МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ Пәнінен жинақ


Т. Рысқұлов атындағы
Экономикалық университет
Экономикалық колледжінің
Директоры Есмұханов К. Е.
Өтініш
Мен 2- курс салық- 1 группасының студенті Таишева Гауһар өтініш жазу себебім оқырман билетімді жоғалтып алдым. Соны қалпына келтіруіңізді сұраймын.
18. 09. 2007ж.
«Тұран Әлем» банкісінің
Бөлім меңгерушісіне Алматы
Қаласы, Мұстафин көшесі,
28үй, 13 пәтерде тұратын
азамат Ғалымбетов Ерғали
Смағұлұлынан
Арыз
Менің №1255 жеке есеп шотымды ұлым Ғалымбетов Қайрат Ерғалиұлының атына аударуыңызды сұраймын. Бұдан әрі бұл іске байланысты талап қоймаймын.
Алматы, 2006ж, 12 наурыз
Қолхат
Мен, Балтабаева Қарлығаш, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымының алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.
1999ж, 1 қазан
Мінездеме
Уалиев Қуаныш Жүсіпбекұлы, 1965 жылы туған, ұлты- қазақ, білімі- жоғары, Қазақстан Республикасының азаматы. Уалиев Қуаныш Жүсіпбекұлы 1965 жылы қазан айының 12-інде Қазақстан Республикасы Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 жылы Қазіргі қазақ ұлттық техникалық университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсті. Оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында Ғылыми жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір қазақ ұлттық университетінің металлургия өнеркәсібі факультетінің аға мұғалімі. 1988-91 жылдар арлығында ҚазҰПУ-дың өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1991 жылы кондидаттық диссертация қорғады.
Уалиев Қ. Ж қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ машиналарында жұмыс істей алады.
Уалиев Қ. Ж. студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме: Ғылыми техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.
Мекеме басшысы: Байгелдиев Aлихан
10 қаңтар 27күн 2001ж.
Сенімхат .
2007 жылғы 8 қараша Алматы қаласы
Мен, азамат Малаев Жасұлан жеке бастың куәлігі\паспорт №6079571, мекен- жайым Алматы қаласы, Айманова 28 үй, Алматы қаласы Торайғыров көшесі 15 үй, 12 пәтерде тұратын азаматша Таишева Гауһар Ділдәбекқызына Алматы қаласы Айманова көшесі 28 үй мекен жайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.
Бұл үшін Таишева Гауһар Ділдәбекқызына менің атымнан өтініш жазу, қажетті құжаттар мен анықтамаларды жекешелендіру құжаттарын алу, оларды мемлекеттік оргондарда тіркеу, мүлік иесі ретінде мен үшін санық инспекциясында өкілетті болу, осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс- әрекеттерге мен үшін қол құқығын беремін.
Малаев Жасұлан.
Осы сенімхатты 2007 жылы 8 қарашада мен, Досжанар Назым, «Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы, тіркедім.
Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Малаев Жасұлан қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс әрекетке қабілеттіліге тексерілді . сенімхаттың мәнін нотариус дауыстап оқыды.
№86\54 тізбесіне тіркелген
Мемлекеттік салық алынды.
Нотариус;
Келісімшарт .
Автомашинаны сату және сатып алу туралы келісімшарт.
Алматы қаласы Қонаев көшесі, 19 үй 46 пәтер, бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек.
Біз, төменде қол қойюшылар, Алматы қаласы, Жетісу шағынауданы 21 үйде тұратын азамат Таишев Елшат Ділдәбекұлы, жеке басының куәлігі №256579, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Алматы қаласы Райымбек даңғылы, 32 үйде тұратын азамат Нургалиева Гауһар, жеке басының куәлігі №478962, Қазақстан Республикасы ІІМ берген, мыналар туралы осы келісімшартты жасадық:
1) Мен, азамат Көбегей Құралай «мазда» маркалы жеңіл автомашинаны сатамын, кузовының типі, шасси нөмері, двигатель нөмірі, мемлекеттік нөмірі.
2) Мен, азамат Нургалиева Гауһар автоинспекция 1995 жылы 7 қаңтарда берген нөмері 46327 техникалық паспорттың негізінде маған, Көбегей Құралай тиесілі.
3) Автомашина теңгеге сатылады. Көрсетілген соманы келісімшартқа қол қою кезінде азамат Нургалиева Гауһар төлейді.
4) Осы келісімшарт жасалғанға дейін автомашина басқа адамға салынған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.
5) осы келісімшартты куәландырудың шығынын Көбегей Құралай азамат төлейді.
6) Осы келісімшарт 3 дана етіп жасалған бір дана нотариалдық кеңсенің ісіне сақталады, екі дананың әрқайсысы азамат Нургалиева Гауһар берілді.
Тараптардың қолы:Көбегей Қ.
Нургалиева Г.
1998 жылы 23 қыркүйекте осы келісімшарт мен Асқаров Бақыт, Алматы қаласының нотариусы куәландырдым
осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс әрекетке қабілетті және автомашинаның Көбегей Құралай тиесілі екендігі тексерілді.
Сату, сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.
Нөмірі 6 тізбеге тіркелген.
Тариф бойынша теңге салық салынды. Нотариус:
Еңбек кітапшасы.
Фамилиясы: Таишева
Аты: Гауһар
Әкесінің аты:Ділдәбекқызы
Туған жылы : 1991жылы
Білімі: Орта
Мамандығы:Салық жинаушы
Толтырылған күні:29. 09. 2007ж.
Кітапша иесінің қолы:
Кадр бөлімінің бастығының қолы:
Акт
Біз, төменде қол қоюшылар, «Алтын дән» кеңшарының шаруашылық ісін басқарушы Мұсылманов Қанат күріш егісінің «Звено» жетекшісі Қалдықұлов Қыдырбек.
Студенттер:Сарбалаев Т.
Қарақұлов Н.
Арыспаев Б. Осы актіні жасауға қатыстық.
Себебі, кеңшарға жәрдем беруге келген студеттерге құрылған шатырларға тіреу үстел, орындықтар жасап пайдалану үшін кеншардың 3 текшеметр тақтайы пайдаланылды.
Бұл акт көрсетілген 3 текшеметр тақтайды есептеп шығарып, оның орнына шатырдың үлкен 20 тіреуін және 5 үстел, 8 орындықты есепке енгізу үшін толтырылды.
Акт екі дана етіп дайындалды.
«Алтын дән» кеңшарының шаруашылық бөлімінің бастығы:
Мұсылманов Қанат
Күріш егісінің «Звено» жетекшісі:
Қалдықұлов Қыдырбек
Студенттер: Сарбалаев Т.
Қарақұлав Н.
Арыспаев Б.
7 қыркүйек 2001жыл.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1) Тегі: Жақай Аты:Ақылбек
Әкесінң аты: Құдайбердіұлы
2) Жынысы: Еркек 3) 1972 жылғы 30 маусым
4) Туылған жері:Семей облысы, Аягөз ауданы
5) Ұлты:қазақ, Азаматтығы:Қазақстан Республика азаматы
6) Әлеуметтік тегі:
7) Білімі:жоғары, Диплом бойынша мамандығы:дәрігер, Алматы қаласының мемлекеттік медициналық университеті
8) Тіл білімі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін жақсы меңгерген.
9) Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:Хирург дәрігері.
10) Ғылыми еңбектері және өнертабыстары:
11) Жұмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары, жұмыс істеген мекен жайы:Алматы қалалық 7 ауруханасы, 2001 2005жж, хирург дәрігер.
12) Шетелдерде болуы:шетелдерге шықпаған.
13) Сайланбалы орындарға қатысуы:сайланбалы орындарға қатыспаған.
14) Мемлекеттік наградалар:1998ж білікті хирург.
15) Әскери қызметке қатысы:қатардағы жауынгер болған әскери атағы: қатардағы жауынгер
16) Отбасы жағдайы:
әкесі:Жақай Құдайберді Өмірбекұлы
анасы:Сахметова Бибігүл Сағатханқызы
ағасы:Жақай Бақыт Құдайбердіұлы1970ж
өзі:Жақай Ақылбек Құдайбердіұлы 1972ж
қарындасы:Жақай
17) Мекен жайы:Алматы қаласы, Таугүл ықшамауданы, 35 үй.
Толтырылған уақыты:12. 11. 2000ж.
Жеделхат
«Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Нүсіпбеков Мұратбек мырзаға!
Қазіргі таңда 2001жылғы баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқаны белгілі. Осыған орай, Алматы қалалық әділет басқармасы өз қарамағындағы азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемелері мен мемлекеттік нотариалдық кеңселерге бір бір дана «Алматы ақшамын» жаздыртты. Яғни, біз алдағы жылға 16 «Ақшамды»жыл бойы алып тұруға мүмкіндігіміз бар. Жаңаша бағытта шығып жатқан «Алматы ақшамы» ұжымына шығармашылық табыс тілеймін.
Сәкен Жүсіпахметұы Абдуллаев, Алматы қалалық әділет бсқармасының бастығы
Анықтама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай
атындағы Алматы мемлекеттік университеті
Осы анықтама Есжанов Еркебұланның
Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университеті, қазақ филологиясы
факультетінің 4 курс студенті екендігін
растайды. Анықтама талап етуші орынға
ұсыну үшін берілді.
№303
«26»қараша 1999жыл,
Алматы қаласы
М. О Факультет деканы:
Хатшы:
Түйіндеме
Таишева Гауһар
Туылған жылы:25қыркүйек 1991жылы
Туылған жері:Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы
Мекен жайы:Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Саин Жандосов көшесі, Тепличная 12/15 25 пәтер.
Телефон:87272391998
Тел/факс:87051568271
Жанұя құрамы:әкем, анам, әпкем, ағам, сіңілім
Білімі:2006 жыл, қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Талғар ауданы Т. Рысқұлов атындағы №9 орта мектебі, қазіргі уақытта Т. Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің экономикалық колледжінің салық ісі мамандығына оқимын.
1997- 2006 жж №9 Т. Рысқұлов атындағы мектеп
Тіл білімі:қазақ тілі- ана тілі
орыс тілі- еркін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz