған
қажеттілік әрекет-қылықтың сеп-түрткісіне (мотив) айналады. Іс-әрекеттің
психологиялық тұрғыдан талдануында сеп - түрткі және мақсат түсініктеріне
үлкен мән беріледі, Сеп-түрткісі болмаған, сондай-ақ мақсат бағдарсыз
әрекет тіпті болуы мүмкін емес, Сеп-түрткі мен мақсат іс-әрекеттің бағдарын
анықтайтын сілтеу-көрсеткіш қызметін атқарып, coл әрекетті орындауда
субъектке керек болған күш-қуат мөлшерін де айқындауға жәрдемін береді. Осы
сеп-түрткі мақсатты іс-әрекег барысында өрістейтін, қалыптасатын психикалық
процестер мен қалып, қасиеттердің бәрін жүйелестіріп, ұйымдастырады.
Адам іс-әрекеті, қылығы (поведение) жөнінде сөз қозғалғанда, алдымен
назарға алынатын нәрсе - әрекетке итермелеуші субъектив толғаныс ықпалдары.
Осы сеп-түрткі ықпалдар адам әрекет-қылығының қозғаушы күші, себебі.
Жалпыланған түрде сеп-түрткі объектив заңдылықты кажетсінудің психикалық
бейнесі қажетсінуден адам әрекет-қылығы белгілі түрге, формаға енеді.
Бірақ, әрекетке келтіруші ішкі субъектив ықпал бола тұрып, сеп-түрткі
іс-әрекеттің нақты сипатын анықтап бере алмайды. Бір сеп-түрткінің әрқилы
іс-әрекетте жүзеге асуы мүмкін емес. Қажеттілік пен оны қанағаттандыру
әдістерінің арасында бір жақты, қатып қалған байланыс жоқ. Қандай да бір
белгілі сеп-түрткіге орай туындаған іс-әрекеттің қандай күйде болатынын
мақсат анықтайды. Естен шығармайтын жәйт: бір сеп-түрткі ңегізінде әрқилы
мақсаттар қойылуы мүмкін. Сеп-түрткі жалпы әрекетке итермелесе, мақсат
нақты қызметті белгілейді. Сеп-түрткі әрекетке келтіруші қажеттілікке
байланысты, ал мақсат - әрекет бағытталған және сол әрекет барысында өнімге
айналатын затқа байланысты.
Іс-әреқеттің мақсаты сол іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын
санада (идеалды) болжау. Осы болжау яғни мақсат, заң ретінде адам
әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап барады. Мақсат, сонымен, алдын ала
бейнелеудің құралы. Мақсат жеке орындалатын қызметке тыстан келіп
қосылмайды, оны сол әрекетті іске асырушы адамның өзі белгілейді. Бұл
процеске нақты адамның оқу, тәрбие барысында игерген қоғамдық тәжірибесі
қосылады. Белгіленген мақсат қызмет барысында іске асады. Сонымен бірге іс-
әрекеттің күрделілігі мақсат пен іс-әрекет объектінің арасындағы жақын
сәйкестікке, әрекетті орындауға қажет құрал-жабдықіың болуына байланысты.
Әдетте, адам іс-әрекет процесінде бір емес, ал бір топ өзара тәуелді
мақсаттар жүйесін негіздеуі мүмкін. Мысалы, оқушы алгебрадан нақты бір есеп
шығарды, мұндағы ең жақын мақсат - тапсырманы дұрыс орындау, ал енді мұнан
былайғы мақсаттардың бәрі қашық, жанама, бірақ қажетті: алгебраны үйрену -
математиканы игеру -сауатты адам болу - білгір маман болып жетісу. Осыдан
мақсаттар жақын арада іске асатын не ұзаққа көзделген сипатымен бөлінеді.
Егер адам тек жақын мақсаттарды басшылыққа алса, оның іс-әрекетінің
келешегі болмайды. Мұндай адамдар тар өрісті, үлкен қиындықтарға төзімсіз
келеді. Ал үлкен, ауқымды себептерді жетекшілікке алған адам өз жүмысының
ізгі, басты мақсатына жету жолында жақын мақсаттарды керекті саты, көзеңдік
міндет деп қарастырады. Мұндай адамдарды қиыншылықтар жұмыстан бездіре
алмайды, керісінше, белгіленген міндеттерді іске асыру жолында ынтасын
күшейте түседі.
Психология зерттейтін міндеттерінің және бірі - бұл сезімдік қабылдау,
саналық және басқа да психикалық процестердің нақты іс-әрекет жағдайындағы
жүрісін, өзгерісін (динамика) бақылау. Осының нәтижесінде мақсат - сеп-
түрткі өте жетілген әрекет-қылық реттегіші болып қоймастан, сол әрекет
процесіне араласатын психикалық құбылыстарды белгілі жүйеде ұйымдастырушы
да. Осы мақсат пен сеп-түрткіге байланысты қабылдаудағы таңдамалылық, зейін
ерекшелігі, жадтағы (естегі) қажет ақпаратты жіктеп aлy т.б. іске асады,
Іс-әрекетті психологиялық талдаудың нәтижесінде сол әрекеттің объекті
болған заттар, әрекет шарттары мен құрал-жабдықтарының адам басында
бейнелік құбылысқа айналып, осы құбылыс өз кезегінде әрекетті орындауға
қатысатын дене мүшелеріне қалайынша жетекшілік ықпал жасайтыны айқындалады,
іс-әрекетті зерттей отырып, психология шындықты субъектив бейнелеудің
формаларын, деңгейін және қозғалыс-өзгерісін (динамика) және сол әрекетті
психикалық реттеп отырудың механизмдерін айқындауы тиіс. Сонымен бірге,
психология әрқандай іс -әрекеттің оны орындаушы субъекттегі психикалық
процестерге, қалыптарға қасиеттерге және жалпы адам азаматтың дамуына еткен
әсер, ықпалын зерттейді.
1.2. Жеке адамның таным процестері мен қасиеттерін дамыту жолдары.
Жеке адамның әрекеті еңбек іс-әрекетінің қандай да бір көрінісі
ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет
жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбектік іс-
әрекет әрдайым белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті
нәтижені көздейді, Адам әрекетінің саналы әрі ақсатты болуы - адамның басқа
жануарлар дүниесінен ажыралу белгісі. Бірақ мақсат қаншама маңызды
болғанымен, оның бір өзі әрекеттің толық мәнін таныта алмайды. Іс-әрекет
бағдарланған мақсат өзінің біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған
жетісем дегенше адам бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін әлденеше жеке
міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер -
операциялар. Әрқандай мақсат кездеген іс-әрекет орындалу барысының әр
мезетіне орай іске асып отыратын осы операциялардан құралады. Адам іс-
әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал
осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекөттің
(деятельность) әрбір элементі - әрекет (действие). Затқа бағдарланған осы
әрекет қимылдар (манипуляция) бірікпесінен жасалады. Олар - алу, орын
ауыстыру, босату. Сапалық жағынан бүл қимылдар әлді-әлсіз, дәл-жаңсақ,
жылдам-шабан, епті-епсіз, бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.
Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты
ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Сонымен, әрқандай
заттық әрекет белгілі қимылдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал бұл
қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына
байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуында қатысатын қимылдар өздігінен ие
бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке
ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға деген
қатынасына қарай іске араластырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да
бұрын жібереді.
Адам қимылының шын мәні мен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен
саналы әрекетке тікелей байланысты,
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы (жүйесі) белгіленген мақсатқа орай
басқарылады және реттеледі. Дәл осы орындалатын әрекеттің нәтижесі қойылған
мақсат тұрғысынан бaғaлaнaды, қажет болса оған тузетулер өндіріледі.
Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбөй, ол ендігі орындалатын
әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында іс-әрекеттің болашақтағы
нәтижелік бейнесі не әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет
бейнесі әрекетгің нақты нәтижесімен салыстырылады.
Әрқандай жаңа іске кірісуде адам істің орындалу тәсілдерін
білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бутін әрөкетті де, оның элементтерін
де ойланып, саналы барластырып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай
отырып, әдам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш-жігерін жұмсамай-
ақ орындау мүмкіншілігіне жетіседі. Саналы әрекеттің орындалу барысында
кейбір қимыл - элементтердің сана аймағынан шығып, өздігінен орындалуы -
әрекеттің автоматтануы деп аталады.
Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті
бірліктерінің автоматты түрдө орындалуы - дағды атамасын алған. Әңгіме
әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның
қалаған қалыпты іс-әрекеті сана басқаруымен болатыны белгілі. Бір міндетке
байланысты әрекеггі екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті
орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін іс-әрекет
элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет-
қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп,
енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, езінің саналы
әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағыттайды.
Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік
және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер:
орындау, бақылау және реттеу.
Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып, дағды
қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді:
а) әрекет орындалуы - майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке
бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә) әрекетке сезімдік бақылау - қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер
бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт-бардар
сараптау қабілеті дамиды;
б) әрекетті санамен реттеп бару - зейіннің әрекет тәсілдерінен coл
әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі
кейбір есеп-қисаптық санаға байланысты шешімдер бірлікті әрі ықшам
қабылданады. Келесі қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің
орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ
орындалады.
Дағды калыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие.
Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып, екіншісінде
қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы
іріктеліп, әрекеттің тұтастай орындалуы немесе оның күрделі бөліктері
арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді. Ал әр
жағдайдағы нақты әдістер саны мен түрі бекуі тиіс дағды әрекеті мен coл
әрекетті игеруші адамның ерекшеліктеріне байланысты.

Дағды әрекет мазмұнына орай әртүрлі болады:
1) қимыл-әрекеттік дағды (спортсмендер әрекеттерінің бекуі);
2) сезімдік (түр-түс тану, балалардың алғашқы әріп тануы ж.т.б.);
3) интеллектуалды дағдылар (есеп, оқу, жаттау ж.т.б.).
Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік-қимыл дағдысы (жазу,
сурет салу, сызу); сезімдік-ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс
істеу).
Әрқандай жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде
пайда болады. Олардың бірі жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі
кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы және дағды көшуі деген ұғымдар
қалыптасқан. Интерференция - бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни
бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыға тежеу береді немесе оның
тиімділігін кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларының енді
қалыптасатын қимыл-әрекеттерге ұнамды ықпал жасап, олардың орнығуын
жылдамдатуы - дағдылардың көшуі деп аталады. Дағды көшуі - бұрынғы
әрекеттер мен енді орнығатын қимылдар арасында ортақ ұқсастық болудан.
Әрқандай жаңа әрекеттерді игеруде адам бұрынғы тәжірибесіне сүйенеді,
сондықтан оның қалыпты ептіліктері жаңа дағдыларды жеңіл әрі жылдам
қабылдауына жәрдем береді. Ал егер жаттыгу қимылдары ұзақ мерзім
қайталанып, орындалып бармаса, дағдылар бірте-бірте жойыла бастайды. Осыдан
қызмет бабы автоматтанған әрекеттерге тәуелді мамандар (ұшқыштар, гимнастар
т.б.) өз кәсіби кейпін тұрақты ұстау үшін арнайы қимыл-әрекеттерді ұдайы
орындап жүруі өте қажетті.
Дағдылардан тыс, іс-әрекеттің қажетті бірлігі - ептілік. Ептілік - бұл
білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа жағдайлар немесе жаңа
объекттермен қатынасқа келе, адам өзінің бұрыннан игерген білімдері мен
дағдыларын іске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайга көшу - көшпеуі
ептілікке байланысты.
Ептіліктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебі
олар әрекеттің түрлі баламаларын қолдануға мүмкіндік береді, Психологияда
ептіліктің келесі түрлері анықталған: а) танымдық, ә)жалпы еңбектік, б)
құрама-техникалық в) ұйымдастыру-технологиялық, г)қызметтік-бақылау
(Е.А.Милерян).
Қандай да бір әрекетті орындауға байланысты жай ептіліктер кездейсоқ
еліктеуден қалыптасуы мүмкін. Ал іс-әрекет неғұрлым күрделенген сайын
ептіліктердің пайда болуы білімге, объект мазмұнына, объект пен субъект
арасындағы әрекеттік байланыстарды танып, салыстыра алуға тәуелді.
Автоматтасқан әрекеттердің және бір түрі - бұл әдет. Дағды мен әдет
арасындағы негізі ерекшелік: дағды - әрекетті сана қатысынсыз үйреншікті
қалыптасқан қимылдар арқылы іске қосу, ал әдет - қандай да бір әрекетті
орындауды қажетсіну немесе адамдық қасиетке айналдыру. Мысалға, баланың қол
жуу, сәлемдөсу ж.т.б. әрекеттері. Әдет адамды қандай да әрекет түрлерін
тұрақты орындап жүруге бейімдестіреді, олар пайдалы да зиянды болуы мүмкін.
Сондықтан балада алғашқыдан пайдалы әдеттер қалыптасуы үшін белгілі
бағыттан ауытқымай, тұрақты талаптарға негізделген тәрбие жұмыстарын үзбеу
қажет.
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де
ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін бірі ауыстырып, өзара
тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және
еңбек. Олар бір-бірінен іс-әрекеттің ақырғы нәтижесі, ұйымдасуы және сеп-
түрткілері бойынша ажыралады. Бала белсенділігі бір ізді, даму барысындагы
тәрбиелік ықпалдарға орай саналы, мақсат бағдарлы іс-әрекетке айнала
бастайды.

ІІ тарау. Жеке адамның психикалық процестерін іс-әрекеттің әр түрінде
қалыптастырудың әдістемелік негізі.
2.1. Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруда әр түрлі әрекеттердің
ролі.
Адамның іс-әрекеті сан – алуан түрлі болады. Материалдық және рухани
өмірге қажеттерінің бәрі болып өмір сүру үшін адам қоршаған дүние жөнінде
хабардар болуға, айналадағы адамдардың және өткен ұрпақтардың тәжірибелерін
игеруге тиіс, оған іздену, ойлану, білу, зерттеу, бір сөзбен айтқанда
танымдық іс-әрекетпен шұғылдану қажет.
Мұғалім балаларға білім беру, оқушылардың „ой-өрісін кеңейту, тілін
жетілдіру арқылы олардың ойлауын да дамытады. Бірақ бұл әзірше аз. Төменгі
кластан бастап-ақ балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп қана
қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрету қажет. Бұны
балалар алғаш мұғалімнің көмегімен, содан кенін өз бетінше істейтін болады.
Мұғалім алғашкы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, сабақты
түсіндіруге асықпай, окушының өзінің ойлауына мүмкіндік бергені жөн. Ал
бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірде-бір сұрақ қалмауы
қажет.
Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудін, маңызы орасан зор.
Ойлауда дамытуда оқудың алғашқы жылынан бастап-ақ практика жүзінде
еркін және арнаулы тақырыпта жазылатын шығармалар, есеп құрастыру, оның
оңай жолын тауып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары
Психикалық даму туралы
Интерпретациялық әдістер
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Жан қуаттарының топтастырылуы
Сана
Психика және сана негіздері
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан
Темперамент туралы дәрістер
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
Пәндер