Оқушыларды ойната отырып іс - әрекетін дамыту



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты
түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу
методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының
түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата
қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық
ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Адам
әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып
отырады. Адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Ұлы басты мақсаттар мен мүдде адам тұрмысында жетекші болып адамды
ұмтылдырып ,жігерлендіріп отырады. Басты мақсатқа байланысты күнделікті
тұрмыста бірнеше мақсаттар мен мүдделер болуы мүмкін .Бірақ олар барлығы
болуы міндет, мақсаттарға бағынышты болып , түбінде соларға ыңғайланып
отырады.
Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін оның іс--
әрекетінің басты басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша
сипаттардың бірі –адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек
объектісіне, оның процесіне назар салуы, зейін қоюы әр уақыт адамның
санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бақыт алып отыруы. Сананы
айналадағы дүниеге бағыттап отырмаса ол затты дұрыс қабылдай алмайды.
Өйткені адамның санасында ол дұрыс сәулеленбейді.
Саналы әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі-
шығармашылық. Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте
маңызды болады.Онсыз адамның қоғамы ғылым мен техника өнер әдебиеті
прогресифті жолмен өсіп дамымаған болар еді. Біздің тіршілік әрекетімізді
творчествалық әрекет болмаса, ондай ешбір жаңа ой, соны пікір болмай,
нәтижелі табыстарға жетпеген болар едік. Іс-әрекет тек белсенділік пен
емес, мінезбен де ерекшеленеді. Мінез құлық әрдайым мақсаты, әрбір нәтиже
алу үшін құрыла бермейді, ол көпшілігіне пассивта болады.
Мінез- құлық споталдықты (ішкі себептер мен пайда болған сыртқы
әсерден болмаған) болады, ал іс-әрекет – ұйымдастырушылықта, мінез-аяқ
астынан, іс-әрекет- жүйелік болады. Адам іс әрекетінің мативы әр түрлі, ол
аргоникалық материалдық функцияналық, әлеументтік, рухани болуы мүмкін.

Болжам: Негізгі болжам: Оқушылардың Іс - әрекетінің психологиялық
негізінің тиімділігінен оқушының ой - өрісі, шығармашылық қабілиеті,
қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып біледі, әртүрлі құбылыстарды
танып біледі.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларды ойната отырып іс - әрекетін дамыту және
ойлау қабілиетін арттыру.
1.Іс-әрекетке қатысты маңызды мәселелерді анықтау.
2.Л.С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
3.Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен
мәселелері
4..Іс-әрекет құрылымын анықтау.
5.Іс-әрекет түрлері
6.Эксперемент барысында бастауыш мектеп оқушыларыныңіс-әрекетінің даму
денгейін анықтау
Зерттеудің міндеттері: Іс-әрекетті психологиялық зерттеудің пәні мен
міндеттері

Іс-әрекетті психологиялық зерттеудің пәні мен міндеттері Б.Ф.Ломов
зерттеулерінде неғұрлым толық ашылған. Іс-әрекетті қоғамдық тарихи
категория ретінде қарастыра отырып, оның қоғамдық, жаралыстану және
техникалық ғылымдар тарапынан зерттелуде екенін бірнеше рет атап өтеді.
Психология іс-әрекетті зерттеудегі ғылыми білімдердің іргелі аймағы
болғандықтан, оны зерттеу мен сипаттаудың өз бағыттары бар.
Б.Ф.Ломовтың көрсетуінше, психологиядағы іс-әрекетті зерттеудің алға
жылжуы басқа ғылымдардың жеткен жетістіктеріне тәуелді. Сондықтан да
психологияда жасалған іс-әрекетті зерттеу мен сипаттау бағыттары, схема
және тұжырымдама жүйесі басқа да шектес ғылымдармен арақатынасты болу
қажет.
Б.Ф.Ломов іс-әрекетті психологиялық зерттеудің жеке-дара және топтық
деп аталатын екі объектісін бөліп шығарады.

Зерттеу объектісі: Іс-әрекетті психологиялық зерттеу объектілері:
жеке-дара іс-әрекет және бірлескен топтық іс-әрекет

Б.Ф.Ломов жеке-дара іс-әрекетті әлеуметтік ақиқат аясында (жеке-дара
тұрмыс деңгейінде қарастырылатын іс-әрекет) зерттеу талаптарын
қалыптастырды. Жеке-дара іс-әрекеттің әлеуметтік аясы көпқырлылығымен,
жүйесі құрал мен көріну көпбейнелілігінің сапалылығымен сипатталады.
Б.Ф.Ломов жеке-дара іс-әрекетті қоғамның тарихи дамуының нақты
сатысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесінде зерттеу барысында бөліп
шығарды. Әрі қарай ол: "Іс-әрекет қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру
формаларының бірі болып табылады... Индивид қоғамдық қатынастар жүйесіне
өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы қатысады... Сондықтан да кез келген жеке-
дара іс-әрекетті психологиялық түсіну үшін оның қоғамдық қатынастар
жүйесіндегі орны мен жүзеге асырылуын қарастыру қажет. Осылайша жеке-дара
іс-әрекетті талдау қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жеке-дара іс-әрекеттің
функциясын, индивидтің басқалармен өзара әрекеттестігін және осы іс-әрекет
қосылған әлеуметтік контекстік зерттеуден басталуы қажет,
Б.Ф.Ломовтың көзқарастары бойынша, индивидуалды іс-әрекеттің өзінде
талдау объектісі іс-әрекет субъектісі ретіндегі индивид болып табылады.
Б.Ф.Ломов іс-әрекетті талдаудағы психологияның міндетті іс-әрекет
субъектісінің маңызды сипаты ретіндегі психикалық бейнелеу жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын зерттеуге айрықша назар аударады. Жалпы
алғанда, Б.Ф.Ломов іс-әрекетті психологиялық талдаудың екі міндетін
қалыптастырады:
Іс-әрекетті субъектінің қасиеті мен қалпы, психикалық процестер жүйесінің
себептендірушісі ретінде қарастыру;
Осы жүйенің іс-әрекет санасы мен өнімділігіне әсерін, яғни іс-әрекет
факторы ретінде зерттеу.
Бірлескен іс-әрекет психологиялық зерттеулердің объектісі ретінде тек
соңғы жылдары ғана қарастырылды. Бірлескен іс-әрекет түсінігінің өзі кең
мағыналы, себебі қоғамның кез келген құбылысы адамдардың бірлескен іс-
әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірлескен іс-әрекет зерттеу іс-әрекет
категориясының "түсіндіру қарқынын" кеңейтеді.
Іс-әрекетті психологиялық зерттеудің негізгі міндеттері туралы
В.Д.Шадриков былайша тұжырымдады: "Іс-әрекетті психологиялық зерттеу
міндеті оның теориялық бастауын ашуда, яғни жеке адамның мақсатқа
бағытталған белсенділігі процесінде объективті әлемнің тәжірибелік қайта
құрылымының өтуін, іс-әрекетті психикалық реттеу механизмін іс-әрекет
процесінде адамның өзгеруін, іс-әрекеттің жеке-дара сипатын ашу болып
табылады".
Іс-әрекетті психологиялық зерттеудің басты міндеті оның теориялық
бастауының жүйесін ашумен тұжырымдалды.
Іс-әрекетті психологиялық зерттеудің нақты міндеттері төмендегі
сұрақтарға жауап беруден тұрады:
Жеке адамның мақсатқа бағытталған белсенділігі
процесі кезінде объективті әлемнің тәжірибелік қайта
құрылымы қалай өшеді?
Іс-әрекетті психикалық реттеудің механизмі қандай?
Адам іс-әрекет процесінде қалай өзгереді?
Адамның мүмкіндіктерінің дамуы мен оның табиғатына іс-әрекет қалай әсер
етеді?
Іс-әрекеттің жеке-дара сипатқа айналуы қалай өтеді?
В.Д.Шадриков іс-әрекеттің теориялық бастауын зерттеу үшін оның идеалды
үлгісі мен теориялық конструктісін жасап шығарды. Ол психологиялық
зерттеулерде мұндай үлгіні пайдаланудың жалпы мазмұны мен беталыстарын
айқындайды.
В.Д.Шадриков зерттеулерінде іс-әрекетті психологиялық зерттеу
міндеттерін шешудің нақты жолдары белгіленген.
Зерттеу пәні:Оқушылардың іс-әрекетінде әрекет процесі
Жұмыстың теориялық мәні: 
Зерттеу жұмысында іс-әрекет туралы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес
психологтарының теориялары кеңінен қарастырылады. Сонымен бірге мектеп
жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті туралы К.Гросс, Ф.Шиллер,
Г.Спенсер, К.Бюллер, З.Фрейд және т.б. көптеген зерттеушілер мен
ойшылдардың көзқарастары қосып қарастырылады. 

Теориялық бөліміне белгілі психолог-мамандардың теориялық ілімдері өз
үлестерін қосты. Олар: Л.С.Выготский., К.Д.Ушинский., А.П.Усова., Д.Б.
Эльконин.

ІС ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-
әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда
болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық
сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-
әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды
қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм
философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-
1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды
кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет
ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген
әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы
бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, түсіндіру принципі
ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу
бірліктерінің бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші
психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан,
бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз
деп қабылдауға болмайды.
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және
түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н.
Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап
беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын
іске асыратын белсенді процесте А.Н. Леонтьев адамның кез-келген
белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив,
мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған
белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.
Л.С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі

Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясының негізгі идеялары іс-әрекет
бағыты дамуының ағымы ретіндегі ғылыми мұраларын талдау В.В.Давыдов,
Л.С.Радзихов, Н.Ф.Талызина зерттеулерінде неғұрлым толық ұсынылған. Олар
Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығында іс-әрекет басты орын алатынын және
"...өзінің мәні бойынша бұл психологиялық теорияны іс-әрекет бағыты
аясындағы толыққанды бағыт ретінде қарастыруға болатынын көрсетті". Олардың
пікірінше, іс-әрекет бағыты ретіндегі Л.С.Выготскийдің теориясының негізгі
идеяларына мына жағдайларды жатқызуға болады:
Адамдардың практикалық іс-әрекетінің психология үшін маңыздылығы;
Сананы еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастыру;
Психикалық процестердің (олардың генезисі мен құрылымы) адамзаттың тарихи
дамыған құралдық, заттық-практикалық іс-әрекетінің себептендіруі туралы
теориялық жағдайларды жасау. Л.С.Выготскийдің атап көрсетуінше, психика
еңбек іс-әрекетімен себептендіріледі және заттық-практикалық іс-әрекет
психиканы себептендіретін ақиқат болып табылады. Психиканың іс-әрекеттік
себептерінің тезисі Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығының негізгі түйіні
болып табылады.
Психиканың іс-әрекеттік себептенуі туралы тезис мазмұнының нақтылануы. Іс-
әрекеттік себептендірілу сыртқы (еңбек) іс-әрекеті мен психикалық қызмет
(психологиялық құралдар болжамы) құрылымында ұқсастықтардың болуы
жорамалдайлы, яғни еңбек іс-әрекеті мен психикалық процестер құрылымында
припципті ұқсастықтар бар: "Еңбек процесі — психологиялық процестор",
"еңбек құралдары — психологиялық құралдар" ұғымымен ұқсас.
5. Психикалық қызметтер мен еңбек іс-әрекетінің ұқсастығының құрылымы
мен генезисінде құралдық жанамалану кезеңі қатысады. Себептендірілу онто
және филогонез барысындағы жанамалау механизмі ретінде түсіндіріледі.
Себептендіру өткізгіштері — адамның тарихи іс-әрекетінің өнімдері,
белгілік, коммуникациялық жүйе сияқты психологиялық құралдар болып
табылады.

Психологиядағы іс-әрекет бағытының дамуындағы Л.С.Выготский және оның
ізбасарлары көзқарастарындағы алшақтықтар

Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі
бағыттары мен мәселелері

XX ғасырдың басында Л.С.Выготский психологиядағы іс-әрекет бағытының
нобайын белгіледі. Бұл кезде психотехниктер (еңбек психологиясының
мамандары) еңбек іс-әрекеті түрлерінің профессиографиялық мазмұнын
жетілдіріп, адамның еңбекке кәсіби жарамдылығы мәселелерін шешуге талпыныс
жасады. Олар еңбекті еңбек іс-әрекеті ретінде қарастырды, бірақ олар бұдан
психологияда жаңа пайда бола бастаған іс-әрекеттік бағытпен еш байланысты
көрмейді.
XX ғасырдың ортасында С.Л.Рубинштейн психологиядағы субъектілік-іс-
әрекеттік бағыт идеялар жүйесін ұсынып, дамытты. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің
жалпы психологиялық теориясын жасап шығарды.
Еңбек психологиясының мамандары Н.Д.Левитов, Ю.Б.Котелова, К.К.Платонов
және басқалары еңбекті оның психологиялық компонеттері жағынан қарастыра
бастады. Еңбектің кәсіби еңбек іс-әрекет ретіндегі индивидуалды тұлғалық
және әлеуметтік тұлғалық мәселелері қозғалды. Адамның еңбекке, еңбектің
адамға, еңбектегі тұлғаның тұлғаға бейімделу мәселелері қойылды.
XX ғасырдың соңғы ширегінде Б.Ф.Ломов психологиядағы іс-әрекетті
зерттеуде жүйелі әдіснаманы қолдану қажеттігін негіздеді. XX ғасырдың соңы
іс-әрекет мәселесіндегі үш ғылыми мектептің маңызды үлесімен белгіленеді.
В.Д.Шадриков іс-әрекетті зерттеудегі жүйелік бағытты дамыта отырып,
кәсіби іс-әрекеттің системогенезінің психологиялық теориясын жасайды және
индивидуалды іс-әрекет пен қатынастар психологиясы мәселесін жаңаша қойды.
Психологиядағы субъектілі-іс-әрекеттік бағытты дамытушы А.В.Брушлинский
іс-әрекет теориясын жасады. Мұнда әрекетке процесс ретінде, оның
тұтастығына, субъектінің интегралдығы мен бірлігіне ерекше назар аударылды.
Е.А.Климовтың іс-әрекет теориясын жасаудағы маңызды ғылыми үлесі еңбекке
адам іс-әрекетінің әлеуметтік маңызды өнімі ретінде, адамға еңбек
субъектісі ретінде бағытталды; еңбектің психологиялық белгілерін бөліп
шығару және еңбекті жеке адамның кәсіби айқындалуы мәселелеріне байланысты
жіктеу болып табылады.
Адамтану жүйесіндегі іс-әрекет бағытын Б.Г.Ананьев жасады. Ол адам іс-
әрекетінің түрлерінің иерархиялық жүйесін айқындап, іс-әрекет субъектісі
туралы бөлшектенген түсінікті енгізді. Оның ұйымдасуындағы тұлғалық және
индивидтік сипаттар арақатынасты "полярлы" және "молекулярлы" деңгейлерге
бөледі. Психологиядағы іс-әрекет бағытына байланысты негізгі мәселелік
жайттарды төмендегіше бөлуге болады:
Іс-әрекет категориясының психологиядағы басқа да категориялармен өзара
қатынасы.
Іс-әрекет түрлерінің табиғаты мен арақатынасы.
Іс-әрекет және шығармашылық, іс-әрекеттегі шығармашылық, іс-әрекеттің
адамның шығармашылық мүмкіндіктерін ашудағы ішкі байланысы.
Жеке адамның іс-әрекетінің басталуы.
Іс-әрекет және мінез-құлық.
Іс-әрекеттен еңбек түрлерінің пайда болуы мен есуі.
Зерттеу мен практикалық тапсырмаларды шешуде іс-әрекет ұғымдарын пайдалану.
Іс-әрекет бағыты нұсқауларын салыстырмалы талдау.
Оқу іс-әрекет ретінде.
Қарым-қатынас іс-әрекет ретінде.
Жеке-дара және бірлескен іс-әрекет.
Іс-әрекет және өмірлік іс-әрекет.
Танымдық процестердің іс-әрекеттік табиғаты.
Тұлғааралық қарым-қатынастың іс-әрекеттік жанамалануы.
Іс-әрекеттегі биологиялық пен әлеуметтік арақатынас.
Ойлау меп оқытуды компьютерлендіру мәселелеріне
пайдалану үшін іс-әрекет бағытын жетілдіру.
Іс-әрекет бағытының дербес бағыты ретінде сана мен іс-әрекет бірлігі
принципінің нақты эмпирикалық түрі аталады.

Психологиялық іс-әрекет әдіснамасы дамуының негізгі бағыттары

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

Қандайда болсын әрекет-белгілі құрылымға ие болады.Іс-әрекет құрылымында
екі түрін ажыратады;
• Әрекет
• Операция
Әрекет-елестеткен нәтижеге белгіленген мақсатқа тәуелді процес.Оның
тәуелсіз және саналы мақсаты болады.
Әрекет түрлері.
1.Заттық әрекет-маторлық қимыл қозғалыстан пайда болады.
2.Ақыл-ой әрекеті-ішкі жоспарда жасалады,санамен реттеледі. Ақыл-ой
әрекетінің 4 түрін бөліп қарастыруға болады.
▪ Перцептивті-болмысты қабылдау әрекеті.
▪ Мнемикалық-ақпаратты есте сақтау және жаңғырту.
▪ Ойлау-ойлау мәселелерін шешумен байланысты.
▪ Имажививті-қиял,бейнелермен байланысты әрекет.
3.Сөйлеу әрекеті- ойды жеткізу әрекеті.
4.Соматикалық әрекет-сыртқы дене әрекеті сонымен қатар,ағза физиологиялық
реакциялары;терінің қызаруы,қан тамырларының кеңеюі немесе тарылуы.
5.Бет әлпеттік әрекет-мимикалық,кинестетикалық,виз уалдық әрекеттер.
Операция-әрекетті іске асыру тәсілі.Әрекеттің қанша тәсілі
болса,операцияның да сонша түрін ажыратуға болады.Адамның қалаған
операциясы оның жеке іс-әрекет стилін сипаттайды. Адам өмірін құрайтын іс-
әрекетте келесі құрамдас бөліктерді құрайды;
Қажеттілік—матив—мақсат—иіндет—шарт тар--әрекет—операция

Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске
асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет
пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:

Қажеттілік Белсенділік
Мотив Іс-әрекет
Мақсат Әрекет
Жағдай
(міндет) Амал

Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң
жағында амалдық аспектісі көрсетілген.
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес,
құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін
қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту
енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік
қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы
күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске
асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде
қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке
деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған
қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде
белсенді қылады.
Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті
қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады.
Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.
Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа
жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге
көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық
түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық
дискомфорттан құтылу ізденісі белсендіріліп, сана іске қосылады. Бұл
уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса,
қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз
саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив
мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне
кірісуін талап етеді .
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл
тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып
алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы
мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған
мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін
мәнсіз болар еді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі.
Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады.
Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат
түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне
бағындырады, яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан,
мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе,
әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я
мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.
Емтиханға даярланған студент Ұлағат журналын оқып отыр делік. Оның жанына
келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген
жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық
күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы
әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі
болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды.
Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда,
мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда
ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа
мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында
жалғаса береді.
Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып,
психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің
құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив
мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы
да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі
ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.
Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға
динамикасының кезеңі ретінде, тек екінші ретте ғана мүмкін болады. Бұл
мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі
мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық
статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.
Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын
қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз
міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын
шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды.
Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде,
оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу
кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа
іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік,
тұлғалық тұрғыда өзгерді.
Іс-әрекет және тұлға өмірінде мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен
де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін кішірейтіп,
мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-
әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы
алмасады.
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен
мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы
деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар
мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен
мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі.
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет.
Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар
нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен
адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті
түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу.
Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар
құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.
Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін
кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен
мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық
талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды.
Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында
қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп
тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның
орындағанынан сенімді болады.
Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе
екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда
болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив
бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады.
Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді,
дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына
тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде
қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш
түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде
көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-
әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада,
алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы,
тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті
психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып,
келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа
бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл дұрыс орындау мақсатына бағытталған
әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады,
жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер
орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар
кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты
емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш
жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-
жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы
бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады,
негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай
қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен
әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар
өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен
әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті
тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік
туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне,
қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі.
Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында
дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана
психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль
жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің
жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина
жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс
көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді
қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға
болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы,
беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде
белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе
көрініс береді.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл
тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің
қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі,
психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені
ойланбастан, әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті
жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді.
Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс
өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі.
Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті
қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ,
әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында
қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық
регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып
кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей
емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен,
жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның
барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу
сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы
теоретикалық, методологиялық статусқа ие.

Іс-әрекет түрлері

Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі:
Еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас.
Олардың әрқайсына көптеген
психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының
болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды
ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.
Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі –
алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек
әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы
саласы – еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор
және көптүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы
Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Таным және практика
Ойын баланың негізгі әрекеті
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын психологиялық іс-әрекетінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалар
Сабақта ойын түрлерін қолданудың маңызы
Пәндер