Іс қағаздарын толтыру


Түсінікхат
Түсінікхат - әр түрлі жағдайларды, деректер мен іс -әрекетті түсіндіру мақсатында жазылатын іс-қағазының түрі.
Түсінікхат әр түрлі мазмұнда кездеседі. Кейбір түсінікхат негізгі құжаттың (жоспар, есеп, жоба, ереже т. б) мазмұнын нақтылау, түсіндіру орайында жазылса екінші бір түсінікхаттар белгілі бір деректі(фактіні), әрекетті түсіндіру кезінде, басшылықтың тапсырмасы орындалмағанда, еңбек тәртібін бұзған жағдайда қызметкерлер, жұмысшылар тарапынан жазылады. Құжат мәтіні түсінікті, нақты түрде болуы қажет. Түсінікхаттар кәдімгі ақ қағаздарға қолмен немесе баспа әдісімен толтырылады.
Түсінікхат мына төмендегідей деректемелерден тұрады:
1) мекеме, фирма, ұйым атауы
2) құжаттың аты
3) құжат толтырылған күні, айы, жылы
4) құжат мәтіннің басты тақырыбы
5) мәтін
6) құжат толтырушының қолы
Түсінікхат
25. 09. 02.
№201 топта сабақтың болмауы туралы
25. 09. 02. сағат 11. 10-да “Жалпы психология” пәніне топтағы 25 студенттің екеуі ғана келді.
Соның салдарынан сабақ ауыстырылды.
Оқытушы Ә. Өмірбаева.
Қолхат
Қолхат -белгілі бір құнды, бағалы зат, құжат, ақша немесе мүлікті алғанын және белгіленген мерзімде қайтырып беретінін растайтын іс қағазының бір түрі.
Қолхатта алған заттың аты, саны, көлемі, тізімі т. б. беруші жақтың аты-жөні, қызметі(кей жағдайда) және заттың алынған күні мен қайтарылу мерзімі анық, әрі толық жазылады. Бағалы заттың құны, сомасы және т. б. сандық белгілер жақша ішінде жазумен беріледі. Құжат соңында қолхат берушінің аты-жөні, жазылған күні, айы, жылы жазылады. Кейбір қолхаттарда жеке куәліктің нөмірі көрсетіледі.
Қолхат
Алматы қаласы, 2000 жылғы тамыздың 5-і
(қолхат берілген орны мен күні, айы, жылы)
Мен, азамат Берлібекұлы Ержан(мекен-жайым:Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 35-үй, 15-пәтер, жеке басының куәлігі 0071731-Қазақстан Республикасының ІІМ берген), Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 99-үй, 31-пәтерде тұратын азамат Тұрсынғалиұлы Қайырлыдан (жеке басының куәлігі 0073331-Қазақстан Республикасының ІІМ берген), жүз қырық бес мың теңге(145000) алдым.
2000 жылғы 1-тамызда жасасқан келісімшартқа сәйкес 2000 жылғы 1-қазаннан 31-қазанға дейін алынған ақшаның процентін төлеп тұруға міндеттенемін. Процент көлемі келісімшартта көрсетілген.
Азамат Тұрсынғалиұлы Қайырлының міндетін орындауынан басқа талабым жоқ.
2000 жылғы тамыздың 25-і қолхат берушінің қолы
Сенімхат
2001 жылғы 15 қараша, Алматы қаласы
(толтырылған жылы, айы, күні мен мекен жайы)
Мен, азамат Құралов Азат, жеке бас куәлігі(№0079157, мекен жайым - Алматы қаласы, Байсейітова көшесі, 15 мекен жайындағы пәтерлерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.
Ол үшін Өтегенов Айдос Есболұлына менің атымнан өтініш жазу, керекті құжаттар мен анықтамаларды, жекешелендіру, құжаттарын алу, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу, мүлік иесі ретінде мен үшін салық инспекцисында өкілетті болу, осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс-әрекеттерге мен үшін қол қою құқығын беремін.
Құралов Азат
Анықтама
Анықтама- жеке адамдардың өмірімен қызметіне байланысты белгілі бір фактіні дәлелдейтін іс қағазының түрі.
Анықтама азаматтар қызмет орнын, оқу орнын, жалақысын, отбасы жағдайын т. б. растау үшін беріледі.
Анықтама жазуда ең негізгі мына мәселелер қамтылады:анықтаманы берген мекеме аты мөрдің ішінде жазылады, анықтаманың жазылған күні мен нөмірі, құжаттың аты, анықтама берілетін адамның аты-жөні немесе ұйымның аты, құжаттың мәтіні, мөр мен басшының қолы, құжаттың қай мекемеге арналып, не үшін берілгені көрсетіледі. Анықтамада мөр болмаса құжат жарамсыз деп танылады.
Қаржы мәселелері жөніндегі анықтамаға мекеменің, ұйымның басшыларымен қатар, басшының орынбасары, бас есепші мен есепшілер де өз қолдарын қояды.
Анықтама құрылымы мына төмендегі бөліктерден тұрады:
1) анықтаманы берген мекеменің мөрі мен нөмірі(мөрде анықтаманың берілген мерзімі мен нөмірі қойылады)
2) құжаттың аты
3) құжаттың мәтіні
4) құжат беруші адамдардың қолы
Анықтама мәтіні қысқа, әрі түсінікті болуы керек.
Анықтама арнайы бланкілерге немесе кәдімгі ақ қағаздарға жазылады.
Анықтама
Қазақстан Республикасы Осы анықтама
Білім және ғылым министрлігі Есенов Асанның
Абай атындағы Алматы Абай атындағы
Мемлекеттік университеті Алматы
мемлекеттік
университеті
қазақ
филологиясы
факультетінің
4-курс студенті
екендігін
растайды.
Анықтама талап
етуші орынға
ұсыну үшін
берілді.
№303
«26» қараша 1999ж.
Алматы қаласы
М. О. Факультет деканы(қолы)
Хатшы:(қолы)
Баяндаухат
Баяндаухат - деректер мен іс қорытындыларын баяндай жазылатын іс қағазының түрі.
Баяндаухаттарды қалыптасқан жағдай мен жұмыстың орындалу мазмұны, қорытындысы, құжатты құрастырушының ұсынысы т. б. жазылады.
Баяндаухаттар басшылықтың нұсқауы бойынша немесе қызметкердің өз тарапынан толтырылады. Құжат мәтіні екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлігінде жұмыс қорытындысы, есебі баяндалса, екіншісінде өтініш, ұсыныс-тілектер айтылады.
Баяндаухаттар ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беретіндіктен мекеме, ұйым жұмысында жиі жазылады.
Баяндаухат мынандай құрылымдық бөліктерден тұрады:
1) мекеме, ұйым атауы
2) құжаттың аты
3) құжаттың толтырылған күні, айы, жылы
4) мәтіннің басты тақырыбы
5) құжат мәтіні
6) құжат құрастырушының қолы
Алматы қаласы Жамбыл ауданына қарасты М. Әуезов атындағы №5орта мектептің директоры Р. Асқаровқа мектеп директорының ғылыми әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ш. Жаңабаевтан
Баяндаухат
«15» қыркүйек 2002ж . . .
Мектептегі математика циклі осы пәнді тереңдетіп оқытатын және 10-сыныптар бойынша оқу бағдарламасы мен оған сәйкес жасалған күнтізбелік жоспарды белгілеген мерзімде тапсырмағанын хабардар ете отырып, шара қолдануыңызды сұраймын.
(қолы)
Жеделхат
Жеделхат- жедел түрдегі телеграф арқылы берілетін іс қағазының түрі.
Жеделхат мынадай құрылымдық бөліктерден тұрады:
1. жеделхаттың категориясы(үкіметтік, халықаралық, жедел түрдегі т. б. )
2. датасы, жіберілген уақыты
3. алушының аты мен мекен жайы
4. жеделхаттың мәтіні
5. жіберуші ұйымның немесе адамның мекен жайы
6. жіберушінің қолы
Жеделхаттар арнайы қағаздарға немесе жай қағаздарға толтырылады.
Жеделхаттың көшірмесі мекеме, кәсіпорында тіркеліп, іс қағаздарында сақталады.
Жеделхат « . . . мәтініне ерекше телеграф стилі тән:көмекші сөздер, шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Көп белгілі түрлері болмаса, сандар сөзбен жазылады. Мәтін қысқа, жинақтылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмауы тиіс»
Жеделхат
480013Алматы, Пушкин көшесі 22-үй, ҚР ҰҒА ядролық физика институты. Директорға.
Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру шарттарын күтемін. Материалдарды мына мекен жайға жіберіңіз:Атырау, Абай 7 Байжанов.
Бұйрық
Бұйрық - мекемедегі, ұйымдағы, ведомоствадағы кадрларға байланыс мәселелерді-олрды іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бірі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іс парағысияқты құжаттарға қатысы бар, өйткені бұлардың барлығы да еңбек кітапшасында тіркеледі, ал еңбек кітапшасы азаматттардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнетақымен қамтамасыз ету құқықтары туралы мәліметтер жинақтайды.
Бұйрық
«Арай» шағын кәсіпорны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz